Шәкәрім және шығыс әдебиеті



Көркем аударма және әдеби байланыстың кейбір мәселелері.
Қай халық болмасын басқа халықтардың әдебиетімен, мәдениетімен қарым-қатынаста болып, бір-біріне ықпал-әсерін тигізу арқылы байып, алға басып отыратыны белгілі. Дәлел ретінде айтсақ, арабтар ислам дінін таратып қана қоймай, өздерінің қоластындағы және көршілес елдерден: үнді, парсы, грек т.б. халықтардың мәдениетін жатсынбай, қажетінше бойына сіңіре білгені көпшілікке мәлім. Мәселен, араб әдебиетінің жәдігері ретінде күллі әлемге танымал «Мың бір түн» топтамасында үнді, парсы, түркі ертегілерін молынан кездестіруіміз де сондықтан болса керек. Солардың бірі – үнді топырағында дүниеге келген «Қалила мен Димна», «Тотынама» парсылардың төл туындысындай болуы жайдан жай емес. Сан ғасырлық тарихы бар қазақ әдебиетінің өн бойынан әлем әдебиетімен байланысты да байқаймыз. Сондықтан төл әдебиетімізді тереңдеп, түстеп танимыз десек, әлем әдебиетінен бөліп-жарып қарау мүмкін емес. Ал әдеби байланыстар жайында сөз етсек, қазақ әдебиетіне шығыс әдебиетінің тигізген әсеріне тоқталмай кету және мүмкін емес.
Иран-түркі халықтарының мәдени-әдеби қарым-қатынасы өте көне дәуірлерден басталады. Сондықтан да екі халықтың мифологиялық түсінік, ырым-кәделерінде, фольклорында ортақтық мол. «Аветада» бейнеленген мифологиялық пері, дию, аждаһа қазақ халық ертегілерінің кейіпкеріндей қабылданатыны осыдан. Ал «Шаһнама» дастанында «қазақ» сөзінің ауызға алынуы халқымыздың тарихын зерттеушілер үшін мәнді дерек болса керек.
Фердоусидің «Шаһнамасы», Низамидің, Сағдидің дастандары қазақ жұртына етене таныс. Әдебиетіміздің үлкен тұлғалары – Абай мен Шәкәрім «Ескендір», «Ләйлі-Мәжнүн» дастандарында ақындық сайысқа түсіп, нәзирагөйлік дәстүрді өз өлеңдерінде барынша ұштаған.
Абай:
«Физули, Шәмси, Сәйхали
Науаи, Сағди, Фердоуси,
Қожа Хафиз – бу һәммасы
Мәдет бер шағири фердияд», - деп шығыс ақындарын пір тұтса, оның ақындық мектебін жалғастырушы Шәкәрім:
«Науаи, Сағди, Шәмси, Физули бар,
Сәйхарли, Қожа Хафиз, Фердоусилер…
Бәйітші елден асқан шешен болып,
Әлемге сөздің нұрын жайған солар», - деп парсы ақындарының әлем әдебиеті тарихында елеулі із қалдырғанын айғақтайды.
Алайда қазақ әдебиетінің шығыс әдебиетімен астасқан қырлары толық ғылыми тұрғыдан зерттеліп біткен жоқ.
Ал енді Кеңес үкіметі тұсында шығыстың классикалық жәуһар туындыларын ана тілімізге тәржімалап, көпшілікке танытуда көп іс тындырылғаны белгілі. Фердоусидің, Сағди Шеразидің, Низамидің, Жәмидің

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ШӘКӘРІМ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ӘДЕБИЕТІ
Көркем аударма және әдеби байланыстың кейбір мәселелері.
Қай халық болмасын басқа халықтардың әдебиетімен, мәдениетімен қарым-
қатынаста болып, бір-біріне ықпал-әсерін тигізу арқылы байып, алға басып
отыратыны белгілі. Дәлел ретінде айтсақ, арабтар ислам дінін таратып қана
қоймай, өздерінің қоластындағы және көршілес елдерден: үнді, парсы, грек
т.б. халықтардың мәдениетін жатсынбай, қажетінше бойына сіңіре білгені
көпшілікке мәлім. Мәселен, араб әдебиетінің жәдігері ретінде күллі әлемге
танымал Мың бір түн топтамасында үнді, парсы, түркі ертегілерін молынан
кездестіруіміз де сондықтан болса керек. Солардың бірі – үнді топырағында
дүниеге келген Қалила мен Димна, Тотынама парсылардың төл туындысындай
болуы жайдан жай емес. Сан ғасырлық тарихы бар қазақ әдебиетінің өн бойынан
әлем әдебиетімен байланысты да байқаймыз. Сондықтан төл әдебиетімізді
тереңдеп, түстеп танимыз десек, әлем әдебиетінен бөліп-жарып қарау мүмкін
емес. Ал әдеби байланыстар жайында сөз етсек, қазақ әдебиетіне шығыс
әдебиетінің тигізген әсеріне тоқталмай кету және мүмкін емес.
Иран-түркі халықтарының мәдени-әдеби қарым-қатынасы өте көне
дәуірлерден басталады. Сондықтан да екі халықтың мифологиялық түсінік,
ырым-кәделерінде, фольклорында ортақтық мол. Аветада бейнеленген
мифологиялық пері, дию, аждаһа қазақ халық ертегілерінің кейіпкеріндей
қабылданатыны осыдан. Ал Шаһнама дастанында қазақ сөзінің ауызға алынуы
халқымыздың тарихын зерттеушілер үшін мәнді дерек болса керек.
Фердоусидің Шаһнамасы, Низамидің, Сағдидің дастандары қазақ жұртына
етене таныс. Әдебиетіміздің үлкен тұлғалары – Абай мен Шәкәрім Ескендір,
Ләйлі-Мәжнүн дастандарында ақындық сайысқа түсіп, нәзирагөйлік дәстүрді
өз өлеңдерінде барынша ұштаған.
Абай:
Физули, Шәмси, Сәйхали
Науаи, Сағди, Фердоуси,
Қожа Хафиз – бу һәммасы
Мәдет бер шағири фердияд, - деп шығыс ақындарын пір тұтса, оның ақындық
мектебін жалғастырушы Шәкәрім:
Науаи, Сағди, Шәмси, Физули бар,
Сәйхарли, Қожа Хафиз, Фердоусилер...
Бәйітші елден асқан шешен болып,
Әлемге сөздің нұрын жайған солар, - деп парсы ақындарының әлем әдебиеті
тарихында елеулі із қалдырғанын айғақтайды.
Алайда қазақ әдебиетінің шығыс әдебиетімен астасқан қырлары толық
ғылыми тұрғыдан зерттеліп біткен жоқ.
Ал енді Кеңес үкіметі тұсында шығыстың классикалық жәуһар туындыларын
ана тілімізге тәржімалап, көпшілікке танытуда көп іс тындырылғаны белгілі.
Фердоусидің, Сағди Шеразидің, Низамидің, Жәмидің көлемді дастандары
қазақша сөйлетіліп, Рудаки, Омар Хайям, Руми, Хафиз т.б. шығыс шайырларының
лирикалық туындылары республика оқырмандарының рухани қазынасына айналды.
Шығыс шайырларын қазақша тәржімалау жұмыстарымен Т.Ізтілеуов, Қ.Бекхожин,
Қ.Шаңғытбаев, Ж.Нәжімеденов, М.Әлімбаев, Х.Ерғалиев, Ғ.Қайырбеков,
Ә.Жәмішев т.б. тәрізді белгілі қаламгерлер айналысты. Бұлардың көпшілігі
шығыс шайырларының орыс тіліндегі аудармаларын қазақ тілінде сөйлетті.
Бір халықтың әдебиетін жұртқа танытатын дәнекер, рухани көпір - аударма
екені белгілі. Аудармашылық – бейнеті мол, үлкен шеберлікті талап ететін
қасиетті өнер. Аударма өнерінің өз қиындығы бар. Мәселен, шығыс халқының
поэзиясы – көркемдігі жағынан аса биікке көтерілген, тұспалды, жұмбаққа,
поэтикалық нақыш өрнектерге айырықша бай мұра болып танылады. Осы туралы
шығыс әдебиетін зерттеуші И.Брагинский: ...в поэзии Востока воцарились пафос
намека, игра иносказаниями и аллегориями, двусмыленность полутонов и
светотени, сбивающие с толку комментаторов и порождающие множество споров
вокруг каждого бейта и стихотворения. Это сложнее ребуса, который в
конечном счете имеет одно – единственное решение. Это хитрее шифра, который
в конечном счете может быть однозначно расшифрован. Это лисан ал-ғайб -
сокровенный язык, который каждая эпоха, а внутри нее разные читательские
группы, истолкывают по своему деп жазады.
Сол себепті шығыс шайырларының софылық діни түсініктен нәр алатын
тылсым сырлы поэтикалық тілін арнаулы дайындықсыз ұғыну оңайға соқпайды, ал
осындай туындыларды екінші тілге тәржімалау біраз қиындық туғызады. Оның
үстіне шығыс ақындарының ойды жеткізу тәсілі еуропалық әріптестеріне мүлде
ұқсамайды.
Данышпан жазушы М.Әуезов Абай жайында жазған зерттеулерінде ақынның көп
өнеге алған мектебі ретінде Шығысты атайды. Ақынның әсіресе, өлең өнеріне
бет қойған кезінде Низами, Физули, Сағди, Хафиз, Фердоуси, Шәмси тәрізді
шығыс шайырларына көп еліктегенін баса көрсетеді. Ұлы Абайдың ақындық
әлемін шығыс дүниесінен бөле-жара қарау мүмкін емес. Осы бір күрмеуі қиын
тақырыпты арнайы зерттеу нысанасына айналдырған М.Мырзахметұлы Абайдың
софылық түсініктерімен іліктес ой-сарындарын, Қабус-намеге қатысын, иран
топырағында пайда болған қырларын терең баяндайды. Шығыс әдебиеті мен қазақ
әдебиетінің сан қырлы байланысын ұзақ уақыттан бері табан аудармай зерттеп
жүрген ғалым - Өтеген Күмісбаев. Өз зерттеулерінде Ө.Күмісбаев Фердоусидің
әйгілі Шаһнама дастанының қазақ топырағында танылып, тәржімалану тарихы,
Низами, Науаи, Сағди дастандарының ықпалындағы нәзирагөйлік дәстүрін сөз
етеді. Бұл зерттеушінің Хафиз, Абай және Шәкәрім деген мақаласы да көңіл
аударарлықтай. Аталған мақалада Хафиз ғазалдарының ата жұртымызда
насихатталуы, тәржімалануы туралы айтылады. Автор Шәкәрім аудармасы жайында
әңгімелей келіп: Әлбетте Шәкәрім тұсында аударма теориясы қазақ үшін
қалыптаспаған еді, тосын нәрсе еді, жолма-жол, тікелей аударманың тумаған
кезі еді. Неміс классигі Гете Шығыстың бұлбұлы Хафизбен қалай жарысып еді,
Шәкәрім сол үлгіні қалады. Ақын негізгі мазмұнын сақтап, Хафиз ғазалының
рухын, тынысын бере білді деп түйеді.
Бұрынғы Кеңес Одағында Хафиз жырлары орыс тілінде бірнеше мәрте жеке
жинақ болып шықты. 1935 жылы Хафиз. Газели деген атпен Мәскеудің
Академия баспасында, 1955 жылы Хафиз. 50 Газелей (Классики таджикской
литературы) атты кітап Тәжікстанның Таджикиздат баспасында, 1956 және
1970 жылдары Хафиз. Лирика (Перевод с фарси) Мәскеудің Художественная
литература баспасында, Лирика Мәскеуден 1963 жылы, 12 миниатюр
И.С.Брагинскийдің авторлығымен Мәскеуден 1970 жылы, Иранотаджикская
поэзия Мәскеудегі Художественная литература баспасынан 1974 жылы, осы
жылы тағы да осы баспадан Иранотаджикская поэзия деген кітап бастырылды.
Қазақ тілінде 1966 жылы Қазақстан баспасынан Сағынғали Сейітовтің
құрастыруымен шығыс ақындары туралы Сөз зергерлері деген кітап шықты.
Онда Б.Ысқақовтың Хафиз атты мақаласы бар. 1970 жылы Рахманқұл
Бердібаевтың Гүлстан бұлбұлдары, ал Қайрат Жұмағалиевтің құрастыруымен
Шығыс жұлдыздары деген жинақ 1973 жылы Жазушы баспасында жарық көрді.
1986 жылы Әбдіраш Жәмішев Хафиз ғазалдарының орыс, өзбек, тәжік тіліндегі
аудармалары мен парсы тіліндегі нұсқаларын салыстыра отырып, жинақтады. Осы
еңбекте 1987 жылы шыққан Кәусар бұлақ та филология ғылымдарының докторы
Рахманқұл Бердібаевтың Шираз бұлбұлы деген мақаласы берілген. Онда
Хафиздің шығармашылығының жалпы сипатын шебер тілмен жеткізген.
Қазіргі кезде ұлы шайырдың туындылары әлемнің отыздан аса тілдеріне
аударылып, қазақ, орыс, өзбек, тәжік, түрік, грузин, украин, армян, кавказ,
чех, курд, лахестан, мажар, дания, голланд, эсперанто, қытай, жапон, үнді,
урду, араб, алман, ағылшын, француз тілдерінде кітаптары жарық көрді. Бұның
өзі Хафиз ғазалдарының ұлылығын көрсетсе керек.
Шәкәрімнің өлеңдерін баспаға дайындаған жазушы М.Мағауин Хафиз бен
Шәкәрімнің шығармашылық байланысына тоқталып, Шәкәрімнің шығыс үлгісіндегі
мұрасы сол тұстағы қазақ поэзиясының ізденіс өрісі, игерген аумағы туралы
нақты түсінік берсе керек. Шәкәрімнің шығыстық жырлары көркемдік ойдың
жаңа бір белесі болды. Мұндағы өрнек, иірімді жан толқынысы, үлгілі тіл
мәдениеті – ұлттық поэзиямыздың Абай жеткізген ең биік тұғырымен
деңгейлес деп атақты ақынның шығыс ықпалында да өлеңдер жазғанын баса
көрсетеді.
Аударма арқылы біз әлем әдебиетінің тамаша үлгілерімен таныса аламыз.
Аударма тілі басқа әртүрлі жұрттардың рухани әлемін бір-біріне жақындата
түсетін пәрменді құрал екені баршамызға яан. Аударма тарихының қазақ
топырағында пайда болып, қалыптасуының ұзақ тарихы бар екендігі зерттеу
еңбектерден мәлім.
Шығыс және қазақ әдебиеті ежелден-ақ тығыз байланыста екені белгілі.
Түбі шығыстан таралып, қазақ әдебиетінің төл қазынасына айналып кеткен
шығармалардың өзі қаншама. Сондықтан да бұл шығармалар арқылы тілімізге
көптеген шығыс сөздері мен бейнелеу нышандары қосылды. Мәдениеті мен
дәстүрі қазақ халқына ежелден етене болып кеткендері – араб, парсы, түрік
әдебиеті. Әдебиетімізде осы халықтардың қазынасынан келген үлестер де аз
емес. Шығыс әдебиетінің түпнұсқаның жеке сюжеттері мен сарындары қазақ
әдебиетінде жаңа туындылар жасауға да себеп болғаны мәлім.
Қазақ әдебиетінде зор мұра қалдырған ақындардың бірі – Шәкәрім. Шығыста
– Хафиз Шамсуддин, Физули, Низами Гянжауийдің біраз туындыларын қазақ
тілінде сөйлеткен қаламгер. Біз енді Хафиз бен Шәкәрім шығармаларындағы
байланысты қарап көрелік.
Жазушы М.Мағауин Шәкәрімнің өмірі мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі әдебиеті және Шәкәрім: шежіре жазу дәстүрі
Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығындағы нәзирагөйлік дәстүр жалғастығы
Қазақ - парсы әдебиеттерінің ортақтастығы
Абай Құнанбаевтың шәкірттері
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Ш.Қ.Сәтбаеваның ғылыми мұрасы
Шәкәрім Құдайбердиев аудармаларының ерекшелігі
Шәкәрім шығармалары
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
Шәкәрім поэтикасы
Пәндер