Білім беру жүйесіндегі инновациялык технологияның теориялык негіздері туралы



Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады. «Инновация » ұғымы педагогикалық сөздік қорына ежелден енген екен. Ол кейбір ғалым дардың еңбектерінде «жаңа»,«жаңалық енгізу » деп көрсетіледі. Кейбіреулері оны «өзгеріс »деген терминмен анықтайды.Біздің ойымызша, бұл түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез-келген өзгерісті сипаттайды .
Инновация (латын сөзі in – в, novis- жаңа)- жаңа , жаңалық , жаңарту дегенді білдіреді екен. С.И. Ожегов сөздігі бойынша : инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық. «Ғылымның қайнар көзі» -Ресейде «инновация» ұғымына өте үлкен күдікпен қараған.: ХІХ-ХХ ғ. басындағы бірде- бір білім реформаларында бұл термин кезікпейді. «Инновация » ғылымына берілген ең ескі емес анықтама , бұл салада американдықтар мен европалық көлемді зерттеулер иесі Э.М.Роджерстің анықтамасы болып есептеледі. Э. М. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея».Кейіннен «инновация »ұғымы «білім беру жүйесіне жаңаны енгізу » мағынасында педагогикалық еңбектерде кездесе бастады.«Инновациялық негізін құраушы ұғымдардың –«инновация » «нововедение» новшество» «новое» т.б. қазақша аудармаларын жасаған
Ы. Алтынсарин атындағы білім проблемаларын ғылыми зерттеу институты әдіскері К.Құдайбергенов болып табылады. Өз еңбектерінде «инновацияны » - нақты қойылған мақсатқа сай жасалынған жаңа нәтиже деп есептеді. Демек, инновация мақсат пен нәтижеге – жаңалыққа бет бұрудың кілті.Қоғамдағы қазіргі кезде қайта құрулар экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар қоғамның алдағы , оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологиялары, оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды –машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі ізденіп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
1. Көмекбаева Л.К. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті ұйымдастыру. – Алматы,2002 ж.
2. Бакли Р., Кейпл Д. Теория и практика тренинга.- Питер, 2002 г.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекетті университеті
Педагогика факультеті



СРО№5
Тақырыбы: Білім беру жүйесіндегі инновациялык технологияның теориялык негіздері.

Орындаған: Табылғазы Назерке
Тобы: П - 305
Тексерген:Дүйсембекова Ш.Д.



Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк - экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай - ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады. Инновация ұғымы педагогикалық сөздік қорына ежелден енген екен. Ол кейбір ғалым дардың еңбектерінде жаңа,жаңалық енгізу деп көрсетіледі. Кейбіреулері оны өзгеріс деген терминмен анықтайды.Біздің ойымызша, бұл түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез-келген өзгерісті сипаттайды .
Инновация (латын сөзі in - в, novis- жаңа)- жаңа , жаңалық , жаңарту дегенді білдіреді екен. С.И. Ожегов сөздігі бойынша : инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық. Ғылымның қайнар көзі -Ресейде инновация ұғымына өте үлкен күдікпен қараған.: ХІХ-ХХ ғ. басындағы бірде- бір білім реформаларында бұл термин кезікпейді. Инновация ғылымына берілген ең ескі емес анықтама , бұл салада американдықтар мен европалық көлемді зерттеулер иесі Э.М.Роджерстің анықтамасы болып есептеледі. Э. М. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: Инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея.Кейіннен инновация ұғымы білім беру жүйесіне жаңаны енгізу мағынасында педагогикалық еңбектерде кездесе бастады.Инновациялық негізін құраушы ұғымдардың - инновация нововедение новшество новое т.б. қазақша аудармаларын жасаған
Ы. Алтынсарин атындағы білім проблемаларын ғылыми зерттеу институты әдіскері К.Құдайбергенов болып табылады. Өз еңбектерінде инновацияны - нақты қойылған мақсатқа сай жасалынған жаңа нәтиже деп есептеді. Демек, инновация мақсат пен нәтижеге - жаңалыққа бет бұрудың кілті.Қоғамдағы қазіргі кезде қайта құрулар экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар қоғамның алдағы , оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологиялары, оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды - машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі ізденіп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып , біз оқыту технологияларын тиімді жақтарын таңдап алуымыз қажет және оқыту - тәрбие үрдісінде озық технологияларды белсенділікпен енгізілуі керек.
Деңгейлеп оқыту технологиясы. ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі педагогикалық ой - тұжырымдардағы гуманизм идеялары , еркін білім беру , оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту үшін мектептің алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып , жеке тұлғаның дамуына мектеп ортасында қолайлы жағдай жасау қажеттілігі туындайды.Мектептің педагогикалық құрылымында негізгі құндылық - оқушы және оның жеке тұлғасы.Педагогика ғылымының докторы Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады. Өйткені қазіргі экономикалық жағдай оқушының жаңа үрдістерін талап етуде. Сондықтан ғылыми ізденіс барысында педагогика саласында оқытудың деңгейлік жүйесі оқушыларға ғылым негізін меңгертудің негізгі тиімді жолы болып табылады. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі - оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында. Сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғаммыздың маңызды бөлігіне айналды. Олай дейтініміз , бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыны жаңаша оқытудың , жаңа оқу әдістерін , жаңа мазмұнды қажет етеді. Қазіргі базалық білім беру - жеткілікті білімнің төменгі шегі. Мұғалім баланы оқыту барысында оқушыға тақпақ жаттатып , ережелерді оқытып, жаттығулар орындатып әр түрлі жұмыстар жүргізеді. Оны талап етеді. Ол мұғалім үшін қиын жұмыс емес . Оқушы мұғалімнің айтқанын кітаптан оқып, тақпақты жаттап (тіпті оларды қызықтырмаса да), ережені айтып беруі мүмкін. Бірақ, оқушы сол оқыған материалдың ішкі дүниесін түсінді ме , міне, негізгі мәселе осында жатыр.
Мектеп оқушыларына берілетін тапсырмалар оқушылардың ойлауына әсер етеді,тапсырманы орындау үшін бала жауапты өзі іздестіреді, оны шешуде ақыл - ойы дамиды, ойлауына жан-жақты әсер етеді деп түйіндейді. Бірінші деңгей тапсырмалары жаттап алуға лайықты,алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілетін өңін өзгетпей қайталап , пысықтауына мүмкіндік береді, екінші деңгей тапсырмалары материалды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар, үшінші деңгей танымдық - іздену түрдегі заңдылықтар шығару қорытынды жұмыстары.Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыралатыны тексеріледі. Өз бетімен жұмыс орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып , шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді. Бірінші деңгей тапсырмаларды білімнің мимималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын , оқушының жас ерекшелігіне сай болады. Сынып бағдарламасына байланысты лексикалық тақырыптар мен грамматикалық тапсырмалар , тілдік ережелер, жазба жұмыстарын орындайды. Кейіннен жоғарғы сыныптарда оқыған кезде де есінде тұрақты қалатындай бағытта сөздік минимумдарды меңгереді. Тыңдап , түсініп оқу , аударып, жаза алады. Айналадағы адамдардың айтқанын түсінеді , естігені бойынша сұрақтарға жауап береді. Естігенін қайталап айтады. Жеңіл ережелерді жаттап алады. Фонетиканы толық меңгереді.Грамматикалық, лексикалық тапсырмалар орындайды. Мәтін мен жұмыс жасайды. Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп , күрделене түседі, сынып бағдарламасына сай лингвистиканың барлық бағдарламасымен жұмыс істейді. Оқушы өз бетімен керегінше қызмет етеді. Оқу мотивтерді қанағаттанарлық дәрежеде . Ықыласы жоғары. Оқушының сөйлеуі , хабарды түсінуі , қабылдауы , жазба жұмыстарын орындау көрсеткіштері міндетті деңгейден әлде қайда жоғары болады. Бірінші деңгейден бастау алған сөйлеу үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын көрінуімен логикалық ойлау дәрежесінен жоғары болумен , өз жеке басының белсенділігімен , ісіне талдау жасай білуімен , білімді жаңа жағдайда пайдаланумен сипатталады. Хабарлау, суреттеу, , бейнелеу тапсырмаларын орындайды. Ситуацияға байланысты әр түрлі нұсқада диолог құрады. Мәтін бойынша сұрақ қояды. Талдау , жинақтау, салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Танымдық-іздену (эвристикалық) түрдегі жұмыстарды ізденіп өз бетімен орындайды. Төртінші деңгей дарынды , іздемпаз , қабілеті жоғары , талапты балаларға арналады. Оқушыларға мұғалім тек тақырыбын ғана береді , оқушының өз мақсатын қояды, әдістерін іздейді, нәтижеге жетеді. Жазба жұмыстарын орындайды. Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттарының көлемінің ұлғаюы , оқушыларға түсетін салмақтыңартуы басты себеп болады.
Деңгейлеп оқыту - оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес , оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінің оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Дәстүрлі технологиялар мен инновациялық технологиялардың аражігі
Математиканы оқыту жүйесін компъютерлендіру мәселелері
Бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетінің теориялық негіздері
білім алушылардың тілдік дағдыларын, көркемдік көкжиегін дамытатын, шыңдайтын драмалық шығармаларды түсіндіру мен оқытудың ең тиімді шарттары мен әдістерін, инновациялық технологияларын анықтау
Кәсіби технологияны таңдауы
Болашақ педагог маман тұлғасын заманауи ақпараттық құралдар көмегімен дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
1991-2005 жылдарындағы қазақ этнопедагогикасының білімдік мазмұнының қалыптасуы және дамуы
Негізгі педагогикалық технологиялардың сипаттамалары
Қазіргі бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру мазмұнын теориялық тұрғыда негіздеу
Пәндер