Көркем бейненің танымдық және эстетикалық мәні



Кіріспе
І. Көркем бейне жайлы ұғым және оның жасалуы
ІІ. Көркем бейненің түрлері және ерекшеліктері
ІII. Көркем бейненің танымдық эстетикалық мәні
Қорытынды
Қолданылған сілтемелер
Әдебиет әлемінде көркем бейненің алатын орны зор екені айтпасада түсінікті. Әдеби туынды бейнесіз өмір сүре алмайды. Әдебиеттану ғылымында көркем бейне жайлы, оның түрлері мен жасалу жолдары жете қарастырылады. Осы жұмыс әдебиеттегі көркем бейненің түрлері мен жасалу жолдары жайлы біраз мағлұматтарды қамтиды. Бұл мағлұматтар негізінен кейбір авторлардың ой-пікірінен тұрады. Сондықтан да жұмыстың соңында оларға нақты сілтемені міндетті түрде беретін боламыз. Алғашқы бөлімде көркем бейне жайлы сөз қозғалып, кейбір мысалдар келтіріледі. Жұмыстың екінші бөлімінде көркем бейненің нақты түрлеріне тоқталатын боламыз. Үшінші бөлімде көркем бейненің танымдық және эстетикалық тұстарын айтып өтеміз.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ БАЯНДАМА Тақырыбы: Көркем бейненің танымдық және эстетикалық мәні Орындаған: Табулдин Мерейнұр Тобы: ПД-305 Тексерген: Секей Ж.С. СЕМЕЙ - 2015 ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ: Кіріспе І. Көркем бейне жайлы ұғым және оның жасалуы ІІ. Көркем бейненің түрлері және ерекшеліктері ІII. Көркем бейненің танымдық-эстетикалық мәні Қорытынды Қолданылғ ан сілтемелер КІРІСПЕ Әдебиет әлемінде көркем бейненің алатын орны зор екені айтпасада түсінікті. Әдеби туынды бейнесіз өмір сүре алмайды. Әдебиеттану ғылымында көркем бейне жайлы, оның түрлері мен жасалу жолдары жете қарастырылады. Осы жұмыс әдебиеттегі көркем бейненің түрлері мен жасалу жолдары жайлы біраз мағлұматтарды қамтиды. Бұл мағлұматтар негізінен кейбір авторлардың ой-пікірінен тұрады. Сондықтан да жұмыстың соңында оларға нақты сілтемені міндетті түрде беретін боламыз. Алғашқы бөлімде көркем бейне жайлы сөз қозғалып, кейбір мысалдар келтіріледі. Жұмыстың екінші бөлімінде көркем бейненің нақты түрлеріне тоқталатын боламыз. Үшінші бөлімде көркем бейненің танымдық және эстетикалық тұстарын айтып өтеміз. І. Көркем бейне жайлы ұғым және оның жасалуы Баяғы Аристотель заманынан күні бүгінге дейін адамнан және оның өмірінен тыс ешқандай сөз өнерінің де, өнер туындысының да болмайтыны дәлелденуде, бұл-дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Өйткені, өнер туындысының бәріне ортақ мазмұн-адамның ойы, арманы, мұраты, құштарлығы; өнер туындысының қай түрі болсын, әрқайсысы өз мүмкіндігінше өмірдегі, қоғамдағы адам тіршілігінің мәні мен маңызын суреттейді. Әдебиет туралы жалпы түсініктердің бәрінің келіп құйылар арнасы, әдебиет туралы ғылымының ең басты және негізгі мәселесі - образ және образдылық. Әдебиеттегі адам бейнесін жасаудың шешуші шарты-ойдан шығару. Ойдан шығару-образға апаратын жол; суреткердің өмірде көрген білгенін ойша өңдеудің, қорытудың, жинақтаудың тәсілі. Ойдан шығару арқылы жазушы болашақ көркем бейненің эстизін алдымен өзі ойша жасап, көз алдына ойша елестетеді. Суреткердің (көз алдына) өз ойында нақты түрде мүсінделмеген, көз алдына затты түрде елес бермеген бейне оның шығармасында тірі қаһарманға айналуы мүмкін емес. Көркем таланттың айрықша құпиясы мен күйі суреткердің өз жасамақ болған көркем бейненің кескін-кейпін түр-тұлғасын өзінше көре білу қабілетіне осыған орай қиял құпиясына ойдан шығара білу күшіне байланысты. Сонымен творчестволық фантазия яғни ойдан шығару шығармада суреттелр шындықтан шалғай жатқан оқыс нәрсе емес сол шындықты сұрыптау саралау тәсілі: шындыққа суарылған адам тұлғасын әрі жинақтау әрі даралау тәсілі образға апарар жол осылай басталады. Образдың қазақшасы-көркем бейне ең қарапайым мағынасында образ-суреттеу сөз. Көркем әдебиеттің оқыған адамды баурап алар, оның жан дүниесіне әсер етер құдіретті күші оның образдылығына байланысты. Мысалы:
Күлімсіреп аспан тұр,
Жерге ойлатып әр нені. (Абай)
Елсіз жер...еңіреген інген інгенде күй.
Селеулер жел оятқан билеген би.
Аулақта қорқақ қоян зар тыңдаған,
Тұқырып қала берген шеңгел мен ши. (І.Жансүгіров)
Суреткердің шеберлігінің арқасында жансыз табиғатқа жат бітіп тұрғандай. Әдебиеттегі деталь-суреткердің шабытты еңбегінің нәтижесі, аса сирек ұшырасатын сәтті табысы. Мұнда аз ғана сөз айқын суретке айналады да, шалқар шындықты танытады, көл-көсір мағынаға ие болады, сол арқылы оқырманды қызық сезімге бөлеп, қызықтыра жетелеп әкетеді. Детальдың басты бағалылығы-дәлдігінде. Дәлдік дегеніміз-шындыққа жанасымдылық. Демек, сөзбен суреттеліп отырған бейне тура тірі жандай әсер етіп, оқып отырған шығарма енжар қалдырмай еліктіріп алса, детальдың дәлдігі дегеніміз оыс. Қағаз бетіндегі қарапайым сөздерді сырлы суретке айналдырар, сол арқылы суреттеліп отырған құбылысқа эмоциялық жылылық, эстетикалық күш дарытар деталь дегеніміз осындай болады. Адамның ішкі тұңғиық тереңін, адам психологиясының көзге ілінбес нәзік қалтарыстарын, адамға тән құштарлық қиын құпиясын жарқ еткізіп ашып, көз алдыңа елестету-кез келген суреткердің қолынан келмейді. Әдебиеттегі адамның ішкі болмысы тек мінездеу, я болмаса күйініш-сүйінішін суреттеу жолымен ғана жасалмайды, оның өзін сөйлету арқылы да танытуға болады. Өйткені, әркімнің сөйлеген сөзінен оның бүкіл ішкі жан сарайы, өзіне тән психологиялық өзгешелігі-ақылы, ойы, сезімі, ұғымы, нанымы, танымы, білімі, мәдениеті т.б. анық байқалады. Образдың жасалу тәсілдеріне лайық образдаудың түрлері туады. Образдаың жасалу тәсілдерінің әр алуандығы сияқты, оның түрлері де әр алуан. Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі: роматикалық образ, реалистік образ. Әдеби тек тұрғысынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық образ, драмалық образ. Ал жалпы жасалу тәсілдеріне бақсақ, образ тағы да бірнеше түрді болады: юморлық образ, сатиралық образ, фантастикалық образ, трагедиялық образ. Геройлық образ т.б.Осы обейнелерге төменде тоқталып өтеміз ІІ.Көркем бейненің түрлері және ерекшеліктері Эпикалық образ-әрі нақты, әрі затты тұлға, кәдімгі тірі кісідей сөзін құлақпен естуге, мінезін ұғуға, қимылын бақылауға болатын, бүкіл өмір жолын бар бұралаңымен байққауға, өскен ортасын барлық ойы-қырымен байыптауға болатын күрделі, кесек қаһарман. Лирикалық образ-сыршыл өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі; оның ішкі бітімі; ақынның мың иірім көңіл-күйінен нәзік сыры мен салқын сезімін өріліп жасалған өзгеше кейіпкер. Эпикалық образ нақты болса, лирикалық образ-шартты. Драмалық образ-өмірдің өз аясында-сахнада көзбе-көз, қолма-қол жасалатын көркем бейне. Драмалық образдың эстетикалық және тәрбиелік мәні орасан үлкен, әрі күшті. Драмалық образдың эстетикалық және тәрбиелік мәні орасан үлкен, әрі күшті. Драмалық образ оймен қатар іске, сезіммен бірге қимылға құрылады. Қазақ әдебиетінің тарихына үңілсек, баяғы Қожанасырдың күні кешегі Мырқымбайға дейін талай юморлық тамаша образдарды атауға болады. Мұндай образдар арқылы суреттеп отырған өміршындығын жинақтайды, адам мінезін ашады, әдеби бейнені даралайды. Сонымен қатар мұндай жағдайда күлкі оқырманға айрықша әдемі әсер етеді, көркем шығармаға өзгеше эмоциялық жылылық әкеледі, жайдары шырай береді. Адам өмірінен күлкіні бөлуге болмайтыны секілді, әдебиет пен өнерден юмор мен сатираны да бөлуге болмайды. Фантастикалық образ-қиялдан туған қаһарман, адамның ақиқатқа ұқсас арманында бедерленген бейне: әдебиеттегі адам образының бағзы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем бейненің танымдық, эстетикалық мәні жайлы
Көркем бейненің танымдық, эстетикалық мәні туралы
Элджернонға арналған гүл романындағы кейіпкер бейнесінің ерекшелігі
Көркем туындыдағы адам тұлғасы
Көркем бейненің танымдық, эстетикалық мәні жайлы мәлімет
Көркем бейненің танымдық, эстетикалық мәні
Көркем прозадағы деректілік және психологизм
Натюрморт жанрының көркемдік ерекшеліктері
Дүниенің поэтикалық бейнесі лингвоконцептуалдық талдау (ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы ақын-жыраулар поэтикасы бойынша)
Бастауыш сатыда оқушыларды эстетикалық тәрбиелеудің теориялық негіздері
Пәндер