Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау жайлы



Қан салыстырмалы тұрақты құрамымен және физика-химиялық қасиеттерімен сипатталатын сұйық зат. Қан физиологиясы, лимфа және ткань аралық сұйық бүкіл дене клеткаларын, тканьдерін жуып жатқандыктан организмнің ішкі сұйық ортасы деп аталады. Бір клеткалы қарапайым организмдер сыртқы ортадан қажетті заттарды бүкіл денёсі арқылы қабылдап, керексіз ыдырау өнімдерін сол арқылы бөліп отырады. Ал жоғары сатыдәғы жануарларда мұндай мүмкіндік жоқ. Олардың сыртқы тері жабындысы қоршаған ортадан қажетті заттарды сіңіре алмайды. Сондықтан жануарлар организмнің клеткалары сыртқы ортамен қан арқылы байланысады. Бірақ қан тамырлардан шықпайды да, клеткалармен тікелей жанаспайды. Организм клеткалары қан құрамынан пайда болатын клетка аралық сұйықтықпен немесе лимфамен ғана жанасады. Сол себепті қанды шартты түрде ғана организмнің ішкі ортасы, ал лимфа мен ткань аралық сұйық шын мәніндегі ішкі орта деп саналады. Қан арқылы клеткалармен тканьдерге қажетті керектік заттар мен оттегі жеткізіліп, олардан зат алмасу кезіндегі керексіз ыдырау өнімдері шығарылып отырады, Бұл тұрғыда қан тасымалдаушы қызмет атқарады. Мысалы, қан клеткаларға глкжоза, амин қышқылдары, май, минералды заттар, витаминдер, су және оттегі сияқты заттарды жеткізіп, одан мочевина, несеп қышқылы, аммиак, көмір қышқылы сияқты ыдырау өнімдерін кері алып шығады да, оларды беліп шығару мүшелеріне (бүйрек, тер безі, өкпе т.б.) береді. Қан организмнің ішкі ортасының реакциясы мен осмостық қысымын жасақтауға қатысады. Тоқтаусыз айналыста болудың арқасында қан денеде жылудың біркелкі таралуына мүмкіндік береді де жылу реттеуші қызмет атқарады. Қанның көмегімен жылудың артық мөлшері тері арқылы сыртқы ортаға бөлінеді. Әртүрлі мүшелер мен клеткалардың әрекеті кезінде түзілген өнімдерді, ішкі секреция бездерінде пайда болатын биологиялық, белсенді заттарды (гормондарды) тасымалдап, қан организм клеткаларын, тканьдерін, мүшелерін өзара байланыстырады, демек байланыстырушы-корелятивтік қызмет атқарады, екінші жағынан организм қызметіне гуморальдық реттеуші қызметін де отқарады.
Қан организмде қорғаныштық қызмет атқарады яғни организмнің бір жері жарақаттанса, сол жерден микробтар өту қаупі төнеді, сол уақытта соларға қарсы күреседі және олар бөлетін улы заттарын зяинсыздандырады, сүйтіп организмге әртүрлі ауруларға қарсы тұра алатын қабілет-иммунитетті қалыптастырады.
1. http://kazorta.org/anny-fiziologiyasy/
2. Несіпбаев Т.Н., Бегаилов Е.Б., Алданазаров С.С. Жануаралар физиологиясыньщ практикумы. Оку күралы. Алматы, 2004 ж.
3. Клиникалық және қолданбалы диагностика - Алматы , 2009.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университеті

БӨЖ
Тақырыбы: Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау

Орындаған: Биязбаев Е.
Тексерген: Мұратбаев Д.М

Семей 2015 ж
Қан салыстырмалы тұрақты құрамымен және физика-химиялық қасиеттерімен сипатталатын сұйық зат. Қан физиологиясы, лимфа және ткань аралық сұйық бүкіл дене клеткаларын, тканьдерін жуып жатқандыктан организмнің ішкі сұйық ортасы деп аталады. Бір клеткалы қарапайым организмдер сыртқы ортадан қажетті заттарды бүкіл денёсі арқылы қабылдап, керексіз ыдырау өнімдерін сол арқылы бөліп отырады. Ал жоғары сатыдәғы жануарларда мұндай мүмкіндік жоқ. Олардың сыртқы тері жабындысы қоршаған ортадан қажетті заттарды сіңіре алмайды. Сондықтан жануарлар организмнің клеткалары сыртқы ортамен қан арқылы байланысады. Бірақ қан тамырлардан шықпайды да, клеткалармен тікелей жанаспайды. Организм клеткалары қан құрамынан пайда болатын клетка аралық сұйықтықпен немесе лимфамен ғана жанасады. Сол себепті қанды шартты түрде ғана организмнің ішкі ортасы, ал лимфа мен ткань аралық сұйық шын мәніндегі ішкі орта деп саналады. Қан арқылы клеткалармен тканьдерге қажетті керектік заттар мен оттегі жеткізіліп, олардан зат алмасу кезіндегі керексіз ыдырау өнімдері шығарылып отырады, Бұл тұрғыда қан тасымалдаушы қызмет атқарады. Мысалы, қан клеткаларға глкжоза, амин қышқылдары, май, минералды заттар, витаминдер, су және оттегі сияқты заттарды жеткізіп, одан мочевина, несеп қышқылы, аммиак, көмір қышқылы сияқты ыдырау өнімдерін кері алып шығады да, оларды беліп шығару мүшелеріне (бүйрек, тер безі, өкпе т.б.) береді. Қан организмнің ішкі ортасының реакциясы мен осмостық қысымын жасақтауға қатысады. Тоқтаусыз айналыста болудың арқасында қан денеде жылудың біркелкі таралуына мүмкіндік береді де жылу реттеуші қызмет атқарады. Қанның көмегімен жылудың артық мөлшері тері арқылы сыртқы ортаға бөлінеді. Әртүрлі мүшелер мен клеткалардың әрекеті кезінде түзілген өнімдерді, ішкі секреция бездерінде пайда болатын биологиялық, белсенді заттарды (гормондарды) тасымалдап, қан организм клеткаларын, тканьдерін, мүшелерін өзара байланыстырады, демек байланыстырушы-корелятивтік қызмет атқарады, екінші жағынан организм қызметіне гуморальдық реттеуші қызметін де отқарады.
Қан организмде қорғаныштық қызмет атқарады яғни организмнің бір жері жарақаттанса, сол жерден микробтар өту қаупі төнеді, сол уақытта соларға қарсы күреседі және олар бөлетін улы заттарын зяинсыздандырады, сүйтіп организмге әртүрлі ауруларға қарсы тұра алатын қабілет-иммунитетті қалыптастырады.
Қанның құрамы мен мөлшері
Қан-қызғылт түсті сұйықтық ткань. Адамның немесе жануардың қанын пробиркәға құйып, оны центрафуги аппаратына салып айналдырсақ пробиркадағы қан екі бөлікке бөлінеді, жоғарғы жағындә сары түстес сұйыктық- ол қан плазмасы деп, төменгі жағында күңгірт түстест бөлігі- қанның клеткалары деп аталады. Қан клеткаларына қанның қызыл түйіршіктері (эритроциттер), ақ түйіршіктер (лейкоциттер) және қан тромбоциттері жатады. Қан құрамының 60 проценті плазмадан, 40 проценті- қан клеткаларынан тұрады. Қалыпты жағдайда қанның жалпы мелшері адамда оның салмағының 8%, жылқыда оның салмағының 8,7%, қой мен ешкіде 7%, бұғыда 15% бөлігін ұстайды, Ересек салмағы 60-70 кг адамда қанның жалпы мөлшері 5,0-5,5 л болады. Организмдегі қан мөлшерінің жартысынан сәл кебірегі қан тамырларында айналымда болады да, қалған белігі қор ретінде қан қоймасы (депосы) деп аталәтын арнаулы органдарда сақталады. Оларға бауыр, көк бауыр және тері жатады. Бауырда қанның жалпы мөлшерінің 20%, көкбауырда 16%, ал теріде 10%-тгжинақталады. Айналымдағы қан мен қордағы қанның ара-қатынасы түрақты болмайды, ол организмнің физиологиялық күйіне қарай өзгеріп отырады. Мысалы, организм тыныштық жағдайда болсә, қордағй қанның мөлшері көбейіп, ал дене жұмысы, қимыл-әрекет кезінде- айналымдағы қанның мөлшері артады. Қанның физикалық қасиеттері.Қан қызьш түсгі қоймалжың, кермек дәмді, тұгқырлығы бар сұйық. Артерия қанының түсі ашық қызыл ал вена қаны күрең қоңыр қызыл болады. Судың тұтқырлығы бірге тең деп алынса, онымён салыстырғанда қан плазмасының тұтқырлығы 1,7-2,2, ал қанның тұтқырлығы 5,0 ке тең. Қанның тұтқырлығы оның құрамындағы белоктардың мөлшері мен эритроциттерге байланысты. Қанда белоктардың мөлшері өсіп, эритроциттердің саны көбейсе, қанның тұтқырлығы артады.
Қанның меншікті салмағы 1,050-1,060 ол эритроциттердің санына тәуелді өзгереді, Себебі эритроциттердің меншікті салмағы -1,090, ал плазмасының меншікті салмағы -1,025-1,034 аралығында болады. Жануарлар организмінің физиологиялық жағдайын сипаттайтын қан қасиеттерінің бірі оның бетгік керіліс күші, ол қан құрамындағы белоктардың мөлшеріне байланысты. Қанның беттік тартылыс күші айтарлықтай тұрәқты болады. Бұл қасиет қан құрәмындағы әр түрлі органикалық қышқылдармен қосылысгарды ерімейтін тұздарға айналдырып, тұндырып отыратын кальций иондарының болуына байланысты.
Қан плазмасы және оның осмостық қысымы
Плазма сарғыш түсті сұйық. Оның түсі оның құрамындағы әр түрлі пигменттердің болуына байланысты. Мысалы, жылқыда Лютеин, сиырда- каротин т.б. бояғыштары болады. Плазманың құрамында 90-92% су, 8-10% органикалық зат болады, оның 6,0-8%-і белоктар. Плазма белоктары альбумин, глобулин, фибриноген. Альбуминнің үлесіне белоктың 4-5%, глобулин 2-3% және фибриноген 0,2-0,4% тиеді. Плазма белоктарының қызметі әртүрлі, олар онокотикалық қысым туғызып, қан құрамындағы су мөлшерінің тұрақталығын сақтайды. Плазма құрамында альбуминдер глобулинмен салыстырғанда екі еседей көп. Олар тек онкотикалық қысымның тұрақтылығын жасақтап қоймай, әр түрлі дәрі-дәрмек препараттарын, витаминдерді, гормондарды тасымалдауда да зор роль атқарады. Глобуминдер қанды түрлі қорғағыш заттар түзіп, олар организм имунитетін қалыптастырады. Ал фибриноген қанның ұю процесіне қатысады. Қан плазмасының құрамында басқа да органикалық затгар болады. Олар мочевина, несеп қышқылы, креатин, амин қышқылдары, аммиак сияқты белок алмасуының қалдық өнімдері. Бұл қосылыстарды жалпы қалдық азот деп атайды. Оның қандағы мөлшері белок алмасуының қарқынына, организмнің физиологиялық жағдайына байланысты өзгереді. Адам қаны құрамындағы мочевинаның мөлшері әдетте 20-30 мг%-тен аспау керек, бірақ оның мөлшері құрамында белок көп тағаммен тамақтанғанда көбейе бастайды. Егер қанның құрамындағы мочевинаның көп мөлшері ұзақ мерзім сақталса, онда организм өз-өзінен улана бастайды. Плазмадағы несеп қышқылының мөлшері 3-4 мг% шамада болады. Оның мөлшері қауіпті аурулардың кезінде (бүйректің қызметі бұзылғанда), зат алмасу бұзылғанда екі есе көбейеді. Плазмадағы креатиннің мөлшері 1-2 мг% болады. Органикалық қосылыстармен қатар қан плазмасының құрамында минералды заттар болады. Олар негізінен еріген катиондар мен аниондар түрінде кездеседі. Мысалы натрии, калий,кальци, магни, темір, мыс катиондары, хлор, көмір қышқылы, күкірт қышқылы және фосфор қышқылдарының аниондары. Бұл еріген катиондар мен аниондардың қанның құрамындагы арақатынасы бірдей емес. Әсіресе натрии, Калии, және хлордың мөлшері көп, ал иод, цинк және басқа кейбір минералды заттар аз болады. Осындай арақатынастықта болудың себебі олардың организмдегі атқаратын физиологиялық қызметіне байланысты яғни организм клеткалары мен тканьдерінің қозғыштығы мен басқа да физиологиялық қасиеттерін қалыпты жағдайда сақтау үшін. Қан плазмасы құрамындағы минералдық құрамы оның осмостық қысымын жасақтайды. Плазмадағы осмостық қысымды төмендегі мысал арқылы түсіндіруге болады. Ол үшін бір ыдыс алып, оны жартылай өткізгіш жарғақпен (мембрана) бөліп, бір жағына таза физиологиялық еріткіш (су), екінші жағына бір химиялық заттың ертіндісі орналастырылады. Белгілі бір уақыттан кейін осы екі заттың молекулалары жартылай жарғақ арқылы оның бір оның бір жағынан екінші жағына өте бастайды бірақ олардың өтуінің дәрежесі бірдей емес, судың молекулалары химиялық ертіндіге қарай көл, әл ертіндіден еріткішке қарай аз өтед. Осындай белгілі бір заттың молекулаларының бір жақтан екінші жаққа қарай өтуінің басым болуын осмос деп аталады. Ал осы уақыттағы өткізгіш жарғаққа түсірілетін қысымды осмостық қысым дейді. Осмостық қысым белгілі бір химиялық затгың химиялық концентрациясы арқылы сипатталады. Олай болса мембрананың екінші жағындағы химиялық ертіндінің осмостық қысымы еріткішке қарағанда жоғары. Сондықган еріткіштің молекулалары ерһіндіге қарай көп өтеді. Қанның осмостық қысымының мөлшері оның құрамындағы электролит иондарының, белок молекулаларының концентрациясына байланъюък Қанның бұп керсеткіші тұрақты болғандыктан оның осмосгық қысымы да тұракты, ол 7,7-8,1 атмосфера аралығында болады. Келтірілген осы мысалды организмдегі журетін процеске сәйкестендіріп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Физика және медицина
Жануарлар физиологиясы пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Биофизика пәні
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі
Ультрадыбыстық зерттеу аппаратының түрлері,құрылысы,жұмыс істеу принциптері жайлы
ШУДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ЗИЯНЫ
Денсаулық энцикполедиясы
Малдар мен құстарды бекіндіру, қанын алу
Қан эритроцит осмостық резистенттілігіне төмен диапазонды сәулелердің әсерін зерттеу
Құрғақ биенің сүті
Пәндер