Бақша, көкеніс дақылдары зиянкестері



I.Кіріспе
зиянкестері
II.Негізгі бөлім
1 Бақша Көкеніс дақылдары зиянкестері
III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер
Зиянкестер– адам мен жануарлар организмінде әр түрлі ауру қоздырғышын таратып, өсімдіктерді зақымдайтын жәндіктер мен жануарлар тобы. Зиянкестер адамға, малға, орман және ауыл шаруашылықтарына үлкен зиян келтіреді. Адам мен жануарлар зиянкестеріне, негізінен, паразиттер, түрлі жәндіктер (улы жыландар, улы өрмекшілер, қансорғыш жәндіктер, т.б.) жатады. Ауыл шаруашылығы зиянкестері – егістік пен табиғи өсімдіктерді зақымдап, түрлі аурулар таратады. Бұларға негізінен кемірушілер,бауыраяқты ұлулар, жұмыр құрттар (нематодтар), т.б. жатады. Мысалы, қырыққабатты – қырыққабат ақ көбелегі мен қырыққабат қара күйесі, асқабақты – ұсақ шыбындар, қызылшаны – қызылша бүргесі, баялды (баклажан) мен картопты – колорадо қоңызызақымдайды.
1.Агибаев А.Ж, Тулеева А.К «Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестері мен аурулардан қорғау» Алматы 2014,50-55 бет
2.Можаев Н.И., ӘріновҚ.К.,т.б. Өсімдік шаруашылығы.-Ақмола,1993.
3.Қ. Әріпов, А.Нағымтаев, М.Ысқақов,Н.Серікпаев,И. Жұмағұлов. Агрономия негіздері.-Астана.2007.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігіСемей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Бақша Көкеніс дақылдары зиянкестері

Орындаған:Гымңқазы Таңнұр
Тобы:АГ-413
Тексерген:Мұхамеджанова Орынгүл

Семей 2015 жыл
Жоспар:
I.Кіріспе
зиянкестері
II.Негізгі бөлім
1 Бақша Көкеніс дақылдары зиянкестері
III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер

Зиянкестер - адам мен жануарлар организмінде әр түрлі ауру қоздырғышын таратып, өсімдіктерді зақымдайтын жәндіктер мен жануарлар тобы. Зиянкестер адамға, малға, орман және ауыл шаруашылықтарына үлкен зиян келтіреді. Адам мен жануарлар зиянкестеріне, негізінен, паразиттер, түрлі жәндіктер (улы жыландар, улы өрмекшілер, қансорғыш жәндіктер, т.б.) жатады. Ауыл шаруашылығы зиянкестері - егістік пен табиғи өсімдіктерді зақымдап, түрлі аурулар таратады. Бұларға негізінен кемірушілер,бауыраяқты ұлулар, жұмыр құрттар (нематодтар), т.б. жатады. Мысалы, қырыққабатты - қырыққабат ақ көбелегі мен қырыққабат қара күйесі, асқабақты - ұсақ шыбындар, қызылшаны - қызылша бүргесі, баялды (баклажан) мен картопты - колорадо қоңызызақымдайды.
Жиі кездесетін түрлері: шаянтәрізділер, көп аяқтылар және өрмекшітәрізділер. Көптеген дақылдардың өнімдеріне үлкен зиян келтіретін көпқоректілер: шегірткелер, шілделіктер, күздік көбелек, шалғын көбелегі, шыртылдақ қоңыз, қара қоңыз, т.б. Зиянкестер - өздерінің биологиялық ерекшелігімен, түрлерінің көптігімен, өсімталдығының жоғарылығымен және өсіп-өну процесінің шапшаңдығымен ерекшеленеді. Зиянкестердің таралуы және олардың кешенді түрлерінің бірлестігі, бір егістікте қалыптасуы, қоршаған ортаның жағдайына және сол ортаға бейімделуіне байланысты.
Астық дақылдарының зиянкестері астық өнімдерін күзде тасығанда және қыста сақтау кезінде зақымдайды. Бұларға өрмекшітәрізділер (мысалы, астық кенесі, т.б.), қоңыздар (мысалы, астық қоңызы, астық тескіші, астық сүлікшесі, бізтұмсық қоңыздар, т.б.), көбелектер (мысалы, астық сұр көбелегі, дән қоңыр көбелегі, т.б.), құстар (мыс., көгершін, үй торғайы, т.б.) жатады.Кенелер, қоңыздар, көбелектер - арпа, бидай, сұлы, күріш, жүгері, т.б. дақылдардың жапырағын, сабағын зақымдап, дернәсілдері өсімдіктің дәнімен қоректенеді. Бұдан астық дақылдарының өнімі кемиді. Бал арасының Зиянкестері аралар мен олардың тіршілік өнімдерімен қоректенеді. Зиянкестердің ішіндегі ең қауіптісі - Varroa jacobson кенесі. Бұлар бал арасын жеп қояды. Бал арасының жыртқыштары (аражегіш, тағанақ, т.б. құстар) омартадағы жиналған балды ғана емес, бал арасымен де қоректенеді.
Өсімдік жемісі мен тұқымының зиянкестері - буынаяқтылардың үлкен бір тобы. Бұлар өсімдіктің гүл бүршігін, бүрін, тұқымын, дәнін жеп қоректенеді. Бұл топқа: жапырақ ширатқыш, қосқанаттылар (жапырақ шыбыны, галлицалар), жарғаққанаттылар, қоңыздар жатады. Зиянкестер жыл бойы жиналатын тұқымның жартысына жуығын жеп, шаруашылыққа 25 - 50%-ға дейін шығын келтіруі мүмкін.

Ақ көбелектер (қырыққабаттың және шалқанның)
Оңтүстік аймақта көбелектердің ұшуының басталуы наурыз айының басында тіркелді. Жаппай ұшуы, шағылысуы және жұмыртқа салуы наурыз айының бірінші онкүндігінен бастап байқалды. Қырыққабатта жұлдызқұрттарының тууы 25 сәуірден бастап 21 мамыр аралығында анықталды, 1 өсімдікке тығыздығы 0,1 жұлдызқұртты құрады. Мамыр айының аяғында және шілде айының басында жаңа ұрпақ көбелектерінің ұшуы байқалды. Үшінші ұрпақ көбелектерінің ұшуы шілде айының аяғында - тамыз айының ортасында тіркелді, саны 0,05-2 данаөсімдікке болды. төртінші ұрпақ көбелектерінің ұшуы қыркүйек айының басында анықталды. Өсімдікті зақымдау 2,5%-ға жетті. Қыркүйек айының екінші онкүндігінің соңында және үшінші онкүндікте зиянкес тегіс қыстауға кетті.
Солтүстік аймақта бірінші ұрпақ көбелегінің ұшуы созылмалы болды. көбелектер маусым айының бірінші онкүндігінде де кездесті. Қырыққабатта жұмыртқа салуы 6-12 маусымда, жұлдызқұрттарының тууы 12-15 маусым күндері тіркелді. Жұлдызқұрттарының саны 0,1-2,4 данаөсімдікке құрады. Өсімдікті зақымдауы 0,8-2,0%-ды құрады. Қуыршақтануының басталуы 29 маусымнан бастап 10 шілде аралығында тіркелді. Үшінші ұрпақ көбелектерінің ұшуы 8-13 тамызда анықталды. Үшінші ұрпақ жұлдызқұрттарының тууы 13-23 тамыз күндері тіркелді. Қырыққабатта жұлдызқұрттарының саны 0,3-тен 5,0 данаөсімдікке ауытқып отырды. Қуыршақтары 1-2 данам2 санымен өсімдік қалдықтарында қыстауға кетті.
Сәбіз шыбыны - Psila rosae L.(Diptera отряды,Psilidae тұқымдасы.)Шыбынның түсі қара,жылтыр,басы қоңықай қызыл,төбесінде қара ұшбұрышты дағы бар,мұртшалаоы мен аяқтары күрең қара түсті .Денесінің ұзындығы 4-5мм.Дернәсілдері жұқа,жылтыр қоңыр сары түсті.Денесінің ұзындығы 7мм.Дернәсілдері топырақтың жоғарғы қабатында пупарийлерде кейде көкеніс қоймаларында тамыр жемістерінде қыстайды.Шыбындардың ұшу мезгілі шетен мен алма ағашының гүлдеуімен сәйкес келеді.Ересек шыбындар гүлдеп келе жатқан шатыргүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің шырынымен қоректенеді.Аналық шыбын ұшып шыққан соң көп кешікпей жұмыртқа салуға кіріседі.Жұмыртқаның 10данадан және одан да көп мөлшерде топыраққа қоректік өсімдіктердің түбіне жақын жерге салады.Арада 4-17күн өткенсоң дернәсілдер жұмыртқадан шығып тамыр жемістің ішкі етті бөлігімен қоректенеді.Зақымданған өсімдіктердің жапырақтары қызғылт түске боялады,ал дернәсілдер көп болғанда жапырақтар тез сарғайып қурап қалады.Дернәсілдің өсіп жетілу мерзімі 20-25күн.Бұдан кейін дернәсілдер торырақта қуыршанақтанады да,15-20күннен кейін шыбынның екінші ұрпағы ұшып шығады.Олармен зақымданған сәбіз ащы ,пайдалануға дарамсыз болып қалады.Сақтау кезінде тез бұзылады.Сәбіз шыбыны бір жылда 1-2ұрпақ береді.

Күресу шаралары:Ауыспалы егістікті пайдалану.Арамшөптерді уақытылы отау және сәбіз өскіндерін сирету Топыраққа сапалы түрде жүргізілген өңдеу жұмысттары көктемде шыбындардың ұшып шығуын қиындатады.Сәбіз жер бетіне көктеп шыққанан кейін 2-3апта өткен соң әрқайсысы 10өсімдіктен құрайтын 10-12үлгі алынады.Бір өсімдікте 3-4тен көп жұмыртқа табылған жағдайда химиялық күресу шаралары қолданылады.Инсектицидтерді Тізім ... бойынша қолданылады.
Пияз шыбыны-Hylemyia antique Mg.(Dipteriaотряды, Muscidae тұқымдасы.)Шыбынның ұзындығы 5-7мм,түсі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көкеніс және бақша дақылдарының зиянкестері және қорғау шаралары
Көкеніс және бақша дақылдарының зиянкестері
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері туралы мәлімет
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері жайлы
Көкеніс және бақша дақылдарының зиянкестері жайлы ақпарат
Картоп және көкеніс зиянкестері
Картоп және көкеніс зиянкестері жайлы мәлімет
Картоп және көкеніс зиянкестері жайлы
Көкеніс және бақша дақылдарының зиянкестері жайлы
Пәндер