Ақпарат және оны өрнектеу жолдары



Ақпарат және оны өрнектеу жолдары.
Ақпаратты өлшеу.
Информатика ұғымы.
Ақпараттық технологиялар және
техника.
Есептеу техникасының даму тарихы.
"Ақпарат” термині латынның «INFORMATION» - түсіндіру, баяндау, білу деген сөзінен шыққан. Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез- келген керекті ақпараттың мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз.
Жалпы тұрғыдан алғанда, ақпарат – таңбалар мен сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттың бейнесі болып саналады. Ақпарат алу дегеніміз – бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз.
Сонымен, Ақпарат – белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.

Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы:
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары.Ақпаратты өлшеу.
Информатика ұғымы.Ақпараттық технологиялар және
техника.Есептеу техникасының даму тарихы.

Орындаған:Шәріпханов Ернұр
Группа:Финансы-505

Семей қаласы
2015 жыл

Ақпарат және оны өрнектеу жолдары
"Ақпарат" термині латынның INFORMATION - түсіндіру, баяндау, білу деген сөзінен шыққан. Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез- келген керекті ақпараттың мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз.
Жалпы тұрғыдан алғанда, ақпарат - таңбалар мен сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттың бейнесі болып саналады. Ақпарат алу дегеніміз - бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз.
Сонымен, Ақпарат - белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.
Ақпараттың түпкі заттық мазмұны оның негізгі қасиеттерін - дәлдігі мен толықтығын, бағалығы мен қажеттілігін, анықтылығы мен түсініктілігін ашуға көмектеседі.
Ақпарат істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның дәл болғаны. Дәлдігі жоқ ақпарат оны түсінбеушілікке және соған байла нысты теріс шешім қабылдауға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Егер ақпарат оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны. Ақпараттың толық болмауы ол жөнінде белгілі бір тұжырымға келуге кедергісін тигізіп, қателікке ұрындыруы мүмкін.
Ақпараттың бағалылығы - оны пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше алатынымызға байланысты болады. Өзекті (дер кезінде берілген) ақпарат жұмыс шарттары өзгерген жағдайда өте қажет болады.
Егер бағалы, әрі өзекті ақпарат түсініксіз сөздермен жазылса, оның пайдаға аспайтыны өзінен-ақ белгілі.
Ақпарат түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электрлік сигналдары, магниттік жазба және т.б.
Компьютердегі барлық ақпарат тек қана екiлiк санау жүйесінде өңделедi. Екiлiк санау жүйесінің сандарын Бит (Bit) деп айтамыз. 1 Байт (Byte) 8 биттен тұрады. Ақпараттың негiзгi бiрлiгi Байт болып есептеледi. Байтта тек қана бiр символ сақталады.
1 байт = 8 бит
1000 байт;1 Кбайт (килобайт) = 1024 байт
1 миллион байт;1 Мбайт (мегабайт) = 1024 Кбайт
1 миллиард байт.1 Гбайт (гигабайт)= 1024 Мбайт
Мысалы, 7 сыныптың информатика оқулығы 240 беттен тұрады, ал әр бетте 38 қатар, әр қатарда 68 символдан бар. Оқулықта ешқандай да сурет жоқ, тек қана мәтіннен тұрады деп есептесек, онда 240*38*68=620 160 символ немесе 620 160 байт, яғни 620 Кбайт ақпараттық мәлімет бар.
Ақпараттың өлшем бірліктері арқылы әрбір ақпараттың бірлік уақытта таратылу жылдамдығын анықтауға болады. Ақпараттың таратылу жылдамдығы бірліктерде былай анықталады: битс, байтс, килобайтс және т.б. Мысалы, телефон желісі арқылы таратылатын ақпарат жылдамдығы 4 Кбайтс-ке тең, ал адам баласының мәтін оқу жылдамдығы 38 байтс, сөйлеу жылдамдығы шамамен 16 байтс-ке тең.
Ақпаратты шындығында да ғылыми ұғым ретінде қарастыруға болады. Өйткені бұған дейін ақпараттың кұрылымы мен қасиеттері барлық ғылым салаларында зерттелінді. Мысалы, физика - ақпарат таситын сигналдардың қасиеттерін зерттейді. Табиғаттағы көптеген құбылыстардың сигнал шығаратыны белгілі. Ал тіркелінген сигналдар белгілі бір мәліметтерді құрайды. Мәліметтер түрленіп, тасымалданып, әдістердің көмегімен қолданыс табады. Мәліметтер мен әдістердін өзара әсерлесуінен ақпарат түзіледі. Өлі табиғаттағы процестер үздіксіз энергия алмасу түрінде өтеді. Энергия алмасумен қатар тірі табиғатта бағытталған зат алмасу процесі жүреді. Зат алмасу мен энергия алмасу процестерінің арасындағы өзара байланыс ақпарат алмасу турінде өтеді немесе оны ақпараттық процесс деп атайды.
Сонымен ақпарат -- бұл ақпараттық процесс барысында түзілетін қозғалыстағы объект. Ақпараттың қасиеттері мәліметтердің қасиеттеріне де, әдістердің қасиеттеріне де тікелей тәуелді.
Ақпарат (лат. informatio -- түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Көп адам бұл жайлы Білім дәуірі немесе білім қоғамы тудырған Ақпарат дәуірі туралы айта бастады; ақпараттық қоғам, ақпараттық технологиялар, тіпті информатика, ақпарат ғылымы және компьютер ғылымы назарға көп түсуде, ал "ақпарат" сөзі білдіре бастаған мағыналары ұқыпсыз пайдаланылуда.
Ақпараттың тарихы, анықтамалары
Ақпарат - адамның өзіне қарағанда әлдеқайда көне құбылыс. Табиғат әлдеқашан өсімдіктер мен тірі организмдерде жұмбақталған (кодталған) ақпаратты өзінің даму барысында беріп отырған. Ал, жануарлар мен құстардың тілі ақпаратқа бай. Адамдар өздерінің алғашқы қадамдарынан бастап-ақ ақпарат беру мен сақтаудың жаңа құралдарын іздеуде және табуда. Бұған жартастағы суреттер де, "Жазбалар ғибадатханасындағы" Майя өркениетінің иероглифті тақталары да, ежелгі египеттіктердің абак тастары мен жасырын хабарларды жіберуге арналған дискілері де дәлел бола алады.
"Ақпарат" термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін "informatio" сөзінен шыққан. Бұл терминнің кең тарағанына қарамастан, ақпарат түсінігі ғылымдағы ең көп пікірталас тудырған түсініктердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде ақпарат түсінігінің дәл анықтамасы жоқ, көптеген жағдайларда ол интуициялық болып келеді және оған адам әрекетінің әр түрлі салаларында әр түрлі мағына беріледі.
Ақпараттың анықтамаларының көп болуы - бұл түсініктің мағынасын түсіндірудің күрделілігімен, ерекшелігімен және көп түрлілігімен байланысты. Қазіргі кезде ақпарат түсінігін айқындаудың кең таралған үш теориялық жолы бар. Олардың әрқайсысы оның мағынасын өзінше түсіндіреді.
Бірінші теория (К. Шенон) сандық-ақпараттық тұрғыдан тұрғыдан қарастырады да, ақпаратты оқиғаның анықталмағандығының (энтропияның) өлшемі ретінде айқындайды. Ақпарат көлемі, қандай жағдайда болмасын, оны алу ықтималдылығына тәуелді: хабар неғұрлым ықтимал болып табылса, оның ақпараты соғұрлым аз болады. Бұл теория ақпараттың мағыналық жағын ескермесе де, хабарды оңтайлы кодтау мен ақпаратты өлшеуге негіз болды да, байланыс техникасы мен есептеуіш техникасында өте пайдалы болып шықты. Бұдан басқа, ол ақпараттың жаңалығы, хабардың жеделдігі сияқты маңызды қасиеттерін көрсету үші өте қолайлы Ақпаратты осы тұрғыдан түсінгенде - бұл анықталмағандықтың алынуы немесе мүмкін баламалар жинағынан таңдап алу нәтижесі.
Ақпарат хат ретінде
Ақпарат - қарастырылатын жүйе қалпы. Хабар - заттанған ақпарат. Ақпарат жіберушіден қабылдаушыға бағытталған хабардың сапасы болып табылады. Ақпарат әрқашан бірнәрсе (параметр өлшемі, оқиғаның болғаны, т.б.) туралы. Осылай қарастырылған ақпарат мағынасы ұқыпты болуы шарт емес. Ол ақиқат немесе жалған, тіпті сүюдің дауысы болуы мүмкін. Тіпті үзілісті шудың байланыс арнасын толтыруы, түсініспеушілік әкелу мүмкіндігі осы мағынасы бойынша ақпарат болып есептеледі. Дегенмен, жалпы айтсақ, ақпарат мөлшері көбейген сайын хабар дәлірек болады. Бұл модель белгілі жіберуші және кем дегенде бір қабылдаушы бар деп есептейді. Осы модельдың көптеген толықтырмаларында жіберуші мен кем дегенде бір қабылдаушының ортақ тілі барын жорамалдайды. Ақпараттың өзгеше маңызды анықтамасы оны қабылдаушы түсінетіндей жіберушіден шыққан хабар деп анықтайды. Бірақ, белгілi жіберуші болуын талап ететін "ақпарат - хат" моделі ақпараттың қоршаған ортадан, байқау, өлшеу, т.б. арқылы, алынатын нәрсе болуы мүмкіндігіне мән бермейді. Ақпарат ұғым ретінде контекстіне байланысты көптеген мағына білдіреді, дегенмен ол әдетте мағына, білім, тапсырма, байланыс, бейнелеу, сезіну дегендермен тығыз байланысты. Қысқа қайырғанда, қабылданған және түснікті хабар. Дерек хақында айтылса, ақпарат деп әлдебір түйін жасауға болатындай ақиқаттар жиынтығын қарастыруға болады. Оқу, тәжірибе немесе тапсырмалар арқылы ақпарат алынатындықтан, оның т.б. түсініктемелері болуы мүмкін. Қалай болғанда да ақпарат деректерді өңдеу, реттеу және оларды қабылдаушыға жаңа білім болатындай ұйымдастыру нәтижесі болып табылады. Байланыс теориясы нәтиженің (шығыстың) анықсыздығының сандық өлшемі болып табылады. Мысалға, "мыңдаған биттерден тұратын ақпарат" деп айта аламыз. Байланыс теориясында жиі Клод Шеннонның есімімен байланысты ақпарат энтропиясы деген ұғым пайдаланылады (төменде қара). Ақпараттың келесі бір түрі Фишер (R.A. Fisher) енгізген ұғым - Фишер ақпараты. Бұл статистиканы бағалау теориясында және жалпы ғылымдарда пайдаланылады. Байқалмайтын параметр (unobserved) жайлы хабардың алып жүретін ақпарат мөлшері Фишер ақпараты болып табылады. Оны жүйені сипаттайтын ықтималдық функциясы ілімінен есептеп шығуға болады. Мысалы, қалыпты (normal) ықтималдық функциясы бойынша Фишер ақпараты заң variance керісі болып табылады. Ықтималдық заңы туралы ілімсіз Фишер ақпараты қалыпты (normal) ықтималдықпен тарайтын деректің екінші моментіне керісінен есептеуге болады. Тіпті ақпарат пен деректер бір-бірімен алмастырылып жиі қолданылатынына қарамастан, олар екі түрлі ұғым. Деректер байланысы жоқ ақпараттар жинағы болып табылады және сәйкесінше өңделмейінше, пайдасыз болып табылады. Өңделу барысында өзара жетерліктей байланыс табылса, және олардың маңызы бар болса ғана ол ақпарат санатына ауысады. Сондықтан жәй деректер түрлі мақсаттарға пайдаланылуы мүмкін. Яғни деректер әлдебір ақпарат қамтылмайынша, жарамсыз болады.
Ақпарат энтропиясын өлшеу
Ақпаратқа хабар ретінде қарау 1948 жылғы Клод Шеннонның әйгілі "Байланыстың Математикалық Теориясы" атты мақаласынан кейін қалыптасты. Мақала Байланыс теориясының негізін қалады және ақпарат ұғымына техникалық мағына беріп қана қоймай оған мөлшерін анықтады. Егер құрылғы бірдей ықтималдықпен N хабардың бірін жіберсе, онда "жиыннан хабар таңдалған кездегі ақпарат мөлшері" екі негіздегі логарифм N-ге тең (Бұл мөлшер өздік-ақпарат деп аталады). Сол мақалада Шеннон былай жалғастырады: Логарифм негізін таңдау ақпаратты өлшеу өлшем бірлігіне сәйкес келеді. Егер негізі 2 болса нәтижесінде ақпарат бірлiктері бинарлық сандар, немесе қысқаша Тюки (J. W. Tukey) енгізген биттер болар еді. Екі бірқалыпты дәрежесі бар құрылым, мысалы - реле, бір бит ақпарат сақтай алады. Осындай N құрылым N бит сақтай алады...[1] Алгоритмдік байланыс теориясы ақпаратты өлшеудің қосымша жолын береді. Қысқаша қайырғанда, бұл тәсіл ақпарат мазмұнын белгілер тізімінің болжамдығына негіздеп өлшейді, немесе басқаша айтқанда бағдарлама арқылы тізімді есептеу қаншалықты оңай: тізімнің ақпарат мазмұны ең қысқа осы тізімді есептейтін бағдарламаның биттер саны болып табылады. Төмендегі тізімнің алгоритмдік өлшемі өте аз болар еді, өйткені ол - оңай болжауға болатын құрылым, және құрылым ретінде жалғасқанымен өлшемі өзгермейді. Шеннон ақпараты тізімнің әр белгісі үшін, олар статистикалық кездейсоқ болғандықтан, дәл осындай ақпарат өлшемін берер еді, ал әр жаңа белгі өлшемін үлкейтер еді. 123456789101112131415161718192021 Адамдық көзқараспен қарағанда дәстүрлі ақпарат теориясы мен алгоритмдік ақпарат теорияларының шектеулері бар. Мысалға, хабар мазмұны дегенде Шеннон "Жиі хабарлардың мәні бар... бұл байланыстың семантикалық жағы инженерлік мәселелерге маңызды емес. Маңызды жағы - нақтылы хабардың ықтимал хабарлар жиынының таңдалып алынған бірі болғандығында" (екпін түпнұсқадан сақталған). Ақпарат теориясында сигналдар процесстердің бөлігі болып табылады, субстанция емес; олар бірнәрсе істейді, олардың арнайы мәні жоқ. Алгоритмдік ақпарат теориясы мен ақпарат теориясын бірге пайдалана отырып ең кездейсоқ сигнал қалай тәржімеленсе де ең ауқымды ақпаратты қамтиды, әрі сығыла да алмайды деген тұжырымға келуге болады. Майкл Редди (Micheal Reddy) "математикалық теория 'сигналдары' 'алмаса алатын құрылымдар' деп байқаған. Сигналда еш хабар жоқ, онда тек мүмкін болатын хабарлар жиынынан бір хабарды таңдау қабілеті бар." Ақпарат теориясында "жүйе әр ықтимал болатын таңдаумен жұмыс істей алатындай жобалану керек, тек таңдалғанмен емес, себебі жобалану кезеңінде ол хабар беймәлім болған ".
АҚПАРАТТЫ ӨРНЕКТЕУДІҢ ДИНАМИКАЛЫҚ ТӘСЛДЕРІ
Ақпараттың өрнектелуі. Компьютердің
Компьютерлердің жұмыс істеу тәсілдерін, оның берілген
Санақ жүйелері. Берілген санды көрсету үшін
Санақ жүйелері түрған орнына байланысты мағынасын білдіреді.
Өзгеретін санау жүйесінде цифрдың мағынасы оның орнысыз-ақ анықталады.
Өзгермейтін сандар жүйесінде цифрдың тұрған орны анықтайды.
Компьютерлерде санды жазу басқа жүйелерге қарағанда оңай.
Тарихи деректер бойынша ондық санау жүйесі қолайлы.
Негізінде кез келген сандық жүйе құруға
сәйкес екілік, үштік, сегіздік және басқа жолдар болады.
Өзгеретін сандық жүйеде кез келген негізге
Ондық санақ жүйесінде компьютерде информацияны өңдеу
Компьютерде мәліметтерді екілік жүйеде өңдеу өте
санның кез келген разряды тек 0
мұндай цифрлардың физикалық моделін кұру техникалық
Екілік санақ жүйесінің негізін 1850 ж.
100100 екілік санын мынадай түрде жазуға
1001002 = 1 -25+0-24+0-23+12+02+020.
Екінші буынға жататын компьютерлерде сегіздік сандық
Сегіздік сандық жүйеде тек 0-ден 7
2.2 Берілген санды статистикалық жүйелерінде өрнектеу.
а) Бүтім санды көшіру ережесі Ондық
Мысалы. 25 екілік сандық жүйеге көшір
б) Аралас бөлшек санды басқа жүйеге
Сегіздік және екілік жүйелердің арасындағы байланыс.
Кез келген сегіздік жүйеде өрнектелгеи санды
Санды екілік жүйеден сегіздік жүйеге көшіру
Бірінші және ең ақырғы санды, үш
әр үш цифрдағы топты сегіздік жүйенің
Осындай бірінен-біріне механикалык көшіру ретімен, клавиш
Екілік-ондық кодтар (жүйелер). Екілік-ондық кодтар аралык
Машина есептік қорытындысын екілік жүйеде алады
Екілік жүйедегі арифметикалық операциялар, ЭСЕМ-де арифметикалық
ЭСЕМ жасалмай тұрып, 1850 ж, ағылшындықтар оны
логика деп атайды).
Екілік жүйеде әр түрлі арифметикалық операцияларды орындайды
Ескерту: бірнеше қатар сандарды қосу тәсілі
Азайту амалын орьгндағанда, көрші разрядтан қарызға еселенеді.
Көбейту ережесі бойынша, нөльге көбейткенде әрқашанда нөл.
Қазіргі кезде барлык халық шаруашылығы салаларында,оның
ішінде ауылшаруашылығы мамандарына, бұл тақырыптарды оқудың маңызызор.

Ақпаратты өлшеу
Уикипедия -- ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Күнделікті тұрмыста адам үшін ақпарат дегеніміз - бұл бір нәрселер жөнінде хабарлау және мағлуматтар беру. Ал кез келген хабар, деректер үшін ақпарат бола ма? Мысалдар келтірейік: 1-мысал. Сенің досың: "Күндіз - жарық, ал түнде - қараңғы" десе, бұл хабар сені тек таңғалдырар еді, себебі ол белгілі нәрсе. Демек адам хабардан ақпарат алу үшін ол жаңа, яғни белгісіз болуы керек. 2-мысал. "Каузалды схема - әлеуметтік қабылдауда талдау, себептілік принциптерін белгілеу үшін қолданылатын ұғым". Бұл "Каузалды схема" ұғымының анықтамасы әлеуметтік психологиядан алынған. Біз бұл анықтаманы бірінші рет кездестірсек те, ол біз үшін ақпрат емес, өйткені біз әлеуметтік психология ғылымымен таныс емеспіз әрі оның терминдерін түсінбейміз. Демек хабар бізге ақпарат беру үшін, ол түсінікті болуы, яғни біз оны толық қабылдау үшін, алдымен сол салада сәйкес біліміміз болуы керек. Әрбір адам үшін берілген хабардың мәні әр түрлі болуы мүмкін (жаңалығы, пайдалылығы, т.с.с. ) және сонымен байланысты ақпарат болуы да, болмауы да мүмкін. Ал техникалық көзқарас бойынша әрбір хабар ақпарат болып табылады. Сонымен ақпарат алу дегеніміз бізге түсінікті жаңа мәлімет беруді, яғни білімді толықтыруды білдіреді. Мысалы, ақпарат тек нұсқаулар мен фактілер ғана емес, ол біздің көңіл күйімізге әсер ете алады: қуанышқа бөлейді, толғандырады, мұңайтады. Сөйлесу барысында алынған мағлуматтардың жалпы көлемінің жартысынан көбі әңгімелесушінің дауыс ырғағына, оның бет-әлпетінің құбылуына, қолының қимыл-қозғалысына, яғни сөйлесудің жалпы жағдайына байланысты бағаланады. Ең күрделі мәселе ақпаратты саны жағынан бағалау, яғни өлшеу мәселесі. Мысалы, ғылыми жаңалықтардағы, жаңа музыкалық стильдегі, қоғамдық даму теориясындағы ақпараттар көлемін бағалау өте қиын. Ақпаратты техникалық жағынан өлшеуге болады. Техникада мамандарға хабар жіберу жүйесі арқылы ақпараттың қанша мөлшері өтетінін, алдыңғы ақпарат жадта қанша орын алып тұрғанын, келесі ақпаратқа қанша орын керек юолатынын анықтап отыру керек. Сондықтан техникада жіберілетін хабардың мағынасына қарамай, адамның ақпаратты бағалауын ескермей, өздерінің ақпаратты сандық бағалауын енгізеді. Технкада сақталатын, өнделетін немесе жіберілетін таңбалар, символдар тізбегі ақпарат деп саналды. Бұл ретте берілетін ақпараттың көлемі нақты хабардағы символдар санын санау арқылы анықталады. Демек, хбардың ақпаратты көлемі деп - хабардың ұзындығын, яғни хабарды жазу үшін пайдаланылған символдар санын айтады. Есептеуіш техникда кез-келген хабардың жазылуы екілік алфавитте жасалатыны бізге мәлім. Ендеше сақталатын, берілетін ақпарат көлемі ондағы екілік белгілер санына тең. Осылай қарастырғанда хабардың ең кіші өлшемі бір екілік разрядқа немесе битке тең болады. Ақпаратты өлшеу бірлігі 1 битке тең. Одан қолайлырақ өлшем бірлігі - сегіз екілік разрядтың жиынтығы - 1 байт, ол символдарды кодтауда жиі қолднылады. Бір байт 8 битке тең. Ыңғайлы болу үшін биттер және байттармен қатар ақпарат көлемін өлшеудің аса үлкен бірліктері енгізілген: 1 Кбайт (килобайт) = 1024 байт = 1000 байт 1 Мбайт (мегабайт) = 1024 Кбайт = 1 миллион байт 1 Гбайт (гигабайт) = 1024 Мбайт = 1 миллиард байт Мысалы, кітапта 190-ға жуық бет бар, бір бетте шамамен 38 жол, ал бір жолда 68 символ бар делік. Кітапта суреттер жоқ және ол тек мәтінмен толтырылған деп есептесек, онда кітапта 190*38*68 = 490 960 символ болғаны, басқаша айтқанда, оқулықтың ақпараттық көлемі 490 960 байтқа немесе = 500 Кбайтқа тең. Ақпаратты өлшеу бірлігі белгілі болғаннан кейін, ол қандай жылдамдықпен берітеліндігін,яғни уақыт бірлігінде ақпараттың қандай көлемі берілетіндігін анықтауға болады. Ақпаратты жіберу жылдамдығы битс, байтс, килобайтс және т.б. бірліктермен өлшенеді. Мысалы, телефон сымы арқылы жіберілетін ақпарт жылдамдығы шамамен 4 Кбайтс, адамның мәтінді оқу жылдамдығы шамамен 38 байтс, ал сөйлеу жылдамдығы 16 батйс жуық болады. Хабарламаның ақпараттық көлемі хабарламадағы символдар санына тең. Символдарды сегіз разрядтық екілік сандармен, яғни байттармен ұсыну қабылданған. Көлемі жүз мегабайт болатын жадқа: - 50 000 беттік мәтінді; -150 түрлі түсті слайдтарды; -1,5 сағаттық сөздік аудиожазбаны; -10 минуттық стереомузыкалық үзіндіні; -15 секундтық фильмді орналастыруға болады.
Өлшеу дегеніміз - зерттеу мақсатына қажетті белгілі бір сипаттағы сандық мөлшерді анықтау. Субъективті қасиеттерге (талғам, әдет, т.б) қарағанда, объективті қасиеттерді (адамдардың жасы, табысы, саны) өлшеу оңай болып келеді. Бұл қасиеттерді бағалау үшін оларды белгілі бір сан жүйесіне, өлшем шкаласына ауыстыру керек. Адамдардың белгілі бір тауарға қатынасын қалай өлшеуге болады? Өлшем шкалаларының мынадай түрлері бар:
1. Номиналды шкала. Объектілерді айқындау үшін оларға сандық мән беріледі (мысалы, әлеуметтік сақтандыру коды). Зерттеулер жүргізгенде ерлерге -- 1, ал әйелдерге - 2 деген код берілуі мүмкін.
2. Сипаттама шкаласы -- иә немесе жоқ, келісемін, немесе келіспеймін деген жауаптарды пайдалану.
3. Атаулар шкаласы -- сандық сипаттамалар берілмейді, тек атаулар ғана пайдаланылады. Мысалы: Сіз тұрмыстық техниканың қандай маркасын жиі сатып аласыз: Sony, Philips, және т.б.
4. Тізбек шкаласы. Тізбек -- объектінің мөлшерін сипаттайды: мөлшер белгілі бір нәрседен үлкен, кіші және онымен бірдей болуы мүмкін.
5. Интервалды шкала - шкаланың жеке градациялары арасында белгілі бір аралық белгіленеді. Шкала біркелкі сипатта деп есептелінеді.
6. Қатынастар шкаласы -- нөлдік нүктесі бар шкала. Мысалы, соңғы ай ішінде Рамстордан қанша мәрте тауар сатып алдыңыз? Жауаптар шкаласы: 0 ден 5-ке дейін 5-тен 10-ға дейін болуы мүмкін. Сатып алулардың көп екендігін көрсету қажет.
7. Лайкерт шкаласы (сомалау арқылы бағалау әдісі) - объектіге қатысты сезімдердің қарқындылығын көрсетуге мүмкіндік беретін, кеңінен қолданылатын әдістеме. Мұндай жағдайда бағалау мынадай ұйғарымдарды пайдаланып, 5 баллды жүйемен жүргізіледі, ол: 5 - толығымен келісемін, 4 - келісемін, 3 - бейтараппын, 2 - келіспеймін, 1 - толығымен келіспеймін деген жауаптардан тұрады. Жауаптың жиынтық мөлшері қатысушыға әрбір ұйғарымы үшін алған баллдар жиынтығымен есептеледі. Салыстыру үшін іріктеме қатысушылары жиынтығының орташа тандарты мәні белгіленеді. Содан соң қорытынды шкалада сұрақтардың қайсысы жоғары және төмен баллдар арасында екендігін білу үшін жауаптарға баға беріледі. Бұл әдісті сауалнама құрастырғанда, мәнді сұрақтарды таңдау үшін пайдалануға болады.
Сұрақтарды жасау барысында керек өлшемді өлшеу үшін Лайкерт шкаласы сияқты дайын стандартты шкалалар түрлерін пайдаланған тиімді.
Таңдалған өлшем шкаласы сауалнаманың ақпараттық сипатын айқындап, статистикалық талдаудың қандай түрін зерттеуде пайдалану керектігін анықтайды.
Информатика
Информатика (Computer science, informatics) -- компьютер және одан басқа да техникалық құрылғылар көмегімен ақпараттарды алу, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану зандылықтарын, тәсілдерін, жолдарын зерттейтін ғылым саласы. Компьютерді жасап шығару мәселелерін, оны пайдалану зандылықтарын, ғылыми ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиетін, сондай-ақ оның жаратылу, түрлену, жеткізілу және адамзат қызметінің әр түрлі саласында пайдаланылу заңдылықтарын зерттейтін пәндер: қолданбалы математика, программалау, программалық жасақтамалар, жасанды интеллект, компьютер архитектурасы, есептеу желілері. Ақпарат термині латынның information сөзінен аударғанда (Түсіндіру, Баяндау, Мәлімет) деген мағынаны білдіреді. Ақпарат -- қоршаған орта мен онда болып жатқан құбылыстарды таңбалары мен сигналдар түрінде беретің мағұлымат
Информатика - ЭЕМ арқылы информацияны жинау,
сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылық-
тары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән.
Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-
дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.
Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып, олардың даму процесі үздіксіз ғылыми-техникалық процеске айналып отыр. Сонымен қатар информацияны өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын
ғылыми пән болып саналады да, оны оқып-үйрену күннен күнге күрделіленіп барады. Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі информация болып саналады. Сондықтан "информация" ұғымы информатика мен ЭЕМ-де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.
1.3. Информация және есептеу машиналары
Бұл күнде ЭЕМ информацияны өндірудің ең негізгі құралы болып саналады. 70-жылдарда электрониканың дамуы компьютердің жаңа түрін - жеке пайдаланылатын дербес компьютерлерді көптеп шығаруға жол ашты. Олар қазір де мектептерде, институттарда, баспаханаларда, т.б. орындарда кеңінен қолданыла бастады. Мұндай компьютерлерді оқуда, жұмыста, ойнау үшін, тағы да басқа көптеген мақсаттарда пайдалануға болады. Осы компьютерлерді өндіріс пен жобалау ісінде, ғылыми-зерттеу істері мен білім беруде пайдалану миллиондаған адамдардың жүмыстарының мазмүны мен
орындалуын түбегейлі түрде өзгертті деуге болады.
Ең алдымен ЭЕМ-дер өндірістің автоматтандырылған технологиясын жасауға мүмкіндіктер ашып береді. Оның үстінг, сол технология көмегімен ЭЕМ-дермен басқарылатын жаңа машина, құрал-сайман және құрылғылар жасалынады.
Осылардың негізінде XXI ғасырдың басында есептеу машиналары "адамсыз" жүмыс атқара алатын өндіріс технологиясын жасау мүмкіндіктерін беріп отыр. Осы сияқты "болашақтың" фабрикаларында қолмен істелетін жұмыстардың бәрін роботтар орындайды да, адамдардың рөлі өндірісті жоспарлау, роботтар жұмысын басқару және ЭЕМ көмегімеи жаңа бұйым жасау істерін жобалау ғана болып қалады.
Бүгіннің өзінде-ақ көптеген қызмет салаларында ЭЕМ-дерді пайдалану адамдарға информацияны жинау, дайындау және өңдеу жұмыстарын оңайлатып, жобалау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жылдам жүргізуге мүмкіндік берді. ЭЕМ-дер мектептерге келе бастады, олар физика мен математика, химия мен биология сияқты және басқа да пәндерді оқып-үйрену ісіне үлкен көмек береді.
ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасау және оларды өз жұмысында пайдалана білу бұдан бұрынғы аталарымыздың қаламсаппен сауат ашқаны сияқты, алдағы 10-15 жылда біздер үшін ең керекті зат болып, компьютерлік сауаттылықтың негізін қалайды.
Компьютерлік сауаттылық деп компьютерді пайдалана отырып, оқу, жазу, есептеу, сурет салу және информация іздеу жолдарын меңгеруді айтады.
ЭЕМ-ді жұмыста тиімді пайдалану белгілі бір мәдениет иесі болуды талап етеді, яғни ол мәдениеттіліктің белгісі болып саналады. Ол үшін ЭЕМ-нің нггізгі мүмкіндіктерін жақсы білу қажет, олар: мәселелерді (есептерді) айқын түрде қоя білу, оларды шешудің жоспарын жасау және ЭЕМ-ге түсінікті түрде жазу; есеп шығаруға керекті мәліметтерді айқындай білу мея алынған нәтижелерді талдау тәсілдерін әрбір адамның жетік меңгеруі болып табылады. Мұндай мәдениеттілікті игеру логика мен информатика заңдарын білуге барып тіреледі.
1.4. Жаца информациялық технологиялар. Кәдімгі информациялық технологиялар деп көбінесе қағаз жүзінде әртүрлі информацияларды дайындау, жинау, өңдеу және жеткізу процестерін айтады. Жаңа информациялық технологиялар деп ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы - әсіресе дербес компьютерлер көмегі арқылы - информацияны дайындау, жинау, жеткізу және өндеу технологияларын айтады.
Информациялық процестер - адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде информацияны жеткізу, жинақтау жөне түрлендіру процестері.
Дербес ЭЕМ-дер - жұмыста жөне үйде адамның пайдалануына арналған шағын компьютерлер. Дербес ЭЕМ-дер журналдар, кітаптар және әртүрлі құжаттар дайындауда мәтін теріп, оны түзету үшін кеңінен қолданылады. Мұндай жұмыста компьютерлердің баспа машинкаларынан артықшылығы талас тудырмайды, олар: қателердің азаюы, материалдарды дайындау жылдамдағының өсуі, оларды безендіру сапасының да артуы. Басып шығарылуға тиіс әдебиеттің жоғарғы сапасын қамтамасыз ететін лазерлік принтері бар компьютерлер негізінде істейтін шағын баспа жүйелері одан да ыңғайлы жабдық болып есептеледі.
Сондай-ақ жаңа информациялық технологиялар дегеніміз - ЭЕМ жадындағы сақталған картотекадағы, каталогтардағы, әртүрлі архивтер мен кітапханалардағы информацияларды жинақтауға, біріктіріп сақтауға, керектілерін жылдам іздеп табуға бо латын ә р т ү р л і мәліметтер базасы мен
информациялық жүйелер. Жаңа информацияльщ технологиялардың дамуын ЭЕМ желілеріне негізделген электрондық почтасыз, байланыс желілері мен информациялық коммуникацияларсыз көзге елестету мүмкін емес.
Қоғамымызды дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен, информациялық қорлармен толық қамтамасыз етсек, информацияны пайдалану, алу және тарату істерін ұйымдастыру жаңа сатыға көтеріледі. Олар бұған дейінгі қолданылған "қағаздағы" информацияны алу мен таратуды толықтыра отырып, қоғамымызды ақпараттандыру процестерін арттыра түседі. Жаңа информациялық технологиялардың жан-жақтылығын дүрыс түсіну үшін "технология" ұғымының мәнін ашып алу қажет. Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінде "технология" деп белгілі бір бұйымдарды жасау кезіндегі тәсілдер жиынын айтатын еді.
Өндірістің күрделіленуі, оны механикаландыру мен автоматтандыру технология ұғымын машиналар, механизмдер, құрал-саймандар және т.б. өндіруді ұйымдастыру тәсілдері мен оған керекті техникалық жабдықтар жиыны ретінде қабылдауды қалыптастырды.
Есептеу машиналарын басқару құрылғылары ретінде пайдалану мен автоматтандыруға негізделген осы кездегі жаңа өндіріс технологиялары оны қайта құру істері мен оған кететін жұмыс көлемін әлдеқайда оңайлатып жіберді. Осыған орай қазіргі "технология" ұғымына, аз дегеннің өзінде үш компонент - өндіріске керекті жабдықтар, оны құрастыру тәсілдері мен оны ойдағыдай ұйымдастыру жолдары және оның ішіне мәліметтер базасы мен білім базалары, ЭЕМ-да жобалау жабдықтары және т.б. компьютерлік техникалар кіреді. Бірақ олардың бәрі де мәліметтер базасы мен информация қорлары бар, ЭЕМ арқылы жобалау жабдықтары және т.с.с. мүмкіндіктері бар компьютерлік техникаға негізделгеи болуы тиіс. Ал бұларды қарастыру үшін ЭЕМ жұмысын қалай басқаруға болатынын анықтайтын программаларды білуіміз керек. Кез келген жаңа жұмысқа ЭЕМ-ді пайдалану үшін оған жаңа қосымша қүрылғылар алғаннан гөрі соған керекті жаңа программалар aлy қажет болады.
Ақпараттық технологиялар және техника
Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) -- объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.
Ақпарат технологиясы дегеніміз компьютерді және телекоммуникациялық жабдықтарды деректерді сақтау, шығару, тасымалдау және өзгертуге арналған технология.[[1]]
Ақпарат технологиясы -- ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы. Ақпараттық технология (немесе көпшілікке IT атымен танымал ұғым) -- қазіргі компьютерлік технология негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Ақпараттық технология түсінігі
Бұл термин ақпарат және технология деген екі ұғыммен байланысты.Технология ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЛҒАШҚЫ МАҒЛҰМАТТАР. IBM PC- ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗДЕР
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары туралы мәлімет
Ақпаратты өрнектеудің динамикалық тәсілдері
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары жайлы
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары жайлы мәлімет
Ақпаратттық технология
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары туралы ақпарат
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары жайлы ақпарат
«Ақпарат» ұғымының қолданылуы. Қоғамды ақпараттандыру
Информатика пәнінен дәрістер кешені
Пәндер