Тақырыбы: «орта ғасыр психологиясындағы материалистік идеялар



Орта ғасырдағы философиясы.
Реализмнің басты өкілдері
Материалистердің өкілдері
Орта ғасыр араб.мұсылман философиясы.
Батыс Европалық орта ғасыр философиясы – V-XIII ғасырға дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл уақыттағы философия «құдай ілімнің қызметшісі», осы ғасырдың философиясы христиандыққа негізделген. Христиан дінінің қасиетті кітабы – Библия (Інжіл). Грек тілінен ауларғанда «кітап»-деген мағынаны білдіреді. Христиандық дүниетаным монетеистік. Христиан дініндегі құдай үш бейнеде: Құдай - әке, Құдай – ұлы және Қасиетті рух.
Орта ғасырдың негізгі идеясы теоцентризм, яғни барлығын анықтайтын ақиқат құдай.
Христиан теологиясы – екі қағидаға негізделген. Ол тудыру идеясы (креационизм, лат. creatio – тудыру) және ашулы идеясы (ревеляционизм, лат. revelation - ашылу). Тудыру идеясы ортағасырлық онтологияның негізінде жатыр, ал ашу идеясы таным туралы ілімінің негізін құрайды. Ортағасыр философиясы сонымен қатар провиденциализм идеясын (лат. Providenta – көріпкелдік, көзқарастар жүйесі) уағыздайды. Ол бойынша барлық дүниежүзілік жағдайларды, соның ішінде тарихты да, бөлек адамдардың іс-әрекетін де құдай көріпкелділігі басқарады.
11.Алтай Ж., Қасабек А. Философия тарихы. – Алматы, 2000.
2.ҒабитовТ. Философия және мәдениеттану –Алматы, 1998.
3.Сәбитов С. Батыс Европалық философиясының антологиясы-Алматы, 2001
4. Философиялық сөздік. – Алматы,1997.
5.Тұрғынбаев Ә. Философия. 2001.
6.Есім Ғ. Фәлсафа тарихы. Алматы-2004.
7. Әл-Фараби мен Ибн Сина философиясы. ӘФМ. 20 томдық.Т.4. А. 2006.
8. Ортағасырлық діни философия. ӘФМ. 20 томдық.Т.5. А. 2006..

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

2015 жыл
Студенттің өздік жұмысы
Тақырыбы: Орта ғасыр психологиясындағы материалистік идеялар
Орындаған: Бексұлтанова Р.А. Тобы: ПХ-415 Тексерген: Едигенова А.Ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

2015 жыл
Студенттің өздік жұмысы
Тақырыбы: Орта ғасыр психологиясындағы материалистік идеялар
Орындаған: Бексұлтанова Р.А. Тобы: ПХ-415 Тексерген: Едигенова А.Ж.

ТАҚЫРЫБЫ: ОРТА ҒАСЫР ПСИХОЛОГИЯСЫНДАҒЫ МАТЕРИАЛИСТІК ИДЕЯЛАР
ЖОСПАРЫ:
* Орта ғасырдағы философиясы.
* Реализмнің басты өкілдері
* Материалистердің өкілдері
* Орта ғасыр араб-мұсылман философиясы.
Орта ғасырдағы философиясы.
Батыс Европалық орта ғасыр философиясы - V-XIII ғасырға дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл уақыттағы философия құдай ілімнің қызметшісі, осы ғасырдың философиясы христиандыққа негізделген. Христиан дінінің қасиетті кітабы - Библия (Інжіл). Грек тілінен ауларғанда кітап-деген мағынаны білдіреді. Христиандық дүниетаным монетеистік. Христиан дініндегі құдай үш бейнеде: Құдай - әке, Құдай - ұлы және Қасиетті рух.
Орта ғасырдың негізгі идеясы теоцентризм, яғни барлығын анықтайтын ақиқат құдай.
Христиан теологиясы - екі қағидаға негізделген. Ол тудыру идеясы (креационизм, лат. creatio - тудыру) және ашулы идеясы (ревеляционизм, лат. revelation - ашылу). Тудыру идеясы ортағасырлық онтологияның негізінде жатыр, ал ашу идеясы таным туралы ілімінің негізін құрайды. Ортағасыр философиясы сонымен қатар провиденциализм идеясын (лат. Providenta - көріпкелдік, көзқарастар жүйесі) уағыздайды. Ол бойынша барлық дүниежүзілік жағдайларды, соның ішінде тарихты да, бөлек адамдардың іс-әрекетін де құдай көріпкелділігі басқарады.
Патристика - шіркеу әкелерінің, теологиялық философиялық көзқарасының жиынтығы. Олар христиан дінін негіздеуде антика философиясына, соның ішінде Платон идеяларына сүйенеді. Патристиканың атақты өкілі - ұлы христиан ойшылы Аврелий Августин (Блаженный) (354-430жж.). Оның ең атақты еңбектері Исповедь және О граде Божьем. Августин өз этикасында жамандыққа жақсылықтан гөрі өзгеше бастама берген. Жамандық адамнан шығады, ал жақсылық Құдайдан келеді. Адам жақсылыққа емес, жамандыққа жауап береді.
Патристика үш кезеңді қамтиды:
* апологетика (ІІ-ІІІғғ.) - христиан дүниетанымының қалыптасуына және қорғауында маңызды рол атқарды;
* христиан ілімін жүйелендірген классикалық патристика (ІV-Vғғ.);
* догматиканы бір қалыпқа келтірген соңғы кезең (VІ-VІІІғғ.).
Схоластика - адам зердесінің көмегімен сенімде қабылданған идея мен формулаларды негіздейтін философиялық ойлаудың бір түрі.
Жан және материя арасындағы философиялық тартылыс реалистер мен номиналистер арасындағы күреске алып келді. Ол жалпылықтың жекелікке қатынасы немесе универсалий мәселелсі. Номиналистер бойынша алдымен қандай да бір зат пайда болса, оған ат беріледі (nomen). Реалистердің айтуынша алдымен заттың өзі емес, оның жалпы атауы универсалийлар пайда болады, яғни сөз соған сәйкес пайда болады.
Христиан философиясының дәстүрлі тақырыбы - Құдай әмбебаптылығын қорғау - ұлы философ Фома Аквинский (1225-1274жж.) еңбектерінде ауқымды орынға ие. Оның айтуынша - жамандық позитивті көрініс болып табылмайды, ол жақсылық сияқты өз-өзімен өмір сүрмейді, ол бейболмыс. Фома Аквинскийдің атақты еңбектері - Сумма теологии, Сумма философии және т.б.
Орта ғасыр деп аталған кезең Батыс Европа тарихында Рим империясының күйреуінен бастап, Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі мың жылдан астам уақытты қамтиды. Бұл кезеңде христиан діні қоғамдық өмірдің барлық салаларында үстемдік көрсетті. Мектеп ағарту ісі шіркеудің қолына көшті. Философия бірнеше ғасыр бойы діннің жандайшабына айналды. Ең алдымен философияның міндеті діни жағдайларды, сенім мен білімге қатысты ілімді негіздеуге тірелді.
Схоластика мен патристиканың арасында айырмашылық бар. Оқытушылардың патристикадағы алдына қасиетті жазудың мазмұнын құрайтын жүйелі түрдегі догманы жасап шығу міндеті қойылды. Ал схоластиктердің алдында осы догматикалық тұжырымдаманы сауатсыз адамдарға кең тарату міндеті тұрды. Схоластиктердің ұстанымы: неге сенемін - соны танимын болды. Схоластиканың негізгі мәселелері Құдайдың хақ екені мен жанның мәңгілігін дәлелдеуге байланысты.
Схоластика өз дамуында үш кезеңнен өтті:

Ортағасырлық философиядағы негізгі тартыс, айтыс универсалий деп аталған ұғымдар, жалпының жекеге қатынасы жайында болды.
Жалпы ұғым - әмбебаптар адам санасынан, нақты зат атауынан тыс, оған дейін өмір сүретін шындық, деп түсіндіреді. Бұл көзқарасты жақтаушылар реалистер деп аталады. Бұған қарама қарсы екінші пікір бойынша, әмбебаптар адамнан, нақты заттардан тыс өмір сүрмейді. Бұл тек нақты заттарды топтап атау арқылы пайда болған жалпылық ұғым. Бұл пікір бойынша , жалпы адам дүниеде жоқ. Қоғам әрбір жеке бейнелерден тұрады. Ал адам деген жалпы атау - ол нақты адамдардың бәріне тең, ортақ ұғым. Бұл пікірді жақтаушыларды номиналистер деп атады.
Реализмнің басты өкілдері

П.Абеляр бойынша
шынайы өмір сүретін - жалқылар, бірвқ олар өзара ортақ қасиеттері болғандықтан, осы негізінде жалпы ұғымдар қалыптасты. Бұл жалпылар (универсалилер) шын өмір сүреді, себебі ол құдайдың ақыл-ойында есепте тұр, ол жаратқан заттардың үлгісі болып табылады. Олай болса, жалқыларды зерттеп, алған білім де, жалпылардың шын екеніне деген сенім де бір-біріне қайшы келмеулері керек.
Фома Аквинский.
Платонның бағытын жалғастырды. Олардың пікірі бойынша, жалғыз құдай шын өмір сүреді, дүниеде бар нақты заттар мен құбылыстардың бастамасы құдай, демек жеке нәрселердің пайда болуы жаратушы құдайға байланысты. Заттарды құдайдың ақыл ойындағы идеялық болмысы мәңгі, шындықтағы болмысы өткінші ғана сипатта болады деп есептеді. Ф.Аквинский ілімі бойынша, материя формадан бөлек жекеше өмір сүре алмайды, ал форма материядан бөлек өмір сүре алады. Фоманың айтуынша, ешбір материалдық дене жоғары формадан яғни жаратушы құдайдан тәуелсіз өмір сүре алмайды, сондықтан, құдай - таза рухани жан деген сөз. Тек табиғат дүниесіндегі заттар үшін ғана форма мен материяның бірлігі қажет. Жалпы идеялар заттарңа дейін құдайдың ақыл-ойында өмір сүреді деп, реалистермен келісетінін көрсетеді. Сонымен қатар ол жалпы идеялар заттардан кейін адамның ақыл-ойының жемісі ретінде ойда өмір сүреді, сөйтіп олар заттарды жарата алмайды, қайта олардың нәтижесі болып табыла отырып, белгілі бір дәрежеде номиналистерді жақтауға әрекет жасайды.
Мәселені бұлайша шешу философия тарихында идеялар тек заттардан тыс бұрын өмір сүреді дейтін атауға ие болды. Заттардың мәні олардың түп негізі - құдайдың бойындағы жалпы идеялар болғандықтан, адамның мақсаты- соларды діни сенім арқылы білуге ұмтылу. Ал философия болса, ол да діни догмалардың дұрыстығын, ақиқаттығын өзіне тиесілі бар беделімен дәлелдеуі керек.Реалистерге кері бағыт ұстанған номиналистр.
Материалистердің өкілдері
Олар астыртын материалистік ұғымды қолдады. Оның өкілдері:

Олар жалпы заттарды зерттеуге шақырды. Санадан тыс өмір сүретін жалпылық жоқ, тек нақты заттар бар деп түсіндірді.
Ульям Оккам.

Нақты затқа жалпының да, жалқының да керегі жоқ деді Әмбебаптар - олар үшін тек белгілер, бірақ олар барлық заттарға қолданылмайды, тек өзара ұқсас заттарға ғана қолданылады, - деді,
Роджер Бекон
схлоастиканы сынады. Шындыққа жету үшін нақты ғылымдарды, яғни ертедегі ғылымдарды білу қажет,-деді
Николай Уразмский
ғалым болған, дінге сенбестік білдірген
Ф.Бэкон (1561-1626 жж.) - ағылшын ойшылы. Негізгі еңбектері : Ғылымдар табысы, Жаңа органон, Жаңа Атлантида. Ф.Бэкон - материалист, сондай-ақ ол - эксперименттік ғылымдардың негізін салушы. Оның қолданған әдістері: индукция(ойдың жекеден жалпыға қарай жылжуы). Оның философиясы жаратылыстану ғылымдарына сүйенді, схоластикаға, діни, идеалистік көзқарастарға қарсы болды. Оның пікірі бойынша,адамның негізгі мақсаты - табиғат күштерін игеруі.Оның негізгі принцип - Білім-күш. Ол үшін ғылым заңдарын танып білу , соларға сәйкес әрекет ету. Табиғаттың сырын заңдылықтарын білген адам өз қажетіне жарата алады, ал табиғатты материяны қарастыру арқылы түсінуге болды.
Р. Декарт (Картезий) (1596-1560) - француз ойшылы. Негізгі еңбектері: Тәсіл туралы ойлар, Философия бастамасы.Ол өз заманының философиясы мен білімдерінің жай-күйіне риза болмай, оны ешбір күмән туғызбас білім негізінде қайта құруға ұмтылған. Мұнда күмәнсіз тұжырым есебінде ол: Мен ойлаймын, демек, өмір сүремін деген пікірді алған. Математиканы білімнің идеалы есебінде санап, философияны да осы математикаға сай түрде құрмақ болған. Егер Бэкон бұл жолда тәжрибеге сүйенсе, Р.Декарт ақыл-ойға жүгініп, дедуктивтік әдісті(ойдың жалпыдан жекеге қарай жылжуы,"туа біткен идеялар") ғылыми танымның басты әдісі деп санаған. Ол аналитикалық геометрияны жасаған және механиканың негізін қалағандардың бірі болып табылады. Сонымен бірге ол физиканың, психологияның, физиологияның дамуына үлкен үлес қосқан. Оның философиялық көзқарасына дуализм тән, ойткені ол үшін ойлау мен материя бір-біріне тәуелсіз екі бөлек субстанцияны құрайды.Декарт: Адам- ақыл-ойы бар зат.
Томас Гоббс (1588-1679 жж.)-ағылшын.Негізгі еңбектері: Левиафан, Адамзат туралы ілімнің философиялық элементтері. Қияли метафизиканы жойып, философияны тек танымның жолына қарай алғашқы бұрушылардың бірі. Оның ойынша философия себептерді олардың салдарынан, немесе салдарларды олардың себептерінен дұрыс ой түйіндеу арқылы тану деп түсінді. Сол себепті оның мақсаты: салдарларды алдын ала көре білуге, сол арқылы оны пайдалануға үйрету. әлем механикалық қозғалыс заңдарына бағындырылған денелердің жиынтығы..
Бенедикт Спиноза (1632-1677 жж.) - нидерланд ойшылы. Негізгі еңбектері: Этика, Құдай-саяси трактат, Саяси трактат, Зердені жетілдіру туралы трактат. Этика - Спинозаның ең басты шығармасы саналады. Мқнда оның метафизикасының басты мәселелері қарастырылып, өз шешімін тапқан. Этиканы Спиноза геометриялық әдіспен құрастырып, дәлелді түрде мазмұндаған. Спиноза философиясының негізгі өзегі құдай мен табиғатты бір нәрсе деп тану, сондықтан да табиғат жаратылған емес, мәңгі бар, оны ғылыми тұрғыда тануға болады. Бұл пантеистік пікір болатын.Таным процесі үш сатыдан тұрады. Біріншісі - сезімдік таным, екіншісі-рационалдық таным, үшіншісі-интуиция. Бұл сатыда заттардың мәнін түсініп-білу арқылы, олардың түпнегізін (құдайды) білуге мүмкіндік аламыз.
Г.Лейбниц (1646-1716 жж.) - неміс ойшылы. Негізгі еңбектері: Адамның ақыл-ойы туралы жаңа тәжірибелер, Монадология. Г.Лейбництің философиялық ілімін монадалар туралы ілім немесе монадология деп атайды. Дүниенің негізін шексіз көп монадолар, яғни бір-бірімен алдын-ала берілген гармониялық қатынаста болатын рухани субстанциялар құрайды. Монадалар субстанция ретінде бір-біріне тәуелсіз, бірақ әрбір монадаға белсенділік тән: ол түйсінеді, қабылдайды, оған ұмтылыс тән, ол өзінің ішкі принципі бойынша әрекет жасайды.
Дж.Локк (1632-1704 жж.) - ағылшын. Философ. Эмпирикалық философияның негізгі өкілі. Философияның өзекті мәселесін таным теориясымен шектеген алғашқы ойшылдардың бірі. Таным теориясын сананың эмпирикалық көріністеріне құрған. Дж.Локктың таным теориясы негізгі үш қағидадан тұрады:1.адамда туа біткен идеялардың болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжрибе арқылы пайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологияның дамуы
Ізгілікті бағыт
Психологияның даму тарихы туралы
Орыс христиан философиясы
Психологияның тарихы. психологиялық тұжырымдамалар
XIX ғасыр поэзиясындағы өнер, білім, ғылым тақырыбы
Психология ғылымының тарихы
Мотивация
Педагогика-психология ғылымы
Кеңес психологиясындағы тұлға теориясы
Пәндер