Қазақстан Республикасының жекелеген аумақтарындағы жеміс шаруашылығының ерекшеліктері



1. Қазақстанда өсетін жеміс дақылдарының сорттық ерекшеліктері
2. Жеміс шаруашылығының Қазақстан аймағында таралуы
3. Қазақстандағы жеміс сорттарының аудандастырылуы
4. Қазақстанның оңтүстік аймағындағы жеміс шаруашылығы
5. Қорытынды
Көкеніс және жеміс шаруашылығының негізгі міндеті- халықтың азық-түлігі және өңдеу өнеркәсібінің шикізаты саналатын көкеністерді, жемістерді, жидектерді және жүзімді өсіру.
Қазақстанның 2006-2010 жылдарға арналған тұрақты даму тұжырымдамасында жеміс-көкеніс шаруашылығының одан әрі дамуы қарастырылған. Жылыжай кешенінде салу, бақ шаруашылығы мен жүзім шаруашылығының дамуы, жеміс-көкеніс шаруашылығында тамшылатып суаруды енгізу, сондай-ақ жоғары технологиялы және тиімді егіншілік жүйесіне көшу ұйғарылған.
Қазақстанның солтүстігінде өсірілген джемістер тауарлық сапалары бойынша оңтүстіктен кейін тұрады, бірақ дәрумендерінің, биологиялық белсенді заттары мен пектиндердің мөлшері бойынша олардан асып түседі. Ал қарақат, таңқурай, қарлыға және шырғанақ үшін Қазақстанның солтүстігі оңтүстікпен қолайырақ.
1) Жеміс және көкеніс шаруашылығы - Н. Г. Щепетков, М. Ә. Ысқақов.
2) Жеміс, көкеніс шаруашылығы – О.Үкібаев, М. Есенгалина

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырып: Қазақстан Республикасының жекелеген аумақтарындағы жеміс шаруашылығының ерекшеліктері

Орындаған:Нұрбақыт Қ.
Тексерген: Мухаметжанова О.Т.
Топ: АГ-213

2015жыл

Жоспар

1. Қазақстанда өсетін жеміс дақылдарының сорттық ерекшеліктері
2. Жеміс шаруашылығының Қазақстан аймағында таралуы
3. Қазақстандағы жеміс сорттарының аудандастырылуы
4. Қазақстанның оңтүстік аймағындағы жеміс шаруашылығы
5. Қорытынды

Кіріспе
Көкеніс және жеміс шаруашылығының негізгі міндеті- халықтың азық-түлігі және өңдеу өнеркәсібінің шикізаты саналатын көкеністерді, жемістерді, жидектерді және жүзімді өсіру.
Қазақстанның 2006-2010 жылдарға арналған тұрақты даму тұжырымдамасында жеміс-көкеніс шаруашылығының одан әрі дамуы қарастырылған. Жылыжай кешенінде салу, бақ шаруашылығы мен жүзім шаруашылығының дамуы, жеміс-көкеніс шаруашылығында тамшылатып суаруды енгізу, сондай-ақ жоғары технологиялы және тиімді егіншілік жүйесіне көшу ұйғарылған.
Қазақстанның солтүстігінде өсірілген джемістер тауарлық сапалары бойынша оңтүстіктен кейін тұрады, бірақ дәрумендерінің, биологиялық белсенді заттары мен пектиндердің мөлшері бойынша олардан асып түседі. Ал қарақат, таңқурай, қарлыға және шырғанақ үшін Қазақстанның солтүстігі оңтүстікпен қолайырақ.
Қарқынды жеміс-көкеніс шаруашылығының одан әрі дамуы және және халықты дәрумені мол өніммен қамтамасыз ету үшін сұрыптарды, олардың өсірілетін жердің топырақ-климат жағдайына қарай, биологиялық және шаруашылық ерекшеліктерін ескеріп дұрыс ара-қатынасын ескеріп таңдаудың маңызы өте зор. Қазақстанның солтүстігінде жеміс-көкеніс шаруашылығынң өнімділігін арттырудың көзі болып жемістерінің, жидектерінің биохимиялық құрамы жақсы ,жоғары өнімді, суыққа және ауруларға төзімді сұрыптарды таңдау саналады. Ірі жемісті Орал және Сібір сұрыптарын өсіру үлкен маңызға ие.

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСЕТІН ЖЕМІС ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ СОРТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жеміс өсіру шаруашылығында сорттың ерекше маңызы бар. В. И. Мичурин өзінің еңбектерінде Әрбір ағаштың жылма-жыл жоғары өнім беру қабілеті -- бағалы сорт сапаларының бірі деп әлденеше рет атап көрсетті. Егер көкеніс шаруашылығында аз өнімді немесе төзімсіз сорттарды тез арада жақсы сорттармен алмастыруға мүмкіндік болса, ал бау шаруашылығында сортты іріктеп алған кездегі жіберілген қатені кейін тузеу қиынға соғады. Сондықтан бау ағаштарын еккенде сорттарды дұрыстап іріктеп алу мәселесіне ерекше назар аудару қажет. Жеміс-жидек ағаштарының сорттары өте көп. Әдебиеттерде мыңға жуық сорттарға сипаттама берілген, ал бұталардың ішінде шаруашылық жағынан өте қолайлы және биологиялық сапасы жақсы мыңнан астам сорттары өсіріледі. Мұнда аса маңызды сапалы қасиеттеріне: қысқа төзімділігі, жеміс беру кезеңі қолайлы, өнімділігі мен жемістері сапасының (ірілі-ұсақтығы, түсі, дәмі, тасуға жарамдылығы, сақталғыштығы) жақсылығы жатады. Өздерінің қасиеттері бойынша осы айтылғандарға сай келген сорттар облыстарға немесе аудандарға ұсынылатын стандартты сорттар тізіміне енгізіледі және өндірістік жағдайларда, сонымен бірге үй іргесіндегі учаскелерде, питомниктерде өсіріліп көбейтіледі. Болашағы зор жаңа сорттар өндірістік жағдайда кеңінен сынау үшін көбейтіледі.
Алманың және алмұрттың сорттары -- ерте пісетін, пісуі орташа және кеш пісетін болып бөлінеді. Сонымен бірге жемісінің пісуі мезгіліне қарай олардың күздік және қыстық сорттары болады. Жаздық сорттар еккеннен кейін 3 -- 4 жылдан соң жеміс бере бастайды. Мұндай сорттың толық жеміс беру мезгілі 15 -- 20 жылдан кейін болады. Ал, 30 -- 35 жыл өткен соң мұндай сорттардың жеміс ағаштары құри бастайды. Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының көп жыл бойы жүргізген стационарлық зерттеулері мен өндірістік екпелерге жасалған экспедициялық тексеру материалдарының негізінде алма мен алмұрттың сорттарының шаруашылық-биологиялық ерекшеліктеріне қысқаша сипаттама беріліп отыр. Жаздық сорттар: Анис бархатный (Анис алый, Анис сафьяновый), Белый налив (Алебастровое, Налив белый, Налив сквозной, Налив белое), Грушовка московская (тез пісетін қысқа сабақты сорт), Июльское, Мальт багаевский, Пеструшка (Қонфетное), Раннее колхозное, Суйслеппер (Белое-розовое, столовое, Суйслеппское, Столовка), Яндыковское, Мельба, Кальвиль уральский румянный. Күздік сорттар: Боровинка (Харламовское), Мильтон, Осеннее полосатое (Штрейфлинг), Ренет казахстанский, Славянка, Ефимовское, Заря Алатау, Исилькульское, Любимец, Пепинка алтайская, Пепинка литовская, Ренет Бурхардта, Ренет золотой Писгуда.
Күздік-қыстық сорттар: Алма-Атинское зимнее, Антоновка новая, Бабушкино, Бельфлер алмаатинский, Золотое Грайма, Грушовка вернёнская, Заилийское, Зимнее банановое (Банан зимний), Красный железняк (Красное железное, Красное Айзера, Красный Эйзер), Мекинтош, Пармен зимний золотой, Пепин шафранный, Ренет золотой Писгуда, Ренет орлеанский (Зимний шафран, Красный шафран, Шафран), Северный синап, Ренет Симиренко, Розмарин белый, Румянка алма-атинская, Алтайский голубок, Анис алый, Анис полосатый, Антоновка обыкновенная, Апорт, Голден Делишес (Золотое превосходное), Горноалтайское, Грушовка талгарская, Жаңа-алма, Қальвиль Қацейко, Кандиль-китайка, Милтон, Ренет Моисеева, Розмарин белый, Салтанат, Скрыжапель, Уральское наливное.
Тұқымдар мен сорттарды іріктеп алу. Тұқымдар мен сорттарды іріктеп алғанда әрбір облысқа климат жағдайына қарай ұсынылған стандартты сорттарды басшылыққа алу кажет. Бұл сорттар жемісінің пісу мерзімі мен пайдалануға жарамдылығы, бау иелерінің қажетін қанағаттандыру дәрежесі де ескерілгені жөн. Мұнда мейлінше көп сақталынатын қыстық сорттарға едәуір орын берілгені дұрыс. Стандартты сорттарды іріктеп алу тәртібін орындамау, қандай да болсын сорттың бір немесе екінші турін кебейтіп жіберу -- әсіресе өнімді жинаған, сақтаған, еңдеген кезде көптеген қиыншылықтарды туғызады. Сондықтан жеке меншік бақ учаскесінде еңбекті дұрыс ұйымдастыру мақсатын көздеп, белгіленген ағаш тұқымы мен сорттардың өзара теңбе-теңдік тәртібін мұқият орындау керек.


ЖЕМІС ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫНДА ТАРАЛУЫ

Климат пен табиғат жағдайына қарай және бақ өсіруге қолайлылығы жағынан Қазақстан жері үш аймаққа бөлінеді:
Оңтүстік аймақ - Алматы, Оңтүстік Қазақстан, жамбыл және Қызылорда облыстары.
Батыс аймақ - Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстары.
Солтүстік және солтүстік шығыс аймақ - Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕМІС СОРТТАРЫНЫҢ АУДАНДАСТЫРЫЛУЫ

Жеміс дақылдарының аудандастырылуы Оңтүстік аудандарда (Қызылорда, Шымкент облыстарында):
Алма. Розмарин белый, Пармең золотой зимний, Ренет Симиренко, Қандиль синап, Ренет Орлеанский, Золотое Грайма, Налив белый, Бойкен, Ренет Ландсберга, Апорт, Ренет Бурхардта, Пеструшка, Суйслеппер. Қызылорда облысының солтүстік аудандары үшін негізінен Титовка, Грушовка московская, Ренет курский золотой, Мичуриндік сорттар -- Бельфлер-китайка, Пепин шафранный, Кандиль-китайка.
Алмұрт. Лесная красавица, Любимица Клаппа, Вильямс, Бере Боск, Фердинанд, Жозефина Мехельнская. Қызылорда облысының солтүстік аудандары үшін -- Лимонка, Бессемянка, Бере зимняя Мичурина.
Алхоры. Шабдалы алхорысы, Ренклод зеленый, Венгерка итальянская және домашняя, Екатерининская, Анна Шпет, Виктория, Қызылорда облысының солтүстік аудандары үшін -- ерте пісетін қызыл алхоры, Канадская.
Шие және қызыл шие. Любская, Шпанка крупная, Дрогана желтая, Бычье сердце, Қызылорда облысының солтүстік аудандары үшін -- Владимирская, Растунья.
Оңтүстік шығыс аудандарда (Жамбыл, Алматы және Талдықорған облыстарында):
Алма. Оңтүстікке арналған сорттар Зеленка, Грушовка верненская және Бернское розовое; Талдықорған облысы үшін негізінен -- Суйслеппер, Пеструшка, Ренет Бурхардта, Апорт, Белый налив, Титовка, Ренет золотой курский, Антоновка және Мичуриндік сорттар, Заря Алатау, Румянка алма-атинская, Золотое превосходное (Голден Делишес).
Алмұрт. Лесная красавица, Зеферена грегуар, Талгарская красавица, бұлар негізгілері, ал кеңінен сынау ретінде оңтүстік аймақтарға арналған басқа сорттар - Талдықорған облысы үшін -- Лесная красавица, Бессемянка және Бере зимняя Мичурина.
Алхоры. Оңтүстікке арналған сорттар, сонымен бірге Ренклод прозрачный, Ренклод Альтана, Венгерка ажанская, Марковтыні алхорысы және Тәтті қара алхоры. Шие және қызыл шие. Любская, Шпанка крупная, Владимирская, Остгейм Гриоты, Дрогана желтая, Талдықорған облысы үшін негізінен Любская, Шпанка, Владимирская, Растунья ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының жекелеген аумақтарындағы жеміс шаруашылығының ерекшеліктері туралы
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге меншік құқығын құқықтық реттеу
Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан жиналған балдың тозаңдық құрамын зерттеу әдістері Тозаң микроскопиясы
Арнайы экономикалық аймақ
Ауыл-селодағы әлеуметтік жұмыс
Қазақстан Республикасының климаты
Топырақтану және топырақ географиясы
Арнайы экономикалық аймағын құрудың алғыш
Оңтүстік Қазақстан облысы жайлы
Қазақстандағы жекеленген аймақтарындағы жеміс шаруашылғының ерекшелгі
Пәндер