Сауда және қалалар



Қазақ аулына қоныс аударып келген орыс, украин шаруаларының тұрак, мекендеріне күннен-күнге әсерін күшейте бастаған капиталистік қатынастар сауда көлеміне де, оның мазмұны мен мәніне де өәер етті. Ресей сауда капиталының тіпті шалғай қазақ ауылдары өміріне де ықпал-әсері империяның орталық аудандары мен орталык, өлке арасындағы шаруашылық байланысты, тауар алмасу мен айырбасты біршама кеңейтті. Ауылдың әлеуметтік және шаруашылық өмірінде малды саудалап, оны тауарға айналдыру ерекше байкала бастады. Мысалы, XIX ғасырдың 80-жылдарында Ақмола, Сарысу, Қарқаралы уездері аркылы Ресейдің орталық аудандарына 60 мың ірі қара, 200 мыңға дейін қой жеткізілетін. Петропавлдан Қорған және Шадринск арасындағы мал айдайтын жолмен жыл сайын 340 мыңдай ірі қара, сондай-ақ 550-600 мыңға тарта қой, ешкі айдалды. Казак, даласында малмен сауда жасау аркылы өйгілі болған ірі көпестер Ботов, Колосов, Жиряков, Скажутин бай ауылдарынан жылына ондаған мың мал сатып алып, оларды Орта Азияның, Ресейдің орталык базарларына жөнелтетін.
Сауда тек малмен ғана байланысты болған жоқ, XIX ғасырдың екінші жартысында орталык өнеркәсіпті аудандардан мақта мата өндірісінің бұйымдары да көптеп әкелінді. Капиталистік фабрикада жасалынған тауарлар орта азиялық сапасы төмен майда бұйымдарды ығыстырып, олардың көшпелі казактармен саудадағы үлесін төмендетті. Жүздеген мың сомға әкелінген металл, шұға, жібек, былғары бұйымдары жылдан-жылға сауданың өзара тиімділігін арттырып, еңбеқ құрал-жабдыктарының: шалғы, пышак, соқа, балта, т.б. күнделікті шаруа тұмысында жиі пайдаланатын бұйымдар мен құрал-жабдықтардың сатылуын молайтты.
Қазақ-орыс сауда байланыстарын дамытуда жәрмеңкелер ерекше орын алды. Әрине, тауар жеткізетін жолдар әлі де тапшы еді. Әйтсе де калалық орталық-тары енді ғана қаркынды дами бастаған қазақ даласында тұрақты сауданы дамытудағы жәрмеңкелердің орны ерекше. 1832 жылы Бөкей (Ішкі) ордасында ашылған тұңғыш жәрмеңке осы өңірдегі ірі сауда орталығына айналды. XIX ғасырдың ортасынан бастап жәрмеңкелер саны да жедел өсті. Бір ғана Шығыс Қазакстанда XIX ғасырдың 80-жылдары 70-тен астам ірілі-ұсақты калалык, далалык жәрмеңкелер ашылған, олардың тауар айналымы жылдан-жылға өсті.
Қазакстан аудандарындағы жағдайды салыстыра карасақ, жәрмеңкенің басты дамыған өңірі Ақмола облысы екен. Ең ірі жәрмеңкелердің басым көпшіліғі де осы облыста шоғырланды: Тайыншакөл (Петропавл уезі), Константиновкада (Еленецкая), Ақмола қаласында, Петровкада (Атбасар станицасында), Қарқарада (Жетісу уезінде) болды. Бұл жәрмеңкелердің сауда

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Сауда және қалалар. Қазақ аулына қоныс аударып келген орыс, украин
шаруаларының тұрак, мекендеріне күннен-күнге әсерін күшейте бастаған
капиталистік қатынастар сауда көлеміне де, оның мазмұны мен мәніне де өәер
етті. Ресей сауда капиталының тіпті шалғай қазақ ауылдары өміріне де ықпал-
әсері империяның орталық аудандары мен орталык, өлке арасындағы шаруашылық
байланысты, тауар алмасу мен айырбасты біршама кеңейтті. Ауылдың әлеуметтік
және шаруашылық өмірінде малды саудалап, оны тауарға айналдыру ерекше
байкала бастады. Мысалы, XIX ғасырдың 80-жылдарында Ақмола, Сарысу,
Қарқаралы уездері аркылы Ресейдің орталық аудандарына 60 мың ірі қара, 200
мыңға дейін қой жеткізілетін. Петропавлдан Қорған және Шадринск арасындағы
мал айдайтын жолмен жыл сайын 340 мыңдай ірі қара, сондай-ақ 550-600 мыңға
тарта қой, ешкі айдалды. Казак, даласында малмен сауда жасау аркылы өйгілі
болған ірі көпестер Ботов, Колосов, Жиряков, Скажутин бай ауылдарынан
жылына ондаған мың мал сатып алып, оларды Орта Азияның, Ресейдің орталык
базарларына жөнелтетін.
Сауда тек малмен ғана байланысты болған жоқ, XIX ғасырдың екінші
жартысында орталык өнеркәсіпті аудандардан мақта мата өндірісінің бұйымдары
да көптеп әкелінді. Капиталистік фабрикада жасалынған тауарлар орта азиялық
сапасы төмен майда бұйымдарды ығыстырып, олардың көшпелі казактармен
саудадағы үлесін төмендетті. Жүздеген мың сомға әкелінген металл, шұға,
жібек, былғары бұйымдары жылдан-жылға сауданың өзара тиімділігін арттырып,
еңбеқ құрал-жабдыктарының: шалғы, пышак, соқа, балта, т.б. күнделікті шаруа
тұмысында жиі пайдаланатын бұйымдар мен құрал-жабдықтардың сатылуын
молайтты.
Қазақ-орыс сауда байланыстарын дамытуда жәрмеңкелер ерекше орын алды.
Әрине, тауар жеткізетін жолдар әлі де тапшы еді. Әйтсе де калалық орталық-
тары енді ғана қаркынды дами бастаған қазақ даласында тұрақты сауданы
дамытудағы жәрмеңкелердің орны ерекше. 1832 жылы Бөкей (Ішкі) ордасында
ашылған тұңғыш жәрмеңке осы өңірдегі ірі сауда орталығына айналды. XIX
ғасырдың ортасынан бастап жәрмеңкелер саны да жедел өсті. Бір ғана Шығыс
Қазакстанда XIX ғасырдың 80-жылдары 70-тен астам ірілі-ұсақты калалык,
далалык жәрмеңкелер ашылған, олардың тауар айналымы жылдан-жылға өсті.
Қазакстан аудандарындағы жағдайды салыстыра карасақ, жәрмеңкенің басты
дамыған өңірі Ақмола облысы екен. Ең ірі жәрмеңкелердің басым көпшіліғі де
осы облыста шоғырланды: Тайыншакөл (Петропавл уезі), Константиновкада
(Еленецкая), Ақмола қаласында, Петровкада (Атбасар станицасында), Қарқарада
(Жетісу уезінде) болды. Бұл жәрмеңкелердің сауда айналымы жөнінде
төмендегідей мәліметтер сақталған: 1875 жылы Тайыншакөл жәрмеңкесінде
сатуға түскен қой саны -78мың, Константиновкада - 77 мыңға жуык, Петровкада
-2 мың болды.
Аса ірі жәрмеңкелердің бірі - Қарқара уезіндегі Талды-Қоянды деген
жерде 1848 жылы ашылған, көпес Варкав Ботовтың есімімен аталатын жәрмеңке.
Қытайдан, Орта Азия елдерінен, Ресейдің ірі сауда орталыктарынан ауқатты
көпестерді жинайтын бұл жәрмеңке өз кезінде Қазакстанның шаруашылық және
қоғамдық өмірінде мейлінше белгілі болды. Бір мысал: 1880 жылы 256 мыңнан
астам кой айдап әкелінсе, 1889 жылы сатуға түскен сол мал саны 270 мыңға
жетті. Жәрмеңкеде тек сауда емес, сонымен қатар қызықты ойындар, сайыстар,
той, мейрам өткізілетін орталық та еді.
Өлкедегі жоғарыда аталған ірі жәрмеңкелермен катар, өсіресе Қытаймен
сауда арқылы белгілі болған Қарқара (Жетісу уезінде), сонымен қатар Ойыл
(Орал облысы), Шар-Екатеринская (Семей облысы) жөрмеңкелері болды.
Отаршылдык сипат сауда байланыстарьгаан да көрініс тапты. Көшпелі
қазақтардың көпшілігі ақша-тауар айналымына жетік мән бермеді. Өз
тауарларының ақшаға шаккандағы кұнын толық бағалай алмады. Сауда заттарына
төлейтін акшасы болмаған казактар олардың бір бөлігін несиеге алатын.
Айырбас саудасында қазақтардың есебі "тоқты" немесе бір жасар "ісек" қой
болды.
Несиеге майда-шүйде үй бұйымдарын алған көшпенділер көп жағдайда
кіріптарлықта қалатын, өйткені ол тауарлардың ақысына кейіннен үстеме
төлейтін. Көшпенділердің аңкаулығын пайдаланған айлакер, жебір көпестер
қазақтардың малы мен затын төмен бағалап, өз тауарларының құнын асыра
көтеретін. Тең сауда болмайтын. Орталық аудандарда 6-7 сомға сатылатын
самаурынға 20-25 қой, бір отар мал беретін; құны 15 тиыннан аспайтын ұстара
үшін ашқарақ саудагерлер қой сұрайтын. Әкелген тауарларының сапасы да
мардымды болмайтын.
XIX ғасырдың ортасынан бастап Қазақстан қалаларындағы халық санында,
әлеуметтік-экономикалык ахуалда түбірлі өзгерістер калыптасты. XIX ғасыр
мен XX ғасырдың басында Қазак жерінде 19 жаңа қала пайда болды. Халқының
саны, таптық, діни құрамы жағынан бұл коныстар әр түрлі дәрежеде
қалыптасты. Олардың бір тобы көлемі шағын, тұрғындарының саны мардымсыз
елді мекендер дәрежесінде қалды. Бір ғана Ақмола облысындағы ұсак
калалардың саны 20-ға дейін жетті.
1897 жылы Ресейде тұңғыш өткізілген халык санағына қарағаңда,
жекелеген ірілеу коныстарда халық саны төменгідей: Орал 36 446, Верный -
22 744, Семей - 20 216, Қостанай - 14175 адам. Кіші коныстар бойынша:
Торғай (1845 жылы негізі қаланған) - 896, Атбасар (1846 ж.) - 3 038,
Көкпекті (1827 ж.) - 2 830, Торғай ,(1845 ж.) - 896. Қала халкының саны
түрліше жолдармен қоныс аударған шаруалар, ауылдан қол үзген қазақтар, ішкі
демографиялық өсім есебінен калыптасып отырды. Ірі қоныстарда біртіндеп
өнеркәсіп орындарының салынуы жұмысшылар санының өсуіне және ұлттық
құрамының өзгеруіне әсер етті. Қазақстан жұмысшы табының негізгі
шоғырланған саласы тау-кен өнеркөсібі болғаны кездейсок емес. XIX ғасырдың
соңында аталған салада 19 мыңдай жұмысшы болса, ол 1902 жылға қарай 30
мыңға жуык болды. Ұлттық құрамы жағынан қара жұмысшылардың басым көпшілігі
қазақтар еді. Олардың ұлттық құрамы басынан интерна-ционалдык негізде
қалыптасқандыктан, бұл жағдай кейінгі жылдардағы таптық козғалыстың да көп
ұлттық мазмұнына әсер етпей коймады.

ҚАЗАҚ-ҚЫТАЙ САУДА ҚАТЫНАСТАРЫ
Сауда байланыстарының барысы. 1851 жылға дейін Ресей мен Цин империясы
арасындағы сауда-эконо-микалық байланыстар негізінен Кяхта қаласы арқылы
жүзеге асырылатын. Щығыс Қазақстан және ішінара Жетісу өңіріндегі Шыңжаңмен
сауда айналымы өлі де жүйелі жолға қойылмады. Ресейдің шетел министрлігінің
Азия департаментінің вице-директоры Н.И.Любимов Қытайдың батыс аудандарынан
кайтып оралғаннан кейін мемлекеттік канцлер К.В.Нессельродеге жолдаған
арнайы хатында, бұл сауданы накты жолға коюдың Ресей мен Қытай елдері үшін
тіпті саяси алауыздыктарды шешу ісінде ерекше орын алатындығын аңғартты.
Ресей империясының бұл кезде хан Кенесары Қасым-ұлының көтерілісін
жаншып, Қазақстанның онтүстік өңірі мен Жетісудың бір бөлігін басып алуы
Орта Азияның дербес хандықтарын жаулауға колайлы жағдай туғызды. Бір
жағынан, ағылшындардың Цин империясының батысына ыкпалының таралуына
карсылық, екінші жағынан, экономикальщ катынас аркылы өзінің өктемдігін
күшейту үшін, сонымен қатар дәстүрлі керуен саудасының жергілікті
хальщтарға да, мемлекеттік қазынаға да пайдалылығын ескерген Ресей үкіметі
1851 жыліы шілде айының 25-інде Қытай үкіметімен Құлжа келісіміне қол
қойды.
Осы шартқа сай Батыс Қытайда Ресейшілік орталықтарының, орыс
көпестерінің арнайы сауда орындарының ашылуы, Ресей мен Қытай мемлекеттері
арасындағы жалпы экономикалык жөне саяси ахуалдьі бір ретке келтіруге
себепші болды. Әлі де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасырдағы Қазақстанның қала мәдениеті (VI - XVII ғғ. )
Ортағасырлық Византия қалалары
VІ-ХІІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛАЛАР МЕН ҚОНЫСТАР. ХIV-ХVІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАРДЫҢ ӨСУІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІНІҢ ДАМУЫ
Рабад - шахристаннан тыс жерде орналасқан қала маңындағы қолөнер елді мекендері
Орта ғасырдағы Қазақстан қалалары
Қазақстанның ежелгі қалалары
Орналасқан жері
Ортағасырлардағы қалалардың дамуы: сәулет өнері және материалдық мәдениет
11-15ғғ. франция, англия, германия, италия
Оңтүстік Қазақстандағы ортағасырлық қалалар
Пәндер