Интеллектуалдық меншік құқығы



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Интеллектуалдық меншік құқығы түсінігі.
2. Интеллектуалдық меншік объектілерінің құқықтық режимі мен түрлері.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
«Интеллектуалдық меншік» түсінігі кейбір құқықтық институттарға қатысты, соның ішінде аса маңызды коммерциялық құпия, патенттік құқық, авторлық құқық және тауарлық белгілер сияқты құқықтық институттарға қатысты жалпы сипатқа ие. Коммерциялық құпия және патенттік құқық туралы заңнамалар жаңа зертеу мен идеяларға жол ашады. Авторлық құқық жаңадан әдеби, көркемжәне музыкалық шығармалар, сонымен қатар компьютерлерді программалық қамсыздандыруға жағдай жасайды. Товарлық белгілер туралы заңнамалар өнім мен өндірушінің байланысын құрайды.
Коммерциялық құпия өндірістік құпия нысанында ежелгі дәуірден бастап қалыптасты. Ежелгі шеберлер тастан қару жасаудың тәсілдерін құпия етіп ұстады. Бұл шеберлер құқықтық қорғауға дейінгі уақытта бұл құпияны білуден елеулі тиімділік алатынын білген. Бірақ бұл құпияларды білу шектелген қорғауды ғана қамтамасыз етіп отырды. Тек мыңдаған жылдар өткен соң ғана өндірістің құпиясын қорғайтын құқық пайда болды.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл.
2. Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңы 10 шілде 2005 жыл.
3. Е.А.Суханова «Азаматтық құқық» 1993 жыл.
4. Э.П.Гаврилов Комментарий к закону «Об авторском праве и смежных правах». 1996 год.
5. П.Б.Мэггс, А.П.Сергеев «Интеллектуальная собственность». 2000 год.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Интеллектуалдық меншік құқығы түсінігі.
2. Интеллектуалдық меншік объектілерінің құқықтық режимі мен түрлері.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Интеллектуалдық меншік түсінігі кейбір құқықтық институттарға қатысты, соның ішінде аса маңызды коммерциялық құпия, патенттік құқық, авторлық құқық және тауарлық белгілер сияқты құқықтық институттарға қатысты жалпы сипатқа ие. Коммерциялық құпия және патенттік құқық туралы заңнамалар жаңа зертеу мен идеяларға жол ашады. Авторлық құқық жаңадан әдеби, көркемжәне музыкалық шығармалар, сонымен қатар компьютерлерді программалық қамсыздандыруға жағдай жасайды. Товарлық белгілер туралы заңнамалар өнім мен өндірушінің байланысын құрайды.
Коммерциялық құпия өндірістік құпия нысанында ежелгі дәуірден бастап қалыптасты. Ежелгі шеберлер тастан қару жасаудың тәсілдерін құпия етіп ұстады. Бұл шеберлер құқықтық қорғауға дейінгі уақытта бұл құпияны білуден елеулі тиімділік алатынын білген. Бірақ бұл құпияларды білу шектелген қорғауды ғана қамтамасыз етіп отырды. Тек мыңдаған жылдар өткен соң ғана өндірістің құпиясын қорғайтын құқық пайда болды. Құпияларды қорғау бұрын болмаған салаға, ал техникалық білім және де компьютерлік құпия аса маңызды бизнестің құндылықтарына айналды.
Патенттік құқық жуырдан бастап қана дами бастады. Патенттік құқық нарықтық экономика жүйесінің жетілдірілмегендігін көрсетеді деп айтуға болады, себебі өндіріс пен тауарларды үлестіретін нарықтық экономика жаңадан және сапалы тауарларды шығаруға жарамсыз деп айтуға болады. Бұл нарықтық жүйедегі жаңадан тауарды қалыптастырғанда, бәсекелестердің дәл мұндай тауарды шығарып, оған жұмсалған қаражатты оның өндірістік шығынына теңестіреді де, нәтижесінде табыстың деңгейі қалыптастырған өнімнің ары қарай дамуына мүмкіндік болмаған жағдайындағы деңгейге әкеледі. Патенттік құқық дәл осы жағдайларды шешу үшін пайда болды. Көптеген жылдар бойы өнімді бәсекелестерден қорғауды қамтамасыз ете отырып, патент табыс алудың мүмкіндігін ұлғайтады, нәтижесінде өндірістік талпынысты туғызады. Патент институты жаңалықты зетрттеу мен дамытуға мүмкіндік жасайтын болса, дәл солай авторлық құқық та әдеби шығармалардың қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Кітапты жазып шығаруға көптеген жылдар кетуі мүмкін. Нарықтық жүйеде, егер шығарылған кітап аса елеулі табыспен сатылатын болса, бәсекелес баспалар бірден дәл сондай кітапты шығарады.
Тауарлық белгінің қызметі мүлдем басқа. Сауда ауылдық сипатқа ие болған кезде, сатып алушылар сатушыларды басыбайлы таныды да, тауардың сапасын құнын бірден анықтай алды. Уақыт өте келе нарықтар ұлттық және халықаралық деңгейіне жетіп, тауардың жаппай өндірісі пайда болды және де белгілі бір тауар өндірушіні анықтау аса маңызды сұраққа айналды. Тауар белгісі өндірушіге де сатып алушыға да тиімдігі болды. Аса құнды тауарларды шығарушылар өз тауарларына тауар белгілерін қоя бастады, олардың алған беделіне байланысты олар тауардың өз бағасын бекітті. Сатып алушы болса, тауарды өндірушісіне аның алған беделін біле отырып, тауарға сенімділігімен қарады.
1. Интеллектуалдық меншік құқығы түсінігі.

Интеллектуалдық меншік құқығының объектілеріне:
Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері;
Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары жатады.
Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне:
ғылым, әдебиет және өнер туындылары;
орындау, фонограмма және хабар таратуды ұйымдастыру;
өнертабыс, пайдалы үлгілер, өндірістік үлгілер;
селекциялық жетістіктер;
интегралдық микросызба топологиялар;
ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары.
Азаматтық Кодексте немесе өзге де заң акітлерінде көзделген
реттерде интеллектуалдық шығармашылық қызметтің басқа да нәтижелері жатады.
Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдарына;
1.фирмалық атаулар;
2.тауарлық белгілер ( қызмет көрсету белгілері;
3.тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары (шығатын жерін
көрсету;
4.Азаматтық Кодексте және заң актілерінде көзделген реттерде
азаматтық айналымга қатысушылардың,тауарлар мен қызмет
көрсетулердің басқа да дараландыру құралдары жатады.
Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқық оларды қүру фактісінің күшімен не Азаматтық Кодексте немесе өзге де заң актілерінде көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша уәкілетті мемлекеттік органның қүқықтық қорғауды беруі нәтижссінен туындайды (962 бап). Интеллектуалдық шығармашылык қызмет нәтижелерінің авторлары осы нәтижелсрге қатысты жеке мүліктік емсс және мүліктік қүқықтарға ие болады. Жеке мүліктік смес құқықтар, оның мүліктік қүқығына қарамастан, авторға тиесілі болады және оның мүліктік құқығы басқа тұлғаның интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелеріне ауысқан жағдайда өзінде сақталып қалады.
Интеллектуалдық шығармашылық меншік объектісін оның иесінің өз қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалануға мүліктік құқығы интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқық болып танылады.
Егер Азаматтық Кодексте немесе өзге де заң актілерінде өзгеше көзделмесе, интеллектуалдық меншік объектісінің айрықша құқықтарды олардың құқық иелері шарт бойынша толық немесе ішінара басқа адамға беруі мүмкін, сондай-ақ мұрагерлік бойынша әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен және занды тұлганың-құқық иесінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде ауысады.

2. Интеллектуалдық меншік обьектілерінің құқықтық режимі мен түрлері.

Лицензиялық шарт бойынша интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немссе дараландыру құралына айрықша құқықты иеленуші тарап (лицензиар) екінші тарапқа (лицензиатқа) интеллектуалдық меншіктің тиісті объектісін белгілі бір әдіспен уақытша пайдалану құқығын береді. Лицензиялық шарт ақылы болып саналады.
Автор шарт бойынша туындыны, өнертабысты немесе интеллектуалдық шығармашылық қызметтің өзге де нәтижесін жасау және өзінің жүмыс беруіпісі болып табылмайтын тапсырысшыға оны пайдаланудың айрықша құқығын беруге өзіне міндеттеме алуы мүмкін. 967-ші баптың 1-тармағында көзделген шарт интеллектуалдық шыгармашылық қызметтің жасалуға тиісті нәтижесінің сипатын, сондай-ақ оны пайдаланудың мақсаттарын не әдістерін белгілеуге тиіс. Шарттың белгілі бір түрдегі не белгілі бір саладағы интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелерін жасауға автордың құқығын шектейтін талаптары жарамсыз болады.
Интеллектуалдық шығармашылық кызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құралына, мұндай нәтиже немесе дараландыру құралы көрсетілген материалдық объектіге меншік күқығына қарамастан, айрықіпа құқық қолданылады.
Интеллектуалдық меншік объектісіне айрықша құқық Азаматтық Кодексте немесе өзге де заң актілерінде көзделген мсрзім ішінде қолданылады. Заң актілерінде мұндай мерзімді үзартудың мүмкіндігі көзделуі мүмкін. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне жекс мүліктік смес құқық мерзімсіз қолданылады. Заң актілерінде көзделген жағдайларда айрықша құқықтың қолданылуы оны белгілі бір уақыт ішінде қолданбаудың салдарынан тоқтатылуы мүмкін. Айрықша құқықтарды қорғау Азаматтық Кодекстін 9-бабында көзделген әдістермен жүзеге асырылады. Айрықша құқыктарды қорға:
1.пайдалану арқылы айрықша құқықты бүзған материалдық объектілерді және осындай бүзушылық нәтижесінде жасалған материалдық объектілерді алып қою;
2.жіберілген кемшіліктер туралы, оған бүзылған құқықтың кімге қатысты екендігі туралы мәліметтерді қоса отырьш, міндетті жариялау жолымен;
3.заң актілерінде көзделген өзге әдістермен де жүзеге асырылуы мүмкін. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтін нәтижелері мен дараландыру құралдарын пайдалану туралы шарттар бүзылған жағдайда міндеттемелерді бүзғаны үшін жауапкершілік туралы жалпы ережелср қолданылады.
Патенттік құқық.Өнертабысқа және өнеркәсіптік үлгіге құқықтар алдын ала патент, патент беру, ал пайдалы модельге-тек патент беру жағдайында қорғалады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар
Меншік құқығы түсінігі
Интеллектуалдық меншік объектілеріне айрықша құқықтар
Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне тән белгілердің теориялық аспектілері
Интелектуалды меншік
Меншік құқығының түсінігі мен мазмұны
Интеллектуалдық меншіктің негізгі институттары
Сабақтас құқық туралы жалпы түсінік
Автордың мүліктік құқықтары
Интеллектуалдық меншік құқығының объектілері
Пәндер