Көкөніс және бақша дақылдарының зиянкестері



1. Көкөніс дақылдарының зиянкестері
2. Бақша дақылдарының зиянкестері
3. Зиянкестердің түрлері
4. Күресу шаралары
5. Пайдаланған әдебиеттер
Көкөніс және бақша дақылдары зиянкестерінің түрлі құрамы жағынан сан алуан болып келеді. Олардың аса қауіптілеріне мына көп қоректі зиянкестер жатады: бұзаубас, кеміргіш көбелектердің жұлдызқұрттары, шырыштар. Көкөніс дақылдарының зиянкестеріне қатты қанаттылар, қабыршақ қанаттылар, тең қанаттылар, жартылай қатты қанаттылар, қос қанаттылар мен трипстердің түрлері жатады. Жабық жерде көкөніс өсімдіктеріне сорғыш зиянкестердің бірнеше түрлері зиян келтіреді. Көкөніс дақылдарының бейімделген зиянкестеріне қатты қанаттылар,қабыршақ қанаттылар,тең қанаттылар, қабыршақ қанаттылар ,қос қанаттылар мен трипслердің түрлері жатады.Жабық жерде көкөніс өсімдіктеріне сорғыш зиянкестердің бірнеше түрлері зиян келтіреді.
1. Агибаева А.Ж.; Тулеева А.К.; Сулейменова З.Ш. «Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау».
2. Каламов Б.Х. Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау.»пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар.
3. Сағитов А.О., Джаймурзина А.А., Туленгутова К.Н., Карбозова Р.Д. «Ауылшаруашылық фитопатологиясы», Алматы, 2000.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей Қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Көкөніс және бақша дақылдарының зиянкестері

Тобы: АГ-413
Орындаған: Сәрсенбеков Алмас
Тексерген: Мухаметжанова О.Т

Семей. 2015жыл.

Жоспар:
1. Көкөніс дақылдарының зиянкестері
2. Бақша дақылдарының зиянкестері
3. Зиянкестердің түрлері
4. Күресу шаралары
5. Пайдаланған әдебиеттер

Көкөніс және бақша дақылдары зиянкестерінің түрлі құрамы жағынан сан алуан болып келеді. Олардың аса қауіптілеріне мына көп қоректі зиянкестер жатады: бұзаубас, кеміргіш көбелектердің жұлдызқұрттары, шырыштар. Көкөніс дақылдарының зиянкестеріне қатты қанаттылар, қабыршақ қанаттылар, тең қанаттылар, жартылай қатты қанаттылар, қос қанаттылар мен трипстердің түрлері жатады. Жабық жерде көкөніс өсімдіктеріне сорғыш зиянкестердің бірнеше түрлері зиян келтіреді. Көкөніс дақылдарының бейімделген зиянкестеріне қатты қанаттылар,қабыршақ қанаттылар,тең қанаттылар, қабыршақ қанаттылар ,қос қанаттылар мен трипслердің түрлері жатады.Жабық жерде көкөніс өсімдіктеріне сорғыш зиянкестердің бірнеше түрлері зиян келтіреді.
Көкөністер. Көкөністер мынадай негізгі топтарға бөлінеді:
* тамыржемістілер -- тарна, сәбіз, асханалық қызылша, ақжелкен түйнегі,ботташық, шалқан, тұрып, шомыр, балдыркөк түйнегі;
* жапырақтылар (тамаққа жапырағы мен жуан сағағын пайдаланады) -- қырыққабат, салат, саумал, аскөк, жапырақты және сағақты балдыркөк, жапырақты ақжелкен, рауғаш, қымыздық;
* жемістілер (тамаққа жас түйнегі мен піскен жемісі жарамды) -- қызанақтар,баклажандар, тәтті және ащы бұрыштар, қияр, қарбыз, қауын, асқабақ, кәді, самсар,гүлді қырыққабат, бұршақ, лобия, атбас бұршақ, қант жүгерісі;
* баданалылар (тамаққа басы мен жапырағы пайдаланылады) -- шалқан пияз, сарымсақ, порей, батун пияздары, шнитт пиязы;
Көкеніс және бақша зиянкестерімен қорғау шаралары
Қатты қанаттылар отрядына жататын көп қоректі зянды жәндіктер Әртүрлі өсімдіктермен қоректенетін қоңыздардың ең қауіпті және көп тараған түлері Coleoptera - отряды, Poliphaga - отряд тармағы, Elateridae - шыртылдақ қоңыздар, Tenebrionidae - қараденелілер, Scarabalidae - тақта мұртты қоңыздар тұқымдастарына жатады. Шыртылдақ қоңыздар. Ұзындығы 5 - 15 мм. Алдыңғы кеудесі қозғалғанда шырылдаған дыбыс шығарады. 2-4 апта өмір сүреді. Қоңыздың зияндылығы жоқ. Жұмыртқасын топыраққа салат. Бір қоңыздың салатын жұмыртқасынын мөлшері 30 -500 дана. Дернәсілдері қыстайды. Дернәсіл 13 бөліктен тұрады. Сыртқы қатты қабығы болғандықтан және пішініне қарап оларды сымға ұқсатады. Басы, үш жұп аяқтары жақсы дамыған, түсі сары қоңыр. Дернәсіл 3-4 жыл өмір сүреді. Егістіктерде ошақ-ошақ болып кездеседі. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің қсіп келе жатқан тұқымымен, олардың тамырларымен қоректенеді. Топырақ құрғап кеткенде өсімдіктердің етті бөліктеріне кіріп алып қоректенеді. Қараденелілер. Баяу жүретін, тустері қара, ірілі - кішілі қоңыздар. Көп түрлері қанаттары бірігіп кеткендіктен ұша алмайды. Дернәсілдерінің алдыңғы жұп аяқтары үлкен, бастары доға тәрізді. Дернәсілдері жылдам өсіп жетіледі. Құмның шабан қоңызы зиянды, олар отамалы өсімдіктердің өскіндері мен көкөніс өсімдіктерінің көшеттерін зақымдайды. Батыстық мамыр қоңызы, жетісулық мәрмәр қоңыз,маусым қоңызы отамалы, көкөніс және жеміс-жидек өсімдіктерінің негізгі зиянкестері.
Күресу шаралары . Күзде терең сүдігер жырту,тыңайтқыш салу, жазда отамалы өсімдіктердің қатар аралықтарын бірнеше рет өңдеу, арамшөптермен күресу,үстеп қоректендіру арқылы барлық көп қоректі қатты қанаттылардың санын азайтуға болады. Дернәсілдердің саны 1 м2 5-10 дана болғанда отамалы өсімдіктерді отырғызуға болмайды. Олардың орнына аз зақымдалатын бұршақ тұұымдастарды, қарақұмықты өсіреді. Қара денелі қоңыздардың саны 1м2 2-3 дана және одан жоғары болғанда инсектицидттермен улайды.
Бұрыш (Сapsіcum) -- алқатұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік.Қазақстанның оңт. облыстарында бір жылдық түрлері өсіріледі. Тропик аймақтарда көп жылдық өсімдік ретінде өседі. Қазақстанда Бұрыштыңтың 1 түрі -- қызыл Бұрыш. (С. annuum) бар. Бұрыш -- жылу және ылғал сүйгіш өсімдік. Биікт. 30 -- 130 см, сабағынан жанама сабақшалар шығады. Жапырағы жұптасып орналасқан, жұмыртқа тәрізді тықыр немесе түкті келеді. Маусым -- шілдеде гүлдейді, гүлдері жалқы немесе жұптасқан, түсі ақ сары, күлгін түсті. Бұрыш тұқымынан алынған көшеттерінен өсіріледі. Қазақстанның оңт. ауд-нда Бұрыштың "астрахандық", "болгарлық", "ласточка", "подарок", "ротонда", т.б. сорттары егіледі. Бұрышты тамаққа дәм беруге, маринадтауға, консервілеуге және салаттар жасауға пайдаланады. Бұрыштың аурулары: шірік,вирус, солу. Зиянкестері: жұмыр құрттар, көбелектер, т.б.
Қырыққабат, қатпаршақкөк (орыс тілінде қырыққабат) (Brassіca) - орамжапырақтар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық өсімдік туысы. қырыққабат туысына шалқам,тарна, қызылша сияқты өсімдік түрлері жатады. Еуразия және Cолтүстік Америкада, көбінесе Жерорта теңізі маңында кездесетін 35-ке жуық түрі белгілі.
Капуста ақ көбелегі(Pіerіs brassіcae) - капустаның және капуста тұқымдас өсімдіктердің зиянкесі. Ақ көбелектер тұқымдасына жатады. Қазақстанда кең таралған. Қанаты жайылғандағы ұзындығы 55 - 60 мм, қанатының үстіңгі жағы ақ, астыңғы жағы жасыл түсті, сарғыш, алдыңғы қанаттарының жоғарғы бұрышында орақ тәріздес қара жолақ және екі қара нүктесі бар. Жылына 2 - 4 ұрпақ беріп көбейеді. Қуыршақтары қыстайды, сәуір - мамырда көбелек шығады. Жұмыртқаларын топтап (15 - 200) капуста жапырағының астыңғы бетіне салады. Капуста ақ көбелегі 1-ұрпақтың жұмыртқаларын арамшөптердің жапырағына салады, ал келесі ұрпақтарын егістіктегі екпе айқыш гүлдер тұқымдасы өсімдіктерінің жапырақтарына салады. Жұмыртқадан жаңа шыққан жұлдызқұрттар (ұзындығы 40 - 45 мм) бастапқы кезде шоғырланып капуста жапырағымен, кейінірек өсімдік бойымен өрмелеп жан-жаққа таралып, дараланып қоректенеді. Қырыққабат ақкөбелегінің жұлдызқұрты өскен кезде, ағашқа, дуалға немесе үйдің қабырғасына өрмелеп шығады. Осы жерде оның сыртқы жамылғысы түсіп, қуыршаққа айналады. Қуыршақтан шыққан көбелектің кішкене жұмсақ қанаттары болады. Ол қанаттары қатайып, жазылғанша бірнеше сағат бір жерде отырады.Зақымданған өсімдіктің өсуі төмендеп, алатын өнім азаяды.
Күресу шаралары: егіс даласын өсімдік қалдықтарынан тазарту, арамшөптерді құрту, биологиялық және химиялық күрес шараларын қолдану.
Қырыққабат шыбыны - гүл шыбындары тұқымдасына жататын жәндік . Қырыққабат пен Қырыққабат тұқымдасы өсімдіктерінің қауіпті зиянкесі. Көктемгі қырыққабат шыбыны (Delіa brassіcae) және жазғы қырыққабат шыбыны (Delіa scaralіs) деп аталатын түрлері белгілі. Қазақстанда шыбынның екі түрі де кең таралған. Көктемгі қырыққабат шыбыны ашық сұр түсті, ұзындығы 6 - 6,5 мм, жылына 1 - 4 ұрпақ беріп өсіп-өнеді, сәуір - мыр]] айларында ұшып шығады. Жұмыртқаларын өсімдіктің тамыр мойнына немесе сабақтың түбіне таяу, топырақ бетіне әр жерге 13 - 15-тен топтап салады. Жұмыртқадан шыққан дернәсілдер қырыққабат тамырының бетіне немесе тамырына, сабағының тамырға жақын бөлігіне еніп қоректеніп, өсімдікті зақымдайды. Жазғы қырыққабат шыбыны көктемгі шыбыннан ірілеу, ұзындығы 7,5 - 8 мм, жылына бір ұрпақ беріп өсіп-өнеді. Шыбынның ұшып шығуы маусым - шілде айларында басталады. Жұмыртқаларын қырыққабат сабағына жақын топырақ арасына топтап салады. Дернәсілдері өсімдіктің тамыры мен көсеусабағын (тамыр қалдықтарын) зақымдайды. Зиянкестің екі түрінің де қуыршақтары топырақ ішінде қыстайды. қырыққабат шыбыныдары зақымдаған өсімдіктердің өсуі нашарлайды немесе тамырлары шіріп кетеді. қырыққабат шыбыны, әсіресе, көшеттерге өте қауіпті.
Күресу шаралары: ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіргенде агротехникалық шараларды дұрыс қолдану, егістікті инсектицидтермен өңдеу.
Қырыққабат бітесі(Brevicoryne brassicae) - теңқанаттылар отрядына жататын жәндік. Партеногенез жолымен дамитын қанатсыз аналығының ұзындығы 1,9 - 2,3 мм, пішіні жұмыртқа тәріздес көк жасыл сұр түсті. Қанатты аналығының ұзындығы 2,15 мм, басы мен кеудесі қоңыр, құрсағы сарғыш көк. Орамжапырақтар тұқымдасы дақылдарын, әсіресе, қырыққабатты көп зақымдайды. Қырыққабат бітесінің көбіне жұмыртқасы ғана қыстап шығады, ал Кавказдың субтропиктік аудандарында, Орта Азияның кейбір жерлерінде аналығы мен дернәсілі қыстайды. Көктемде жұмыртқадан дернәсіл шығып, одан қанатсыз аналық қырыққабат бітесі жетеді. Бұлар орамжапырақты арамшөптерде, тұқымдық қырыққабаттарда тіршілік етеді. Күзде жыныстық ұрпақ - аналық және қанатты аталық Қырыққабат бітесі жетіледі. Ол екеуі бір-бірімен ұрықтанып, аналық Қырыққабат бітесі қырыққабат өзегіне не арамшөптерге 2 - 4 жұмыртқа салады. Қырыққабат бітесі қырыққабаттың шырын сөлінен қоректенеді, оның жапырақтарын бүрістіріп, өсуін тоқтады.
Күрес шаралары: топырақты терең жыртып, арамшөптерді құрту. Түрлі инсектицидтер шашу.‎
Қызылша зиянкестері:
Қызылша бүргесі: оңтүстік ( Chaetocnema breviuscula Fald.),кәдімгі немесе қарақұмық(Сhaetocnema concinna Marsch.) (Coleopteraотряды, chrysomelidae тұқымдасы). Қант және асханалық қызылшаны, рауғашты, қымыздықты, шпинатты, т.б дақылдарды зақымдайды. Бүргенің денесінің ұзындығы - 1,4-2,3 мм, денесінің түсі қара металды реңі бар. Қанаттың үстіңгі жағы кең, аралықтары жаншылған. Кәдімгі қызылша бізтұмсығының дене пішіні домалақ, ал оңтүстік бүргесінің денесі жұмыртқа болып келген. Дернәсілдерінің денесінің түсі ақшыл сары реңді, басы қоңыр, ұзындығы - 1,5-2,2 мм. Қоңыздар топырақтың беткі қабатында немесе өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Егістіктен орман алқаптарына, арамшөпті жерлерге ұшуы мүмкін. Қоңыздар тұқымжарнақ және нағыз жапырақпен қоректенеді. Жас өскіндер күшті зақымданған кезде жойылып кетуі мүмкін. Күресу шараларын ұйымдастыру барысында міндетті түрде мына мәселені ескерген жөн: көктемнің бұлтты күндерінде бүргелер нашар қоректенеді және айтарлықтай зиян келтіре қоймайды, ал ауа райының ыстық, құрғақ күндерінде зияндылығы бірнеше есеге көбейеді. 1-1,5 ай қосымша қоректену жалғасқаннан кейін аналықтары жұмыртқаларын терендігі 3-6 см топырақ астына салады. Эмбрионалдық даму 10-14 күнге жалғасады. Дернәсілдер 30-80 күн шамасындай қарашірікпен, қызылшаның ұсақ қабықшаларымен қоректенеді, сонан соң топырақ қабатының 10-15 см терендігінде қуыршақтанады. Қоныздардың жаңа ұрпағы шілде айының соңы мен тамыз айының басында пайда болады. Олар аса қауіпті зиян келтірмей арамшөп және қызылша жапырақтарымен 1-2 апта қоректенеді де, кейін қыстауға кетеді. Жылына 1 ұрпақ береді.
Күресу шаралары. Жақсы дайындалған жерге кеш егілген егіс бүргелерден аз шығынға ұшырайды. Вегетация кезеңінде қызылша бүргесі қоректеніп, дамитын арамшөптерді міндетті түрде жою қажет (әсіресе алабұталар мен қарақұмықтар тұқымдасы ). Көктеу кзеңінде- 3 жұп жапырақ болған жағдайда 8-12 қоңыз табылса, онда инсектицидпен өңдеу қажет болады.
Қызылша бізтұмсықтары: кәдімгі (Bothynoderes punctiventris Germ.),жолақты (Chromoderus fasciatus Mull.), ақшыл ( Chromoderus declivis Ol.),шығыс (Bothynoderes foveicollis Gebl.) және (Тanymecus Palliates F.) ((Curculionidae - тұқымдасы, Coleoptera- отряды). Соңғы екеуі Қазақстанда көп тараған.
Кәдімгі қызылша бізтұмсығы қара түсті, денесі сұр қабыршақпен және түктермен жабылған. Қанатының үстінде екі қара қисық дақтары және де екі ақ дөнесі бар. Бастүтігі қысқа. Дене тұрқы - 10-15 мм. Жолақты қызылша бізтұмсығы түсі қара, денесін сұр қара қабыршақтар және түктер жапқан. Қанаттың үстінде көмескі бұлдыр қара дақтары бар. Дене тұрқы -7-11 мм. Ақшыл қызылша бізтұмсығының денесі қара , ақ дерлік түктермен жабылған. Бүйірінде иректі жіңішке сызығы бар. Дене тұрқы - 9-10 мм. Ақшыл қызылша бізтұмсығының денесі түгелімен сұрқабыршақтармен жабылған . дене тұрқы - 7-10 мм.
Бізтұмсық дернәсілі - денесінің түсі ақ, басы қоңыр, аяғы жоқ. Кәдімгі қызылша бізтұмсығының денесітұрқы - 27-30 мм, ал қалғандарінікі- 20-25 мм.
Қоңыздар топырақта қыстайды, ал егер күз суық жаңбырлы болса, онда дернәсілдері мен қауашақтар да қыстауға кетуі мүмкін. Алайда Солтүстік Қазақстанның ауа райы жағдайына байланысты, дернәсілдер мен қауашақтар қыс мезгілінде өліп қалады. Көктемде топырақ қабаты 8-10 0С қызған кезде қоңыздар пайда болады . Бұл уақытта қоңыздар топырақ бетінде жорғалайды. Темперетура 20-25 0 С қызған жағдайда ұша бастайды. Қызылша бізтұмсығы арамшөптердің алабұталар тұқымдасымен қоректенеді де, кейін қант қызылшасының өскініне ауысады . Есейген дараларында қосымша қоректену 35-40 күнге созылады. Аналықтары жұмыртқаларын өсімді ктамырының маңайына, тереңдігі 3-10 см топыраққа салады. 7-11 күннен соң дернәсілдер туады, кейін олар ұсақ қабықшаларды және қызылшаның орталық тамырын тереңдетіп жеп, тамырдың кемтарлығын тудырады, ал күшти залалданған кезде өсімдіктің жойылуына әкеледі. Сұр қызылша бзтұмсығының дернәсілі арамшөптерде дамуына байланысты, қызылша өсімдігін зақымдайды. Дернәсілдер 45-90 күннің ішінде төрт жас шағын өткізеді және топырақта қуыршақтанады. 15-20 күннен кейін жаңа қоңыз пайда болады да, сонан соң ол топырақта қыстауға қалады. Жолақты қызылша бізтұмсығының қоңызы жұмыртқаны қызылшаны тамырының мойнына салады., ал дернәсілі тамыржемістің ішіне еніп, камерелар мен жолдар жасайды да, тамыр мойнының ісінуін тудырады. Мұдай зақымдалу өсімдіктің жойылуына әкелу мүмкін.
Күресу шаралары. Ауыспалы егіс қатаң сақтау, жоғары сапалы тұқыммен қолайлы мерзімде себу, топырақты сапалы өңдеу, минералды және органикалық тыңайтқыштарды енгізу, егінді сепкеннен кейін топырақты тығыздаса, зиян кестердің санының азаюына және өсімдіктің өсву тұрақтылығын реттеуге мүмкіндік туғызады. Топырақты қатараралық қопсытса, жыртқыш жәндіктердің әрекетің күшейтеді. Арамшөптермен міндетті түрде күресу керек.
Қызылша сауытты қоңызы - Cassida nebulosa L. (Curculionidae - тұқымдасы, Coleoptera - отряды). Бунақденелілер қант және асханалық қызылшада, көбінесе көкпекте, алабұта тұқымдасы арамшөптерінде дамиды. Сауытты қоңыз жапырақтарды кеміреді де, оның негізгі жүйкесін қалдырады. Қоңыздардың денесінің түсі қоңыр сары немесе жасыл ұсақ қара дақтармен, дене тұрқы - 6-7 мм. Қанат үсті және алдыңғы арқа денеге қарағанда кең болып келген және қоңызды басымен бірге сауыт жапқан. Аяқтары қоңыр, жамбасы қаралу. Қанаттың үстінде түзу қатары нүктелері бар. Қанат үстінің бүйір қырларының орта бөлімі жуын болып келген. Дернәсілі сары жасыл жалпақтау, дененің бүйірінде айтарлықтай ірі тісшелі өсіенділер бар, осы өсінділердің артқы екеуі едәуір ұзын болып келген.
Күресу шаралары.Алабұталылар тұқымдасына жататын арамшөптерді жою қажет. Қолмен отау кезінде арамшөптерді егістікпен алып тастау керек . сауытты қоңыздар мен олардың дернәсілдеріне қарсы инсектицидті тізіиі бойынша пайдаланған жөн.
Қызылша қандаласы - poeciloscytus cognatus Fieb. (Hemipteraотряды, Miridae - тұқымдасы.) қант қызылшасын, жогңышқаны, сояны, асбұрщақты, күнбағысты, көкнәрді және т.б. өсімдіктерді зақымдайды.
Бунақденелілердің дене тұрқы - 3-5 мм, сары қоңыр түсті. Арқаның алдынғы жағында екі қара дағы бар. Қанаты мөлдір, ал үстіңгі ортасында сына тәрізді қара қара дақ орналасқан. Дернәсілдері үлкен дараларына ұқсас, жасыл, қылшықтармен жабылған, сауытында екі қара дақ орналасқан .
Мәдени өсімдіктердің және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көкеніс және бақша дақылдарының зиянкестері
Көкеніс және бақша дақылдарының зиянкестері және қорғау шаралары
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері жайлы
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері туралы мәлімет
Көкөніс дақылдарын аурулар мен зиянкестерден қорғау шаралары
Картоп және көкеніс зиянкестері
Көкөніс және бақша дақылдарының зиянкестері жайлы
Бақша дақылдарының зиянкестері және олармен биологиялық күрес шаралары
Көкеніс және бақша дақылдарының зиянкестері жайлы ақпарат
Көкөніс дақылдарының зиянкестері
Пәндер