ҚР-дағы экономикалық өсу



I. Кіріспе бөлім
1. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер;
2. Экономикалық өсу;
3. Инфляция;
4. Инвестиция;
II. Негізгі бөлім
1. 2013 . 2015 жылғы ҚР негізі макроэкономикалық көрсеткіштеріне сипаттама;
2. ҚР.дағы экономикалық өсу себептері мен факторы;
3. Инвестиция мәні түрлері және ҚР.ның инвестициялық саясаты;
III. Пайдаланылған әдебиеттер
Макроэкономикалық көрсеткіш — жалпы экономика бойынша өндіру мен тұтыну көлемі, кірістер мен шығыстар, тұрмыс деңгейі, экономика құрамы, экспорт пенимпорт, экономикалық өсу қарқыны, т.б. көрсеткіштер. Шаруашылық қызметтің жалпылама көрсеткіші қоғамдық өнім. Оны жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық кіріс (ҰК), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) өлшемдерімен бейнелейді.
ЖҰӨ- бір жыл ішінде елде өндірілген товарлар мен қызметтердің рыноктық құнының сомасы.
ҰК жыл көлемінде қайта қалыптасқан өндіріс нәтижесі. Оны есептеу үшін ЖҰӨ мен жыл көлемінде жұмсалған материалдық шығындар айырмасын есептеу керек (амортизация, шикізат, материалдар, т.б.).
ТҰӨ- ұлттық кіріске жанама салықтарды қосқанда шығады. Немесе ТҰӨ есептеу үшін ЖҰӨ нен амортизацияны (капиталды тұтыну шығындары) шегереміз.
1. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория: Оқу құралы. – Алматы: «Экономика», 2008.
2. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория: Оқу құралы. – Алматы: «Экономика», 2008.
3. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік басқару. Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2005. – 103 бет.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Орындаған: Солтансеитова Маржан
Тексерген: Габдуллина Лаззат Баглановна

Семей, 2015 жыл
Жоспар
I. Кіріспе бөлім
1. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер;
2. Экономикалық өсу;
3. Инфляция;
4. Инвестиция;
II. Негізгі бөлім
1. 2013 - 2015 жылғы ҚР негізі макроэкономикалық көрсеткіштеріне сипаттама;
2. ҚР-дағы экономикалық өсу себептері мен факторы;
3. Инвестиция мәні түрлері және ҚР-ның инвестициялық саясаты;
III. Пайдаланылған әдебиеттер

Макроэкономикалық көрсеткіш -- жалпы экономика бойынша өндіру мен тұтыну көлемі, кірістер мен шығыстар, тұрмыс деңгейі, экономика құрамы, экспорт пенимпорт, экономикалық өсу қарқыны, т.б. көрсеткіштер. Шаруашылық қызметтің жалпылама көрсеткіші қоғамдық өнім. Оны жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық кіріс (ҰК), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) өлшемдерімен бейнелейді.
ЖҰӨ- бір жыл ішінде елде өндірілген товарлар мен қызметтердің рыноктық құнының сомасы.
ҰК жыл көлемінде қайта қалыптасқан өндіріс нәтижесі. Оны есептеу үшін ЖҰӨ мен жыл көлемінде жұмсалған материалдық шығындар айырмасын есептеу керек (амортизация, шикізат, материалдар, т.б.).
ТҰӨ- ұлттық кіріске жанама салықтарды қосқанда шығады. Немесе ТҰӨ есептеу үшін ЖҰӨ нен амортизацияны (капиталды тұтыну шығындары) шегереміз.
ЖІӨ- тек ел территориясында өндірілген, тек өз өндіріс факторларын пайдаланған товарлар мен қызметтерді біріктіреді.
Жеке табыс (ЖТ немесе өзіндік түсім (ӨТ)) салық төлегенге дейінгі табыс.
Қолда қалған табыс (ҚҚТ) салық төлегенннен кейінгі табыс.
Таза экономикалық тұрмыс (ТЭТ (ЧЭБ)) өмір сүру сапасын ескеретін қоғамның экономикалық тұрмыс -жағдайын өлшейтін көрсеткіш.
ЖҰӨ өлшеудің үш әдісі бар: қосылған құн арқылы, өндірістік немесе шығындар бойынша, кірістер бойынша. Бірінші тәсіл бойынша, бір жыл ішіндегі қосылған құндар сомаланады. Екінші тәсіл жыл көлемінде жұмсалған барлық шығындар сомасы да ЖҰӨ береді дейді. Үшінші әдіс бойынша жыл көлеміндегі барлық кірістер сомаланады.
ЖҰӨ нің номиналды, реалды, потенциалды түрлерін ажыратып қарауға болады. Номиналды ЖҰӨ ағымдық бағамен есептелген ЖҰӨ.
Реалды ЖҰӨ баға индексіне (дефлятор) түзетілген номиналды ЖҰӨ. Баға индесі ағымдағы жылғы товарлар мен қызметтер бағаларының базалық жылдағы сондай бағаларға қатынасы.
Потенциалды ЖҰӨ толық жұмыспен қамтамасыздық жағдайына сәйкес келетін ЖҰӨ.
Экономикалық өсу қоғамдық еңбек нәтижесін, оның өнегелік, рухани сипаттамаларын көрсетеді. Ол -- экономикалық динамиканың көрсеткіші және қайнар көзі. Бұл экономикалық теорияның предметі мәселелерінің екінші жүйесі.
Экономикалық өсудің мақсаты -- бұл адамдардың материалдық және рухани қажеттіктерін қамтамасыз ету, қоғам дамуының өнегелік негіздерін күшейту. Адамдардың білімі, дағды-тәжірибесі, қабілеті адамдар капиталын құрайды. Бұл адамдардың болашақтағы өмір-жағдай дәрежесінің кепілі болып табылады.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер: Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді. Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек. Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту. Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.
Инфляция - бұл күрделі де, көпфакторлы құбылыс; ал қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады. Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеде.
Инвестиция дегеніміз қаражатты ұзақ мерзімге әр саладағы кәсіпорындарға, кәсіпкерлік жобаларға, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға немесе инновациялық жобаларға құю. Инвестициялар құйылған сәттен бастап ұзақ уақыт өткеннен кейін пайда келтіреді.
2013-2015 жылдарға арналған негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өлшемдері (2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу кезінде ескерілген базалық болжам) экономиканың өсуін болжамдайды.
ЖІӨ өсу қарқыны жыл сайын шамамен 115-116% құрайды. Республикалық бюджет тапшылығының кезең-кезеңімен ЖІӨ-ге ағымдағы 2,5%-дан 1,5%-ға дейін төмендеуі болжамдалады.
2013 жылы - 785,2 млрд. теңге немесе ЖІӨ-ге 2,1%;
2014 жылы - 758,9 млрд. теңге немесе ЖІӨ-ге 1,8%;
2015 жылы - 735,8 млрд. теңге немесе ЖІӨ-ге 1,5% .
Осылайша, тапшылықпен қалыптастырылған 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасы тапшылықтың қысқаруына қарамастан Үкімет борышының одан әрі өсуіне әкеп соғады.
2016 жылдың басында борыш көлемі шамамен 5 885,5 млрд. теңгені (40 млрд. АҚШ долларын немесе ЖІӨ 12,0%) құрайтын болады деп болжамдалады. Мәселен, ағымдағы кезеңмен (2012 жылдың басы) алдағы тұрған үш жылдағы борыш 2,1 есеге ұлғаяды.
Үкіметтік борыштың өсуі оған қызмет көрсетуге шығыстардың артуына әкеп соғады. Алдағы 3 жылдық кезеңге арналған болжамдар бойынша республикалық бюджет кірістерінің өсу қарқыны 12% кемін құрайды. Борышқа қызмет көрсетудің өсу қарқыны 16% құрайды, яғни республикалық бюджет кірістерінің арту қарқынынан асады.
Борышқа қызмет көрсетудің өсу қарқыны бюджет кірістерінің өсу қарқынынан асатын жағдай борышты басқару кезінде теріс болып саналады.
Республикалық бюджет кірістеріне үкіметтік борышты өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстардың қатынасы ретінде көрсеткіш мәні 2015 жылы 12,6% жетеді, бұл оның соңғы 10 жылдағы орташа мәнінен 11,8% артады.
Осы есептеулер инфляцияның ағымдағы деңгейіне және пайыздық ставкалардың төмен деңгейіне негізделе отырып жүргізілгенін атап өткен жөн. Инфляция деңгейі артқан жағдайда (инфляция деңгейіне индекстелген МБҚ үлесі 34,2% құрайды), пайыздық ставкалар (құбылмалы пайыздық ставкасы бар сыртқы міндеттемелердің үлесі 50% астамын құрайды), борышқа қызмет көрсету шығыстары ұлғаяды. Standard&Poor's халықаралық рейтинг агенттігі ұсынатын бюджетке борыштық жүктеме деңгейі 10-15% шегінде болуы тиіс.
Бұдан басқа, борышты басқарудың заманауи жүйесі мемлекеттің шартты міндеттемелерін қосқанда борыштық міндеттемелердің барлық түрлеріне бақылауды көздейтін осындай индикаторды пайдаланады (біздің жағдайда мемлекет кепілдік берген борыш пен мемлекеттің тапсырмасы бойынша борыш) және жеке кірістерге жиынтық борыштың шекті деңгейін белгілейді. Ресей заңнамасында 100% деңгей рұқсат етіледі.
2003 жылдың қорытындылары бойынша республикалық бюджет кірістеріне үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борыштың деңгейі 98% құрады.
2004 жылдан бастап осы индикатордың деңгейін біртіндеп төмендету байқалады: 2004 жылғы 70%-дан 2008 жылы 33%-ға дейін. Алайда 2009 жылы осы индикатор ұлғайды, 2011 жылдың аяғында 64%-ды құрады. Ағымдағы жылдың аяғында осы индикатор шамамен 75%-ды құрайды деп күтілуде.
2013-2015 жылдарға арналған болжамды есептеулер шартты міндеттемелерді ескермей осы индикатор сенімді өсетіндігін және 2015 жылы 93%-ға қол жеткізетіндігін көрсетеді.
Осы ахуал мемлекеттің өзіне қабылдаған тікелей, сол сияқты шартты міндеттемелерді де орындамауында тәуекелдің пайда болуы бойынша қауіп тудырады.
Ұлттық қор қаражатын үкіметтік қарыз алумен алмастыруды болдырмау мақсатында 2010 жылғы Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру мен пайдалану тұжырымдамасына мынадай екі шектеу енгізілді:
- үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге арналған жыл сайынғы шығыстар Ұлттық қордың жыл сайынғы шартты тіркелген инвестициялық кірісінен 4,5% аспауы тиіс;
- үкіметтік борышты өтеу мен қызмет көрсетуге арналған шығыстар орташа алғанда 10-жылдық кезеңде Ұлттық қордың трансфертін қоса алғанда бюджет түсімдерінің 15% аспауы тиіс.
Алайда, жүргізілген талдау көрсеткендей осы көрсеткіштердің белгіленген барынша рұқсат етілген деңгейлері жеткілікті жұмсақ болып табылады, бұл борыштың өсу тәуекелін құрайды. Үкіметтің осы көрсеткіштерді басшылыққа алу ұстанымы қарыз алу көлемін өсіруді өршітеді.
Жергілікті атқарушы органдардың борышты болжамды есептеуі алдағы орта мерзімді кезеңде борыш 2 есе өсетіндігін көрсетті. Бұл өңірлердегі мемлекеттік бағдарламалардың одан әрі іске асырылуына байланысты.
Жоғарыда айтылғанның негізінде бюджеттің теңгерімділігін және бюджет тапшылығының қолайлы деңгейін қолдау мақсатында мыналарды:
1) ЖІӨ өсу қарқынымен өсу қарқының сәйкес келтіруді;
2) Борышқа қызмет көрсету мен бюджет кірістерінің өсу қарқыны шығыстарының өсу қарқыны арасындағы теңгерімді;
3) Борыш индикаторларының қауіпсіз шекті мәнің сақтауды;
4) мемлекеттік кепіл мен мемлекет кепілгерлігін беру көлемдерін шектеу;
5) несие капиталдары нарығында елді белсенді және ұзақ мерзімді қарыз алушыға айналдыруға ықпал ететін жеңіл ақшаның жемірлі әсерін болдырмауды қамтамасыз ету қажет.
Экономикалық өсу қоғамды дамыту мен әлеуметтік мәселелерді шешуде маңызды бола отырып, бірнеше жүз жылдар бойы зерттелуде. Кез келген мемлекет өз халқының тұрмыс жағдайын, әл-ауқатын жақсартуға және ұлттық қауіпсіздігін қамтамсыз етуге міндетті. Ал бұл халық шаруашылығының әлеуметтік экономикалық дамуына қол жеткізу қажет.
Қазақстан Республикасының Президентінің ²Қазақстан-2030² бағдарламасында Қазақстан Республиксының әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты экономикалық өсуге, халықтың өмір сүруге деңгейін, әл-ауқат жағдайын көтеруге, жоғарғы индустриалды қоғамды қалыптастыруға қол жеткізу мақсаттары көрсетілген. Жоғары индустриалды қоғам жаңа технологиялармен өмір сүрудің жоғарғы деңгейімен және сапасымен, халықтың әлеуметтік топтары арасындағы қайшылытардың жеңілдеуімен сипатталады. Сондай-ақ , меншік қатынастары, экономикалық өсудің әлеуметтік және экономикалық факторлары арасындағы арақатынас өзгереді, адам капиталының рөлі жоғарлайды. Басқаша айтсақ, бағдарламада көрсетілгендей жоғары индустриалды сатуға өту үшін ұзақ мерзімді экономикалық дамуды қамтамссыз ету қажет.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаты болып халықтың материалдық әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамассыз ету болып табылады. Материалдық әл-ауқатты көтеру экономикалық өсудің басты мақсаты ретінде келесі негізгі құраушылармен нақтыландырылады:
1. Халықтың орташа жан басына шаққандағы табысы. Бұл мақсатқа қол жеткізу жан басына шаққандағы ұлттық табыстың (ҰТ) өсу қарқынынан көрінеді.
2. Бос уақытты көбейту. Бұл мақсат елдің нақты ЖҰӨ немесе ҰТ көрсеткіштерінде көрінбейді, бірақ қажетті игіліктің бірі болып табылады.Сондықтанда бұл мақсатты бағалау кезінде жұмыс күнінің немесе аптаның белгілі бір қарастырылып отырып уақытта қысқаруын, қызметкерлердің еңбек қызметтің ұзақтығын ескерту қажет.
3. Халықтың түрлі әлеуметтік топтары арасында ҰТ-ң бөлінуін жақсарту.Егер нақты ҰТ өсіп, дұрыс бөлінбесе, онда экономикалық өсу халықтың көпшілік бөлігі үшін тиімсіз болар еді, себебі олардың әл-ауқаты бір қалпында қалады немесе одан да нашарлай түседі. Сондықтанда экономикалық даму процесінде әлеуметтік қорғау қағидасы ұсталуы керек.
4. Өндірілетін тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсарту және әртүрлендіру. Бұл көрсеткіштер нақты ҰТ-ға тікелей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР нарық жағдайындағы банктік қызметтер нарығының теориялық аспектілері
Экономикалық өсудің негізгі модельдері
Халықаралық валюта қатынастары және валюта курсы
ҚР-ның негізгі экономикалық өсуі, себептері,факторлары. Инфляцияның әлеуметтік экономикалық салдары және инфляцияға қарсы саясат Инвестицяның мәні мен түрлері
Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу есебі.
Кәсіпорынның ақша қаражаттарының қозғалысының есебі
Қазақстан Республикасының әлемдік сауда ұйымына кірудегі өзекті мәселелері
Қазақстанның көлік инфрақұрылымының қазіргі жағдай
Өндірістік кәсіпорында лизингті пайдалану тиімділігі
Қазақстан Республикасының инвестициялық климатын талдау
Пәндер