Сын есім



Қазақ тіліндегі сын есімдер мағыналық жағынан зат есімдермен ұштасса, мәні мен қызметі жағынан есімшелердің, кейде үстеулердің кейбір топтарымен жалғасып жатады. Зат есімдермен мағыналық байланысының себебі осыдан бұрынғы тақырыпта айтылды. Ал, сын есімдердің кейбір түрлерінің (көбіне етістік, негізгі сын есімдердің) есімшелермен (немесе үстеулермен) байланысы бірыңғай формалардың тілдің даму барысында әрі есімше, әрі сын есім, келде үстеу ретінде қалыптасады. Бір мысал: Көк -түс аты, аспан — есімше тұлғасы, еын есім; -қы: шайқы — зат есім; -қыш: тұтқыш — зат есім, тапқыш — сын есім. Түркі тілдеріндегі сын есімдердің бір ерекшелігі—(мүмкін, тек қана түркі тілдерін деп емес, жалпы алтай тілдеріндегі) оларды басқа сөз таптардан ерекшелейтін, басы ашық тек қана «сын есімдерге тән» деп қарауға болатындай морфологиялық тұлғалардың өте аздығы (немесе тіпті жоқтығы). Айталық, қазақ тіліндегі сын есім жасайтын қосымшалы түп негізі жағынан-лық қосымшасының тарихи варианты. Ал-лық көне түркі тілінің өзінде таза сын есім жасайтьш қосымша болмағаны мәлім, сын есімнің шырай түрлерін жасайды деп есептелетін тұлғалардың қалыптасуы тіл дамуының кейінгі дәуірлерінде болса керек. Бұлардың бәрі сын есімдер деп аталатын грамматикалық топ түркілердің негіз тілі құрамына қатысты деп тұжырымдауға дәлел болмайды. Сын есімдердің басқа топтарынан (әсіресе, зат есімдерден) семантикалық және грамматикалық жағынан жіктелуі, өз алдына топ ретінде оқшаулануы тілдің даму барысында орныққан құбылыс болса керек. Түркі тілдері құрамында сын есімдер екі түрлі жолмен қалыптасқан: 1. Есімдердің (зат есімдер де, қимыл есімдері де) контексте қолданылу барысында сын есімге айналуы (трансформация); 2. Есімдердің басқа топтарынан оқшаулана морфологиялық жүйенің қалыптасуы.
Сын есімдердің қалыптасуы есім тұлғаларының әуелі анықтауыштық қызметке ие болып, соның нәтижесінде сындық мән алып, тұрақталуына негізделеді. Бұл жолмен (трансформация) жасалғандарға қазіргі тіліміздегі негізгі сын есімдердің көпшілігі жатады, яғни қазіргі түркі тіл-дерінің барлығында кейбір фонетикалық өзгерістермен қолданылатын көк, қара, қызыл, жасыл, сары, жас, кәрі т. б. сын есімдер осы жолмен қалыптасқан. Бұл сөздердің арғы негізі әр түрлі есім де, етістік те болуы
Әдебиеттер
1.Қайдаров.Ә. Түріктануға кіріспе.-Алматы,2001.
2.Қордабаев.Т. Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары.-
Алмата,1999.
3.Исаев.С. Қазақ әдеби тілінің тарихы.-Алматы,1996.
4.Қарабаев.Т. Түркология және қазақ тіл білімі.-Алматы,1998.
5.Аханов.Қ. Тіл білімінің неғіздері.-Алмата,2000.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Сын есім
Қазақ тіліндегі сын есімдер мағыналық жағынан зат есімдермен ұштасса,
мәні мен қызметі жағынан есімшелердің, кейде үстеулердің кейбір топтарымен
жалғасып жатады. Зат есімдермен мағыналық байланысының себебі осыдан
бұрынғы тақырыпта айтылды. Ал, сын есімдердің кейбір түрлерінің (көбіне
етістік, негізгі сын есімдердің) есімшелермен (немесе үстеулермен)
байланысы бірыңғай формалардың тілдің даму барысында әрі есімше, әрі сын
есім, келде үстеу ретінде қалыптасады. Бір мысал: Көк -түс аты, аспан —
есімше тұлғасы, еын есім; -қы: шайқы — зат есім; -қыш: тұтқыш — зат есім,
тапқыш — сын есім. Түркі тілдеріндегі сын есімдердің бір
ерекшелігі—(мүмкін, тек қана түркі тілдерін деп емес, жалпы алтай
тілдеріндегі) оларды басқа сөз таптардан ерекшелейтін, басы ашық тек қана
сын есімдерге тән деп қарауға болатындай морфологиялық тұлғалардың өте
аздығы (немесе тіпті жоқтығы). Айталық, қазақ тіліндегі сын есім жасайтын
қосымшалы түп негізі жағынан-лық қосымшасының тарихи варианты. Ал-лық көне
түркі тілінің өзінде таза сын есім жасайтьш қосымша болмағаны мәлім, сын
есімнің шырай түрлерін жасайды деп есептелетін тұлғалардың қалыптасуы тіл
дамуының кейінгі дәуірлерінде болса керек. Бұлардың бәрі сын
есімдер деп аталатын грамматикалық топ түркілердің негіз тілі
құрамына қатысты деп тұжырымдауға дәлел болмайды. Сын есімдердің басқа
топтарынан (әсіресе, зат есімдерден) семантикалық және грамматикалық
жағынан жіктелуі, өз алдына топ ретінде оқшаулануы тілдің даму барысында
орныққан құбылыс болса керек. Түркі тілдері құрамында сын есімдер екі түрлі
жолмен қалыптасқан: 1. Есімдердің (зат есімдер де, қимыл есімдері де)
контексте қолданылу барысында сын есімге айналуы (трансформация); 2.
Есімдердің басқа топтарынан оқшаулана морфологиялық жүйенің қалыптасуы.
Сын есімдердің қалыптасуы есім тұлғаларының әуелі анықтауыштық
қызметке ие болып, соның нәтижесінде сындық мән алып, тұрақталуына
негізделеді. Бұл жолмен (трансформация) жасалғандарға қазіргі тіліміздегі
негізгі сын есімдердің көпшілігі жатады, яғни қазіргі түркі тіл-дерінің
барлығында кейбір фонетикалық өзгерістермен қолданылатын көк, қара, қызыл,
жасыл, сары, жас, кәрі т. б. сын есімдер осы жолмен қалыптасқан. Бұл
сөздердің арғы негізі әр түрлі есім де, етістік те болуы мүмкін. Айталық,
қара дәлел: қара сөзі зат есім мәнін де береді (қара көрінді); ал етістік
деп қарауға дәлел — бұл сөздің етістік тұлғасы қарай, соңғы -й элементі
көсемше тұлғасы. Ал, көсемше тек етістік түбірден ғана жасалатыны белгілі,
сары сын есімінің арғы негізі — етістік, бұл сөздің көне түркі
ескерткіштері тіліндегі тұлғасы сарығ, соңғы-ығ әдетте етістік түбірге
жалғанатын қимылсын қосымшасы. Сонымен, осы айтылғандардан шығатын
қорытынды: негізгі сын есімдер сібаста әр түрлі есім * тұлғалардың
қолданысы негізінде қалыптасқан. Жоғары фактілерден байқалып отырғандай,
трансформация жолымен түбір сөздер ғана емес, туынды түбірлерде де сын
есімге айналған. Негізгі түбірлер сапалық сын есімдерге ұйтқы болса, туынды
түбірлер көбінесе қатыстық сын есімдердің негізін қалады. Туынды түбірлер
негізінде қалыптасқан сын есімдердің едәуір тобы қазіргі тілде шырай
қосымшаларын қабылдамайды. Мысалы: Кеш — кешірек, кештеу, бірақ кешкі сын
есімі шырай қосымшаларын қабылдайды.
Ал, сын есімдер жасаудың екінші жолы — оларды басқа сөздер тобынан
ерекшелейтін морфологиялық жүйенің қалыптасуы — туымды есім түбірлердің
трансформация жолымен сын есімге айналуына негізделсе керек. Туынды
түбірлердің текст құрамында қолданылу барысында сындық мән алып, орнығуы
олардың форманттарының сын есімдік мән туғызу тәсілдері ретінде қайта
ұғынылуына жағдай жасады (аналогия). Осы жолмен есімдерден сын есім
жасайтынлы және -лық (бір аффикстің екі варианты) етістіктерден сын есім
жасайтынқын, -ар, -қыр т. б. аффикстер құралған, сын есім жасаудың
морфологиялық жүйесі қалыптасты.
Қазіргі түркі тілдеріндегі сын есімдерді морфологиялық тұрғыдан екі
топқа бөліп қарастыру қалыптасты. Ондай топтар: негізгі есімдер және туынды
сын есімдер. Негізгі сын есімдер тобында әдетте бүгінгі тіл құрамында бөліп
қарауға келмейтін, түбір ретінде ұғынылатын сөздер жатады да, туынды сын
есімдерге қосымшалар арқылы басқа сөз таптарынан (есімдер мен
етістіктерден) жасалған сын есімдер жатады.
Негізгі сын есімдер: ақ, қара, көк, қызыл, сары, ала, жақсы, жаман,
зор, үлкен, кіші, тегіс, бай, кедей сияқты сөздер барлық түркі тілдерінде
айтылады, (әрине, әр тілдің немесе тілдер тобының өздеріне тән фонетикалық
ерекшеліктеріне сай). Негізгі сын есімдердің едәуір тобы, әсіресе түр-түсті
білдіретін сын есімдер бүгінгі түркі тілдерінде кейбір фонетикалық
ерекшеліктермен түгел қайталанып отырады. Мысалы, қазақ: ала,ноғай: ала,
ұйғыр: ала, алтай: ала, түркімен, әзірбайжан: ала т. б. сол сияқты заттың
ерекшелігін білдіретін сөздер түркі тілдерінің барлығына дерлік тән,
мысалы, қазақ: жаңа, ноғай: йаңы, құмық: йаны, ұйғыр: йени, түрік: йени
әзірбайжан: йеңи, чуваш: джіні, қазақ, ұйғыр, қарақалпақ: көк, түрік:
татар: күкт, якут: күрк, чуваш: қалак, түркімен: т. б. Сонымен бірге
негізгі сын есімдердің кейбір түрлері, әсіресе заттың әр түрлі сапалық
ерекшеліктерін білдіретін сын есімдер жеке тілдердің қалыптасу, даму
ерекшеліктеріне лайық өзгеше болып отырады: бұл жерде, әеіресе чуваш тілін
еске алу керек. Мысалы, чуваш: ваты -қарт, кәрия, віті — ұсақ, майда,
хырақ, хырах — жалғыз, лутака — аласа, домалақ. Бұл ұғымдар көпшілік түркі
тілдерінде басқа сөздер арқылы беріледі. Чуваштық эквиваленттер басқа түркі
тілдері мен чуваш тілі арасында белгілі дыбыс сәй-кестіктеріне жатпайды,
чуваш тілінің өзіндік дамуының нәтижесі болып табылады .
Сонымен қатар сөздік қордың басқа саласы сияқты, сын есімдер тобы да
басқа тілдермен байланыс арқылы толығып отырған. Чуваш тіліндегі -лытқы,
-тыныш, -лутака -аласа, жатаған, янкар — шірік, шулятра — үлкен, дәу т. б.
толып жатқан сын есімдер, өзбек тіліне араб, парсы тілінен енген сын
есімдер т. б. осы жол арқылы қалыптасқандар. Туынды сын есім жасайтын
аффикстердің бірі және осы қызметте ең жиі қолданылатын -лық, -лік
(бұлардың фонетикалық варианттары -лығ, -ліг, -лы, -лі) Бұл аффикске
қатысты ескеретін бір жай — көне түркі, ескі түркі (орта түркі) тілдерінде
бұл аффикс көбіне -лығ (соңғы дыбысы ұяң -ғы) сипатында айтылған да, әрі
зат есім, әрі сын есім жасаған. Бұл аффикстің -лық варианттарының
қалыптасуы — фонетикалық өзгерістерінің нәтижесі.
Мұндай аффикстердің ұяластығы бүгінгі тіл құрамында қолданылу
ерекшеліктерінен байқалады, Мысалы, қазіргі қазақ тілінде -лы орнына -лық
немесе керісінше қолданылу кездеседі (аудандық жер — ауданды жер).
Қазіргі түркі тілдерінде -лық және лы аффикстері арқылы жаңа сөз
тудыру қатыстық сын есімдер (яғни туынды сын есімдер) жасалуының ең өнімді
тәсілдері болып табылады. Тува: даштығ (тасты), дағлығ (таулы), суғлығ
(сулы), өзбек: куркинчли (қорқынышты), хакас: маллығ (малды), тоннығ
(тоңды, киімді), башқұрт: ішлі (етті). Осы тұлғалас қатыстық сын есімдердің
қазіргі түркі тілдеріндегі семантикасы мен қолданысы көбіне ыңғайлас болады
да, тілдер бүл жөнінде бір-бірінен пәлендей оқшау құбылыс байқатпайды.
Дегенмен, қазіргі кейбір тілдерде бұл тұлғалы сын есімдердің өзгеше
қолданысы да (көне түркі тілімен салыстырғанда) байқалады: -лы, -лық
тұлғалы сын есімдер кісінің ұлт, мекенге қатыстылық мәнін білдіреді.
Мысалы, қарашай: қытайлы (қытайлық), оруслу (Ресейлік), карачайлы (қарашай,
қарашайлық), түрік: истанбуллы (Стамбулдық), түркімен: Морылы (Морайлық)
өзбек: Самарқандік (Самарқандық) т. б. Бұндай қолданыс -лы, -лық тұлғалы
сын есімдердің семантикалық дамуының нәтижесі. Түркімен, ұйғыр тілдерінде
осы мәнде -лық, -лек аффиксі де қолданылады: ітлек (етті), музлақ (мұзды).
Якут тілінде осы мәнде -тах, -тәх аффикстері айтылады: аттах (атты), оғолох
(ұлды).
Қатыстық сын есім жасайтын аффикстердің бірі -шақ, (-шек і-чан, -чен,
-ча), Бұндай түлғалы сөздер белгілі бір іске, әрекетке, әдетке
ыңғайлылықты, икемділікті біл-діреді. Қазақ: бойшаң, алтай: соғушчан
(төбелесшіл), ұрысқақ, татар: талайчән (талайшыл), өзбек: сүзчан (сөзшең)
т. б. Қазақ тілінде, тағы басқа тілдерде бұл мәнде -қақ, -кек аффикстері
айтылады (ұрысқақ). бұл айтылғандардан басқа есім түбірлерден сын есім
жасайтын аффикстер мыналар: -қы, -кі: қысқы, жазғы, әзірбайжан: ахшамықа
(ақшам уақытындағы, кешкі), түрік: сабаһқы (ертеңгі), чуваш: сурки
(көктемгі), тува: часқы (көктемгі) т. б. -дақы, -декі жоғарыдағы аффикс пен
жатыс жалғау қосымшасынан құралған: ауылдағы, үйдегі, түрік: долаптақы
(шкафтағы), якут: тыатағы (тайгадағы), хакас: чирдеги (жердегі) т. б.
Қазіргі түркі тілдері құрамында сын есім жасайтын аффикстердің жалпы саны
әдәуір. Бірақ олардың көпшілігі (жоғарыда айтылғандардан басқалары) өнщсіз,
азын-аулақ сөздер құрамында ғана кез-деседь Мысалы: -ғай аффиксі қазақ
тілінде қапсағай тәрізді бірен-саран сөздер құрамында ғана үшырайды. Ал,
татар тілінде айтылатын -лач, -леч аффикстері (итләч -етті, йыплач -жүндес)
қазақ тілінде атымен кездеспейді. Немесе қарашай-балқар, түрік тілдеріндегі
(ақылман, қараман), алтай тіліндегі -сығ (дашсығ -тас сияқты, кіэзізіг-
кісілік), қазақ тіліндегі -гөй (ақылгөй) тәрізді аффикстер көбіне аталған
тілдерде және бірен-саран сөздер құрамында айтылады. Сондай-ақ жеке
аффикстердің белгілі бір тілдер құрамында қолданылу дәрежесі де бірдей
болып келмейді. Мысалы: қазақ тілінде -маң.аффиксі сын есім жасамайды, ал
қарашай-балқар, түрік тілдерінде сын есім жасайтын аффикстер қатарына
жатады. Сол сияқты -сақ аффиксі қазақ тілінде кейбір есімдерге қосыльш,
субъектіні ,бас-қалардан ерекшелейтін қылық, мінезге үйірлігін білдіретін
сын есімдер жасайды: сусақ, малсақ т. б. Бірақ шай, айыр, балық т. б. есім
сөздерге жалғанбайды, яғни сондай зат есімдерден сын есім жасамайды. Екінші
сөзбен айтқанда, мұндай қолданыс қазақ тілінде норма емес, ал алтай
тілінде: арақызақ (арақ құмар), үйқұзақ (үйқышыл), тува тілінде: айунзақ
(ойынға құмар), чайымсақ (шайқұмар), балығым-сах (балыққа қүмар), якут
тілінде: этімсех (етке қүмар, ет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ескерткіштер тіліндегі сапалық сын есімдер
Сын есім сөзжасамы
Сын есімнің категориялары
Сын есімнің семантикалық және граматиқалық сипаты
Қатыстық сын есімдер
Сын есім түсінігі
Сын есім және оны мектепте оқыту
Сын есімді жеке сөз табы ретінде қарастырған ғалымдардың көзқарастары мен пікірлері
Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңдегі сын есімнің танылуы
Бастауыш сыныпта сын есімді оқыту
Пәндер