Бизнес аңыздары Әлемнің бай адамдары - Билл Гейтс



I.Кіріспе
Әлемнің бай адамдарына шолу. Форбс журналы
II.Негізгі бөлім
Билл Гейтстің өмірбаяны
Билл Гейтс туралы қызықты мәліметтер
III.Қорытынды
Билл Гейтстің қанатты сөздері
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
I.Әлемнің бай адамдары туралы сөзді естігенде ең алдымен Майкрософт компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтсті еске аларымыз сөзсіз.Forbes журналының әлемдегі ең бай адамдарының жыл сайынғы тізімінде Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс биыл мексикалық бизнесмен Карлос Слимды басып озып, бірінші орынға шықты.
Журнал есебінше, Гейтстің табысы үш миллиард АҚШ долларына артып, 79 миллиард долларға жеткен. Миллиардерлер өткен жылға қарағанда 181 адамға көбейіп, рекордтық көрсеткіш - 1 мың 826 адамға жеткен. Әлемдегі ең бай адамның 15-і АҚШ-та тұрады.
Forbes тізіміндегі 46 миллиардердің жасы 40-қа толмаған. 138 адам миллиардерлер тізімінен шығып қалған. Тізімнен шыққандардың арасында Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенко да бар.

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

С Ө Ж

Тақырыбы : Бизнес аңыздары . Әлемнің бай адамдары
Орындаған : ТК- 421 тобының студенті Зарипов Асхат
Тексерген : Есенбекова Замзагул Жуматаевна

Семей 2015

Жоспары :
I.Кіріспе
Әлемнің бай адамдарына шолу. Форбс журналы
II.Негізгі бөлім
Билл Гейтстің өмірбаяны
Билл Гейтс туралы қызықты мәліметтер
III.Қорытынды
Билл Гейтстің қанатты сөздері
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

I. Әлемнің бай адамдары туралы сөзді естігенде ең алдымен Майкрософт компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтсті еске аларымыз сөзсіз. Forbes журналының әлемдегі ең бай адамдарының жыл сайынғы тізімінде Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс биыл мексикалық бизнесмен Карлос Слимды басып озып, бірінші орынға шықты.
Журнал есебінше, Гейтстің табысы үш миллиард АҚШ долларына артып, 79 миллиард долларға жеткен. Миллиардерлер өткен жылға қарағанда 181 адамға көбейіп, рекордтық көрсеткіш - 1 мың 826 адамға жеткен. Әлемдегі ең бай адамның 15-і АҚШ-та тұрады.
Forbes тізіміндегі 46 миллиардердің жасы 40-қа толмаған. 138 адам миллиардерлер тізімінен шығып қалған. Тізімнен шыққандардың арасында Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенко да бар.
Журнал тізімінде ресейлік бизнесмен Владимир Потанин (60-орын), украиналық бизнесмен Ринат Ахметов (201-орын) және Грузияның экс-премьері Бидзина Иванишвили (291-орын) де бар.
Қазақстаннан бұл тізімге 2,6 миллиард АҚШ долларымен Болат Өтемұратов (714-орын); 2,2 миллиард долларымен Алиджан Ибрагимов (847-орын); Қазақстан президентінің қызы мен күйеубаласы - Динара Құлыбаева (2,1 миллиард, 894-орын) және Тимур Құлыбаев (2,1 миллиард, 894-орын) кірген. Бір миллиард 800 миллион доллардың иесі мыс магнаты Владимир Ким Forbes рейтингінде 1054-шы орынды иеленген.
Ал 2,2 миллиард долларымен 847-орынға тұрақтаған Александр Машкевичтің елі Forbes-тің жаңа тізімінде Израиль деп көрсетілсе, 2 миллиард доллары бар Патох Шодиевтің (949-орын) елі ретінде Бельгия жазылған.

II. Уи́льям Ге́нри Гейтс III (ағылш. William Henry Gates III; қазанның 28, 1955}}, Сиэтл[4]), немесе Билл Гейтс (ағылш. Bill Gates) -- АҚШ кәсіпкері әрі қоғам қайраткері, бағдарламалық қамсыздандыру саласының әлемдік көшбасшысы болып табылатын Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушысы (Пол Алленмен бірге) және бұрынғы президенті, негізгі акционері. 2008 жыл маусым айына дейін оның басқарушысы болған, ал одан бері директорлар кеңесінің атқарушы емес төрағасы лауазымында. Қайырымдылық Билл және Мелинда Гейтстер қоры төрағаларының бірі.
Билл Гейтс -- Форбс журналы бойынша әлемдегі екінші бай адам. Оның байлығының ең биік шыңы 120 млрд. долларға дейін жеткен еді. Майкрософт акцияларына биржалық бағалардың ауытқуына байланысты Гейтс санаулы секундтар ішінде миллиардтарын жоғалтып, оны қайта қалпына келтіре алды. Мемлекет Майкрософтпен соттасады, ал президенттер Гейтсті құрметпен қабылдайды. Алайда қазір ол ақша табудан гөрі, жоқшылықпен күреске ақшасын жұмсауға ерекше мән беруде. Гейтс өсиет хатына сәйкес оның үш баласының әрқайсы тек $10 млн. алады. Қалғаны оның кенже баласы қайырымдылық қорының еншісіне тиеді. Microsoft жүйелері әлемде пайдаланылатын компьютерлердің 93%-да орнатылған. Монополияға қарсы комитеттің талабы бойынша Президенттіктен бас тартқан Билл Гейтс қазіргі кезде компанияның басқарушыларының бірі және бағдарламалық қамсыздандыру өнімдерін дайындау бойынша бас инженер болып табылады. Сонымен қатар, ол компания акциялары бөлігінің үлкен үлесінің иесі. Бүгінгі таңда ол 75 миллиард доллардың иесі және Forbes тізімінде байлығы бойынша 1-ші орынды алады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Балалық шағы
Гейтс 1955 жылдың 28 қазанында Сиэтлда (Вашингтон штаты) корпоративті адвокат Уильям Генри Гейтс II және First Interstate Bank, Pacific Northwest Bell директорлар кеңесінің және United Way ұлттық кеңесінің мүшесі Мэри Максвелл Гейтс отбасында дүниеге келді.
Оның әкесінің айтуынша: Сәби болған кезінде-ақ, Билл өз бесігін өзі тербетуші еді. Тербетпелі бесіктен Гейтс әлсіз және кішкентай болып шықса да, оның рухы күшті болатын. Ата-анасы Биллді жергілікті жекеше мек- тепке беруді ұйғарды. Гейтс грамматика, азаматтық тану және оның өзі еш қажетсіз деп санаған басқа да пәндерден ақсайтын, алайда математика пәнінен ең жоғары бағаларды алушы еді.
Өмір бойы Гейтс өз менін бекіту мен тәуелсіздігі үшін күресті. Бұл күрестің ең бірінші құрбандары оның ата-анасы болды. Биллдің анасы - Мэри, мектеп мұғалімі қатал мінезді әйел болатын.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мектептегі өмірі
Мектептің өзінде-ақ 13 жасар Билл Гейтс және оның айырылмас досы Пол Аллен алғаш рет өрескел компью- терлік терминалды жасады. Содан соң олар ол үшін екі бағдарлама жасап шығарды. Ерекше үлгеріммен көзге шалынбаған, ол 9 сыныпты кітаптарға көз салмай- ақ ылғи бестікке (ағылшынша А әріпі) бітірді және қабілеттілікке тест тапсыру кезінде Американың үздік оқушыларының
ондығына кірді, бұл да оның бүлігінің бір түрі болатын. Оныншы сыныпта Билл компьютер ісін оқыған жоқ, оны өзі оқытты. Сол кезде ол өзінің оқу сыныбы үшін бағдарламасын жасады.

Сол жылдары Гейтстің жақын досы священниктің ұлы, Кент Эванс болды. Біз бірге әлемді жаулап алуды армандаушы едік, - деп есіне алады Гейтс. - Мен қазірге дейін оның телефон номерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнес аңыздары (алемніңең бай адамдары)
Бизнес аңыздары - Билл Гейтс
Билл Гейтс - Бизнес аңыздары
Бизнес аңыздары (әлемнің бай адамдары) туралы
Бизнес аңыздары (әлемнің бай адамдары)
Бизнес аңыздары (Әлемнің ауқатты адамдары)
Бизнес аңыздары жайлы мәлімет
Бизнес аңыздары туралы (Әлемнің бай адамдары)
Бизнес аңыздары (әлемнің бай адамдары) - Карлос Слим Элу
Бизнес аңыздары - Джон Рокфеллер
Пәндер