Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар



Қазақстанның мемлекттік табиғи қорықтары және мемлекеттік табиғи ұлттық бақтары
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда биоалуан түрлікті сақтау
Биологиялық алуантүрлілікті сақтау конвенциясы
Биологиялық алуантүрлілікті әсерді экологиялық нормалау
Халықаралық экологиялық келісімдер мен конвенциялар
Биоалуантүрлікті қоғау мен қайта қалпына келтірудің маңызды жолдарының бірі қоғалатын табиғи аймақтардың кеңейтілген жүйесін құру болып табылады.Бұл жағынан Қазақстан орташа әлемдік деңгейден әлде қайда қалып қояды.Қоғалатын аймақтар-қорықтар мен ұлттық саябақтар республикалық жалпы 13595 шаршы шақырмын,немесе 0,5 пайызын алып жатыр,ал пайдалану шектелген аймақтармен бірге-2,6 пайызды құрайды.
Республиканың мемлекеттік табиғи-қорық қоры қазіргі уақытта 9 қорық,4 ұлттық саябақ,республикалық маңызы бар 62 қорықша,24 табиғи ескерткіштерді құрайды,Қазіргі 9 қорық негізінен Тянь-Шань және Алтай тау экожүйелерінде және далалық көлдер экожүйесінде,аз көлемде дала экожүйелерінде орналасқан.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

ОӨЖ

Тақырыбы: Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

Тексерген:Жилкыбаева.С.Ж

Орындаған: Манен.Үнзила

Топ: Бл-209

Семей-2015 жыл

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
Биоалуантүрлікті қоғау мен қайта қалпына келтірудің маңызды жолдарының бірі қоғалатын табиғи аймақтардың кеңейтілген жүйесін құру болып табылады.Бұл жағынан Қазақстан орташа әлемдік деңгейден әлде қайда қалып қояды.Қоғалатын аймақтар-қорықтар мен ұлттық саябақтар республикалық жалпы 13595 шаршы шақырмын,немесе 0,5 пайызын алып жатыр,ал пайдалану шектелген аймақтармен бірге-2,6 пайызды құрайды.
Республиканың мемлекеттік табиғи-қорық қоры қазіргі уақытта 9 қорық,4 ұлттық саябақ,республикалық маңызы бар 62 қорықша,24 табиғи ескерткіштерді құрайды,Қазіргі 9 қорық негізінен Тянь-Шань және Алтай тау экожүйелерінде және далалық көлдер экожүйесінде,аз көлемде дала экожүйелерінде орналасқан.Суық қоңыржай дала экожүйелері тек қана Қазақстанда кеңінен таралған,құмды дала эталонының өкілдері іс жүзінде мүлдем кездеспейді.Таулы далалар,бұталы тоғайлар,тұқымды ормандар,шыршалар мен жоғары тау экожүйелері жекелеп,аз көлемде ғана қоғалады.
Қазақстанның мемлекттік табиғи қорықтары және мемлекеттік табиғи ұлттық бақтары
Аталуы
Құрылған
Аумағы,кв км
Мемлекеттік қорықтар

Ақсу-Жабағлы
1926
751
Алматы
1961
733
Барса-келмес
1939
300
Қорғалжын
1968
2371
Марқакөл
1976
750
Науырызым
1931
870
Үстірт
1984
2230
Батыс-Алтай
1992
561
Барлық қорық аумақты

8566
Баянауыл
1985
505
Көкшетау
1996
785
Алтын-Емел
1996
2095
Іле-Алатау
1996
1644
Барлық ұлттық бақтар аумағы

5029

Қазақстаның қорықтары:республиканың жоғарғы сатыдағы флорасының 49,оның ішінде шамамен 27 пайызы Қазақстанның Қызыл Кітабына тіркелген түрлер;республиканың барлық сүтқоректілерінің түлік алуан түрлігінің 17,6 пайызы;Қазақстанда ұя салатын құстар түрлерінің 87,4 пайызы;бауырымен жорғалаушылардың 63,2 пайызы,бұл Қазақстанның шөл және шөлейтті зоналарында қорықтардың жетіспейтіндігін дәлелдейді,Қазіргі қорықтар,ұлттық саябақтар мен басқа да қоғалатын табиғи аймақтар биологиялық алуан түрлілікті және керемет ландшафттарды сақтауға мүлдем мардымсыз.
Ел аумағында қорғалатын табиғи аймақтар таралуындағы жетіспеушіліктің себебі ғылми негізделген ұйымдастыру жоспарының болмауы болып табылады.Сондықтанда 1987 жылы қосымша бағдарламалар негізінде 2005 жылғы Қазақ ССР табиғи- қорық қорындағы объектілерді дамыту және орналастыру жобасы жасалынады.Дегенмен осы жобаның уақыты өте тағыз болып,бұның орындалуында көптеген жетіспеушіліктер мен қателіктер орын алды,сондай-ақ әлеументтік - экономикалық жағдайларға жарамсыз,едәуір ескірген.
Тамаша табиғи ландшафттарды қорғауда мемлекеттік ұлттық саябақтар негізгі қызметті атқарады,тұрғындарды эстетикалық тәрбиелеуде өте маңызыд және рекреацияны реттеудің оюъектісі болуы мүмкін.
Қазақстанның Ұлттық саябақтарының арасында Баянауылмен Көкшетау Қазақстанның орташа таулы-орманды аймағында орналасқан,онда көптеген ұсақ шоқылар мен көлемі айтарлықтай үлкен тұщы сулы көлдер бар.Жоңғар Алатауының оңтүстік беткейіндегі қыратарда орналасқан Алтын Емел саябағы ақбөкеннің үйірін сақтауда,тау ешкісі мен құланның реинтродукцияланған популяциясын сақтап қалуда өте маңызды болып табылады.Іле Алатауының солтүстік жотасында орналасқан Іле Алатауы саябағы тік белдеудің құрғақ даласынан бастап альпі көгалдары мен таулы мұздықтарға дейінгі ландшафтар жиынтығын алып жатыр.республиканың Ұлттық Саябақтары қазір қайта қалпына келу процессінде және әліде көптеген көрсеткіштері өзінің негізгі мақсатында жауап бере алмайды.
Қазақстанның территорисында қорғау режимі шектелген ерекше аймақтарының ауданы үлкен және ландшафты алуан түрлі.Оған қорықшалар мен табиғи ескерткіштер жатады.Қазақстанда келесі қорықшалар жұмыс жасайды:зоологиялық,ботаникалық,бот аникалық-геологиялық,кешенді.1994 жылы олардың жалпы ауданы 5761 шаршы шақырымды құраған.Мемлекеттің қомқорлығына табиғи ескерткіштердің объектілері тамаша,тірі және тарихи ескерткіштер түрінде кездеседі,алып жатқан аумағының көлемі шамалы.Республиканың территориясында қазіргі уақытта бар болғаны 25 объект осы атаққа ие болған,олардың алып жатқан жері көлемі 62 шаршы шақырым.Жоғарыда айтылғандардан көрініп тұрғандай,қорғалатын аймақтар біздің алға қойған міндеттерімізді толық атқару жағдайында емес,осымен байланысты Қазақстанда Қазақстан республикасының қоғалатын табиғи аймақтарының жүйесін дамыту Концепциясы жасалынып,Үкіметтің қарауына ұсынылған,онда орман мен топырақтың генетикалық резерванттар,табиғи саябақтар құру арқылы аймақтар түрлерінің жиынтығын кеңейу қарастырылған.Қорықтардың санын 24,қорықшаларды 117,ұлттық саябақтарды 8 дейін көбейту үшін қорғалатын аймақтың ауданы 124,8 шарашы шықырымға дейін өсуі тиіс.
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардыңі санын көбейту,олардың жүйесін оптимизациялану және оның мемлекеттік басқарылуын жетілдіру ерекше қорғаудағы құнды табиғи объектілерді жекешелендіруді болдыртау мақсатында келесі табиғитты қорғау шаралары ұйымдастырылуында:
1. Мемлекеттік 2005 жылғы Қазақ ССР табиғи- қорық қорындағы объектілерді дамыту және орналастыру жобасы Қазақстанның ландшафтық-аймақтық және биогеографиялық аймақтарының базасында жүзеге асыру,оның басты басымдықтары биологиялық алуантүрлілік,эндемизмі жоғары және шаруашылық жұмыстары қарқынды жүргізілетін орындарда ерекше қорғалатын аймақтар құру болып табылады.
2. Қазақстанның Қызыл кітаптарын қайтадан басып шығару,2-том,том-3 қайтадан басып шығару керек.
3. Әрбір түр мен қауымдастықтың статусын анықтайтын генофондтар Кітабын құрастыру,олардың негізінде Қазақстан Республикасының және оның жеке әкімшілік обылстарының өсімдіктер мен жануарлар әлемінің кадастрын құру мен енгізу
4. Ерекше қоғалатын аймақтардың кадастрын жүргізуге унифицирленген және ғылыми негізделінген бағдарламар мен әдістемелерді,олардың инвертаризациялау мен паспортизациялауды жасау,сонымен бірге қорықтар мен қорықшаларды,ұлттық және ботаникалық бақтар,дендросаябақтарды қосқанда.
5. Қорықтық аймақтарды құратын жаңа әдістер жасау,жер иелері мен жер пайдаланушыларды экономикалық стимулдау,олардың жердері қорықтар,ұлттық саябақтар жасау үшін алынуы мүмкін.
6. Ұлттық табиғи саябақтарды маңызды табиғитты қорғайтын мекелерге айналдыру,өз аймағы жағдайында рационаьды табиғатты пайдаланудың нормативтерін жасайды.
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда биоалуан түрлікті сақтау.Қазақстанда өсімдіктер мен жануарлар әлемінің типтік,уникальды және сирек ландшафттардың биологиялық алуантүрлілігін сақтау мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аймақтар құрылыған.Статустарды,функцияларды, құқықтар мен міндеттерді реттейтін негізгі заң 1997 жылғы Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы заңы болып табылды.Құрылу және қорғау режиміне байланысты ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың республикалық және жергілікті маңызы бар 13 түрі ажыратылады.
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар қызметінің 70- жылдық тәжірибесіне сәйкес биоалуантүрлілік пен ландшафтарды қорғаудың ең тиім түрі қорықтандыру болып табылады,яғни аймақты шаруашылық пайдаланудан толық босату,мемлекеттік табиғи қорықтар ұйымдастыру.Қорықтың территориясынан 2 шақырым жерде шаруашылықпен айналысатын субъектіның буферлі зонасында пайдалану режимі болса қорықтың табиғитына кері әсер төмендей.
Қазіргі 9 қорықтың 1 мли га ауданда барлық биоалуантүрліліктің 70 пайызы шоғырланған.Бұл бірқатар факторларға негізделген:
* Ең жоғарғы қаупсіз режим есебімен қорықтың жер аумағы таңдалады;
* Қорықта ғылыми және инспекторлы қызметкерлердің болуы, қорғыудың қатаң тәртібін бекіту және сақтау ,қорғалатын обхектілердің санына есеп жүргізу;
* Қорық территориясының антропогенді әсерлерден табиғи қорғау
* Қорықпен іргелес территориялардағы өсіп жатқан техногенді және антропогенді прессингтер,өсімдіктер мен жануарлардың мекен ортасын жойылуына алып келеді.
90- жылдардың ортасында қорықтарды ұйымдастыру жұмыстары айтарлықтай тоқтап қалды,Қазақстанда соңғы құрылған қорықтың бірі Алакөл қорығы, 20 мық га аумақта құрылған,негізінен 60 мың га аумаққа ұсыныс берілген.Қорықтарды ұйымдастыруды тоқтап қалудың себептері:
* Жайылымдық,егіншілік,аңшылық,орманд ық,балық шаруашылық орындар ретінде қарастырылатын жоғары өнімді аймақтарды қолданыстан алып тастауға шаруашылық субъектілер мен жергілікті басқару органдарының құлықсыздығы;
* Жаңа қорықтарды сақтауға бөлінетін бюджеттік қаржының жоқтығы мен басқаратын министрліктердің табиғи ландшафтар мен биоалуантүрлілікті сақтаудың әлеуметтік-экономикалық,экологиялық және ұлттық маңыздылығын дұрыс бағаламау.
Қазақстанда соңғы 10жылда мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар дамыды.Алтайдың Қазақстандық бөлігінде 670 мың га жерге ұйымдастырылған ең жас және ең үлкен Қатон-Қарағай ұлттық саябағында үлкен үміт артып отыр,бұл траншекаралық табиғитты қорғау объектісі болып табылады.
Қорықшаларды құрудың мақсаты табиғи кешендерді сақтау болып табылады,олар аборигенді фауна мен флораның өсу,тіршілк ету және көбею ортасы болып саналады.Қорықтармен салыстырғанда қорықшалардағы қорғау режимі аздап тиімсіз,себебі шаруашылықтың негізгі түрлерін жүргізуге тиым салынбайды,ал территорияны қорғау негізінен маусымдық сипатқа ие.Қазақстан республикасы Үкіметінің 25.05.2001 жылғы № 2382 қаулысына сәйкес республикалық маңызы бар үш мемлекеттік қорық аймағы құрылды:Кендірлі - Қаясай,Қаратау және Арыс,Жусандала.Сонымен бірге республиканың ірі өзендерінің дельтасы мен уылдырық шашатын орындарына қорықтар ұйымдастрыру қажет Орал,Жайық,Іле,Сырдария,Ертіс,Лепсі ,Қартал,Кіші Арал,Зайсан,Балқаштың жағалауларын;Жоңғар,Тарбағатай,Қара таудың таулы-орманды сілемлерін қамқорлыққа алу қажет;Ериментаудың жайылымдық аумақтарын;Орал өзені бойындағы еменді ормандарды.
Сондай-ақ,Қазақстанда ерекше қорғататын табиғи аймақтарды қаржыландыру шамалы ғана,осындай факторларда биоалуантүрлілік пен керемет ландшафтарды қорғауды тежейді,айтарлықтай қиындықтар тудыртады.Бірқатар қорықтар мен ұлттық саябақтардың ғылыми және экскурсиялық бөлімдері жоқ,тұрғындарды эстетикалық және тәрбиелік тәрбиелеу бойынша жұмыстар жүргізілмейді.Ерекше қорғалтын табиғи аймақтарды пайдаланған үшін төлететін айып-пұлдар мен басқа да қаржылар өзінің көздеген мақсатарына жұмсалынбайды.Заңсыз аң аулау,аңшылық жасау,ойын-сауық туризмі,ормандарды кесу,балық аулау,шаруашылық мақсаттар үшін жерлерді пайдалану сияқты әрекеттер елдің табиғи ландшафтарына кері зиянын келтіруде,осындай лоқылықтардың алдын-алатын шаралардың ұйымдастырылуы да шамалы.
Каспий теңізінің қорықтық аймағы мен Алматы, Рақман кілті қорықтарды ұлттық саябақтардың құрамына кірмеген.Қорықтық аймақтардық қол жетімділігі,әкімщілік пен штаттық қызметкерлердің болмауы қоғаудың осы түрін тиімсіз етеді.Каспий теңізі қоықтық аймағында 25 жыл бойы мұнай шикізаты алынып келген.Соңғы 3 жылда мұнай компанияларының әрекеттері тікелей шельфтық зонада жүргізілуде.Каспийдің қазақстандық жағалауында,сонымен бірге Орал мен Жайықтың атырауында бірде бір қорықұйымдастырылмаған.Ал Каспийдің басқа елдердегі бөлігінде олар және трансшекаралық суқоймалардың биологиялық алуантүрлілін сақтау мәселелерін сәтті шешуде.
Биологиялық алуантүрлілікті сақтау конвенциясы.Ex situ сақтау. Биологиялық алуантүрлілік кешендерін олардың табиғи мекен ортасынан тыс сақтау Қазақстан республикасында ботаникалық бақтар мен зоологиялық саябақтарда жүргізілді.Алматыда орналасқан басты ботаникалық бақ,өзінің шеткі бөлімшелерімен және Маңғышлақ экспериментальды ботаникалық бағында ауыл шаруашылық емес өсімдіктердің гермоплазмаларының Орталық Азиядағы қоры шоғырланған.Ботаникалық бақтардың коллекциялық генофондына 4012 гүлді-декоративтік,1985 бұталы,987 тропикалық және субтропикалық,974 тұқым-жемісті,572 техникалық,795 дәрлік және 257 азықтық өсімдіктердің түрлері кіреді.Қазақстанның ботаникалық бақтарындағы коллекциялық және экспозициялық аймақтарында сирек түрлердің саны көп кездеседі:Бас ботаникалық бақта-225,Алтайда-150,Орталық Қазақстанның ботаникалық бағында 50 түрі бар.Өкінішке орай,Қазақстанда ботаникалық бақтардың орналасуы елдің негізгі табиғи-климаттық аймақтарын қамтымайды,сәйкесінше,Қазақстанның сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктерін өсіру,көбейту,реинтродукциялау бойынша мүмкіншіліктерін кеңейтуге мүмкіндік бермейді.
Қазақстан реупубликасында 3 мемлекттік зоологиялық саябақ бар- Алматы,Қарағанды және Шымкент зообағы,олардың коллекциясында сирек және жойлып бара жатқан жануарларды ұстау климаттық және басқада жағадайларға сәйкес Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың сирек түрлерін сақтау мен көбейту,өсіруі бойынша өзіндік сцециализациясы анықталған.Осындай жануарлардың Алматы зообағында 39 түрі ,Шымкентте -21,Қарағандыда - 10 түрі бар.Сонымен қатар,республикамызда арнайы жануарларды өсіретін питомниктер де жұмыс жасайды,осылардың жарықын мысалы ретінде Сұңқар пимнигін айтуға болады,ол негізінен сұңқарды өсірумен айналысады,жекеменшік мекеме зоология институтының орнитологтармен ,Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясы мен Ғылым министрлгінің жануарлар генофонды мекемесінің мамандармен бірге жұмыс жасайды. Сұңқар питомнигін 6 жылда сұңқардың 222 балапаның алып,оның 81 данасы Алматы облысындағы осы түрдің табиғат популяйиясының санын көбейту үшін еркіндікке жіберілген.
Биологиялық алуантүрлілікті әсерді экологиялық нормалау.Шаруашылық әректтердің биологиялық алуантүрлілікке әсерін реттеудің нормативтік-құқықтық базасы негізгі 3 факторлар тобын есепке алады.
* Биоресустарды пайдалануамен тікелей байланысты факторлар;
* Қоршаған ортаны ластайтын факторлар;
* Шаруашылық объектілердің аймақтық орналасумен тікелей байланысты факторлар,осының нәтижесінде биоалуантүрлілікке кері әсерін тигізетін қоршаған табиғи ортаның жағдайлары өзгереді.
Қазақстан республикасының Қоршаған ортаны қоғау туралы заңы мен экологиялық қауіпсіздік концепиясына сәйкес шаруашылық әрекеттердің қоршаған ортаға әсерін реттеудің негізгі әдісі табиғатты пайдалануға шектеу мен квота қолдану болып табылады,табиғи ресурстары пайдаланудың нақты мерізмі көлеміне арналып бекітіледі,сонымен бірге қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарылуы,жиналуы мен қалдықтардың тасталуы мен басқада зиянды әсері бар заттардың жинақталуы ескеріледі.Табиғитты пайдаланушыларға шектеулер мен квоталар қолданыстағы экологиялық нормативтер негізінде бекітіледі,ол қоршаған ортаға шаруашылық әрекеттер әсерінің шектік мүмкін болатын деңгейін анықтайды.Экологиялық нормативтердің территориялық және өндірістік аспектілері бар.
Территориялық экологиялық нормалау экожүйенің баланс күйінен шықпай шаруашылық-экономикалық әсерлерді бейтараптандыру қабілетімен анықталады, яғни өзін-өзі қалпына келтіру қабілетін жоғалтпайды.
Өндірістік территориялық нормалау қоршаған ортаға кәсіп- орынның нормативтік үлесін жэне жалпы әсерін бекітуді қарастырады, яғни нақты экожүйенің территориясында объектілер әсерінің белгілі бір деңгейден асып кетпеуін қадағалайды. Нақты экологиялық географиялық ауданның экожүйесі антропогендік күшке шыдауы қажет, табиғатты пайдалануды шектейтін экологиялық нормативтер 4 бағыт бойынша жасалынады:
Қоршаған табиғи ортаны ластауды шектеу (ластаушы заттар- дың шығаруы, тасталуы, қалдықтардың орналасуы, басқада зиянды әсерлер);
Табиғи, соның ішінде биологиялық ресурстарды пайдаланудың экологиялық мүмкін болатын деңгейін анықтау;
Экологиялық-экономикалық шектеулер - өндіріс саласының нақты экожүйе үшін экономикалық ұтымды жэне экологиялық қауіпсіз құрылымын бекіту;
Шаруашылық әрекеттердің аймақтық белсенділігін шектеу: толық масштабтықтан (экологиялық талаптар шегінде) және реттелуден оның толық тиым салынуына дейін (қорықгар).
Өндірістік экологиялық нормалау жүйесі қазіргі уақытга шектік мүмкін болатын шығарылу жэне шектік мүмкін болатын жиналу нормаларынан тұрады. Кәсіпорын тұрақты режимде жүмыс жасаса ол эффективті түрде қызмет атқарады. Табиғатты пайдаланудағы лимиттер табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыруға бағытталған.
Жыл сайын биоресурстардың жағдайын анықтау мақсатында зерттеулер жүрізіліп, пайдаланылатын ресурстардың көлемі анық- талынады, немесе өндірістік нормативтік шектеулер қояды. Сондықтанда нақты ауданда қарастырылған экожүйе үшін нақты біржылға анықталған биоресурстарды алудың немесе пайдаланудың жылдық көлемінен табиғатты пайдаланушыларға рұқсат берілген биоресурстарды пайдалану көлемі асып кетпеуі тиіс. Ресурстарды пайдалануға рұқсат берген жалпы көлем нақты экожүйеге арналған аймақтық экологиялық нормативтерге сәйкес келуі тиіс, осы пайдаланудың мүмкін болатын көлемі ресурстардың қайта келу жыл- дамдыгын ескере отырып бекітіледі. Осы қолданыстагы механимдер нормативтері жоқ.
Биологиялық ресурстарды тиімді пайдаланудың экономикалық ынталандыру. Қоршаған ортаны қорғау мен биоресурстарды рационалды пайдалануды стимулдаудың қаржылық механизмдері. Қазіргі уақытта Қазақстанда негізгі экологиялық төлемдер орталықтандырылған реттілікпен мемлекеттік бюджетке түседі. Бюджеттегі салықтар мен басқа да міндетті төлемдер туралы Кодексте экологиялық төлемдердің келесі түрлері ажыратылған:
Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем;
Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем;
Су ресурстарымен бірге беткі ресурстарды пайдаланғаны үшін төлем;
Жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін төлем;
Орманды пайдаланғаны үшін төлем;
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды пайланғаны үшін төлем.
Халықаралық серіктестіктер. Қазақстан Республиканың қазіргі дамуының ерекшелігі ғаламдық, аймақтық және субаймақтық деңгейде тұрақты даму процесстерінің интеграциясына мемлекеттің ұмтылуы болып табылады. Қоршаған ортаны қорғау саласын- дағы халықаралық бағдарламалар мен жобаларға, конвенцияларға Қазақстанның белсенді араласуы экологиялық әрекеттердің бүкіл әлемдік процесстеріне елдің қосылуын қамтамасыз етеді. Қазіргі технологияларға жол ашады, өндірістік шығындарды азайтады.
Қазақстан Рио-де-Жанейродағы (1992 ж.) қоршаған ортаны қорғау жэне дамыту бойынша БYenYen бүкіл элемдік конференциясы қатысып, оның басты құжаттарын қабылдады: Рио декларациясы

және тұрақты дамудың әлемдік қауымдастығына өту бойынша әрекеттер бағдарламасы - XXI ғасырдың Күн тәртібі. Республика- ның басшысы Н.Ә. Назарбаев бастаған Қазақстанның делегациясы БYenYen Бас ассамблясының Рио+5 (1997 ж.) арнайы сессиясының жүмысына қатысты.
2002 жылдың 26 тамыздан 4 қыркүйек аралығында Йоханнес- бургта тұрақгы даму бойынша Бүкіләлемдік саммит етгі, онда Рио- де-Жанейрода қабылданған XXI ғасырдың Күн тәртібі бағдарламасының жүзеге асырылу бойынша соңғы он жылдықта атқарылған жұмыстар талқыланды. Саммиттің нәтижесі Саммиттің Политикалық Декларациясы жэне баскада маңызды жоспарлардың бекітілуі болды. Саммиттің маңызды қорытындысы жаңа халықаралық Инициативтер Серіктестіктері институтының құрылуы болды.
Қазақстан биоссфераның негізгі компоненттерін қорғау саласында көптеген конвенцияларды ратифицирледі - су, ауа, озон қабаты, биологиялық алуантүрлілік, елдегі экологиялық жағдайдың нашарлауын халықаралық заңнамалар арқылы тоқтату мақсатьшда.
Халықаралық экологиялық келісімдер мен конвенциялар.
Қазақстанның халықаралық экологиялық конвенциялар мен келісімдерге қосуы бойынша жұмыстар 1993 жылы басталған, Қазақстан Бүкіл әлемдік табиғатгы қорғау бойынша конвенциялар мүше болып, осы бағыттағы мәселелерді шешуге белсене араласты. Нэтижесінде 19 ХЭК ратифицирленіп, екі халықаралық Келісім шартқа қол қойылды.
Қазақстан Қорғашаған ортаны қорғау жэне дамыту бойынша БYenYen конференциясына, Европа үшін қоршаған орта, 21 ғасыр- дың Күн тэртібі сияқты халықаралық экологиялық процесстерге белсене қатысты. Қазақстанның он жылдық табалдырығындағы басты мақсаты қоршаған ортаны қорғау бойынша саясаттың құрамдас элементі, сонымен бірге осы саладағы басқарманың құрылымдық өзгерісінің нэтижесі болып табылу. ХЭК қатысудағы елдердің пайдалы тұстары:
1 экологиялық әрекеттерге жалпы ғаламдық процесстерді енгізу жолымен халықаралық серіктестіктерді кеңейту;
1 елдің егемендігін үйлестіру;
* табиғатты қорғау бойынша халықаралық техникалық, технологиялық, ақпарттық тәжірибелерді пайдалану;
* техникалық жэне қаржылай көмек алу;
* елдің табиғатты пайдалануына жаңа құқықтық жэне экономикалық механизмдер енгізу.

VIIIБӨЛІМ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ. МОНИТОРИНГ ТИПТЕРІМЕН ПРИНЦИПТЕРІ
8.1 ТАБИҒИ ОРТАЛАРДЫҢ ЛАСТАНУ
Мониторинг және оның принциптері мен типтері. Мониторинг дегеніміз - белгілі бір обьект немесе құбылыстың өмір сүру ортасындағы өзіндік іс ірекеті мен құбылысын зерттеу болып табылады. Экологиялық мониторинг (экология және мониторинг) - қоршаған ортаның жағдайын бақылау және тексеру жүйелері. Ол үш сатыдан тұрады:
жағдайды бақылау;
бағалау;
болатын өзгерістерді болжау.
Экологиялық мониторинг нысандарына табиғи, антропогендік немесе табиғи-антропогендік экожүйелер жатады. Экологиялық мониториннің мақсаты тек қана деректер жинау емес, сондай-ақ, жүргізілетін тәжірибелер, болжамға негіз ретінде алынатын процестердің үлгілері кіреді. Ғаламдық көлемде мониторинг жүргізуге авиациялық, ғарыштық және есептеу техникалары пайдаланылады. Қазіргі уақытта экожүйені зерттеуге аэроғарыштық әдістер кеңінен қолданылады. Осы әдіс арқылы табиғатта болып жатқан құбылыстарды, табиғи қорлар жиынтығын, мөлшерін, т.б. экожүйелерді сипаттайтын мәліметтерді білуге болады. Экологиялық мони- торинг әр түрлі деңгейдегі буындардан тұратын иерархиялық ұйымдасқан бақылау жүйесі болып табылады. Ондай буындарға ғаламдық (биосфералық), ұлттық, аймақтық, жергілікті Экология-лық мониторингтер жатады.
Мысалы, ғаламдық Экологиялық мониторинг халықаралық ынтымақтастық негізінде, ұлттық Экологиялық мониторинг бірмемлекеттің шегінде арнайы құрылған ұйымдар арқылы, аймақтық Экологиялық мониторинг ірі-ірі аудандардың көлемінде, ал жер- гілікті Экологиялық мониторинг ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
Ерекеше қорғалатын табиғи обьектілердің құқықтыұ режимі
«Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың құқықтық режимі»
Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдардың қалыптасуы мен даму тарихы
Табиғатты қорғау іс-әрекетінің заң шығарушы және нормативті құқықтық базасы. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ҚР заңы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру негіздерін айқын анықтау
Ерекеше қорғалатын табиғи обьектілердің құқықтыұ режимі туралы
Экологиялық туризм жүйе ретінде
Қаратау таулы аймағына туризмді дамыту
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРЫ
Пәндер