Исо 14001:2004 "экологиялық менеджмент жүйелері. талаптар және қолдану бойынша нұсқаулық"



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Қолдану саласы
2.2. Нормативтік сілтемелер
2.3. Терминдер мен анықтамалар
2.4. Экологиялық менеджмент жүйесіне қойылатын талаптар

ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Əр түрлі ұйымдар өзінің экологиялық саясаты мен экологиялық
мақсаттарын есепке ала отырып қоршаған ортаға қызметінің,
өнімінің жəне қызмет көрсетуінің нəтижелерінің əсер етуін бақылау
арқылы экологиялық тиімділікке қол жеткізуге жəне оны көрсетуге
барынша мүдделі бола бастады. Бұл заңнаманы қатаңдандыру,
экономикалық саясат пен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған
басқа да шараларды дамыту, сондай-ақ қоршаған орта мəселелеріне
мүдделі тараптардың назарының көтеріңкі болу жəне тұрақты даму
шарттарымен жүзеге асырылады.
Көптеген ұйымдар экологиялық тиімділігін бағалау үшін экологиялық
«талдау» немесе «аудиттер» жүргізеді. Дегенмен өздігінен осы
«талдаулар» мен «аудиттер» ұйымның өзінің экологиялық тиімділігі
заңнамада қарастырылған талаптар мен экологиялық саясатына жауап
беріп қана қоймай, болашақта оларға сəйкес келетініне сенімділікпен
қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. Тиімділігін қамтамасыз ету үшін
«талдаулар» мен «аудиттер» менеджмент жүйесі аясында жүргізілуі жəне
ұйымның жалпы əкімшілік қызметімен біртұтас бірігуі тиіс.
Экологиялық менеджментке таратылатын халықаралық стандарттар
экологиялық жəне экономикалық мақсаттарға қол жеткізуде ұйымдарға
көмектесу үшін менеджменттің басқа элементтерімен біріктіріле алатын
экологиялық менеджменттің тиімді жүйесінің элементтерімен ұйымдарды
қамтамасыз етуге арналған.
Осы стандарттар басқа халықаралық стандарттар сияқты саудадағы
тарифсіз кедергілерді жасау мақсатында пайдалагуға не ұйымның
құқықтық міндеттемелерін қатаңдандыруға немесе өзгертуге арналмаған.
Осы стандарт ұйымның заңнамалық талаптарды жəне маңызды
экологиялық аспектілер туралы ақпаратты ескеретін экологиялық саясат
пен мақсаттарды əзірлей жəне енгізе алуы үшін экологиялық менеджмент
жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді. Оны географиялық жағдайы,
мəдени жəне əлеуметтік ерекшеліктері əр түрлі, барлық түрдегі жəне
көлемдегі ұйымдар қолдана алады. Экологиялық менеджмент жүйесінің
үлгісі 1-суретте берілген.
Жүйенің табысты болуы барлық деңгейдегі жəне ұйымның барлық
бөлімдері, əсіресе, жоғарғы басшылық өзіне алған міндеттемелеріне
байланысты. Осы типті жүйе ұйымға экологиялық саясатты
қалыптастыруға, экологиялық саясатта қарастырылған міндеттемелерді
орындау үшін мақсаттар мен процестерді белгілеуге, сондай-ақ
экологиялық менеджмент жүйесінің тиімділігін жақсарту үшін қажетті
əрекеттерді қабылдауға жəне аталған жүйенің осы стандарт талаптарына
сəйкестігін көрсетуге мүмкіндік береді. Осы стандарттың негізгі мақсаты
– қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жəне əлеуметтік-
экономикалық қажеттіліктермен балансты сақтау кезінде оның
ласталуының алдын алу. Осы стандарт талаптарының көпшілігін кез
келген уақытта қарауға немесе қайта қарауға болатыны еске сақтау керек.
Стандарттың жаңа нұсқасында бірінші басылымның түсіндірілуіне
көңіл аударылды жəне пайдаланушылардың мүдделеріне байланысты екі
стандарттың үйлесімділігін арттыру үшін Исо 9001 ережелеріне ерекше
көңіл аударылады.

Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ"

СӨЖ
Тақырыбы: ИСО 14001:2004 "Экологиялық менеджмент жүйелері. Талаптар және қолдану бойынша нұсқаулық"

Орындаған: Тукенов А.Е.
Тобы : СМ-405
Тексерген: Толеубекова С.С

Семей-2015

Жоспары:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2.1. Қолдану саласы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2.2. Нормативтік сілтемелер
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2.3. Терминдер мен анықтамалар
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2.4. Экологиялық менеджмент жүйесіне қойылатын талаптар
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Əр түрлі ұйымдар өзінің экологиялық саясаты мен экологиялық
мақсаттарын есепке ала отырып қоршаған ортаға қызметінің,
өнімінің жəне қызмет көрсетуінің нəтижелерінің əсер етуін бақылау
арқылы экологиялық тиімділікке қол жеткізуге жəне оны көрсетуге
барынша мүдделі бола бастады. Бұл заңнаманы қатаңдандыру,
экономикалық саясат пен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған
басқа да шараларды дамыту, сондай-ақ қоршаған орта мəселелеріне
мүдделі тараптардың назарының көтеріңкі болу жəне тұрақты даму
шарттарымен жүзеге асырылады.
Көптеген ұйымдар экологиялық тиімділігін бағалау үшін экологиялық
талдау немесе аудиттер жүргізеді. Дегенмен өздігінен осы
талдаулар мен аудиттер ұйымның өзінің экологиялық тиімділігі
заңнамада қарастырылған талаптар мен экологиялық саясатына жауап
беріп қана қоймай, болашақта оларға сəйкес келетініне сенімділікпен
қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. Тиімділігін қамтамасыз ету үшін
талдаулар мен аудиттер менеджмент жүйесі аясында жүргізілуі жəне
ұйымның жалпы əкімшілік қызметімен біртұтас бірігуі тиіс.
Экологиялық менеджментке таратылатын халықаралық стандарттар
экологиялық жəне экономикалық мақсаттарға қол жеткізуде ұйымдарға
көмектесу үшін менеджменттің басқа элементтерімен біріктіріле алатын
экологиялық менеджменттің тиімді жүйесінің элементтерімен ұйымдарды
қамтамасыз етуге арналған.
Осы стандарттар басқа халықаралық стандарттар сияқты саудадағы
тарифсіз кедергілерді жасау мақсатында пайдалагуға не ұйымның
құқықтық міндеттемелерін қатаңдандыруға немесе өзгертуге арналмаған.
Осы стандарт ұйымның заңнамалық талаптарды жəне маңызды
экологиялық аспектілер туралы ақпаратты ескеретін экологиялық саясат
пен мақсаттарды əзірлей жəне енгізе алуы үшін экологиялық менеджмент
жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді. Оны географиялық жағдайы,
мəдени жəне əлеуметтік ерекшеліктері əр түрлі, барлық түрдегі жəне
көлемдегі ұйымдар қолдана алады. Экологиялық менеджмент жүйесінің
үлгісі 1-суретте берілген.
Жүйенің табысты болуы барлық деңгейдегі жəне ұйымның барлық
бөлімдері, əсіресе, жоғарғы басшылық өзіне алған міндеттемелеріне
байланысты. Осы типті жүйе ұйымға экологиялық саясатты
қалыптастыруға, экологиялық саясатта қарастырылған міндеттемелерді
орындау үшін мақсаттар мен процестерді белгілеуге, сондай-ақ
экологиялық менеджмент жүйесінің тиімділігін жақсарту үшін қажетті
əрекеттерді қабылдауға жəне аталған жүйенің осы стандарт талаптарына
сəйкестігін көрсетуге мүмкіндік береді. Осы стандарттың негізгі мақсаты
- қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жəне əлеуметтік-
экономикалық қажеттіліктермен балансты сақтау кезінде оның
ласталуының алдын алу. Осы стандарт талаптарының көпшілігін кез
келген уақытта қарауға немесе қайта қарауға болатыны еске сақтау керек.
Стандарттың жаңа нұсқасында бірінші басылымның түсіндірілуіне
көңіл аударылды жəне пайдаланушылардың мүдделеріне байланысты екі
стандарттың үйлесімділігін арттыру үшін Исо 9001 ережелеріне ерекше
көңіл аударылады.
Осы стандартың 4-тарауындағы жəне А қосымшасындағы
тараушалардың нөмірлері қарапайым пайдалану үшін біріктірілген.
Мысалы, 4.3.3 жəне А.3.3 тармақтары мақсаттарға, міндеттерге жəне
бағдарламаға(ларға) қатысты, ал 4.5.5 жəне А.5.5 тармақтары ішкі аудитке
қатысты. Бұдан басқа, В қосымшасы ИСО 14001:2004 жəне ИСО 9001:2000
арасындағы байланысты белгілейді жəне керісінше.
Экологиялық менеджмент жүйесіне қойылатын талаптар жазылған
жəне ұйымның экологиялық менеджмент жүйесін сертификаттаутіркеу
жəненемесе өзі декларациялау үшін қолданыла алатын осы стандарт пен
сертификаттау мақсатына жарамсыз жəне ұйымдарға экологиялық
менеджмент жүйесін əзірлеу, енгізу немесе жетілдіру кезінде көмек
көрсетуге арналған басшылық нұсқамалары арасында маңызды
айырмашылық бар. Экологиялық менеджмент стратегия мен бəсекеге
қабілеттілікке қатысты мəселелерді қоса, мəселелердің тұтас спектрін
қамтиды. Осы стандарттың табысты енгізілуін көрсетуді мүдделі
тараптардың ұйымда тиісті экологиялық жүйенің бар екеніне сенуі үшін
ұйымның өзі пайдалана алады.
Экологиялық менеджмент əдістерін қамтамасыз ету жөніндегі
басшылық басқа стндарттарда, əсіресе ИСОТК 207 шығарылған
экологиялық менеджмент жөніндегі құжаттарда жазылған. Басқа
стандарттарға берілген кез келген сілтеме ақпараттық қана болып
табылады.
Е с к е р т у - Осы стандарт Plan-Do-Check-Act (PDCA) ретінде белгілі
методологияға негізделеді. PDCA циклін мынадай тəсілмен қысқаша сипаттауға
болады:
- Жоспарлау: тұтынушылардың талаптары мен ұйым саясатына сəйкес
нəтижелерге қол жеткізуге қажетті мақсаттар мен процестерді əзірлеңіздер.
- Жүзеге асыру: процестерді енгізіңіздер.
- Тексеру: саясатпен, мақсаттармен жəне өнімге арналған талаптармен
салыстыруда процестерді жəне өнімді үнемі бақылаңыздар жəне өлшеңіздер.
- Іс-əрекет: процестердің көрсеткіштерін үнемі жақсарту жөнінде іс-əрекеттер
қабылдаңыздар.
Көптеген ұйымдар процестер жүйесін жəне олардың процестік тəсіл
ретінде қарастырылатын өзара əрекеттесуін қолдана отырып, өз жұмысын
жүзеге асырады. процестік тəсілді қолдануға жағдай жасайды. Өйткені
PDCA циклін барлық процестерге қолдануға болады, осы екі методология
бірлестірілген методологиялар ретінде қарастырылады.
Осы стандарт əділ аудиторлық тексеруден өткізіле алатын
талаптардан ғана тұрады. Экологиялық менеджмент жүйесіне қатысты
мəселелердің кең спектрі бойынша жалпы басшылықты талап ететін
ұйымдардың пайдалануы керек.
Осы стандарттың қалыптасқан саясаттағы заңнамалық талаптарға
жəне қоршаған ортаны ластаудың алдын алуға жəне жүйені үнемі
жетілдіруге қатысты ұйымға таратылатын басқа талаптарға сəйкестік
туралы міндеттемелерден басқа экологиялық тиімділіктің асолют
талаптарын белгілемейді. Осылайша ұқсас қызмет атқаратын, бірақ əр
үнемі жақсарту
экологиялық
саясат
басшылық
тарапынан талдау
жоспарлау
тексеру
енгізу жəне
жұмыс істеу
түрлі экологиялық тиімділігі бар екі ұйымның екеуі де осы стандарт
талаптарына сəйкес келе алады.
Экологиялық менеджмент жүйесіне қойылатын талаптар қатарын
қабылдау жəне жүйелі орындау барлық мүдделі тараптар үшін оңтайлы
нəтижелермен қамтамасыз етеді. Дегенмен осы стандартты қолдану
қоршаған ортаны қорғаумен байланысты оңтайлы нəтижелерге жетуге
кепілдік бермейді. Экологиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін
экологиялық менеджмент жүйесі ұйымды бір тұтастыққа, экономиялық
жəне экологиялық тиімділікке сүйене отырып, прогрессивті
технологияның енгізілуіне ынталандыруы тиіс.
Осы стандарт экологиялық менеджмент жүйесінің элементтері басқа
жүйелердің элементтерімен қиюласа немесе біріге алатынына қарамастан,
сапа менеджментінің, еңбекті, қаржыны жəне қауіп-қатерден қорғау
жүйесі сияқты басқа да менеджмент жүйелері үшін талаптар белгілемейді.
Ұйым осы стандарт талаптарына сəйкес келетін экологиялық менеджмент
жүйесін құру үшін өзінде бар менеджмент жүйесін(лерін) пайдалана
алады. Сонда да менеджмент жүйесінің əр түлі элементтерін қолдану
қойылған мақсаттар мен тартылған мүдделі тараптарға байланысты
айрықшалана алатынын ескеру керек.
Экологиялық менеджмент жүйесінің күрделілігі жəне оны
бөлшектеу деңгейі, құжаттама мен жұмсалатын ресурстардың көлемі
жүйені қолдану саласы, ұйымның өлшемі жəне оның қызметінің,
өнімінің жəне қызмет көрсетуінің сипаты сияқты факторлар қатарына
байланысты. Бұны, əсіресе, шағын жəне орта кəсіпорындарға қолдануға
болады

Қолдану саласы
Осы стандарт ұйымға таратылатын заңнамалық талаптар мен басқа да талаптарды
жəне маңызды экологиялық аспектілер туралы ақпараттарды есепке ала отырып,
ұйымдарға экологиялық саясаты мен мақсаттарын əзірлеуде жəне іске асыруда көмек
көрсету мақсатында экологиялық менеджмент жүйесіне қойылатын талаптарды
белгілейді. Ол ұйымның өзі бақылай алатын жəне оларға əсер ете алатын аспектілер
ретінде анықтайтын экологиялық аспектілерге қолданылады. Стандарт экологиялық
тиімділігінің нақты критерийлерін белгілемейді.
Осы стандартты:
а) экологиялық менеджмент жүйесін əзірлегісі, енгізгісі, жұмыс жағдайында
ұстағысы жəне жақсартқысы;
b) белгіленген экологиялық саясатқа өзінің сəйкестігін растағысы;
c) осы стандартқа сəйкестігін:
1) өзін-өзі бағалау жəне өз-өзін декларациялау жүргізу;
2) берілген ұйымның қызметіне мүдделі тараптардың, мысалы, тапсырыс
берушілердің оның сəйкестігін растауын алу, немесе
3) сыртқы тараптың оның өзін-өзі декларациялағанын растауы алу;
4) сыртқы тараптың оның экологиялық менеджмент жүйесін
сертификатауытіркеуі арқылы көрсеткісі келетін кез келген ұйым қолдануға болады.
Осы стандарттың барлық талаптары экологиялық менеджменттің кез келген
жүйесіне қосуға арналған. Оларды қолдану дəрежесі ұйымның экологиялық саясаты,
қызметінің, өнімінің жəне қызмет көрсетуінің сипаты, сондай-ақ ол жұмыс істейтін
орналасқан жері, шарттары сияқты факторларға байланысты. А қосымшасында осы
стандартқа оны қолдану жөнінде анықтамалық басшылық берілген.

Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта мынадай стандарттарға сілтемелер пайдаланылды:
ҚР СТ ИСО 9000-2001 Сапа менеджменті жүйелері. Негізгі ережелер жəне
сөздік.
ҚР СТ ИСО 9001-2001 Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар.
ҚР СТ ИСО 19011-2002 Сапа менеджменті жүйелерінің жəненемесе
экологиялық менеджмент жүйесінің аудиті бойынша ұсыныстар.

Терминдер мен анықтамалар

3.1 Үнемі жақсарту (continual improvement): Ұйымның экологиялық саясатына
сəйкес экологиялық тиімділікті жақсарту мақсатында экологиялық менеджмент
жүйесін жетілдіруді қайталайтын процесс.
Е с к е р т у - Қызметтің барлық саласында процесті бір мезгілде жүргізу міндетті емес.
3.2 Түзету əрекеті (corrective action): Анықталған сəйкессіздіктің себептерін жою
үшін қабылданған əрекет.
3.3 Қоршаған орта (environment): Ауаны, суды, жерді, табиғи ресурстарды,
флораны, фаунаны, адамды жəне олардың өзара əрекетін қоса, ұйым жұмыс істейтін
сыртқы орта.
Е с к е р т у - Осы стандартта сыртқы орта түсінігі ретінде ұйым шегіндегі ортадан бастап
ғалами жүйеге дейінгі түсінік жобаланады.
3.4 Экологиялық аспект (environmental aspect): Қоршаған ортаға əсер ете алатын
ұйымның қызметінің, оның өнімінің немесе қызмет көрсетуі элементтері.
Е с к е р т у - Қоршаған ортаға едəуір əсер етуге қабілетті аспект маңызды экологиялық аспект
болып табылады.
3.5 Қоршаған ортаға əсер ету (environmental impact): Ұйымның экологиялық
аспектілерінің толық немесе жартылай нəтижесі болып табылатын қоршаған ортаға
жасалған кез келген кері немесе оң өзгеріс.
3.6 Экологиялық менеджмент жүйесі (environmental management system):
Экологиялық саясатын əзірлеу жəне жүзеге асыру жəне оны экологиялық
аспектілермен басқару үшін пайдаланылатын, ұйымның менеджменті жүйесінің бөлігі.
Е с к е р т у л е р
1 Менеджмент жүйесі саясат пен мақсаттарды белгілеу үшін жəне оларға қол жекізу үшін
пайдаланылатын өзара байланысты элементтердің жиынтығын білдіреді.
2 Менеджмент жүйесіне ұйым құрылымы, қызмет етуді жоспарлау, жауапкершілік, практикалық
қызмет, процедуралар, процестер мен ресурстар кіреді.
3.7 Экологиялық мақсат (environmental objective): Ұйым ұмтылатын
экологиялық саясатқа сүйене отырып белгіленген қоршаған орта саласындағы жалпы
мақсат.
3.8 Экологиялық тиімділік (environmental performance): Экологиялық
аспектілерімен бірге ұйым менеджментінің өлшенетін нəтижелері.
Е с к е р т у - Экологиялық менеджмент жүйесі контексіндегі нəтижелерді ұйымның экологиялық
саясатына сəйкес экологиялық мақсаттармен, экологиялық міндеттермен жəне басқа экологиялық
тиімділік талаптарымен өлшеуге болады.
3.9 Экологиялық саясат (environmental policy): Жоғарғы басшылық ресми
білдірген жалпы тілектері жəне экологиялық тиімділігіне қатысты ұйымның
принциптері.
Е с к е р т у - Экологиялық саясат экологиялық мақсаттар мен экологиялық міндеттерді қою үшін
жəне олардың іс-əрекеті үшін үшін негіз болып табылады.
3.10 Экологиялық міндет (environmental target): Экологиялық мақсаттардан
шыққан жəне мақсатқа қол жеткізу үшін белгіленуі жəне орындалуы тиіс, ұйым немесе
оның құрылымдық бөлімшелері ұсынған, тиімділікке қатысты бөлшектелген талаптар.
3.11 Мүдделі тарап (interested party): Ұйымның экологиялық тиімділігіне мүдделі
жеке тұлға немесе тұлғалар тобы.
3.12 Ішкі аудит (internal audit): Ұйымның белгілеген экологиялық менеджменті
жүйесінің аудиті критерийлеріне сəйкестік дəрежесін анықтау үшін жан-жақты алынған жəне бағаланған аудиторлық деректерді тексерудің жүйелік, тəуелсіз жəне құжатпен
ресімделген процесі.
Е с к е р т у - Шағын ұйымдарда көптеген жағдайларда тəуелсіздікті аудиттелетін қызметіне
жауапкершіліктен еркіндікте болу арқылы көрсетуге болады.
3.13 Ұйым (organization): Өзінің жеке қызметін атқаратын жəне өзінің жеке
əкімшілігі бар акционерлік немесе акционерлік емес, мемлекеттік немесе жеке
компания, бірлестік, фирма, кəсіпорын, билік органы немесе мекеме не олардың бір
бөлігі немесе қосындысы.
Ескерту- Біреуден артық атқарушы ұйымдастырушылық бірлігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИСО 14001:2004 "Экологиялық менеджмент жүйелері. Талаптар және қолдану бойынша нұсқаулық жайлы
«Райымбек Агро» ЖШС-те СМЖ және қаупсіздік жүйесін дайындау
ИСО 14001 2004 Экологиялық менеджмент жүйелері. Талаптар және қолдану бойынша нұсқаулық туралы ақпарат
Кәсіпорынның экологиялық менеджменті
Менеджмент жүйелері
OHSAS менеджмент жүйесіне қойылатын талаптар
Сапа менеджмент жүйесін сертификаттау
Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің ұйымдық сұлбасы
Сапа менеджментінің жүйелері
«Стандарттың ISO 9001:2015 жаңа нұсқасын ISO 9001:2008 нұсқасымен салыстыру»
Пәндер