Көкөніс шаруашлығындағы тұқым ерекшеліктері



1. Көкөніс шаруашылығындағы тұқымға сипаттама
2. Тұқым тіршілігінің ұзақтығы
3. Тұқымды себуге дайындау
4. Тұқымды гидротермиялық өңдеу
5. Тұқымды себу мерзімі
6. Тұқымды себу және отырғызу тәсілдері
7. Қорытынды
Тұқым - ағзаның сұрыптық тұқым қуалаушылық белгілері мен қасиеттерін сақтаушы. Тұқым ұрықтанған бүршігінің ұлғаюының нәтижесінде пайда болады. Іссанада көбінесе тұқым деп, жатынның ұлғаюынан пайда болған құрғақ жемісті айтады.Көкеніс дақылдарының тұқымдары өзара мөлшерлері, пішіндері, түстері, иістері бойынша ажыратылады. Тұқымдарының көлемі (массасы) бойынша В.И. Эдельштейн көкөніс дақылдарын 1 грамдағы тұқым санына байланысты бес топқа бөледі: өте ірілер, тұқым саны 10-нан аспайтындар-бұршақбас, үрме бұршақ, асбұршақ, асқабақ, қарбыздың ірі дәнді сұрыптары, қантты жүгері; ірілер (11-100 дана) – қарбыздың ұсақ дәнді сұрыптары, қауын, қияр, қызылша, рауғаш, саумалдық, шалғам, шалқан; орташалар (150-300 дана) – қызанақ, орамжапырақ, тарна, пияз, бұрыш, баялды, ботташық, аскөк; ұсақтар (600-1000 дана) – сәбіз, ақжелкен, шомыр, ақсүтіген; өте ұсақтар (1000-асатындар) – қымыздық, қызылшөп, балдыркөк.
1) Жеміс және көкеніс шаруашылығы - Н. Г. Щепетков, М. Ә. Ысқақов.
2) Жеміс, көкеніс шаруашылығы – О.Үкібаев, М. Есенгалина

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

ОӨЖ

Тақырыбы: Көкөніс шаруашлығындағы тұқым ерекшеліктері

Орындаған: Әділханова Т.
Тексерген: Мұхаметжанова О.
Топ: АГ-213

Семей 2015

Жоспар

1. Көкөніс шаруашылығындағы тұқымға сипаттама
2. Тұқым тіршілігінің ұзақтығы
3. Тұқымды себуге дайындау
4. Тұқымды гидротермиялық өңдеу
5. Тұқымды себу мерзімі
6. Тұқымды себу және отырғызу тәсілдері
7. Қорытынды

КӨКӨНІС ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ТҰҚЫМҒА СИПАТТАМА Тұқым - ағзаның сұрыптық тұқым қуалаушылық белгілері мен қасиеттерін сақтаушы. Тұқым ұрықтанған бүршігінің ұлғаюының нәтижесінде пайда болады. Іссанада көбінесе тұқым деп, жатынның ұлғаюынан пайда болған құрғақ жемісті айтады.Көкеніс дақылдарының тұқымдары өзара мөлшерлері, пішіндері, түстері, иістері бойынша ажыратылады. Тұқымдарының көлемі (массасы) бойынша В.И. Эдельштейн көкөніс дақылдарын 1 грамдағы тұқым санына байланысты бес топқа бөледі: өте ірілер, тұқым саны 10-нан аспайтындар-бұршақбас, үрме бұршақ, асбұршақ, асқабақ, қарбыздың ірі дәнді сұрыптары, қантты жүгері; ірілер (11-100 дана) - қарбыздың ұсақ дәнді сұрыптары, қауын, қияр, қызылша, рауғаш, саумалдық, шалғам, шалқан; орташалар (150-300 дана) - қызанақ, орамжапырақ, тарна, пияз, бұрыш, баялды, ботташық, аскөк; ұсақтар (600-1000 дана) - сәбіз, ақжелкен, шомыр, ақсүтіген; өте ұсақтар (1000-асатындар) - қымыздық, қызылшөп, балдыркөк.
Ұсақ дәнді дақылдар үшін топырақты себер алдында өте мұқият өңдеу, тегістеу және тұқым сепкішті себу тереңдігіне дәлірек реттеу қажет. Ұсақ тұқымдарды топыраққа терең сіңіруге болмайды.
Тұқымның егістік (себу) және сұрыптық сапасын ажыратады. Себу сапасына: тазалығы, өнгіштігі, көктеу (өну) энергиясы, өміршеңдігі (тіршілікке қабілеттілігі), өсу күші, дымқылдылығы, аурулармен және зиянкестермен залалдануы, себуге жарамдылығы, егістік өнгіштігі, тіршілігінің ұзақтығы жатады.
Себу сапасы бойынша тұқымдарды екі класқа бөледі. Тұқымның сұрыптық сапасын олардың сұрыптық тазалығы, яғни аталған сұрыпқа жататындығы бойынша анықтайды. Көкөніс дақылдары элита, 1 және 2 сұрыптың тұқымы болып үш санатқа (категорияға) бөлінеді.
Тұқым тіршілігінің ұзақтығы. Шаруашылық жағдайда ботташықтың, балдыркөктің тұқымдары өнгіштігін 1-2 жыл ғана сақтайды; аскөк, ақжелкен, рауғаш, қымыздық, бұрыш - 2-3; сәбіз, ақ сүтіген, саумалдық - 3-5; орамжапырақ, қызылша, қояншөп, қызанақ - 4-5; бұршақбас, асбұршақ, жүгері - 5-6; асқабақ тұқымдастары - 6-8 жыл. Тұқымдардың өнгіштігін сақтауы, оны сақтаған кездегі температура мен ылғалдылыққа тікелей тәуелді. Тұқымдар тыныштық күйде болсадағы тыныс алуын жалғастырады. Тыныс алу үдерісі тұқым қабығының астындағы және тұқымның жан-жағындағы ауа қабатындағы оттектің есебінен жүреді. Тұқымның тыныс алуы өте әлсіз, бірақ температура жоғарылаған сайын ол да күшейе түседі, әсіресе тұқымның дымқылдылығы артса. Көкөніс дақылдарының тұқымдарының сақталуына қолайлы температура 0-5°C; тұрақты 14-18°C жылылықтада тұқымдар жақсы сақталады. Құрғақ тұқымдар төмен (-180°C) және салыстырмалы түрдегі жоғары (80-85°C) температураға шыдайды, бөрткендері - 2-10°C температурада опат болады және ұзақ уақыт 60-65°C қыздырғанды көтере алмайды.
Тұқымның сақталуына дымқылдылықтың тигізетін әсері басымырақ болады. Сақтаған кезде дымқылдық белгіленген шектен аспауы қажет; көкөніс дақылдарының басым бөлігінде ол 13-тен 15 %, орамжапырақ және бұршақ тұқымдастарда - 9-дан 11% дейін. Дымқылдығы жоғары тұқымдар нашар сақталады және өнгіштігін тез жоғалтады.
Өнгіштікі жоғалтуда маңыщды рөлді тек тұқымдардың дымқылдылығы ғана емес, сонымен бірге ауа дымқылдылығы да атқарады. Жоғары дымқылдылық, әсіресе жылумен біріксе, тұқымның тез бұзылуына әкеледі. Сондықтан сақтау орны ауасының салыстырмалы дымқылдылығы сапалы тұқымның дымқылдылығынан 2 % төмен болуы керек. Су буларын, көмір қышқыл газын сыртқа шығару және тұқымды оттекпен қамтамасыз ету үшін қойманы жүйелі түрде желдетіп тұру қажет. Әр түр мен сұрыпқа тән тұқым түсі, оның күйі мен балаңдылығының дәлелі. Түссіз және бозарған (өңсіз) түс тұқымның толық піспеген кезеңінде, дымқылды ауа райында жиналғанын немесе оларды күн көзінде кептіргенін білдіреді.
Асқабақтың және қиярдың жаңа тұқымдары дерлік ақ, ескі тұқымдары сарғаяды, олардың өңі күңгірт немесе кір-қожалақ болады. Кейбір көкөніс дақылдарының (шалғам, шалқан, орамжапырақ) тұқымдары барлық жағдайларда да өздеріне тән түстерін жоғалтпайды.
Кейбір көкөніс дақылдарын (сәбіз, ақжелкен, балдыркөк) ұзақ уақыт сақтағанда оларға тән иістің азаюы, тіпті біржола жоғалуы мүмкін, бұл тұқымның жасы мен сапасының айрықша белгісі. Себуге көкөніс дақылдарының егісі үшін өткен жылғы өнімінің тұқымын қолданады, бұлар ең жоғары өнгіштікке ие.
Көкөніс шаруашылығында кең түрде гетерозисты будандар қолданыс табуда. Өсімдіктегі гетерозисі-бірінші ұрпақтың тіршілікке бейімділігі, өнімділігі мен жетілгіштігі жағынан, ең жақсы ата-аналарының бірінен асып түсу құбылысы. Мысалы, қиярдың Успех 221, Гибрид 220 атаулы будандары үлгі қалыптағы (стандарттағы) сұрыптардан өнімділігі бойынша 30-40% артық болады, ал жеміс салуының бірінші онкүндігіндегі тауарлы көк түйнегі (көк қияр) 2-3 есе артады. Пияздың Каба және Испанский 313 сұрыптарын будандастырып алынған гетерозисті буданы, өнімділігі жағынан Каба сұрпынан (52%) жоғары болған.

ТҰҚЫМДЫ СЕБУГЕ ДАЙЫНДАУ

Тұқымды себуге дайындау. Көкөніс шаруашылығында тұқымды себуге әртүрлі тәсілдермен дайындайды: іріктеу, зарарсыздандыру, гидротермиялық өңдеу, түрлі заттармен қаптамалау (әртүрлі қоректік, қорғаныс және еліктеткіш заттармен сыртынан қаптамалау немесе дражелеу).
Іріктеу - тұқымдарды массасы немесе көлемі бойынша фракцияларға бөлу. Оны ППС-2,5 пневматикалық үстелінде, Петкус-супер К-212, Петкус-селектра К-21871 тұқым тазалағыш машиналарында жүргізеді.
Ұзынша пішінді тұқымдарды (сәбіз, ақжелек, аскөк) көздері төрт бұрышты, ал шар тәрізділерін (орамжапырақ, тарна, шалғам т.б.) дөңгелек көзді електерден өткізеді. Аз мөлшердегі тұқымдарды тығыздығы бойынша бөлу үшін оларды ас тұзының немесе аммиак селитрасының 3-5 % ерітіндісіне салып мұқият араластырады, 5-7 мин өткен соң ерітінді бетіне қалқып шыққан жеңілдерін алып тастайды, қалғандарынан ерітіндіні төгіп, оларды бірнеше рет таза сумен жуып, кептіреді.
Зарарсыздандыру. Тұқымның сыртындағы саңырауқұлақтар мен бактериялардың спораларын жою үшін тұқымдарды термиялық жолмен және химиялық дәрмектермен өңдейді. Термиялық жолмен зарарсыздандырғанда температура 78°C төмен болса вирус жойылмайды, ал 80°C жоғары болса тұқымның өнгіштігі төмендейді. Сондықтан құрғақ тұқымның термиялық өңдеуін (қыздыру) термостатта, міндетті түрде түнде кезекші тағайындап жүргізеді. Дымқылдатып өңдегенде температура 50°C аспауы керек.
Қиярдың вирустық ауруларына қарсы құрғақ тұқымын термостаттың тор көзді сөрелеріне 1 см қалыңдықпен төгеді. Алғашқы үш тәулік бойы 50-52°C, ал сосын бір тәулік бойы 78-80°C қыздырады. Балдыркөктің тұқымын септариозға қарсы 30 мин. бойы 48-49°C қыздырады, сосын суық суда салқындатады. Тұқымды сусымалы күйге дейін кептіру үшін торға немесе кенепке төгеді. Орамжапырақ, сәбіз, пияз тұқымдарының ауру қоздырғыштарын жою үшін 20 мин бойы 50°C ыстық суда ұстайды, сосын суық суда тез суытып, кептіреді. Пияздың тамыр мойыны шірігін жою үшін отырғызатын пиязшықты немесе пияз көшетін 45°C дейін қыздырылған ауамен бірнеше күн қыздырады.
Асқабақтар тұқымдастарының тұқымын 3 сағат бойы 50-60°C қыздыру аналық гүлдердің көптеп байлануына ықпал жасайды және өнімділікті арттырады. Ас бұршақтың тұқымын 5 сағ бойы 40-50°C қыздырады.
Химиялық жолмен залалсыздандыру тұқымның бетіндегі зиянкестер мен ауруларды ғана жойып қоймайды, сонымен бірге топырақтағы аурулар мен зиянкестерден қорғайды. Тұқымды құрғақ күйінде өңдеу үшін 1 кг тұқымға ТМТД 80%-ды суланғыш ұнтағының 5-7 г қолданылады. Тұқымды дәрілегенде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтайды: өңдеуді арнаулы, жақсы желдетілетін жерлерде жүргізеді; дәрілеген кезде тамақтануға, шылым шегуге, сусын ішуге болмайды. Дәрілеуді денсаулығы жақсы, осы жұмысты орындауға рұқсат берілген және нұсқау алған адамдар ғана атқарады.
Гидротермиялық өңдеу тұқымды шылаудан және көктетуден, барботылаудан, өніп келе жатқан тұқымға төмен немесе ауыспалы температурамен әсер етіп шынықтырудан тұрады.
Суда шылау. Тұқымды қапқа салып (12-13 бөлігіне) ағаш, эмальды немесе пластмассалы ыдыстағы суға батырады. Тұқымды ағын суға салуға болмайды. Ол тұқымның қоректік заттарын шайып кетеді. Судың температурасы жылу сүйгіштерге 18-20°C, суыққа төзгіштер үшін 10-12°C болуы керек. Шылауды тұқым толық бөрткенше жалғастырады: тез өнгіштерді (орамжапырақтар, асқабақтар, бұршақтар, ақкекірелер тұқымдастары) - 18-21 сағ, баяу өнгіштерді (пияздар, балдыркөктер, алқалар, алабұталар тұқымдастары) - тәулік бойы. Тұқымның суда ұзақ болуы егістік сапасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Тұқымды тиімді шылаудың бір жағдайы - суды әлсін-әлсін ауыстыру (әрбір 3-4 сағатта). Шыланған тұқымды көлеңкеде сусымалы күйге дейін кептіреді, сосын дымқыл топыраққа себеді.
Микроэлемент тұздарының ерітіндісінде шылау. Ол үшін микроэлемент тұздарының ерітіндісіне, соңғы рет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашлығындағы ұжымдастыру – Қазақстандағы шаруалар қасіреті
Қазақ терминологиясының қалыптасу тарихы
Қазіргі заман жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы аграрлық саясат. Қазақстан Республикасының ғаламдық аграрлық нарығында алатын орны мен перспективалары
Көкөніс шаруашылығындағы тұқым шаруашылығы ерекшеліктері
Қызанақтың экологиялық – биологиялық ерекшеліктері
Сәбіз өсіру
Асханалық қызылша
Ұжымдастыру (коллективтендіру) қарсаңындағы қазақ ауылы
Шалғам дақылының биологиялық ерекшеліктері мен өсіру технологиясы
Тұқым өсіру ауыспалы егістері
Пәндер