11-15ғғ. франция, англия, германия, италия



962 жылы Германия королі І Оттон Римді басып алды. Рим папасы оған тәж кигізіп, император деп жариялады. Германия империясының құрамына Солтүстік Италия да кірді. Аумағы кеңейген Германия корольдігі енді «Қасиетті Рим империясы» деп аталды. XI ғасырда Бургундия корольдігі мен Чехияның біраз жерін қосып алды.
XI ғасырдың ортасына қарай Германияда орын алған саяси бытыраңқылық біртіндеп күшейе түседі. Германиядағы ұсақ және орташа ауқатты жер иелері тікелей корольге емес, кінәздерге, герцогтерге бағынды. Ал кінәздер өз биліктерін нығайтып, бейбітшілік кезінде корольге тәуелді болмады.
1356 жылы император IV Карл «Алтынбулла» деген жарлығын жариялады. Ол бойынша императорлар жеті курфюрстердің (үш діни, төрт ақсүйек кінәздер) жиналысында сайланатын болды. Курфюрстер өздері сайлаған императорлардан кінәздердің дербестіктеріне араласпауын талап етті. «Алтын булла» Германияның саяси бытыраңқылығына заң жүзінде жағдай жасап берді.
Императорлардың қолында атқарушы аппарат болмады. Елдің жалпыға бірдей заң шығаратын, империялық қаржы мәселесімен айналысатын мекемелері қалыптаспады. Жергілікті кінәздердің дербестігі, орталық өкіметке тәуелсіз болуы Германияның саяси өмірінің басты ерекшелігіне айналды.
Германияның ірі қалалары экономикалық жағынан өзара бір-бірімен емес, қайта шетел орталықтарымен анағұрлым көбірек байланыста болды. Оңтүстік-шығыстағы қалалар Венециямен сауда-саттық жұмыстарын қызу жүргізді. Батыстағы қалалар сауда-саттық қарым-қатынастары жағынан Францияға және Фландрияға қарай бейімдеу тұрды. Солтүстіктегі қалалар Англиямен, Скандинавия және Балтық жағалауы елдерімен сауда-саттық жасады. Германия қалалары бірігуге ұмтыла қоймады. Неміс қалаларының шет елдермен экономикалық байланыстары өскен сайын олардың өзара ішкі қарым-катынастары нашарлай түсті.
Елдегі саяси бытыраңқылық Германияның экономикалық дамуына кедергі келтіре бастады. Ортағасырлық Германияда елдің саяси бытыраңқылығын жоюды көздейтін король өкіметі мен қалалардың арасындағы одақ қалыптаспады.
1) Мәшімбаев, С. «Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы» Алматы: Атамұра, 2003.- 190-192б.
2)Тортаев С. А «Орта ғасырлардағы әлем тарихы» Алматы 2000ж
3) Боранбаева А. С «Орта ғасырлардағы Еуропа тарихы» Астана 2011 ж

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: .11-15ғғ. Франция, Англия, Германия, Италия
Орындаған: Ахмер С.К
Тексерген: Бақытжанова А. Б

Семей 2015
XI-XV ғасырлардағы Германия.
Германия жерлерінің мемлекеттік-саяси даму ерекшеліктері
962 жылы Германия королі І Оттон Римді басып алды. Рим папасы оған тәж кигізіп, император деп жариялады. Германия империясының құрамына Солтүстік Италия да кірді. Аумағы кеңейген Германия корольдігі енді Қасиетті Рим империясы деп аталды. XI ғасырда Бургундия корольдігі мен Чехияның біраз жерін қосып алды.
XI ғасырдың ортасына қарай Германияда орын алған саяси бытыраңқылық біртіндеп күшейе түседі. Германиядағы ұсақ және орташа ауқатты жер иелері тікелей корольге емес, кінәздерге, герцогтерге бағынды. Ал кінәздер өз биліктерін нығайтып, бейбітшілік кезінде корольге тәуелді болмады.
1356 жылы император IV Карл Алтынбулла деген жарлығын жариялады. Ол бойынша императорлар жеті курфюрстердің (үш діни, төрт ақсүйек кінәздер) жиналысында сайланатын болды. Курфюрстер өздері сайлаған императорлардан кінәздердің дербестіктеріне араласпауын талап етті. Алтын булла Германияның саяси бытыраңқылығына заң жүзінде жағдай жасап берді.
Императорлардың қолында атқарушы аппарат болмады. Елдің жалпыға бірдей заң шығаратын, империялық қаржы мәселесімен айналысатын мекемелері қалыптаспады. Жергілікті кінәздердің дербестігі, орталық өкіметке тәуелсіз болуы Германияның саяси өмірінің басты ерекшелігіне айналды.
Германияның ірі қалалары экономикалық жағынан өзара бір-бірімен емес, қайта шетел орталықтарымен анағұрлым көбірек байланыста болды. Оңтүстік-шығыстағы қалалар Венециямен сауда-саттық жұмыстарын қызу жүргізді. Батыстағы қалалар сауда-саттық қарым-қатынастары жағынан Францияға және Фландрияға қарай бейімдеу тұрды. Солтүстіктегі қалалар Англиямен, Скандинавия және Балтық жағалауы елдерімен сауда-саттық жасады. Германия қалалары бірігуге ұмтыла қоймады. Неміс қалаларының шет елдермен экономикалық байланыстары өскен сайын олардың өзара ішкі қарым-катынастары нашарлай түсті.
Елдегі саяси бытыраңқылық Германияның экономикалық дамуына кедергі келтіре бастады. Ортағасырлық Германияда елдің саяси бытыраңқылығын жоюды көздейтін король өкіметі мен қалалардың арасындағы одақ қалыптаспады.

Герман рыцарьлары.
Германияның жергілікті кінәздерінің күшеюіне олардың Балтық жағалауындағы елдердің және славян халықтарының жерлерін басып алулары да себеп болды.
Ол халықтарға қарсы жасалған жорықтардың ең негізгі соғыс күші феодалдар - рыцарьлардан тұрды. Олар славян, Балтық жағалауы халықтарының жерлерін басып алып, оңай олжа таппақ болды.
Славяндардың лютич тайпасының жерін басып алу жорығын кінәз Альбрехт Медведь басқарды. Оның басып алған жерінде Бранденбург маркграфтығы құрылды. Берлин қаласы оның орталығы болды.
XIII ғасырда неміс рыцарьлары Латвияны, Эстонияның оңтүстік бөлігін, литвандық прус тайпасының жерлерін басып алды. 1237 жылы рыцарьлар Тевтон ордені деп аталған одақ құрды. Оның иеліктері Балтық теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауын түгелге жуық камтыды. Бұл одақ өзінің жерін Орыс елінің есебінен ұлғайтуға әрекет жасады. Бірақ ол әрекеттері сәтсіздікке ұшырады.
Жаулап алынған Эльба сыртындағы жерлерде өзінің үстемдігін нығайту үшін неміс рыцарьлары неміс шаруаларын пайдаланды. Оларды басып алынған жерлерге жеңілдік шарттарымен қоныстандырды. Бұл шаруалардың бастарына азаттық берілді, олар алғашқы кезде салықтардан босатылды. Германдық отарлау Эльба сыртындағы жерлер үшін пайдалы болды. Енді бұл жерде экономикалық өрлеу басталды. Егістік жердің көлемі артты. Жаңа қалалар пайда болды.

Еркін қалалар
Х-ХІ ғасырларда қолөнер кәсібінің ауыл шаруашылығынан бөлінуі нәтижесінде Германияда қалалар пайда болып, өсе бастады. Қалалар қолөнер мен сауда орталығына айналды. Қаланың орталығы әдетте сауда-саттық алаңы саналатын. Алаң маңында қала әкімшілігінің үйі - ратуша салынатын. Алаңның бір шетінде орталық шіркеу орналасты.
Ортағасырлық қалалар феодалдар жеріне салынатын, сол себепті ол лажсыздан феодал-мырзаларға бағынуға мәжбүр болатын. Қаладағы қолөнер кәсібі мен саудадан феодалға көп пайда түсетін. Қолөнершілер мен саудагерлерге феодалдың салығы көрер көзге зорлық еді. Сондықтан да қала тұрғындары феодалдарға қарсы күрес жүргізіп отырды. Ол күрестің нәтижесінде кейбір қалалар өзін-өзі басқару құқына қол жеткізді.
Германиядағы ХІІ-ХІІІ ғасырларда тәуелсіздікке қол жеткізген қалалар Любек, Гамбург, Бремен, Нюрнберг, Аусбург, Майндағы Франкфурт және басқалар болды. Өзін-өзі баскаратын қала-коммуналар да калыптасты. Ондай қалалардың өзіндік қалалық соты мен қалалық әскери жасақтары болды. Өзіндік қаржы жинау және өзара салық салу құқына иелік етті. Олар феодалға төлейтін салықтардан босатылды. Қалалық кеңес жинаған салық қала мүктаждығына, әкімшіліктің айлық ақысына жұмсалды.
Кейбір бай қалалар мырзадан өз тәуелсіздігін көп ақшаға сатып алатын. Қала тұрғындарының жеке басы тәуелсіз болатын. Ауылдарда күнін көре алмағандар және өз мырзаларынан қашқандар қалаға ағылатын. Олар қаладағы ахуал бостандыққа жеткізеді деп есептеді.
Ортағасырлық қалаларға қашып барған басыбайлы шаруаны иесі бір жылдан 1 - 2 күн асқанша таба алмаса, онан әрі қарай әлгі шаруа тәуелсіз болып саналатын. Енді ол шаруаны қожайынның өзіне қайтарып алуға құқығы болмайтын.

Қала құқығына қол салғысы келген кінәздермен, рыцарьлармен күрес тоқталмады. Билігі шектеулі император қалаларды кінәздердің зорлық-зомбылығынан, рыцарьлардың талан-таражға салуынан қорғай алмады. Император қалалардың сыртқы саудасына да көмектесе алмады. Сол себепті Германия калалары өз мүдделерін өздері қорғауға мәжбүр болды. Осы мақсатпен олар өзара одақтар құрды.
Мұндай қала одақтарының бірі Солтүстік Германиядағы Ганза одағы болды. Ганза одағы сыртқы сауданы ұйымдастырды, шет елдермен соғысу немесе бітім жасау мәселелерін шешті. XIV ғасырдың 70-жылдарында құрылған неміс қалаларының Швабия, Рейн одақтары да өз мүдделерін табысты қорғап отырды.

Германиядағы шіркеу орталықтарының жағдайы
XV ғасырдың аяғы - XVI ғасырдың бас кезінде Германияда католик шіркеуінің ықпалы күшейді. Оның ұлан-байтақ жер иеліктері болды. Ол жерлерден түсіп жатқан табыстар Рим папасының қазынасына жөнелтілетін. Католик шіркеуі индульгенциялар сату арқылы көп табыс тауып тұрды. Индульгенция деген Рим папасының атынан сатылатын немесе ерекше қызметі үшін сыйға берілетін грамота еді. Сол грамотаны алған адамның бұл дүниедегі күнәсі кешіріледі, о дүниеге барғанда жаны жұмақтан орын алады деп есептелді.
Сонымен қатар шіркеу құдайға табынуға келгендерден де көп табыс табатын. Қоғамдағы тәртіп мәселесінің қатаң сақталуына үлес қосып отырған болып, кінәздерден де жер, мал-мүлік, ақшалай сыйлықтар алып отырды. Католик шіркеуі өзіне қарсы пікір айтушыларды құдайдан безген деп жариялап, қатаң жазалады. Балама пікірге жол берілмеді. Бұл әрекет ғылым-білімнің, ақыл-ойдың дамуына едәуір кедергі келтірді.
Германиядағы феодалдық бытыраңқылықты, өкімет билігінің әлсіздігін пайдаланып, католик шіркеуінің басшылары қоғамдық қатынастарда да өз үстемдігін орнатты. Дінбасылары кінәздерді бағыныштылықта ұстауға тырысты. Орталықтандырылған өкімет билігі күшті Англия мен Францияда олардың мұндай әрекеттеріне шек қойылған болатын. Тек бытыраңқы Германияда ғана Рим папасы барлық билікті өз қолына шоғырландыруға тырысты. Католик шіркеуі орталықтарының қыруар жерді иемденуі жері жоқ неміс рыцарьларының да наразылығын туғызған болатын.
Жері құнарлы, ауа райы шаруашылыққа өте қолайлы Германияда католик шіркеуі табысқа белшесінен батты. Ол табысынан мемлекетке салық төлемеді. Сол табыстарының арқасында шіркеу үлде мен бүлдеге бөленді, өте қымбатқа түсетін діни мейрамдарды жиі өткізіп тұрды.
Шіркеу табыстарының ауыртпалығы карапайым еңбекші халыққа, яғни шаруаларға, колөнершілер мен саудагерлерге түсетін. Сол себепті олардың католик шіркеуінің озбырлығына деген наразылығы күннен-күнге күшейе түсті. Католик шіркеуінің балама пікірге жол бермейтін қатыгездігіне оқымыстылар, зиялы кауым наразылығы да күн санап арта берді. Ақыры, католик шіркеуінің өкімет билігіне ұмтылуы неміс кінәздерінің наразылығын туғызды.
Сөйтіп XVI ғасырдың басында Германиядағы барлық әлеуметтік топтардың Рим папасына, шіркеу орталықтарына қарсы наразылықтары шегіне жетті.

XI-XV ғасырлардағы Англия
*
Англияны Нормандардың жаулап алуы.
Халықтардың ұлы қоныс аударуы кезінде Британияғагермандықтардыңағылшын-са кс тайпалары барып қоныстанды. Олар алғашқы кезде өзара қырғи қабақ соғыстар жүргізіп отырған жеті корольдік құрды. IX ғасырда олар бірікті. X ғасырдың аяғынан бастап бұл бірлестік Англия деп аталды. Оны алғаш даниялықтар жаулап алды. Англия бірлестігі тек XI ғасырда ғана даниялықтардың үстемдігінен құтылды. Алайда Англия корольдігі әлсіз еді. Феодалдар өзара қырқысып, әрі корольмен қактығысып, жауласып отырды.

Нормандардың Англияны жаулап алуы.
Англия корольдігінің осындай әлсіздігін пайдаланып, 1066 жылы Британ аралдарына Нормандия герцогі Вильгельм басып кірді. Гастингс маңындағы шайқаста ол ағылшындар королі Гарольдті жеңді. Вильгельм Лондонға басып кірді. Сөйтіп өзін Англия королі деп жариялады. Ол Жаулап алушы деген атаққа ие болды.

"Жаулап алушы" Вильгельм
Англияны нормандықтардың жаулап алуы нәтижесінде ондағы король билігі күшейді. Вильгельм ағылшын-саксондық ақсүйектердің жер иеліктерінің біраз бөлігін тартып алып, өзімен бірге келген рыцарьларына таратып берді.
Барлық ағылшын-саксондық феодалдар Вильгельмге адалдық жөнінде ант берді. Олардың бәрі корольдің бағыныштыларына айналды.
Вильгельм 1086 жылы жер, халық және мүлік санағын жүргізді. Ол санақтың барысы жазылған кітап Қаһарлы сот кітабы деп аталды. Англия халқының саны 1,5 млн болды. Оның 95%-ы ауылдық жерде тұрды. Бұрынғы ерікті шаруалардың көпшілігі тәуелді, басыбайлы шаруаларға айналды. Шаруалар феодалдарға қарсы күреске шығып отырды. XIV ғасырдағы балладаларда езілгендердің адал досы Робин Гудтың ерлігі туралы айтылады.[1]
Англияда бір орталыққа бағындырылған мемлекеттің күшеюі.
"Жаулап алушы" Вильгельм тұсында Англия қуатты державаға айналды. Ол әсіресе Вильгельмнің шөбересі II Генрих Плантагенет (1154-1189) тұсында онан сайын қанат жайды. II Генрих Англиямен қатар Франция жерінің 32 бөлігін иемденді. Егер Нормандия оған бабасынан мұра ретінде калған болса, Аквитания оның әйелі Алеонораның жасауы ретінде берілген үлесі болатын.

II Генрих Плантагенет
II Генрих Плантагенет сот реформасын енгізді. Бұрынғы феодалдардың Тәңір сотының орнына король соты орнады. Оған халықтың бәрі бірдей шағымдануға құқылы болды.
II Генрих әскери реформа да жүргізді. Енді феодалдар әскери қызмет аткарғысы келмесе қалқандық ақша төлеуге тиіс болды. Ол ақшаға өкімет рыцарьларды жалдады. Король шонжарлардың феодалдық жасағына тәуелді болуын азайтты.
II Генрих ағылшын шіркеуін де тікелей өзіне бағындыруға тырысты. Оның бұйрығы бойынша Англияның бас епископыФома Беккет өлтірілді. Себебі, ол корольдің іс-әрекеттерін сынаған болатын.
Осындай реформалар король билігін нығайтып, бір орталыққа бағынған мемлекеттің құрылуына көмектесті.[2]
Парламенттің құрылуы.
II Генрих өлгеннен кейін оның мұрагерлері Франциядағы иеліктерінен айырылды. Оның үстіне елде феодалдар бүлігі күшейді. 1215 жылы корольге қарсы көтеріліс болды. Көтерілісшілер 1215 жылғы 15 маусымда корольді Еріктіліктің ұлы хартиясы деген құжатқа қол коюға мәжбүр етті. Ол құжат бойынша король халыққа біраз жеңілдіктер берді. Шетел көпестерінің Англияға емін-еркін келіп-кетулеріне рұқсат берілді.
1216-1272 жылдары Англияда III Генрих билік құрды. 1258 жылы ол Италияға қарсы соғыс ашып, барондардан барлық табыстарының 13-ін өзіне беруді талап етті. Бұл талапқа барондар наразылық білдірді.
Барондар өкімет билігін бақылайтын Кеңес құрды. Ол кеңестің келісімінсіз король ешқандай шешім қабылдай алмайтын болды. 1259 жылы III Генрих Кеңеспен санасудан бас тартты. 1263 жылы Англияда король мен барондардың арасында басталған соғыс нәтижесінде барондар жеңіске жетті.
1265 жылы олар халық өкілдерінің жиналысын шақырды. Ол жиналыс ағылшын парламентінің (фр.parle - сөйлеу деген сөзінен шыққан) бастамасы болды. Парламент екі палатадан тұрды. Бірінші палата лордтар палатасы деп аталды. Оған ірі жер иелерінің өкілдері - герцогтер, маркиздер, графтар, виконттар мен барондар, епископтар сайланды. Екінші палата қауымдар палатасы деп аталды. Оған рыцарьлар мен халық бұқарасының өкілдері сайланатын.
Уот Тайлер басқарған шаруалар көтерілісі.
1381 жылы көктемде Англияның оңтүстік-шығысында шаруалар көтерілісі басталды. Оған Франциямен соғысты жалғастыру үшін жаңа салықтың енгізілуі себеп болды. Көтерілісшілер салық жинаушыларды ұрып-соғып, олардың кейбіреулерін өлтіріп те жіберді. Көтеріліске бүрын Жүз жылдық соғысқа қатысқан Уот Тайлер басшылық етті. Лондонға жақын жатқан екі графтықтың шаруалары астанаға қарай аттанды. Олар корольдің ақымақ кеңесшілерін жазалап, корольге өз талаптарын орындатуды көздеді.
Көтерілісшілер үкімет қамап қойған діндар Джон Боллды түрмеден босатып алды. Ол шаруаларды үкіметтің зорлық-зомбылығына қарсы үгіттеушілердің бірі болатын. Джон Болл король соттарының сатқындығын, епископтардың тойымсыздығын, феодалдардың қаталдығын әшкереледі. Ол тыңдаушыларға Адам ата жер жыртып, Хауа ана жіп иірген кезде кім дворян болған еді? деген сауалды жиі қойғанды жаксы көретін.
Лондонның кедейлері көтерілісшілерге кақпаны ашып берді. Шаруалар король сыбайластарының үйлерін талқандап, өшіккендерін өлтіріп те жіберді. Қалада көптеген жазықсыз адамдар да шаруалар соққысына жығылып, қаза тауып жатты.
Король II Ричард көтерілісшілермен кездесуге мәжбүр болды. Көтерілісшілер мынандай талаптар қойды:
- жеке адамдардың тәуелділігін, барщинаны жою (адамдар тек өз еріктерімен ғана тәуелді бола алады);
- жерді пайдаланғаны үшін оның иесіне салықты тек акшамен ғана төлеу;
- қалалар мен селоларға сауда бостандығын беру;
- көтерілісшілерге кешірім жариялау.

Уот Тайлердің өлімі.
Король бұл талаптармен келісіп, уәдесін орындайтындығы туралы грамоталар беруге жарлық етті. Шаруалардың бірсыпырасы Лондонды тастап, үйлеріне тарап кетті. Бірақ көтерілісшілердің бір тобы бұл жеңілдіктерге қанағаттана коймай, Уот Тайлер және Джон Боллмен бірге Лондонда қалып койды. Олар корольмен екінші рет кездесіп, жаңа талаптар қойды. Ол талаптар:
- епископтар мен монастырьлардың жерлерін тартып алып, шаруаларға үлестіру;
- корольдерден басқа барлық ағылшындардың теңдігін орнату (дворяндардың артықшылықтарын жою) тұрғысында болды.
Король шаруалармен келіссөз жүргізіп жатқанда Лондонның мэрі Уот Тайлерді опасыздықпен өлтіреді. Король шаруаларға толып жатқан уәделер беріп, оларды үйлеріне қайтуға көндіреді. Көсемінен айырылған көтерілісшілер Лондоннан қайтып кетеді. Көтеріліс шыққан аудандарда король соттары жұмыс істеп, көтеріліске қатысқандарды қатаң жазалайды. Джон Боллға үкім шығарылып, ол да өлім жазасына кесіледі.
Көтеріліс ағылшын мырзаларын біршама үрейлендіріп тастады. Олар шаруаларды белгілі бір шамадан артық қанау бүліктен басқа ештеңеге жеткізбейтінін түсінді. Сондықтан мырзалардың бір тобы корольге қызмет етуге келе бастады. Шаруалар жеңілдіктерге ие болды. Уот Тайлер көтерілісінен жүз жыл өткен соң Англияда жеке қожайынға тәуелді шаруа қалмады деуге болады.[3]
Ал қызыл және Ақ раушандар соғысы (1455-1485).

VII Генрих
Жүз жылдық соғыстағы жеңіліс ағылшын барондарының арасында үкіметке қарсы наразылық туғызды. Оның үстіне король VI Генрих Ланкастер (1422-1461) дімкәс адам еді. Оның әйелі Маргарита ханшайым шыққан тегі жағынан француз болатын. Халық оны қатыгездігі үшін де жек көретін. Ханшайым мен оның сыбайластары тек өздерінің байлығын көбейтуді ғана ойлады. Елде ұрлық-қарлык, зорлық-зомбылық, тәртіпсіздік етек алды.
Ханшайым мен оның сыбайластарының басты қарсыластары корольдің алыс туыстары - Йорктер әулеті болды. Ланкастерлер мен Йорктер әулеттерінің арғы атасы III Эдуард Плантагенет (1327-1377) болатын. Бұл екі әулеттің арасындағы билік үшін талас-тартыс ұзаққа созылған қанды қақтығысқа әкеп соқты. Йорктер туында ақ, ланкастерлердің туында ал-қызыл раушанның суреті бейнеленді. Сол себепті бұл соғыс "Ал қызыл және Ақ раушандар соғысы" деп аталды. Соғыс 1455 жылдан 1485 жылға дейін созылды.
Бүкіл ағылшын феодалдары өзара жауласқан екі топқа бөлінді. Олардың әрқайсысы король тағы үшін күресте шонжар әулеттерінің бірін қолдады. Соғыс шонжар-феодалдар бірін-бірі түгелдей дерлік қырып болған кезде ғана тоқтады.
Ланкастерлердің Францияда тұрып жатқан туысы Генрих Тюдор 1485 жылы жеңіске жетіп, билік құрып отырған Йорктер әулетіне қарсы соғыс бастады. Сол жылы тамыз айында Босворт түбіндегі шайқаста II Ричард Йорк жеңіліп, өлім жазасына кесілді. Осы ақырғы соғыспен Ал қызыл және Ақ раушандар арасындағы дау-жанжал бітті. Генрих Тюдор (1485-1509 жылдары билік құрды) VII Генрих деген атпен Англияның королі деп жарияланды. Ол IV Эдуард Йорктің қызы Елизаветаға үйленіп, өзінің туында Ал қызыл және Ақ раушандарды мәңгі ажырамастай біріктірді.
VII Генрих Тюдордың тұсында король билігі нығайды. Ол феодалдардың әскери отрядтар ұстауына тыйым салды, бағынғысы келмеген шонжарлардың қамалдарын талқандады, соғыс барысында қаза тапкан герцогтер мен графтардың жері мен атақтарын өз жақтастарына сыйлады. Өзара қақтығыстардан қалжыраған рыцарьлар мен қала тұрғындары да VII Генрих Тюдорға қолдаушылық көрсетті.

XI-XV ғасырлардағы Франция
Француз жерлерінің бірігуі.
XI ғасырда Франция бірнеше ірі феодалдық иеліктерге бөлінді. Олар: Нормандия, Бургундия, Бретань, Аквитаниягерцогтіктері; Анжу, Тулуза, Шампань т.б. графтықтары. Герцогтер мен графтар корольдің бағыныштылары болғанымен, олар іс жүзінде корольге бағынбады.
Король иелігі домен деп аталды. Ол Париж бен Орлеанның төңірегінде болды. Корольдің иелігі көлемі мен халқының саны жағынан герцогтер мен графтар иеліктерінен аз болды. XII ғасырдан бастап корольдер әр түрлі жолдармен өз иеліктерінің көлемін ұлғайта түсті. Король өз иелігін басқа жерлерді жаулап алу, тиімді үйлену, мұрагерсіз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
17 ғасырдың музыкалық мәдениеті
Орта ғасырлар мәдениеті
Мюнхен келісімі қарсаңындағы европадағы халықаларық жағдай
Бірінші дүниежүзілік соғыстың дипломатиялық дайындығы
Бірінші дүниежүзілік соғыстың қортындысы
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында фашистік жаңа соғыс ошақтарының пайда болуы
ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі Халықаралық жағдай (1945-1953) жылдар
Германиядағы мен Италиядағы фашистік режим және оның ерекшеліктері
Германия және фашистік режимнің күйреуі
Версаль бейбіт конференциясы. 1919-1925 жылдардағы соғыс қорытындысын шығару үшін жиналған конференциялар мен келісімдерде жіберілген қателіктер салдарын танып-білу
Пәндер