Саяси партиялардың мәні



Жоспар.

І Кіріспе.

Саяси партияның тегі.

ІІ Негізгі бөлім .
а) Саяси партиялардың мәні.
б) Партиялық жүйелер және олардың типологиясы.
в)Қазақстан Республикасында көп партиялықтың қалыптасу
мәселелері.
Саяси партиялардың тегі.
Партиялар мен партиялық жүйелер қазіргі көптеген дамыған қоғамдарда саяси жүйенің негізгі элементтері болып табылады. Саяси партиялардың тегі ежелгі замандардан басталады. Олар құрамы бойынша шамалы және тар ауқымда тіпті Ежелгі Грекияда болды. Бастапқыда олар аристократиялық саяси үйірмелер мен клубтар ретінде болды, олардың қатысушылары билік және билікке ықпал ету саласында өзара бақталасты. Қазіргі мағынасындағы саяси партиялар алғаш Еуропада пайда болды, кейіннен әлемнің басқа аймақтарына таралды. Алғашқы көпшілік (массовые) партиялар Англияда (либералды-1861ж.), Германияда (Жалпы Герман Жұмысшылар Одағы -1863ж.) пайда болды. ХХІ ғасырдың соңында бұқаралық партиялар негізінен социал – демократиялық бағыттағы партиялар Батыс Еуропаның көпшілік елдерінде қалыптасты.Саясаттанушылар көпшілік саяси партиялардың пайда болуының негізгіекі себебін атайды:
1. Саясатқа қатысу саласын елеулі түрде кеңіткен жалпыға бірдей сайлау құқығының таралуы.
2. Тап тартысы, жұмысшы табының ұйымдық дамуы, ол өз партиясын құра бастады.Оған қарсы саяси партиялар да пайда болды.
Өркениет жетістіктерінің бірі ретіндегі саяси партиялар қоғамдық-саяси өмірдің қажетті институты болып қала беруін жалғастыруда.Уақыт өткен сайын мынадай мәселенің пікірталасқа айналғаны шындық: бізге партиялар керек пе әрі қазіргідей көп санда, мысалы Ресейдегідей, Қазақстандағыдай ?
Өзінің өркениетке жатпайтын әдісімен саясат ағымының «қайығын тербететіні» жасырын емес.Бұл бір жағынан.Ал екінші жағынан қоғам осындай саясаттың ұжымдық субъектілерінсіз не күте алады? Тарих мемлекет пен қоғамның арасында осындай байланыстырушы, делдал буын болмаса, биліктің (әсіресе төтенше жағдайлар кезінде) бонапарттық режимге өтіп кетуі мүмкіндігін көрсетті. Тап осы партиялық құрылымдардың азаматтық қоғамды мемлекеттің «семіртіп» жіберуіне кедергі жасайтын әлеуметтік тканнің органикалық өсуіне жағдай жасайтынына тәжірибе дәлел болады.Сонымен, саяси партиялар қазіргі қоғам өмірінде елеулі рол атқаруға арналған. Саяси партиялар – бұл кез келген дамыған саяси жүйенің қажетті элементі.
Саяси партияның мәні.
Кез келген саяси партияның мәні оның кімнің мүддесін қорғайтынында, білдіретінінде. Саяси партия белгілі бір экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа мүдделердің саяси, мемлекеттік деңгейдегі өкілдігі болып табылады. Бұл оның жеке, кәсіптік, корпоративтік, аймақтық, яғни тар мүдделерді білдіретін әртүрлі қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардан ерекшелендіретін басты айырмашылығы. Саяси партияның мәні оның функцияларынан көрінеді.
Саяси партияның функциялары:
1. Мүдделерді білдіру функциясы, яғни ірі әлеуметтік топтың мүдделерін анықтау, қалыптастыру және негіздеу.
2. Ірі әлеуметтік топтарды активизациялау және интеграциялау функциясы.
3. Саяси идеология мен саяси ілім қалыптастыру.
4. Қоғамның саяси жүйесін қалыптастыруға қатысу.
5. Мемлекеттік билікті жүзеге асыруға қатысу.
6. Қоғамдық пікірді қалыптастыру.
7. Тұлғаны саяси әлеуметтендіру функциясы.
8. Мемлекет, кәсіподақтар, қоғамдық ұйымдар үшін кадрлар даярлау және өсіру.
Сөйтіп, саяси партия – индивидтің еркін дамуын іске асыру үшін ұмтылатын саясатпен үздіксіз байланысы.
Саяси партиялар қандай критерийлер бойынша жіктеледі?
Өйткені алғашқы көпшілік партиялар ХІХ ғасырда антагонистік таптардың ұйымдық дамуына және таптық күрестің ширығуына байланысты пайда болды, яғни ұзақ уақыт бойы таптық критерий негізгі болды. Қазір ол сирек қолданылады, өйткені қазіргі қоғамның нақты таптық құрылымы ХІХ

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

І Кіріспе.
Саяси партияның тегі.
ІІ Негізгі бөлім .
а) Саяси партиялардың мәні.
б) Партиялық жүйелер және олардың типологиясы.
в)Қазақстан Республикасында көп партиялықтың қалыптасу
мәселелері.

Саяси партиялардың тегі.
Партиялар мен партиялық жүйелер қазіргі көптеген дамыған қоғамдарда саяси
жүйенің негізгі элементтері болып табылады. Саяси партиялардың тегі ежелгі
замандардан басталады. Олар құрамы бойынша шамалы және тар ауқымда тіпті
Ежелгі Грекияда болды. Бастапқыда олар аристократиялық саяси үйірмелер мен
клубтар ретінде болды, олардың қатысушылары билік және билікке ықпал ету
саласында өзара бақталасты. Қазіргі мағынасындағы саяси партиялар алғаш
Еуропада пайда болды, кейіннен әлемнің басқа аймақтарына таралды. Алғашқы
көпшілік (массовые) партиялар Англияда (либералды-1861ж.), Германияда
(Жалпы Герман Жұмысшылар Одағы -1863ж.) пайда болды. ХХІ ғасырдың соңында
бұқаралық партиялар негізінен социал – демократиялық бағыттағы партиялар
Батыс Еуропаның көпшілік елдерінде қалыптасты.Саясаттанушылар көпшілік
саяси партиялардың пайда болуының негізгіекі себебін атайды:
1. Саясатқа қатысу саласын елеулі түрде кеңіткен жалпыға бірдей сайлау
құқығының таралуы.
2. Тап тартысы, жұмысшы табының ұйымдық дамуы, ол өз партиясын құра
бастады.Оған қарсы саяси партиялар да пайда болды.
Өркениет жетістіктерінің бірі ретіндегі саяси партиялар қоғамдық-саяси
өмірдің қажетті институты болып қала беруін жалғастыруда.Уақыт өткен сайын
мынадай мәселенің пікірталасқа айналғаны шындық: бізге партиялар керек пе
әрі қазіргідей көп санда, мысалы Ресейдегідей, Қазақстандағыдай ?
Өзінің өркениетке жатпайтын әдісімен саясат ағымының қайығын тербететіні
жасырын емес.Бұл бір жағынан.Ал екінші жағынан қоғам осындай саясаттың
ұжымдық субъектілерінсіз не күте алады? Тарих мемлекет пен қоғамның
арасында осындай байланыстырушы, делдал буын болмаса, биліктің (әсіресе
төтенше жағдайлар кезінде) бонапарттық режимге өтіп кетуі мүмкіндігін
көрсетті. Тап осы партиялық құрылымдардың азаматтық қоғамды мемлекеттің
семіртіп жіберуіне кедергі жасайтын әлеуметтік тканнің органикалық өсуіне
жағдай жасайтынына тәжірибе дәлел болады.Сонымен, саяси партиялар қазіргі
қоғам өмірінде елеулі рол атқаруға арналған. Саяси партиялар – бұл кез
келген дамыған саяси жүйенің қажетті элементі.
Саяси партияның мәні.
Кез келген саяси партияның мәні оның кімнің мүддесін қорғайтынында,
білдіретінінде. Саяси партия белгілі бір экономикалық, әлеуметтік, мәдени
және басқа мүдделердің саяси, мемлекеттік деңгейдегі өкілдігі болып
табылады. Бұл оның жеке, кәсіптік, корпоративтік, аймақтық, яғни тар
мүдделерді білдіретін әртүрлі қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардан
ерекшелендіретін басты айырмашылығы. Саяси партияның мәні оның
функцияларынан көрінеді.
Саяси партияның функциялары:
1. Мүдделерді білдіру функциясы, яғни ірі әлеуметтік топтың мүдделерін
анықтау, қалыптастыру және негіздеу.
2. Ірі әлеуметтік топтарды активизациялау және интеграциялау функциясы.
3. Саяси идеология мен саяси ілім қалыптастыру.
4. Қоғамның саяси жүйесін қалыптастыруға қатысу.
5. Мемлекеттік билікті жүзеге асыруға қатысу.
6. Қоғамдық пікірді қалыптастыру.
7. Тұлғаны саяси әлеуметтендіру функциясы.
8. Мемлекет, кәсіподақтар, қоғамдық ұйымдар үшін кадрлар даярлау және
өсіру.
Сөйтіп, саяси партия – индивидтің еркін дамуын іске асыру үшін
ұмтылатын саясатпен үздіксіз байланысы.
Саяси партиялар қандай критерийлер бойынша жіктеледі?
Өйткені алғашқы көпшілік партиялар ХІХ ғасырда антагонистік таптардың
ұйымдық дамуына және таптық күрестің ширығуына байланысты пайда болды, яғни
ұзақ уақыт бойы таптық критерий негізгі болды. Қазір ол сирек қолданылады,
өйткені қазіргі қоғамның нақты таптық құрылымы ХІХ ғасырға қарағандабіршама
күрделірек. Саяси партияларды жіктеу мынадай критерийлер бойынша жүзеге
асырылады:
- қызмет ету ортасы критерийі бойынша – моноорта (өзі мүддесін
білдіретін бір әлеуметтік ортадағы қызмет); аралық (қызметі олардың
біруіне ғана емес, басқа да әлеуметтік қауымдарға ықпал етуді
іздестіруге бағытталған); бұқаралық , жалпы (жалпы халықтық ортаға
бағытталған);
- саяси жүйедегі ролі бойынша (жария және жабық). Олар: билікке ашық
күреске (оппозициялық), оны жүзеге асыруға және нығайтуға (билеуші);
сайлауға қатысуға (яғни қызмет көрсетуші немесе сайлау функцмялары –
функциясы біреу ғана – сайлауларға қатысу) бағытталған;
- функциялары бойынша (сайлау деп аталғандардан басқа парламенттік
партиялар – көптеген партиялық функцияларды оған қоса парламенттік
қызметті іске асырады);
- ілімнің сипаты мен идеологиялық бағыты бойынша: революциялық (қоғам
өмірін сапалы қайта құруға ұмтылатын); реформалық (қоғамды елеулі
сандық қайта ұйымдастыруға бағытталған, бірақ оның негізгі құрылымын
сақтап қалады);консервативті (қазіргі әлеуметтік жағдайдың негізгі
сипаттамаларын тұрақты сақтауға ұмытылатын); реакциялық (мақсаты –
қоғам дамуының алдыңғы кезеңдерінің құрылымдарына ішінара немесе
толықтай оралу);
- ұйымдық құрылымының критерийі бойынша: орталықтандырылған (бірыңғай
бағдарлама, күшті басшылық, тәртіп және сатылылық):
орталықсыздандырылған (саяси өмірде тұтас ұйымға ұмтылмайтын тұрақты
мүшеліксіз); кадрлық (аз санды, активтер арқылы әрекет етеді
–кәсіпқой, сол секілді қоғамдық); бұқаралық (өз қатарында осы партияға
тұрақты дауыс берген азаматтардың кемінде 10 пайызы бар, басшылықты
кәсіпқой саясаткерлер жүзеге асырады, негізгі қаржыландыру көзі –
мүшелік жарналар).
Партиялық жүйелер және олардың типологиясы.
Болашақта өз қызметінде өзара байланысты саяси партиялар партиялық
жүйе құрады, ол олардың еңберінде – партиялық коалиция құрады.
Партиялық жүйе – бұл өз алдарына қойған мақсаттарын жүзеге асыруға
ұмтылатын партиялардың күресу механизміне ынтымақтастығы.
Партиялық жүйелер:
- бір партиялық;
- екі партиялық;
- көп партиялық.
Бір партиялық жүйе тоталитарлық және авторитарлық жүйеге бөлінеді.Бір
партиялық жүйеде, әдетте, партия мемлекеттік аппаратпен тұтасып кетеді және
партияға тән емес билік функцияларын орындай бастайды. Нәтижесінде
бюрократияландыру жүреді, билікке сайлаушылар тарапынан демократиялық
бақылау әлсірейді, ал сайлаудың өзі формалды сипат иеленеді.Бұған 1903 жылы
пайда болған Ресей социал-демократиялық жұмысшылар партиясы (РСДЖП) Кеңес
Одағының коммунистік партиясы (Кокп) мысал бола алады. КСРО-да жазылмаған
ереже бойынша басқару құрылымына елдегі жалғыз партия болған және
Конститутция бойынша саяси жүйенің негізгі болған КОКП мүшелігінде болмаған
адам тағайындалмайды.
Қос партиялық жүйе билікте бір немесе екі партияның өзгермелі болуымен
ерекшеленеді (негізінен бір-бірін ауыстырады). Мұндай жүйе, мысалы, АҚШ-та
қалыптасты, билікте негізгі екі партия-Республикалық және Демократиялық
партиялар бір-бірін ауыстырады. Осы екі партияның арасында шын мәнінде
түбірлі саяси ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы саяси партияларға түсінік
Саяси партиялар
Саяси партияларды құқықтық тұрғыдан зерттеу
Саяси партиялар мен қоғамдық - саяси қозғалыстар жайлы ақпарат
Саяси партиялар туралы теория
Саяси партиялар туралы ақпарат
Сайлаушылар партиясы
Партия ұғымы, мәні
Идеологиялық партиялар
Саяси партиялар туралы мәлімет
Пәндер