Жергілікті өкілді және алқалы органдар



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1 Жергілікті өкілді органдар
1.1 Жергілікті өкілді органдардың сипаттамасы, жүйесі, құрылу
тәртібі және құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10
1.2 Жергілікті өкілді органдардың жұмысын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... 24
1.3 Жергілікті өкілді органдардың құзіреті және қабылдайтын
актілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37

2 Жергілікті атқарушы органдар
2.1 Жергілікті атқарушы органдардың сипаттамасы, олардың жүйесі ... ... ... .. 46
2.2 Жергілікті атқарушы органдардың құрылу тәртібі мен құрамы ... ... ... ... ... 48
2.3 Жергілікті атқарушы органдардың құзіреті және
қабылдайтын актілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 51

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 75
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 80
Қазақстан Республикасының егемендікке ие болуы, мемлекеттік реттеудің нарықтық механизміне негізделген жаңа демократиялық қатынастардың даму жолын таңдауы, құқықтық саланы және мемлекеттік органдарды реформалаудың қажеттілігін шарт етіп қойды. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдарындағы құқықтық реформалауға талдау жасау барысы оның басты нәтижесі мемлекет дамуының стратегиялық бағытын айқындаған, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының негізін қалаған, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жаңа жүйесін бекіткен Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауы болып табылады.
Бүгінгі жас мемлекетіміздің алдында тұрған проблемаларға баға бере келе, біздің саяси-құқықтық өмірімізде мемлекет пен қоғамның, азаматтардың құқықтары мен бостандықтанының негізін қалайтын демократиялық даму негіздерінің мықты орныққаны туралы батыл айтуға болады. Осы бағытта біраз жұмыстар жасалған болатын. Мысалы, мемлекеттік басқару саласын (жоғарғы және жергілікті), экономика, ішкі саясат, мәдениет, әлеуметтік-саяси өмір, сыртқы саясат, құқықтық тәртіпті сақтау саласын, мемлекетіміздің қауіпсіздігі сияқты салаларды реттейтін көптеген заңдар мен жарлықтар қабылданып, жүзеге асырылуда. Сол заңдар мен жарлықтардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: 1993 жылы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы Заңы, Қазақстан Республикасының өкілді және атқарушы органдар туралы Қазақстан Республикасының 10.12.1993 ж., 02.05.1995 ж., 20.11.1998 ж., 05.04.1999 ж., 20.07.1999 ж., 16.11.1999 ж. Заңдарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулары, 1995 жылы 2 мамырдағы Республика Президентінің жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы қабылданған Жарлығы, 1995 жылы 28 қыркүйектегі Республика Президентінің Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы қабылданған Конституциялық заң күші бар Жарлығы, 2001 жылы 23 қаңтардағы 148- Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңы, 2001 жылғы 25 сәуірдегі 179-, 2001 жылғы 24 желтоқсандағы 276-, 2002 жылғы 21 мамырдағы 324-, 2004 жылғы 11 мамырдағы 552-, 2004 жылғы 20 желтоқсандағы 13-, 2004 жылғы 21 желтоқсандағы 15- Заңдарымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, 2002 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы Заңы, Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылы 15 сәуірдегі 44- Конституциялық заңын айтуға болады. Осы заңдар жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құрылуын, құзіретін, қызметінің ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. Осы заңдар мен жарлықтардың көптеп қабылдануы мен өзгерістерге үшырауының себебі: жергілікті жерлердегі өкілді және атқарушы органдарды реформалау болып табылады. Мысалы, айталық: Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы Заңы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының атауына және құрылымына елеулі өзгерістер енгізді.
1. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Алматы., Жеті жарғы, 1998.
2. Ашитов О., Ашитов Б.З. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы., Жеті жарғы, 2003.
3. Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы., Жеті жарғы, 2003.
4. Авакьян С.А., Барабашев Г.А., Васильев Р.Ф. Советское государственное прова. ИЗД. ”Юридическая литература“, 1985.
5. Алексеев С.С. Теория прова. М.: БЕК, 1993.
6. Байшев Ж. конституционное прова Республики Казахстан. Алматы., “Жеті жарғы”, 2001.
7. Барабашев Г.В. Местное управление. М.: МГУ, 1996.
8. Баянов Е. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы., Жеті жарғы, 2003.
9. Баянов Е. Әкімшілік құқықтың анықтамалары бойынша схемалары. Алматы., Атамұра, 2002.
10. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы., Жеті жарғы, 2001.
11. Венгерев А.Б. Теория государства и прова. М.: БЕК, 1994.
12. Дулатбеков Н., Амандықова С., Турлаев А. Мемлекет және құқық теорииясы. Алматы., Фолиант, 2001.
13. Жоламан Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәукеев А.Н. Мемлекет және құқ теориясы. Алматы., Қаз баспа орталығы, 1999.
14. Мухамеджанов Э.Б. Избирательное прова Республики Казахстан. Алматы., ”Жеті жарғы“, 1996.
15. Мицкевич А.В. Прова, политика, самоуправление. М.: Юрид. Литература., 1989.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1 Жергілікті өкілді органдар
1. Жергілікті өкілді органдардың сипаттамасы, жүйесі, құрылу
тәртібі және
құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... 10
2. Жергілікті өкілді органдардың жұмысын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... 24
3. Жергілікті өкілді органдардың құзіреті және қабылдайтын
актілері ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .. 37

1. Жергілікті атқарушы органдар
2.1 Жергілікті атқарушы органдардың сипаттамасы, олардың
жүйесі ... ... ... .. 46
2.2 Жергілікті атқарушы органдардың құрылу тәртібі мен
құрамы ... ... ... ... ... 48
2.3 Жергілікті атқарушы органдардың құзіреті және
қабылдайтын
актілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..
51

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..75
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 80

Кіріспе

Қазақстан Республикасының егемендікке ие болуы, мемлекеттік реттеудің
нарықтық механизміне негізделген жаңа демократиялық қатынастардың даму
жолын таңдауы, құқықтық саланы және мемлекеттік органдарды реформалаудың
қажеттілігін шарт етіп қойды. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі
жылдарындағы құқықтық реформалауға талдау жасау барысы оның басты нәтижесі
мемлекет дамуының стратегиялық бағытын айқындаған, азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарының негізін қалаған, сондай-ақ мемлекеттік органдардың
жаңа жүйесін бекіткен Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауы
болып табылады.
Бүгінгі жас мемлекетіміздің алдында тұрған проблемаларға баға бере
келе, біздің саяси-құқықтық өмірімізде мемлекет пен қоғамның, азаматтардың
құқықтары мен бостандықтанының негізін қалайтын демократиялық даму
негіздерінің мықты орныққаны туралы батыл айтуға болады. Осы бағытта біраз
жұмыстар жасалған болатын. Мысалы, мемлекеттік басқару саласын (жоғарғы
және жергілікті), экономика, ішкі саясат, мәдениет, әлеуметтік-саяси
өмір, сыртқы саясат, құқықтық тәртіпті сақтау саласын, мемлекетіміздің
қауіпсіздігі сияқты салаларды реттейтін көптеген заңдар мен жарлықтар
қабылданып, жүзеге асырылуда. Сол заңдар мен жарлықтардың қатарына
мыналарды жатқызуға болады: 1993 жылы 10 желтоқсандағы ″Қазақстан
Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы″ Заңы,
″Қазақстан Республикасының өкілді және атқарушы органдар туралы″ Қазақстан
Республикасының 10.12.1993 ж., 02.05.1995 ж., 20.11.1998 ж., 05.04.1999 ж.,
20.07.1999 ж., 16.11.1999 ж. Заңдарына енгізілген өзгерістер мен
толықтырулары, 1995 жылы 2 мамырдағы Республика Президентінің ″жергілікті
өкілді және атқарушы органдар туралы″ Заңына енгізілген өзгерістер мен
толықтырулар туралы қабылданған Жарлығы, 1995 жылы 28 қыркүйектегі
Республика Президентінің ″Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы″
қабылданған Конституциялық заң күші бар Жарлығы, 2001 жылы 23 қаңтардағы
Ν148-ΙΙ ″Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы″
Заңы, 2001 жылғы 25 сәуірдегі Ν179-ΙΙ, 2001 жылғы 24 желтоқсандағы
Ν276-ΙΙ, 2002 жылғы 21 мамырдағы Ν324-ΙΙ, 2004 жылғы 11 мамырдағы Ν552-
ΙΙ, 2004 жылғы 20 желтоқсандағы Ν13-ΙΙΙ, 2004 жылғы 21 желтоқсандағы Ν15-
ΙΙΙ Заңдарымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, 2002 жылғы 1
қыркүйектегі ″Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы″
Заңы, ″Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы″ Қазақстан
Республикасының Конституциялық заңына енгізілген өзгерістер мен
толықтырулар туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылы 15 сәуірдегі
Ν44-ΙΙΙ Конституциялық заңын айтуға болады. Осы заңдар жергілікті
өкілді және атқарушы органдардың құрылуын, құзіретін, қызметінің
ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. Осы заңдар мен жарлықтардың көптеп
қабылдануы мен өзгерістерге үшырауының себебі: жергілікті жерлердегі өкілді
және атқарушы органдарды реформалау болып табылады. Мысалы, айталық:
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы ″Қазақстан
Республикасындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы″ Заңы
жергілікті мемлекеттік басқару органдарының атауына және құрылымына елеулі
өзгерістер енгізді.
Біріншіден, ауылдық, кенттік, селолық, аудандық, қалалық және облыстық
деңгейлердегі Халық депутаттары кеңестері мен атқарушы комитет атаулары
толықтай жойылды. Бұл атаулар тарихқа енді.
Екіншіден, жергілікті өкілді органдар–мәслихаттар, ал жергілікті
атқарушы органдар–әкім басқаратын жерігілікті әкімшілік деп, атала
бастады.
Үшіншіден, мәслихаттар мен әкімшілік ″жергілікті мемлекеттік
басқару органдары″ деген жалпы атаумен біріктірілді: Кеңес
мемлекетінде кеңестер, өкілді органдар ретінде мемлекеттік билік болып
саналатын.
Төртіншіден, жергілікті мәслихаттар мен әкімшілікті ″жергілікті
мемлекеттік басқару органдары″ деген жалпы атаумен біріктіру мүлдем
оның екеуі де мемлекеттік басқарудың бірдей мәселелерімен айналысады
дегенді білдірмейді, бұл туралы төменде сөз болады.
Бесіншіден, жергілікті мәслихаттар мен әкімшіліктер ұйымдық
тұрғыдан бір-бірінен бөлінген.
Алтыншыдан, мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқару органдары емес,
өкілді органдар болып саналса да таза мемлекеттік органдар болып
табылады. Ал, енді бұл органдарға жеке-жеке тоқтала кетейік. Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өкілді
органдар мен жергілікті атқарушы органдардан тұрады. Ол мемлекеттің
құрамдас бір бөлігі болып табылады және Республика үшін біртұтас
мемлекеттік қызмет қағидаларын басшылыққа алады. Демек, жергілікті
мемлекеттік басқару мемлекеттік биліктің туындысы. Бұл жергілікті
мемлекеттік басқару жалпы жергілікті ерекшеліктерді есепке алмайды және
жергілікті проблемаларды шешпейді, дегенді білдірмейді. Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мемлекет тетігінің
ерекше бөлшегі болып табылады және белгілі бір дербестікке ие
болады. Бірақ дербестік жергілікті өкілді органдар мен жергілікті
атқарушы органдар ұйымдық және құзіреттілік тұрғысынан өзіндік
ерекшелікпен көрінеді. Жергілікті өкілді органдар–мәслихаттар
Республиканың өкілді органдар жүйесінің бір бөлігі болып табылмайды.
Қазақстан Республикасының Парламенті жергілікті өкілді
органдар–мәслихаттармен ұйымдық тұрғыдан да байланыспаған. Тек
Конституция көздеген екі жағдайда ғана мәслихаттар мен Парламент
өзара байланысқа кіреді: Мәслихаттар сенаторларды сайлайды, ал Парламент
Сенаты мәслихатты тарата алады. Сондықтан өкілді органдар ретінде
мәслихаттар Республика Парламентінен тәуелсіз. Жергілікті атқарушы
органдар– әкімшіліктер, керісінше, біртұтас атқарушы органдар жүйесінің
құрамдас бір бөлігі болып табылады және олардың ұйымдығы мен қызметі
жоғары тұрған атқарушы органдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
Президентімен байланысты және оларға тәуелді. Бұл, бірақ, жергілікті
атқарушы органдардың белгілі бір дербестігін жоққа шығармайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, жергілікті
атқарушы органдар тиісті аумақтың мүдделері мен даму қажеттіліктеріне
тіркестікке атқарушы органдар үкіметтің жалпы мемлекеттік саясатын жүгізді
қамтамасыз етеді. Жергілікті өкілді органдардың тағы бір ерекшелігі
олардың Конституцияға және заңдарға сәйкестікте жұмыс істеуі болып
табылады. Ал жергілікті атқарушы органдар өзінің қызметін тек
Конституция мен заңдардың негізінде ғана емес, сонымен қатар
Президенттің, Үкіметтің және жоғары тұрған атқарушы органдардың
актілерін орындау жолында жүзеге асырады. Барлық жергілікті
мемлекеттік басқару органдары үшін ортақ тағы бір ерекшелікті атап
өткен жөн: олар өз-өздеріне құзірет белгілей алмайды. Конституцияда
аталғандай, мәслихаттар мен жергілікті атқарушы органдардың құзіретін,
олардың ұйымдық және қызмет тәртібін заң белгілейді.
Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару ұғымдарының ара
қатынасына байланысты мәселені қарастырған жөн. Қазақстан Республикасында
мемлекеттік биліктен жергілікті өзін-өзі басқаруды ажыратуға
негізделген өзіндік жергілікті басқару үлгісі пайда болды. 1993 жылға
дейін Қазақстанда билікті бөлу принцпін жоққа шығарған және тиісті
аумақтағы өкілді органдардың (кеңестердің) толық билігіне негіздеген
кеңестік үлгі орын алды. Жергілікті Кеңестер біртұтас КСРО Кеңестер
жүйесінің бір бөлігі болып табылатын. Кеңестер төменнен жоғарыға дейін
кеңестер алдында есеп беретін және жауап беретін өзінің атқарушы
органдарын құрды. Атқарушы органдар қос бағыныштылық: тиісті кеңеске
(аудандық, қалалық, облыстық, республикалық, одақтық) және жоғары
тұрған басқару органына (аудандық, қалалық, облыстық атқару
комитеттері, республика үкіметі, одақтық үкімет) бағыныштылық қағидасы
бойынша әрекет етті. Кеңестер өздерінің сессияларына жылына бірнеше мәрте
жиналып жұмыс істеп, атқарушы органдар коммунистік партия үйымдарының
басшылығымен дайындалған мәселелерге шешімдер шығаратын. Партия
үйымдарының аудандық деңгейден бастап, тура кеңес пен атқарушы органдар
сияқты құрылымы болды, және олар мемлекеттік органдарға тұрақты басшылық
етті.
Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың қоғамда алатын орны
ерекше болып табылады. Себебі: жергілікті мәслихаттар халық үшін
өмірлік зор маңызы бар мәселелерді шешеді. Ол аумақты дамытудың
жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік, саяси бағдарламаларды
бекітеді. Мәслихаттар әкімдердің, жергілікті атқарушы органдардың басқа
да басшыларының есептерін қарайды, жергілікті заемдар мен
облигацияларды шығару және тарату туралы шешімдер қабылдайды.
Жергілікті атқарушы органның ұсынысы бойынша кәмелетке толмаған
балалардың істері жөніндегі т.б. комиссиялардың құрамын жасақтап,
бекітеді. Қаралған мәселелер бойынша шешімдер қабылданып, баспасөзде
жарияланады; оларды жергілікті органдардың, ұйымдар мен азаматтардың
барлығы бірдей орындауға тиіс. Мәслихаттың шығырғын шешімдері
Конституцияға, Президент жарлықтарына, Үкіметтің қаулыларына және
өзінен жоғары тұрған мәслихаттардың шешімдеріне қайшы келмеуі керек.
Егер қайшы келген жағдайда, ол сот тәртібімен ішінара не толық
тоқтатылады. Мәслихаттар әр түрлі ережелер белгілеп, оларды бұзғандар
үшін әкімшілік жауапкершілік тағайындауы мүмкін. Мәслихатта
белгіленген осы және басқа да ережелер мемлекетке, жергілікті
халыққа, азаматтарға, жергілікті органдарға арналады; ондағы көзделетін
мақсат – жергілікті байлықты (орман, су көздері, жануарлар) сақтау, әр
түрлі аурулардың, жұқпалы індеттердің таралуына, адамдардың құқықтары
мен бостандықтарының бұзылуына жол бермеу, жұрттың тыныш өмір
сүруіне, оқуына, жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу. Ал әкімшіліктер
болса азаматтар мен ұйымдардың Конституцияны, заңдарды, басқа да
нормативтік құқықтық актілердің орындалуын қамтамасыз етеді,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды, қоғамдық тәртіпті
қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды, халыққа заңдарды түсіндіру
жөнінде көмек көрсетеді, әлеуметтік-мәдени қызметтер көрсететін
объектілер (мектептер, ауруханалар т.б.) құрылысы туралы қамқорлық
жасауға, жолдардың жөнделуіне, көшелердің күтіп ұсталуына ықпал етуге,
тұрғын үйлерді бөледі, және сонымен қатар әкімшілік мемлекеттік білім
беру, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелерін басқарғанда олардың
базаларының нығайтылуына қол жеткізуге; азаматтарды еңбекке
орналастыру мәселелерін шешуге; мүгедектерді, жұмыссыздарды, әл-ауқаты
төмен отбасыларын әлеуметтік жағынан қорғауға; халықтың ұлттық
дәстүрлері мен салттарының дамуына көмек көрсету сияқты қызметтерді
атқарады. Қазақстанда әр түрлі ұлттың азаматтары өмір сүреді, олар
өздерінің ұлттық салттары мен дәстүрлері бойынша өмір сүруге құқылы.
Әкімшіліктер осы ұлттардың салттары мен дәстүрлеріне нұқсан
келтірмеудің шараларын қолданып отыруға тиіс.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы жергілікті
мемлекет органдарының аталған үлгісін қабыл алды. Конституцияның осы
органдарға арналған бөлімі ″Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-
өзі басқару″ деп, аталады. Бұл бөлімде жергілікті мемлекеттік басқару
органдары туралы жалпы айтылады. 2001 жылғы 23 қаңтардағы ″Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы″ Заңы
жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды
реттейді, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзіретін,
қызметінің ұйымдастырылуын, тіртібін, сондай-ақ мәслихаттар
депутаттарының құқықтық жағдайын белгілейді. Бұл заңда Қазақстан
Республикасында бірінші рет жергілікті мемлекеттік басқаруға
белгілену берілген. Жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өкілді
және атқарушы органдар тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу,
оны аталған заң мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер
белгілеген құзіреттер шегінде дамыту мақсатында жүзеге асыратын
қызмет болып табылады. Заңда жергілікті мемлекеттік басқару туралы
заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы
Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық
актілерінен тұрады. Шын мәнінде ″Қазақстан Республикасының Жергілікті
мемлекеттік басқару туралы″ Заң Конституцияға негізделеді және
сәйкестендіріледі. Сонымен бірге аталмыш заң жергілікті мемлекеттік
басқару туралы негізгі арнайы заң болып табылады. Арнайы болып
табылатын себебі, ол жергілікті мемлекеттік басқару органдарына
арнайы шығарылған, басқа мұндай заң жоқ. Бірақ бұл жергілікті
органдарға қатысты басқа ешқандай заңдар болмайды және осы заңды
өзгертіп, толықтыратын басқа заңдар қабылданбайды дегенді білдірмейді.
Ерте ме, кеш пе, қажет болған кезде тиісті заңдар қабылданып
отырады. Осындай заңдар қарастырылатын заңның құрамдас бір бөлігі
болып табылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқарудың жекелеген бағыттары мен қамтамасыз ету
тетіктерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер де қабылдануы
мүмкін. Олар заңдар және қосалқы заңдық актілер: Президенттің
жарлықтары, Үкіметтің қаулылары болуы мүмкін. Осындай нормативтік
құқықтық актілер үшін ″Жергілікті мемлекеттік басқару туралы″ Заңның
қағидалары негіз болып табылады, яғни, қосалқы заңдық актілер
аталмыш заңның негізінде және нақтылануымен қабылданады. Жинақтағанда
олардың барлығы жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңдарды
құрайды. Бұл заңдар Қазақстан Республикасындағы барлық жергілікті
мемлекеттік басқару органдарына қолданылады.
Менің бұл тақырыпты магистрлік диссертацияма тақырып етіп таңдап
алуымның себебі: Бірішіден, бұл тақырыптың аз зерттелгендігі
толғандырды. Бірақ, менің бұл сөзім осы тақырыпқа қатысты ғалымдардың
ешқандай еңбектері жоқ дегенді білдірмейді. Бұл тақырыпқа қатысты
ғалымдардың еңбектері бар. Мысалы,
Ғ. Сапарғалиев ағамыздың ″Қазақстан мемлекеті мен құқығының
негіздері″ 2003 жылы шыққан, С.А. Табановтың ″Салыстырмалы құқықтану
негіздері″ 2003 жылы шыққан, М.А. Қызылов, А.В. Карпекиннің ″Қазақстан
Республикасының әкімшілік құқығы″ 2002 жылы шыққан, Профессор, Т.
Ағдарбеков ағамыздың ″Мемлекет және құқық теориясы″ 2003 жылы шыққан,
Ғ. Сапарғалиевтың ″Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері″ 1998
жылы шыққан, Е. Баяновтың ″Мемлекет және құқық негіздері″ 2001 жылы
шыққан, Н. Дулатбеков, С. Амандықова, А. Турлаевтардың ″Мемлекет және
құқық негіздері″ 2001 жылы шыққан, А.С. Ибраева, Ғ. Сапарғалиевтардың
″Мемлекет және құқық теориясы″ 1997 жылы шыққан, З.О. Ашитов, Б.З.
Ашитовтардың ″Қазақстан Республикасының құқық негіздері″ 2003 жылы
шыққан, Қ.Д. Жоламан, А.Қ. Мұхтарова, А.Н. Тәукеевтардың ″Мемлекет және
құқық теориясы″ 1999 жылы шыққан және тағы басқаларды айтуға болады.
Ғалымдар өз еңбектерінде аталмыш тақырыпқа жалпы тоқтала кеткен
сияқты. Сол себептен, мен бұл тақырыпты бүге-шүгесіне дейін жеке-жеке
тоқталып, зерттегенді жөн санадым. Екіншіден, бұл тақырыптың кең
ауқымдылығы, өзіндік ерекшелігі себеп болды. Үшіншіден, ғылымға және дәл
қаізргі сәтте жергілікті мемлекеттік басқару органдарын реформалауға
өз үлесімді қоссам деп ойлаймын. Егерде, менің бұл диссертациямда
авторлардың еңбегіне ұқсас жайыттар кездесіп жатса, оны жәй сәйкестік деп
қабылдаңыздар.

1. Жергілікті өкілді органдар
1.1. Жергілікті өкілді органдар сипаттамасы, жүйесі,
құрылу тәртібі және құрамы

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқаруды
жергілікті өкілді органдар жүзеге асырады. 1995 жылғы Қазақстан
Республикасы Конституциясының ″Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-
өзі басқару″ деген ΥΙΙΙ бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына,
мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген [1].
Аталған мәселелер 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының
Конституциясымен, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Ν148-ΙΙ ″Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы″ Заңымен, 2001
жылғы 25 сәуірдегі Ν179-ΙΙ, 2001 жылғы 24 желтоқсандағы Ν276-ΙΙ, 2002
жылғы 21 мамырдағы Ν324-ΙΙ, 2004 жылғы 11 мамырдағы Ν552-ΙΙ, 2004 жылғы 20
желтоқсандағы Ν13-ΙΙΙ, 2004 жылғы 21 желтоқсандағы Ν15-ΙΙΙ Заңдарымен
енгізілген өзгерістермен және толықтыруларымен, ″Қазақстан
Республикасындағы сайлау туралы″ Қазақстан Республикасының Конституциялық
заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының
2005 жылғы 15 сәуірдегі Ν44-ΙΙΙ Конституциялық Заңдарымен реттеліп, жүзеге
асырылады.
Осы Заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес
жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді,
жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзіретін, қызметінің
ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық
жағдайын белгілейді. Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы
істің жайы үшін жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдардың
жүзеге асыратыны Конституцияда баянды етілген. Жергілікті өкілді орган
(мәслихат) халықтың өкілдік бірыңғай жүйелерінің ажырамас бөлігі бола
отырып, осы жүйеге тән белгілерін өз бойына сіңірген. Айталық, Жергілікті
өкілді орган (мәслихат) – бұл облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын,
халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және жүзеге асырылуын
бақылайтын сайланбалы орган. Мұның өзі бұл орган халықтың өкілді органы
екендігін және мемлекеттің өкілді органдарының жүйесіне кірмегендіктен,
одан оқшауланып тұрғандығын аңғарудың қиындығы жоқ сияқты. Солай бола
тұрса да, бұл органның жалпы мемлекеттік мүдделерді ескеретініне күмән
келтірмеуіміз керек. Сондықтан да болар жергілікті өкілді органдардың
(мәслихаттардың) өзіндік ерекшеліктерімен оқшауланатындығы. Еніді
түсінікті болу үшін мемлекетіміздің жергілікті өкілді органдарын басқа
мемлекеттердің жергілікті өкілді органдарымен салыстырып көрсек.
Әлемнің көптеген елдерінде жергілікті мемлекеттік басқару сайлау
органдары мен атқарушы аппараттар арқылы жүзеге асырылады. Әдетте,
жергілікті өкілді органдарын сайлау реттері заңмен белгіленеді. Әрине,
мұндай жағдайда әрбір елде кандидаттарды ұсыну мен оларды сайлаудың өзіне
тән ерекшеліктері болады. Сонымен қатар, атауларында да өзгешеліктер бар.
Мысалы, АҚШ-та ″Муниципальдық кеңес″, Ұлыбританияда ″Графтар кеңесі″,
Беларуссияда ″Жергілікті кеңес″, Францияда ″Департамент кеңестері″,
Өзбекстанда ″Халық депутаттары Кеңесі″, ал Италияда ″Жергілікті басқару
кеңесі″ деп аталады. Ал, біздің мемлекетімізде ″Мәслихаттар″ деп аталады.
Ал, енді бұл мемлекеттердің жергілікті өкілді органдары мүшелерінің сайлану
тәртібіне тоқтала кетейік. Мысалы, АҚШ-та муниципальдық кеңеске сайлау
өткізуде бірмандатты және көпмандатты округтер құрылады. Кеңес мүшелері осы
округтер бойынша сайланады. Ұлыбританияда графтар кеңесі мүшелері
бірмандатты сайлау округтері бойынша сайланады. Францияда департамент
кеңестері мүшелері екі турда өтетін сайлау арқылы сайланады. Италияда
жергілікті басқару кеңестерінің мүшелері көпмандатты сайлау округтері
бойынша сайланады. Ал, біздің мемлекетімізде мәслихаттарға депутаттар
жергілікті округтер арқылы сайланады.
Бұл мемлекеттердің жергілікті өкілді органдарының өкілеттік мерзімдері
де әр түрлі болып келеді. Мысалы, Ұлыбританияда–төрт жылға, Францияда–алты
жылға, Италияда–бес жылға, Жапонияда–төрт жылға, Түркіменстанда–бес жылға,
Беларуссияда–төрт жылға сайланады. Қазақстан Республикасында мәслихат
депутаттары–төрт жылға сайланады. Сонымен қатар, бұл органдар саны жағынан
әр елде әр түрлі болып келеді. Мысалы, АҚШ-та–5-тен 50-ге дейін,
Францияда–9-дан 165-ке дейін, Италияда–15-тен 80-ге дейін, Жапонияда–12-ден
120-ға дейін, Ұлыбританияда–30-дан 70-ке дейін мүшесі болады. Бұл жерде
мүшесі деп отырғаным ол–депутаттар. Қазақстан Республикасында–25-тен 50-ге
дейін болады.
Бұл аты аталған органдардың негізгі жұмыс түрі отырыс болып табылады.
Бұл отырыстар сессиялық тәртіппен өткізіледі. Мысалы, Франция мен Жапонияда
сессиялар жылына 4 реттен кем өткізілмейді. Ал, АҚШ-та бір айда 4 ретке
дейін өткізіледі. Қазақстан Республикасында кезекті сессия жылына кем
дегенде 4 рет шақырылады. Ал, мәслихаттың кезектен тыс сессиясын өткізу
мәслихатқа сайланған депутаттардың көпшілік дауысымен шешіледі. Бұл
сессияда көкейкесті мәселелер шешіледі [2].
Енді бір сәт Кеңес одағы кезеңіндегі жергілікті халық депутаттар
Кеңесіне тоқтала кетейік. КСРО Конституциясына сәйкес, мемлекеттік биліктің
өлкедегі, облыстардағы, автономиялық облыстардағы, автономиялық округтер,
аудандар, қалалар, поселкелер мен ауылдық елді мекендердегі органдары болып
халық депутаттар Кеңесі табылады (КСРО Конституциясының 145-бабы). Кеңес
үкіметінде жергілікті жерлердегі билік органдарының жүйесінің өмір сүруі
елдің әрбір бөлігіндегі негізгі мемлекеттік қызметті орындауды қамтамасыз
ету қажеттілігінен келіп шықты және мемлекеттік аппаратты еңбекшілер
қауымына жақындату, халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге
белсенді түрде тікелей қатысуы үшін жағдай жасау, азаматтардың мемлекеттік
және қоғамдық істерді басқаруға қатысудағы конституциялық құқығын жүзеге
асыруға жағдай жасау болып табылады. Сондықтан да, жергілікті билік
органдарының қызметі мен ұйымдастырылу формалары мен принциптері кеңес
үкіметінің терең демократияшылдығын білдірді. 1977 жылғы КСРО Конституциясы
және соның негізінде қабылданған 1978 жылғы одақтас республикалар мен
автономиялық республикалар конституциясы жергілікті билік органдары мен
басқарудың мемлекеттік-құқықтық мәртебесін бекітіп, олардың қызметін
кеңейтіп, халықпен байланысының демократиялық формаларын күшейте түсті.
Жергілікті билік органдарына сайлау туралы заңдар жалпы принципті
белгілейді, соған сәйкес жергілікті кеңес депутаттарының саны, сол кеңес
территориясындағы халықтың санымен байланысты болады. Сонымен бірге,
кеңестің ішінен тұрақты комиссия құру үшін депутаттар санының жеткілікті
болуы, сондай-ақ атқару комитеті депутаттарының сайлау округтерінде жұмыс
жүргізу үшін мүмкіншіліктердің сақталуы көзделеді. Атап айтқанда, өлкелік
кеңеске-360 депутат, облыстық кеңеске-238 депутат, автономиялық облысқа-227
депутат, автономиялық округ кеңесіне-109 депутат, аудандық кеңеске-82
депутат, қалалық кеңеске-137 депутат, қаладағы аудандық кеңестерге-216
депутат, поселкелік кеңеске-57 депутат, ауылдық кеңеске-33 депутат сайлануы
тиіс болған [3].
Жергілікті халық депутаттар кеңесінің өкілеттіктеріне мына төмендегі
қызмет аясы жатады: 1) өзінің бүкіл территориясында мемлекттік, шаруашылық
және әлеуметтік-мәдени құрылысқа басшылық жасау; 2) экономикалық және
әлеуметтік даму мен жергілікті бюджеттің жоспарларын бекіту; 3) өздеріне
бағынышты мемлекеттік органдарға басшылық жасау; 4) заңдардың қадағалануын,
мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету жатады.
Жергілікті кеңестердің өкілеттілігі жергілікті кеңестер туралы заңдармен
белгіленеді. Олар: жоспарлау, есеп және есеп беру, бюджеттік қаржылық
жұмыстар, ауылшаруашылық өнеркәсібі, құрылыс, жоспарлау, құрылыстар, жерді
және суды пайдалану, тұрғын үй, коммуналды шаруашылық пен көгалдандыру;
көлік және байланыс, сауда мен қоғамдық тамақтану; тұрмыстық қызмет
көрсету; білім беру, мәдени-ағартушылық жұмыстар мен ғылым; денсаулық
сақтау, денешынықтыру мен спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, халықтық бақылау
жүргізу, социолистік заңдылықтарды қамтамасыз ету, мемлекеттік, қоғамдық
тәртіп және азаматтардың құқығын қорғау, қорғаныс жұмыстары жатады. Заң
актілерінде бекітілген жергілікті кеңестердің қызмет аясының әр түрлі
өзіндік ерекшеліктері болады. Ауылдық және поселкелік кеңестер – биліктің
ең көп және бұхаралық органы болып табылады. Ауылдық кеңестің қызмет
аясының ерекшелігіне оның ауылшаруашылығы, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету
саласындағы міндеттері мен құқықтары табылады. Бұл органдар (колхоз,
совхоздар) ұжымдар мен кеңшарлар қызметіне бақылау жасайды, олардың
жоспарларды орындауын, жерді пайдалану туралы, социолистік меншіктің
қорғалу жағдайын бақылайды. Ауылдық кеңестер ұжымдар мен кеңшарларға
қоғамдық шаруашылықты дамыту, олардың экономикасын нығайтуға жан жақты
көмек көрсететін болған. Поселкелік кеңестер мен қала типтес поселкелік
кеңестердің қызмет аясы – коммуналды, әлеуметтік-мәдени және сауда қызметін
дамыту бойынша міндеттер тән сипат болып келеді. Аудандық кеңестердің
қызмет аясы өте кең, және жан жақты болып келеді. Ауылшаруашылығы – барлық
аудандар үшін экономиканың жетекші саласы болып табылады. Аудандық кеңес
аудандағы ауылшаруашылық пен агроөнеркәсіп кешендеріне басшылық жасайды.
Аудандық кеңестер сондай-ақ жергілікті өнеркәсіп пен халыққа тұрмыстық
қызмет көрсету, мемлекеттің және кооперативті сауда мен қоғамдық
тамақтануға басшылық жасайды. Қалалық кеңестер қала тұрғындарына
коммуналдық - тұрмыстық, сауда және әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетеді,
қала шаруашылығы, жергілікті өнеркәсіп саласындағы міндеттер мен құқықтар
қызметіне басшылық жасайды. Аудандық кеңестерге қарағанда қалалық кеңестер
қызметінің аясы кең, ол тұрғын үй, коммуналдық және әлеуметтік-мәдени
құрылыс жұмыстарын үйлестіреді [4].
Халық депутаттарының қоғамдық кеңестері жергілікті өнеркәсіп, қалалық
коммуналдық-тұрмыстық мекемелер мен сауда кәсіпорындарының жұмысына
басшылық жасайды. Облыстық, өлкелік кеңестер өздерінің қолдарына өз
ведмоствосына қарасты барлық шаруашылық және әлеуметтік-мәдени құрылысқа
басшылық жасайды. Сондай-ақ, облыстық, өлкелік кеңестер ауылшаруашылығы мен
агроөнеркәсіп кешенінің басқа да салаларына басшылықты жүзеге асырады.
Облыстық, өлкелік кеңестер ауылшаруашылығының даму жоспарларын құрайды,
ұжымдар мен кеңшарлардың мамандануы бойынша іс-шараларды жүзеге асырады,
материалдық-техникалық жабдықтау ісімен айналысады, ауылшаруашылығы
өнімдерін сатып алу, суландыру, өндірістік процестерді механикаландыру,
еңбекке ақы төлеуді ұйымдастыру жұмысын жүзеге асырады [5].
Жергілікті халық депутаттар кеңесінің сессиялары – заң жүзінде
белгіленген тәртіппен шақырылатын кеңестердің мерзімді мәжілістері.
Сессияда мәселелерді қарау және шешу кеңестің басқарушы органы ретінде
өзіне қарасты шаруашылық, әлеуметтік-мәдени құрылыс саласына ықпалын
тигізуді қамтамасыз етеді. Конституцияға сәйкес, жергілікті кеңес
сессияларын олардың атқарушы комитеті шақырады. Сонымен бірге сессияны тек
атқарушы комитеттің бастамасы бойынша ғана емес, сондай-ақ сол кеңес
депутаттарының 13 –нің талабы бойынша шақырылады. Сессияға дайындықты
атқарушы комитет тұрақты комиссиямен, депутаттармен, қоғам мүшелерімен
жүзеге асырады. Сессия жұмысына қаралатын мәселенің сипатына қарай атқарушы
комитеттің басқармасы мен бөлімдері де қатысады. Одақтас және автономиялық
республикалардың Конституциялары жергілікті кеңестердің сессияда кез келген
мәселелелерді қарап, шешім шығаруына жол береді. Сессияда қаралатын
мәселелердің тізімі жергілікті кеңестер туралы заңмен белгіленеді. Мұндай
мәселелерді үш топқа бөлуге болады: 1) Депутаттық мандат туралы мәселелерді
шешу бойынша өкілеттілік: мандаттық комиссияны сайлау, депутаттардың
өкілеттігін мойындау, заң жүзінде қарастырылған жағдайларды депутаттардың
өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселелерді шешу; сессияның
төрағасы мен хатшысын сайлау; депутаттардың өздерінің міндеттерін
орындағаны туралы хабарламасын тыңдау т.б. 2) Кеңес органын құру бойынша
өкілеттілік, олардың қызметін бақылау; атқарушы комитетті сайлау (атқару
комитетінің төрағасын, оның орынбасарларын, хатшысын және мүшелерін сайлау)
және оның құрамын өзгерту; тұрақты комиссияны сайлау және оның құрамын
өзгерту; атқару комитеті мен тұрақты комиссияның жұмысының есебін тыңдау;
бөлімдерді құру; халықтық бақылау комитетін құру; атқару комитетіның
құрылымы мен штатын бекіту; әкімшілік және қадағалау комиссиясын құру;
кәмелетке толмағандардың ісі бойынша комиссия құру; аудандық халық сотының
төрағасын бекіту, облыстық, өлкелік, автономиялық облыс соттарының, ұлттық
округ соттарын сайлауды өткізеді және оған бақылау жасайды.
3) Басшылықтың шаруашылық және әлеуметтік-мәдени құрылыстың маңызды
мәселелерін шешу бойынша өкілеттігі: экономикалық және әлеуметтік дамудың
перспективалық және жылдық жоспарларын бекіту; сайлаушылар талабының
орындалуы бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту; бюджеттік орындалуы кезінде
алынған қосымша табысты бағыттау шешімдер қабылдау; ұжымдар мен кеңшарларға
бөлінген қаржыларды бағыттау туралы шешімдер қабылдау жатады. Жергілікті
кеңестердің актісіне шешімдер жатады. Ол шешім кеңес депутаттарының басым
көпшілігінің ашық дауыс беруімен қабылданады. Барлық жергілікті кеңестер
шешім қабылдауға құқылы.
Жергілікті халық депутаттар кеңесінің тұрақты комиссиялары – бұл халық
депутаттарының жергілікті кеңесінің органы болып табылады. Бұл орган
конституциялық нормаларда бекітілген. Жергілікті кеңестер өздерінің тұрақты
комиссияларын сайлаудан кейінгі бірінші сессиясында сайлайды. Комиссияның
қанша адамнан тұратындығын кеңестің өзі белгілейді. Бірақта, кейбір тұрақты
комиссия заңға сәйкес міндетті түрде құрылады. Ол – мандаттық, жоспарлы-
бюджеттік, социолистік заңдылық және қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша
комиссия болып табылады. Басқа барлық тұрақты комиссиялар шаруашылық және
әлеуметтік-мәдени құрылыс; өнеркәсіп, құрылыс, көлік және байланыс, сауда
және қоғамдық тамақтану, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, табиғатты
қорғау, денешынықтыру, спорт комиссиялары болып құрылады. Жергілікті кеңес
комиссияның төрағасын және барлық оның құрамын сайлайды. Ал, төраға мен
хатшы сол комиссияның мәжілісінде сайланады. Комиссия міндетіне: кеңесте
құрылатын мәселелерді қарау үшін ұсыныстар дайындау, кеңес шешімдерінің
орындалуына бақылау жасайды [6].
Жергілікті кеңестердің атқару комитеті. Атқару комитеті әрбір
шақырылған кеңестің бірінші сессиясында сайланады. Ол төраға, орынбасар,
хатшы және комитет мүшелерінен тұрады. Атқару комитетінің мүшелері 5-7
адамнан 15-25 адамға дейін болады. Атқару комитеті бүкіл ағымдағы жұмысын
өзіне қарасты шаруашылық мекемелерді, ұйымдарды басқаруға бағыттайды.
Атқару комитеті өзіне тиесілі мәселенің бәрін шешуге міндетті болып
табылады. Олардың қызметі жергілікті кеңеске жүктелген міндеттердің бүкіл
кешенін жүзеге асыруға тікелей байланысты болып келеді. Сондай-ақ атқару
комитеттері кеңес аппаратының жетекші кадрларын таңдап, орналастырады.
Жоғары тұрған атқарушы органның маңызды басты қызметіне, өзінен төмен
тұрған атқару комитетінің қызметіне басшылық жасап, бақылау жүргізеді.
Жергілікті өкілді органдардың жүйесін облыстық, қалалық, аудандық
мәслихаттар қамтиды.
Мәслихаттарға заңда мынандай міндеттер жүктеледі:
- тиісті аумақтың әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламаларының
орындалуын қамтамасыз ету;
- жергілікті жерлерде Қазақстан Республикасы Конституциясының,
заңдарының, Парламенттің қаулыларының, Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі құжаттарының, жоғары тұрған мәслихаттар мен әкімдердің өз
құзіреттері шегінде қабылданған шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;
- Республикалық және жергілікті өкімет органдары арасындағы байланысты
қамтамасыз ету;
- Халықты жергілікті істерді басқаруға қатыстыруды қамтамасыз ету
жүктелген.
Мәслихаттардың құрылу тәртібі және құрамы. Мәслихаттарды құру тәртібі
″жергілікті мемлекеттік басқару туралы″ Заңның 5-бабында көзделген:
Мәслихаттарды тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің халықы жалпыға
бірдей, тең және төте сайлау құқықғы негізінде жасырын дауыс беру арқылы
төрт жыл мерзімге сайлайды. Мәслитхаттың өкілеттігін заңда көзделген
негіздер бойынша Сенат мерзімінен бұрын тоқтатуды немесе ол өзін-өзі
тарату негізінде тоқтатылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының 20 жасқа
толған азаматы депутат болып тек бір мәслихатқа ғана сайлана алады. Сот
әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ соттың үкімі бойынша бас
бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар сайлауға қатыспайды [7].

Мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну. Мәслихаттар депутаттығына
кандидаттар ұсынуды белгіленген тәртіп бойынша тіркелген республикалық
немесе жегілікті қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ олардың құрылымдық
бөлімшелері және өзін-өзі ұсыну жолымен азаматтар жүзеге асырады.
Республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, олардың
құрылымдық бөлісшелерінің мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуын, әрбір
кандидат дауысқа түсетін сайлау округін көрсете отырып, олардың жоғарғы
органдары жүргізеді. Қоғамдық бірлестіктердің осы қоғамдық бірлестіктің
мүшесі болып табылмайтын адамдарды депутаттыққа кандидат етіп ұсынуға
құқығы жоқ. Қоғамдық бірлестік не оның құрылымдық бөлімшесі әрбір сайлау
округінде мәслихат депутаттығына бір ғана кандидат ұсына алады. Мәслихат
депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы шешім республикалық немесе
жергілікті қоғамдық бірлестіктің, оның құрылымдық бөлімшесінің жоғары
органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және
хаттамадан үзінді көшірмемен ресімделеді. Республикалық немесе жергілікті
қоғамдық бірлестік жоғарғы органның шешімі: ұсынылған кандидаттың назарына
жеткізіледі. Кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге
тиісті округтік сайлау комиссиясына жіберіледі. Азаматтардың мәслихат
депутаттығына кандидаттар ұсынуы өзін-өзі ұсыну тәртібімен тиісті округтік
сайлау комиссиясына осы аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат
депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш беру жолымен
жүргізіледі; Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсыныла
алмайды. Сайлау тағайындалған кезде өзгеше белгіленбесе, депутаттыққа
кандидаттар ұсыну, сайлау күнінен екі ай бұрын басталып, сайлау күніне бір
ай қалғанда аяқталады. Егер кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған күні
тиісті сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына екіден кем кандидат
тіркелген жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы тиісті округтік сайлау
комиссиясының ұсынуы бойынша кандидаттар ұсынуы мерзімінен жиырма күннен
аспайтын мерзімге ұзартады. Округтік сайлау комиссиясы үш күн ішінде
кандидаттың Конституция мен осы Коституциялық заңда өзіне қойылған
талаптарға сәйкестігін анықтайды.
Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу. Депутаттыққа
кандидаттарды тіркеуді округтік сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
Қоғамдық бірлестіктен ұсынылған кандидатты тіркеу мынадай құжаттар: 1)
қоғамдық бірлестіктің жоғары органының, осы қоғамдық бірлестіктің әділет
органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі тіркеле отырып, тиісті
сайлау округі бойынша кандидат ұсыну жөніндегі отырысы хаттамасының
үзіндісі; 2) азаматтың өзін ұсынған қоғамдық бірлестіктен осы сайлау округі
бойынша депутаттыққа кандидат болып дауысқа тұсуге келісімі туралы өтініш;
3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер бар болған ретте жүргізіледі.
Өзін-өзі ұсынған жағдайда кандидатты тіркеу мынандай құжаттар: 1) осы
сайлау округі бойынша кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш; 2)
кандидат туралы өмірбаяндық деректер. Тіркеуге мәслихат депуттағына
кандидаттардың кез келген саны ұсынылады.Мәслихат депутаттығына кандидаттар
тіркеу туралы округтік сайлау комиссиясы хаттама жасайды, ол бес күн мерзім
ішінде тиісті аумақтық сайлау комиссиясына табыс етіледі [8].
Округтік сайлау комиссиясы: Кандидаттарды тіркегеннен кейін жеті күннен
кешіктірілмей жергілікті баспасөз құралдарына әр кандидаттың тегін, атын,
әкесінің атын, туған жылын, атқаратын қызметін (жұмысын), жұмыс орны мен
тұрғылықты жерін, сондай-ақ кандидаттың өз қалауына қарай оның қоғамдық
бірлестікке қатыстылығы мен ұлты туралы мәліметтерді көрсете отырып тіркеу
туралы хабар жариялайды. Тіркеген кезде кандидаттарға тиісті куәліктер
береді.
Мынандай жағдайларда:
- Кандидат ұсыну ережелерін бұзған, тіркеу үшін қажетті құжаттарды табыс
еспеген;
- Кандидат Конституцияда және осы Коституциялық заңда оған қойылатын
талаптарға сәйкес келмеген;
- Кандидат өзінің сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет
жағдайын пайдаланған;
- Кандидат сайлау алдындағы үгітті өзін тіркегенге дейін, сайлау күні не
соның алдындағы күні жүргізген;
- Кандидаттың немесе оның сенім білдірілген адамдарының басқа кандидаттың
ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірілген, оның іскерлік беделін
түсіретін жалған мәліметтерді таратқан фактісін сот анықтаған;
- Сот кандидат пен оның сенім білдірілген адамдарының сайлаушыларды сатып
алу фактілерін анықтаған;
- Осы Конституциялық заңда белгілеген өзге де жағдайларда кандидатты
тіркеуден бас тартады немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына
сәйкес кандидаттың немесе оның жұбайының декларацияда көрсеткен табысы мен
мүлкі туралы мәліметтердің дұрыс еместігі анықталғанда кандидатты тіркеу
туралы шешімнің күшін жояды. Тіркеуден бас тартуға немесе тіркеудің күшін
жоюға қатысты кандидаттар тиісті сотқа шағым жасай алады. Дауыс беретін
күнге екі күн қалғанда кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жойуға
немесе бұған дейін тіркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтіруге жол
берілмейді. Кандидатты тіркеуден бас тартуға немесе тіркеу туралы шешімнің
жойылуына қоғамдық бірлестік немесе кандидаттың өзі аумақтық сайлау
комиссиясына немесе сотқа жеті күн мерзім ішініде шағым бере алады. Бұл
ретте аумақтық сайлау комиссиясы немесе сот шағым берілген күннен бастап
жеті күн мерзім ішінде шешім шығарады. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды
тіркеу, егер сайлау тағайындалған кезде өзгеше белгіленбесе, сайлау
күнінен екі ай бұрын басталып, сайлау күніне жиырма бес күн қалғанда
аяқталады.
Кандидатурасын алып тастау, мәслихат депутаттығына кандидат етіп ұсыну
туралы шешімнің күшін жою. Мәслихат депутаттығына кандидат тіркеу дейінгі
және одан кейінгі уақытта бұл туралы округтік сайлау комиссиясына жазбаша
өтініш бере отырып, өз кандидатурасын қайтып ала алады. Республикалық
немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктің, қоғамдық бірлестіктің құрылымдық
бөлімшесінің жоғары органы тіркеуге дейінгі және одан кейінгі уақытта
округтік сайлау комиссиясына тиісті ұсыныс беріп, мәслихат депутаттығына
кандидат ұсыну туралы шешімнің күшін жоя алады. Мұндай жағдайларда округтік
сайлау комиссиясы кандидатты тіркемейді немесе кандидатты тіркеу туралы
шешімнің күшін жояды. Егер кандидатурасын алып тастау немесе кандидатты
ұсыну туралы шешімнің күшін жою осыған мәжбүр ететін себептерсіз
жүргізілген болса, онда округтік сайлау комиссиясы сайлау науқанын өткізуге
республикалық бюджеттен жұмсалатын қаражаттың бір бөлігін кандидаттың
немесе оны ұсынған тиісті қоғамдық бірлестіктің есебіне жатқызуға хақылы.
Тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін шығып қалғандардың орнына мәслихаттар
депутаттығына кандидаттар ұсыну. Тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін
кандидаттардың шығып қалуы нәтижесінде тиісті сайлау округі бойынша
мәслихат депутаттығына екіден кем кандидат қалған жағдайда, аумақтық сайлау
комиссиясы тиісті округтік сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша өз шешімімен
сйлау мерзімін ұзартады, бірақ ол екі айдан аспауға тиіс. Мұндай жағдайда
мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну осы Конституциялық заңда
белгіленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Мәслихаттар депутаттарының қайта сайлауы мен шығып қалғандардың орнына
депутаттар сайлауын өткізу. Мәслихаттар депутаттарының қайта сайлауы мен
шығып қалғандарының орнына депутаттар сайлауы осы Конституциялық заңда
мәслмихаттар депутаттарының кезекті сайлауы үшін белгіленген ережелерге
сәйкес өткізіліледі. Бұл реттте сайлау шараларын өткізу мерзімін тиісті
аумақтық сайлау комиссиясы белгілейді. Мәслихат өкілеттігінің
конституциялық мерзімінің аяқталуына бір жыл қалғанда шығып қалған
депутаттың орнына сайлау өткізілмейді.
Мәслихаттар депутаттарын қайта сайлау. Егер сайлау жарамсыз деп танылса
аумақтық сайлау комиссиясы қайта сайлау өткізу жөнінде шешім қабылдайды.
Дауыс беру сол сайлау учаскелерінде бастапқы сайлауды өткізу үшін жасалған
сайлаушылар тізімдері бойынша өткізіледі. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан
кейін екі ай мерзімнен кешіктірілмей өткізіледі. Қайта сайлауда жүзеге
асыру көзделген сайлау шаралары осы Конституциялық заңда белгіленген
ережелерге сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте сайлау шараларының қысқартылған
мерзімін аумақтық сайлау комиссиясы белгілейді [9].
Мәслихаттар депутаттары сайлауының қорытындыларын анықтау және
жариялау. Мәслихаттар депутаттары сайлауының қорытындыларын тиісті аумақтық
сайлау комиссиялары сайлау өткізілген күннен бастып бес күн мерзімнен
кешіктірмей анықтайды. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар басқа
кандидаттарға қарағанда көп дауыс берген кандидат мәслихаттың сайланған
депутаты болып есептеледі. Мәслихат депутаттары сайлауы қорытындыларын
анықтау мен жариялауға байланысты басқа мәселелер осы Конституциялық заңның
Жалпы бөлімінде белгіленген ережелерге сәйкес шешіледі.

Мәслихаттар депутаттары сайлауын тағайындау.
Мыналар:
- мәслихаттар өкілеттігінің конституциялық мерзімінің аяқталуы заңда
белгіленген жағдайларды қоспағанда кезекті сайлауды;
- мәслихаттар өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқталуы кезектен тыс
сайлауды;
- депутат өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқталуы, оны мандатынан айыру
не оның қайтыс болуы шығып қалғандардың орнына депутат сайлауын тағайындау
үшін негіз болып табылады.
Мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын Орталық сайлау комиссиясы
мәслихаттардың өкілеттік мерзімінің аяқталуынан кемінде үш ай бұрын
тағайындайды және ол мәслихаттар өкілеттігінің конституциялық мерзімінің
аяқталуына кемінде бір ай қалғанда өткізілуге тиіс. Өкілеттігі мерзімінен
бұрын тоқтатылған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын Орталық
сайлау комиссиясы мәслихат өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы
Сенат шешімінің негізінде тағайындайды және ол мәслихаттар өкілеттігі
мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей
өткізілуге тиіс. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды
облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар және республика
астанасының) сайлау комиссиясы депутаттың мандаты мерзімінен бұрын
тоқтатылған және одан айырылған не ол қайтыс болған күннен бастап үш айдан
кешіктірілмей тағайындалады. Барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының
кезекті сайлауы бір мезгілде өткізіледі және мерзімі жөнінен Президент
сайлауына, Парламент Сенаты сайлауына тұспа-тұс келмеуге тиіс [10].
Сайлау күні туралы хабар бұхаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Сайлау туралы Жарлықтың 9-бабының 2-тармағына сәйкес мәслихаттардың
депутаттарын сайлау кезінде дауыстарды есептеудің мынандай жүйесі
қолданылады:
- егер дауыс беруге сайлаушылардың 50 пайызынан астамы қатысса,
сайлау болып өтті деп есептеледі;
- егер дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50 пайызынан астамы
кандидатурасын жақтап дауыс берсе, ал қайталап дауыс берген
жағдайда – басқа кандидатпен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан
сайлаушылар дауысының көпшілік санын алса, кандидат сайланды деп
есептелінеді;
- сайлауда бір кандидат дауысқа түскен жағдайда, егер дауыс беруге
қатысқан сайлаушылардың кемінде 50 пайызы кандидатураны жақтап дауыс
берсе, ол сайланды деп есептеледі;
- мәслихат депутаттарының санын Қазақстан Республикасының Орталық
сайлау комиссиясы мынандай шектерде белгілейді: 14 облыстық
мәслихаттардың, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарының
әрқайсысында – 50-ге дейін; әр қалалық мәслихаттарда – 30-ға дейін; әр
аудандық мәслихаттарда – 25 депутатқа дейін болады.
Мәслихаттар депутаттарын тіркеу. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы
округтік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайланған мәслихаттар
депутаттарын тіркейді. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы округтік сайлау
комиссиясының ұсынысы немесе азаматтардың арыздары бойынша, егер сайлау
барысында немесе дауыстарды санау не сайлау нәтижелерін анықтау кезінде осы
Конституциялық заңды бұзу орын алса, мәслихат депутаты сайлауын жарамсыз
деп тануы және мәслихат депутатын тіркеуден бас тартуы мүмкін. Бұл орайда
мәслихат депутаттығына кандидаттар аумақтық сайлау комиссиясының осы
шешіміне оның қабылданған күннен бастап он күн ішінде сотқа шағым бере
алады, ол он күн ішінде шешім қабылдайды. Мәслихат депутаттарын сайлау
Қазақстан Республикасның сайлау туралы заңдарымен регламенттеледі
[11].
Мәслихаттың өкілеттігі бірінші сессия ашылған кезден басталады
және жаңадан сайланған мәслихаттың бірінші сессиясының жұмысы
басталғанда аяқталады. Әкімшілік-аумақтық бөлініс қайта ұйымдастырылған
(біріккен, қосылған, қайта құрылған, бөлініп шығарылған немесе
бөлінген) жағдайда жаңадан сайланған мәслихат сессиясының жұмысы
басталғанға дейін мәслихат депутаттары өз өкілеттігін сақтайды және
құрамына өз сайлаушыларының басым бөлігі кірген, қайта
ұйымдастырылған мәслихаттардың депутаттары болып табылады. Әкімшілік-
аумақтық бөлініс таратылған жағдайда тиісті мәслихат таратылады.
Мәслихаттың заңды тұлғаға құқығы болмайды. Мәслихат өзінің қызметтік
сипаты жағынан жергілікті тұрғындардың мұң-мұқтажына байланысты көптеген
мәселелерді шешуге бел байлайтын халықтың кең тараған өкілді органы,
сондықтан да болар бір табан болса да халыққа жақын тұратындығы.
Мәслихаттар күнделікті қызметінде шаруашылық, тұрмыстық, мәдени, меншікті,
қоғамдық тәртіпті, заңдылықты, азаматтардың заңды құқықтарын қорғау,
еліміздің қауіпсіздігін күшейту мәселелерімен айналысады. Сөйтіп Қазақстан
Республикасының мемлекеттік функциясын іс жүзіне асыруға халықты кеңінен
қатыстырушы әкімшілік-аумақтық бөліністердегі өкілді орган болып
табылады. Жергілікті өкілді органдар өз міндеттерін жүзеге атқару үшін
аппарат құрады, оның құрылымы мен сан құрамы өкілді орган буынының
деңгейіне, оның орындайтын жұмысының сипаты мен көлеміне, сондай-ақ
өндірістің инфрақұрылымы мен әр түрлі салаларының жәй-күйі мен дамуына
байланысты болады. Әрине, осындай қыруар жұмысты мәслихат өз
аппараттарымен жүзеге асырады.
Мәслихат аппараты дегеніміз, бұл тиісті мәслихаттың, оның органдары
мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін, әрі жергілікті бюджет
есебінен қаржыландырылатын мекеме. Ол мәслихат пен оның органдарын
ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техниклық және өзгеде қамтамасыз
етуді жүзеге асырады, депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруға
көмектеседі. Мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің қызметі
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Мәслихаттың
өкілеттік мерзімінің аяқталуымен, мәслихат өкілеттігі мерзімінен бұрын
тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда,
мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің қызметі тоқтатылмайды.
Мәселен, мәслихаттардың аппараты әдетте мыналардан тұрады:
- хатшы;
- тексеру комиссиясының төрағасы;
- ұымдастыру бөлімі;
- кеңесшілер (консультанттар);
- консультант-ұйымдастырушы;
- референттер.
Мәслихаттар аппаратының құрылымында хатшы өзекті тұлға болып табылады,
өйткені ол мәслихаттың қызметін ұйымдастыру мен қамтамасыз ету жөніндегі
бүкіл ағымды жұмысты орындап отырады.
Мәслихаттың хатшысы – мәслихатта тұрақты негізде жұмыс істейтін және
оған есеп беріп отыратын лауазымды адам болып табылады. Оны мәслихат
сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы
депутаттар жалпы санының көпшілік дауысымен мәслихат сайлайды және
қызметтен босатады. Мәслихаттың хатшысы мәслихат өкілеттігі мерзіміне
сайланады. Мысалы, Түркістан қаласы мәслихатының хатшысы Таскүл Махмутова.
Мәслихат хатшысын сайлау және оны қызметінен босату туралы ұсыныстарды
енгізу тәртібі мәслихаттың регламентімен белгіленеді. Мәслихат хатшысы
лауазымына кандидатураларды мәслихат депутаттары мәслихат сессиясында
ұсынады. Мәслихат хатшысының өз өкілеттігін өз еркімен доғаруы оның
өтініші бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Мәслихат хатшының жұмыстан кетуін
қабылдамаған жағдайда хатшы өз өкілеттігін өтініш берген уақыттан кейін
екі ай өткен соң доғаруға құқылы. Мәслихат хатшысы болмаған жағдайда оның
өкілеттігін мәслихат сессиясы төрағасының өкімі бойынша сол мәслихаттың
тұрақты комиссиялары біреуінің төрағасы уақытша жүзеге асырады.
″Жергілікті мемлекеттік басқару туралы″ заңының 19-бабының
3-тармағына сәйкес мәслихат хатшысына мынандай өкілеттік берілген:
Мәслихат хатшысы:
- мәслихат сессиясынның өткізілетін уақыты мен орнын, сондай-ақ
оның күн тәртібінің жобасын депутаттарға, әкімшілік басшысына және
халыққа жеткізіп отырады;
- мәслихаттың сессиясын және мәслихаттың қарауына енгізілетін
мәселелерді дайындауды, сессияның хаттамасын жасауды қамтамасыз етеді
және сессияның төрағасымен бірге мәслихаттың қаулысы мен сессияның
хаттамасына қол қояды;
- мәслихат депутаттарына лардың өз өкілеттігін жүзеге асыруына
көмек көрсетеді, олардың қажетті ақпараттармен қамтамасыз етілуін
ұйымдастырады, депутаттарды мәслихатта, оның органдары мен сайлау
округтерінде жұмыс істеу үшін қызметтік немесе өндірістік
міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
- сессияның барысында жергілікті әкімшілік, оның органдары,
кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар басшыларының атына келіп түскен
депутаттық сауалдары мен үндеулерінің қаралуына бақылау жасайды;
- мәслихаттың тұрақты және өзге де комиссияларының,
депутаттықтоптардың қызметін үйлестіреді;
- мәслихат аппаратының құрылымын мәслихаттың бекітуіне енгізеді,
оның жұмысына басшылық етеді, оның қызметкерлерін қызметке қабылдап,
қызметтен босатады;
- халық пен және меншік нысандарына қарамастан ңбек ұжымдарымен,
кәсіпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен мәслихат атынан
байланыс жасап отырады;
- мәслихатқа сайлаушылардан түскен ұсыныстар, тілектер мен хаттар
туралы қорытылған деректерді үнемі беріп отырады;
- мәслихаттың шешімдеріне сәйкес азаматтардың аса маңызды мәслихат
шешімдерінің жобаларын, сондай-ақ жергілікті, республикалық маңызы бар
мәселелерді талқылауын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот билігі органдары
Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару органдары
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдарды ұйымдастыру және олардың қызметіндегі конституциялық қағидалар
Жергілікті биліктің қалыптасуымен құрылымы
Қазақстан Республикасы жергілікті жерді басқару жетілдіру жолдары
Қазіргі кезеңдегі жергілікті биліктің қалыптасуының ағымдық жағдайы және оны жетілдіру
Мемлекет механизмін ұйымдастыру және оның қызметінің қағидаттары
Заң шығарушы билік органдары
Жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдарының арақатынасы
Мемлекеттің негізгі нысандары және сипаттамасы жайында
Пәндер