Кәсіпорынның ішкі ортасы



1.ЖОБАНЫҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ
2.ӨНДІРІСТІК ЖОСПАР
3.Маркетингтік жоспар
3.1.Нарықты талдау
3.2Негізгі және әлеуетті бәсекелестер
4.Қаржыландыру қажеттілігі
5.Адам ресурстары
Ас үйі. Шығыс ас үйі мейрамханасында әзірленетін тағамдарға өзбек, қазақ, дұңған, татар ас үйлерінің тағамдары жатады. Аталған ас үйі қала тұрғындарының арасында кеңінен тараған және көп сұранысқа ие түрі болып табылады, осы бағыттағы білікті аспазшыларды таңдап алу да оңай.
Интерьлік шешім мейрамхананың үлгісі мен ас үй түріне мінсіз сай келеді.
Мейрамханының үлгісі – орташа бағалық санат. Залдың ауданы – 770 ш.м. шамасында. Отыратын орындардың есептелген саны – 200. Орташа түбіртек (бір келуші тұлғаға есеп) ішімдіксіз - 5 500 теңге, ішімдікпен бірге – 7 500 теңге. Ішімдіктерді келушілердің жартысы тұтынады деп болжануда.
Қонақтардың негізгі екі ағымына қызмет көрсету жоспарлануда: түскі ас және кешкі ас.
Жобаның мақсаты: орташа бағамдық санатқа бағытталған заманауи шығыс ас үйі мейрамханасын ашу.

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Кәсіпорынның ішкі ортасы.

Орындаған: Ілиясова Ж.Д
Тексерген: Темірғалиева А.С.
Тобы: ГУ – 307

Семей, 2015
Мазмұны
1.ЖОБАНЫҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ
2.ӨНДІРІСТІК ЖОСПАР
3.Маркетингтік жоспар
3.1.Нарықты талдау
3.2Негізгі және әлеуетті бәсекелестер
4.Қаржыландыру қажеттілігі
5.Адам ресурстары

1. ЖОБАНЫҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ
Ас үйі. Шығыс ас үйі мейрамханасында әзірленетін тағамдарға
өзбек, қазақ, дұңған, татар ас үйлерінің тағамдары жатады. Аталған
ас үйі қала тұрғындарының арасында кеңінен тараған және көп
сұранысқа ие түрі болып табылады, осы бағыттағы білікті аспазшыларды
таңдап алу да оңай.
Интерьлік шешім мейрамхананың үлгісі мен ас үй түріне мінсіз сай
келеді.
Мейрамханының үлгісі – орташа бағалық санат. Залдың ауданы –
770 ш.м. шамасында. Отыратын орындардың есептелген саны – 200. Орташа
түбіртек (бір келуші тұлғаға есеп) ішімдіксіз - 5 500 теңге,
ішімдікпен бірге – 7 500 теңге. Ішімдіктерді келушілердің жартысы
тұтынады деп болжануда.
Қонақтардың негізгі екі ағымына қызмет көрсету жоспарлануда: түскі ас
және кешкі ас.
Жобаның мақсаты: орташа бағамдық санатқа бағытталған заманауи
шығыс ас үйі мейрамханасын ашу.
Қызметтер.
Мейрамхана көрсететін негізгі қызметтер:
Шығыс ас үйі тағамдарын әзірлеу
-Ішімдік сусындары
-Банкеттер мен корпоративтік мерекелер ұйымдастыру
-Бизнестің мақсаттары
-Атырау қаласының мейрамхана нарығында орын табу.
-Кіретін ақша ағымының тұрақты болуын қамтамасыз ету.
-Мақсаттық көрсеткіш: 5 жыл бойы қызметті сату мөлшері - 28 527 156 USD.
-Қызмет көрсетудің шығынсыз деңгейіне жету және табыстың артуын қамтамасыз
ету.
-Мақсаттық көрсеткіш: 3 918 688 USD - 5 жылға.
-Салынған инвестицияның өзін-өзі ақтауын және табысты болуын
қамтамасыз ету.
-Мақсаттық көрсеткіштер:
-Таза дисконттық табыс – 1 716 328 USD
-Жобаның табыстылығының индексі – 54,4 %,
-Өзін-өзі ақтау мерзімі – 2,77 жыл.
-Жаңа әрі заңды 56 жұмыс орнын аша отырып жағымды әлеуметтік әсерге қол
жеткізу және бюджетке төленетін салықты арттыру.
-Аламрандар мен тұтынушыларға сапалы және қол жетімді қызмет
көрсетуді қамтамасыз ету.
Бизнесті дамыту кезеңдерінің сипаты
Осы жобаны жүзеге асыру бойынша өндірістік бағдарлама бірнеше кезеңге
бөлінген.
-Инвестиция алдылық: дайындық жұмыстарын атқару, рұқсаттық құжаттар алу,ЖЖҚ
тапсырыс беру және әзірлеу,бизнес-жоспарлау және инвестициялық жоба
әзірлеу, инвесторлар іздеу.
-Инвестициялық: капиталды салымдарды жүзеге асыру, ҚЖЖ өндірісі, жабдықтар
сатып алу және орналастыру, жарнама, сатуды бастау және қызметтер мен
тауарларды сатуды бастау.
-Инвестиция барысы (пайдалану): өндірістік қуаттылықты арттыру, нарықтығы
орынды нығайту, жобалық қуаттылыққа қол жеткізу, тауарлар мен қызметтерпді
қолдауға бағытталған жарнамалар.
Қарды алынғаннан кейін жөндеу-құрылыс жұмыстарын аяқтау, қажетті
жабдықтарды сатып алу, жиһаз бен инвентарь сатып алу, рұқсаттаушы
құжаттар (жайдың қолданыс мақсатын өзгерту және ішімдік сатуға лицензия)
алу жоспарланып отыр. Мейрамхана ашу бойынша дайындық жұмыстарын
атқару кезеңін аяқтаудың жоспарлық мерзімі – қаржы алғаннан кейін 6 ай.
Бастау-насихаттау кезеңі (start-up кезеңі) сатуды бастау және
дамыту кезеңі, сонымен қатар сатудың ай сайынғы 325 орташа түбіртек
болатын мөлшеріне жету болып жоспарланып отыр.

2.ӨНДІРІСТІК ЖОСПАР
Кесте 1. Сату
Көрсеткіші Өлшем бірлігі Мәні
Негізгі орташа түбіртек мың теңге 5,5
(ҚҚС бірге)
Спирттік ішімдікпен мың теңге 2,0
орташа түбіртек (ҚҚС
бірге)
Саудалық үстеме баға % 150%

Кесте 2. Қызмет көрсету
Көрсеткіші Өлшем бірлігі Мәні
Жұмыс тәртібі
Жұмыс күндерінің саны күнай 30
Қабылдау қабілеттілігі
Орындар саны 200
Жоспарлық толықтығы адамкүн 325
Спирттік ішімдікке % 50%
тапсырыс беретін
келушілер %
Жоспарлық толықтығы адамай 9 750
Жоспарлық толықтыққа ай 12
жету мерзімі
Мейрамхананың бастапқы % 12%
толықтығы жоспарлық
толықтықтан % ретінде
Өндірістік алаңдар
Кәсіпкерлерге арналған м2 766
алаң ауданы
Жұмыс алаңының ауданы м2 464

Кесте 3 Сатудан табыс
Көрсеткіші Өлшем бірлігі Мәні
Қабылдау қабілеттілігі адамкүн 325
(жоспарлық)
Қабылдау қабілеттілігі адамкүн 9 750
(жоспарлық)
Спирттік ішімдікке % 50%
тапсырыс беретін
келушілер %
Қызмет көрсетудің ай 12
жоспарлық көлеміне жету
мерзімі
Мейрамхананың бастапқы % 12%
толықтығы жоспарлық
толықтықтан % ретінде
Қызметтің ай сайын % 7,3%
артуының %
Орташа түбіртек (тамақ мың теңге 5,5
және ішімдіксіз
сусындар)
Орташа түбіртек мың теңге 2,0
(ішімдік сусындары)
Айлық жоспарлық мың теңгеай 53 625
айналым (тамақ және
ішімдіксіз
сусындар)
Айлық жоспарлық айналым мың теңгеай 9 750
(ішімдікті сусындар)
Барлығы айлық жоспарлық мың теңгеай 63 375
айналым (ҚҚС бірге)

Кесте 4. Сатудан келетін табыс
Сатудан 2013 2014 2015 2016 2017 Барлығ
келетін ы
табыс $
Қызмет – 1 082 2 380 2 619 2 880 3 169 12 132
ішімдіксіз250 950 045 950 044 239
түбіртек
Қызмет – 1 462 3 217 3 539 3 893 4 282 16 394
ішімдікті 500 500 250 175 493 918
түбіртек
= Барлығы 2 544 5 598 6 158 6 774 7 451 28 527
750 450 295 125 537 156

3.МАРКЕТИНГТІК ЖОСПАР
3.1Нарықты талдау
Сарапшылардың бағалауы бойынша 2010 жылға дейін ҚР мейрамхана
нарығының жыл сайын артуы шамамен 20% құрады. Оның мөлшерін
Euromonitor 281 млн. Доллар деп бағалады (2006 жылғы деректер).
Одан кейінгі бағалары жоқ, бірақ өсу деңгейіне қарай отырып оны
миллиардтың үштен бір бөлігі деп бағалауға болады, дегенмен 2011 жылы
өсу қарқыны айтарлықтай төмендеген. Көбіне Астанада және оның аймақтарында.
Алматы – Қазақстанның мейрамхана бизнесі бойынша көшбасшысы –
мейрамханалардың саны бойынша да, сапасы бойынша да. Алмады астана болып
тұрған кезден бастап сапалы инфрақұрылымы, жабдықытары және білікті
мамандары бар, дамыған қоғамдық тамақтану базасы қалды.
РосИнтер компаниясы жүргізген зерттеулердің қорытындылары
бойынша (T. G. I. Friday’s, IL Патио, Планета Суши брендтерін
насихаттаушы), Алматыда 1356 қоғамдық тамақтану кәсіпорыны бар,
соның ішінде 354 мейрамхана. Астанаға келетін болсақ, онда заманауи
сауда және ойын-сауық кешендері мен қоғамдық тамақтану орындарының
көбісі 2006–2007 жылдары – тұтынушылар секторының аса қарқынды дамып
тұрған кезеңінде ашылған. Астананың халық санының Алматыға қарағанда екі
есе аз екендігін айта керу керек (0,6 млн. адам және 1,3 млн.
адам сәйкесінше), сәйкесінші қоғамдық тамақтану орындарының саны да екі
есе аз.
Алматылықтарға қарағанда – 637 (соның ішінде 196 мейрамхана).
Халық табысының деңгейінің жоғарылығымен Ақтау және Атырау қалалары
ерекшеленеді. Мұнай өндіру саласының дамуы аталған қала
территорияларында ауқатты адамдардың айтарлықтай аудиториясының
қалыптасуына және орташа санатты тұтынушалар санының артуына ықпал
етеді. Ал бұл өз кезегінде тұтынушылық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға бағытталған бизнесті дамытуға мүмкіндік береді.
Дегенмен, әзірге, мерйамханалардың саны мен сапасы бойынша
Қазақстанның басқа қалаларынан оза отырып Атырау мен Ақтау Астана
нарығынан, Алматы нарығынан тіптен өзгеше (артық деп айта алмасыз).

Сарапшылардың бағалаулары бойынша атыраулық нарық алматылық нарықтан алты-
жеті жылға кеш қалуда, ал астаналық нарықтан төрт-бес жылға артта
келеді. Оның дамуын қалалық тұрғындар санының аздығы мен орта санаттылар
қатарының аздығы тежеп отыр.
Аталған факторлар провинциялардағы мейрамхана нарығын дамытуға
инвестиция тартуды төмендететі. Есесіне онда шет елдіктер көп, бұл
бөліну саясатына ықпал етіп отыр: ланчтар, кешендік түскі астар бұл
жерде астаналық қалаларға қарағанда кеңінен таралған. Тағамдарды
үйге және кеңсеге жеткізудің жоғары деңгейде ұйымдастырылуы байқалады
– бұған РосИнтер зерттеулерінің нәтижелері куә. Сондықтан,
кедергі болатын факторларға қарамастан мейрамханалар нарығы
астаналарда да, аймақтарда да дамып келеді, бірақ өздерінің
ерекшеліктері бар. Инвесторлары мейрамханалық бизнестің жылдам арада
өзін-өзі ақтай алатындығы қызықтырады. Орта есеппен алғанда Қазақстанда
мейрамхана бизнесіне салынатын қаражат 2–2,5 жылда өндіріледі деп
саналады. Орташа алғанда шаршы метрге 1,5 мың доллар инвестиция қажет.
Бұл ТМД елдерінің басқа мемлекеттерінде жұмсалатын қаражатқа шамалас.
Жобаның өзін-өзі ақай алатындығына сенімді осы нарықтың
толыққанды еместігі ұялатады. Қолданыстағы мейрамхана менеджерлерінің
сауалнамалары бойынша Жаңа мейрамханалар пайда болу үстінде, бірақ
сегмент бойынша әлі де өсу қажет деген жағдай анықталған. Иә,
Астанада оннан артық.
Татьяна Николаеваның мақаласында айтылғандай, Эксперт Казахстан
жорналы, 7 шілде, 2011 жыл.
10 сыра мейрамханасы, тіптен осындай орындарға да сұраныс бар.
Егер тағы бес-алтауы пайда болса, біз барлығымыз қанағаттана
аламыз, – Пивоваровмейрамханасының меңгерушісі (Астана) Александр
Тен. Бәсекелестік бізде бар, бірақ оны айтарлықтай деп бағалауға
болмайды – осы сұраққа нарықтың басқа да қатысушылары жауап берді.
Алматыда алғашқыжелілік компаниялар пайда болды. Жыл сайын
Алматыда мейрамханалық желілік брендтер мен компаниялар артып келеді, олар
екі немесе одан да көп орындарға басқарушы болып келеді. Алматы нарығында
көшбасшылар қатарында –ресейлік-қазақстандық РосИнтер Алматы БК,
Ассорти және Дастархан зақастандық компаниялары. Алғашқы екі ойыншы
аймақтық нарықтарға белсенді түрде шығады (мысалы, Ассорти өз
мекемелерін Қарағандыда, Өскеменде ашты, жақын арада Павлодар мен
Атырауда мейрамхана ашуды жоспарлап отыр), тағы да бірқатар
алматылық компаниялар (Cinzano, Медведь, Алаша, Корейский дом)
өздерінің мейрамханаларын Астанада ашты. Астана нарығы көптеген
алматылық мейрамхана компанияларының өкілдіктерін ашуға плацдарм болып
отыр. Нарықты сараптаушылар бұл тенденция өз жалғасын табады деп
болжауда және жақын арада ірі мейрамхана операторларының көбісі
жаппай Атырау нарығына енеді деп күтіледі. Осы жылдың басында біз
Атырау және Астана қалаларының нарығына неғұрлым динамикалық дамушы ретінде
ендік – дейді Рос-Интер компаниясы. Алматы қаласындағы, сонымен
қатар Астанадағы көптеген мейрамханалардың қызмет көрсету сапасын
Ізетті, бірақ қонаққа шынайы мархабатсыз деп бағалады РосИнтер
зерттеулері. Тен мырзакөбіне қызмет көрсету сапасына қатысты проблемалар
қызметкерлердің жиі ауысуына, мейрамханадығs даяшылар мен басқа да
жұмыскерлердің кәсіби дайындықтарының жоқтығына байланысты деді
(Еуропада даяшы болу үшін 2-3 жыл оқиды). Көбісі бұл жерде
менеджментке байланысты.
Көптеген қазақстандық мейрамханалара негізінен студенттер жұмыс
істейді, ал бұл олар үшін уақытша жұмыс. Проблемалар дашяларға ғана
қатысты емес, аспаздарға да қатысты. Әдетте барлық аспаздар бір
аспаздар, олар тек бір орыннан келесі орынға ауыса береді. Жаңа
орындар үсті-үстіне ашылуда, ал тиісті жұмыс істей алатын бас
аспаздар біршама аз, – дейді Афиша дәмханасының бас аспазы
Алексей Головин. Сондықтан соңғы бірнеше жылдар бойы ірі мейрамханалар
шет елдіктерді жұмыс істеуге жиі шақыруда. Бұл тіпті сән де емес,
тенденция да емес. Бұл, ең алдымен, өзіндікмамандардың тапшылығы.
Біз, әрине, шет елдік мектептердің тамыры терең және уақытпен
тексерілгендігін түсінеміз. Ал бізде тек соңғы бес жылдар шамасында
ғана аспаздар қандай да бір креативтік жаңашылдық идеялар ұсынуда,
дейді Қазақстанныңбас аспаздарының ұлттық ассоцияциясының президенті
Александр Трегубенко.
Дегенмен, соңғы уақытта қазақстандық мейрамханаларда жұмыс істейтін
шет елдіктерсаны азайып келеді, себебі, шет елдік мамандарға біздің
өнімдер мен менталитетке бейімделу күрделі. Мысалы, біздің халық
неғұрлым қуырылған етті қалайды, Еуропаға қарағанда – оларға біздің
өнімдермен жұмыс жасау қиын, біздің ет өнімдерімен жұмыс істеу де
оңай емес.
Қазақстандықтардың тұтынушылық ерекшеліктерінің ішінде –
мейрамханаға келушілердің арасында жасалатын таңдалардың ерекшеліктерінің
арасынан РосИнтер компаниясы мыналарды айтады – келушілердің көбісі
балыққа қарағанда етті таңдайды, кофеге қарағанда шайды көп ішеді,
сатылатын ішімдік сусындарының мөлшері Еуропаның
басқа елдеріне қарағанда мәзірдегі басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын қаржысының тұрақтылығын талдау
Онақ үй кәсібінің ішкі және сыртқы ортасы
Сыртқы ортаның сипаттамалары
Бақылаудың мақсаты мен оның аудиторлық тексерістің жалпы мақсаттарымен өзара байланысты
Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасын талдау
ҰЙЫМ РЕТІНДЕГІ КӘСІПОРНАНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ
Кредиттік оқу жүйесі
Маркетингтік орта жайлы
Қызмет көрсету саласындағы маркетинг
Кәсіпорын - шаруашылық жүргізу объектісі
Пәндер