Оқыту үдерісінде интерактивтік әдістерді тиімді пайдалану



Кіріспе
Негізгі бөлім:
а) Интерактивті құралдарды пайдаланудың тиімділігі.
б) Білім деңгейін көтеруге интерактивті құралдарды пайдалану.
в) Пәндерді оқытудағы интерактивті әдістер.
г) Интерактивті құралдармен сабақ өткізу әдістемесі.
д) Интерактивті әдістерді қолдану арқылы оқушылардың білім
сапасын арттыру.
Қорытынды
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда – мектеп. Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.
1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңы Астана 2004
2. Назарбаев Н Қазақстан Республикасы білім саласы қызметкерлерінің ІІІ съезі. «Егемен Қазақстан» 13 қазан 2004
3. Беспалько Б.П Слагаеме Педагогической технологи М., педагогика 1989
4. Әбілқасымова А.Е., СадықовТ.С. «Жоғары мектепте білім берудің дидактикалық негіздері» Алматы., ғылым, 2003
5. Кеңеш Ә.С «Болашақ мұғалімдердің әдістемелік дайындық жүйесін дамыту» Астана 2003
6. Досжанов Б, Альменаева Р. «Электрондық оқулықтарды даярлау әдістері» Алматы 2002
7. Нұрғалиева Г.К. Компьютер әлемі. Рспубликалық журнал №2 2002
8. Қараев Ж, Қуанбаев Б. «Жетірілдірілген педагогикалық жүйені жобалаудың дидактикалық шарттары» «Ізденіс» №12004

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ

СРО

Тақырыбы : Оқыту үдерісінде интерактивтік әдістерді тиімді пайдалану

Тексерген: Тұрғанбаева Б.Ш. Орындаған: Ерболат Е.
Топ: Е-317

2015 жылы

Кіріспе
Негізгі бөлім:
а) Интерактивті құралдарды пайдаланудың тиімділігі.
б) Білім деңгейін көтеруге интерактивті құралдарды пайдалану.
в) Пәндерді оқытудағы интерактивті әдістер.
г) Интерактивті құралдармен сабақ өткізу әдістемесі.
д) Интерактивті әдістерді қолдану арқылы оқушылардың білім
сапасын арттыру.
Қорытынды

Кіріспе
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда - мектеп. Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу - тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында : Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез - келген білім беру саласында мультимедиалық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады.
ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды
қалыптастырудың бір жолы.

Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық -техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне;
оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу - тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.
Қазіргі уақытта жаратылыстану - ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің , оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы интерактивтісөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.
Интерактивті құралдарды пайдаланудың тиімділігі.
Қазіргі уақытта заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез - келген білім беру саласында мультимедиалық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі - бағдарламалық - техникалық кешен болып саналатын интерактивтік тақта болып табылады.
Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін , тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек.
Сабақта мұғалім интерактивтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді.

Интерактивті тақта оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда (салыстырғанда), көптеген жетістіктері бар.
Бұл жетістіктер туралы өз сабағында интерактивтік тақтаны пайдаланатын мұғалімдер ғана айта алады. Қызметтестер мен біріге отырып сабақта дайындалу арқылы жақсы әсерге қол жеткізуге болады, бұл тек қана міндеттерді бөліп беру мен уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады.
Мұғалімдердің көрсетуінше интерактивтік бағдарлама олардың жартылай жұмысын атқарады, мысалы: белгілі бір материалды интерактивтік тақтада орындау арқылы файлдағы белгілермен өзгерістерді сақтап қалуға болады, бұны сабақта болмай қалған оқушыларға қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады.
Оқу материалдар базасын жасау, қызметтестермен жасаған материалдарды өз сабағымда пайдалану арқылы мұғалімдер уақытын үнемдейді.
Материалдарды оқып үйрену барысында интерактивтік тақтаны пайдалану білім өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді, сондықтан мұғалімдердің дайындаған материалы оқушыларға түсініктірек болады.
Көп мұғалімдердің байқағанындай сабақтың оқушыларға қызықты және дәлелді (мағыналы) болады, және оны (оқушылар) жылдам есте сақтайды. Интерактивтік тақта оқу сапасын жоғары деңгейде тағы да мұғалімдердің уақытын үнемдейді, оған бұрын өтілген материалдардың екінші рет қайталауға қажеті жоқ.
Интерактивті тақта барлық сабақта қолдану мүмкін, жоқ болмаса сабақтың әрбір сатысында. Басқа да заттар сияқты интерактивті тақтаны пайдаланудан ең көп тиімділікке сабақта қойылған мақсаттарға сәйкес қолдану арқылы жетуге болады.
Интерактивтік тақтамен бірге жүретін бағдарламалық нұсқаулықты жақсы біліп, оны сабаққа дайындалғанда қолданулары керек.
Мұғалімдерге тағы басқа да бағдарламалық құжаттар керек.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, айта кетейік: Сабақ алдын-ала дайындалған болу керек, сонда ғана материалдар жылдам түсіндіріледі.
Интерактивтік тақтада бір уақытта бірнеше материалдарды қолдануға болады: бейне, дыбыс, сурет, мәтін, және т.б. Сабақ соңына дейін логикалық үздіксіз түрде болса, сонда ғана сабақ қойылған мақсатына жетеді; Сабақ кезінде сақталған файлдар оқушыларға беріледі: сондай-ақ бұл файлдарды келесі сабақта өтетін материалдарды қайталау және толықтыру үшін қолданылады.
Интерактивтік тақта оқыту тиімділігін қалай арттырады. Сабақта интерактивтік тақтаны қолдану баланың мектепте оқыту тиімділігін арттыру.
Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдер оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының, дағды мен ой-өріс,білім-біліктерінің артуымен сипатталары сөзсіз.
Білім деңгейін көтеруе интерактивті құралдарды пайдалану
Оқу - тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.
Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тәрбиесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Интерактивті құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.
Бағдарламалық - техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады.Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.
Пәндерді оқытудағы интерактивті әдістер.
Пәндерді оқытуды технологияландыруда интерактивті әдістер пайдаланудың маңызы зор. Ол білім беру іс- әрекетінде оқушылардың белсенділігін,өз бетінше жұмыс істеуінде пайдалы (Рөлдікойындар,миға шабуыл,дебат,дискуссия,жаттығу,топт ық жұмыс)
Білім берудің негізгі мақсаты - білім мазмұнын жаңарту мен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан әрбір әдіс-тәсілдің ұстаздар үшін маңызы зор.
Бұл ақпараттық технологиялардың әдістері және оларды оқыту жүйесінде қолдану туралы талдауда келесі қортындыларды жасауға болады: ақпараттық технологиялар бізде қалыптасқан оқыту формаларының ақпараттық көлемін ұлғайтып қосымша ретінде бола алады, сонымен қатар, оқыту үрдісін ықшамдап, сабақтарды әр түрлі формаларда жүргізіп, нәтижелілігін арттырады.
Бұл талаптардың осы көлемде жүзеге асырылуы оқушылардың ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу бойынша сауаттылығының жоғары деңгейде қалыптасуын қамтамасыз етеді. Осыдан байқайтынымыз ақпараттық мәдениеттілік ұғымына компьютерлік сауаттылықтың компоненттерін кеңейту арқылы және жаңа түсініктерді енгізу арқылы пайда болады, яғни барлық жаңа түсініктер компьютер көмегімен есептерді шешу үшін ақпараттық-компьютерлік модельдеу әдістерін қолдану мәселелері көрінеді.
Қоғамды,білім беруді ақпараттандыру жағдайында бүгінгі күнде ақпараттық-компьютерлік технологияларды соның ішінде интерактивті тақтаны тиімді де нәтижелі пайдалану үшін біріншіден, жалпы білімділік және кәсіби сауаттылық қажет. Білім беру үрдісінде компьютерлердің, ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданылуы интерактивті жүйе құруға алып келді. Интерактивті жүйе жеке компьютерді пайдалану, сондай-ақ бейне дискілі құрал және теледидар кешендері негізінде құрылады. Мұндай қазіргі заманғы кешендер интерактивті оқытуда аса қымбат тұрғанымен, көрнекілік пен кері байланысты қамтамасыз етеді.
Сан алуан әрекет арқылы ақыл-ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру бүгінгі қажеттілік. Білім беру саласында оқытудың ақпараттық жаңа құралдары игі әсерін тигізеді, өзін -өзі дамытып, оқу - тәрбиеүрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.
Интерактивті әдіс-тәсілдерді жиі пайдалану,әр сабақта оның мүмкіндіктерін түрлендіріп отыру - педогогтар қауымының басты міндеті.
Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдер оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының, дағды мен ой-өріс,білім-біліктерінің артуымен сипатталары сөзсіз.
Білім берудің негізгі мақсаты - білім мазмұнын жаңарту мен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан әрбір әдіс-тәсілдің ұстаздар үшін маңызы зор.

Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технолгиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді.
Интерактивті құралдармен сабақ өткізу әдістемесі.
Дәріс өткізу әдістемесі келесі түрде өткізілуі мүмкін. Дәріс материалын Power Point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамында кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында оқытушы тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектерді көрсете алады және өзгертеді. Дәрістің соңында қолданылған материалдар есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактивтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады, сонымен қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға электронды пошта арқылы жіберуге болады. Сонымен Автив экран бағдарламалық - техникалық кешенін қолдану барысында оқушыға дәрістің мәнін жазу қажет емес екендігі анықталды.
Практикалық сабақты өткізу әдістемесі
Практикалық сабақты өткізу келесі түрде болуы мүмкін. Оқытушы алдын - ала дайындаған дәрісті немесе алдыңғы өткен сабақты қайталауға және оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бақытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Оқытушы оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардыңкөңіл бөлу үшін бағыт береді және бақылап отырады. Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген оқытушы мен оқушының орындаған іс-әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады.
Семинарды өткізу әдістемесі
Семинарды өткізу бағдарламалық-техникалық кешені қолданылып келесі түрде жеткізуге болады.Семинар сабағы белгілі бір тақырып бойынша әңгімелесу немесе дискуссия формасында өткізіледі. Оқытушы алдын ала тақырыпты және қарастырылатын сұрақтар бойынша презентациялық материалдар дайындайды. Слайдтарға талқылау қажет етілетін негізгі сұрақтарды және сабақта белсенділікпен қызығушылықты тудыратын семинар тақырыбын түгелдей ашуға қажет ақпараттық объектерді кірістіреді. Оқытушы сабақ барысын интерактивтік тақта арқылы басқарып отырады. Сонымен қатар семинар сұрақтарын ұжымдық топтың әңгімелесу, талқылау түрінде ұйымдастыруға болады. Кейбір сұрақтарды толық игеру үшін оқушылар графикалық ақпаратты қолданады. Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ТІЛІН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҮЙЕСІМЕН ОҚЫТУ
Бастауыш сынып сабақтарында интерактивті әдістерін пайдаланудың тиімділігі
Интерактивтік оқу технологиясы
Тәжірибелік-бағдарлы кәсіптік білім берудің оқыту әдістерімен байланысы
Адам анатомиясы пәнін оқыту арқылы сандық білім беру жүйесі, технологиялары рөлі, маңызы
Қазақ тілі сабақтарында АКТ пайдалану жолдары
Оқыту үдерісінде интерактивті әдістерді тиімді пайдалану жайлы
Адам анатомиясын оқыту үдерісінде сандық білім беру технологияларының рөлі
Пән сабақтарында АКТ-ны қолдануды жетілдіру
Шет тілі сабағын оқытуда интернетті қолдану
Пәндер