Қаржылық менеджмент туралы ақпарат



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
1.1 Қаржылық менеджменттің даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Қаржылық менеджмент мазмұны, принциптері, функцилары ... ... ... .8


2 «ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
2.1 «ҚазТрансОйл» АҚ.ның технико.экономикалық сипаттамасы ... ... .15
2.1 «ҚазТрансОйл» АҚ жағдайын талдау және басқару ... ... ... ... ... ... ... .19

3 ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ НЕГІЗІНДЕ КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЖОҒАРЫЛАТУ
3.1 Тиімді басқарудың құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
3.2 Басқарудың тиімділігін жоғарылату бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ...35


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
Елімізде нарықтық қатынастардың дамуы кәсіпорын қаржыларының маңызын арттыра түсті. Кәсіпорын қаржылық ресурстарының жағдайы, оның қызметінің нәтижелерін анықтайтын фактор болып табылады.Кәсіпорын жағдайының сандық және сапалық параметрлері оның нарықтағы орны мен экономикалық кеңістікте тиімді қызмет ету мүмкіндігін анықтайды. Осы мәселелердің барлығы экономиканы басқаруда қаржыларды басқарудың маңызын арттыра түсті.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі жіне төлем қабілеттілігі ең алдымен қаржылардың оңай ұйымдастырылуымен анықталады да ақша қатынастарының жүйесі болып табылады және де ақшалай қорлардың айналым процесінде олардың қалыптасуын және пайдалануын көрсетеді. Кәсіпорынның негізгі міндеті оның иелерінің әл-ауқатының максималды көбеюі болып табылады.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
1.1 Қаржылық менеджменттің даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..5
1.2 Қаржылық менеджмент мазмұны, принциптері, функцилары ... ... ... .8

2 ҚАЗТРАНСОЙЛ АҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
2.1 ҚазТрансОйл АҚ-ның технико-экономикалық сипаттамасы ... ... .15
2.1 ҚазТрансОйл АҚ жағдайын талдау және басқару ... ... ... ... ... ... ... .19

3 ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ НЕГІЗІНДЕ КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЖОҒАРЫЛАТУ
3.1 Тиімді басқарудың құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
3.2 Басқарудың тиімділігін жоғарылату бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... .35

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 39

Кіріспе

Елімізде нарықтық қатынастардың дамуы кәсіпорын қаржыларының маңызын арттыра түсті. Кәсіпорын қаржылық ресурстарының жағдайы, оның қызметінің нәтижелерін анықтайтын фактор болып табылады.Кәсіпорын жағдайының сандық және сапалық параметрлері оның нарықтағы орны мен экономикалық кеңістікте тиімді қызмет ету мүмкіндігін анықтайды. Осы мәселелердің барлығы экономиканы басқаруда қаржыларды басқарудың маңызын арттыра түсті.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі жіне төлем қабілеттілігі ең алдымен қаржылардың оңай ұйымдастырылуымен анықталады да ақша қатынастарының жүйесі болып табылады және де ақшалай қорлардың айналым процесінде олардың қалыптасуын және пайдалануын көрсетеді. Кәсіпорынның негізгі міндеті оның иелерінің әл-ауқатының максималды көбеюі болып табылады.
Қаржыларды басқарудың екінші жағы-қорларды сатып алу болып табылады. Олардың қайнар көзі әртүрлі болуы мүмкін және әрқайсысының өзіне тән мінездемесі бар, олар капиталмен жабдықтаушылармен анықталады: баға, төлемнің мерзімі, белгілі бір уақытта қолда бар болуы, мүмкін болатын қайшылықтар және тағы басқа шарттар. Осы факторлар негізінде қаржылық менеджер кәсіпорынды қаржыландыру көздерінің оңтайлы шешімдерін қабылдап отыруы керек.
Қаржыны басқаруда оңтайлы нәтижеге жету үшін, бизнестің жалпы құрылымындағы қаржылық менеджмент маңызды орын алады.
Қаржылық менеджмент- кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру, пайдалану және байланысты, ақша айналымы мен қаржыларды басқарумен байланысты үрдіс және кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқаруда қолданылатын әдіс тәсілдер және формалар жүйесі.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты - материалды жеткізудің тұтастығын сақтауда, жоғарғы деңгейде ақпараттандыруды қамтамасыз етуде қаржылық менеджменттің маңызды мәселелері мен сұрақтарын ықшамды баяндау жіне шаруашылық операциялармен сәйкес келетін тәжірибиелік мысалдарды қарастыру болып табылады.
Осы мақсаттың төңірегінде мынандай міндеттер қарастырылады:
* қазіргі қаржылық менеджменттің әдістерін және ұстанымдарын, мақсаттары мен міндеттерін толығымен ашып, зерттеу;
* шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде қаржыны басқаруға жалпы тәсілдемелерді ашу;
* қаржылық ақпараттарды дұрыс түсініп жіне олармен жұмыс істеуді уйрену;
Бұл курстық жұмыстың өзектілігі- қазіргі таңда кәсіпорынның қаржылық қызметін талдау оның негізгі экономикалық сипаттамасы мен қаржылық тұрақтылығын таныстыру, сонымен қатар қаржылық тұрақтылықты есепке алу заемдық қаражаттардың қатысы мен оларды жабудан емес, қаржылық емес активтерді (өндірістік) қамтамасыз ету үшін өзіндік капиталдың қажеттілігін (қажетсіздігін) анықтаудың маңызын қарастыру.
Курстық жұмысты жазу барысында көңіл аударылатын негізгі мәселелер: инвестициялық жобаларды бағалау, дивиденттік саясатты таңдау, қор қаражатын және несие тарту негізінде аймақтық капитал құрылымын қалыптастыруға қажетті қаржы активтерін басқару туралы қаржы шешңмдерңн қабылдауға әдістеме жасау. Курстық жұмыстың арнайы бөлімі қаржылық менеджменттің халықаралық актілеріне, сондай-ақ қаржыландырудың түрлері мен әдістеріне арналған.
Курстық жұмыста қойылған мәселелерді шешудің кең көлемде отандық және шетел тәжірибесі қолданылды, сонымен қатар Қазақстанда қызмет ететін заңды-нормативті актілердің талаптары ескерілді.
Дұрыс ұйымдастырылған, тиімді қаржылық менеджмент кәсіпорынның өндірістік қызметінің жоғары қарқынмен өсуі мүмкіндігін қалыптастыра алады, меншікті капиталдың үнемі өсуін қамтамасыз ете алады, тауар және қаржы нарығында бәсекелестің позициясын біршама жоғарылатады, стратегиялық болашақта экономикалық дамуды қамтамасыз ете алады.

1 ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

1. Қаржылық менеджменттің даму тарихы.

Бұл бөлім қаржылық менеджмент ғылымының дамуымен, оның кәсіпорын қызметіндегі рөлі мен орнын және Қазақстанның басқару тәжірибесіндегі бүгінгі жағдайын бағалаумен, кәсіпорындардың активі мен пассивін басқару үдерісін ұйымдастыруға тигізетін ықпалын анықтаумен байланысты. Осы мәселе төңірегінде батыс және қазіргі таңдағы мамандар тұжырымдамасын салыстырмалы түрде ашу қажет.
Қазіргі таңда батыс мамандары қаржылық менеджменттің пайда болуы мен дамуының бес көзқарасын ашып көрсетеді. [2, 117-бет]
Бірінші көзқарас эмпирикалық мектептегі прагматиктердің іс-әрекетімен байланысты. Бұл көзқарас 1850 жылдары пайда болды. Оның өкілдері- компанияның несиеге қабілеттілігі жөніндегі, анализ жасайтын ортада жұмыс істейтін, соған қатысты көрсеткіштерді анықтайтын жоғары маманданған аналитиктер. Олар ең алғаш рет бухгалтерлік есеп көмегімен аныңталатын көпқырлы аналитикалық коэфиценттерді анықтауға тырысқан. Бұл коэфиценттер басқару шешімдерін қабылдағанда маңызды роль атқарады.
Екінші көзқарас статистикалық қаржылық анализ мектебінің жұмысымен шарттасады. (1860ж) Бұл көзқарастың негізгі идеясы-бухгалтерлік есептің арқасында алынатын аналитикалық коэфиценттерді бастапқы мәнді критерийлермен салыстыратын болса ғана пайдалы болады.
Үшінші көзқарас мультивариантты аналитиктер өкілдерінің жұмысымен баланысты. (1870ж) Бұл мектеп өкілдері өз тұжырымдамаларын концептуалды негіздердің құрылуымен байланыстырады. Бұл негіздер компанияның қаржылық жағдайы мен сенімділігін сипаттайды.
Төртінші көзқарас компанияның банкроттыққа ұшырауын зерттейтін, аналитиктердіңмектебінің пайда болуына байланысты. (1930ж) Бұл мектеп өкілдері компанияның қаржылық сенімгерлігін, яғни өтімділігін перспективтіанализ жасау арқылы зерттейді.
Бесінші көзқарас -ең жаңа бағыттарының бірі болып табылады. Бұл 1960 жылдары пайда болған- қор нарығының қатысушыларының мектебімен байланысты. Олардың айтуынша есептіліктің маңыздылығы оның болашақта бағалы қағаздарға инвестициялаған жағдайда пайда табу мүмкіндігін болжауға негізделеді. Бұл бағыттың негізгі ерекшелігі- оның барынша территориялық қамтуы болып табылады. Бұл бағыт жаңадан жоғарғы білімі бар адамдар арасында дамып келе жатқандықтан, қазіргі таңа практикада өз қолдауын әлі тапқан жоқ.
Жалпы қаржылық менежменттің обьективті теориялық дамуын төмендегі 1-кестеден көруге болады.

1-кесте. Қаржылық менеджменттің обьективті теориялық дамуы.

Кезең
Этаптар
Негізгі постулаттар
1985-1994жж
Қаржылық менеджменттің өзін-өзі реттеу облысының құрылуы.
* Қатаң бақылау;
* Шығындарды оптималдау;
* Қаржылық операциялардың дұрыс жүргізілуі;
1990-1996жж
Функционалды көзқарас
* Қаржылық жоспарлаудың, бақылаудың, ұйымдастырудың, функцияларын ерекшелеп көрсету;
* Шешім қабылдау үшін әмбебеп іс-шаралардың шығарылуы;
1993ж- қазіргі таңға дейін
Жүйелі көзқарас
* Қаржылық менеджмент жүйесінің элементтерін ашып көрсету;
* Олардың өзара байланысын анықтау;

Қазіргі таңдағы ғалымдар қаржылық менеджменттің ғылымының негізгі өзегіне Қоржын теориясы мен Капитал құрылымы теориясын жатқызады. Осы екі теорияның да кез келген кәсіпорынның қаржысын басқаруға, соның ішінде коммерциялық компаниялардың активі мен пассивін басқаруға тікелей қатысы бар. Қоржын теориясының негізін қалаушы Г. Марковиц активтердің жиынтық тәуекелін тәуекелді активтерді бір қоржынға біріктіру арқылы төмендетуге болатындығы айтылады. Іс-жүзінде аталған теория тәуекелді активтердің ықшамды қоржынын қалыптастыру тәсілдерін анықтап бере алды. Капитал құрылымы теориясы кәсіпорын капиталының ықшамды құрылымын бағалауға мүмкіндік береді. Мұндағы кәсіпорын капиталы деп оның меншікті және тартылған қаражаттары түсіндіріледі. Келесі теориялық тұжырымдамаға Агенттік қатынастар теориясын зерттеушілер Майкл Дженсен мен Ульям Меклинг өз еңбектерінде акционерлер мен менеджерлердің, сондай-ақ акционерлер мен кредиторлардың арасындағы өзара қарым-қатынас заңдылықтарын ашады. Өзге агенттік теке-тірес бұл акционерлер мен кредиторлар арасында болуы мүмкін. Ол егер акционерлер менеджер арқылы фирманың немесе банктің құнының өсуін талап етсе, онда мұндай жағдайда кредиторлардың мүддесі аяққа тапталады. [6, 95-бет] Кәсіпорындағы менеджментінің теорияларының біріне өтімділікті басқару теориясы жатады. Өтімділікті басқару теориясы іс-жүзінде коммерциялық кәсіпкерлікпен айналысатын фирмаларда пайда болуымен және дамуымен бірге пайда болған. Қазіргі кезде кәсіпорын активтерін басқару үш әдістемелік бағытқа негізделген. Біріншісі - коммерциялық фирма өтімділігін сақтай алады, егер оның активтері қысқа мерзімге орналастырылып, сондай-ақ олар уақтылы қайтарылатын болса. Екіншісі - коммерциялық фирма өтімді болуы мүмкін, егер ол өзінің активтерін қолма-қол ақшаларға өзге кредиторлар мен инвесторларға сата алса.Үшінші - коммерциялық фирманың өтімділігін жоспарлауға болады, егер де несиені қайтару кестесін қарыз алушының болашақтағы табысы негізінде құраса. Осы үш әдістемелік бағытқа активтерді басқарудың үш теориясы сәйкес келеді: коммерциялық ссудалар, ауысымдылық және күтілетін табыс теориялары. [5, 128-бет] Коммерциялық ссудалар теориясының негізінде фирмалардың өтімділігін басқару туралы көзқарасты А.Смиттің еңбегінде былай деп береді: Фирма вексель үшін төлемді қарыз алушының қарыз берушіге берген векселін есепке алу кезінде төлейді, кейіннен вексельдегі мерзімнің өтуіне қарай қарыз алушы фирмаға пайдаланған сомасы мен оған есептелетін пайызын қайтаруға тиіс. Бұл көзқарас бүгінгі күнгі банктердің тауарлар қорларын немесе айналым қаражаттарын толықтыруға беретін қысқа мерзімдік несиелерін сипаттайды. Аталған теорияның басты кемшілігі, ол дамушы экономиканың қажеттілігін ескерген жоқ. Бірақ та коммерциялық ссудалар теориясы, өзінің кемшіліктеріне қарамай бүгінгі күні де өз мағынасын жоғалтқан жоқ. Ауысымдылық теорияның мәні кәсіпорын өзінің қысқа мерзімді ресурстары мен талап етілетін міндеттемелері есебінен ұзақ мерзімді активтік операцияларды жүзеге асыруы мүмкін. Мұндай активтік операциялар кәсіпорынға коммерциялық вексельдерді немесе қазынашылық вексельдерді, облигацияларды және өзге де бағалы қағаздарды сатып алуға мүмкіндік жасайды. Қысқаша айтқанда аталған теория кәсіпорынның активтік операцияларында жоғары сапалы бағалы қағаздардың болуын және сол бағалы қағаздар нарығының дұрыс қызмет етуін талап етеді. Күтілетін табыстар теориясына сәйкес фирманың өтімділігін қарыз алушылардың болашақтағы табыстарынан түсетін несиені қайтару кестесіне негіздей отырып жоспарлауға болады. Сонымен қатар банктер әр түрлі өтелім мерзімі бар бағалы қағаздарды таңдап ала отырып, олардан түсетін табысты да болжай алады. Бұл теория қазіргі кездегі несиенің жекелеген түрлерінің, соның ішінде фирмаларға берілетін қысқа мерзімді несиелердің, тұтыну несиелерінің, жылжымайтын мүлікті кепілге алып берілетін несиелердің дамып отырғандығын мойындайды. Мұндай несиелердің ортақ қасиеті, олар фирманың өтімділігін арттырады. Бұл теорияның да өзіндік кемшілігі бар, яғни фирма өзінің активтерін мерзіміне өзгертетін болса, кейде оның пайыздық табыстары бойынша болжамы тура болмай шығып жатса, ондай жағдайда банк зиян шегуі мүмкін. Пассивті басқару теориясы 60 жылдары АҚШ-та пайда болды. Оның жақтаушыларының көзқарастарынша фирмалар өтімділік мәселелерін нарықтан қосымша қаражаттар тарту арқылы шешуге болатындағын айтады. Нақтырақ айтсақ, пассивтерді басқару бұл тартылған қаражаттар құрылымын өзгерту жолымен өтімді қаражаттарға деген қажеттілігін қанағаттандыру шараларын білдіреді. [2, 256-бет] Жоғарыда аталған теориялардың негізінде активтерді және пассивтерді жеке-жеке басқару әдістері пайда болып, оларды қазіргі отандық және шетелдік банктер, кәсіпорында, компаниялар тәжірибесінде қолдана бастады. Біздің ойымызша компания активтері мен пассивтерін кешенді басқарудың міндеті бұл коипания балансын жеке-жеке бөліктерге бөліп емес, тұтастай үйлестіре басқару болуға тиіс. Компанияның активтері мен пассивтерін кешенді басқару компанияға немесе банкке депозит және займдар түрінде тартылған ресурстарын әр түрлі маусымдық ауытқулардан қорғау және фирманың түпкілікті мақсатына қол жеткізетін активтер қоржынын қалыптастыру құралы ретінде зор мүмкіндік береді. Компания активтері мен пассивтерін кешенді басқару мәселелері кешенді түрде әлі күнге дейін терең зерттелмегені белгілі. Сондықтан біздің ойымызша, кәсіпорындардың активтері мен пассивтерін кешенді басқару бұл кәсіпорынның стратегиясына сәйкес, бәсекелестікті артыратын, өтімділік пен табыстылықты қамтамасыз ететін кәсіпорын балансының теңгерімді құрылымдарын қалыптастыру және оларға ықпал ететін қаржылық тәуекелдерді жүйелі түрде басқару шараларын білдіреді.

1.2 Қаржылық менеджмент мазмұны, принциптері, функциялары.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі және төлем қабілеттілігі ең алдымен қаржылардың оңай ұйымдастырылуымен анықталады, ақша қатынастарының жүйесі болып табылады және ақшалай қорлардың аәналым процесінде олардың қалыптасуы мен пайдалануын көрсетеді. Кәсіпорынның негізгі міндеті оның иелерінің әл-ауқатының масималды көбеюі боып табылады, яғни пайданың, кәсіпорынның нарықтық бағасы.
Қаржыларды басқарудың екінші жағы- қорларды сатып алу болып табылады. Олардың қайнар көзі әртүрлі болуы мүмкін және әрқайсысының өзіне тән мінездемесі бар, олар капиталмен жабдықтаушылармен анықталады: баға, төлемнің мерзімі, белгілі бір уақытта қолда бар болуы, мүмкін болатын қайшылықтар және тағы басқа шарттар. Осы факторлар негізінде қаржылық менеджер кәсіпорынды қаржыландыру көздерінің оңтайлы шешімдерін қабылдап отыруы керек.
Қаржылық менеджмент- бұл кәсіпорынның қаржылық ресурстарының құрылуымен, бөлінуімен, оларды қолданумен жіне кәсіпорынның ақшалай жүйе айналымының ұйымдастырылуымен байланысты болатын басқару нәтижелерінің әзірленуі және жеткізуінің принциптері мен әдіс-тәсілдерінің жүйесі болып табылады.
Қаржылық менеджмент фирманың қаржысымен жұмыс атқарады, яғни фирманың өндірістік әрекетіне жұмсалған фирманың өз капиталы және қарыз капиталымен жұмыс атқарады.(бөлінбеген пайда, амортизацтялық қорлар, банк несиелері, құнды қағаздар эмиссиясы және т.б.) [1, 25- бет]
Қаржылық менеджмент акция иелерінің хал-ахуалын немесе меншік кірістерін барынша көбейту барысында өткізіліп отырған, басқарудағы нарық жағдайында фирманың қаржы-қаражатының оңтайлы құрылымын құрып, оны сақтаумен байланысты қабылдаған шешімдер жиынтығымен байланысты.
Қаржылық менеджмент келесі бөлімдерден тұрады:
* қаржылық талдау және шешім қабылдау жүйесі;
* қысқа мерзімді қаржы ресурстарын қолдануды жоспарлау: қамсыздандырылмаған қысқа мерзңмдң қаржыландыру, қамтамасыз етілмеген қысқа мерзімді қаржыландыру, қысқа мерзімді жалды қаржыландыру;
* ұзақ мерзімді қаржы ресурстарын қолдануды жоспарлау: капиталды бюджеттендіру, лизинг немесе ұзақ мерзімді несие, қарапайым немесе артықшылығы бар акцияларды шығару, инвестицмялық жобаларды бағалау және инвестициялық қоржынды басқару, алдағы кезеңдегі кірістерді ескере отырып, ақшаның құнын бағалау (дисконттау);
* мүмкін болатын тәуекелді талдап, бағалау;
* шешімнің нұсқамасы және орындалуы;
* шеімнің орындалуын бақылау;
* шешімнің жүзеге асырылу барысын талдау жіне оның орындалуы туралы есеп беру;
Қаржы менеджментінің басты мақсаты- қазіргі кезде жне болашақта кәсіпорын иелерінің әл-ауқатын барынша көбейту. Бұл мақсат кәсіпорынның нарықтық құнын барынша көбейтуді қамтамасыз ету барысында көрінеді, бұл өз кезегінде кәсіпорын иелерінің қаржы мүдделерін жүзеге асырады.
Қаржылық менеджменттің басты міндеті- бқл фирма кірісінің қалыпты деңгейін сақтай отырып, қарапайым акция бойынша, мүмкін болатын дивиденд бойынша көбеюән қадағалау, яғни фирманың оңтайлы қызмет тәртібін анықтау.
Кәсіпорынның нарықтық құнын барынша көбейту үрдісі оның пайдасын барынша көбейту арқылы жүзеге асырылады. Сөйтіп дәрежесі және жиынтығы жағынан жоғары пайда ағымдағы тұтыну мақсаттарына жұмсалуы мүмкін, соның нәтижесінде кәсіпорын ары қарай дамуға қажетті, өзінің қаржы ресурстарын құратын негізгі көзден айырылады ( ал дамымайтын кәсіпорын өзінің нарықтағы конкуренттік жайғасымен жоғалтады, ішкі көздер есебінен өзінің қаржы ресурстарын құру әлуетін азайтады, осының барлығы нәтижесінде кәсіпорынның нарықтық құнының төмендеуіне ікеп соғады).
Сонымен қатар жоғары дәрежедегі пайда қаржы-қаражаттық тәуекелдің және блашақта банкроттыққа түсу қаупі есебінен болуы мүмкін, бұл жағдай да кәсіпорынның нарықтық құнының төмендеуіне әкеледі. Сондықтан нарықтық жағдайда пайданы барынша көбейту қаржы менеджментінің басты міндеті болғанымен, оның ең басты мақсаты емес.
Қаржылық менеджмент өзінің басты мақсатын жүзеге асырк үрдісінде төмендегі негізгі тапсырмаларды шешуге бағытталады (2-кесте).

2-кесте. Қаржылық менеджменттің негізгі тапсырмалар жүйесі.

Қаржылық менеджменттің басты мақсаты
Қаржылық менеджменттің өзінің басты
мақсатын жүзеге асыруға бағытталған негізгі
тапсырмалар
Қазіргі кезде және болашақта кәсіпорын иелерінің әл-ауқатын барынша көбейтуді қамтамасыз ету
-алдағы уақытта кәсіпорынның даму тапсырмаларына
сәйкес қаржы ресурстарының жеткілікті көлемін құрауды
қамтамасыз ету;
- кәсіпорынның негізгі бағыт аясында қаржы
ресурстарының құрылған көлемін тиімді пайдалануды
қамтамасыз ету;
- көзделген пайда дәрежесінде қаржы
тәуекелі дәрежесін
барынша азайту;
-кәсіпорынның даму барысында, оның қаржы
тепе-теңдігін үнемі қамтамасыз ету;

Қаржылық менеджмент кәсіпорынның жалпы кірісі, акция кірісі және акция сценариімен жұмыс атқарады, сонымен қатар нақты нарық жағдайының күтіп отырған нарық жағдайына сәйкес келмегендіктен болатын шығын тәукелімен де жұмыс атқарады. Пайданы барынша көбейту мақсатын басшылыққа ала отырып, компания пайданың бардық түрін алуға болатын баламаны таңдауға тиіс. Акция курсын көбейтуге немесе төленетін дивидендтің көбеюіне әкелетіншешімдерді қабылдауы керек. Бірақ тәжірибеде мұндай әрекеттер капиталдың бір бөлігін жоғалтумен, меншік иелері алдағы кірістерінен айырылуымен, іскерлік имидждің төмендеуімен және кейде фирманың құруымен байланысты болады. Сонымен қатар фирма өз тарапынан ешқандай әсер ете алмайтын факторлар бар, осы факторлар фирманың пайдасын азайтады, оар: технологиялық, ресурстық, қаржылық, экологиялық және саяси шектеулер. [4, 15-бет]
Қаржылық менеджменттің ең негізгі екі буыны-пайда және тәуекел және олардың арақатынасы, әрбір нақты бір кезеңде корпарацияның қаржы менеджерінің нақты шешімін анықтайды. Осыған байланысты қаржылық менеджмент құрамына қаржы әрекетінің екә түрі енеді: біріншіден-пайданы көбейту, екіншіден-компанияның нақты өтімділігін қамтамасыз ету.
Қаржылық менеджмент қаржыны басқару мақсатын өндіру процесінен және оларға ықпал ететін әдістер мен тәсілдерден және қаржылық механиз тұтқасынан тұрады.
Әрбір басқарушы сияқты қаржы менеджменті белгілі бір басқару обьектісі бар екенін ұйғарады. Осындай басқару обьектісі болып, кәсіпорын қаржысы мен оның қаржы іс-әрекеті табылады. [1, 12-бет]
Капитал ме қаржы ресурстарының құрылуының ерекшілігі; осы ұаржы ресурстарды бөлудің формалары мен әдісі, ақша ағымының көлемі мен интенсивтілігі және басұа да қаржы әрекеттің шарттары жеке кәсіпорында өзгешеленеді. Сондықтан, қаржылық менеджментті іске асыру ерекшіліктерінен қаржы менеджменттің обьектісі ретінде классификациялау қажеттілігі туындайды. Жеке классификациялау белгі бойынша:
1. Меншік формасы бойынша:
- меншіктің мемлекет формасындағы кәсіпорын;
- мемлекеттің мемлекеттік емес формадағы кәсіпорындар;
2. Іс-әрекеттің ұйымдық-құқықтық нормалары бойынша:
* жеке кәсіпорын;
* серіктестік;
* корпаративті;
3. Сомалық белгі бойынша:
Соманың істеп тұрған классификаторы мен іс-әрекеттің түріне сәйкес кәсіпорынның түрі.
4. Меншікті капиталдың көлемі бойынша:
* кіші кәсіпорын;
* орташа кәсіпорын;
* үлкен кәсіпорын;
* ірі кәсіпорын;
5. Нарықтағы монополиялық орны бойынша:
* кәсіпорын табиғи монополист;
* тиісті нарықтағы өзінің өнімінөткізу үлесі бойынша монополиялы кәсіпорын;
* бәсекелестік ортада жұмыс істейтін кәсіпорындар;
6. Өмірлік цикл сатысы бойынша:
* құрылу сатысындағы кәсіпорын;
* балалық шақ сатысындағы кәсіпорын;
* жастық шақ сатысындағы кәсіпорын;
* ерте даму сатысындағы кәсіпорын;
* соңғы даму сатысындағы кәсіпорын;
* тоқырау сатысындағы кәсіпорын;
Қаржылық менеджменттің негізгі субьектілері:
* кәсіпорын иесі.Қаржыны басқару функцияларын және қаржылық іс-әрекеттің біршама бөлігің өзі жүзеге асырады.
* кең профильді ұаржы менеджері. Маман болып табылатын қызметкер кәсіпорынды қаржылық басқарудың барлық функцияларын орындайды.
* Функционалды қаржы менеджері. Тар маманданған жұмысшы, кәсіпорынның бір сферасындағы қаржы іс-әрекет функциясын орындайды.
Кәсіпорынның қаржылық әрекетін тиімді басқару бірқатар принциптерді жүзеге асыру барысында қамтамасыз етіледі, соның ішіндегі ең негізгілері:
1. Кәсіпорыды басқарудың жалпы жүйесімен біріктірілуі.
Кәсіпорынның қандай саласында болмасын басқару шешімі, тура және жанама түрде ақша ағымының құрылуына және қаржылық әрекеттің нәтижесіне әсерін тигізеді. Қаржылық менеджмент өндірістік менеджментпен, жұмысшылар менеджментімен және басұа да қызметтік менеджменттермен тікелей байланысты. Бұл кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесімен қаржылық менеджменттің үйлесімді біріктірудің қажеттілігін анықтайды.
2. Басқару шешімдерінің құрылуының кешенді сипаттамасы.
Қаржы ресурстарын құру, бөлу және өолдану саласындағы және кәсіпорынның ақша айналымын ұйымдастыру бойынша басқару шешімдері оның қаржы қызметінің нәтижесімен тығыз байланысты және оған тура немсе жанама түрде әсер етеді. Кей жағдайда бұл жағдай қарама-қарсы сипатта болады.
3.Басқарудың жоғарғы динамизмі.
Кәсіпорында өткен кезеңде дайындалып, жүзеге асырылған, ұаржы ресурстарын құрып, қолдану және ақша айналымын оңтайландыру саласындағы тиімді басқарушылық шешімдерүнемі кәсіпорынның қаржы қызметінің келешектегі кезеңдерінде қолданыла бермейді. Бұл нарықтық экономикаға көшу кезіндегі сыртқы факторлардың жоғарғы серпініне жіне ең алдымен-қаржы нарығының жағдайының өзгеруіне байланысты. Сонымен қатар, уақыт өткен сайын кәсіпорынның ішкі жағдайлары да өзгереді. Сол себепті қаржылық менеджментті сыртқы орта факторларының, ресурстық мүмкіндіктердің, өндірістік және қаржы қызметінің қйымдастыру нысандарының, ұаржы жағдайының және өзге де кәсіпорынның қызмет ету параметрлерінің өзгерісін ескертетін жғары динамизммен сипаттауға болады.
4.Жеке басқарушылық шешімдерді дайындауға көзқарастың көпнұсқалылығы.
Осы принципті жүзеге асыру үшін, қаржы ресурстарын құру және қолдану, ақша айналымын ұйымдастыру саласындағы әрбір басқарушылық шешімді әрекеттің балама мүмкіндігін ескере отырып дайындау қажет. Басқарушылық шешімнің балама жағдайлары болған жағдайда, кәсіпорынның нақты қаржы саясатын немесе қаржы стартегиясын, ұаржы идеологиясын анықтайтын критерийлер жүйесін негізге ала отырып, жүзеге асыратын талдау жасау қажет. Мұндпй критерийлер жүйесін кәсіпорын өзі бекітеді.
5. Кәсіпорынның даму стратегиясының мақсаттарынан хабардар болу.
Ағымдағы кезеңдегі қаржы қызметі саласындағы қандай да болмасын басқарушылық шешімдердің жобасы тиімді болып көрінгенмен, егер (ол) кәсіпорынның басты мақсатына, оны дамытудың стратегиялық бағыттарына қарама-қайшы келсе, алдағы уақытта қаржы ресурстарының ішкі көздері әсерінен меншікті қаржы ресурсын құрудың экономикалық базасын бұзса, ол қабылданбауы керек. [3, 46-бет]
Қаржылық менеджменттің 2 негізгі функциясы бар: басқару обьектісінің функциялары және басқару субьектілерінің функциялары.
Басқару обьектісінің функцияларына мыналар жатады: ақша айналымының ұйымдастырылуы, қаржылық құралдар және инвестициялармен жабдықтау, қаржылық жұмыстарды ұйымдастыру және т.б.
Басқару субьектілерінің функцияларына қаржылық жұмыста және шаруашылық процесте адамдардың қарым-қатынасына әрекет жасауға бағытталған жалпы қызмет түрі. Бұл функциялар, яғни нақты басқару қызмет түрі жинақтардан, табыстардан, ақпаратты сақтаудан, шешімдерді қабылдаудан тұрады. Қаржылық менеджментке мынадай функциялар тән: жоспарлау, болжау, ұйымдастыру, реттеу, үйлестіру, ынталандыру, бақылау.
Қаржылық менеджментте жоспарлау маңызды орын алады, Басқару функциясы-қаржылық жоспарлау-мемлекеттің қаржысымен байланысты қатынастарынреттейтін құқық саласы. Қаржылық жоспарлау экономикалық және әлеуметтік жоспарлаудың негізгі болып, ұаржылық механизмнің қосалқы жүйесі болып табылады. Қаржылық жосмарлау- ақша ресрстарын құру, бөлу, қайта бөлу, және пайдалану процестерін жоспарлы түрде басқару.
Болжау қаржылық менеджментте-белгілі бір құбылыс, обьекті, процестің нақты болашақ дамуында божамды әзірлеу болып табылады.
Қаржылық менеджментте ұйымдастыру формасы әр түрлі ережелер арқасында қаржылық бағдарламаны бірге тудыратын адамдар жиынтығы.
Реттеу қаржылық менеджментте - қаржылық жүйенәі тұрақтылық жағдайына жету құралы арқылы басқару обьектісіне әсер етуі. Реттеу ағымдағы іс-шаралар құрайды.
Үйестіру қаржылық менеджментте - мамандар және басқару аппараттарының, басұару жүйелердің барлық бөлімдерінің жұмысын ыңғайлату. [5, 82-бет]
Ынталандыру- өзінің еңбегінің қорытындысына қызығушылығы қаржылық қызметтегі жұмысшыларды ынталандыру болып табылады. Шығындалған еңбектің сапасы мен санына байланысты қажеттіліктердің бөлінуі арқылы ынталандыру жүзеге асырылады.

ҚАЗТРАНСОЙЛ АҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ

ҚазТрансОйл АҚ-ның технико-экономикалық сипаттамасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 2 сәуірдегі №461 Қаулысымен 1997 жылғы сәуірде Мұнай Тасымалдау жөніндегі ҚазТрансОйл Ұлттық Компаниясы жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамы құрылып, оған Қазақстанның барлық жұмыс істеп тұрған магистралды мұнай құбырлары, мұнай өнімдері құбырлары және су ағызарлары берілді.
Компанияны құрудың мақсаты - мұнай тасымалдауды, оның экспорты мен импортын жүйелендіру, кәсіпорындарды басқару құрылымын оңтайландыру болатын. Халықаралық мәселелерде Қазақстан Республикасының экономикалық (ұлттық) мүдделерін сақтау, инвестициялар тарту, барлық арналы мұнай құбырлары үшін бірыңғай тарифтік саясат жүргізу қажеттігі де көзделген. Компания-Қазақстанның бүкіл аумағында мұнай құбыры жүйесінің операторы болып табылады.
ҚазТрансОйл Қазақстанның сегіз облысының аумағынан өтетін 6400 шақырымнан астам арналы мұнай құбыры мен 2000 шақырымдық су ағызғыны пайдаланады. Компанияның құрамына 39 сорап айдау станциясы енеді. Резервуар паркіндегі мұнай қоймаларының жалпы көлемі 1200 мың текше метрді құрайды. Компания Атырау қаласындағы, Атырау облысының Мақат станциясындағы мұнай құятын темір жолэстакадаларын және Ақтау МАС-ында мұнай қотару эстакадасын пайдаланады (2000 жылы Атырау қаласында мұнай қотаратын эстакада және Қарағанды облысында Атасу мұнай құю эстакадасы пайдалануға берілді). Темір жол цистерналарына мұнай құятын терминалдардың жалпы қуаты жылына 5 млн. тоннаға жетеді. Ақтау теңіз портының қайта құрылуына және кеңейтілуіне байланысты теңіз терминалдарынан шикі мұнай жөнелту көлемі жылына 2 млн. тоннаға өсті, ал мұнай құю айлағының жобалық қуаты жылына 6 млн. тоннаға дейін жетеді. [17]
Компания Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына, сондай-ақ, жақын және шет елдерге экспортау үшін шикі мұнай тасымалдауды қамтамасыз етеді.
ҚазТрансОйл Қазақстанның бүкіл мұнай құбыры жүйесінде орталықтандырылған диспетчерлік бақылауды және мұнай жеткізілімін басқаруды жүзеге асырады, Қазақстанда өндірілетін мұнайдың негізгі көлемін құбыр арқылы тасымалдауды қамтамасыз етеді.
ҚазТрансОйл барлық құбыр желісі жобаларында, оның ішінде халықаралық жобаларда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіруге уәкілетті. Компанияға үкіметаралық келісімдерге сәйкес көмірсутегілерін тасымалдау мәселелері бойынша басқа мемлекеттердің мұнай құбыры компанияларымен бірлесіп іс-қимыл жасау жөнінде міндеттер жүктелген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 мамырдағы №591 Қаулысымен ҚазТрансОйл ЖАҚ акцияларының 100%-ы жаңадан құрылған Мұнай және Газ Тасымалы Ұлттық Компаниясы ЖАҚ-тың басқаруына берілді.
Ал, 2002 жылғы ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Ел экономикасының мұнай-газ секторындағы мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы Жарлығына сәйкес, ҚазТрансОйл жаңадан құрылған ҚазМұнайГаз Ұлттық Компаниясы ЖАҚ-тың қарауына енгізілді.
Компания Қазақстанда өндірілетін мұнайдың 80%-інің тасымалын жүзеге асыра отырып мұнайдың құбыр арқылы тасымалы жөніндегі қызметтер рыногында монополист болып табылады.
Компанияның құқықтық статусы келесі құжаттармен анықталады:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Ел экономикасының мұнай-газ секторындағы мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы Жарлығы, 2002жыл 20 ақпан.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Южнефтепровод және Қазақстан мен Орталық Азияның магистралды мұнай құбырлары өнеркәсіптік бірлестіктерін-Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта құру туралы Қаулысы, 1997 жыл, 2 сәуір.
Ұлттық компанияның ұйымдық құрылымы екі филиалдан тұрады.
1. Батыс филиалы. Құрылу мерзімі 1997жыл 1 қазандағы №44 бұйрық Южнефтепровод ӨБ негізінде.
ТМД-дағы жалғыз ыстық мұнай құбырының учаскелері Өзен-Атырау-Самара 1969 жылы, Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау 1979 жылы, Астрахань-Маңғыстау су ағысының негізгі тармағы 1987 жылы, Атырау-Мақат су ағызғысының негізгі тармағы 1978 жылы пайдалануға қабылданды.
ҚазТрансОйл АҚ Батыс филиалының негізгі міндеттері:
- мұнайды Батыс Қазақстан кенішінен Атырау МӨЗ-ге, Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау, Өзен-Атырау-Самара магистральды мұнай құбырларымен жақын және алыс шет елдерге экспортқа тасымалдау;
- мұнайды Атырау МАС, Мақат МАС қотару-құю темір жол эстакадасы және Ақтау МАС құю эстакадасы арқылы жеткізу;
- Ақтау теңіз кемежайында танкерлерге құю;
- Атырау және Маңғыстау облыстарының, оның ішінде Құлсары қаласының, Бейнеу кентінің, Жаңаөзен қаласының кәсіпорындары мен халқы үшін Жайық өзенінен техникалық және ауыз суды дайындау мен жеткізу.
ҚазТрансОйл Батыс филиалы өндірістік қызметінің 2009 жылғы негізгі көрсеткіштері.
Мұнай жеткізу туралы:
Батыс филиал бойынша 2009 жылғы мұнай жеткізу көлемі 30 млн. тонна болды, бұл 2008 жылдың осындай кезеңінен 5 млн тонна артық (2008 жылғы көлем 25 млн тонна).
Өзен-Атырау-Самара мұнай құбырымен мұнай тасымалдау көлемі 15 млн. тонна болды, бұл 2008 жылғы нәтижеден 843 мың тонна артық. Өзен-Атырау-Самара мұнай құбыры жұмыс істеген барлық уақыт ішінде бірінші рет осындай межеге - 15 млн. тонна тасымалдау көлеміне қол жеткізді.
2009 жылы Ақтау кемежайынан жөнелту көлемі 2008 жылғы 6 млн. тонна орнына 7,2 млн. тонна болды (1,2 млн. тонна артты).
Су жеткізу туралы:
2009 жылы су жетккізу 18 млн. текше метр болды, бұл өткен 2006 жылдың осындай кезеңінен 14,8 млн. текше метр артық.
Қызметшілерді дамыту:
ҚазТрансОйл АҚ жыл сайын қызметшілердің жоспарлы да мақсатты дамуына елеулі қаражат салып отырады. 2009 жылы Батыс флилалдың 1902 қызметкері оқудың әр түрін өтті, нақты жұмсалған қаржы 21 миллионға жуық теңгені құрады.
Әлеуметтік жұмыс туралы:
Қызметкерлерді әлеуметтік қолдау, жоғары өнімді еңбекке қолайлы жағдай жасау мақсатында Қоғам құрылған кезден бастап ҚазТрансОйл АҚ қызметкерлеріне берілетін әлеуметтік кепілдіктер, өтемақылар және жеңілдіктер туралы ереже қолданылуда, осыған сай әлеуметтік жеңілдіктердің мынадай түрлері жүзеге асырылады:
- мерейтойларға арналған материалдық көмек;
- некелесуге арналған материалдық көмек;
- бала туғанда берілетін жәрдемақы;
- 1,5 жасқа дейінгі баласы бар аналарға материалдық көмек;
- зейнетке шыққанда берілетін материалдық көмек;
- төтен ерекше жағдайларда берілетін бір реттік көмек. [14]
2.Шығыс филиалы ҚазТрансОйл АҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Оның құрамына Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Шымкент төрт мұнай құбыры басқармасы және Өндірістік-техникалық қамтамасыз ету орталық базасы кіреді.
Қазіргі кезде филиал Батыс Сібір мұнайын Павлодар мұнай-химия зауыты ЖАҚ-на және Құмкөл мен Ақшабұлақ кеніштері мұнайын ПетроҚазақстанОйлПродактс ААҚ-на қабылдауды, тасымалдауды әрі тапсыруды қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, Атасу мұнай құю эстакадасынан Батыс Сібір және Қазақстан мұнайын тасымалдау және құю, ал Шағыр МҚЭ-ден Қазақстан мұнайын құю қамтамасыз етіледі.
01.01.2009 жылғы жағдай бойынша филиал бір тармақпен есептегенде 2576,48 км мұнай құбырын пайдаланды.
2009 жылы тасымал қызметтерінің нақты көлемі жоспардағы 8666 мың тоннаның орнына 9608 мың тонна болды немесе 942 мың тоннадан артық тасымалданды, бұл 111%-ті құрайды, оның ішінде Атасу мұнай құю эстакадасынан 1352 мың тонна және Шағыр мұнай құю пунктінен 1505 мың тонна көлемінде мұнай құйылды. 2009 жылы Құмкөл-Жосалы мұнай құбырымен 2899 мың тонна мұнай тасымалдануы себепті көлік қызметтерінің көлемі 2006 жылғы көлеммен салыстырғанда 824 мың тоннаға азайды.
2009-шы жылы ҚазТрансОйл АҚ жүйесі бойынша тасымалданған мұнай көлемінің жалпы көлемі 38 390 мың тоннаны құрап отыр. Бұл 2008-ші жылғы нәтижемен (34 192 мың тонна) салыстырғанда 12 пайызға артық. Жүк айналымының ауқымы 25 135 млн тонна шақырымды қамтып, 2008-ші жылға (24 604 млн. тонна шақырым) қарағанда 2 пайызға өскен. Жалпы Қоғам бойынша жүк айналымының артуы тасымалданған өнім көлемінің ұлғайғандығынан әрі Батыс пен Шығыс филиалдары арналы мұнай құбырларының жүйесіне интеграциялау саясатын енгізгендіктен оң нәтижесін беруде.
Осындай оң өзгерістерге Қазақстандағы мұнай өндіру ісінің қарқын алуы мен өнімнің еселенуі ықпал етті. Екіншіден, ҚТО қазақстан мұнайын транзиттік тасымалдаумен айналысатын кәсіпорындардың барлығымен нақты өзара әрекеттестікті қалыптастырды. Сондай-ақ, транзитті мемлекеттердің , оның ішінде Ресейдің уәкілетті мемлекеттік органдары тарапынан тиісті қолдау тапты. Сөйтіп, 2009 жылы Компания ынтымақтастық жөнінде едәуір жоғары деңгейге қол жеткізе білді.
Су ағызғылар жүйесі бойынша су жеткізудің жалпы көлемі 2009 жылы 18 004 мың шаршы метрді құрап, 2008 жылға қарағанда (14 839 мың шаршы метр) 21 пайызға артып түсті.
2009 жылғы мұнай тасымалдау мен су жеткізу саласында көрсетілген қызмет үшін түскен түсім 60 414 млн. теңгеге жетті. 2008 жылмен салыстырғанда түсім 3 пайызға немесе 1 991 млн. теңгеге артқан.

3-кесте. ҚазТрансОйл АҚ - ның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ АҚПАРАТТЫҚ БАЗАСЫ РЕТІНДЕ
Менеджмент қызметі
Кәсіпорынның қызметкерлерін баскару
Нарықтық экономикадағы фирма менеджменті
ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кәсіпорын қаржысын басқару
Қаржылық менеджменттің механизмі мен ақпараттық база
«Қаржы менеджмент» пəн бойынша сырттай оқу нысанында оқитын студенттерге өзіндік жұмыстарды орындауға арналған əдістемелік нұсқасы
Банктің несиелік ресурстарын қалыптастырудың теориялық негізі
Қазақстан кәсіпорындарындағы қаржылық менеджменті
Пәндер