Өлшемдік типология



1. Типология
2. Кеуденің айналма өлшемі
3. Қолданылған әдебиеттер
Қазіргі таңда киім сапасының жоғары болуына, тұтынушылардың денесіне киімнің дұрыс қонуын жақсартуға үлкен мән берілуде. Тұрғындардың өлшем типологиясының тұтас және әртүрлі топтарын жасаудың халық шаруашылығында басты да маңызды мәселе екенін дәлелдеудің қажеті жоқ. Типология стандартты типтік фигуралар тізімін және халық арасында кездесу жиілігін жоғарғы дәлдікпен береді. Осы берілгендерді пайдалана отырып тауар өндірушілер тұтынушылар үшін қажетті өлшемдегі тауарларды өндіре алады.
1. Т.Н.Дунаевская, Е.Б.Коблякова, Г.С.Ивлева. Размерная типология населения с основами анатомии и морфологии. М., “Легкая индустрия”, 1973-232 с.
2. Ю.С.Куршакова. О вариабельности различных признаков и способах ее оценки. – “Вопросы антропологии”, 1965, вып.21, стр. 53-63.
3. М.М.Хамилова. Значение в эволюции определенной изменчивости. – ЖОБ, т.35, 1974, №5.
4. Ю.С. Куршакова, Т.Н. Дунаевская, П.И. Зенкевич, А.Л. Пурунджан, Е.В. Спиридонова. Проблема размерной антропологической стандартизации для конструирования одежды. М., “Легкая индустрия”, 1978-255 с.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министирлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырып: Өлшемдік типология

Орындаған:Сапархан А.О
Топ: ТК-223
Тексерген:Бауыржанова А.З

Семей қ. 2015 жыл

Жоспар
1. Типология
2. Кеуденің айналма өлшемі
3. Қолданылған әдебиеттер

Қазіргі таңда киім сапасының жоғары болуына, тұтынушылардың денесіне киімнің дұрыс қонуын жақсартуға үлкен мән берілуде. Тұрғындардың өлшем типологиясының тұтас және әртүрлі топтарын жасаудың халық шаруашылығында басты да маңызды мәселе екенін дәлелдеудің қажеті жоқ. Типология стандартты типтік фигуралар тізімін және халық арасында кездесу жиілігін жоғарғы дәлдікпен береді. Осы берілгендерді пайдалана отырып тауар өндірушілер тұтынушылар үшін қажетті өлшемдегі тауарларды өндіре алады.
Типтік фигуралардың кездесу жиілігін анықтауда қателіктерді болдырмау үшін, топтарға жіктеп қарайды. Типтік фигуралардың кездесу жиілігін анықтауға ауытқу шамасы таңдау өлшеміне тәуелді, ары қарай осы шамаға байланысты есептер жүргізіледі.
Дене өлшемінің ауытқуы жоғары екені бәріне де белгілі. Алайда, типологияға үлкен шамадағы типтік фигураларды ендіретін болса (әйелдер үшін 500, ерлер үшін 300) тұрғындардың типтік өлшемдер жүйесін жасауға болады, мұны көп ұлтты елдерде, сонымен қатар бір мезетте бірнеше елдерде пайдалануға болады. Типтік фигуралардың оптимальды параметрлері жасына, ұлттық, аймақтық және кәсіби ерекшеліктеріне байланысты әр топтарда өзгеше болуы мүмкін.
Жасына байланысты ерекшеліктер
Тұрғындардың жасына байланысты біріктірілген топтарындағы тұлғалық ерекшеліктер тек қана жасына ғана байланысты болады деген қате түсінік. Жасына байланысты болатын өзгерістер өмір сүру деңгейінің өзгеруіне де тәуелді, өйткені әр ұрпақ өмірдің ұдайы өзгерістеріне байланысты елеулі өзгеріске ұшырайды.
Жас ерекшелігіне байланысты өлшемдерге талдау жасағанда, басты назар тұлғаны анықтайтын өлшемдерге аударылады. Мұнда тұлға дененің жоғарғы бөлігінің алдыңғы және артқы доғаларының қатынасымен түсіндіріледі. өйткені, дәлелденгендей еңкіштік артқан сайын алдыңғы доға қысқарып, артқы доға ұзарады.
Жас ұлғайған сайын еңкіштік те арта түседі және көбінесе барлық өлшемдерінің кішірейе бастағаны байқалады.
Кіші жас топтарында, мәліметтерге сүйенсек, иық диаметрі енді, бөксе ені кіші болады.
Сүйектердің өсуі ішкі факторлардың әсер етуімен бірге, өмір сүру деңгейіне байланысты. Ішкі факторлар бойдың өсу барысына және оның қарқындылығына әсер етеді, ол өмір сүру деңгейі осы бағдарламаның дұрыс қалыпта өтуін қадағалайды. Үлкен адам денесі қаңқасының соңғы өлшемі өсу барысындағы ішкі және сыртқы факторлардың әсерінің нәтижесі.
Бірақ, қолайлы ішкі факторлар болса да, қаңқаның жеке бөліктерінің өсуі әр жас кезеңінде әртүрлі болады, сондықтан өмір сүру деңгейінің жақсы немесе нашар болуының әсері әр жас кезеңінде әрқилы. Ең сезімтал жас, жыныстық дамуға әсер ететін, балалардың бойының қарқынды өсуіне қажет ететін кезең.
Кәсібіне байланысты ерекшеліктер
Кәсіби топтардың дене құрылысындағы ерекшелік кәсіби таңдауға, мамандықтың әсеріне, топтың жастық құрамына байланысты.Мұнда мамандығына байланысты топтарға жіктеп қарайды. Мысалы, спортпен тұрақты және кәсіби түрде айналысатын адамдардың дене бітімі ірілеу болады. Әрине, мұнда спорттың түріне, саласына тәуелді. Ой жұмысымен айналысатын мамандарда бұл параметрлер төмені әрі еңкіштік басым болады.
Ауыр өнеркәсіпте жұмыс атқаратын жұмысшыларда бойдың және жеке бөліктерінің ұзындығы көп жағдайда төмендеу болады.
Ұлтына, тұрғылықты жеріне тәуелді ерекшеліктер
Ұлтына байланысты ерекшеленетін топтар тұқым қуалаушылық факторларына тәуелді, алайда мұны өмір сүру деңгейінен бөліп қарауға болмайды. Өйткені ұрпақтың өсуі мен даму дәрежесі өмір сүру деңгейіне тікелей байланысты. Өмір сүру деңгейі қоршаған ортаға (географиялық факторлар), сонымен бірге уақытқа тәуелді әсер етеді (ғасырлық өзгерістер), сондықтан ұлттық топтар арасындағы айырмашылықты сипаттағанда өмір сүретін аймағына және уақытына назар аударады.
Қазақтарда бастың айналма өлшемі, жалпы топтағылармен салыстырғанда 1,2 см-ге үлкен. Дене пропорциясында да айырмашылықтар бар. Аяқтың ұзындығы, басқа топтағылармен салыстырғанда қысқа, қолдың барлық бөліктерінің де ұзындығы қысқа, дененің жоғары бөлігінің ұзындығы, бөксенің диаметрі орташа шамадан үлкен. Иық ені және бөксе ұзындығы шамасы жалпы топтағы шамадан айырмашылығы жоқ. Қазақтар салыстырмалы түрде еңкіштеу болып келеді.
Қырғыздардың басының өлшемі қазақтарға ұқсас болады. Білектің айналма өлшемінің шамасы жоғары. Қырғыздарда иықтың айналма өлшемінің шамасы кіші, дененің жоғарғы бөлігі үлкен, бөксенің, балтырдың, иықтың ұзындығы қысқа. Басқа топтағылармен салыстырғанда қырғыздардың жауырынды есепке ала отырып өлшегендерді арқаның белге дейінгі ұзындығының шамасы үлкен.
Өзбектердің денесінің жоғарғы бөлігі салыстырмалы түрде ұзын, бөксе ұзындығы қысқа, иық ұзындығы қысқа, еңкіштеу, бөксенің айналма өлшемінің шамасы кіші болады.
Орыстар, татарлар, украиндықтар жалпы топтан өзгешеленбейді.
Белорустардың иық ұзындығы үлкендеу, бөксенің айналма өлшемінің шамасы кішілеу болады.
Азербайжандарда жалпы топпен салыстырғанда бөксенің айналма өлшемінің шамасы үлкен, дененің жоғарғы бөлігі ұзындау, бөксенің ұзындығы қысқалау болады.
Грузиндерде мойынның айналма өлшемінің шамасы үлкен, қол айналма өлшемі, балтыр, бөксенің айналма өлшемдері жалпы топпен салыстырғанда едәуір жоғары болады.
Бұдан басқа адам денесінің сырт пішінін сипаттайтын өлшем белгілерге өмір жатқан аймақтың географиялық жағдайы да әсер етеді. Мысалы, экологиялық зиянды деген аймақтарда адам денесінің өсуіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлшемдік антропологиялық стандарттар
Адам денесінің сыртқы көрінісінің сипаттамасы
Тілдер типологиясының негізгі ұғымдары
Оқу жүйесінде пәндерді кіріктіре оқытудың мәселелері
Соматикалық фразеологизмдер
Тілдердің типологиялық тұрғыдан топтастырылуы
Тілдердің классификациясы
Әйелдер блузка мен белдемшенің сызбасы
Қаланың функционалдық-экономикалық құрлымы туралы ұғым
АҒЫЛШЫН ТІЛІ ГРАММАТИКАСЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Пәндер