Өндіріс орындарын желдету әдістері туралы ақпарат



Кіріспе 3
1 Өндіріс орындарын желдету әдістері 4
1.1 Өндірістегі желдеткіш туралы түсінік 4
1.2 Жалпы алмасатын желдеткіш туралы ұғым 5
1.3 Желдеткіш жүйелерінің негізгі теориялары 6
1.4 Химия өндірісіндегі техникалық әдістердің зияндығын сипаттау 7
1.5 Өндірістік мекеменің ауа алмасуының есеп қағидасы 9
Қорытынды 11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 12
Желдетудің бірнеше міндеті бар. Адамдардың және жануарлардың тіршілік әрекеті өндірістік процестер, жылу, зиянды газдар, бу және шаңдар бөлінумен қатар жүреді және уақыт өте келе бөлменің ауасын тыныс алу үшін жарамсыз етеді. Тұрғын және азаматтық ғимараттар үшін қарапайым және көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Жануарлар, мал шаруашылығы кешендерінде жоғары айтылған бөлінулерге аммиак қосылады.
Өндірістік ғимараттар ауасына бөлінетін зиянды заттар көптеген қосылыстардан тұрады. Олардың ішінде радиоактивті аэрозольдар, концерогенді заттар, жарылысқа қауіпті гадар мен булар, сонымен қатар тері мен ағзаның шырышты қабатына әсер ететін түрлі қосылыстар.Желдетудің негізгі міндеті өндірістік бөлмеде адамның болуы үшін және заттардың жұмыс істеуі үшін, технологиялық қолайлы ауа үшін ұстап тұру. Мысалы, тоқыма фабрикаларының жіп иіретін цехтарында ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100 пайыз деңгейде ұстап тұру керек, жеміс жидек сақтайтын сақтау камераларында 0.1-0.2 градус целисий ұстап тұру керек.
Адамдарға әсер ететін зиянды заттар кәсіптік деп аталатын аурулар тудырады. Олардың басты себебі жұмыс орнындағы қолайсыз жағдайлар болып табылады. Көбінесе бұл аурулар кәдімгі аурулар болып табылады (бронхит, т.б.). Кәсіптік аурулардың ішіндегі кең тарағаны пневмоканиоздар, бұл өкпеде шаңның жиналап қалу салдарынан пайда болады. Пневмоканиозды әсер етеін шаңның түріне қарай ажыратады, яғни силикоз, асбестоз. Олардың байқалу белгілері жөтел, күрт әлсіздік, тері жамылғысының сұрғылттануы, осылардың күшеюі ракқа әкеліп соқтырады.
1 Ж. К. Аманжолов. «Охрана труда и техника безопасности» Астана.2007г.
2 М.Б. Базаршин «Еңбек қорғау пәнінен студенттерге арналған қысқаша дәрістер» Семей 1994.
3 «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша ЖОО студенттеріне арналған Оқу құралы. Қ Р. Төтенше жағдайлар министрлігі. А Қ және Т Ж Республикалық курстары. Алматы. 2007 ж

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік-технологиялық факультеті
Техникалық физика және жылуэнергетика кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Өндіріс орындарын желдету әдістері

Орындаған: Дүйсенбекова А.А
Топ: ТФ-205
Тексерген: Жуманова Г.Т

Семей 2015

Мазмұны
Кіріспе 3
1 Өндіріс орындарын желдету әдістері 4
1.1 Өндірістегі желдеткіш туралы түсінік 4
1.2 Жалпы алмасатын желдеткіш туралы ұғым 5
1.3 Желдеткіш жүйелерінің негізгі теориялары 6
1.4 Химия өндірісіндегі техникалық әдістердің зияндығын сипаттау 7
1.5 Өндірістік мекеменің ауа алмасуының есеп қағидасы 9
Қорытынды 11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 12

Кіріспе
Желдетудің бірнеше міндеті бар. Адамдардың және жануарлардың тіршілік әрекеті өндірістік процестер, жылу, зиянды газдар, бу және шаңдар бөлінумен қатар жүреді және уақыт өте келе бөлменің ауасын тыныс алу үшін жарамсыз етеді. Тұрғын және азаматтық ғимараттар үшін қарапайым және көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Жануарлар, мал шаруашылығы кешендерінде жоғары айтылған бөлінулерге аммиак қосылады.
Өндірістік ғимараттар ауасына бөлінетін зиянды заттар көптеген қосылыстардан тұрады. Олардың ішінде радиоактивті аэрозольдар, концерогенді заттар, жарылысқа қауіпті гадар мен булар, сонымен қатар тері мен ағзаның шырышты қабатына әсер ететін түрлі қосылыстар.Желдетудің негізгі міндеті өндірістік бөлмеде адамның болуы үшін және заттардың жұмыс істеуі үшін, технологиялық қолайлы ауа үшін ұстап тұру. Мысалы, тоқыма фабрикаларының жіп иіретін цехтарында ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100 пайыз деңгейде ұстап тұру керек, жеміс жидек сақтайтын сақтау камераларында 0.1-0.2 градус целисий ұстап тұру керек.
Адамдарға әсер ететін зиянды заттар кәсіптік деп аталатын аурулар тудырады. Олардың басты себебі жұмыс орнындағы қолайсыз жағдайлар болып табылады. Көбінесе бұл аурулар кәдімгі аурулар болып табылады (бронхит, т.б.). Кәсіптік аурулардың ішіндегі кең тарағаны пневмоканиоздар, бұл өкпеде шаңның жиналап қалу салдарынан пайда болады. Пневмоканиозды әсер етеін шаңның түріне қарай ажыратады, яғни силикоз, асбестоз. Олардың байқалу белгілері жөтел, күрт әлсіздік, тері жамылғысының сұрғылттануы, осылардың күшеюі ракқа әкеліп соқтырады.

1 Өндіріс орындарын желдету әдістері

1.1 Өндірістегі желдеткіш туралы түсінік
Желдеткіш (латынша: ventіlatіo -- желдету) -- өндіріс орындарын желдетуде, аэроқоспалардықұбырмен тасымалдауда, т.б. ауаны немесе басқа газдарды қозғалысқа түсіріп орнын ауыстыру үшін олардың артық қысымын (әдетте, 0,15 Мпа-ға дейін) тудыратын қондырғы. Олар үймереттерді және шахталарды желдетуге, қазан және пеш агрегаттарына ауа жіберуге не олардан түтін мен зиянды газдарды сорып тысқа шығаруға, материалдарды кептіруге, машина бөлшектері мен механизмдерін салқындатуға, сусымалы және талшықты материалдарды пневматикалық жолмен тасымалдауға, бірқатар технологиялық процестерді атқаруға, машина радиаторлары мен конденсаторын салқындатуға, т.б. қолданылады.
Өндірістік желдеткіш -- бөлмелерді желдету кезінде немесе аэроқоспаларды құбырлар арқылы тасымалдау үшін ауаны немесе басқа газды шамадан тыс қысымдайтын құрылғы.
Өнеркәсіптік желдеткіштердің стол үстіне қойылатын және аспалы желдеткіш түрлері кеңінен тараған. өшатын аппараттарда желдеткіштер тарту күшін тудыратын құрал ретінде (көтергіш желдеткіштер, турбореактивтік екі контурлы қозғалтқыш желдеткіштері,желдеткіш -- фенестрон) пайдаланылады. Желдеткіштер қуаттылығына қарай Вольттың үлестерінен (тұрмыстық желдеткіштер) мыңдаған кВт-қа (өнеркәсіптік желдеткіштер) дейінгі желдеткіштер, ал құрылымына байланысты -- центрден тепкіш желдеткіш және осьтік желдеткіш болып ажыратылады. Желдеткіштер, негізінен, қозғалтқышпен белдікті беріліс арқылы немесе тікелей серіппелі муфта көмегімен әрекетке келтіріледі. Кішігірім желдеткіштердің қалақшалы дөңгелегі тікелей қозғалтқыштың білігіне бекітіледі, ал ірі желдеткіштер сору жылдамдығын реттегіш және діріл бәсеңдеткіш құрылғылармен жабдықталады.
XIX ғасырдың басында желдету жүйесінің алғашқы даму сатылары калыптаса бастады. Академик Э. X. Ленд ғимаратты желдету механикалық жолдармен іске асатынын атап өтті. Центрден тепкіш желдеткіштердің шығуы арқасында желдету жүйесінің дамуы кең етек ала бастады. Аталған желдеткіш түрін 1832 жылы А. А. Саблуков ойлап тапқан болатын. 1835 жылы центрден тепкіш желдеткішті Алтайдағы Шағыр кенішінде пайдалана бастаған. Саблуков бұл желдеткіш арқылы түрлі кемелерді, ғимараттарды желдетуді ұсынған. Вентиляцияның дамуына өзіндік үлесін қосқан ғалымдардан В. М. Чаплинді де атап өтуге болады.
Бөлмелерде санитарлық -- гигиеналық және технологиялық талаптарды қанағаттандыратын ауа ортасының қалыпты параметрлерін қолдау үшін желтдеткішті орнатады. Желдеткіш - технологиялық үрдістің тиесілі өтуі немесе адам ыңғайының тұрғысынан ауа ортасының қажетті күйік бөлмеде ұстану үшін, бөлмеде есепті ауаалмасуды қамтитын ұйымдастыру шаралары мен техникалық құрылғылар байланысы.
Қазіргі уақытта еңбекті қорғау мен жағдайларын жақсарту, оның ғылыми ұйымдастырылуы, еңбек етушілер денсаулығын сақтау мәселелері өте өзекті. Мәнді назар сондай-ақ ауа қауызын сақтауға да бөлінеді. Бұл мәселереді желдету жүйесінің тиімді жұмысынсыз шешу мүмкін емес.
Өндірістін ғимараттарда желдету жүйелері арнайы ерекшеліктерге ие. Өндірістік желдету жобасын орныдаудың негізгі мәселесі - еңбек шарттарын жақсартуға, оның өндірушілігі мен шығарылатын өнім сапасының жоғарылауына, кадрлар ағысының төмендеуіне, өндірістін жарақаттану мен кәсіби аурулардың төмендеуіне көмектесетін желдету жүйелерінің әсерлі тиімді жұмысын қамту, өндірітіп аурулардан қоршаған ортаны қорғау. Жүйе жұмысының тиімділігі көбінесе инженерлік есептеулерді толтырудың дұрыстығына, жаңа жабдықтарды, автоматтандыру құралдарын, қолдану шарттарын пайдалануға байланысты.

1.2 Жалпы алмасатын желдеткіш туралы ұғым
Желдету (татынша: ventіlatіo -- желдету) -- үй бөлмелерінде, өндіріс орындарында, т.б. реттеулі ауа алмастыруға, адам денсаулығына қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ технологиялық процестердің талаптарына сай құрал-жабдықтар мен құрылыстық құрылымдарды, материалдарды, азық-түлікті, т.б. сақтауға арналған шаралар жүйесі.
Желдету ағындата желдету, сора желдету, ағындата-сора желдету, жалпылай алмастыра желдету және жергілікті желдету болып бөлінеді. Ағындата желдету ішке тек таза ауа беруді қамтамасыз етеді. Ал ауаны тысқа шығару іштегі қысымның артуына байланысты саңылаулардан, есіктің ашылып-жабылуы кезінде іске асады. Сора желдету желдетілетін бөлмедегі ауаны әкету үшін қолданылады. Бұл жағдайда бөлмедегі ауа қысымы кемиді де, есіктен және саңылаудан таза ауа кіреді. Ағындата-сора желдетуде таза ауаның енуі мен лас ауаның әкетілуі бір мезгілде қатар жүреді. Бұл әдіс ауа алмасуы үнемі қарқынды жүрген кезде ғана тиімді.
Жалпылай алмастыра желдету бөлмеде бөлінетін шектен тыс зиянды заттардың, жылу мен будың таза ауамен залалсыз шекке дейін араласуына негізделген. Ал жергілікті желдетуде зиянды заттар (газ, бу, т.б.) олардың пайда болатын жерлерінен сору құралдары арқылы тысқа шығарылады. Бұл әдіс шектеулі кеңістікте ғана қолайлы ауа ортасын тудыра алады. Желдету үйдің және сыртқы температураларының айырмашылығы мен желдің әсерінен (мысалы, үймерет аэрациясы) болатын табиғи желдету және механикалы әсер ету арқылы (ауа желдеткіштер арқылы қозғалысқа түсіріледі) атқарылатын механикалық желдету болып ажыратылады.
Ауа алмастыруды қамтамасыз ететін техникалық құрал-жабдықтар жиынтығы да желдету деп аталады. Сырттан сорылып алынатын ауаны шаң-тозаңнан тазарту үшін желдету жүйелеріне ауа сүзгілер орнатылады, ал тысқа шығарылатын ауа шаң тұтқыштар -- абсорбер және адсорберлер арқылы тазартылады.
Табиғи жолмен желдету -- ашық терезелер немесе люктар арқылы ауаның еркін алмасуымен қамтамасыз етілетін желдету.
Картерді жабық түрде желдету -- қозғауыш цилиндрларына ауа сүзгісі арқылы картерлік газдарды сорып алуды қамтамасыз ететін желдету.
Картерді ашық түрде желдету - атмосферадағы эжекциялық түтік арқылы қартерлік газдарды сорып алуды қамтамасыз ететін желдеткіш
Жанармай багін (сауытын) желдету - жанармайдың ең жеңіл фракцияларының булануын азайту және сиретілудің пайда болуын болдырмау мақсатымен автомобильдің бензин құятын багінің (сауытының) ішкі куысын атмосферамен қосатын желдету жүйесі.

1.3 Желдеткіш жүйелерінің негізгі теориялары
Желдеткіш (латынша: ventilation - желдету) - өндіріс орындарын желдетуге, аэроқоспаларды құбырмен тасымалдауға, т.б. ауаны немесе басқа газдарды қозғалысқа түсіріп орнын ауыстыру үшін олардың артық қысымын тудыратын қондырғы.
Аэрация -- құрамындағы органикалық заттарды жылдам тотықтыру үшін әртүрлі орталардың ауамен жасанды қанығуы;
Ауамен себезгілеу -- үй-жайға салқын ауаның, газдың, будың, шаңның түсуінің алдын алуға арналған жергілікті желдеткіш;
Зиянды заттар -- Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы санитариялық талаптарға сәйкес ауадағы рұқсат етілген шекті шоғырланудан асатын, адамның организміне теріс әсер ететін заттар;
Зиянды өндірістік фактор -- қызметкерге әсері ауруға немесе еңбек қабілетін төмендетуге және (немесе) ұрпағының денсаулығына теріс әсер етуге алып келуі мүмкін өндірістік фактор;
Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар -- технологиялық жабдықты пайдаланатын және адамдардың еңбегі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірістері орналастырылған өндірістік объектілер;
Объектінің қауіптілік сыныбы -- қуатына, пайдалану жағдайына, қоршаған ортаға бөлінетін ластайтын заттардың сипатына және мөлшеріне, қоршаған ортаға және адамның денсаулығына қолайсыз әсер ететін шуға, дірілге, иондамайтын сәулеленуге байланысты белгіленетін, кейіннен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бере отырып, қызметтің осы түрін жүзеге асыратын жобалау ұйымы анықтайтын объектінің санаты;
Өндірістік объект -- адамның денсаулығы мен өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып табылатын үдерістерді, жабдықтарды және технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын өнім шығарумен, жұмысты орындаумен және қызмет көрсетумен байланысты шаруашылық қызметінің объектісі;
Рециркуляция -- температураны және қоспалардағы компоненттердің шоғырлануын реттеу мақсатында технологиялық үдеріске газдар, сұйық және қатты заттар ағымының көп мәрте, толық немесе ішінара қайтуы;
Экрандалған үй-жайлар -- радиоаппаратураны пайдалану, монтаждау, жөндеу және сынау кезінде, әртүрлі жоғары вольтты қондырғылар мен генераторлар тудыратын электромагниттік өрістерді (бұдан әрі -- ЭМӨ) орналастыру кезінде қызмет көрсететін персоналды электромагниттік өрістің әсерінен қорғау, қабылдаушы құрылғылар мен арнайы өлшеу, есептеу және басқа да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері туралы
Өндіріс орындарын желдету әдістері
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері.Кәсіби ауру себептері.Өндіріс орындарын желдету әдістері.Желдетуді есептеу тәсілдері
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері туралы ақпарат
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері жайлы
Өмір қауіпсіздігі және өндірістік орта. Қауіпті және зиянды факторлардың классификациясы
Өндірістік жарақаттарды сараптау әдістері
Өндіріс орындарын желдету әдістері жайлы мәлімет
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері.Кәсіби аурулар себебтері. Өндіріс орындарын желдету әдістері. Желдетуді есептеу тәсілдері
Пәндер