«1С Кәсіпорын» бағдарламасының деректерін өңдеу



1. Кіріспе
2. 1С:Кәсіпорын платформасы
3. 1С:Кәсіпорын конфигурациясы
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
«1С Кәсіпорын» жүйесі қарапайым да күрделі бухгалтерлік есеп программасы болып саналады, ол әртүрлі меншік формасындағы және әртүрлі қызмет саласындағы кәсіпорындарда қолдануы мүмкін. Жүйесінің жұмысы мынадай негізгі үш компонентке негізделіп жасалған: «Оперативтік», «Бухгалтерлік есеп» және «Есептеу» компоненті. Бухгалтерлік есеп компоненті кәсіпорынның шаруашылық қызметін қамтиды.Бұл шоттар жоспарын, операциялар мен проводкаларды және бухгалтерлік қорытынды есепті қамтамасыз етеді.
1. Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А., Мурсалим М. Бухгалтерлік есепті 1С:Бухгалтерия программасында жүргізу. Алматы 2014ж.
2. Мырзалиев Б.С.,Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік есепті үйренудің әдістемелері
Алматы 2014 ж.
3. Мырзалиев Б.С.,Әбдішүкіров Р.С. Бухгалтерлік есепті үйренудің әдістемелері
Алматы 2014 ж.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: 1С Кәсіпорын бағдарламасының деректерін өңдеу

Орындаған: ФН - 305 топ
Әнуарбекова А.Қ.
Тексерген: Искакова М.С.

Семей 2015 жыл

Жоспар:
1. Кіріспе
2. 1С:Кәсіпорын платформасы
3. 1С:Кәсіпорын конфигурациясы
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1С Кәсіпорын жүйесі қарапайым да күрделі бухгалтерлік есеп программасы болып саналады, ол әртүрлі меншік формасындағы және әртүрлі қызмет саласындағы кәсіпорындарда қолдануы мүмкін. Жүйесінің жұмысы мынадай негізгі үш компонентке негізделіп жасалған: Оперативтік, Бухгалтерлік есеп және Есептеу компоненті. Бухгалтерлік есеп компоненті кәсіпорынның шаруашылық қызметін қамтиды.Бұл шоттар жоспарын, операциялар мен проводкаларды және бухгалтерлік қорытынды есепті қамтамасыз етеді.Жинақтамалы шоттар бойынша көп өлшемді және деңгейді есеп жүргізуге мүмкіндік береді.Есептің қалған бөліктерінде, мысалы валюталық есеп, қосалқы шоттар және басқалары оның қосымша бөлігі болып табылады, кейде олар пайдаланбауы да мүмкін.Есеп ақшалай да, заттай да жүргізіледі.Көп өлшемді талдамалы есеп қорытындыларын әртүрлі бөліктерде алуға мүмкіндік береді.Құжаттарды жүргізу кезінде бухгалтер проводкаларды қолмен немесе автоматты түрде еңгізе алады.
Жедел есеп компоненті - белгілі бір уақытқа байланысты шаруашылық операцияларды басқаруға арналған.Бұл компоненттердің негізі қалдықтар немесе айналымдардың көп өлшемді есеп жүйесін құрайтын тіркелімдер болып есептеледі. Тіркелімдегі ресурстар қозғалысы, Кіріс және Шығыс сияқты екі тәсілмен туындауы мүмкін, сонымен қатар бұл ереже тіркелімнің барлық ресурстары үшін орындалуы тиіс.Сонымен қалдықтар тіркелімі кірістелетін және шығысталатын ресурстар бойынша балансты белгілеп қана қоймай, оның Жедел есеп компонентінің негізгі тәсілі болып табылады.Барлық құжаттар кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі іс-әрекеттер тізбекті құрайды.Құжаттың басқа құжатқа қатысты жайғасымы күнімен, уақытымен, сонымен қатар тізбегінің бір күндегі бір уақытымен белгілеу қосымша шамасымен анықталады.Құжаттарды кейінгікүнмен өткізу және түзетуерекше факт болыпесептелінеді және белгілібірережелербойыншаорындалады . Жедел есеп компонентінен оның кез келген күрделі есепті және кәсіпорынның экономикалық қызметінің әр бөлігі бойынша құрылымын ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін көруге болады. Есептеу компоненті арнайы алгоритмдер бойынша кезеңдік есептемені орындайды.Бұл компонентінің негізі болып, кезендік есеп беру деректері және олардың алдыңғы тарихы сақталған қорытынды есеп журналы болып табылады.Қорытынды есеп журналына міндетті түрде есеп беру обьектісі немесе басқа да анықтамалар жатады. Бұл анықтамалық бойынша есеп жүргізілетін обьектілер түрі анықталады. Журналдағы жол бір күннен бір жылға дейінгі кез келген кезең үшін, анықтамалықтағы бір обьекті бойынша қорытынды есеп беруді бейнелейді. Ақпаратты еңгізудің қолайлылығы ескеріледі. Құжаттарды толтырғанда алдын-ала қойылған параметр арқылы немесе сәйкес анықтамалықтан тандау арқылы мәндерді еңгізу жүзеге асырылады. Бір анықтамалықтың өзі есеп берудің бірнеше түріне қатысуы мүмкін онда ол үшін бірнеше журнал құрылады.Конфигурациялау сатысында икемделген есептеме журналының саны шектеусіз және шешілуге қажетті есептер санымен анықталады.Әр журналға күрделі есеп алгоритмі сәйкес келеді. Нақты алгоритмді сипаттау үшін есептеу түрі ұғымы енгізілген. Компоненттегі есептеу түрінің саны да шектелмеген. Есептеу алгоритмі арнайы тіл көмегімен сипатталады.Есептеу түріне мысалы ретінде, айлықты есептеу, табыс салығын немесе өтелімді амортизацияны айтуға болады.
Жүйенің негізгі мүмкіндіктері
−банк және касса есебі
− негізгі құралдар және материалдық емес активтердің есебі
−тауарлар есебі,өнімді өндіру және қызмет көрсету
−валюталық операциялар есебі
−ұйымдар мен алашақтармен, берешектермен, есеп беруші тұлғалармен өзара есеп айырысу есебі
− еңбекақы бойынша есеп айырысу
− бюджетпен есеп айырысу
− есептің басқа бөлігі
1С фирмасы әлем нарығында технологиялық инновацияларды тасымалдаушылардың бірі болып табылады. 1С фирмасымен әзірленген бағдарламалық өнімдер, соның ішінде 1С:Кәсіпорын платформасы бірнеше мыңдаған кәсіпорындардың қызметін автоматтандыру үшін кеңінен қолданылуда. Инструментарийдің дамуына байланысты, 1С:Кәсіпорын жүйесінің қолданылу аясы білімдік-ғылыми ортаның арқасында кеңейе түсті. Мұнда 1С:Кәсіпорын жүйесін мектептердің, жоғары оқу орындарының, ғылыми зерттеу институттарын, зертханалардың және т.б., қызметін автоматтандыру жайлы сөз қозғалып отыр. Бұл бағдарламалар ақпараттық технологияларды сапалы оқытуды қамтамасыз ету үшін, көп көлемдегі дидактикалық мүмкіндіктермен қамтамасыз етілген.
Бұл бағдарламалардың негізгі артықшылықтары: кеңінен қолданылуы, стандартты интерфейс, соңғы нәтижелерді алудың ашықтығы, әртүрлі өзгертулерді еңгізуге ашық болуы оны жоғары оқу орнының оқу үрдісінде қолдануға тамаша негіз бола алады.
1С:Кәсіпорын жүйесінің бағдарламалары ұйымдардың және жеке адамдардың қызметтерін автоматтандыру үшін әзірленген платформадан және қолданбалы шешімдерден тұрады. Платформа ақырғы қолданушылар үшін осы платформада әзірленген қандай да бір қолданбалы шешімдермен жұмыс жасайтын бағдарламалық өнім болып табылмайды. Мұндай қатынас бірегей технологиялық платформаны қолданып, қызметтін әртүрлі түрлерін автоматтандыруға мүмкіндік береді.
1С:Кәсіпорын бағдарламалар жүйесінің негізінде бірегей технологиялық платформа жатыр. Ол барлық қолданбалы шешімдерді тұрғызу үшін негіз болып табылады. Бірегей технологиялық плаформаның болуы, жеке қолданбалы шешімдерді құруды жеңілдетіп қана қоймай, олардың бағасының арзандығын да қамтамасыз етеді.
Мұндай қатынастың басты артықшылығы - әзірлеуді стандарттау, масштабтылықты қамтамасыз ету және барлық қолданбалы шешімдерге қазіргі заманғы технологияларды жылдам ендіруді қамтамасыз ету.
1С:Кәсіпорын платформасы барлық қолданбалы шешімдердің саласынан және әзірлеу фирмасынан тәуелсіз, келесі мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:
* жүйені жергілікті компьютерден, бірнеше ондаған жергілікті компьютерді қолданушыларға дейін қолдануға мүмкіндік береді;
* файлдық нұсқаны немесе клиент-сервер (MS SQL Server) нұсқаны қолдану;
* бірнеше қашықта орналасқан нүктелерде ақпаратты мерзімдік алмасу арқылы жұмысты ашу мүмкіндігі;
* қазіргі технологияларды қолдану мүмкіндігі (WEB, XML, басқа бағдарламалық жүйелермен және әртүрлі сауда құралдарымен интеграция).
Бір технологияылық платформа және жалпы әдістеме кәсіпорынға қажет оның жұмысын есепке ала отырып, тек қана қажетті стандартты функцияларды қосу арқылы салалық және жеке шешімдерді әзірлеуге мүмкндік береді. Мұндай қатынас шешімдердің бағасының арзандығын қаржылық экономикаға кепіл береді, себебі қаржылық шығындар оны жаңадан құрудан қарағанда әлдейқайда арзан.
Барлық параметрлер стандартты бағдарламалардың функционалдық мүмкіндіктерін және әдістемелерін барынша көп қолданған кезде бағдарламалардың әзірлеудің және ендірудің жылдамдығын жоғарлатуға кепіл береді. Мұндай қатынас болашақ бағдарламалық өнімдерді қолданушыларды оқытуды жеңілдетеді, себебі, егер қызметкер 1С:Кәсіпорын жүйесі бойынша курсты тыңдаса немесе осы бағдарламалардың бірінде жұмыс істеп көрсе, онда ол салалық және жеке шешімдерді қолдануды жылдам меңгере алады. Сонымен қатар, платформаны стандарттау әкімшілік етуді жеңілдетеді, өйткені әкімшілік ету функциялары барлық конфигурациялар үшін бірдей болып табылады. Көптеген жүйелік администраторлар және автоматтандыру бойынша мамандардың барлығы 1С:Кәсіпорын жүйесінің конфигурациясымен жұмыс жасаған, ал кейбіреулері тек қана әкімшілік етпей ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық жүйенің құрылымы
1С бухгалтерия бағдарламасының қолданылуымен еңбек көрсеткіштерінің есебі
Қаржылық есеп және есеп ақпараттарын қолданушылар
Бухгалтерлік есепті компьютеризациялау
Тауар бойынша есеп
Касса операциялары бойынша есеп айырысу және журнал ордерлерін толтыру
Кассадағы операциялар есебі
Касса операцияларының есебі
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ ӘЗІРЛЕУ
Кәсіпорындарда ақпараттық жүйелерді енгізу
Пәндер