Сақтардың шаруашылығы мен қоғамы



Жоспар.

1.Сақ тайпалық одақтардың саяси құрамы.
А. Батыс және Солтүстік Қазақстан.
Б. Шығыс Қазақстан.
В. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан.

2.Сақтардың шаруашылығы мен қоғамы.
А. Егіншілік пен малшаруашылығы.
Б. Кәсіптері мен сауда.
В. Сақтар қоғамы.

3.Өнері және мифологиясы.
А. Өнері
Б. Сақтар мифологиясы.
Сақтардың саяси тарихы.

Сақтардың парсылармен соғысы көптен белгілі. Мәселен,бірқатар деректерде Кирдің сақ патшайымы Томириспен соғысқаны жазылған. Сақтармен Архимедтер әулетінің өзге де патшалары шайқасқан. Б.з.бұрынғы 5189 –518 жж сақтарға қарсы I-Дарий жорық ашқан. Антик авторы Полиэн, Дарийдің жер қайысқан қолды бастап, сақ жеріне баса-көктеп кіргенін жазды. Тамшы нәрі жоқ сусыз шөлде қалың әскер қырылып қала жаздайды. Дарий ілдәбайлап әскерін апаттан құтқарады, бірақ жалпы алғанда жорық сәтсіз аяқталады. Алайда, ақыр соңында Дарий сақтарды бағындырады,оларды алым-салық төлеуге, өз жауынгерлерін парсы соғыстарына қатысу үшін жіберуге көндіреді. Парсы әскерінің құрамына кірген сақтар Мысыр мен Грециядағы соғыстарға қатысады, Фермофоль маңындағы айқаста көзге түсіп, Палатея жанындағы шайқаста жаужурек батырлықтың небір үлгісін көрсетеді.
Сақтар тарихының тағы бір беті Александр Макендонскийдің жиһангерлік соғысына қарсы күреспен байланысты, ол Ахеменидтер мемлекетін талқандап, бағындырғаннан кейін Орта Азияны жаулап алуға кіріседі. Б.з. дейінгі 330 –327 жылдары Александр Македонский Соғданың астанасы Мараканданы басып алып, Сырдарияға қарай беттейді, ол кезде бұл дария отырықшылар мен көшпелілер арасындағы өзіндік бір шекара болып есептелінетін. Александр басып алып, оларға өзінің әскери гарнизондарын қойған қалалар Сырдарияның сол жағалауына ірге тепкен еді.
Өзеннің қарсы бетінде, гректермен айқаса кету үшін қолайлы сәтті күтіп, сақтар қолы жиналып жатты. Сырдария қалаларын алған кезде, “еркек кіндіктілердің бәрін жусатып салып, әйелдермен балалардыСақтардың парсылармен соғысы көптен белгілі. Мәселен, бірқатар деректерде Кирдің сақ патшайымы Томириспен соғысқаны жазылған. Сақтармен Ахеменидтер әулетінің өзге де патшалары шайқасқан. Б.з. бұрынғы 519 –518 жж сақтарға қарсы I-Дарий жорық ашқан. Антик авторы Полиэн, Дарийдің жер қайысқан қолды бастап, сақ жеріне баса-көктеп кіргенін жазады. Тамшы нәрі жоқ сусыз шөлде қалың әскер қырылып қала жаздайды. Дарий ілдабайлап әскерін аппаттан құтқарады, бірақ жалпы алғанды жорық сәтсіз аяқталады. Алайда, ақыр соңында Дарий сақтарды бағындырады,оларды алым-салық төлеуге, өз жауынгерлерін парсы соғыстарына қатысу үшін жіберуге көндіреді. Парсы әскерінің құрамына кірген сақтар Мысыр мен Грециядағы соғыстарға қатысады. Фермофоль маңындағы айқаста көзге түсіп, Палатея жанындағы шайқаста жаужүрек батырлықтың небір үлгісін көрсетеді.
Сақтар тарихының тағы бір беті Александр Македонскийдің жиһангерлік соғысына қарсы күреспен байланысты, ол Ахемедтер мемлекетін талқандап бағындырғаннан кейін Орта Азияны жаулап алуға кіріседі, тағы басқа олжаларды қарбыта алып кеткен” грек-македон әскерінің рақымсыз қаталдығы Орта Азияда халық көтерілісін туғызады бірақ ол аяусыз қатыгездікпен жанышталып тасталған.
Александрдың бұйрығы бойынша Сырдария жағасынан Александрия Асхата \Шеткі Александрия\ деген қала салынады. Бұл қала жаңа мемлекеттің солту\үстік шығыс шебіндегі тірек-пункті ретінде саналады. Оны салу сақтарды көп алаңдатады. Сақтар өзеннің екінші бетінен гректерге садақ оғын жаудырады. Александр өз тарапынан көшпелілердің катапульттерімен атқылап, оларды шегінуге мәжбүр етеді де,өзі әскерімен жеделдетіп өзеннен өтіп, сақтарды қуалай жөнеледі.бірақ бұл жеңістің аяғы жеңіліске айнала жаздайды, грек әскері қалаға қайта оралады. Александрдың ез басы осы жортуылда жараланғанға ұқсайды, сөйтіп қалады. Александр Македонскийдің Яксарт \Сырдария\ сыртындағы сақтар тайпаларын қырып, бағындырғысы келген ұмтылыс–талабы сәтсіз аяқталады.
Орта Азия мен Орта Шығыстың тағдыр-талайында сақтар бұдан былай да маңызды рөл атқара береді. Мәселен б.з.бұрынғы III ғ.-б.з. дейінгі III аралық тарихына ықпал жасап отырған Парфия мемлекетінің құлауына,
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.К.М.Байтаков. Қазақстан тарихы очерктері. “Дәуір” баспасы.

Алматы. 32-45б.

2.М.Чапай. Қазақстан тарихы. “ Дәуір” баспасы.


Алматы. 17-22б.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

1.Сақ тайпалық одақтардың саяси құрамы.
А. Батыс және Солтүстік Қазақстан.
Б. Шығыс Қазақстан.
В. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан.

2.Сақтардың шаруашылығы мен қоғамы.
А. Егіншілік пен малшаруашылығы.
Б. Кәсіптері мен сауда.
В. Сақтар қоғамы.

3.Өнері және мифологиясы.
А. Өнері
Б. Сақтар мифологиясы.

Сақтардың саяси тарихы.

Сақтардың парсылармен соғысы көптен белгілі. Мәселен,бірқатар
деректерде Кирдің сақ патшайымы Томириспен соғысқаны жазылған.
Сақтармен Архимедтер әулетінің өзге де патшалары шайқасқан. Б.з.бұрынғы
5189 –518 жж сақтарға қарсы I-Дарий жорық ашқан. Антик авторы Полиэн,
Дарийдің жер қайысқан қолды бастап, сақ жеріне баса-көктеп кіргенін
жазды. Тамшы нәрі жоқ сусыз шөлде қалың әскер қырылып қала жаздайды.
Дарий ілдәбайлап әскерін апаттан құтқарады, бірақ жалпы алғанда жорық
сәтсіз аяқталады. Алайда, ақыр соңында Дарий сақтарды
бағындырады,оларды алым-салық төлеуге, өз жауынгерлерін парсы
соғыстарына қатысу үшін жіберуге көндіреді. Парсы әскерінің құрамына
кірген сақтар Мысыр мен Грециядағы соғыстарға қатысады, Фермофоль
маңындағы айқаста көзге түсіп, Палатея жанындағы шайқаста жаужурек
батырлықтың небір үлгісін көрсетеді.
Сақтар тарихының тағы бір беті Александр Макендонскийдің
жиһангерлік соғысына қарсы күреспен байланысты, ол Ахеменидтер
мемлекетін талқандап, бағындырғаннан кейін Орта Азияны жаулап алуға
кіріседі. Б.з. дейінгі 330 –327 жылдары Александр Македонский Соғданың
астанасы Мараканданы басып алып, Сырдарияға қарай беттейді, ол кезде бұл
дария отырықшылар мен көшпелілер арасындағы өзіндік бір шекара болып
есептелінетін. Александр басып алып, оларға өзінің әскери гарнизондарын
қойған қалалар Сырдарияның сол жағалауына ірге тепкен еді.
Өзеннің қарсы бетінде, гректермен айқаса кету үшін қолайлы сәтті
күтіп, сақтар қолы жиналып жатты. Сырдария қалаларын алған кезде, “еркек
кіндіктілердің бәрін жусатып салып, әйелдермен балалардыСақтардың
парсылармен соғысы көптен белгілі. Мәселен, бірқатар деректерде Кирдің сақ
патшайымы Томириспен соғысқаны жазылған. Сақтармен Ахеменидтер
әулетінің өзге де патшалары шайқасқан. Б.з. бұрынғы 519 –518 жж сақтарға
қарсы I-Дарий жорық ашқан. Антик авторы Полиэн, Дарийдің жер қайысқан
қолды бастап, сақ жеріне баса-көктеп кіргенін жазады. Тамшы нәрі жоқ
сусыз шөлде қалың әскер қырылып қала жаздайды. Дарий ілдабайлап әскерін
аппаттан құтқарады, бірақ жалпы алғанды жорық сәтсіз аяқталады. Алайда,
ақыр соңында Дарий сақтарды бағындырады,оларды алым-салық төлеуге, өз
жауынгерлерін парсы соғыстарына қатысу үшін жіберуге көндіреді. Парсы
әскерінің құрамына кірген сақтар Мысыр мен Грециядағы соғыстарға қатысады.
Фермофоль маңындағы айқаста көзге түсіп, Палатея жанындағы шайқаста
жаужүрек батырлықтың небір үлгісін көрсетеді.
Сақтар тарихының тағы бір беті Александр Македонскийдің жиһангерлік
соғысына қарсы күреспен байланысты, ол Ахемедтер мемлекетін талқандап
бағындырғаннан кейін Орта Азияны жаулап алуға кіріседі, тағы басқа
олжаларды қарбыта алып кеткен” грек-македон әскерінің рақымсыз қаталдығы
Орта Азияда халық көтерілісін туғызады бірақ ол аяусыз қатыгездікпен
жанышталып тасталған.
Александрдың бұйрығы бойынша Сырдария жағасынан Александрия Асхата
\Шеткі Александрия\ деген қала салынады. Бұл қала жаңа мемлекеттің
солту\үстік шығыс шебіндегі тірек-пункті ретінде саналады. Оны салу
сақтарды көп алаңдатады. Сақтар өзеннің екінші бетінен гректерге садақ
оғын жаудырады. Александр өз тарапынан көшпелілердің катапульттерімен
атқылап, оларды шегінуге мәжбүр етеді де,өзі әскерімен жеделдетіп өзеннен
өтіп, сақтарды қуалай жөнеледі.бірақ бұл жеңістің аяғы жеңіліске айнала
жаздайды, грек әскері қалаға қайта оралады. Александрдың ез басы осы
жортуылда жараланғанға ұқсайды, сөйтіп қалады. Александр Македонскийдің
Яксарт \Сырдария\ сыртындағы сақтар тайпаларын қырып, бағындырғысы
келген ұмтылыс–талабы сәтсіз аяқталады.
Орта Азия мен Орта Шығыстың тағдыр-талайында сақтар бұдан былай да
маңызды рөл атқара береді. Мәселен б.з.бұрынғы III ғ.-б.з. дейінгі III
аралық тарихына ықпал жасап отырған Парфия мемлекетінің құлауына, Грек-
Бактрия патшалығының талқандалуына және Кушан империясының құрылуына ат
салысады.
Сақтардың археологиялық ескерткіштері. Сақ тайпалары тарихы мен
олардың материалдық және рухани мәдениетінің аса маңызды бастау деректері-
қорымдар жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. Археологтар
зерттеулері Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан сақтардың аса жарқын,
байырғы мәдениетін ашуға мүмкіндік береді.
Орталық Қазақстан. Біркездері қола дәуіріндегі Андронов мәдениеті
қамтьған Орталық Қазақстан жерінде б.з. дейінгі VII-III ғғ Тасмола
мәдениеті қалыптасқан, мұның аты Тасмола алқабынын байыпты зертелген
қорымдарын байланысты қойылған. Зертеулерді Ә.Х. Марғұлан мен М. К.
Кадырбаев жүргізген.
Бұл мәдениет обалары құрылысының бір ерекшелігі –олардың
кейбіреулерінде тас жалы яғни шартты тілмен айтсақ “мұртты” болады. Ондай
обалар бірнеше варианттардан тұратын аса күрделі қабырлық кешен болып
табылады. Әдетте негізгі обаға \үлкен\ жанаса немесе оның шығыс бетінде,
иек астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп , ені 1,5-
2м,ал ұзындығы 2-ден 200м дейін –кейде одан ұзынырақ та болады –екі жал
кетеді. Үлкен обаға үйілген тебе астында жерден қазылған қабырда өлген
кісінің мәйіті жаиады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен
ағаш ыдыс- аяқтар қойылады.
Обалардың бір-бірінен алыс-жақын орналасуы әртүрлі вариантты болып
келеді; кіші оба кейде оңтүстік бетке орналасады;үлкен обаның үстінде
тұрады немесе тіпті болмайды да. Ал жалдарды салудың өзі ақырына дейін
анықталмаған. Кейде ол біріне бірі жанастырыла қойылған, тас жәшіктер
болса, енді бірде- тізілген дөңгелектер, үшіншісінде –төселген тастар
болады. Бірақ олардың жөн-жоралық әні болғаны анық. Ең Ірі аумақты
қорымдар Бұғылы , Қызыларай, Қарқаралы, Баянаула, Қызылтас, Кент, Ортау,
Ұлытау, Арғанаты баурайларында шоғырланған.
Тасмола мәдениетінің дамуында үш кезең айрықша көзге түседі. Бірінші
кезең б.з. дейінгі VII-VI ғғ қамтиды. Оған Тасмола, Қарамұрын,Нұрмамбет
қорымдары жатады. Қорғандардың үйіндісі топырақ не тас аралас топырақ
болып келеді. Екінші кезеңде, б.здейінгі V-III ғғ өлікті қою салты
сақталған, атты қоса жерлеу ғұрпы жоғалып кетеді.
Үшінші кезеңде-б.з дейінгі III-I ғғ обалардың бұрынғы құрылымы, түрі
сақталады, бірақ мола ішінде түбі тегіс домалық ыдыстар пайда болады.
Батыс және Солтүстік Қазақстан. Дала және орманды дала жазықтарынан
ондаған қорымдар кездеседі. Біреулер оны савроматтардың аорстар мен
роксаландар тайпаларының қорымдары десе, екінші біреулер-исседондардың
қорымдары деседі. Еділ мен Жайық арасындағы мол аймақтан қорымдардың ең
көп шоғырланған жерлері- Үлкен және Кіші өзеннің бойлары, Қамыс-Самар
көлдерінің өңірі, Елек шаған, Отуа, Ембі жағалаулары. Қазақстанның
солтүстік аудандарында қорымдар Тобыл мен Есіл алқаптарынан көбірек үйірім-
үйірім болып кездеседі. Обалардың көбінде үйінділері бар, ал олардың аса
үлкендері орлармен қоршалған. Тас үйінділері немесе топырақ пен уақ тастар
араластырылған уйінділері бар обалар сиреек кездеседі. Үйінді астынан
қабыр қазылған және сол бір үйінді астына бірнеше мәйітті жерлеген немесе
өлікті бұрынғы ескі обалар үйінділеріне апарып қойған. Бай обалар өздерінің
көлемдерімен көзге түседі және олардың үйінділерінің диаметрі 50-60 м ,
биіктігі 3-4 м болып келеді.
Күллі ескерткіштер екі хроналогиялық кезенге жатады. Оның біріншісі
б.з дейінгі VII-V ғғ. Кезеңі деп есептеледі және ол савромат мәдениеті
өмір сүрген уақытты қамтиды; екінші кезең б.з IV-II ғғ болып мерзімделеді
және сарматтар кезеңіне сай келеді.
Савроматтардың шығуын зерттеушілер қима және андронов
мәдениеттерімен байланыстырады, өйткені онда елікті өртеу салты, үйінді
астындағы қабыр басына тас дөңгелектердің қойылуы, қыш ыдыстар сыртындағы
өрнектер сияқты еткен дәуірдің көптеген дәстүрлі белгілері сақталған.
Батыс және Солтүстік Қазақстан ескерткіштерінің бәріне ортақ бір
белгі- қабырлар шығыстан батысқа қарай ыңғайлай қазылады, ал өлгендер
молаларда емес, обалар үйінділері астындағы арнайы дайындалған аландарға
қойылады. Археологтар әйелдер қабырларынан ою-нақыштармен безендіріліп,
тыстан қашалған құрбандық шалатын столшаларын жиі кездестіреді. Олар алып
жүруге ыңғайлы өзіндік бір от сөресі сияқты...
Савроматтар арасында қолданбалы өнер биік дәрежеде дамып жетілген.
Ісмер зергерлер алтын мен күмістен, қоладан аттың ертұрмандарына, еркектің
белдіктері мен киімдеріне арнап тоғалар жасаған.
Батыс Қазақстанда қазылған савромат ескерткіштері арасынан ең қызықты
жарқын материалдар Елек өзеннің жоғарғы байегіндегі оба-мазарлардан
алынды,онда Батыс Қазақстан мен Оңтүстік Орал өңірінің ертедегі
көшпелілері тайпаларының көсемдері мен әскери ақсүйектердің, абыздардың
қабырлары бар.
Шығыс Қазақстан. Сақтардың қыруар қорымдары Алтай аясынан, әсіресе
Ертіс пен оның салалары алқаптарынан, Қалба қыратының теріскей және түскей
жоталарынан, Шыңғыстау мен Тарбағатай бөктелерінен кездеседі, үлкен яғни
“патша”обалары Шілікті алқабында шоғырланған. Тастары жер бетіне шығып
жататын таулы аудандарда обалар үйіндісі тастан құралған, Ертістің
жоғарғы өңірінде үйінділерге топырақ пен малтатас пайдаланылған, орта
Ертістің жазық аудандарында обалар үйіндісі топырақтан тұрғызылған.
Шамасы,Шығыс Қазақстанда “грифтер алтынын күзететін” аримасптар тайпасы
тұрған секілді.
Шығыс Қазақстан сақ тайпаларының мәдениеті өз дамуында үш кезеңді
дамып өткен; майәмир кезеңі б.з дейінгіVII-VIғғ,берел кезеңі б.з дейінгіV-
IVғғ және қулажүргін кезеңі б.з дейінгі III-Iғғ.
Майәмир кезеңінің соңында салт кісіні атымен бірге қоятын қабырлар
пайда болды. Шілікті алқабынан үлкен обалар қорымының құрамына кіретін,
көпке белгілі Шілікті обасы қазылып аршылды. Бұл қорымның ьарша обасы
“патша” мазары қатарына жатады. Олардың он үші үйінділерінің диаметрі 100 м
дейін, биіктігі 8-10 м дейін жетеді, қалғандары -тиісінше 20-дан 60 м
дейін,биіктігі 5 м дейін. Бұл ру немесе тайпа көсемдерінің жүздеген жылдар
бойы қойылып келе жатқан ортақ қорымы болғанға ұқсайды.
Белгілі археолог С.С.Черников қазып зерттеген ооа \Шілікті обасы\
Шығыс Қазақстан сақтарының мәдениеті мен өнері жөнінде аса қызықты
материалдар берді.
Қорғанның диаметрі 66м., ал биіктігі 6 м болған. Қорған қадым
заманда таланып-тоиалыпты, сол себепті де оныңжалпы құрылымының
суреті,қабыр конструкциясы, жерлеу салты мүлдетолық емес.
Үйінді астында, обаның дәл кіндігінде көлемі 7,10x8,30м..,
тереңдігі 1м-дей шұңқыр бар екен. Мола ішіне қабырғалары самырсыннан екі
қабат етіп жасалып, беті бір қабаттық қақпамен жабылған көлемі 4,8x4,6
,ал биіктігі1,2 м тамды \камера\ түсірген. Еденде жерленген екі мәйіттің
қалдықтары жатыр.
Табылған олжа көп болған, оның ішінде оқтың 13 қос қауырсынды
масағы бар екен. Бұғы не ат аяғының терісінен пішілген қорамсақтың
жапырақ-жапырақ бөлшектері сақталып қалыпты. Тері тарымыспен тігіліпті,
қорамсақ жиектері бұғы бейнесіндегі алтын түймелермен әшекейленіпті.
Бұғылар аяғын бауырына басып, мүйізді басын шалқайтып жіберіп жатқан
күйінде бейнеленген. Олардың көз, құлағына бирюза-көктастар қадалыпты.
Киім-кишекке сон үшін тағылатын, бүркіт тәрізді, білезіктей
дөңгеленіп қалған ілбісін іспетті таналар, түйреуіштер табылған. Жұқа алтын
фольгадан қабан бейнесі қиылған. Қанатын жайып жіберген құстар бейнесіндегі
қапрсырмалар да әсем-ақ. Геометриялық формадағы- үшбұрыш,жолақша ромбы
түстес ілгектерде көп кездеседі.
Шілікті қорғаны б.з дейінгі VII-VI ғғсалынған деп есепталаді.
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан. Бұл-сақ тайпалары мекендеген аса
көлемді аймақ: тиграхаудтар- Жетісуда,ал массагеттер Арал өңірі мен
Сырдария бойында өмір сүрген.
Сақ тайпалары көп қоныстанған орталықтардың бірі –Шле алқабы
болған. Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеевоба-мазарлары тап осы
алқаптан табан тепкен.
Жетісудағы сақ мәдениеті өз дамуында екі кезеңді басынан өткерген:
ерте кезеңі б.з.дейінгі VIII-VI ғғ және кейінгі кезеңі б.з. дейінгі V-
IIIғғ. Соңғы кезеңнің патша обалары ескерткіштеріжөніндегі ең толық
мәліметті б.з дейінгі 1 мың жылдықтың орта кезіне жататын Бесшатыр қорымы
және Есік обасы береді. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы
Шылбыр деген жерде, ол 31 обадан тұрады. Қорымның барша обалары екі топқа
бөлінеді: үлкен обалар-диаметрі 45м-ден 105м-ге дейін, биіктігі 6-18м.,орта
обалар-диаметрі25-40м.,биіктігі 5-6м.,шағындары 6-20м.,биіктігі 2м дейін.
Үлкен Бесшатыр обасы өз көлемімен ел-жұртты күні бүгінгі дейін қайран
қалдырады: оның үйіндісінің диаметрі 104, биіктігі 17м. Бірінші Бесшатыр
обасы үйіндісінің астында тән-шән шыршасының бөренелерінен қиылған там
тұрғызылыпты. Ол қабыр камерасы мен дәлізден –дроиостан құралған. Тамның
қабырғалары 15 қабат дөңгелектермен жабылған. Оның үстінен жіппен байлаған
қамыс маттары төселіпті. өлік қою рәсімі жасалып біткесін дәліз таспен
бітеліп тасталыпты.
Қорымның обалары баяғыда тоналған, бірақ тонаушылар барлық затты
көтеріп кете алмаған. Шолақ темір қанжар- ақинақтар, садақ оғының қола
жебелері мен қорамсақтар қалдықтары табылды. Бұл қорымның датасы б.з.
дейінгі V ғ деп саналады.
Жетісу сақтарының тамаша ескерткіштерінің бірі – Есік обасы болып
табылады, ол Алматының шығысында 50 шақырымдай жерде, Іле Алатауының
баурайында. Обаның диаметрі 60,биіктігі 6м. Топырақ үйіндісінің астында екі
қабыр –орталықтағы және бүйірдегісі –бар. Орталық қабыр тоналған, ал
бүйіріндегі аман қалған. Моланың ішіне жолңылып тегістелген тән-шән
шыршасы-ның көлемі 2,9 x1,5м.,тереңдігі 1,5м., қима тамды түсірген , оның
еденіне тығыз қиюластырылған 10 тақта төселген. Ғалымдар еденнің өлік
жатқан бөлігіне уақ алтын таналар мен әсемделген мата төсеніштің
жайылғанын анықтады. Бір кездері сол төсеніш үстінде басы құбылаға
қаратылып, мұздай киіндіріліп , қаруң-жарағын таққан күйінде, осынау мола
иесі жатқан. Антропологтардың анықтауына жүгінсек ,марқұм болған кісі 17-18
жастар шамасында , онвң бойы 165 см болған.
Түскейдегі қабырға түбінде ағаш ыдыс-аяқтар қойылған тікбұрышты
төрт табақша , ожау мен аяқ тұр. Ал, батыс қабырға жанынан қызылмен
жылтырата сырланған қыш құмыра мен табақтар көрінеді. Сол арада имек
сабының ұшы тырн.аның басы сияқтанып келген күміс қасық, түбіне сегіз
күлтелі гүл суреті салынған күміс кесе, бүйіріне 26 таңбадан тұратын екі
жол сөз жазылған оймақтай күміс аяқ жатыр. өліктің бас жағына тағы бір
алтынмен қапталған зерен қойылыпты, оның ішінде тырнақ және жыртқыш құс
тұмсығы тәріздес алтын ілгектер, сықырлы бойтұмарлар жатыр. Мәйіттің сол
қолыжанынан шиі алтындалған, алтын масақты оқ көзге түседі. Осы арада сабы
алтын таспамен оралған қамшы,алтын жіппен кестеленген былғары қалта
ішінде қола айна мен бір кесек қола жатыр.
Қыршын кеткен бұл боздақ өнбойына үшбұрышты алтын әшекейлер
қадалып безендерілген, болат сауытқа ұқсас күдеріден пішілген қызыл
күртке кішті, оның тек шағын бөлектері сақталып қалған. Балағын етегінің
қонышына салып киген тері шалбарының ұзына бойына алтын әшекейлер тігіліп,
әсем жолақ болып тартылған, етігінің қоныштарына да үшбұрышты әшекейлер
түзілген, ал күрткесінің өңірлері жағалай азуларын ақситып тұрған барыс
тұмсығы іспеттес алтын әшекеймен әдіптелген.
Ол беліне салмақты алтын әшекейлер қадалған былғары белбеу буыныпты.
Ондағы әшекей саны небәрі – он үш, оның үшеуі қанатты ат-бұғы
бейнесіндегі ғажайып бір жануар, ал 10 әшекей – бұғының басы іспеттес.
Өліктің басына биік былғары қалпақ-дулыға кигізілген,оның
сыртына алтын бұтақтарына құстар қонған сирек ағашты тау нобайы, әр-
түрлі аңдар мен құстар, қауырсын мен масақты оқтар алтынмен апталып
бейнелепті. Дулығаның төбесіне тәж ретінде титімдей арқар бейнесін қойған.
Марқұмның мойнына ұшы барныс бастарымен безендірілген алтын
өңіржиек салынған, құлағына көзтаналы , бирюзадансалпыншағы бар сырға
тағылыпты. Екі саусағында алтын жүзіктері бар- оның біреуінің көзі
тегістағы, екіншісіне адамның арай қоршаулы басы бейнеленген.
Белбеуінің оң жағына қызыл түсті ағаш қынапты ұзын семсер
ілініпті. Семсер –темірден, оралмалы-орам бедері бар сабы имектеу. Сол
жағына ақинақ қанжар ілінген. Оның темір жүзінің ор-танбеліне иреңдеген
жылан бейнесі алтынмен бедерленген. Қанжар қанының екі жағы үстеме
пластинкамен көмкерілген, оның біреуіне ат, екіншісіне бұғы бейнеленген.
Есік обасының салынған кезі б.з,дейінгі VII-Vғғ салынғаны белгілі болды.
Обалардың үйінділері құмдауыт , олардың астынан қабырлық құрылыстың екі
түрі шықты. өлік жер бетіне салынған қамыс төсеніш үстіне, жеңіл ағаш
там -күрке ішіне қойылғандағы, оны сол арада өртеу рәсімі жасалған.
Екінші түрі- өлік қазылған мола ішіне жерленген.
Үйғарақ қорымына қойылғандардың бөрі сақ- массагеттердің жоғары
қауымына жатады.
Қазба жұмысы жүргізілген кезде өлікті қоюға арналған талай-талай
бұйымдар табылды. Жапсырмалы қыш ыдыстары мен құмыралардың оңтүстіктен
шыққан құмыра шеңберде жасалғаны мәлім болды; сол сияқты тастан қашалған
құрбан –жозалары, сынықтар- қайрақ тастар кездесті. Бір қабырдан ағаш
қынабына қасқыр бейнелі ілгектер салынған темір семсер , ат жүгенінің
жұрнағы шығыршықты ауыздық табылған.
Қолданбалы өнер бұйымдары да баршылық еді; әртүрлі жануарлар
бейнелері, бұғы, сайғақ, ат, құлжа, арыстан, барыс, жыртқыш құстар
іспеттес алтын ілгектер кездесті. Арал өңірі сақтарының мәдениеті – екі
мәдени ареал- Европа мен Сібір тоғысар жердегі аралық жағдайдағы
мәдениетке жатады.
Массагеттер мәдениеті б.з. дейінгі I мыңжылдықтың орта кезінде
гүлденіп өседі. Бұл Арал өңірінде Хорезм мемлекетінің қалыптасып жатқан
кезі болатын. Отырықшы көгал жайлары мен дала арасындағы экономикалық
және мәдени байланыстар нығайып, жоғары деңгейге жеткен еді. Отырықшылар
мәдениеті ықпалымен сақтар арасында да отырықшы мекендер мен кенттер
пайда бола бастайды. Олардың қатарына археологтар ашқан Шірік- Рабад
кенті, Жаңадария бойындағы Бәбішмолла мен Іңкәрдария бойындағы
Баланды қоныстары жатады. Олардың төңірегінен ежелгі суару
жүйелерінің қалдықтары табылады осынау елді мекендерді жоспарлау және
бекініс құрылыстарын салу ісінен ежелгі Хорезм отырықшылдық
мәдениетінің дәстүрлері танылады.
Сақтардың шаруашылығы мен қоғамы.
Байтақ дала мен тауң алқаптарын игеру дәуірі, мал
шаруаашылығының сан алуан түрлерінің жаппай дамып , жетекші салаға
айналуы және оның егіншілікпен ұштасу дәуірі сақтар уақытымен
байланысып жатыр. Баяғы заман авторлары сақтар туралы: “Олар әсте
егіншілер емес ,көшпелілер” деп жазғанда немесе солардың тіршілігіне;
”Еркін кеңістікке , от пен судың молдығына қарай, бір жерден екінші
жерге көше береді” – деп анықтама бергенде , біршама сынаржақ пікір
айтқан. Шын мәнінде сақтар шаруашылығының тур-турі табиғи жағдайға,
қала орталдықтары мен сауда жолдарына алыс – жақындығына байланысты
анықталып отырған.
Әлем халықтарының мал шаруакшылығын зерттеу ісі – оның
варианттарының көп болғанын - көшпелі харекеттен бақташылыққа дейін
болғанын көрсетіп берген. Жазғы жайлаудан қысқы жайылымға дейін
марғау жыбырлап ұзақ көшетін көшпелі мал шаруашылығы Батыс Қазақстанға
, ішінара Орталық Қазақстанға тән болған. Көшпелі мал шаруашылығында
бүкіл ру және бүкіл тайпа мал- жанымен, дүние мүлкімен бірге ит
арқасы- қиядағы алыс жерге ендік бойымен де, бойлық бағытымен де
жылжып кеше берген. Еркектер атпен, әйелдер мен балалар,қарттар киіз
жапқан арбамен жүретін болған. Ызғарлы қыста олдар қар жауса да, тез
еріп кететін, бұта- шөбі мол құм қойнындаөткізген немесе азынаған желге
үйірім-үйірім тоғайы пана болатын, мал аз аяғымен жүріп қорек табатын
копалы көлдер мен өзендер жағасын мекендеген.
Қысқы мекенжайлар ұзақ тұруға айналмайтын. Көшпелілердің негізгі
малы алыс жүріске бейімделген жылқы, түйе, қой болатын.
Жартылай көшпелі мал шаруашылығы тұрақты қысқы және жазғы
мекенжайлары болуын күнілгері ойластырып отырған, өйткені сол
мекенжайларда малшылар жаз бен қысын өткізеді ғой. Қысқы тұрақтар үшін
жертелелер мен жартылай жертөлелерсалынған. Мұндағы жұрттың бір бөлегі
жаз шыға, келер қысқа азық- түлік дайындау үшін қыстауда қалып,
егіншілікпен айналысқан. Мал шаруашылығының осы түрі Шығыс Қазақстан мен
Жетісуда, Орталық және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтар жайлы
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағындағы тайпалар одақтары
Сақтар өмірі
Сақтар (скифтер) массагеттер, дактар (дайлар) аримаспылар
Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар мен көне мемлекеттік құрылымдар
Қазақстан территориясындағы тайпалар мен ертедегі мемлекеттер
Сақ дауірі ерекшеліктері, шаруашылығы, әлеуметтік жағдайы
Сақтар (сақалар)
Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар
Сақтардың қоғамдық құрылысы
Пәндер