Лицензиялық келісімдер



Лицензиялық келісім шарт - ақылы шарт. Бұл шарт бойынша лицензиатпен (лицензияны сатып алушымен) лицензиардың (лицензия сатушының) шығындарын өтеуі қарастырылған. Лицензиялық келісім шарт Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі Комитетінде тіркелуі керек.
Патенттік лицензия - патент иесінің екінші адамға патенттелген өнертабысты пайдалануға беретін құқығы. Ол жай және ерекше лицензиялар болып ажыратылады. Жай патенттік лицензия жағдайында патент иесі өнертабысты пайдалану құқығын бірнеше адамға бере алады. Ерекше патенттік лицензия бойынша өнертабысты иайдалану құқығына патентті алушымен бірге патент иесінің өзі де ие болып қалады.
Лицензиялық шарттар объектілері
Лицензиялық шарттардың және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру шарттарының жобалары, оның ішінде:
1) қорғау құжаттарымен қорғалмаған (патентсіз лицензиялық шарттар) "ноу-хауға" және басқа ғылыми-техникалық жетістіктерге;
2) қорғау құжаттарымен қорғалған (патентті лицензиялық шарттар) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіп үлгілеріне;
3) қорғау құжаттарымен қорғалмаған ғылыми-техникалық жетістіктермен ("ноу-хау", "инжиниринг" түріндегі қызметтер және т.б.) бірге қорғалған өнертабыстарға (пайдалы модельдерге, өнеркәсіп үлгілеріне) (лицензиялық комплект) патенттік тазалыққа тексерілуі тиіс.
48. Барлық жағдайларда лицензиялық шарттар объектісін патенттік тазалыққа сараптау (оның ішінде лицензиатқа берілген техникалық құжаттама бойынша шығарылған өнімнің де) Қазақстан Республикасының және лицензиялық шарт бойынша құқықтардың берілуі болжанып отырған елдердің аумағына қатысты жүргізіледі.
Одан басқа:
1) лицензиатқа берілген техникалық құжаттама бойынша шығарылған өнімнің - лицензиялық шарт бойынша дайындалған осындай өнімді жеткізу мүмкін елдерге қатысты;
2) осы өнімді дайындау технологиясының - патенттік заңнама бойынша немесе сот практикасына сәйкес өнімдерді жанама қорғауы бар елдерге қатысты патенттік тазалық тексерілуі тиіс.
49. Егер құрылғыларды лицензиялық шарт бойынша сату жүзеге асырылатын елде (елдерде) өнеркәсіптік меншіктің осы түріне қорғау көзделсе өнертабыстарға, өнеркәсіп үлгілеріне, сондай-ақ пайдалы модельдерге қатысты құрылғыларға арналған лицензиялық шарттар тексеріледі. Тауар таңбасына қатысты тексеріс тек лицензиялық шартқа тиісті елдерде тіркелмеген тауар таңбасы немесе лицензиялық өнімнің арнайы атауы кірсе ғана жүргізіледі.
1 Патентное право: Сборник нормативно-правовых актов// Составитель Т.Е. Каудыров, Э.З. Фаизова .- Алматы: Жетi-Жарғы. 1996
2 Каудыров Т.Е. Право интеллектуальной собственности в Республике Казахстан .- Алматы: Жетi-Жаргы. 1999
3 Патентоведение. Учебник для вузов. / Под ред. В.А. Рясенцева. - З-е изд., перераб. и доп. - М.: Машиностроение , 1984. -352 с.

Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Орындаған: Сәлімжанов Ернұр Ермекұлы
Жетекші: Кундызбаев
Джумакан Какимович
Тобы:АУ-209

Лицензиялық келісімдер
Автоматтандыру және электротехника кафедрасы

5В070200 – Автоматтандыру және басқару

СЕМЕЙ, 2015 ж.
Лицензиялық келісімдер

Лицензиялық келісім шарт - ақылы шарт. Бұл шарт бойынша лицензиатпен
(лицензияны сатып алушымен) лицензиардың (лицензия сатушының) шығындарын
өтеуі қарастырылған. Лицензиялық келісім шарт Қазақстан Республикасының
Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі Комитетінде
тіркелуі керек.
Патенттік лицензия - патент иесінің екінші адамға патенттелген
өнертабысты пайдалануға беретін құқығы. Ол жай және ерекше лицензиялар
болып ажыратылады. Жай патенттік лицензия жағдайында патент иесі
өнертабысты пайдалану құқығын бірнеше адамға бере алады. Ерекше патенттік
лицензия бойынша өнертабысты иайдалану құқығына патентті алушымен бірге
патент иесінің өзі де ие болып қалады.
Лицензиялық шарттар объектілері
Лицензиялық шарттардың және зияткерлік меншік объектілеріне
құқықтарды басқаға беру шарттарының жобалары, оның ішінде:
1) қорғау құжаттарымен қорғалмаған (патентсіз лицензиялық
шарттар) "ноу-хауға" және басқа ғылыми-техникалық жетістіктерге;
2) қорғау құжаттарымен қорғалған (патентті лицензиялық шарттар)
өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіп үлгілеріне;
3) қорғау құжаттарымен қорғалмаған ғылыми-техникалық
жетістіктермен ("ноу-хау", "инжиниринг" түріндегі қызметтер және т.б.)
бірге қорғалған өнертабыстарға (пайдалы модельдерге, өнеркәсіп үлгілеріне)
(лицензиялық комплект) патенттік тазалыққа тексерілуі тиіс.
48. Барлық жағдайларда лицензиялық шарттар объектісін патенттік
тазалыққа сараптау (оның ішінде лицензиатқа берілген техникалық құжаттама
бойынша шығарылған өнімнің де) Қазақстан Республикасының және лицензиялық
шарт бойынша құқықтардың берілуі болжанып отырған елдердің аумағына қатысты
жүргізіледі.
Одан басқа:
1) лицензиатқа берілген техникалық құжаттама бойынша шығарылған
өнімнің - лицензиялық шарт бойынша дайындалған осындай өнімді жеткізу
мүмкін елдерге қатысты;
2) осы өнімді дайындау технологиясының - патенттік заңнама
бойынша немесе сот практикасына сәйкес өнімдерді жанама қорғауы бар елдерге
қатысты патенттік тазалық тексерілуі тиіс.
49. Егер құрылғыларды лицензиялық шарт бойынша сату жүзеге
асырылатын елде (елдерде) өнеркәсіптік меншіктің осы түріне қорғау көзделсе
өнертабыстарға, өнеркәсіп үлгілеріне, сондай-ақ пайдалы модельдерге қатысты
құрылғыларға арналған лицензиялық шарттар тексеріледі. Тауар таңбасына
қатысты тексеріс тек лицензиялық шартқа тиісті елдерде тіркелмеген тауар
таңбасы немесе лицензиялық өнімнің арнайы атауы кірсе ғана жүргізіледі.
50. Патентсіз лицензиялық шарттарда осы объекті үшін барлық
маңызды техникалық шешімдер, сондай-ақ лицензиатқа берілетін техникалық
құжаттама бойынша дайындалатын немесе лицензиар жеткізетін барлық түйіндер,
тетіктер, шала фабрикаттар және жинақтауыш бұйымдар патенттік тазалыққа
тексеріледі.

Терминологиясы:
1) бiлiктiлiк талаптары – өтiнiш берушiнiң және лицензиаттың
жекелеген лицензияланатын қызмет түрiмен және (немесе) лицензияланатын
қызмет түрiнiң кiшi түрiмен айналысу қабiлетiн сипаттайтын сандық және
сапалық нормативтер мен көрсеткiштердiң жиынтығы;
2) бірыңғай технологиялық процесс - лицензияланатын бір қызмет
түрінің шеңберінде өндіріс процесінде орындалатын технологиялық өзара
байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;
3) жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау -
лицензия беру мониторингтеу мақсатында белгіленген шара;
3-1) құжаттың электрондық көшiрмесi – өтініш беруші, лицензиат
немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттігі бар адам не халыққа қызмет
көрсету орталығының уәкiлетті қызметкерi электрондық цифрлық қолтаңбасымен
куәландырған, түпнұсқа қағаз құжаттың түрін және ондағы деректерді
электрондық цифрлық нысанда толығымен көрсететін электрондық құжат;
3-2) құзыреттi (салалық) орган – мемлекеттiк басқарудың
лицензияланатын қызмет түрiне жататын тиiстi саласына (аясына) басшылықты
жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
4) лицензиар - осы Заңға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратын
мемлекеттік орган;
4-1) лицензиардың электрондық тізілімі – берілген, қайта
ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған
лицензиялар туралы лицензиар енгізген мәліметтерді қамтитын лицензиялардың
мемлекеттік электрондық тізілімінің ажырамас бөлімі;
5) лицензиат - лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
6) лицензия - тиісті лицензиардың жеке немесе заңды тұлғаға
қызметтің жекелеген түрімен айналысуға беретін рұқсаты;
7) лицензияланатын қызмет түрі (бұдан әрі - қызмет түрі) -
айналысу үшін осы Заңға сәйкес лицензия алу талап етілетін қызмет түрі
(белгілі бір іс-әрекет (операция, сақтандыру сыныптары);
8) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі (бұдан әрі -
қызметтің кіші түрі) - тиісті қызмет түрін бір лицензия шеңберінде
нақтылау;
8-1) лицензиялар тізілімі - берiлген, қайта ресiмделген,
тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданысы тоқтатылған лицензиялар,
сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын
лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері)
туралы мәлiметтердi қамтитын дерекқор базасы;
9) (алып тасталды - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгізілу
тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен);
9-1) лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімі – берілген,
қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы
тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін (кіші
түрін) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілері,
пункттері, учаскелері) туралы мәліметтерді қамтитын, лицензиарлар беретін
лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырып қалыптастыратын
ақпараттық жүйе;
9-2) лицензиялардың сәйкестендіру нөмірі – әкімшілік құжаттарды
нөмірлеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесінің стандартына сәйкес лицензиялардың
мемлекеттік электрондық тізілімінде генерацияланатын бірегей нөмір;
10) лицензиялау - лицензияларды беруге және қайта ресімдеуге,
лицензиаттардың тиісті талаптарды сақтауын лицензиарлардың бақылауды жүзеге
асыруына, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұруға және қайта бастауға,
лицензиялардан айыруға байланысты іс-шаралар кешені;
11) лицензиялық бақылау – лицензиардың лицензия және (немесе)
лицензияға қосымша берілгенге дейiн өтініш берушінің немесе лицензиаттың
бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн тексеруге, сондай-ақ ол берілгеннен
кейін лицензиаттардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы
заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметi;
11-1) лицензияның электрондық нысаны – қағаз жеткiзгiштегi
лицензияға тең, ақпараттық технологиялар пайдаланыла отырып ресiмделетiн
және берiлетiн электрондық құжат нысанындағы лицензия;
12) өтініш беруші - лицензия және (немесе) лицензияға қосымша
беру туралы тиісті лицензиарға өтініш жасаған жеке немесе заңды тұлға;
13) уәкілетті орган - мемлекеттік саясатты әзірлеу мен жүргізуді
жүзеге асыратын және лицензиялау саласындағы басқа да мемлекеттік
органдардың қызметін үйлестіретін мемлекеттік орган;
14) электрондық лицензия – қағаз жеткізгіштегі лицензияға тең,
ақпараттық технологиялар пайдаланыла отырып ресімделетін және берілетін
электрондық құжат нысанындағы лицензия.
1.10. Ноу-Хау - (ағыл. - know-how, тікелей: қалай білемін) – техникалық
немесе басқа тапсырмаларды шешу үшін қажетті техникалық білім, тәжірибе,
өндіріс құпиясы
1. Лицензиялар беру белгілі бір қызмет түрі үшін белгіленген
талаптарға сай барлық тұлғалар үшін тең негіздерде және тең жағдайларда
жүзеге асырылады.
2. Қызметтің жекелеген түрлері бойынша лицензиялық тәртіп енгізу
ұлттық қауіпсіздік, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны,
азаматтардың меншігін, өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында белгіленеді.
3. Осы Заңда қызмет түрлерінің және қызметтің кіші түрлерінің
егжей-тегжейлі тізбесі белгіленеді.
4. Осы Заңға жаңа қызмет түрлерi және (немесе) қызметтiң кiшi
түрлерi енгiзiлген кезде оларды лицензиялау бiлiктiлiк талаптарын
белгiлейтiн тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер қабылданғаннан кейiн жүзеге
асырылады.
Жекелеген қызмет түрлерiне (кiшi түрлерiне) қойылатын бiлiктiлiк
талаптарын және бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар
тізбесін, сондай-ақ экспорты немесе импорты лицензиялануға жататын
жекелеген тауарлар тiзбесiн бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлердi осы
актiлер ресми жарияланғаннан кейiн жиырма бiр күндiк мерзiм өткенге дейiн
қолданысқа енгiзуге болмайды.
5. Қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген өнімге қойылатын талаптар, жекелеген
өнім түрлерінің, процестердің сәйкестігін міндетті түрде растау жөніндегі
талаптар мемлекеттік әкімшілік ету мақсаттарына жету үшін жеткіліксіз
болған жағдайларда белгіленеді.
6. Лицензия иеліктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке
немесе заңды тұлғаға бере алмайды.
7. Лицензияның күші, Қазақстан Республикасының заңдарында
көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының барлық
аумағында қолданылады.
8. Бірыңғай технологиялық процеске кіретін және (немесе) қызмет
түрін жүзеге асырудың қажетті элементі болып табылатын қызмет түрлері
лицензиялануға жатпайды.
Қызмет түрінің бірыңғай технологиялық процеске кіретіні және
(немесе) оны қызмет түрін жүзеге асырудың қажетті элементіне жатқызу туралы
қорытындыны өтініш берушінің өтініші негізінде лицензиардың сұрауы бойынша
құзыретті (салалық) орган береді.
9. Мемлекеттiк органдар, дербес бiлiм беру ұйымдары және олардың
ұйымдары, оның iшiнде аталған ұйымдарда бiлiм беру бағдарламаларын
енгiзетiн және (немесе) iске асыратын шетелдiк заңды тұлғалар, сондай-ақ
Қазақстанның Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген
өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асыратын қызметтi қоспағанда, лицензиялау талап
етiлетiн қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға немесе белгiлi бiр iс-
әрекеттер (операциялар) жасауға лицензия болған жағдайда ғана жол берiледi.
Кредиттік серіктестіктер, орталық депозитарий, бірыңғай
тіркеуші, мемлекет қатысатын кредиттік бюро, өзара сақтандыру қоғамдары,
электрондық үкіметтің төлем шлюзінің операторы, сондай-ақ Ұлттық почта
операторы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер
шегінде жүргізетін қызметті қоспағанда, қаржы саласындағы қызметтің
жекелеген түрлерін және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты
қызметті жүзеге асыруға лицензия болған жағдайда ғана жол беріледі.
Лицензиялар мынадай белгілері бойынша:
1. Субъектілер бойынша:
1) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына
берілетін;
2) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды
тұлғаларға және халықаралық ұйымдарға берілетін болып бөлінеді.
2. Қызмет көлемі бойынша:
1) бас лицензия – қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға
қолданыс мерзімі шектеусіз берілетін;
2) біржолғы лицензия – рұқсат етілген мерзім, көлем, салмақ
немесе саны шегінде (заттай не ақшалай алғанда) жекелеген қызмет түрімен
айналысуға, сондай-ақ Ойын бизнесі туралы Қазақстан Республикасының
Заңында белгіленген мерзім шегінде ойын бизнесі саласында қызмет түрлерімен
айналысуға және Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Қазақстан
Республикасының Заңында белгіленген көлем шегінде үлескерлердің ақшаларын
тарту есебінен тұрғын үйлердің құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметпен
айналысуға;
3) операциялық лицензия – банк қызметінде жекелеген
операциялармен айналысуға, сақтандыру қызметінде сыныптарды (сақтандыру
сыныптарын) иеленуге берілетін болып бөлінеді.
3. Тауарлар экспорты мен импорты саласында:
1) бас лицензия – кеден одағына мүше мемлекеттің шешімі
негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін және лицензияда
айқындалған санымен жекелеген тауар түрінің экспортына және (немесе)
импортына құқық беретін лицензия;
2) ерекше лицензия – сыртқы сауда қызметіне қатысушыға жекелеген
тауар түрінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық беретін
лицензия;
3) біржолғы лицензия – сыртқы сауда шарты (келісімшарты)
негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін және белгілі бір
санымен лицензияланатын тауардың экспортына және (немесе) импортына құқық
беретін лицензия.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
9-1-бап. Лицензиялардың қолданылуының ерекше шарттары
Лицензиялардың қолданылуының ерекше шарттары лицензияға:
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс
қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәулет, қала
құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау кезінде лицензиаттың
санатын;
өнеркәсіп саласындағы қызметті лицензиялау кезінде
лицензияланатын қызмет түрі жүзеге асырылатын саланы көрсету үшін
енгізіледі.
Ескерту. Заң 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа
енгізіледі) Заңымен.
10-бап. Лицензияның және лицензияға қосымшалардың нысаны
Лицензияның және оның қосымшаларының нысанын Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейді.
Қызметтің кіші түрлері көрсетілетін лицензияға қосымша
лицензияның ажырамас бөлігі болып табылады.
Осы Заңның 32-бабында көзделген қаржы ресурстарын шоғырландыруға
байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша электрондық нысанда
беріледі. Өтініш беруші немесе лицензиат лицензияны және (немесе)
лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште алуға өтініш білдірген жағдайда
лицензия және (немесе) лицензияға қосымша электрондық форматта ресімделіп,
басып шығарылады және лицензиар-органның мөрімен және басшысының қолымен
расталады.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық
форматта беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, лицензия және (немесе)
лицензияға қосымша қағаз жеткізгіште беріледі.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.04 N 167-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
11-бап. Лицензиялау салалары
Мынадай:
1) өнеркәсіп;
2) атом энергиясын пайдалану;
3) улы заттар айналымы;
4) алынып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5) көлік;
6) есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы;
7) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
8) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы
техникалық құралдар;
9) қару-жарақ, әскери техника және жекелеген қару түрлерінің,
жарылғыш заттар және олар қолданыла отырып жасалған бұйымдар айналымы;
10) ғарыш кеңістігін пайдалану;
11) ақпараттандыру және байланыс;
12) білім беру;
13) бұқаралық ақпарат құралдары;
14) ауыл шаруашылығы;
15) денсаулық сақтау;
16) жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету;
17) ойын бизнесі;
18) ветеринария;
19) Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы
Қазақстан Республикасы Заңының ережелері ескеріле отырып, сот-сараптама;
20) мәдениет;
21) қаржы саласы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға
байланысты қызмет;
22) сәулет, қала құрылысы және құрылыс;
23) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындау;
24) алынып тасталды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап
қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
25) этил спирті мен алкоголь өнімдерін, темекі өнімдерін өндіру
және олардың айналымы;
26) алынып тасталды - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
27) тауарлар экспорты мен импорты;
28) тауар биржалары салаларындағы қызметтің жекелеген түрлері
лицензиялануға тиіс.

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
беру шарттары
1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, егер жергiлiктi
атқарушы орган немесе орталық мемлекеттiк органның аумақтық органдары
лицензиар болып табылса, жеке немесе заңды тұлғаны тiркеу орны бойынша
берiледi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі беретін, қаржы
саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты
қызметпен айналысу құқығына лицензияларды және (немесе) оларға қосымшаларды
қоспағанда, өтініштер мен құжаттарды қабылдауды және лицензиялар және
(немесе) лицензияларға қосымшалар беруді жүзеге асыратын ұйымдарды
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (қызметтiң кiшi
түрлерi болған жағдайда) алу үшiн мынадай құжаттар беріледі:
1) өтiнiш;
2) заңды тұлға үшiн – өтініш беруші жарғысының (түпнұсқалары
берiлмеген жағдайда салыстырып тексеру үшiн нотариат куәландырған)
көшiрмесi және заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы
анықтамасы;
3) жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың
көшiрмесi;
4) дара кәсiпкер үшiн – өтiнiш берушiнi дара кәсiпкер ретiнде
мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа
берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;
5) өтiнiш берушiнiң салық органында есепке тұрғаны туралы
куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа берiлмеген жағдайда нотариат
куәландырған) көшiрмесi;
6) электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы төленген
жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн
бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
7) бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.
Жарғының көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар
берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) ұсыну бөлігінде осы тармақтың
бірінші бөлігі 2) тармақшасының талабы қаржы саласындағы қызметті және
қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды
тұлғаларға қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) 4) және 5)
тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну олардағы ақпаратты мемлекеттік
ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған
жағдайда, талап етілмейді.
Электрондық үкімет веб-порталы немесе халыққа қызмет көрсету
орталығы арқылы құжаттарды беру кезінде құжаттар электрондық нысанда
беріледі.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының заңнамасында құжаттың
нотариат куәландырған көшірмесін немесе салыстырып тексеру үшін құжаттың
түпнұсқасын ұсыну туралы талап болған жағдайда мұндай құжаттар халыққа
қызмет көрсету орталығы қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен
куәландырылған, құжаттың электрондық көшірмесі түрінде ұсынылады.
Куәландырылған құжаттардың анықтығы үшін оларды ұсынған өтініш
беруші немесе лицензиат жауапкершілікте болады.
Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын
шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензия берген кезде
құжаттар тiзбесiне қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi де белгiлей алады.
2-1. Осы баптың 2-тармағының күші Қазақстан Республикасында
зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасы Заңының 73-
бабында көзделген тәртіппен лицензия алу жағдайларына қолданылмайды.
3. Лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны
алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) өтiнiш;
2) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның материалдық емес активтер есебін және аудитін ұйымдастыру теориясын және тәжірибесін зерттеу және осының негізінде оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасы
Лицензиялық келісім
Лицензиялық келісімдер жайлы
Материалдық емес активтердің есебін құжаттау
Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері
Материалды емес активтерге меншіктік құқық
Материалдық емес активтер сипаттамасы
Материалдық емес активтердің түрлері
Материалдық емес активтер. Материалдық емес активтердің есебін құжаттау
Пәндер