Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарының морфологиялық және биологиялық ажырату белгілері



1.1 Дәнді дақылдарды морфологиялық, биологиялық және өсіру технологиясының тәсілдеріне қарай топтастыру
1.2 Дәнді дақылдардың жалпы құрылысының ерекшеліктері
1.3 Астық дақылдарының құлақшалары мен тілшелер бойынша туыстық айырмашылықтары
1.4 Дәнді дақылдардың гүл шоғыры бойынша айырмашылық белгілері
1.5 Дәнді дақылдардың өсіп даму кезеңдері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Астық тұқымдастарға жататын дәнді дақылдардың халық шаруашылығында алатын орны ерекше. Өйткені олар адам өмірінде жан-жақты пайдаланылады. Бірқатар дәнді дақылдар тамақ өнеркәсібі үшін шикізат қоры болып есептеледі. Айталық, арпа – сыра өндірісінде , жүгері – спирт өндірісінде пайдаланады. Міне осындай жан жақты пайдаланылатын болғандықтан дәнді дақылдар еліміздің барлық аймақтарында өсіріледі. Тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты Қазақстан ірі астықты өлкеге айналды. Қазір дәнді дақылдардың егіс көлемі 23812 мың гектарға жуық. Бұл барлық егіс көлемінің 68 ℅ астамы.
Дәнді дақылдардың тек егіс көлемі ұлғайып қана қойған жоқ, сонымен қатар олардың шығымдылығы, жалпы түсімі артты.
1. Өсімдік шаруашылығы негізінде астықтану , Ә.І Ізтаев, С.Б Ермекбаев , Алматы 2014 жыл
2. Агрономия негіздері (авторлар: ЖаңабаевҚ., Арыстанғұлов С.) Астана - 2010. 352бет.
3. Өсімдік шаруашылығы , Қ.К Әрінов, Қ.М Мұсынов, А.Қ Апушев, Н.А Серекпаев, Н.А Шестакова, С.С Арыстанғұлов , Алматы 2011 жыл
4. Вавилов П., Гриценко В. т.б., Растениеводство, М.
5.Томилов В., Опытное дело в растениеводстве (учебное пособие), Астана, 2001;
6. Двуреченский В., Возделывание зерновых культур, Костанай, 2004.
І. Өрісбаев

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарының морфологиялық және биологиялық ажырату белгілері

Орындаған: Өкенова Ж.А
Тексерген: Мұхаметжанова О.Т
Тобы: АГ - 213

Семей - 2015

Мазмұны
1.1 Дәнді дақылдарды морфологиялық, биологиялық және өсіру технологиясының тәсілдеріне қарай топтастыру
1.2 Дәнді дақылдардың жалпы құрылысының ерекшеліктері
1.3 Астық дақылдарының құлақшалары мен тілшелер бойынша туыстық айырмашылықтары
1.4 Дәнді дақылдардың гүл шоғыры бойынша айырмашылық белгілері
1.5 Дәнді дақылдардың өсіп даму кезеңдері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

0.1 Дәнді дақылдарды морфологиялық, биологиялық және өсіру технологиясының тәсілдеріне қарай топтастыру

Астық тұқымдастарға жататын дәнді дақылдардың халық шаруашылығында алатын орны ерекше. Өйткені олар адам өмірінде жан-жақты пайдаланылады. Бірқатар дәнді дақылдар тамақ өнеркәсібі үшін шикізат қоры болып есептеледі. Айталық, арпа - сыра өндірісінде , жүгері - спирт өндірісінде пайдаланады. Міне осындай жан жақты пайдаланылатын болғандықтан дәнді дақылдар еліміздің барлық аймақтарында өсіріледі. Тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты Қазақстан ірі астықты өлкеге айналды. Қазір дәнді дақылдардың егіс көлемі 23812 мың гектарға жуық. Бұл барлық егіс көлемінің 68 co астамы.
Дәнді дақылдардың тек егіс көлемі ұлғайып қана қойған жоқ, сонымен қатар олардың шығымдылығы, жалпы түсімі артты.
Дәнді дақылдар өздерінің морфологиялық, биологиялық және өсіру технологиясының тәсілдеріне қарай екі топқа бөлінеді.
Бірінші топқа - бидай, қара бидай, арпа, сұлы жатады. Олардың негізгі ерекшеліктері - дәндерінің бауыр жағында тілігі болады, дән тамыршалары, 3-8 масақшаның төменгі гүлдері жақсы дамыған , жылуды аз, ал ылғалды көбірек талап етеді. Сабақтарының іші қуыс болып келеді. Бұлар ұзақ күннің өсімдіктері. Сондықтан алғашқы кезеңде тезірек дамып, арамшөптермен аз ластанады.
Бірінші топтағы дәнді дақылдардың жаздық және күздік биологиялық түрлері бар.
Күздік дәнді дақылдарға күздік бидай, қара бидай және күздік арпа жатады. Бұл дақылдардың биологиялық ерекшеліктері - олардың алғашқы даму кезеңінде бір айдай - 1ºС - 10ºС дейін төмен температура қажет. Сондықтан да оларды күзгі үсіктен 55-60 күн бұрын егіп қыс қыстатып, алдағы жазда орады. Күздік дәнді дақылдар жазғы дәнді дақылдармен салыстырғанда өнімді артық береді. Оның себебі бұлар күзгі жауын - шашынды тиімді пайдаланып, күзде жақсы түптеп, ал ерте көктемде тез өсіп, ерте піседі. Мұнан кейін танапты уақтылы босатып, жерді келесі дақылға дайындап үлгеруге әбден болады. Күздік дәнді дақылдардың өнімділігі олардың жақсы қыстап шығуына тікелей байланысты. Күзде, қыста және көктемде күздік дәнді дақылдар әртүрлі қолайсыз жағдайларға да ұшырайды. Мысалы, қатты суық, қардың жұқа түсуі, температураның күрт өзгеруі және т.б. Осы аталған қолайсыз жағдайларға төзімді болу үшін күздік дәнді дақылдарды шынықтырған жөн.
Екінші топтағы дәнді дақыларға - тары, жүгері, күріш, қонақ жүгері жатады. Бұлардың дәндері бауыр жағында тілігі жоқ, масақшасының жоғарғы гүлдері жақсы дамыған. Бұлар бірінші топтың дақылдарына қарағанда жылуды көп, ал ылғалды, күріштен басқасы аз талап етеді. Жүгері мен қонақ жүгерінің сабақтары өзекшемен толтырылған. Екінші топтың дақылдары - қысқа күннің өсімдіктері және олардың күздік түрлері жоқ.
Астық дақылдарының дәнәнәң құрамында су, белок, май, крахмал, клетчатка және күл болады. Осы химиялық құрамы жағынан олардың бір - бірінен айырмашылықтары да бар. Әсіресе, дәніндегі белок мөлшері 6,7 - 7,6co(күріш) 13,8 - 16,0co дейін өзгеріп отырады.
Клетчаткасы ең көп астық дақылдары - сұлы (10 - 11,5co), күріш (10,4 - 11,8co) және қарақұмық (13,1co). Басқа дәнді дақылдардағы клетчатка 2,0 - 5,2co аралығында болады.
Астық дақылдарының дәндеріндегі майдың мөлшері 1,5 - 3co, ал көмірсулар 67,8 - 80,9co шамасында. Әрине дәннің химиялық құрамы аймақтың климат жағдайында, қолданылатын агротехникалық шаралардың ерекшелігіне тікелей байланысты.
Қазақстанның қуаңшылық далалық аймағында өсірілетін жаздық бидайдың дәнінде белоктың мөлшері басқа айматармен салыстырғанда көбірек болады.

0.2 Дәнді дақылдардың жалпы құрылысының ерекшеліктері

Дәнді дақылдардың тамыр жүйесі-шашақты. Тамыр жүйесінің құрылысы мен оның даму сипаты өсімдік түрі мен сортына байланысты өзгереді. Тамыр жүйесінің дамуы ұрықтық (алғашқы) тамыршалардың пайда болуынан басталады (олардьщ саны бидайда-3-5, қара бидайда-4, арпада-5-8, сұлыда-3, тары төрізді астықтарда-1). Соңынан түптену түйінінен қосалқы (түйін) тамырлары түзіледі, олар топыраққа тез бойлайды (ылғадды жөне борпылдақ топырақта). Олар егін көгі шықаннан кейін сұлыда 2-3 төулікте (1-2 жапырақ кезеңі), бидай мен арпада-12-14 теуліктен кейін (3-4 жапырақ кезеңі), қара бвдайда - 7-9, жүгеріде - 3-4, тарыда - 5-6 төулікте (4 жапырақ кезеңі) пайда болады.
Кәдімгі астықтың ұрықтық тамырлары бүкіл өсіп-жетілу кезеңінде өсімдіктердің қоректенуіне қатысады. Түйін тамырлардан бүрын түзіліп, оларды ұзындығы бойынша басып озады да өсіл-жетілу кезеңінің соңына қарай 150 см жөне одан да ұзын шамаға жетеді. Алайда жоғары өнімді түйін тамырлары жақсы дамығанда ғана алуға болады. Қуаңшылықты жыддары, өдегге, түйін (екінші, қосалқы) тамырлар түзілмейді, ал бидай мен арпаның астық өнімі ұрықтық тамырлар есебінен қалыптасады жене 5-8 цга мөлшермен шектеледі.
Сабағы -- сабан, сабақтар түйіндерімен шектелген түйін аралығынан тұрады. Түйін аралығының саны жапырактар санына сэйкес келеді. Сабаны қуыс, жүгері мен шай жүгері да ғана паренхимамен толтырылған. Сабақтың орта бөлігі барынша жуан, ал жоғары бөлігі жіңішке келеді.
Жапырақтары дәнді дақылдардың көпшілігіңце 2 түрде - ұрықтық (3-4) және сабақтық болады. Сабақтық жапырақтар жапырақ қынабынан жөне жапырақ тақтасынан тұрады. Жапырақ қынабының тақтаға ауысар орныңца тілше (1и1а) деп аталатын жұқа түссіз қабық болады. Тілше сабаққа тығыз жабысқан және жапырақ қынабының ішіне судың өтуін бөгейді. Жапырақ қынабының негізінде (басында) ұзынша құлақшалар немесе мүйізшелер (аигісиіае) түзіледі, олар сабақты орай өседі.
Гүл шоғыры -- масақ (бвдай, қара бидай, арпа) сіпсебас немесе шашақ (сүлы, шай жүгері, тары, күріш), жүгеріде - шашақ жөне собық.
Масақ мүшелі біліктен жэне масақшалардан түрады. Білік өзара ертүрлі күйде орналасқан мүшеліктерден түрады, олар түзу немесе иілген, жалаңаш немесе түкті (қара бидайда) болуы мүмкін. Әдетге, мүшеліктер қысыңқы келеді де екі кең жақтары мен екі қабырғасы болады. Біліктің кең жағын бет жағы, ал қыр жағын бүйір жағы деп атайды. Білік бойынша масақтың бет және бүйір жақтарын жеңіл ажыратады.
Әрбір мүшеліктің төбесі жуанданып бітеді де тұғыр (кемер) деп аталады, онда масақшалар орналасады. Әдетге бидай мен қара бидайда біліктің өрбір мүшелігінде бір-бір масақша бекиді, ал арпада үш масақша орналасқан. Әрбір масақша (5-сурет) екі жағынан қапталдасып орналасқан екі масақша қауызынан (қабығынан) тұрады.Масақша қабықшалары өртүрлі деңгейде дамыған, кейбіреулерінде (арпада) масақ сыртында орналасқан екі жіңішке қабықшаға айналады.
Сіпсебас, немесе шашақ түйіндері мен түйінаралықтары бар орталық біліктен тұрады, одан бірініші, екінші және одан кейінгі дәрежедегі бүйір бұтақтары өсіп шығады. Бұтақтардың үшар басында масақшалар орналасқан. Масақша екі масақша қабықшасы мен бір немесе бірнеше гүлден тұрады.
Масақша қабықшасы біркелкі дамымаған, бидайда қайықша құрылысын еске түсіреді, кең жөне көпжүйкелі, өрі ұзынша келген килі бар, қара бидайда бір жүйкелі өте жіңішке, арпада өте жіңішке жэне линиялы, сұлыда кең, өрі көптеген дөңес келген ұзынша жүйкелері бар.
Әрбір гүлде екі қабықшасы болады: масақ қабықшасына таяу орналасқаны қалындау болады да ол сыртқы гүл қабықшасы деп аталады, ал екіншісі өте жұқа, өрі нәзік келеді жөне оны ішкі гүл қабықшасы деп атайды. Гүл қабықшаларының арасында екі қалақты аналық аузы бар жатын мен үш аталық (күріште алтау) орналасқан.
Жемісі - дән. Қабықты астықтарда ол гүл қабықшаларымен қапталған. Жалаңаш дәнді бидайлар мен қара бидай дәндері қабықшадан жеңіл ажырайды, тары ажырайды, тары мен күріште гүл қабықшалары дәнді тығыз қабыстырады, ал қабықты арпада олар дөнмен бірігіп кеткен.
Дәннің анатомиялық құрылысы.Астық дақылдарының жемісі ұрық пен эндоспермнен жоне олармен бірігіп өскен тұқымдық жөне жемстік қабықтан құралған. Ұрық дәннің төменгі бөлігінде орналасқан, оның төменгі жағында ұрықтық тамыршалар, ал жоғарғысында ұрықтық жапырақтары бар алғашқы сабақ болады. Ұрықтың маңында кішкене қалқан-дөннің жалғыз тұқым жарнағы-орналасқан.
Эндоспермде дөн қабығына қабыса біткен сыртқы алейрон қабаты мен ішкі ұнды бөлігі ажыратылады. Алейрон қабаты белокқа бай бір қатарлы клеткалардан түрады (арпада 3-5 қатарлы келеді). Эндоспермнің ұнды бөлігіндегі клеткалар крахмал дөндерімен толтырылған, ал олардың аралықтарында белокты заттар орналасқан. Жемістік жөне тұқымдық қабықтар сыртқы орта мен өртүрлі саңырауқүлақ аурулары қоздырғыштарынан қорғаныш қызметін атқарады. Азық-түліктік маңызы жөнінен дәннің эндоспермі ерекше рөл атқарады, өйткені одан жоғары сортты үн өндіріледі және осыған байланысты дәннің құрам бөліктерінің мәні зор.
Дәннің арқа жэне етек жағы болады. Арқа жағы дөңес келеді, оның төменгі бөлігівде ұрық орналасқан. Арқаға қарама-қарсы жақты етек жағы дейді, ал бвдай, қара бидай мен арпа дәндерінің осы бөлігіңце жіңішке түктерден тұратын айдары болады.

36-кестс Бидай мен қара бидай дәндерінін құрам бөліктеріяің орташа салмақтық қатынасы (%)
Туындыгер (автор)
Эвдоспер м
Ұрық
Жеміс қабықшалары
Тұқым қабықшары
Алейрон қабаты

Бидай

Жирар
84,20
1,43
4,46
1,10
8,80
Гриценко
81,14
3,15
8,92
6,79

Роменский
81,60
3,20
15,50

Қара
бидай

Казаков
77,69
3,71
5,10
2,32
11,8
Любарский
70,4-74,3
2,4-3,7
11,3-15,0
-
10,8-11,8

Астық дакылдары дәндерінің айырмашылық белгілері.Дәннің ұзындығы, ені мен қалындығы ажыратылады. Ұзындығы деп дәннің негізінен төбесіне дейінгі қашықтықты атайды, етегін төмен қаратып салғандағы дөннің кедденең диаметрі ені, ал тік диаметрі қалындығы деп есептеледі. Әдетте дөннің ені қалыңдығьгаан артық болады.
Дәннің пішіні әртурлі болуы мүмкін: шар тәрізді (тары, шай жүгері), ұзынша келген (бвдай, арпа, қара бидай, күріш), домалақ немесе қырлы -- жүгері .
Дәннің пішіні астықты тазалап сұрыптағанда негізгі көрсеткіш болып табылады.
Дәннің беті тегіс (бидайда), өлсіз өжімденген (қара бидай), түкті (сұлы) болуы мүмкін. Түстері-ақ, сары, қызыл, сүр-қоңыр, қара.

1.3 Астық дақылдарының құлақшалары мен тілшелер бойынша туыстық айырмашылықтары

Айырмашылық белгілері
Бидай
Қара бидай
Арпа
Сұлы
Тілше
Қысқа
Қысқа
Қысқа
Күштірек да-мыған, шеттері ара тісті
Құлақша
Кішірек, жиі түрде кірпікті
Қысқа, кірпіксіз, ерте кеуіп қалады
Өте ірі, кірпіксіз, бір-біріне кіріге орналасқан
Жоқ

Астық дақылы жапырағының бөліктері: 1 -жапырақ қынабы; 2-құлақшалар; 3-тілше; 4-жапырақ тақтасы.Астық дақыддары гүл шоғыры бойынша жеңіл ажыратылады және негізгі белгілері 40-кестеде келтірілген.
Гүлдену кезеңі көптеген дәні дақылдарда масақтанудан (шашақтанудан) кейін басталады. Арпада гүлдену кезеңі толық масақтануға дейін жүзеге асады, ал қара бидай одан 10-12 төуліктен соң гүлдейді. Гүлдену ерекшеліктеріне қарай дәнді дақыддар өздігінен тозанданатын (бидай, арпа, сүлы, тары, күріш) немесе өздігінен жөне айқас тозанданатын (қара бвдай, жүгері, шай жүгері) өсімдіктерге бөлінеді.
Масақты дақылдарда (бқдай, қара бидай, арпа) гүлдену масақтың орта бөлігіңде орналасқан масақшалардан басталады, ал бірінші пайда болған дөндер ірі келеді және олардың тұқымдық сапасы жоғары болады. Шашақты астықтарда (тары, күріш, сүлы) гүлдену шашақтың (сіпсебастың) ұшар басынан басталады, сондықтан сапалы астық гүл шоғырының жоғарғы бөлігінде қалыптасады .

1.4 Дәнді дақылдардың гүл шоғыры бойынша айырмашылық белгілері

Дақыл
Гүл шоғыры
Масақ білігінің тұғарынданемесе сіпсебас ұшындағы масақша саны
Масақшадағы гүлдер саны
Масақ қабықшалары
Сыртқы гүл қабықшалар
Қылтықтын, бекіген орны
Бидай
Масақ

3-5
Кең, көп жүйкелі, ұзынша килі ен жоғарғы жағы істі
Тегіс, килі жоқ
Сыртқы гүл қабықшасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарының марфологиялық және биалогиялық ажырату белгілері
Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарының морфологиялық және биологиялық ажырату белгілері жайлы
Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарын ажырату белгілері жайлы мәлімет
Бидайдың жұмсақ және қатты түрлерінің айырмашылық белгілері
Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарын ажырату белгілері
Бөжектердің сыртқы құрылысы
Күздік бидай және қара бидай
Астық дақылдарының тұқым шаруашылығы
Мемелекеттік сорт сынау әдістері мен түрлері
ФИТОПАТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Пәндер