Консорция. түрлік консорция. популяциялық эндоконсорттар. эпиконсорттар. комменсалдар. даралардың және популяцияның ассосациялануы. биотрофикалық, сапротрофикалық, экотопикалық ассосациялану



Бұл класс тармағы өкілдерін төменгі қарапайым топтарында апокарпті гинецейдің болуы магнолия тәрізділермен жақындастырады. Бірақ, басым көпшілігінің гинецейі ценокарпті. Класс тармағы ішінде иілген кампилотропты тұқымбүршіктері өте жиі кездеседі. Имек ұрықтары әдетте периспермді тұқымының шеткі бөліктерінде орналасады. Негізінен шөптесін өсімдіктер, аздаған түрлері бұталы және аласа ағаштар.
1. А. Байкенжеева Геоботаника Астана - 2013
2. Н.Мухитдинов Геоботаника Алматы 2011

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Консорция. Түрлік консорция. Популяциялық эндоконсорттар.
Эпиконсорттар. Комменсалдар. Даралардың және популяцияның ассосациялануы.
Биотрофикалық, сапротрофикалық, экотопикалық ассосациялану.

Орындаған: Нургазина Г
Тексерген: Жилкыбаева С.Д

2015 жыл
Қалампыр тәрізділер (CaryophyIlidae) класс тармағы
Бұл класс тармағы өкілдерін төменгі қарапайым топтарында
апокарпті гинецейдің болуы магнолия тәрізділермен жақындастырады. Бірақ,
басым көпшілігінің гинецейі ценокарпті. Класс тармағы ішінде иілген
кампилотропты тұқымбүршіктері өте жиі кездеседі. Имек ұрықтары әдетте
периспермді тұқымының шеткі бөліктерінде орналасады. Негізінен шөптесін
өсімдіктер, аздаған түрлері бұталы және аласа ағаштар.
Төменде класс тармақтарының құрамына кіретін 3 қатарды қарастырамыз.
Қалампыргүлділер (Caryophyllales) немесе ортаңғы тұқымдылар (Centrospermae)
қатары
Гүлдері антиноморфты, қос жынысты, сирек жағдайларда дара
жынысты, пента немесе тетрамерлі, жай немесе күрделі гүлсеріктері бар.
Андроцейлері шеңбер түзе орналасады, саны тостағанша жапырақшаларының
санына еселік қатынаста болады. Кейде аталықтарының саны өте көп. Гинецейі
ценокарпті немесе апокарпті; үстіңгі, төменгі немесе ортаңғы жатыны бар.
Ұрықтары әдетте периспермді, айнала иілген. Эндоспермі жоқ. Әдетте қосалқы
жапырақтары жоқ, жай жапырақтары тегіс жиекті шөптесін өсімдіктер, бірен –
саран бұталар немесе аласа ағаштар түріндегі формалары да кездеседі. Кейбір
тұқымдастарының құрамында жапырақтары немесе сабақтары етжеңді болып
келетін суккулентті формалар жиі кездеседі.
Фитолактар (Phytolaccaceae) тұқымдасы
Фитолактар тұқымдасы эволюциялық тұрғыдан қарағанда өте ерекше топ.
Бұл өсімдіктерді осы класс тармағы өкілдерінің ата – тегі ретінде, немесе
қалампыр тәрізділер мен магнолия тәрізділер арасындағы байланыстырушы
формалар деп те қарастыруға болады. Фитолактардың гүлдері және тіршілік
формалары әрқилы. Әдетте гүлсеріктері қарапайым, мүшелері бос күйінде,
жарғақ тәрізді болып келеді, кейде күлте тәрізді қос түсті гүлсеріктері де
кездеседі. Аталықтарының саны бірдей, кейде аталықтарының тілімделуі
нәтижесінде өте көп болуы мүмкін, бұл жағдайда андроцейлері бір, кейде екі
шеңбер бойымен орналасады. Жеміс жапырақшаларының саны және олардың өзара
орналасу ерекшеліктеріне қарай гинецейлері де әр түрлі болады. Гинецейлері
апокрпті, жартылай синкарпті, кейде сирек жағдайда паракарпті болуы да
мүмкін. Жеміс жапырақшалары бесеу және одан да көп болады, әрбір жеміс
жапырақшасына бір аналақ мойыны мен бір базальдік иілген тұқымбүршігі
сәйкес келеді. Кейде екі – төрт мүшелі жалғыз ұялы жатында бір ғана
тұқымбүршігі дамуы мүмкін. Жемістері жидектер, жаңғақтар, қорапшалар.
Тұқымдарында ұнтақ перисперм болады, ұрықтары үнемі иілген түрде дамиды.
Басым көпшілігі Америкада өсетін тропиктік өсімдіктер. Осы
тұқымдастың кең тараған өкілдерінің бірі америкалық лаконос (Phytolacca
americana), арамшөп болып саналатын көп жылдық шөптесін өсімдік.
Жидектерінің шырыны жібек маталарды бояуға қолданылады.

Айздар (Aizoaceae) тұқымдасы
Бұл тұқымдас топтарына жататын өсімдіктер көп жылдық, сирек жағдайларда бір
– екі жылдық шөптесін, аздаған түрлері бұталы және жартылай бұталы
өсімдіктер. Әдетте жапырақтары етжеңді, шырынды болып келеді. Тостағанша
жапырақшалары немесе күрделі гүлсеріктері болады. Жемістері қорапша, кейде
жидек.
Тұқымдастың құрамында 2500 – ге жуық түрлер бар. Ең ірі туыстарының бірі
мезембриантемум кейбір систематиктер 100 – ге жуық өз алдына жеке
туыстардан тұратын өсімдіктердің құрама тобы деп қарастырады. Айз
тәрізділердің негізгі екі таралу орталықтары бар, олар Оңтүстік Африка мен
Австралия.
Айз тәрізділер басқа өсімдіктерден өздерінің өте әдемі гүлдері мен
өзгелерге ұқсамайтын вегетативтік органдарының болуымен ерекшеленеді. Күн
сәулелері топырақ бетінен болар болмас шығып тұратын мөлдір ткань арқылы
өтеді, оны терезелі жапырақтар деп атайды. Кейбір түрлері мәдени
декоративтік өсімдіктер ретінде өсіріледі.
Кактустар (Cactaceae) тұқымдасы
Жер бетінде кактустарға 2800 астам түрлер біріктіріледі. Кактустар сыртқы
пішіндері ерекше өсімдіктер. Кактустар бір – бірінен көлемдеріне байланысты
айқын айырмашылықтары болады. Ең биік кактустардың етжеңді сабақтары шар
тәрізді, бағаналы тармақталған немесе әлсіз тармақталған болып келеді.
Кактус сабақтарының етжеңділігі су қорын жинағыш ұлпалардың күшті жетілуіне
байланысты. Көлденең 1 м және одан да үлкен ірі кактустардың сабақтарында
300 л – ге дейін су қоры жиналады. Құрылыс ерекшеліктеріне байланысты
кактустар негізінен шөлді және шөлейтті аймақтарда таралған, ал сулы
аймақтарда кездесетін формалары эпифиттер ретінде ағаш бұтақтарында, яғни
суы жеткіліксіз орталарда өседі. Гүлдері сабақтарында бір – бірден немесе
шоқталған түрде пайда болады. Олардың өлшемдері бірнеше мм – ден 15 см –ге
дейін және одан да үлкен болып келеді. Гүлсерігі спираль бойымен орналасқан
өте көп жапырақшалардан тұрады. Төменгі жапырақшалары сарғыш – жасыл
түстес, жоғары қарай, әсіресе гүлдің ішкі бетіне қарай біртіндеп ашақ
түстерге қвзвл, сары, ақ, қызғылтым және т.б. боялған күлте тәрізді
жапырақшаларға арналады. Гүлсерігінің жапырақшалары төменгі жақтарымен
өзара кіріге келіп, түтік құрайды. Саны өте көп аталықтары спиральбойымен
орналасады. Кактустардың ең көп түрлері Мексикада кездеседі. Кейбір түрлері
Анд тау жоталарын бойлай оңтүстікке қарай Патагонияға дейін жетеді.
Мұнда кейбір кактустар өте ірі болып келеді, мысалы алып цереустің биіктігі
20 м – ге жетуі мүмкін. Бұл кактустың қырлы бағана тәрізді сабағы 1,5-2 м
биіктікте әлсіз бұтақтанады. Саны аз бүйір бұтақтары алдымен горизонталь
бағытта өсіп, кейіннен бірдей жоғары қарай тік бұрыш жасай өседі. Жеуге
жарамды жемістері бар түрлеріне тропиктерде мәдени өсімдік ретінде
өсірілетін үш қырлы цереус және т.б. жатады. Алаңшадан жиналған
өсімдіктерді оның биіктігіне көбейте отырып, өсімдіктің жербетілік
бөлігінің ауадағы (немесе судағы ) көлемі анықталады. Өсімдіктердің
жербетілік көлемін ортаның көлемімен есептеу арқылы (пайызбен) өсімдіктің
кеңістікте алып жатқан проценттік көрсеткіші немесе салыстырмалы көлемі
анықталады. Кей жерлерде тікенекті кактустар тірі қоршаулар ретінде
өсіріледі, көптеген түрлері декоративтік мақсатта оранжереялар мен
бөлмелерде өсіріледі. Кейбіреулері өте іріәдемі гүлдерімен, енді біреулері
ерекше сырт пішіндерімен қызықтырады.
Қалампырлар (Caryophyllaceae) тұқымдасы
Қалампырлар тұқымдасы тіршілік формасына байланысты шөптесін, сирек
жағдайларда бұталар, жартылай бұталы өсімдіктер. Бұлар көбінесе ормандарда
және шалғындықжерлерде жиі кездеседі. Құрғақ жерлерде жастықша тәрізді
жерге төселіп өсетін формадағы кейбір түрлері далалы, шөлейтті, жартылай
шөлейтті, тундралы және биік таулы аймақтарда таралған. Бұлар өте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Консорция. Түрлік консорция туралы ақпарат
Консорция. Түрлік консорция. Популяциялық эндоконсорттар. Эпиконсорттар. комменсалдар. даралардың және популяцияның ассосациялануы
Консорция. Түрлік консорция. Популяциялық эндоконсорттар. Эпиконсорттар. Комменсалдар. Даралардың және популяцияның ассосациялануы. Биотрофикалық, сапротрофикалық, экотопикалық ассосациялану жайында
Экология ғылымы туралы түсінік
Бірлестік экологиясы–синэкология
Жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер
Популяция сипаттамалары
Этнос
Популяциялардың кеңістіктік құрылымы
Түр. популяциялар құрылымы, динамикасы
Пәндер