Эхинококкоз сойыс өнімдерін ВСС және санитариялық бағалау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.5
II. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Эхинококкоз ауруының жануарлар арасында таралуы ... ... 6.11
Эхинококкоздың алдын алу шаралары ... ... ... ... ... ... ... 12.16
III. Негізгі бөлім
Өзіндік зертттеулер
Материалдар мен зерттеу тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ..17.24
Зерттеу нәтижелері мен оны талдау ... ... ... ... ... ... ... ... .25.26
IV. ҚОРЫТЫНДЫ МЕН ҰСЫНЫСТАР ... ... ... ... ... ... ... ..27
V. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Мал өнiмдерiн арттыруға мал азығының жетiспеуі және әр түрлi аурулар үлкен зиян келтiруде. Тек қана мал өлiмiн азайту, мал өнiмдерiн көбейтуде үлкен табыс көзi болатын төмендегi мысалдан көруге болады. Қазақстанда 1990 жылы 1966 мың iрi қара, 39 мың жылқы, 28866 мың қой ешкi өлiм жiтiмге ұшыраса, 1991 жылы бұл көрсеткiштер тиiсiнше 206641, 31266 мың бас болды.
Экономиканың бұл секторының маңыздылық бағасы Республика Президенті Н. Назарбаевтың осы жылдың сәуір айындағы "2003 жылдың ішкі және сыргқы саясатының негізгі бағыттары", - деген халыққа арналған Жолдауында көрсетілген.
Бұған дәлел Республика Президентінің Жарлығымен бекітілген, салалардың даму басымдыктары мен негізгі бағыттары дәл көрсетілген Қазақстан Республикасының аграрлық азық-түлік бағдарламасы.
1. Калашников А.П., Мысик А.Т. Результаты исследований и задачи науки по повышению качества продуктов животноводства. М.- Колос. 1982. 300 с.
2. Горегляд Х.С., Макаров В.А. и др. Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии переработки продуктов животноводчества. М.: Колос. 1981. 361 с.
3. Житенко П.В., Боровков М.Ф. Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов животноводства. Справочник. Москва. 2000. 289 с.
4. Житенко П.В. Устименко Л.И. Пособие по оценке качества продуктов животноводства. М.: Россельхозиздат. 1976. 275 с.
5. Житенко П.В. «Технология продуктов убоя животных». М.: Колос. 1984. 398 с.
6. Житенко П.В., Боровков М.Ф. и др. Справочник. Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов животноводства. М.: Колос. 1989. 237 с.
7. Макаров В.А., Боровков М.Ф. и др. Практикум по ветеринарно-санитарной экспертизе с основами технологии продуктов животноводства. М.: ВО «Агропромиздат». 1987. 341 с.
8. Житенко П.В., Ильясов Б.К. и др. Ветеринарно-санитарная экспертиза, стандартизация и сертификация продуктов. 2 том. Алматы. 2003. 301 с.
9. Житенко П.В., Боровков М.Ф. и др. Справочник по ветеринарно-санитарной экспертизе продуктов животноводства. М.: Колос. 1980. 421 с.
10. Макаров В.А., Флоров В.П. И др. Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии стандартизации продуктов животноводства. М.: ВО Агропромиздат. 1991. 389 с.
11. Ермолаев А.П. и др. Частная ветсанэкспертиза продуктов животноводства. Справочное пособие. Алма-Ата. Кайнар. 1988. 267 с.
12. Эрнст Л.К., Вальдман Э.К. и др. Улучшение качества и сокращение потерь продукции животноводства. М., ВО Агроиздат. 1988. 189 с.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Эхинококкоз сойыс өнімдерін ВСС және санитариялық бағалау

ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-5

II. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

Эхинококкоз ауруының жануарлар арасында таралуы ... ... 6-11

Эхинококкоздың алдын алу шаралары ... ... ... ... ... ... ... 12-16

III. Негізгі бөлім

Өзіндік зертттеулер

Материалдар мен зерттеу тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ..17-24

Зерттеу нәтижелері мен оны талдау ... ... ... ... ... ... ... ... .25-26

IV. ҚОРЫТЫНДЫ МЕН ҰСЫНЫСТАР ... ... ... ... ... ... ... ..27

V. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

КІРІСПЕ

Мал өнiмдерiн арттыруға мал азығының жетiспеуі және әр түрлi аурулар
үлкен зиян келтiруде. Тек қана мал өлiмiн азайту, мал өнiмдерiн
көбейтуде үлкен табыс көзi болатын төмендегi мысалдан көруге болады.
Қазақстанда 1990 жылы 1966 мың iрi қара, 39 мың жылқы, 28866 мың қой ешкi
өлiм жiтiмге ұшыраса, 1991 жылы бұл көрсеткiштер тиiсiнше 206641, 31266 мың
бас болды.

Экономиканың бұл секторының маңыздылық бағасы Республика Президенті Н.
Назарбаевтың осы жылдың сәуір айындағы "2003 жылдың ішкі және сыргқы
саясатының негізгі бағыттары", - деген халыққа арналған Жолдауында
көрсетілген.

Бұған дәлел Республика Президентінің Жарлығымен бекітілген, салалардың
даму басымдыктары мен негізгі бағыттары дәл көрсетілген Қазақстан
Республикасының аграрлық азық-түлік бағдарламасы.

Ауылды әрі қарай өркендету агробизнестің қолайлы құрылымын жасаумен
және ауыл шаруашылық өндіріс маркетингімен тығыз байланысқан жаңа
көзқарасты талап етеді. Агроөнеркәсіп кешенінің ерекшелігі, азық-түлік
қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекеттік басқаруды және
мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді.

Ауыл шаруашылығын дамуында қалыптасқан жағдайды ескере отырып, облыс
халқының азық-түлік мұқтажын мейлінше қанағаттандыру,

өндірілетін онімнің жоғарғы сапасын қамтамасыз етіп, бәсекеге қабілеттігін
арттыру үшін, агроөнеркәсіптік кешенінін тиімді жүйесін қалыптастыру
мақсатында облыс бойыпша 2003-2005 жылдарға аграрлық азық-түлік
бағдарламасы жасалды.

Қазiргi кездегi фермерлiк, жеке шаруашылықтардың өркендеуiне
байланысты, келешекте ет өндiрiсiн шикiзатпен қамтамасыз етуде, олардың
үлес салмағы да жоғары болмақшы. Соңғы жылдары мал басының бiршама кемуiне
қарамастан Қазақстанда, ет және де басқа мал өнiмдерiн өндiрудiң
мүмкiншiлiгi зор.

Қазіргі кездегі мал сою орындарының жетіспеушілігі, малды көбінесе үй
жағдайында сою, яғни ветеринариялық-санитариялық шараларды толық сақтамау
үлкен әсерін тигізіп отыр. Ауру таратушылар – иттер, өйткені таспақұрттар
иттердің аш ішегінде мекендейді .

Эхинококкоз – әр түрлі сүт қоректілер мен адамдарды зақымдайтын,
байқалмайтын, созылмалы, өте қауіпті ауру. Онымен қой, ешкі, түйе, сиыр,
шошқа, сирегірек жылқылар ауырады да, құрттардың аралық иелеріне жатады.
Басқа малдарға қарағанда қой мен түйе денесінде эхинококктың көпіршіктері
пісіп-жетіліп аурудың негізгі таратушылары иттерге жем болады.

Эхинококкоз – созылмалы түрде өтеді, сырт белгілері білінбейді.
Онкосфера миграциясы кезеңінде мүшелер ұлпаларының бүтіндігі бұзылады, бұл
терең патологиялық өзгерістерге алып келеді. Өсуі мен дамуы барысында
эхинококк цисталары өмірлік мағыналы мүшелер мен ұлпаларды қысып,
семдіреді, олардың қалыпты қызметтерін бұзады.

Иесі мен паразит арасында күрделі қатынас әсерінен эхинококкозбен
күресу өте қиын, себебі жануарлар шаруашылыққа пайдалану кезеңінде ауырады.
Эхинококктар көбінесе, малды сойған кезде тауып, дәстүр бойынша,
көпіршіктерді сою жүргізілген жерге тастайды, бұл жерде оларды иттер жеуі
мүмкін. Нәтижесінде, соңғылары инвазияның негізгі көздері болып табылады.

Қоздырушысы. Эхинококкус дернәсілдік сатысында Echinococcus granulosus–
ол көпіршік, мөлшері бұршақ үлкендігінен жаңа туған сәби басының
үлкендігімен бірдей болуы мүмкін.

Оның ішкі герминативті (ұрықтық) қабығы болады, оның ішкі бетінде шығару
капсулалары және сколексі бар протосколекстер өндіріледі. Көпіршіктің
сыртынан тығыз дәнекер қабықпен жабылған. Көпіршік іші ақшыл-сары, аздап
мөлдірлеу сұйықтықпен толтырылған.

Жыныстық жетілген Echinococcus granulosus таспа құртының ұзындығы 2-6
мм, сколекстен тұрады, ал ол 28-40 ілмекпен қаруланып, 3-4 буыннан тұрады.
Ересек соңғы буынында іші толған жұмыртқа,қапшық тәрізді жатыры болады.
Дөңгелек формалы(тенииді типі) және сары сұр түсті жұмыртқаның диаметрі
0,030-0,036мм.

Тениидоздармен және ларвалды цестодоздармен соның ішінде
эхинококкоздармен күрес кезінде ветеринариялық-санитариялық және
шаруашылықтық шаралар кешенді түрде жүргізілуі тиіс. Ларвальдық таспа
құрттардың ролі туралы тұрақты түрде ветеринариялық-медициналық
санитариялық ақпараттар берілуі қажет.

Жайылымдарда малды айдағанда цистицерктер, эхинококкустар және т.б
гельминттермен зақымдалған өлекселермен мүшелерді міндетті түрде өртеу
қажет. Мал айдау жайылымдарында да стационар жағдайындағыдай іс-шаралар
жүргізілуі тиіс.

Бұл аурудан көптеген мал өлім-жітімге ұшырайды немесе ауру созылмалы
түрге ауысып, үй жануарларын әбден титықтатады.

Эхинококкозға шалдыққан малда аурудың клиникалық белгілері, сипаты көп
жағдайда уақытылы байқалмайды, бұл ауру адамдар үшін де қауіпті.

II. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

Эхинококкоз ауруының жануарлар арасында таралуы

Эхикококк гректің эхинос (тікенек) және коккос (жеміс дәні) деген екі
сөзінен алынған.

Мал шаруашылығына қыруар зиян келтіретін өте-мөте кең тараған ауру.
Етқоректі жануарлардың ішкі органдарында тоғышар тіршілік ететін кұрттың
личинкасы — Есһіпососсus тудырады.

Эхинококкоз ерте уақыттан белгілі ауру. Ол туралы деректерді біздің,
ғасырымыздан 1200 жыл бұрын өмір сүрген Гиппократтың ғылыми еңбектерінен,
сол кездегі кейбір ғалымдардың (Аристотель, Гален, Флорентин, Аретея)
еңбектерінен кездестіруге болады.

Дегенмен эхинококк ауруының қалай пайда болатынын көпке дейін ешкім
дәлелдей алмады. Көп ғалымдар (Додарт, Мопард, Рауш, Мопре, іагы баскалары)
бүл ауруды қан тамырларының қалта болып созылуынан, клетканың дұрыс
өспеуінен, не болмаса дененің ісіп ауруынан болады деп керісінше
түсіндірген. Тек 1681 жылы Италиянын натуралисі Реди түңғыш рет эхинококк
ауруының гельминт (паразит) аркылы тарайтындығын, ал ғалым Мальпиги (1827)
оныц сыртында қабығы бар, іші суға толған жай заттар арқылы өсіп-
өнетіндігін айтқан.

Тек 1760 жылы Паллас деген ғалым бүл ауру ішек құрты (паразит) арқылы
жұғып, соның салдарынан денеге сарысу пайда болатындығын айқындаған. 1801
жылы Рудольф мүны өршітетін паразиттің онкосферасын (тұқымын) иттердің ащы
ішегінен тауып, бұл ауруды эхинококк деп атаған. Міне, содан бері 175 жыл
өтсе де ол ғалымның айтып кеткеніндей эхинококкоз ауруы дсп аталады.

1833 жылы Зибольд деген ғалым ауруды өршітетін ішек кұртының құрылысын
микроскоп аркылы көріп, оның адам мен мал денесіне зақым келтіретіндігін
дәлелдеді, бұл ғалымның айтуынша эхинококкоз ауруының өзіне тән ішек құрты
болса керек. Оныц ұзындығы - - 2,7—5,4, көлденеңі -0,25—0,3 миллиметрдей.
Кұрт үш болімнен тұрады (бас, мойын, дене). Басының диаметрі 0,5
миллиметрге дейін жетіп, оның аузы төрт сорғыштан, екі қабат ілгешектерден
тұрады.

Паразиттің ең соңғы бөлшегі басқаларыға қарағанда үлкенірек, оның
ішінде 400-ден 800-ге дейін жұмыртқа болады.Әбден өсіп жетілген паразиттің
жұмыртка толған соңғы бөлегі денеден бөлініп иттің қиымен далаға шығып
қалады. Носик деген совет ғалымының бақылауына карағанда эхинококкпен
ауырған иттің денесінен бұл аурудың жұмырткасы (онкосфера) 68 күннен 133
күн аралығында бөлініп, шығады. Міне, осы уақытта ауру ит мал мен адамға
өте қауіпті.

Бүл жерде айта кететін бір жағдай иттен басқа қасқыр, түлкі, динго
иті, кой, дала мысығы, тағы басқа аңдар арқылы да эхиноккоккоз жүғатыны
ғылым жүзінде анықталды. Бүл аңдарды эхинококкоз ауруынын негізгі
таратушылары деп атайды. Себебі, жоғарыда айтылғандай, бұлардың денесінде
зхинококктің онкосферасы өсіп-өнеді. Сөйтіп эхинококпен ауырып жүрген аңдар
ауыз суды, суатты, қора-қопсыны, жайылымдарды ластайды.

Қазақстанның солтүстік облыстарында ауру оңтүстікке карағанда сирек
кездеседі. Мал арасында аурудың аз-көп болуы ұйымдастыру жұмысының
барысына, әсіресе, шаруашылықтың мал дәрігерлік-санитарлық жағдайына
байланысты.

Эхинококкоз жылдың кез келген мезгілінде кездесе береді. Ауру әсіресе
орта жастағы және кәрі мал арасында жиі кездесеседі. Ауру әдетте
иттен (көбінесе отардағы, одан кейін жұғады. Ауруға көбінесе кора
төнірегіндегі, мал айдайтын жолдың бойында жайылып жүрген қойлар шалдығады:
мұндай аумағы тар жерлерде мал сығылысып, бір-бірімен жанасуға мәжбүр
болады [2].

Сырт белгілері. Эхинококкоз - ауру белгілері айқын емес, ұзаққа
созылатын ауру. Денесінде кұрт быжынап кетсе, мал арыктайды, бауыр қызметі
бүзылуы мүмкін. Құрт жылауығы өкпеде орналасса, мал әлсін-әлсін жөтеліп,
қиналуы мүмкін.

Ауруды анықтау. Қазақстанның мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу институты
үсынған аллергиялык әдіс кой құйрығының астындағы тері қыртысына, дәл
айтсақ сол жердегі терінің ішіне эхиноаллерген жіберуге негізделген.

Құрғақ аллерген ұнтағы (эхиноаллерген) қолданар алдында ас тұзынын
физиологиялық ерітіндісінде сұйылтылады (1:1000 есс). Аллерген үшында гөрі
ішіне дәрі енғізуге икемделген инесі бар 1 2 грамдық шприцтің көмегімен қой
мен ірі қараның құйрық астындағы тері қыртысына мал басына 0,2 мл
мөлшерінде жіберіледі. Аллерген ерітіндісі теріге дұрыс енгізілген болса,
дәрі құйылған жерде үлкендігі ұсак бұршақ (горох) дәніндей бұлтиған
күлдіреуік иайда болады.

өткен соң шығарылады: ісінген терінің қалыңдығы өлшенеді.

Эхинококкозға тән аллергиялық реакция қойға ауру жұққаннан кейін 14 күн
өтісімен пайда болады. Кейде эхинококкоз аллергенін еккеннен кейін ценуроз
(айналма) бен цистицеркоз (жіті сатысында, ягни ауру жұққаннан кейін екі ай
ішінде) аурулардың екеуіне де тон топтасқан реакция пайда болуы мүмкін.

Ауруды анықтау мақсатымен енгізілген — эхинококкоз аллергені мал
денесін түршіктіріп, оны сезімтал етуі мүмкін; осыған орай дәріні екінші
рет жібергенде мүндай мал реакция береді. Денеге эхиноаллерген енгізу
салдарынан туған түршігу белгілері шамамен бір жылдаи кейін жойылады.

Малдың эхинококкозға шалдыққан - шалдықпағанын жаз аяғында не күзде
тексерген жөн. Бірак алдын ала арық-тұрақ (реакция бере алмайтын) малды
бөліп алып, бракқа шығару керек, өйткені ол тіпті ауру болса да реакция
бермеуі мүмкін

Зерттеу жүмысын бірден 300-350 бас қой сиятын қоршаудың, ішінде жүргізген
жөн.

Ауруды анықтау серологиялық (қанды зерттеу) әдістері ретінде Қазақ мал
дәрігерлік ғылыми-зерттеу институты ұсынған сколексопреципитация реакциясы
мен латексте койылған агглютинация реакциясыы қолдануға болады. Реакция қою
әдісі (Р. С. Шульц иен Г. И. Диков бойынша, 1964) төмендегідей. Қақ
ортасында дөңгелек ойығы бар төсеніш шынынын бетіне қалқыған сколекстері
бар бір тамшы физиологиялык ерітінді тамызады да, оның үстіне бір тамшы
сыналғалы отырған сары су косады. Салыстырылғалы отырылған бақылау
препараттарын алсақ, олардың беттеріндегі дәл сондай тамшыға сау малдан
алынған қан сывороткасын (сары суын) және физиологиялық ерітінді қосады.

Үш түрлі препараттың үшеуінде дс сколекстер айқастырылып, олардың
ішіндсгі тікенекшелері мен емізікшелері бар тұмсықша жалаңаштанады. Бұдан
былайғьі өзгерістер тек ауру малдан иммундық сарысуда болады. 3-6 сағат
өтісімен сколекстің артқы шебінде, ал кейде кутикулада шырынға
(экскреция), тұмсыққа не кутикулаға (мүйіз кабыкшаға) тән преципитаттар
қалыптасады, ондай прецигтитаттар бақылау препараттарында
қалыптаспайды.

Эхинококкозды анықтау мақсатымен қойылған реакциянын нәтижесі бір
тәуліктен кейін есептеледі.

Аурудан арылу, одан сақтану шаралары, Кейбір жорамаларға қарағанда,
итке ай сайын феносал, т.б. әсері күшті антгельминттср (Қазақ мал
дәрігерлік ғылыми зерттеу институты ұсынған, 1975) жегізе отырып,
зхинококкозға карсы реакция беретін (аллергиялык сынау) малды бракқа
шығаруға, іле-шала ет комбинатына тапсыруға, сөйтіп бір шаруашылықты
аурудан сауыктырудың жедел әдісін қолдануға болатын көрінеді (Р. С. Шульц,
1962). Мұның нәтижесінде шаруашылык итті ауруға шалдықтыратын негізгі себеп
ауру қойлардан арылады. Тәжірибе мынаны көрсетті. Жедел сауықтыру әдісін
мал дәрігерлік-санитарлық шаралармен сондай-ақ итке ұдайы дегельминтизация
жасау жұмысымен ұштастырылса, шаруашылықтарда 3-5 жыл ішіндс эхинококкозға
шалдыққан қой санын едәуір азайтуға болады.

Мал басын өсіруде оны бағып-күтуден басқа оның ерекшеліктеріне орай
пайда болатын түрлі ауруларьша карсы емдеу-профилактикалық жұмыстарын
жүргізу, оны ғылыми алдын-ала аныктап отыру да маңызды.

Эхинококкоз барлық ауыл шаруашылық малын және адамды зақымдай отырып,
едәуір экономикалық және әлеуметтік зиян келтіреді.

Бұл аурумен ауырған әр 100 қаракөл саулықтан 11 қозы кем алынатыны және
қаракөл елтірісінің сапасының төмендейтіні аныкталды. Осы ауруға шалдыққан
әр қойдан орта есеппен 2,1 кг ет, бауыры мен өкпесі әлдеқайда кем алынады
екен.

Сонымен, зерттеу жүмыстарының нәтижесінде тек кана қаракөл койының
эхинококкоз ауруы облыс экономикасына жылына орта есеппен 861,3 мың сом
зиянын тигізетіндігі дәлелденді. Ал бұл аурумен қойдан басқа ірі қара, түйе
т. б. мал ауыратынын ескерсек, эхинококкоздын мал шаруашылығына қаншама
зиянын тигізетіні белгілі.

Қазақстанда және Орта Азия республикаларында адамның, әсіресе мал
шаруашылығындағы кызметкерлердің эхинококкоз ауруы басқа республикаларға
қарағанда жиі кездеседі.

Зерттеулер бойынша Батыс Қазақстан облысындағы қой эхинококкозының
таралуы 46 % құраған. Эхинококкозбен ең көп зарарланған аудандар Казталовка-
1,9%, Қаратөбе-60,5%, Сырым-50,5% көрсеткен. Жануарлар эхинококкозында
инвазия интенсивтілігі жануарлар жасы ұлғайған сайын өсіп отырған. Жас
қойларда 1-1,5 жылдығында үлпершекті органдардың бірен-саран
петрифицирленген цисталар кездескен болса, ал жас шамасы 5 және одан да
жоғарыларында аналық цефалоцистамен бауырымен өкпесінің 80-100% көлемі
зақымданады. Эхинококкоз цисталарының бауырда шоғырлануы 52%, өкпеде
шоғырлануы 48%, бауыр мен өкпеде бір мезгілде шоғырлануы 43% көрсетеді. Жас
қойлардың органдары эхинококкоз цисталарының петрифицирленген формасымен
зақымданса, ал ересек қойларда аналық цефалоцистамен зақымданған, яғни
Батыс Қазақстан облысындағы қойлардың эхинококкозының эпизоотологиясында
негізгі рөлді 5 және одан жоғары жастағы қойлар алады. Себебі оларда
эхинококкоз цисталарының аналық цефалоциста формалары кездеседі.

М. Қибасов пен Я.М. Кереевтің хабарлауынша Республика бойынша
эхинококкоз қой мен түйе арасында 40% шамасында тараған болса, кей
облыстарда ол 90 пайызға дейін жететіндігі мәлімденген.

И.З. Муханов және т.б зерттеулері бойынша Эхинококктардың қой
денесінде орналасу сан-деңгейіне қарай Қазақстан жерін шамамен үш өңірге
бөлуге болады. Ауру өте көп тараған облыстарға Алматы, Талдықорған, Жамбыл,
Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Ақтөбе жатады. Бұл өңірлер
республика жер көлемінің 34,3 пайызын қамтиды да, онда малдың 53,4 пайызы
өсіріліп, халықтың 42,9% мекендейді. Осы өңірлерде эхинококк цисталарымен
төрт жастағы қойлар 48,7 %, осы жастағы ірі қара малы 25,5%, малшы иттері
17,4% зақымданатындығы тұжырымдалған. Атырау облысында эхинококкоз мүйізді
ірі қараларда 10,7–17,3% болса, қойда 3,4 – 25,2% аралығында, түйеде 16,2%-
ды құраған.

М.Ш.Шальменов және Т.Т.Есенгалиевтың еңбектерінде Батыс Қазақстан
облысында мүйізді ірі қара эхинококкозбен зақымдануы 16,0 - 75,0 %
шамасында болса, қойларда – 16,2-53,7%, шошқада – 2,9-21,7%, түйеде – 21,8-
70,0% деңгейінде ауытқиды екен.

В.И. Бондареваның пайымдауынша орташа деңгейде зақымдану қойдың жаппай
өлуіне себеп бола алмайды. Оның пікірінше, қойлардың өлуіне тек жоғары
деңгейде эхинококкозбен зақымдану себеп бола алады, бұндай зақымдану малда
ауру деңгейі 13,2% болғанда ғана байқалған және түрлі күрделенген, іріңдік
үрдістер, арықтау, көпіршіктердің жарылуы және т.б. байқалған.

З.В. Шумилинаның мәліметі бойынша Батыс Қазақстан облысының түрлі
аудандарында 2223 бас қой, 783 бас мүйізді ірі қара және 79 бас шошқа
эхинококкозбен зақымданған. Ересек мүйізді ірі қараның инвазия
экстенсивтілігі 12,5%-дан 57,7%-ға дейін, 1 жасқа дейінгі шошқаларда 25,3%-
ға дейін болса, 3-4 жастағы қойларда ауруға шалдығу 7,8-ден 68,2%
аралығында болған.

Н.Т. Кадыровтың мәлімдеуінше Ақмола облысының 9 ауданынан өлген және
сойылған қойлардың 689 бауырын және 304 өкпесіне тексеру жүргізілген.
Зерттеу нәтижесі бойынша бауырдың эхинококкозбен зақымдануы – 24,2-57,1%-ды
құраса, өкпеде – 36,3-45,4% аралығында болған. Ақмола облысында мүйізді
ірі қара инвазиясының экстенсивтілігі эхинококкоз бойынша 3,9% деңгейде,
қойда – 21,5 тен 38,4%, шошқада - 8,1% болған. Ақтөбе облысында қойлардың
эхинококкозбен зақымдануы 9,2-25,0% деңгейінде ауытқып тұрады, ал түйелерде
– 29,7 – 50,0%- ды құрайды. Алматы облысында мүйізді ірі қараның
эхинококкозбен зақымдану деңгейі 23,0-28,0%, қойда – 7,7-69,0%, шошқада –
12,5%, түйеде – 20,0-64,0% аралығында болған.

А.Д. Жилиннің еңбегінде Орталық Қазақстанда 47 568 бас қой, 2 609 бас
мүйізді ірі қара, 237 бас шошқа және 238 бас жылқыларды зерттегенде
эхинококкоз экстенсивтілігі ересек қойларда 7,5-29%, мүйізді ірі қараларда
–7-27%, шошқаларда -16,5%-ды құраған, ал жылқыларда анықталмаған.
Қазақстанның оңтүстік аудандарында қойдың эхинококкозға шалдығуы 25 тен
100%-ға дейін болса, ал солтүстігінде 6 дан 30%-ға дейін жеткен. Осы
зерттеулердегі келетін болсақ Қарағанды облысында жүргізілген зерттеулер
нәтижесі көрсеткендей мүйізді ірі қаралардың 12,1%-ы, қойдың –14,2%-ы,
шошқаның – 16,5%-ы эхинококкозбен зақымданғандығы анықталған.

В.В. Мартынов, Н.С. Черыкаевтың мәлімдеуінше Орал облысында барлығы
70491 бас қой эхинококкозға зерттелген. 2000 бастан астам әртүрлі жастағы
қой топтарының үлпершекті ағзаларын нақты зерттеу барысында эхинококкоз
эпизоотологиясында маңызды орынды 4-5 жастан жоғары қойлар алатындығы
анықталған.

1 жастан 2 жасқа дейінгі қозылардың 37947 үлпершекті ағзаларын зерттеу
барысында зақымдануы 23,5% болса, ал 4 және одан жоғары жастағылардың 32695
үлпершекті ағзаларын зерттеу барысында, орташа зақымдану 51%-ды құраған.
Көбіне қойлардың бауыры зақымданатыны байқалған.

М.Ш. Шалменовтың мәліметі бойынша Батыс Қазақстан облысында 8910 бас
ірі қара, 2013 бас қой, 1446 бас шошқа және 306 бас жылқылар тексерілген.
Тексерілген 2013 бас қойдың ауруға шалдығуы орташа есеппен 25,5-60,5%-ды
құраған.

Эхинококкоздың алдын алу шаралары

Эхинококкоз ауруына қарсы күресті сапалы жүргізуде
паразиттің ерекшеліктерін білудің маңызы зор. Біріншіден, эхинококктың
иттің ішегінле өсіп-жетілу мерзімін анықтау, осы аурумен күресу шараларыньщ
ең тиімді және негізгі заңдылыктарын айқындап береді.

Қазақтың мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу институтының (ҚазҒЗВИ)

кейбір ғалымдарынын осы аурумен күресу жайындағы ұсыныстары Қазақстанның
оңтүстік-батысында колданып, басшылыкка алуға келмейді. Өйткені олар
паразиттің белгілі аймақтағы биологиялық, эхинококкоз ауруыньщ
эпизоотологиясының, мал шаруашылығы технологиясының, осы өңірдіц
геоботаникалык, табиғи-климаттық ерекшеліктерін есепке алмай жасалған.
Көптеген ғалымдардыд (II. Горина (1964), А. А. Зеньков (1972), М. А.
Аминжанов (1975) зерттеулері нәтижесінде зхинококктардың иттің ішегінде
өсіп-жетілу мерзімі әр түрлі болып отыр (3 1—97 күн).

С. Кенжебаевтің (1987) зерттеулерінің нәтижесі Қызылорда облысы
жағдайында бүл мерзім негізінде жылдын мезгіліие байланысты екенін көрсетіп
берді (жазла 41, қыста 49 күн) [4].

Екінші еске алатын жай эхинококктардың штаммдық ерекшеліктері. Жер
бетінде осы аурудың мал мен адамда оте кең түрде таралғанына қарамастан,
белгілі бір табиғи ортада бүл паразит кейбір малдың түрлерінде ғапа
кездеседі. Мысалы, аталған автордың жан-жакты жасаған ғылыми жұмыстары
Қазақстанның оңтүстік-батысында эхинококктар каракөл қойымен түйе
организмінде өсіп-өнуге мейлінше қалыптасқанын, сөйтіп осы табиғи ортада
эхипококкоздың кеңінен таралуына себепкер болып отырғанын дәлелдеді. Мұны
мынау-цифрлар дәлелдей алады: эхинококктардың инвазиялық деңгейі койда
43,85 %, түйеде 48,88 %, ал ірі карада бұл көрсеткіш бар болғаны 4,5 %
кана. Ет комбинатында 1980-1984 ж.ж. аралыгында сойылгап ор түрлі жастағы
1386 жылкыдан олар эхинококкоз ауруын кездестіре алмаған.

Ларвальді эхинококкоздың экстенсив және иптенсив көрсеткіштері малдың
жасына байланысты екенін көрсетті. Мысалы, бір жаска дейінгі қозы, тоқтылар
эхинококктармен 2,53 %, ал 5 жастан асқан қой - 28,64 % закымдалған. 3
жасқа дейінгі ірі қара эхинококктармен 2,48 %, ал 5 жастан аскан жануарлар
10,78 % закымдалған.

Екі жасқа дейінгі түйенің 27,90 %, ал 7 жастаи асқан малдың 50 %-ы
эхинококкок ауруына көбірек үшырайды. Сөйтіп, неғұрлым малдыи жасы үлғайған
сайын, олардың эхинококктармен зақымдалу дәрежесі де өсе береді екен, бірақ
бұл көрсеткіш қой мси түйеде сиыр мен жылкының қарағанда анағұрлым жоғары
деңгейдс тұратыны дәлелденді: қой мен түйенің бауыры (56,10 % және 48,88
%), ал сиыр мен жылқының өкпесі (47,68 %) эхинококкпен жиі зақымданады
екен.

Иттің ішек цестодтарымен (тениидтермен) закымдалу дәрежесі негізінен
олардым қай жерде болуына байланысты. Мысалы, иесіз (бұралкы) иттердің
42,18 %-ы тениидтермен зақымдалғаны аныкталды, сонын ішіне отардағы
иттердіц 25,47 %-ы эхинококктармен, 15,09 %-ы мультицепстермен, 22,64 %-ы
тения гидатигендермен зақымданғаны дәлелденді. Бұдан баска зерттелген 134
иттің 24-дс (17,19 %) аты аталған 3 түрлі гельминттердіц бір уақытта қосыла
кездесуі анықталды. Бірақ бүл керініс қойшының итінде жиі кездеседі екен.
Осы жағдайды зхинококкозбен күрес шараларын жүргізгенде еске алған жөн.

Малдың эхинококктармен зақымдалу мерзімдері мен жиілігі Қазақстанның
аймақтарында мал шаруашылығының технологиялық ерекшеліктеріне байланысты.
Бүл жөнінде қаракөл қой шаруашылығында өткізіліп жүрген технологиялык
процестер айқын мысал бола алады. Жылдың барлық мезгіліндегі ауа жайылып
көшу, саулықты қоздату (көктемде), мал дәрігерлік іс-шаралар, қырқьш
(көктем және күз) және қой қыстату мерзімдері, мезгіл-мезгіл қой мсн қойшы
итінің белгілі жерлерде жиі-жиі топтануы эхинококкоздың эпизоотологиясына
әсер етпей қоймайды.

Қойдың өлім-жітімі туралы 1980 — 1984 жылдардағы статистикалық
мөліметтің анализі мынаны көрсетті: жемшөптің тапшылығы, ерте көктемдегі
ауа райының қолайсыздығы, қойдын жаз жайлауға карай ауыр жағдайда көшуі
және т. б. ссбептер қойды көп шығынға ұшыратады. Көктемде қой төлдету, мал
дәрігерлік емдеу, қыркым кезінде отарлар бір-біріне жақын орналасады. Осы
кезде қойшының иті өлген, амалсыз сойылған малдын өкпе, бауырын жеу арқылы
эхинококктарды мейлінше көп мөлшерде (бірінші тоқсанда -- 26,92, әсірссе
екінші токсанда—41,93%) жүктырады. Осындай жағдайға койдың Ішкі органдарына
орналаскан эхинококк жылауығының личинкасы санының (43,85%) кеп болуы да
себебін тигізеді.

Жазда қой отарлары кең жайлауга өзара алысырақ орналасады (100
пайызында жайлауда 30,87 кой бар). Көктемгі жас шөптің каулап көтерілуі,
ауа райының жылынуы қойдың өлімін 44,15 проценттен 21.66 процентке дейін
төмен түсіреді. Осыған байланысты иттің эхинококктармен зақымдалуы да күрт
төмен түседі (18 %). Қыста, ерте коктемде эхинококктармен зақымдалған қойшы
иті енді жазда жайлауды, суаг басын, котанды тағы баска жерлерді
эхинококк жұмырткаларымен ластай бастайды. Бірақ, шілде, тамыздың
ыстық күндері, жердің құрғақшылыгы, тура түскен күн сәулесі осы
жұмырткаларды жансыздандырып, өлтіреді. Соның нәтижесінде қой жылдыц осы
мезгілінде эхинококктарды аз жұқтырады.

Күзде эхинококк жүмыртқалары жерде, шөпте, суда ұзақ уақыт сақталып,
ауру тудыратын қасиетін жоғалтпайды. Бүл уақытта отарларды күзгі кырқым мен
дәрігерлік кой тоғыту пункттеріне қарай бағыттайды және осы жерде
отарлардың топтануы, иттердің эхинококк жүмыртқаларын шашу процестері өте
тығыз жүрсді. Осының салдарынаы қой эхинококктармен коп зақымданады.
Осындай жағдай қазан мен қараша айларында өтетін күйек науқаны кезінде де
болады.

Қыстың түсуіне байланысты (кей жылдары жайлаудан мал күйсіз түскен
жағдайда) малдың өлімі, амал-сыз сою жайлары жиілей бастайды, ал иттің
эхинококктармен зақымдану дәрежесі жоғарылайды. Қыс мезгілінде мал
негізінен эхинококк жүмыртқаларын қорада, қора маңында, суат басында, кысқы
жайылымда жүктырады .

Облыс шаруашылыктарында ірі қара қыста негізінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тениуколды цистицеркоз кезіндегі сойыс өнімдерін ВСС және санитарлық бағалау
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау пәнінен оқу - әдістемелік материалдар
Жабайы жануарлардың ұшасы мен мүшелерін тексерудің ерекшеліктері
Инфекциялық аурулар
Қоян ауруларының қысқаша тарихы
Ірі қара финнозы
Мал ауруларының туындауының себептері
Ветеринариялық - санитариялық сараптау пәні бойынша зертханалық сабаққа арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Жабайы жануарлар етін ветеринариялық - санитариялық сараптау кезіндегі ұйымдастыру жұмыстары
Ауру және ауруға күдікті мал
Пәндер