Ірі қара малының гигиенасы жайлы



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Жас төлдердің күтіп.бағу гигиенасы
2.2 Малдар байланатын тұрақтарға негізгі гигиеналық талаптар
2.3 Ірі қара малдарына арналған қоралардың микроклиматы.

ІІІ.Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Зоогигиена — мал денсаулығын сақтауға бағытталған ғылым. Себебі оның атауы грек сөздерінен алынған: zoon — жануар және hygieinos — сау деген мағынаны білдіреді. Зоогигиена малдарға қоршаған орта жағдайы және тіршілік шарттарының әсерін зерттеп, оларды дұрыс күтіп бағу, азықтандыру, ұстау және пайдалану (эксплуатация) әдістерін жасап шығарады, жағымсыз факторларды жоюға және жағымды факторларды барынша қолдануға ұсыныс жасайды.
Ауыл шаруашылығы жануарларының денсаулығы — бұл ағзаның қоршаған ортамен тепе -теңдіктегі және қандай да болмасын патологиялық өзгеріссіз, яғни ағзаның құрылымы және қызметі бір біріне сай, реттеуші жүйелері ішкі ортаның тұрақтылығын (гомеостаз) сақтау қабілетіне ие болуымен сипатталатын ағзаның табиғи физиологиялық күй-жағдайы деп білеміз, міне сондықтан зоогигиенаны көбінесе практикалық физиология деп атайды.
Сыртқы немесе қоршаған орта — бұл жануарды қоршаған ауа, су, топырақ, азықтар мен ғимараттар. Қоршаған орта ағза үшін пластикалық (құрылыс), энергетикалық және ақпараттық материалын алу көзі болып табылады. Қоршаған орта мен ағзаның бірлігі олардың арасында үздіксіз өтетін зат және энергия алмасу үрдісімен нақтыланады.
Сыртқы орта факторлары ағзаға тікелей және жанама: тыныс алуға, қоректенуге, жылу реттелуіне әсерін тигізеді. Сондықтан сыртқы орта факторлары тірі ағза үшін патогенді болып табылуы мүмкін. Мысалға, ауаның төменгі температурасында және суық су ішкенде суық тиюі мүмкін; ауру туғызатын ағзалармен зарараланған ауа, су және азық жануарларда жұқпалы және инвазиялық ауруларды туғызуға жағдай жасайды; ауа, су және азықтың химиялық құрамының сәйкессіздігі зат алмасу бұзылуына, улануға душар етуі мүмкін.
1.Ысқақбаев Б. Ірі қара шаруашылығы\оқулық-Алматы «Қайнар» баспасы , 1996. I
2. А. Ә. Төреханов, Ж. Қ. Каримов, .Даленов.Ірі қара шаруашылығы\оқулық - Алматы : Триумф "Т", 2006.
3. М. А. Кинеев, Қ. Ж. Аманжолов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторлары. Қазақстанда етті ірі қара шаруашылығын дамытудың кейбір мәселелері\\Ғылыми- сараптамалық журнал. Жаршы. 2011
4. А. Ә. Төреханов, Қ. Ж. Аманжолов, Б. Ө. Өмірзақов, Е. С. Ержігітов. Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында өсірілетін ірі қара малының ет өнімділігі мен экономикалық тиімділігі. Ғылыми- теориялық және практикалық журнал. Жаршы. 2008
5. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
 Қазақстан республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ
Тақырыбы: Ірі қара малының гигиенасы

Орындаған: Амиргалина Ж.К

Тексерген : Садуақасов М.С

Семей 2015жыл

Жоспар
І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Жас төлдердің күтіп-бағу гигиенасы
2.2 Малдар байланатын тұрақтарға негізгі гигиеналық талаптар
2.3 Ірі қара малдарына арналған қоралардың микроклиматы.

ІІІ.Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

І Кіріспе.
Зоогигиена — мал денсаулығын сақтауға бағытталған ғылым. Себебі оның атауы грек сөздерінен алынған: zoon — жануар және hygieinos — сау деген мағынаны білдіреді. Зоогигиена малдарға қоршаған орта жағдайы және тіршілік шарттарының әсерін зерттеп, оларды дұрыс күтіп бағу, азықтандыру, ұстау және пайдалану (эксплуатация) әдістерін жасап шығарады, жағымсыз факторларды жоюға және жағымды факторларды барынша қолдануға ұсыныс жасайды.
Ауыл шаруашылығы жануарларының денсаулығы — бұл ағзаның қоршаған ортамен тепе -теңдіктегі және қандай да болмасын патологиялық өзгеріссіз, яғни ағзаның құрылымы және қызметі бір біріне сай, реттеуші жүйелері ішкі ортаның тұрақтылығын (гомеостаз) сақтау қабілетіне ие болуымен сипатталатын ағзаның табиғи физиологиялық күй-жағдайы деп білеміз, міне сондықтан зоогигиенаны көбінесе практикалық физиология деп атайды.
Сыртқы немесе қоршаған орта — бұл жануарды қоршаған ауа, су, топырақ, азықтар мен ғимараттар. Қоршаған орта ағза үшін пластикалық (құрылыс), энергетикалық және ақпараттық материалын алу көзі болып табылады. Қоршаған орта мен ағзаның бірлігі олардың арасында үздіксіз өтетін зат және энергия алмасу үрдісімен нақтыланады.
Сыртқы орта факторлары ағзаға тікелей және жанама: тыныс алуға, қоректенуге, жылу реттелуіне әсерін тигізеді. Сондықтан сыртқы орта факторлары тірі ағза үшін патогенді болып табылуы мүмкін. Мысалға, ауаның төменгі температурасында және суық су ішкенде суық тиюі мүмкін; ауру туғызатын ағзалармен зарараланған ауа, су және азық жануарларда жұқпалы және инвазиялық ауруларды туғызуға жағдай жасайды; ауа, су және азықтың химиялық құрамының сәйкессіздігі зат алмасу бұзылуына, улануға душар етуі мүмкін.

ІІ Негізгі бөлім
2.1 Жас төлдердің күтіп-бағу гигиенасы
а) қолда тұрғызып ұстау мезгілінде
б) жайып ұстау мезгілінде

Ірі қара малдарына арналған шаруашылықтарда көбінесе екі тәсіл қолданылады. 1. Тұрғызып байлауда ұстау; 2. Байлаусыз еркін ұстау.

а) Тұрғызып байлауда ұстау – сүт өнімдерін өндіруге арналған шаруашылықтарда, кей кездерде малдарды интенсивті түрде, жедел семіртіп ет алу үшін қолданылады. Мұндай тәсілмен ұстау үшін арнайы сиыр қоралар қаралады да олардың ішінен байлау орындары (тұрақ орын), байлауыштар, азық науалар мен су құбырлары және олардың арасынан азық таратып, көң тазалайтын, малдар мен адамдар жүретін жолдар қалдырылады. Мал басының мөлшеріне байланысты мал тұратын орындарды екі немесе төрт қатарлы қылып жасайды. Көбінесе қорадағы малдың саны жүзге дейін жоспарланса екі қатарлы, ал 150 одан артық болса төрт қатарлы тұрақтар қаралған жөн. Қора ішінде мал тұратын орындар екі қатар орналасатын болса ондай қоралардың ендерінің ішкі өлшемі 12-15 м, ал төрт қатарлы болса 18-21 м жасалады. Малдардың ірілігіне байланыстырып, қора ішіне үш түрлі размерде тұрақтар қаралады:

1) ұзын тұрақ – ұзындығы 190-220 см, ені – 120-150см. Мұндай тұрақтар салмағы 500 кг-нан жоғары ірі сиырлар мен бұқаларға және сиыр бұзаулайтын бөлмелерде жасалады.
2) Орташа тұрақтар – ұзындығы 170-190 см, ені – 100-120 см.
3) Кіші тұрақтар: ұзындығы 145-170 см, ені – 80-100 см, көбінесе жас малдарды (тайынша, құнажын) және бордақылауға арналған өгізшелерді байлап тұрғызып семірту кезінде жасалады.

2.2 Малдар байланатын тұрақтарға мынандай негізгі гигиеналық талаптар қойылады:
1) Тұрақ орны тегіс, тайғақ емес, ойық шұнқыры жоқ, сәл артқы жаққа қарай су ағар еңістігі бар (1 градустан аспау керек) болу қажет.

2) Тұрақ орнының астына сұйық өтпейтін, яғни мал нәжістері өтіп, сіңіп, одан зиянды газдардың (аммиак, күкіртті сутегі) бөлінуіне жол берілмеуі керек.

3) Тұрақ орындары мал организміне жайлы, жылу өткізгіштігі төмен, су сіңіргіш емес, құрғақ материалдардан жасалуы керек.

4) Тұрақ орындары сыртқы факторлардың және химиялық ерітінділердің (дезинфекциялық) әсерлеріне төзімді болу керек.
Мұндай талаптарға көбінесе ағаш материалдардан жасалған, жасанды керамзит қиыршықтарынан, беті кордо-резинді материалдар мен қапталған тұрақ орындар сәйкес келеді.
Қорада малдардың тұрақтарының алдыңғы жағына азық науалыры орналастырылады. Оларды әртүрлі материалдардан (ағаш, кірпіш, бетон) жасап ені-үстінен есептегенде 60 см, түбінен – 40 см, алдыңғы қабырғасының биіктігі – 30 см, ал сырт қабырғасы – 70 см жасалады да, ішкі бетіне байлаубекітетін орын, және әрбір екі тұраққа арналған бір су құбырын (автопоилка) орналастырады.

Байлауыштар әртүрлі материалдардан жасалып, мынандай гигиеналық талаптарға сәйкес келу керек:
1) Байлауыштар малдардың алға және артқа қозғалыстарына қолайлы болып, жанға қарай қозғалысын шектеп, бірақ жатып тұруына бөгет жасамауы қажет.

2) Байлауыш малдың мойнына жайлы, қажап жарақат түсірмейтін болуы керек.

3) Байлауыш үзіліп, шешіліп кетіп, байлаулы малдарды сүзіп жарақаттауға жол бермеуі керек.
Мұндай талаптарға көбінесе ремендерден, есілген жіптерден және шынжыр металдардан жасалған байлауыштар сай келеді. Байлау тәсілдеріне қарап байлауыштар жекелеме түрде немесе автоматты жолмен жасалатын болады. Автоматты байлауыштар хамутты немесе шынжырлы болады да, малдарды орнына тұрғызып, жем салынған науаларға басын созған кезде, арналған тетікті басып байлауыштың жекелеме басы қос тармақты бөлігінің ортасынан өту арқылы сиырдың мойнын бекіттеді.
Малдарды екі қатарлы тұрақтарда орналастырғанда, олардың бастарын қора орталығына келтіріп, яғни екі азық наулырының аралығынан бір азық тарататын жол қалдырады да, олардың артқы жақтарынан көң тазалайтын жолдар қаралады. Азық тарататын құрылымдардың түріне және көң тазалайтын тәсілдерге байланысты ондай жолдардың ені 1,2 метрден 2,4 м дейін қалдырылады. Бұл жолдардан басқа қораның екі басынан және әрбір 25-30 сиыр тұрақтарынан кейін бір ені 2,5-3,0 метрден көлденең жолдар жасалады.
Ірі қара малдарын тұрғызып байлап ұстауға арналған қоралар жылу өткізгіштігі төмен құрылыс материалдарынан жасалып, ауа райы суық жақтарда қабырғаларының қалыңдығы 50 см, төбесі 0,24 метрден жұқа болмауы қажет. Малдардың ауа алмасуын қамтамасыз ету үшін қораның биіктігі еден үстінен төбенің ең төменгі жеріне дейін 2,4-2,7 м кем болмауын қадағалау қажет. Әр бір 100 басқа арналған қораға 2-ден, ал 150-200 басқа арналған қораларға 4-тен кем емес екі жаппалы қақпалар қаралады. Малдарды байлап тұрғызып ұстауға арналған қоралардың жалпы ішкі өлшем ауданы әр басқа шаққанда, малдардың ірілігіне, өнімділігіне (салмағы) қарап 5-7 м² аралығында болғаны дұрыс.

Мұндай малдарды тұрғызып байлап ұстау тәсілінің өзіне тән артықшылығы болады:

1) малдардың физиологиялық ерекшеліктеріне (жасы, өнімі, денсаулығы т.б.) байланысты жекелеме күтім, азықтандыру жасауға мүмкіншілік тудырады;

2) Малдардың денесі таза, яғни әсересе сауын сиырлардын өнімі жоғарғы сапалы болуына жағдай жасалады;
3) Малдардың бірін бірі сүзіп, жарақаттанудан, кейде буаз малдардың іш тастауынан сақтандырады;

4) Қора ішінің микроклиматын бақылап, қалыпқа келтіріп тұруға мүмкіншілік туғызады.

Малды тұрғызып байлап ұстаудың мұнымен қоса кемшіліктері де болады:

1) Малдарды бос еркін ұстаумен салыстырғанда тұрғызып байлап ұстау тәсілінде әр малға шаққандағы қора сиымдылығы төмендейді.

2) Малдарды тұрғызып байлап ұстау кезінде олардың қозғалуы шектеліп, малдардың төзімділігі азайып, денсаулығы нашарлайды.

3) Әр малға шаққандағы еңбек шығыны көбейіп, қол жұмысының бөлігі артады.

Мұндай тәсілімен ұстау кезінде, әсіресе сүт өндіретін шаруашылықтарды ең жоғарғы сүт алу көрсеткіштеріне (15-16 мың кг) сол сияқты басқа малдардан орта есеппен 5-6 мың кг жылдық сүт өнімін өндіруге ие болатындығы дәлелденген. Сондықтан ірі қара малдарын тұрғызып байлап ұстау тәсілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара малының гигиенасы туралы
Ірі қара малының гигиенасы туралы мәлімет
Ірі қара мал гигиенасы жайлы мәлімет
Ірі қара малдарын ұстау тәсілдері
Ірі қара малдың гигиенасы
Павлодар аймағы бойынша ірі қара малына арналған қора жобалап салу
Ірі қара малының гигиенасы.Мал қораларына және мал шаруашылық өндірісіне қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар
Ірі қара малының гигиенасы
Ірі қара мал гигиенасы жайлы
Ірі қара гигиеналары
Пәндер