Шығармашыл тұлға – біртұтас жүйе



Қазіргі таңдағы әлеуметтік, экономикалық талап – тілектерге сай рухани бай, білімді, шығармашыл тұлға тәрбиелеу қажеттігі ерекше туындап тұр.
Өмір талабына сай тұлға тәрбиелеудің ерекшелігі оның үздіксіз жүргізілу қажеттілігінде. Тұлғаның шығармашылығын дамыту адамның кішкентай кезінен басап есейген кезіне дейін жүреді. Үздіксіз білім беру жүйесіне рухани бай, жоғары мәдениетті және мәдени құндылықттарды бағалай алатын тұлға қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік институттар ену керек.
Адам тұлға болып умайды, қалыптасады. Адамның дамуы – ішкі және сыртқы жағдайлардың әсерлерімен қалыптасатын күрделі, ұзақ мерзімді, қарама – қайшылықты үрдіс. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үш факторға: тегі, ортасы және тәрбиесіне тығыз байланысты. Өзін қоршаған ортамен қатынасы арқылы адамның табиғи мәні ашылып, жаңа қасиеттері қалыптасады. Тәрбиенің сапасы тәрбиешінің тәрбие жұмысын мақсатты, жүйелі, кәсіби шеберлікпен жүргізүіне байланысты. Адам әлеуметтік жүйеде тәрбиеленіп, дамиды, қоғамда болып жатқан іс - әрекеттерге көзқарасы қалыптасады, нығаяды. Тұлға – біртұтас жүйе. Біртұтас жүйе ретінде адам өзін - өзі дамытып отырады. Педагогиканың негізгі мақсаттарының бірі – тұлғаны біртұтас жүйе ретінде тәрбиелеу. Тұлға – сана иесі. Шығармашыл адам – жасампаз тұлға. Өзін, айналасын, қоғамды жаңартып отырады.
К.Платонов тұлғаның төрт құрылымын айқындайды. Әлеуметтік жағдайына сәйкес мазмұндық белгілері, тәжірибесі, болмыстың көрінісі ретінде тұлғаның психикалық үрдістерінің жеке ерекшеліктеріне байланысты болмысты бейнелеуі, өмірден үйренген қасиеттерінен гөрі туа біткен қасиеттері басым болып табылатын биопсихикалық құрылым.
Сонымен, зерттеушілердің басым көпшілігінің пікірі тұлғаның барлық психикалық қасиеттері өзінің даму барысында адамның нейроэндокриндік жүйесінің морфологиялық және функционалдық ерекшеліктеріне сай қалыптасады, адамның дене құрылысының саулығы мен еңбексүйгіштігі – тұлғаның ең мәнді белгілері, сонымен қатар баланың бойының өсу қарқыны, дене жарақаты, т.б. өзін әр алуан сезуіне әсер етіп, психикалық дамуына жанамалай әсер етеді дегенге саяды.
Біз тұлғаны толыққанды жүйе деп есептесек, оның психикалық қасиеттері негізгі орынды алады. Бұл жүйе табиғи қасиеттері мен қоғамдық тәжірибені меңгеру барысында дамиды. Тұлғаның тұтастығы мен бірлігі әр алуан жіне қарама – қайшылықтардың жиынтығы болып табылады. Тұлға жеке оқиғалар ғана емес, қоғамдық өмірдегі маңызды оқиғаларға да байланысты әсерленіп ашылады. Соған сәйкес туындайтын көзқарас пен іс – ірекет те әр алуан болады. Тұлға іс - әрекеті, өзіне және айналасына қарым – қатынасы арқылы, шығармашылық қабілетін жүзеге асыру арқылы қалыптасады. Сондықтан баланың табиғи бейімділігін дамытып, тұрақты, әлеуметтік құнды шығармашылық қабілетке айналдырудың, осы әрекетке педагогикалық басшылық етудің маңызы зор.
Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта оырып жалпы дамыту, еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жеке қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұштау, тұлғалыққа бағыттау.
Шығармашылық бағыттың дамуы адамның өзін тұлға сезінуі мен айналасына өзіндік көзқарасы болуына байланысты. Шығармашылық бағыттың дамуына денсаулығы, психикалық қызметінің дамуы, негізгі шарты - әлеуметтік жағдайы негіз болады.
Баланың шығармашылық қасиеті кішкенайынан көріне бастайды, себебі, шығармашылық – бала дамуының қалыпты жағдайы. Алайда
Қолданылған әдебиеттер:

1. Платонов К.Г. Структура и развитие личности. М., Наука, 1986.
2. Бордовская Н.В., Реан А.А. Педагогика. СпБ. 2000, 101-б
3. Хусаинова Н.Ю. Культура общения руководителя. Казань. 1996. 10-б
4. Андреев В.И. Педагогика. Казань. 1996. 171-б
5. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы. «Қазақ университеті», 1993.
6. Лейтес Н.С. Умственные способности и возраст. М., Просвещение, 1971. 144-б
7. Култуманова Ш., Оразалиев М., Сүлейменова Б. Музыка. 2 класс. Учебник. Алматы. «Атамұра», 1998.
8. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание личности. М., Мысль, 1975. 291-б
Наурызбаева Р. «Жеке тұлғаны шығармашылыққа баулу» // Қазақстан мектебі. -2007.-№2.-56-63-

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
1. Шығармашыл тұлға – біртұтас жүйе.

Қазіргі таңдағы әлеуметтік, экономикалық талап – тілектерге сай
рухани бай, білімді, шығармашыл тұлға тәрбиелеу қажеттігі ерекше туындап
тұр.
Өмір талабына сай тұлға тәрбиелеудің ерекшелігі оның үздіксіз
жүргізілу қажеттілігінде. Тұлғаның шығармашылығын дамыту адамның кішкентай
кезінен басап есейген кезіне дейін жүреді. Үздіксіз білім беру жүйесіне
рухани бай, жоғары мәдениетті және мәдени құндылықттарды бағалай алатын
тұлға қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік институттар ену керек.
Адам тұлға болып умайды, қалыптасады. Адамның дамуы – ішкі және
сыртқы жағдайлардың әсерлерімен қалыптасатын күрделі, ұзақ мерзімді, қарама
– қайшылықты үрдіс. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үш факторға: тегі, ортасы
және тәрбиесіне тығыз байланысты. Өзін қоршаған ортамен қатынасы арқылы
адамның табиғи мәні ашылып, жаңа қасиеттері қалыптасады. Тәрбиенің сапасы
тәрбиешінің тәрбие жұмысын мақсатты, жүйелі, кәсіби шеберлікпен жүргізүіне
байланысты. Адам әлеуметтік жүйеде тәрбиеленіп, дамиды, қоғамда болып
жатқан іс - әрекеттерге көзқарасы қалыптасады, нығаяды. Тұлға – біртұтас
жүйе. Біртұтас жүйе ретінде адам өзін - өзі дамытып отырады. Педагогиканың
негізгі мақсаттарының бірі – тұлғаны біртұтас жүйе ретінде тәрбиелеу. Тұлға
– сана иесі. Шығармашыл адам – жасампаз тұлға. Өзін, айналасын, қоғамды
жаңартып отырады.
К.Платонов тұлғаның төрт құрылымын айқындайды. Әлеуметтік жағдайына
сәйкес мазмұндық белгілері, тәжірибесі, болмыстың көрінісі ретінде тұлғаның
психикалық үрдістерінің жеке ерекшеліктеріне байланысты болмысты бейнелеуі,
өмірден үйренген қасиеттерінен гөрі туа біткен қасиеттері басым болып
табылатын биопсихикалық құрылым.
Сонымен, зерттеушілердің басым көпшілігінің пікірі тұлғаның барлық
психикалық қасиеттері өзінің даму барысында адамның нейроэндокриндік
жүйесінің морфологиялық және функционалдық ерекшеліктеріне сай қалыптасады,
адамның дене құрылысының саулығы мен еңбексүйгіштігі – тұлғаның ең мәнді
белгілері, сонымен қатар баланың бойының өсу қарқыны, дене жарақаты, т.б.
өзін әр алуан сезуіне әсер етіп, психикалық дамуына жанамалай әсер етеді
дегенге саяды.
Біз тұлғаны толыққанды жүйе деп есептесек, оның психикалық
қасиеттері негізгі орынды алады. Бұл жүйе табиғи қасиеттері мен қоғамдық
тәжірибені меңгеру барысында дамиды. Тұлғаның тұтастығы мен бірлігі әр
алуан жіне қарама – қайшылықтардың жиынтығы болып табылады. Тұлға жеке
оқиғалар ғана емес, қоғамдық өмірдегі маңызды оқиғаларға да байланысты
әсерленіп ашылады. Соған сәйкес туындайтын көзқарас пен іс – ірекет те әр
алуан болады. Тұлға іс - әрекеті, өзіне және айналасына қарым – қатынасы
арқылы, шығармашылық қабілетін жүзеге асыру арқылы қалыптасады. Сондықтан
баланың табиғи бейімділігін дамытып, тұрақты, әлеуметтік құнды шығармашылық
қабілетке айналдырудың, осы әрекетке педагогикалық басшылық етудің маңызы
зор.
Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта оырып жалпы дамыту,
еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға
дағдыландыру, жеке қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұштау,
тұлғалыққа бағыттау.
Шығармашылық бағыттың дамуы адамның өзін тұлға сезінуі мен
айналасына өзіндік көзқарасы болуына байланысты. Шығармашылық бағыттың
дамуына денсаулығы, психикалық қызметінің дамуы, негізгі шарты - әлеуметтік
жағдайы негіз болады.
Баланың шығармашылық қасиеті кішкенайынан көріне бастайды, себебі,
шығармашылық – бала дамуының қалыпты жағдайы. Алайда шығармашылыққа
бейімділік бірте – бірте жоғала бастайды, ол балаға да, қоғамға да кері
әсер етеді. Шығармашылықпен тұрақты және саналы айналысатын және өз
мүмкіндігін жүзеге асыра алатын адам өмір талабына, өзгермелі еңбек
шартына, өзін - өзі тәрбиелеуге, өзін - өзін жетілдіруге тез бейімделеді.
Шығармашыл адам жаңашыл ізденімпаз болады, өмірі қызық, мақсаттарын
жүзеге асыру барысында өз жолын өзі ашып, кедергілерді жеңе алады, үздіксіз
алға жылжып отырады.
И.Павлов Мақсатқа ұмтылған, бір мақсаттан соң екінші мақсат қойып
отырған адамның өмірі қызық әрі күшті болады. Өзінің өмірдегі мақсатына
ұмтылудың арқасында өмірі жаңарып, мақсат рефлексі қалыптасады...бұл
рефлекстің мәні мақсаттың мағынасы мен құндылығында ғана емес, сол мақсатқа
ұмтылуда деген.
Психологтер адам бойындағы биологиялық және әлеуметтік бастауды
төртке бөледі:
1. адамның темпераменті, жас және жыныстық ерекшеліктері;
2. адамның психологиялық әрекетері мен жағдайын қамтитын қалыптасқан
қасиеттері;
3. әлеуметтік деңгейі, тұлғаның тәжірибесі. Бұл жерде биологиялық
жағынан әлеуметтік жағының рөлі басым;
4. Тұлғаның іс - әрекетінің мақсатының бағыты. Ол тікелей әлеуметтік
жағдайға байланысты. Әрбір бөлік бірін – бірі дамытып отырады.

Шығармашылық бағыт төртінші бөлікке кіреді. Тұлғаның қалыптасуы
алдыңғы үш бөлікті дамытады, жан – жақты дамыған әлеуметтік тұлғаны
қалыптастырады. Ал шығармашылық бағыттағы адамның қажеттілігі, қызығуы,
идеалдары мақсаттарын жүйелейді, айқындайды. Шығармашыл тұлға шығармашылық
іс - әрекетте болады, іс - әрекеттің барлық түрінде шығармашылық дамиды.
Балалық кезеңде шығармашылық бағыт оқу – тәрбие үрдісінде тиімді
дамиды. Нәтижесінде баланың білімі, белгілі бір қабілеттері артады. Ол әр
алуан жолмен, әсіресе эстетикалық тәрбие құралдары арқылы жүзеге асады.
Эстетикалық тәрбие педагогикалық үрдіс ретінде оқушының болмысқа
және өнерге көзқарасын қалыптастырады. Болмыс пен өнер адам өмірінде үлкен
рөл атқарады.
Сонымен, шығармашыл тұлға болу дегеніміз – дүниені тану және жаңарту
арқылы тұлғаның болмысқа көзқарасын айқындауы.
2. Шығармашылық ұғымының сипаттамасы, бөліктері

Шығармашылық сөзінің төркіні шығару, ойлап табу дегенге саяды.
Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну
керек. Философиялық сөздікте шығармашылық – қайталанбайтын, тарихи
қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс - әрекет деп
түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л.Выготский шығармашылық деп жаңадан
ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтердің бірі
Я.Пономарев оны даму ұғымымен қатар қояды. Өйткені, әрбір жаңалық,
әсіресе, интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық
деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі педагогиканың
талаптарына сәйкес келетіндіктен көңілге қонымды.
Зерттеле келе шығамашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады.
Соңғы жылдары шығармашылық сөзімен, жаңалықпен қатар бастамашылдық,
белсінділік ұғымдары астарлас қолданылып жүр.
Шығармашылық жөнінде жазылған еңбектерді талдай келе, төмендегідей
қортындыға келдік: шығармашылық - өте күрделі психологиялық үрдіс. Ол
адамға ғана тән.
Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді
деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері бойынша белгілі бір
шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы шығармашылыққа бейімдеуге
болатыны көп айтылуда.
Шығармашылыққа деген қажеттілік – күрделі рухани қажеттілік. Әзірге
ол барлық адамдарға бірдей деуге болмайды. Ал қоғамдағы жаңару үрдістері әр
адамнан күнделікті шығармашылық қайтарымды талап етіп отыр.
Шығармашылық – бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен
айтқанда, тіршіліктің көзі. Қоғам құбылыстарында, жеке адамның, ақыл
санасында, іс - әрекеттінде, ішкі жан дүниесінде шығармашылықтың табиғи
үрдістері үздіксіз жүріп, белгілі бір жүйемен дамиды. Ішкі шығармашылық
үрдістерін табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды басқару, реттеу
жеке адамның ой – санасына, айналысатын ісіне байланысты.
Адамның шығармашылыққа деген құлшынысы оның өз даралығын, өз
қабілеттерін іске асыруына жол ашады. Шығармашылықтың мәнін аша отырып оның
әрекет ұғымымен тығыз байланысты екенін анықтауға болады.Шығармашылық
және әрекет диалектикалық біртұтастықты құрайды. Әрекет шығармашылықы
тудырып, оның нақты болмысқа айналдырса, ал шығармашылық әрекеті реттейді,
оның амалдарын, тиімділігін анықайды. Шығармашылық әрекет арқылы
шығармашылық қабілеттер қалыптасады, әрі қарай дамиды.
Зерттеушілер шығармашылық әрекетке әр түрлі анықтама береді.Мысалы,
И.Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға
тасымалдай білуді, нысанның жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім табуды
белгілейді.
А.Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке балайды,
идеяларды іске асыру (генерация жасай білу), болжай білу қабілетерін
атайды.
Шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы
қалыптасады. Ал шығармашылық ойлауға ойдың жылдамдығы, ұшқырлығы,
икемділігі, тапқырлығы, дәлдігі жатқызылады.

3. Қиял және шығармашылық

Қиял – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективті
бейнелерін қайтадан жаңғыртып, өңдеп бейнелеуде көрінетін, дәл мағынасында
тек адамға ғана тән жан қуаты...Әр адамның қиял ерекшеліктері сол адамның
құмартып қызығуына, жеке басының өзіндік ерекшеліктеріне, алдына қойған
мақсат – міндетіне байланысты. Сондай – ақ, қиялдың мазмұны мен түрі
кісінің жас ерекшеліктері мен білім, өмір тәжірибесіне де тәуелді. Адам
қиялы еңбек, іс - әрекет үстінде туып, дамып отырады. Қиял актив
(белсенді), пассив (енжар) болып шектеледі. Енжар қиялдың ең төменгі шегі –
түс көру. Белсенді қиял – қайта жасау, шығармашылық (өнер, ғылым, техника,
т.б).
Адамның өмір жолы, жеке басының дамуы, даралығы, іс - әрекеті, өмір
салты қиялдың дәрежесіне елеулі түрде тәуелді.

4. Шабыт және шығармашылық

Жаңа нәрсе ойлап шығаруда (машина, күріштің жаңа түрі, жыр, роман)
адамның барлық қабілеттері, қуат – жігері бірдей шарықтап, самғап
көтерілуін шабыт дейді. Шабыт – мәселенің шешімін табуы, ойдың тууы, жанның
эстетикалық ләззат алуы. Шабыт – қиял мен ойдың біріккен жұмысы.
Шығармашылық - өте зор, тұрақты, жігерлі еңбек нәтижесі.
Шабыт – тек іздеген адамға ғана кезігетін қонақ. Жалқау адамға
жуымайды. (П.И.Чайковский)
Өмірі мазмұнды кісінің шығармашылығы да мазмұнды. (Г.Ибсен)
Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы,
жақсы ұстаздан болады. (Абай)
Шығармашылық қабілеттің дамуы, оны дамыту жолдары жайында ғалымдар
тереңнен ой толғайды. Жүсіп Баласағұн, Әл – Фараби, Абай өз еңбектерінде
адамның жеке басын, қабілеттерін дамытудың жолдарын зерттеген. Оқушы
шығармашылығына бағыт – бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген –
М.Жұмабаев.
Оқыта отырып, баланың қабілеттерін дамыту мәселесі көрнекті
педагогтер Ш.Амонашвили, И.Волков, О.Газман еңбектерінде қарастырылды.
Өз республикамызда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар:
Ә.Қоңыратбаев, С.Тілешева жоғары сыныптарда шығарма жазғызу, В.Чернов
факультатив, үйірме жұмыстары арқылы қабілетті шығармашылық деңгейге көтеру
жолдарын қарастырса, Қ.Жаманбаеваның зерттеу жұмысының негізгі идеясы –
оқушыларды сөз өнеріне баулу, көркем – шығармашылық қабілеттерін дамыту, ал
М.Мұхамедин ойын әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту жолдарын
айқындайды.
Қабілет жайында жазылған ойларды, тұжырымдамаларды, еңбектерді
талдай келе, адам бойында табиғи мүмкіндіктер болады, олар тек белгілі бір
әлеуметтік жағдайларда байқалып, әрі қарай басқа адамнан табиғи
психологиялық жағынан ерекшеленеді деген қорытындыға келеміз.
Философияда қабілеттерді тұлғаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кемел адам - тұлға қалыптасуы
Педгогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу сабағында жүргізілетін шығармашылық жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың ғылыми педагогикалық мәселелері
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың ерекшеліктері
Тәрбие процесі
Оқушыларға тұлғалық бағдарланған білім берудің мәні мен мазмұны
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуда педагогикалық негіздердің тигізетін ықпалын анықтау
Біліктілікті арттыру жүйесінде шетел тілі мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамытуды теориялық – әдіснамалық тұрғыда негіздеп, мәселені тиімді шешудің педагогикалық шарттарын анықтау
Дарынды оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерінің көріну сипаты
Пәндер