Жер сілкінісі кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері



Жер сілкінісі
Жер сілкінісінің алғашқы түрткісі кезінде
Жер сілкінісінен кейін
Ғимараттың құлауы
Алдын.алу іс.шаралары
Үйінді кезінде қалай әрекет ету қажет
Жер сілкінісі кезіндегі міндеттер
Жер сілкінісі – жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашыктыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Бұл геологиялық құбылыстарды геофизикалық бөлім сейсмология зерттейді.
Жер сілкінісінің алғашқы түрткісі кезінде:
Газды, су мен электр қуатын сөндіріңіз. Егер жер сілкінісінің күші аз болса, онда оны тұрған жеріңізде күткен абзал. Одан едәуір күштірек жер сілкінісі кезінде (түрткі күші бес және одан да жоғары баллды құраса), егер сіз ғимараттың екінші және одан жоғарғы қабаттарында болсаңыз, ғимараттан шығыңыз. Ішкі қабырғаның, бұрыштың, есік жақтауының қауіпсіз жеріне тұрыңыз, ваннаға жата қалыңыз. Кереуеттің немесе стөлдің астына кіріңіз - олар сізді құлауы мүмкін заттардан және сынықтардан қорғайды. Терезе мен ауыр жиһаздан алыс тұрыңыз. Лифтіні пайдаланбаңыз.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Жер сілкінісі кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері.
Орындаған:Октябрятова М.
Топ: БЖ-215
Тексерген: Бакирова Л.С.

Семей қаласы
2015-2016 оқу жылы
Жер сілкінісі кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері.
Жер сілкінісі - жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашыктыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Бұл геологиялық құбылыстарды геофизикалық бөлім сейсмология зерттейді.
Жер сілкінісінің алғашқы түрткісі кезінде:
Газды, су мен электр қуатын сөндіріңіз. Егер жер сілкінісінің күші аз болса, онда оны тұрған жеріңізде күткен абзал. Одан едәуір күштірек жер сілкінісі кезінде (түрткі күші бес және одан да жоғары баллды құраса), егер сіз ғимараттың екінші және одан жоғарғы қабаттарында болсаңыз, ғимараттан шығыңыз. Ішкі қабырғаның, бұрыштың, есік жақтауының қауіпсіз жеріне тұрыңыз, ваннаға жата қалыңыз. Кереуеттің немесе стөлдің астына кіріңіз - олар сізді құлауы мүмкін заттардан және сынықтардан қорғайды. Терезе мен ауыр жиһаздан алыс тұрыңыз. Лифтіні пайдаланбаңыз.
Егер сіз көшеде болсаңыз, ғимараттар мен электр беруші желіден ашық алаңға қарай алыстаңыз, үзілген электр сымдарына жақындамаңыз. Ғимарат жанынан жүгірмеңіз және оларға кірмеңіз.
Егер сіз автомобильде болсаңыз, түрткілер тоқтағанға дейін автомобильден шықпай ашық алаңда қала беріңіз.
Есте сақтаңыз: жер сілкінісі кезінде адам өлімінің сирек кездесетін себебі болып жер қабатының қозғалысы табылады. Жер сілкінісі кезіндегі қайғылы оқиғалардың басты себептері болып табылатындар:
:: ғимараттың жекелеген бөліктерінің сынуы;
:: сынған шынылардың құлауы;
:: үзілген электр сымдары;
:: пәтердегі ауыр заттардың құлауы;
:: өрт;
Жер сілкінісінен кейін:
Қажет жандарға медициналық көмек көрсетіңіз.
Қатерге шалдыққандарды қоқыстан арылтыңыз, егер ол үшін қосымша жасақтауды талап етпесе.
Радиоқабылдағышты қосыңыз.
Мүмкіндігіңізше су құбыры мен газды тоқтатыңыз және энергия жабдықтаушыны сөндіріңіз.
Ашық отты пайдаланбаңыз.
Жер сілкінісі кезінде өзіңіз болған ғимараттан шығар алдында абай болыңыз.
Радионы қосулы күйінде ұстаңыз, қызметтердің белгілерін тыңдаңыз.
Анық зардап шеккен ғимартқа жақындамаңыз және оған кірмеңіз. Қайталама түрткіге дайын болыңыз, мұндай жағдайларда едәуір қауіпті болып жер сілкінісінен кейінгі алғашқы екі-үш сағат табылады, дегенмен олар бірнеше тәулік, апта және тіпті ай өткеннен кейін де болуы мүмкін.
Крэш-синдром деп аталатын ұзақ уақыттағы жанжу синдромы - ең қауіпті жарақаттардың бірі. Ауыр заттардың : құырылыс жиынтықтарының сынықтары, сынған ағаштардың діңгектері, массивті жиһаз бен сол тектес заттардың адамның қолы немесе аяғына ұзақ уақыт бойы жаншуы кезінде - аяқ-қолдардағы қан айналымы тоқтап қалады. Крэш-синдромның салдары ампутациямен көп жағдайда байланысты.
Зардап шеккен адамда ұзақ уақыттағы жаншу синдромы бар екенін анықтаған уақытта, зардап шеккенді қарап шығыңыз; ауруды басатын дәрмек беріңіз; жаншылған жерінен жоғары бұрау қойыңыз; кеңістікті босатып алып, оны жылытыңыз. Есте сақтаңыз, бір минутты да жоғалтпау керек. Адамды ауруханаға дереу жеткізіңіз.
Ғимараттың құлауы
Аяқ асты ғимараттың толық немесе жекелеген құлауы - бұл ғимаратты жобалау кезінде кеткен қателіктер, құрылыс жұмыстарын жүргізген уақыттағы жобадан алшақтау, ғимаратты немесе оның бөліктерін эксплуатациялау кезіндегі монтаж ережелерін бұзу салдарынан туындаған төтенше жағдайлар, сонымен қатар табиғи немесе техногенді төтенше жағдайлардың салдары.
Құлауға көп жағдайда террорлық акт салдары болып табылатын жарылыстар, тұрмыстық газ құбырларының қате эксплуатациялануы, отты қауіпті пайдалану, ғимарат ішінде жеңіл жанатын және жарылыс қауіпі бар заттарды сақтау да септігін тигізеді.
Кенеттен құлау ғимараттың ұзақ уақыт бойында қатардан шығуына, өрттің тұтануына, коммуналдық-энергетикалық желілердің істен шығуына, қоқыстардың жиналуына, адамдардың жарақаттануы мен өліміне әкеліп соғады.
Алдын-алу іс-шаралары
Ғимараттың кенеттен құлауы кезінде әрекет ету жоспарын алдын-ала ойластырыңыз және олармен өз отбасыңыздың барлық мұшелерін таныстырыңыз. Оларға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғимараттардың қабырғаларының жер сілкінісінен зардаптануын есептеу
Ғимараттарды жер сілкінісінен қорғау тәсілдері
Жерсілкінісі кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері
Алматы қаласы «құтқару қызметінің» төтенше жағдайлар кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыруы және өткізуі
Жерсілкінісіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері
Азаматтық қорғаныстың жалпы сипаттамасы
Авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу
Облыстың аумағындағы ықтимал авариялар мен апаттар, дүлей зілзалалар және олардың халық пен ұйымдар үшін салдары
Апатты жағдайдың сипаттары
Халық шаруашылық объектілерде болуы мүмкін төтенше жағдайлар
Пәндер