Ауески ауруының сипаттамасы, диагностикасы, алдын алуы



 Ауруға сипаттама
 Ауески ауруының қоздырушысы
 Клиникалық белгілілері, патогенезі
 Ауески ауруының диагностикасы
 Алдын алу және күресу шаралары.
 Ауески ауруы (Morbus Aujesztcy, болезнь Ауески) - жіті өтетін, өкпе қабынған, орталық жүйке жүйесі зақымданған, шошқа, күзен және бұлғыннан басқа жануарларда денесі қышыма белгілерімен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
 Тарихи деректер. Ауруды бірінші рет 1902 ж сипаттап, құтырықтан ажыратқан венгер ғалымы А. Ауески. Біраз елдерде бұдан бұрын да белгілі болған, ал 1930 жылдардан бастап көптеген мемлекеттерде байқалады. Қазіргі уақытта оның шошқа шаруашылыгына тигізер зияны айтарлықтай. Әсіресе торайлар өте сезімтал, 80-90%-ға дейін қырылады. Ересек шошқалар төзімді, ал басқа жануарлардың жасы да, ересегі де, әдетте өліп қалады. Ауырып жазылған шошқаның өсуі баяулап, асыл тұқымды жануарлар құнын жояды. Карантин мен басқа да шаралар шаруашылыққа зор зиян келтіреді.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Тақырыбы: : Ауески ауруының сипаттамасы, диагностикасы, алдын алуы

Орындаған : Белгибек Д.Б
Тексерген : Жакиянова М.С.

Семей қаласы 2015
Жоспар:
:: Ауруға сипаттама
:: Ауески ауруының қоздырушысы
:: Клиникалық белгілілері, патогенезі
:: Ауески ауруының диагностикасы
:: Алдын алу және күресу шаралары.

oo Ауески ауруы (Morbus Aujesztcy, болезнь Ауески) - жіті өтетін, өкпе қабынған, орталық жүйке жүйесі зақымданған, шошқа, күзен және бұлғыннан басқа жануарларда денесі қышыма белгілерімен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
oo Тарихи деректер. Ауруды бірінші рет 1902 ж сипаттап, құтырықтан ажыратқан венгер ғалымы А. Ауески. Біраз елдерде бұдан бұрын да белгілі болған, ал 1930 жылдардан бастап көптеген мемлекеттерде байқалады. Қазіргі уақытта оның шошқа шаруашылыгына тигізер зияны айтарлықтай. Әсіресе торайлар өте сезімтал, 80-90%-ға дейін қырылады. Ересек шошқалар төзімді, ал басқа жануарлардың жасы да, ересегі де, әдетте өліп қалады. Ауырып жазылған шошқаның өсуі баяулап, асыл тұқымды жануарлар құнын жояды. Карантин мен басқа да шаралар шаруашылыққа зор зиян келтіреді.
oo Қоздырушысы - Suid herpesvirus 1 - құрамында ДНҚ бар герпес вирустар тұқымдастыгына жататын, торшаның ядросында көбейетін вирус.
oo Жетілген вириондары 180-190 нм, липопротеидгі қабығы бар. Барлық ауыл- шаруашылық малдары, терісі бағалы аңдар, жабайы жануарлар мен кемірушілер үшін зардапты. Қолдан жұқтыруға үй қояны өте сезімтал, сондықтан оны балау үшін биосынамаға пайдаланады. Табиғатта уыттылығы әр түрлі штаммдары кездескенімен бұл вирус антигендік қасиеті жағынан біркелкі.

oo Табиғи жағдайда ауруға ең жиі шалдығатын- дар: шошқа, ит, мысық және синантропты кемірушілер. Сирек ауыратын жануарлар ірі қара мен терісі бағалы аңдар. Жұмыр тұяқтылар мен приматтар төзімді келеді де, табиғи жағдайда сирек ауырады. Кей жағдайда адам да ауырады. Барлық жануарлардың жас төлдерінің, әсіресе торайлардың ересектерімен салыстырғанда ауруға бейімділігі өте жоғары.
oo Ауру қоздырушысының бастауы - ауырған жануарлар. Олар вирусты тұмсығынан, көзінен, қынаптан аққан сұйықтықтармен, несеппен және сүтпен бірге бөліп шығарады. Бұл ауру сиыр, қой, ешкі, ит, мысықта өте ауыр өтеді де, әдетте ауырған жануар өледі. Сондықтан да олардың арасында вирус алып жүру орын алмайды да, індеттің қаулауы одан ары өрбімей тез өліп қалады. Шошқа мен синантропты кемірушілер жеңіл ауырады. Жазылып кеткеннен соң ұзақ уақыт бойы шошқа 2-3 жылға дейін, кемірушілер бірнеше ай бойы вирус алып жүреді. Сондықтан олардың инфекция қоздырушысының бастауы ретінде ауру таратудағы маңызы зор.
oo Вирустың денеге ену жолына, жануарлардың түр және жас ерекшеліктеріне қарай дерттің дамуы әр түрлі өтеді.
oo Ауыз бен тыныс жолдарының кілегейлі қабықтары арқылы енгенде вирус инфекция қақпасында шошқаның денесінде тез, ал басқа жануарларда баяу көбейеді. Аз уақыттан кейін ол жүйке мен сөл жолдары арқылы миға жетеді де, вирустың көбеюі ми мен оның қабықгарының жіті қабынуына әкеп соғады. Бұндай жағдай жануарларда, әсіресе ет қоректілерде сонымен қатар торайларда энцефаломиелиттің клиникалық белгілері білінеді.

Тері арқылы енген вирус кірген жерінде тез көбейіп, гематогендік және лимфогендік жолмен денеге тарағанымен миды онша зақымдай қоймайды. Вирустың пантроптылығы әсіресе шошқада байқалады да, соның нәтижесінде қоздырушы барлық ішкі ағзаларда жиналып, жүйкені зақымдаумен қатар өте ауыр септицемия тудырады. Оның нәтижесінде дененің ыстығы көтеріліп, әртүрлі ағзаларда домбығу мен қанталау (геморрагиялық диатез) байқалады. Аурудың нәтижесінде минеральдық заттар белок және көмірсу алмасуы бұзылады, орталық жүйке жүйесі мен теріде ацетилхолин мен гистаминнің мөлшері өзгереді де, дене қышынады (гиперестезия). Дерт процесі тыныс және ас қорыту жүйесін қамтығанда өкпе домбығып, пневмония байқалады, іш өтеді.
oo Инкубациялық кезең негізінен 1-8 күн, кейде 3 аптаға дейін созылады. Оның ұзақтығы жануардың түріне, жасына және табиғи төзімділігіне және вирустың уыттылығы мен енген жеріне байланысты. Ауру жіті өтеді.
oo Шошқада аурудың клиникалық белгілері ең алдымен жасына байланысты. Ересек шошқада негізінен зілсіз өтеді, 1-3 күн бойы аздап ыстығы көтеріледі, жабырқау тартып, тәбеті бұзылады, кейде құсады. Жануардың көпшілігі елеусіз түрде ауырады. Кей жағдайда ересек шошқалардың ауруы күшті болуы да мүмкін. Онда аталған белгілерімен қоса мұрынынан сора ағып, жөтел, ентіге дем алу, теңселіп жүру, сілекей ағу, аяғы, жұтқыншағы мен көмейі салдану байқалады. Жануар есеңгіреген күйінде өліп кетеді. Бордақыдағы үлкейген торайларда, егер тұмаудың вирусы, салмонеллалар мен пастереллалар қабаттасса, өкпесі қабыну жиі байқалады. Мегежіндердің сүті қайтып, жаппай іш тастайды, не өлі туады. Ауру еметін және енесінен бөлінген торайларда өте зілді өтеді.
oo Ауруды өлі тиген, эпилепсиялық дел-сал және аралас түрлерге бөледі. Жаңа туған торайларда 10 күнге дейін ауру менингоэнцефалиттің белгілерімен өтеді. Ауырған торайдың жылжуға, емуге және дыбыс беруге шамасы келмейді. Қалшылдап, сілекейі ағып, жұтқыншағы сіреседі. Бір күннің ішінде өліп қалады10 күннен 4 айға дейінгі торайларда аурудың өлі тиген және менинго-эңцефалит түрлері аралас өтеді. Бас кезінде дененің ыстығы 41°С және одан да жоғары көтеріледі, жабырқау тартып, әлсіреп құсады, шөлдейді. Кейінірек орталық жүйке жүйесінің зақымданған белгілері байқалып, не қозу (эпилепсия), не тежеу (дел-сал) процестері басым болады.
oo Эпилепсиялық түрі кезінде торай алға ұмтылып бір жерді айнала береді. Мойын және жақ еттері құрысып, тістерін шықырлатып, омыртқасы иіледі. Қайта-қайта сереңдеп, әбден сілесі кұриды. Вирус аңқа мен жұтқыншақта көбейсе ларингофарингит пайда болып, танаудан сора. ағады, шыңғырған дауысы қырылдап шығады немесе дыбысы мүлдем шықпайды (афония). Көзі мүлдем көрмей қалады, тұла бойының бұлшық еттері салданады.
oo Дел-сал түрі кезінде жабырқау тартып, басын салбыратып, танауымен жер тіреп, ебдейсіз тұрады. Сирақтарын бауырына қарай тартып, жүргенде тәлтіректейді. Жатқан сиқы ебдейсіз болады. Менингоэнцефалиттен тыс жүрегі дүрсілдеп, бүйірімен дем алады. Соңғы кезеңде өкпенің домбығуы мен қабынуы байқалады. Эпилепсиялық және дел-сал түрінің екеуінің де ұзақтығы бірнеше сағаттан 2-3 күнге дейін созылады. Кейбір торайлар ыстығы көтеріліп, құсып, ішінен қан кетіп, тез арада өліп кетеді (ішектегі түрі). Ересек шошқалардай торайларда да орталық жүйке жүйесі зақымданбай өкпедегі түрі кездеседі. Өлі тию белгілері қауырт өрбіп, жоғарғы тыныс жолдары қабынып, өкпенің домбығуы мен қабынуынан жануар 1-2 күн ішінде өледі.
oo Кейде торайларда аурудың өшкін түрі кездеседі. Жануар әлсіреп, маужырап, бей-жай күйге түсіп, жөтеле береді. Аурудың ұзақтығы 7 күнге дейін.
oo Торайлардың ауруға шалдығуы - 70-100%, ал өлім көрсеткіші 2 апталық кезінде 80-100 %, одан ересектерінде 40-80%. Басқа жануарлардан шошқаның ерекшелігі олардың денесі қышынбайды. Басқа жануарларда вирустың ерекше нейротропизмі нәтижесінде орталық жүйке жүйесі қатты зақымданып, жануар желігіп, қалшылдап, салданады. Сиырда бастапқыда дененің қызуы 42°С-қа жетеді, күйіс қайыруын қойып, денесі, әсіресе басы қатты қышынады. Ауырған мал селқостанып, қышыған жерін жалап үйкей береді. Кейіннен тынышсызданып, шошынып, мөңірейді, жұлқынады, бірақ өшпенділігі болмайды. Кейде жақ не мойын еттері құрысады. Несеп шығаруға ыңғайлана береді, сілекейі ағып, тер шығады, күйіс қайтармайды денесі дірілдейді. Қанын шығара үйкеген, қышыған жерлері домбығады. Жануар қалжырап, жатып қалады, ауырғанына 1-2 күн болғанда, кейде 3-4 күн өткен соң барып өледі. Кейде денесі қышынбайды, бірақ, сілекей мен тер көп ағады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Торайлардың ауески ауруының диагностикасы мен сауықтыру шаралары
Аурудың жалпы сипаттамасы
Торайлардың ауески ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері жайлы
Жануарлардың вырустық аурулары
Иттің оба ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Етқоректілердің құтыру ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Листериоз ауруының сипаттамасы
Жануарлардың ауески ауруын алдын - алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесі
Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары
Пәндер