Ж.Баласағұн. "Құдағу біліг" шығармасына тақырыптық-идеялық, мазмұндық сипаттамасы



1.Дастанның жанрлық ерекшелігі мен идеялық мазмұны
2.Дастанның тақырыбы мен сюжеттік құрылысы
3.Дастанның көркемдік ерекшеліктері.
4.Қорытынды
Жүсіп Хас-Хажыб әдебиетте әділетті, ырысты елдің, құтты мемлекеттің үлгісін жасаған өз өмірі, күйініш-сүйініші жайлы, өмірдегі өкініші, кәрілік пен жастық жайлы, халықтың салт-дәстүріндегі ерекшеліктерді де, тұрмыс ерекшеліктерін де астастыра отырып, өзі тамаша білетін түркі фольклорының маржандарын таланттылықпен сіңіре өрбітіп, өз дәуірінің барынша кемел суреттерін түсірген. Экспрессивті, эмоциональдық әсері күшті риторикалық, сұрақ-жауап үлгісі ауқымды дидактикалық дастанды ширатып, тілге жеңіл, жүрекке жақын оралымды мәнерге жеткізген. Дастанның бірнеше тарауы ұйқас жағынан да, өлшем жағынан да классикалық қазақ поэзиясында бертінге дейін, әлі де ұшырасып қалатын бір бітімде шыққан [.Егеубаев А. Жүсіп Баласағұн. «Құтадғу білік» (Х1 ғ.) // Жұлдыз. № 3 1996.73].

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Ж.Баласағұн. "Құдағу біліг" шығармасына тақырыптық-идеялық, мазмұндық сипаттамасы .Насреддин Рабгузи "Рабғузи қиссалары", Х.Дулати "Тарих и Рашиди", Ш.Жәңгірұлы нәзира дәстүрі.

Орындаған:Турусбекова Д.Б
Тексерген: Жүндібаева Арай Қанапияқызы
Топ:КЯ:413

Семей 2015 жыл
Жоспар:
1.Дастанның жанрлық ерекшелігі мен идеялық мазмұны
2.Дастанның тақырыбы мен сюжеттік құрылысы
3.Дастанның көркемдік ерекшеліктері.
4.Қорытынды

1. Дастанның жанрлық ерекшелігі мен идеялық мазмұны

Жүсіп Хас-Хажыб әдебиетте әділетті, ырысты елдің, құтты мемлекеттің үлгісін жасаған өз өмірі, күйініш-сүйініші жайлы, өмірдегі өкініші, кәрілік пен жастық жайлы, халықтың салт-дәстүріндегі ерекшеліктерді де, тұрмыс ерекшеліктерін де астастыра отырып, өзі тамаша білетін түркі фольклорының маржандарын таланттылықпен сіңіре өрбітіп, өз дәуірінің барынша кемел суреттерін түсірген. Экспрессивті, эмоциональдық әсері күшті риторикалық, сұрақ-жауап үлгісі ауқымды дидактикалық дастанды ширатып, тілге жеңіл, жүрекке жақын оралымды мәнерге жеткізген. Дастанның бірнеше тарауы ұйқас жағынан да, өлшем жағынан да классикалық қазақ поэзиясында бертінге дейін, әлі де ұшырасып қалатын бір бітімде шыққан [.Егеубаев А. Жүсіп Баласағұн. Құтадғу білік (Х1 ғ.) Жұлдыз. № 3 1996.73].

Ақын Құтты білікте қандай адам ұлы хас-хажиб болып істеуі мүмкін деген сауал қойып, оған өзі егжей-тегжейлі жауап айтады Хас-Хажиб - әмірші патшаның көрер көзі, есітер құлағы, ол мемлекет заңдары мен сол елдің әдет-ғұрпының дұрыс орындалуын қадағалап отырады. Сондай-ақ ұлы уәзір - қазына ісін басқарушы адамға, сарайда қызмет ететін хат көшірушілер мен қол өнершілерге патша атынан әмір береді, елшілерді қабылдап, шығарып салып отырады, ресми түрдегі салтанатты жиындардың заңға сәйкес өтуін қадағалайды, әрі кедейлер мен жетім-жесірлердің арызын тыңдап, оны Табғаш Қара Богра ханға жеткізіп отыруы тиіс. Бұған қарап Жүсіп Баласағұнның патша сарайында қандай қызмет атқарғанын ғана емес, сонымен бірге ақын Құтты білікте өзіне өте жақсы таныс мәселелерді мейлінше терең біліп барып жазғанын да аңғарамыз.

Автор өз шығармасының кіріспесінде дастанның қайсы тілде жазылғанын айта келіп, былай дейді:

Арабша, тәжікше кітаптар көп,

Ал, бұл - біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинағы.

Біздің тіліміз ақын түркі тілін айтып отырғаны мәлім. Сондай-ақ бұл дастанға қара сөзбен жазылған кіріспеде шығарманың тілі жөнінде айтылған мынадай пікір бар: Шығыс елдерінде, бүкіл Түркістан халықтарында түркі сөздерімен, бограхан тілінде жазылған бұдан артық кітап жоқ Табғаш Қара Бограхан әулеті Қарахан мемлекетінде билік жүргізген дәуірде кеңінен тараған жазба-әдеби тіл кезінде бограхан тілі деп те айтылған, - дейді
А.Егеубай [.Егеубаев А. Жүсіп Баласағұнның Құтты білігі Қазақстан мектебі. №11 1993..64].

Сонымен Құтты білік дастанының тілін қазіргі түркі тілдерінің қайсы тобына жатқызуға болады деген сауал туады. Бұл жөнінде бүгінгі туркология ғылымында әртүрлі пікір айтылып келеді. Мәселен, С.Е.Малов Құтты білік көне ұйғыр тілінде жазылған десе, А.М.Щербак қарлұқ тілінде, Г.Ф.Благова дастандағы сөздердің талдану сипатына қарап, бұл шығарма қарлұқ-қыпшақ тілінде жазылған деген қорытынды жасайды.

Ал, біздің ойымызша, қалай болған күнде де Жүсіп Баласағұн өз дастанын сол кезде Қашқардан бастап, сонау Амударияға дейінгі ұлан-ғайыр өлкелер мен уәлаяттарды өзіне қаратқан Қарахан мемлекетінде өмір сүрген түркі тайпаларының бәріне бірдей түсінікті, ортақ әдеби тілде жазғаны даусыз. Оның үстіне, есімі күллі әлемге мәшһүр шығыстанушы-ғалым В.В.Бартольдтың: Қарахан елінің азаматтары өздерін ұйғыр деп атаған емес, Жүсіп Баласағұн үшін өзі жазған тіл ұйғыр тілі болған емес деген әділ пікірін ұмытпау керек
[.Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті.- Алматы: Ана тілі, 1991. 157].
Жүсіп Баласағұнның өзге ақын-жазушылардан бөлек болатын жағдайы адам болу мен адамгершіліктің жүйелі жолы, өзіндік танымын жасай білуіне байланысты. Ол адамгершілікті көркемдік тұрғыдан суреттеумен шектелмей, оны ілім, таным, ойшылдың деңгейіне көтере жырлайды,-дейді М.Әліпханов
[.Егеубаев А. Жүсіп Баласағұнның Құтты білігі Қазақстан мектебі. №11 1993. 10]

2. Дастанның тақырыбы мен сюжеттік құрылысы

Ежелгі әдеби мұралардың ерекшелігі көркемдік таным дүниесі мен әдеби тіл құнарын, шығарманың поэтикалық жаратылысын табиғи ұштастыруы. Білікті мен біліксіз қашан тең болып еді, Біліксіз майсыз сүйек тәрізді, "Білікті ер өлді, аты өлмеді, Біліксіз өлген сәтте аты да өшті, - деген білік туралы түйінді тұжырымды ойлары Жүсіп Баласағұн тебіреністеріне іш тартады. Білікті бол, тілді бол. Сол білік пен тілді ұтымды қолдан. Сонда елден ерек білімді боласың, басың да амандықта, құтты, баянды ғұмыр кешесің. Жүсіп Баласағұн ақыл, білім тілмәші - тіл, сөз кісіні ұлы қылар, бек қылар дейді.

Түркі сөз өнерінің, тілінің ерекше бір дамып, жетілген тұсында жазылғандықтан болар қарахандар дәуіріндегі ескерткіштерден шығарманың бітіміне сәйкес тілдік ерекшеліктері де айқын дараланады. Құтты білік қалай дегенде де поэзиялық туынды; соған орай тілі көркем, бейнелі, әсерлі болып келеді. Өлең сөздің өлшемі мен талаптары айқын.

Қай-қайсында да түркі тілінің таза табиғаты адастырмайды. Кірме сөздер сирек, жоққа тән. Бола қалғанда да дәстүрлі түрде жарасып, кірігіп сіңісті болған сөздер ұшырасады. Араб-парсы сөздерінің әсері бар деп жүрген Құтты білік дастанының өзінде небары 400-ге тарта иран-парсы сөздері кездеседі. Оның да дені кісі, жер аттары. Есім сөздердің бейнелілігі, мәнерлі мағыналы келетіндігі түркі сөзінің табиғатындағы бар өрнектілік, ежелден келе жатқандығын байқаймыз. Құлабыз, Ертіс, гүр, алып, шабақ секілді кез-келген сөзді дәлелге келтіруге болар еді. Осы сөздің әрқайсысының мағыналық астары бар [Егеубаев А. Құлабыз. - Алматы, 2001..97].

3. Дастанның көркемдік ерекшеліктер

Құтты білік дастаны түркі тіліндегі жазба әдебиет әлі бай тәжірибе жинай қоймаған дәуірде жазылды. Әрине, бұл кезде Жүсіп Баласағұнға өз шығармасын араб яки парсы тілінде жазу әлде қайда жеңіл болар еді. Өйткені осы кезде араб-парсы тіліндегі шығыстың классикалық әдебиеті мейлінше дамып, көркем образдар жасаудың ғажайып үлгілерін көрсетіп жатты. Оның үстіне, Құтты біліктің авторы араб және парсы тілдерін ғана емес, бұл тілдерде жазылған поэзиялық, прозалық туындылармен жан-жақты таныс болды. Алайда Жүсіп Баласағұн араб-парсы поэзиясының дәстүрінен бас тартты. Ол өзінің ана тілінде, яғни түркі тілінде күрделі, көркем шығарма жазып, өзінше жаңа соқпақ салып, жаңа дәстүр тудырды
[.Егеубаев А. Жүсіп Баласағұнның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ж.Баласағұн. "Құдағу біліг" шығармасына тақырыптық-идеялық, мазмұндық талдау
Ж. Баласағұн Құдағу біліг шығармасына тақырыптық-идеялық, мазмұндық талдау. Насреддин Рабгузи Рабғузи қиссалары, Х. Дулати Тарих и Рашиди, Ш. Жәңгірұлы нәзира дәстүрі
Х-ХХ ғасыр әдебиетінің зерттелуі
Ж.Баласағұн. "Құдатғу біліг" шығармасына тақырыптық-идеялық, мазмұндық талдау. Насреддин Рабгузи "Рабғузи қиссалары", Х.Дулати "Тарих и Рашиди", Ш.Жәңгірұлы нәзира дәстүрі
Құтты білік дастаныны
Жүсіп Баласағұнның Құтты білік дастанының көркемдік ерекшеліктері
Бұрынғы көрнекті ойшылдар мен ғұламалар
XI-XII ғасырлардағы түркі әдеби ескерткіштері тіліндегі зат есімдер
Жүсіп Баласғұнның Құтты бiлiк шығармасы және ондағы әлеуметтік философия
Қазақ даласындағы ислам әдебиеті
Пәндер