Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін құқықтық қорғау (конституциялық аспект)



БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

КІРІСІПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕМЛЕКЕТТІК.ҚҰҚЫҚТЫҚ ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
11
1.1 Экономикалық мүдде . мемлекеттік ұлттық мүдде ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
1.2 Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін құқықтық қорғау экономикалық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз етудің алғы шарты ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
27
1.3 Экономика мен кәсіпкерлік саласында азаматтардың құқықтарын іске асыру мен қорғаудың конституциялық.құқықтық механизмдері (Қазақстан Республикасында экономикалық мүдделерді құқықтық реттеу) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 44
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫ ОРГАНДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ... ... ... .
60
2.1 Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуші мемлекеттік органдар жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
60
2.2 Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі мен рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
88
2.3 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс.қимыл ұлттық бюросы мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің Қазақстан Республикасында экономикалық мүдделерін құқықтық қорғау барысында басқа мемлекеттік органдармен өзара құқықтық әрекеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
138
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
158
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ...
164
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Монографиялық жұмыста мемлекеттің экономикалық мүдделерінің теориялық негіздері ғана талданып қоймай, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі туралы авторлық пікірлер айтылып, экономикалық мүдделерді құқықтық қорғауды қамтамасыз етумен айналысатын Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының практикалық қызметінің аса маңызды бағыттары зерттеледі. Монографияда Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін құқықтық қорғауды жүзеге асыратын құқық қорғау органдарының мәртебесін белгілеуге байланысты мәселелер егжей-тегжей қаралады.
Кілт сөздерінің тізімі: құқық, конституциялық құқық, мемлекет, зайырлы, демократия, экономикалық мүдде, экономикалық қауіпсіздік, ұлттық мүдде, ұлттық қауіпсіздік, құқыққорғау органдары, мемлекеттік қызмет.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Монографиялық жұмыста мемлекеттің экономикалық мүдделерінің теориялық негіздері ғана талданып қоймай, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі туралы авторлық пікірлер айтылып, экономикалық мүдделерді құқықтық қорғауды қамтамасыз етумен айналысатын Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының практикалық қызметінің аса маңызды бағыттары зерттеледі. Монографияда Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін құқықтық қорғауды жүзеге асыратын құқық қорғау органдарының мәртебесін белгілеуге байланысты мәселелер егжей-тегжей қаралады.
Кілт сөздерінің тізімі: құқық, конституциялық құқық, мемлекет, зайырлы, демократия, экономикалық мүдде, экономикалық қауіпсіздік, ұлттық мүдде, ұлттық қауіпсіздік, құқыққорғау органдары, мемлекеттік қызмет.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 174 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Н.А. Саулебек

Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін құқықтық қорғау
(конституциялық аспект)

Монография

Қарағанды 2016
ӘОЖ 342. 4(574)
ББК 67.400
C 21

Сын пікір білдірушілер:
Божқараұлы А. – Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік
университетінің Конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының
меңгерушісі з.ғ.к., доцент.
Мұсұлманбекова А.А. – ҚР Мемлекеттік қызмет істерінің министрлігінің
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қарағанды облысы
бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің аса маңызды
істер жөніндегі аға офицері.
Қаржасова Г.Б. – Қарағанды Экономикалық Университеті Қазтұтынуодағының
ЖҚАП кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы.

Авторы:
Н.А. Саулебек – з.ғ.к., Қарағанды экономикалық университетінің аға
оқытушысы.

Монография Қазтұтынудағы Қарағанды экономикалық университетінің Ғылыми
кеңесінде талқыланды. Хаттама № ____ ____ қаңтар 2016ж.

Осы монографиялық жұмыста Қазақстан Республикасының Конституциялық
құқығында қарастырылуға жататын экономикалық мүдделерді құқықтық қорғаудың
конституциялық негіздері жайлы жазылған. Монография Қазақстан
Республикасының Конституциялық құқығының пәніне арналған және
конституциялық ғылымда адам және азаматтардың экономикалық мүдделерін
қамтамасыз ету барысында конституциялық құқықтары мен бостандықтарын
қорғауға бағытталған отандық заңнамалардың қолданысы мен тәжірибеде жүзеге
асырудың жолдарын салыстыра отырып, ғылыми тұрғыда талқыланған. Ұсынылып
отырған монография жоғары оқу орындарының, соның ішінде заң мамандарын
даярлайтын жоғары оқу орындарының тыңдаушыларына және жоғарыдағы
мәселелерге қызығушылық танытатын қауымға арналған.
.
ISBN 978-601-235-066-1

© Н.А. Саулебек
Қазтұтынудағы Қарағанды
экономикалық университеті 2016ж.

МАЗМҰНЫ

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН 4
ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСІПЕ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ
МЕМЛЕКЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ 11
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
1.1 Экономикалық мүдде - мемлекеттік ұлттық мүдде 11
ретінде ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
1.2 Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін құқықтық
қорғау экономикалық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз етудің 27
алғы шарты
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Экономика мен кәсіпкерлік саласында азаматтардың құқықтарын 44
іске асыру мен қорғаудың конституциялық-құқықтық механизмдері
(Қазақстан Республикасында экономикалық мүдделерді құқықтық
реттеу) ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУДЫ
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫ ОРГАНДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ... ... ... . 60
Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғауды
қамтамасыз етуші мемлекеттік органдар 60
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі мен 88
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және
министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы138
мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік
кіріс комитетінің Қазақстан Республикасында экономикалық
мүдделерін құқықтық қорғау барысында басқа мемлекеттік
органдармен өзара құқықтық
әрекеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
158
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ...
164

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР – Қазақстан Республикасы
ҚМ – Қаржы министрлігі
ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
ӘСҰ – Әлемдік Сауда Ұйымы
КСРО – Қазақ Советтер Республика Одағы
ГФР – Германия Федерациялық Республикасы
КСР – Қазақ Советтер Республикасы
МҚК – Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті
МҚТ – Мемлекеттік құпиялар туралы
ЕврАзЭС – Еуразиялық Экономика Ұйымдастығы
ЕО – Европалық Одақ
ІІМ – Ішкі істер министрлігі
МТК – Мемлекеттік тергеу комитеті
ҰҚК – Ұлттық қауіпсіздік комитеті
КБК – Кедендік бақылау комитеті
ІІБ – Ішкі істер басқармасы
ІІБ – Ішкі істер бөлімі
ҚҚС – Қосымша құн салығы
ААҚО – Алматы аймақтық қаржы орталығы
ҚРА – Қазақстан Республикасының Агенттігі
БАЭ – Біріккен Араб Эмираттары
ҚПК – Қылмыстық процессуалдық кодекс
ЭСЖҚА – Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
агенттігі
ҚР МҚжСЖҚІҰБ – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері
министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы
ҚР ҚМ МКК – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік
кіріс комитеті

Қазтұтынуодағы Қарағанды
Экономикалық Университетінің
50 - жылдық мерейтойына арнаймын!

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Монографиялық жұмыста мемлекеттің
экономикалық мүдделерінің теориялық негіздері ғана талданып қоймай,
мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі туралы авторлық пікірлер айтылып,
экономикалық мүдделерді құқықтық қорғауды қамтамасыз етумен айналысатын
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының практикалық қызметінің
аса маңызды бағыттары зерттеледі. Монографияда Қазақстан Республикасының
экономикалық мүдделерін құқықтық қорғауды жүзеге асыратын құқық қорғау
органдарының мәртебесін белгілеуге байланысты мәселелер егжей-тегжей
қаралады.
Кілт сөздерінің тізімі: құқық, конституциялық құқық, мемлекет, зайырлы,
демократия, экономикалық мүдде, экономикалық қауіпсіздік, ұлттық мүдде,
ұлттық қауіпсіздік, құқыққорғау органдары, мемлекеттік қызмет.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Осы монографиялық жұмыста тұңғыш рет
қазақстандық құқықтық ғылымда Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратын; оның ең қымбат
қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары [1, 1 б.]
болып табылатын жағдайда Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін
құқықтық қорғауға байланысты проблемаларға кешенді зерттеу жүргізілді.
Бүгінде біз үлкен мүмкіндіктердің табалдырығында тұрмыз. Кез келген
қоғам мен мемлекетте елдің құқықтық қорғанысын, экономикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін түрлі жүйелер қызмет етеді. Қазақстанның егемендік пен
тәуелсіздік алуы принципті түрдегі және жаңа сападағы әлеуметтік жүйенің
пайда болуына әкелді.
Мемлекетте экономикалық заңдардың блогы, қаржы-экономикалық органдар
жүйесі сияқты экономикалық қатынастарды реттеу механизмі бола тұра іс
жүзінде кейде елдің экономикалық мүдделерін құқықтық қорғауды қамтамасыз
етуге байланысты проблемаларда кездесіп қалады. Жаңа экономикалық жағдайда
Қазақстан Республикасында бұрын қоғамға тән емес және құқық қорғау
органдарына онша таныс емес қылмыс түрлері туындады, мұның өзі елдің ұлттық
қауіпсіздігіне елеулі нұқсан келтіреді.
Мемлекеттің мұндай өсуі тек қана құқықтық мемлекетпен азаматтық қоғам
құрылғанда мүмкін болады, онда заңдылық пен әділеттілік принциптері дәйекті
жүзеге асырылады, мемлекеттік механизм арқылы адам мен азаматтың құқықтары
мен бостандықтары сенімді қорғалады және кепілдік беріледі [2, 3 б.]. Біз
құқықтық мемлекет құруға ұмтылып отырған адамның жоғары құндылықтарын
құрайтындардың бәрін: оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын қорғауға
қабілетті деп санаймыз.
Тұтасымен алғанда, осы монографиялық зерттеу тақырыбының өзектілігі
тақырыпта қаралатын аспектілерді тиімдірек дамыту мақсатында теориялық
қорытындылар мен практикалық ұсыныстар жасау, оларды жетілдіру мен
дамытуды, соның ішінде Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары
қызметінің бағыттары бойынша жекелеген құзіреттерде анықтау қажеттігіне
байланысты болып отыр.
Осы монография жаңашылдығымен ерекшеленетіндігін атап өтуіміз керек,
өйткені қолда бар кейбір ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының
экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты барлық проблемаларды
қамти алмайды. Осыдан зерттеу жүргізіп отырған тақырып көбінесе
жаңашылдығымен ерекшеленеді, яғни, сөзсіз өзекті болып табылады деуге
болады.
Монографиялық зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Экономикалық
қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты проблемаларды жан-жақты зерттеу
мемлекеттігімізді одан әрі нығайту үшін басты шарт болып табылады. Осы
зерттеудің басты мақсаты - Қазақстан Республикасының экономикалық
мүдделерін құқықтық қорғау мәселелерін кешенін қарау және оны жан-жақты
талдай отырып тұжырымдау болып табылады. Экономикалық мүдделерді қорғау
барысында конституциядағы бекітілген адам және азаматтар құқықтарын жан-
жақты сақтай отырып, мемлекеттің нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты
және құқықтық мемлекет құру жағдайында Қазақстанның экономикалық мүдделерін
құқықтық қорғаудың механизмін жетілдіруге байланысты мынадай негізгі
міндеттер туындайды. Оларға:
- Қазақстан Республикасының ұлттық мүддесі ретінде экономикалық
мүдделердің түсінігі мен мазмұнын ашу;
- экономикалық мүдделер мен елдің экономикалық қауіпсіздігі арасында
салыстырмалы талдау жүргізу;
- экономикалық қауіпсіздікті қорғауда конституциялық-құқықтық
механизмдерінің мәні мен заңдық табиғатын ашу;
- Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін құқықтық қорғауды
жүзеге асыратын құқық қорғау органдарының жұмысын талдау;
- Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қазіргі уақыттағы
міндеттері мен өкілеттілігін анықтай отырып, оның қалыптасуы мен дамуының
негізгі кезеңдеріне талдау жасау;
- қаралып отырған органдардың заңдылығы мен құқық тәртібін нығайту
саласындағы оның атқарып отырған қызметін сараптау;
- мемлекеттік органдардың экономикалық мүдделерін құқық қорғау
органдарында азаматтардың құқықтары және заңды мүдделерінің қорғалу
дәрежесі мен жағдайын анықтау;
- экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде құқық қорғау органдары
қызметінің құқықтық нормалары мен іс-әрекет әдістерінің ерекшеліктерін,
олардың өзара іс-қимылын талдау, салыстырмалы сипаттама беру;
- жүргізілген зерттеулер нәтижесінде мемлекеттің экономикалық
мүдделерін құқықтық қорғауды жетілдіруге бағытталған тұжырымдар мен
ұсыныстар жасау.
Зерттеу объектісі. Монографиялық жұмыстың объектісі болып –
конституциялық құқықта экономикалық мүддені құқықтық қамтамасыз ету мен
құқыққорғау органдарының конституциялық-құқықтық мәртебесі. Монографиялық
жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығында
адам және азаматтарының экономикалық мүддесін қамтамасыз ету кезінде
құқыққорғау органдарының конституциялық-құқықтық мәртебесі мен
өкілеттіліктерін қарастыру және құқыққорғау органдарының заңсыз кірістерін
заңдастыруға қарсы іс-қимылдарын жүзеге асырудың құқықтық зерделеу
жұмыстарына негізгі назар аударылған.
Зерттеу пәні. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы мен
қаржылық, кәсіпкерлік, құқыққорғау органдары пәндерінің өзара қарым-қатынас
тәсілдері мен механизмдері. Адам және азаматтардың әлеуметтік-экономикалық
даму бағытында конституциялық құқықты қамтамасыз етудің мәселелері болып
табылады.
Зерттеудің теориялық және методологиялық негіздері. Осы тақырыпты
зерттеуде мынадай әдістер қолданылды: диалектикалық, тарихи-құқықтық,
логикалық-заңдық, жүйелік-құрылымдық, салыстырмалық-құқықтық және
статистикалық.
Зерттеу осы тақырыпқа арналған мол әдебиетті, соның ішінде шетелдік
және отандық авторлардың еңбектерін, монографиялар мен ғылыми мақалаларды,
оқу және анықтама материалдарды кеңінен пайдалану негізінде жүргізілді.
Әсіресе Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық шарттарына, әкімшілік, қылмыстық және
азаматтық-құқықтық заңнамаларға және басқа нормативтік-құқықтық актілерге
жеткілікті көңіл бөлінді.
Монографиялық тақырыпқа байланысты проблемаларды теориялық-құқықтық
жағынан ойластыру мына авторлардың еңбектерінде біршама қаралады: осы
тақырыпқа байланысты басылымдардың ішінен шетелдік ғалымдарының Агеев В.М.,
Бэттлер А., Басков М.К., Генкин А., Гершкович Б.Я., академик Сенгалов В.К.
және қазақстандық теориятанушы-ғалымдардан Зиманов С.З, Баймаханов М.Т.,
Сапарғалиев Г.С., Сартаев С.С., Қопабаев Ө.Қ., Көбеев Е.Қ., Амандықова
С.К., Матюхин А.А., Малиновский В.А., Абдрасулов Е.Б., Алимбеков С.Т.,
Майлыбаев Б.А., Мұхамеджанов Э., Айтхожин Қ.Қ., Адайбаев Б.Ж., Арыстанбеков
К.Т. және т.б. ғылыми еңбектері монографиялық зерттеу барысында басшылыққа
алынды.
Зерттеу жұмысында ҚР Жоғарғы соты, ҚР Бас Прокуратурасы, ҚР Ұлттық
қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері
министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы, ҚР ҚМ
Мемлекеттік кіріс комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР ҚМ Кедендік
бақылау комитеті, сондай-ақ ҚР ҚМ Салық комитеті сияқты мемлекеттік
органдардың құқықтық мәртебесі мен қызметінің ұйымдық негіздерін және
олардың осы заманғы Қазақстандағы мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі
орнын анықтауға байланысты тұжырымдар жасалынды. Қазақстан Республикасының
экономикалық мүдделерін қорғауға қатысты жекелеген мәселелер бойынша
ғалымдар мен практикалық қызметкерлердің көптеген баспа еңбектерінің
болуына қарамастан зерттеулердің кешенді талдануы осы күнге дейін кең
көлемде зерттелмеді.
Сонымен бірге кейбір ғылыми пікірлер мен ұсыныстар белгілі дәрежеде өз
өзектілігін жоғалтты, өйткені тіпті Қазақстан Республикасының экономикалық
мүдделерін құқықтық қорғауды жүзеге асыратын құқық қорғау органдарының
қызметіне байланысты нормативтік-құқықтық заңдылықтардағы нормаларды
тәжірибеде пайдалануда кемшіліктер кездеседі.
Монографиялық зерттеудің нысаны мен тақырыбы оның мақсаты және
міндеттерімен белгіленеді. Осы ғылыми зерттеудің нысаны Қазақстан
Республикасының экономикалық мүдделерін құқықтық қорғау, оның рөлін, орны
мен біздің жас мемлекетіміздің қалыптасуы және дамуы үрдісінде маңызын
анықтау болып табылады.
Зерттеудің тікелей тақырыбы Қазақстан Республикасының экономикалық
қауіпсіздігін жүзеге асыратын мемлекеттік органдарының құзырына жататын
мәселелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес
мемлекеттік саясаттың осы саласында қамтитын нормативтік-құқықтық базаны
одан әрі жетілдіру болып табылады.
Зерттеудің эмперикалық базасы. Жұмыста Қазақстан Республикасының Ұлттық
қауіпсіздік комитеті, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы, ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитеті,
ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Ішкі істер органдары, ҚР ҚМ Салық комитетінің
нормативтік материалдары, сондай-ақ мемлекеттік органдар жариялаған басқа
да ақпараттары кеңінен пайдаланылды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы оның осы заманғы қазақстандық заң ғылымында
осы салада туындайтын проблемаларды зерттеуге және шешуге бағытталған,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін құқықтық
қорғауда құқық қорғау органдарының жұмыс тиімділігін арттыруға байланысты
ғылыми диссертациялық зерттеу тұңғыш рет жасалынды. Мұнда ерекше назар
аударатын аз зерттелген немесе дискуссиялық мәселелерге жан-жақты көңіл
бөлінеді.
Зерттеу барысында экономикалық қауіпсіздік түсінігінің нақты құрамдас
бөлігін аша отырып, ал бұған дейінгі осы мәселені зерттеу жұмыстарымен
салыстырмалы түрде тұжырымдалды.
Сондай-ақ жүргізілген ғылыми зерттеу мен монографияда белгіленген
проблемаларды қарау нәтижесінде диссертанттың пікірі бойынша елдің
экономикалық мүдделерін құқықтық қорғауда құқық қорғау органдарының
қызметін жетілдіруде елеулі бағыттарды көрсетуі зерттеу жұмысының жаңалығы
болып табылады. Қазіргі қолданыстағы заңнамалық базадағы кейбір нормаларды
түсіндіруден пайда болатын құқық қорғау органдарының іс-әрекетіндегі кейбір
мәселелерді реттеуге өз үлесін қосуы мүмкін. Осы бағытта Қазақстан
Республикасының қолданыстағы ұлттық заңнамаларын жаңа нормативтік-құқықтық
нормалармен толықтыру жөнінде нақты ұсыныстарды айқындауда.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Монографиялық зерттеуді
негіздеуге ерекше назар аударылған мынадай тұжырымдармен анықталады:
1) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін құқықтық қорғау –
бұл мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз етуден басқа,
халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында әлеуметтік-экономикалық жағдайын
құқықтық жетілдіру;
2) Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттің ұлттық мүдделерімен анықталады, ал
оларға мемлекеттің тіршілігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін сұраныстар
жиынтығы жатады.
3) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін Конституциялық
аспектісі жағынан құқықтық қорғау – бұл экономикалық қауіпсіздікті
қамтамасыз етудің заң жүзінде жүзеге асырылу жағдайы болып табылады.
4) Экономикалық қауіпсіздікті талдаудағы маңызды аспектісі –
мемлекеттік қызметті жеткілікті қамтамасыз етіп, оның халықаралық байланыс
жүйесінде негіз болатын әскери, экономикалық, саяси және әлеуметтік
ресурстардың жиынтығын құрайтын мемлекетік кешенді күші болып табылады.
5) Экономикалық қауіпсіздік және экономикалық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету терминдерінің құқықтық анықтамасы мәселесін қарау Қазақстан
Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды
теориялық және практикалық мағынаға ие екендігі сөзсіз.
6) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін құқықтық қорғау
мазмұны заң ғылымында теория шеңберінде зерттелсе, тәжірибе жүзінде
мемлекеттік органдар арасындағы өзара әрекеттер арқылы анықталады.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы. Зерттеудің теориялық
маңызы - бұл диссертация тұтасымен экономикалық мүдделерді қорғаудың
құқықтық мәртебесін, сондай-ақ елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз
етуді жүзеге асыратын құқық қорғау органдарының тағайындалуын ұғынуға
көмектесе алады.
Теориялық қорытындылар Қазақстан Республикасының экономикалық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жаңа арнайы ғылыми-
теориялық зерттеулерге, елде заңдылық пен құқық тәртібін одан әрі нығайту
мақсатында құқық шығару қызметін жетілдіру, құқықтық әрі егеменді мемлекет
құру жөніндегі идеяларды бекіту және жүзеге асыру үшін негіз болып қызмет
ете алады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы автор жасаған Конституциялық құқық
ғылымын байытатын тұжырымдамалық қағидалар болып табылады, олар елдің
экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құқық қорғау органдарының
конституциялық-құқықтық мәртебесінің түсінігі мен мәнін аша түседі. Сонымен
қатар, диссертацияның тақырыбы бойынша зерттеулердің нәтижесі құқық қолдану
жұмысында, заңгерлік жоғары оқу орындарының оқу үрдісінде, ғылыми-
әдістемелік және ғылыми-көпшілік оқу құралдарын дайындау үрдісінде
пайдалануға болады.
Жариялымдар туралы мәліметтер. Осы монография Қарағанды экономикалық
университетінің Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасында
орындалды.
Зерттеудің негізгі қағидалары мен қорытындыларына сәйкес 2 шетел
мақаласы, 4 хабаршы, 7 халықаралық ғылыми конференцияларда мақалалары
жарияланды. Оның ішінде:
Монографиялық зерттеудің құрылымы мен көлемі. Монографияның құрылымы
зерттеудің сипатына, мақсаты мен міндеттеріне, сондай-ақ әдістемелік
құралдар мен ұсыныстарға байланысты болып отыр.
Монографиялық жұмыс 170 бетте мазмұндалған. Кіріспеден, 3 бөлімді
құрайтын 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен
тұрады.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕМЛЕКЕТТІК-
ҚҰҚЫҚТЫҚ ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ

1.1 Экономикалық мүдде – мемлекеттік-ұлттық мүдде ретінде
Адамзат тарихында ұлттық мүдде туралы мәселенің анықталмаған жағдайда
қалуына байланысты мысалдар аз емес. Осындай қалді ТМД-ның бұрынғы кеңес
одағы республикалары ғана емес, сонымен бірге транзитті жағдайда тұрған
барлық елдер де бастан кешуде. Ұлттық мүдде санаты әлемнің барлық
мемлекеттерінің қазіргі заманғы саяси және ғылыми салаларға мықтап енді.
Дамуының дәрежесі мен сипатына қарамастан кез келген елдің белгілі бір баса
назар аударатын ұлттық мүдделері бар. Олардың қатарына экономикалық мүдде
кіретіні даусыз.
Мемлекеттік-ұлттық мақсаттары нақты айқындалмаған халықтың болашағы
жоспарсыз, шашыраңқы болуы мүмкін. Сондықтан оған жат әлеуметтік-саяси
құрылым күштеп таңылуы мүмкін. Тарихи тәжірибе көрсетіп отырғандай, нақты
проблемаларды боямалау, мүмкін боларлық қателердің алдын алу, мемлекет
ішінде қауіпсіздікті нығайту жөніндегі қажетті шараларды қолдану мен
өткізуге кері әсерін тигізуі мүмкін.
Осы тарауды толық мәнді және жан-жақты ету үшін біз аса маңызды
категория ретінде адамдардың оларды қоршаған әлемге белсенді қатынасын
көрсететін түсінік ұғымына соқпай өте алмаймыз. Түсініктің әсерімен
адамның әлемге қатынасы мақсатты бағыт алады. Ол адамның қылықтарымен және
әрекеттерімен қозғалатын ішкі серіппе болып табылады. Осы феноменді жан-
жақты талдау адамның өмірлік талпыныстары мен қылықтарының нақты себебін
түсіндіруге мүмкіндік береді. Адам және қоғам мүддесіне байланысты
мәселелерге көптеген зерттеулер арналған [3, 18б.], мұның өзі, бір жағынан,
мүдде түсінігінің әлеуметтік құбылыстарды тануда, адамдардың мінез-
құлқының терең себептерін ашуда ерекше маңыздылығымен айқындалады, екінші
жағынан осы категорияның қоғамдық ғылымдарда жеткілікті зерттелмегендігімен
түсіндіріледі.
Қажеттілік, тұлғаның мүдделері әлеуметтік мемлекеттің мәнін зерттеуде
басты буындардың бірі болып табылады. Өйткені құқықтық мемлекет өз
нормаларында тұлғаның өмірдегі әлеуметтік мүдделерін сол қалпында білдіруі
тиіс. Осы категориялар әлеуметтік әрекеттердің тікелей себептерін ашуы үшін
жасалған, соның нәтижесінде қоғамдық өмірдің түрлі саласында өзгерістер мен
толықтырулар болып тұрады [4, 6 б.].
Әрбір елде мүдденің алатын орны ерекше. Мүдделер әртүрлі болып келеді.
Әлеуметтік топ та, ұжым да, тұлға да өз қылықтарының, әрекеттерін өз
мүдделерімен ұштастырады. Адам оны қоршаған ортаға қажетті мүдделерді
анықтайтын өз мақсаты арқылы бірлесе іс-қимыл жасайды. Сондықтан әдеттегі
сана деңгейінде адамдардың жеке іс қимылы мен қылықтарында, сондай-ақ
жаппай тарихи оқиғалар мен құбылыстарда мүдденің үлкен мағынасы
айқындалады. Ғылыми ой тарихында осы проблемаға француз ағартушылары назар
аударды, олар қоғамдық өмірдің құбылыстарын, адамдардың салттары мен әдет-
ғұрыптарын олардың қажеттіліктері мен мүдделері арқылы түсіндіруге тырысты.
Олар мүддені ерекше маңызды әлеуметтік құбылыс деп есептеді.
Мәселен, П. Гольбах үшін мүдде – адам қылықтарының оятушы күші, ол
мүддені әрбір адам өзінің бақытымен байланыстыратын объект деп атайды [5,
311 б.].
Саяси билік, егер халықтың басым көпшілігі түсінетін және қабылдаған
мемлекеттік, ұлттық, экономикалық мүдделер мен мақсаттар жүйесіне
сүйенбесе, өз беделін бекіте алмайды. Жалпыұлттық мүдделер мен
құндылықтарға сүйенген мемлекеттік билік қызметінің құлдырауы мен халықтың
әлеуметтік жағдайының құлдырауын тоқтатып, сыбайлас жемқорлық және
ұйымдасқан қылмыспен күресуде өз жетістігін бере отырып, қоғамның тұрақты
дамуына үлесін қосады. Ұлттық мүдделер мен оларды жүзеге асырудың
механизмін түсіну үшін екі негізгі принципті тәсілді ескеру қажет.
Бірінші көзқарас - қоғам мен жеке адамның мүдделеріне қатыссыз, ұлттық
қауіпсіздіктің кепілдігінсіз елдің ұлттық мүдделерін нарықтық
жекешелендірумен негіздеуге, сауда-саттықты тек әлемдік нарықтан табуға
болмайтындығын көрсетеді. Билік құрылымдарының бүгінгі бағыт-бағдары –
энергетикалық-шикізаттық, яғни елдің даму шикізаттын экспорттауға және
тұтыну тауарларын импорттауға негізделген.
Мұндай бағыт отандық өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісін
құлдыратуға, қаржы тепе-теңдігін бұзуға, ғылымның дағдаруына, халықтың
басым көпшілігінің тіршілік деңгейі мен сапасының төмендеуіне, жұмыссыздық
пен қылмыстың өсуіне, қоғамдағы әлеуметтік шиеленістің күшеюіне алып
келеді.
Екінші көзқарас – елдің ұлттық мүдделері қоғамның ашықтығы мен
азаматтық бостандықтардың қол жеткізілген деңгейін сақтау, көпшілік
тұтынатын тауарлардың кең ассортиментінің болу қажеттілігімен - әлеуметтік
бағдарланған экономикамен, жаңа лектегі ғылымға негізделген өндірістер мен
технологиялардың негізінде уақыттан оза жаңғыртумен, жеке адамның даусыз
басымдығын және азаматтардың әлеуметтік қорғалуын көрсететін экономикамен
байланыстырылуға тиіс. Бұл тенденция ТМД-ның бірқатар тәуелсіз
мемлекеттерінің бірігуімен және Қазақстанның әлемдік нарыққа кіруімен
объективті түрде байланысты.
Кейбір авторлардың пікірінше ұлттық деген ұғым ескірілді. Ұлт
этностарының барлық тілдік, діни, мәдени және т.б. сәйкессіздіктерімен
бірге саяси бірігуінің салдарынан құрылады. Ұлттық мемлекет туралы
айтқанда, біз халықаралық қатынастардың нақты факторын есептейміз. Әрбір
ұлттық мемлекет өзінің ұлттық саясатын жүргізеді. Өз кезегінде кез-келген
мемлекеттің ұлттық саясатының негізінде мемлекет қызметінің басты бағыты
ретінде ұлттық мүдде идеясы жатады [6, 57-58 б.]. Қазіргі ғалымдар мен
тәжірибелі саясаткерлер ұлттық мүддені ғылыми зерттеу мен талдауға болатын
объективті түрде дәуірлеп тұрған құбылыс ретінде қарайды.
Ұлттық мүдде негізінен үш негізгі қызметті атқарады:
– мемлекет басшылығының сыртқы және ішкі саяси шешімдер қабылдауына
негіз ретінде қызмет етеді және елдің территориялық тұтастығына қауіп
келтіретін радикалдық, сепаратистік күштерге қатысты қызмет;
– үкімет ұлттық мүддеге жүгіне отыра, сенімді түрде халыққа сыртқы
саясаттың мақсаты мен міндеттерін түсіндіретін қызмет;
– ұлттық мүдде елдің қоғамдық пікірі алдында сан қырлы сыртқы саяси
қызметтерді ақтау үшін пайдаланылады.
Егер мемлекет полиэтникалық болса, онда ұлттық мүддені қалыптастыруда
біріктіруші фактор ұлттық-мемлекеттік бірлестік факторы рөлінде болады.
Ұлттық мүдденің субъектісі сөзсіз мемлекет болып табылады, бірақ осымен
бірге ұлттық мүддені қалыптастыруда халық, партиялық және шығармашылық
қауым қатысады. Демек мемлекеттік мүдде ұлттық мүддеге бағындырылуы тиіс.
Сондай-ақ мемлекеттік мүдде екіұшты болуы мүмкін, оны кең (жалпыұлттық)
және тар (билік элитасының мүддесі) мағынасында түсіндіру ұлт мүддесі мен
билік басындағылардың корпоративтік мүддесі арасында жанжал тудыруы мүмкін.
Егер ұлттық элитаның әрекеттері қоғамның құндылықтарына қайшы келмесе,
мемлекеттік мүдде практикалық саясат тілімен синонимдер ретінде болады.
Ұлттық мүддені қоғамның ең өзекті мәселелерін қамтитын мемлекеттік мүдденің
халықтың таңдауы деп анықтауға болады, сонымен бірге тіпті өркениетті
елдерде мемлекеттік мүддеге ие кейбір проблемалар халыққа беймәлім болып
келеді. Ұлттық мүдде бірегей және бөлінбес құрылым ретінде мемлекетке
қатысты проблемаларды қамтиды.
Осы проблемаға қатысты тағы бір термин бар, ол - қоғамдық мүдде. Ол
мемлекеттік және ұлттық мүдделермен бірталай араласып та, ажырасып та
жатады. Мемлекеттік мүдде мен қоғамдық мүдде ұлттық мүддеге байланысты
себептермен ұштасып жатады. Егер қоғамдық мүддені билік басындағылар
мемлекеттік басқару тіліне көшірсе, онда сәйкестендірілуі мүмкін. Қоғамдық
мүдде, ұлттық мүддеге қарағанда ұсағырақ, күнделікті проблемаларды қамтиды.
Мұнда елдің ішкі саяси мәселелері туралы болса, қоғамдық және ұлттық
проблемалар арасындағы айырмашылықты айыру қиын болып келеді. [7, 34 б.].
Өзі үшін ұлттық мүдделерін анықтап алып, ұлт өзінің саяси жетекшілеріне
ішкі саясатта таңдап алынған бағытпен жүруді сеніп тапсырады. Сөйтіп,
ұлттық мүдде әлеуметтік тұрақтылықтың реттеушісі, сондай-ақ ұлттың
бірлігінің, мемлекеттің, қоғамның, жеке тұлғаның қауіпсіздігінің, аумағының
тұтастығының реттеушісі сияқты болады. Қоғам мен елдің саяси жетекшілерінің
өзара іс-әрекеті тығыз болған сайын жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің,
яғни ұлттың өмірлік маңызды мүдделері ішкі және сыртқы қатерлерден дәйекті
түрде қорғалады.
Ұлттық мүдделер ұғымы ұлттық қауіпсіздікті немесе оны іс жүзінде
қамтамасыз ету жөніндегі қызметті зерттеу проблемаларына қатысты жалпы,
сондай-ақ жеке мәселелерді қарау кезінде өте жиі пайдаланылады. Бұл ретте
ұлттық қауіпсіздіктің көптеген анықтамалары осы ұғымды пайдалану арқылы
беріледі. Оның үстіне, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің зерттеушілік
және практикалық әралуан аспектілерін жария ету көп ретте ұлттық мүдделер
ұғымының аясында жүргізіледі.
Әдетте, ұлттық қауіпсіздік үрдісін жасау схемасы әдістемелік жағынан
бірнеше (тізбектес) операцияларды жүзеге асыруды көздейді: әуелі ұлттық
мүдделер, сонан кейін – осы мүдделерге нақты және әлеуетті қатерлер
анықталып, осыдан кейін ғана қатерлерді болдырмау немесе бейтараптандыру,
яғни ұлттық қауіпсіздік саясаты қалыптастырылады [8, 149 б.]. Сонымен,
ұлттық мүдделерді анықтау тек теориялық - әдістемелік маңызға ғана ие емес,
сондай-ақ маңызды практикалық роль атқарады.
Осының бәрі ұлттық мүдде түсінігі ұлттық қауіпсіздіктің жекелеген
және жалпы проблемаларын жасауда, сондай-ақ оны практикалық жағынан
қамтамасыз етуде де маңызды болып табылады. Осы жағдаят ұлттық мүдденің
мәні мен мазмұнын және олардың өзара қатынасын егжей-тегжей қарауды қажет
етеді. Мұның өзектігі осы проблеманы шешу тәсілдері ғылыми әдебиетте де,
Қазақстан Республикасының тиісті ресми құжаттарында әр түрлі болуында.
Тұтастай алғанда ұлттық мүдделерді қорғау қажеттілігі, әдетте, іс
жүзінде әлемнің барлық мемлекеттерінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
негізінде жатыр. Осы екі ұғымның мұндай даусыз өзара байланысы ұлттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларына да өзінше бір ескертушілік
көзқарасты туындатты. Қауіпсіздіктің мәнін анықтаудағы мұндай көзқарас
қазақстандық саяси әдебиетте де басым екендігін атап кеткен жөн. Аталмыш
жағдайда барынша еске алынатын анықтама Қазақстан Республикасының 1998 жығы
26 маусымдағы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы
Заңында берілген, сондықтан ол негізгі болып табылады. Бұл Заң Қазақстан
Республикасының қауіпсіздігі – елдің ұлттық мүдделерінің нақты және
әлеуметті қауіптерден қорғалу жағдайы дегенді айтады [9]. Қаралып отырған
анықтамада қауіпсіздік ұлттық мүдделерді қорғаумен шендестіріліп, іс
жүзінде толығымен сол ұғыммен түйінделеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету,
содан өрбитін ел мүдделерін қорғау мақсаттары нақтыланбайды. Заңның
кіріспесінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қазақстан
Республикасының тәуелсіз, егемен мемлекет ретінде дамуының басты шарты
болып табылады деп қана көрсетілген.
Біздің ойымызша, ұлттық қауіпсіздік пен ұлттық мүдденің қатынасы туралы
қазақстандық заңнаманың қағидаларының мазмұндық мардымсыздығы кездейсоқ
емес. Ол ұлттық мүдде және оған байланысты проблемалар түсінігінің
жеткіліксіз деңгейде зерттелуінде.
Заң – бұл тұжырымдама немесе стратегия емес екендігін назарға ала
отырса да, ұлттық мүдде түсінігін анықтауда бұл сияқты механикалық
тәсілдің негізгі кемшілігі көзге ұрып тұрады.
Біздің жағдайда ұлттық мүдде түсінігі үшін кеңірек жақын түсінік
тауып, оны осы түсінікке келтіру және оның түрлік белгілерін анықтау қажет.
Мұндай норма Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан
Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Заңының 1-бабында бекітілген.
Онда Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері Қазақстан Республикасының
саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа қажеттіліктерінің жиынтығы болып
табылатындығы атап көрсетілген, оларды жүзеге асыру мемлекеттің адам мен
азаматтың конституциялық құқықтарын, қазақстандық қоғам құндылықтарын,
негіз қалайтын мемлекеттік институттарды қорғауды қамтамасыз етуге
байланысты.
Жоғарыда тұжырымдалған ойларға қарап біз ұлттық мүдде түсінігіне
мынадай анықтама бергіміз келеді. Ұлттық мүдде – бұл мемлекеттік саясат
субъектілері сезінетін елдің қауіпсіз өмір сүруі, тиімді қызмет етуі мен
дамуын қамтамасыз ету үшін міндетті түрде қанағаттандыруға және қорғалуға
жататын халық қажеттігі. Міне, осы көзқарас арқылы мемлекет саясатының
мәні, мақсаты мен мазмұны, көптеген түрлі фактілерді, мәлімдемелерді,
декларацияларды, бағдарламаларды, сондай-ақ жүргізілетін барлық нақты
экономикалық, саяси және басқа шараларды талдаудың қажеттілігін көрсетеді.
Бірінші кезекте қажеттіліктерді түсініп, ұлттық мүдденің мәнісін
анықтағаннан кейін оларды жіктеу жүргізіледі. Ол маңызы бойынша, ауқымы
бойынша, әрекет ету мерзімі бойынша, қоғамдық өмірде көріну салалары
бойынша түрлі негіздерде құрылуы мүмкін.
Маңызы бойынша ұлттық мүдде өмірлік маңызды, маңызды және жай мүдде
болып бөліне алады [10, 87 б.]. Мұнда өмірлік маңызды мүдделер саласына,
әдетте, елдің мемлекеттік егемендігі мен тәуелсіздігі, шекараның аумақтық
тұтастығы мен тұрақтылығы, конституциялық институттарының бұлжымастығы және
т.б. енеді. Маңызды мүдделер тізбесіне адам құқығын сақтау, елдің тыныштығы
мен дамуы, қоғамдық қауіпсіздікті, ұлтаралық тұрақтылықты сақтау және т.б.
жатқызуға болады. Жай мүдделерге, әдетте, екінші дәрежелі мүдделерді,
мәселен экологиялық, рухани-мәдени және басқа қауіпсіздік түрлерін
жатқызады.
Өзінің ауқымы бойынша ұлттық мүдделер, әдетте іргелі, стратегиялық және
тактикалық мүдделерге бөлінеді.
Тиісінше мүдделердің әрекет ету ұзақтығы бойынша әдетте ұзақ мерзімді
және қысқа мерзімді мүдделерді бөліп қарайды. Ұлттық мүдде қоғамдық өмірде
көрініс беруі бойынша мүдделердің нақты түрі бойынша: экономикалық, саяси,
әскери, әлеуметтік және т.б. болып жіктеледі. Бұл жерде ұлттық мүдделерді
осылай жіктеу міндетті екенін атап өтуге болады, өйткені кері жағдайда
ұлттық мүдделерді анықтаудың процедурасы қоғамның барлық проблемаларын жай
тізбектеуге айналып кетуі мүмкін.
Сонымен, елдің ұлттық мүдделерін қорғау Қазақстанның ұлттық
қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өзекті және байланыстырушы жағдай болып
табылады. Аталмыш жағдаяттарды ескере отырып, Қазақстанның ұлттық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемаларын зерттеу кезінде оның ұлттық
мүдделерін қорғау тұрғысында ұлттық мүдделер – еліміздің қажеттіліктерін
мемлекеттің негіздеуін көрсететін қауіпсіздік саясатының категориясы дейтін
қағидаға сүйену мақсатқа сай келеді. Бұл ретте Қазақстанның ұлттық
мүдделері елдің жалпы және саяси ерекшеліктерінен, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының халықаралық қатынастар жүйесіндегі орны мен рөлінен
туындайды.
Аталмыш мәселені сапалы және жан-жақты қарау үшін біз Қазақстан
экономикасын реформалаудың негізгі ұстанымдарын анықтағымыз келеді. Біздің
ойымызша, экономикалық салада мұндай ұстанымдар мыналар болып табылады:
- ұлттық байлықтың өсуін және адамдардың өмірі мен қызметінің
лайықты жағдайларын қамтамасыз ететін қуатты, қимыл-қозғалысты
дамитын экономиканы құру, бұл ұлттық экономиканың құлдыратып
құрып кетуден сақтайды және оны орнықтыруды талап етеді;
- әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономиканы қатаң түрде кезең-
кезеңмен қалыптастыру, отандық кәсіпкерліктің бастамасын жан-
жақты көтермелеу, оларға экономикалық ынталандырудың тетіктерін
табу, сыбайлас жемқорлықтың кез келген түрлерін жою;
- меншіктің барлық нысандарының – мемлекеттік, қоғамдық, жеке және
басқа да түрлерінің тең құқықтылығын орнықтыру. Меншік иесінің
құқықтарын мемлекет тарапынан қорғауға алу;
- қаржы жүйесіндегі олқылықтарды жою және бюджетті тиімді
пайдалану;
- кәсіпорындар мен ұйымдардың дербестігін кеңейту, шаруашылық
қызметінде әкімшілік кедергілерден бас тарту;
- еңбек етуге байланысты жеке тұлғаның конституциялық құқығына
кепілдік беру, жалақыны, зейнетақы мен жәрдемақыларды,
өтемақыларды міндетті түрде төлеу, жыл сайынғы ақылы демалысты
беру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау;
- елдің табиғи ресурстарын ретсіз пайдалануға, қоршаған ортаға
залал келтіруге және экологиялық ахуалдың нашарлауына жол бермеу.

Алайда даму өлшемін ауыстыру ұзақ уақытты қажет етеді, оның шеңберінде
бірқатар кезеңдер байқалады. Оларға жалпы технологиялық артта қалудан
қорғану қызметтерін жасау, яғни жаңарту қажет болады.
Қазақстан Республикасының әлемдік сауда ұйымына (ӘСҰ) енуге
дайындалуына байланысты республика экономикасына жаһанданудың әсері
күшейді. Бүгінде біз оған енудің алдында тұрмыз, оның шарттарына,
механизмдері мен кезеңдерін қоса алғанда, көбінесе біздің экономикалық әл-
ауқатымыз тәуелді болады. ӘСҰ жарғысында ұлттық экономиканы мемлекеттік
реттеуді шектеу қағидалары бар. Сол арқылы экспорттық субсидияларды
пайдалануға, өнеркәсіпті кезеңдік қорғауға, шетелден инвестицияларды
шектеуге тыйым салынады. Ұйымға енетін ел үшін басты талап стэнд-стил
ережесін сақтау болып табылады, ол – қосылу туралы келіссөз жүргізген
сәттен елдің тауарлар мен қызметтер нарығына қол жету шартын кепілдендіруге
бағытталады. Сонымен бірге ӘСҰ ережесінде пайдалануды қажет ететін қорғаныс
шараларының бірқатар түрлері бар. Біздің елде ішкі нарықты демпингті
тауарлар мен арзандатылған бағалар бойынша шетелдік мемлекеттер
субсидиялайтын тауарларды енгізуден қорғауды күшейту мақсатында азық-түлік
импортына шектеу енгізілген, өндірістік-техникалық мақсаттағы өзге де
шаралар көзделген, Тауарлар импорты кезінде ішкі нарықты қорғау шаралары
туралы, Демпингке қарсы шаралар туралы, Субсидиялар мен компенсациялық
шаралар туралы заңдарды қабылдауы бұл мәселенің өзектілігін айқындайды.
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі жанынан
Демпингке қарсы бақылау жөніндегі арнайы комитетін құру осы салада
қызметтерді реттеуге өз үлесін қосуы мүмкін. Қазақстан Республикасы ӘСҰ
енген жағдайда ішкі нарықта ұлттық мүдделерді қорғаудың әлемдік тәжірибесін
белсенді пайдалану қажеттігі туындайды. Оған импорттық тауарларды біртіндеп
үдеуді қолдану жатады, мұнда бағаларды өсіру енгізілетін тауарды өңдеу
дәрежесіне байланысты болады. Бұл механизм орта есеппен онша жоғары емес
кедендік кедергілердің өзінде жоғары дәрежеде өңделген өнімдердің ішкі
нарығын тиімді қорғауға мүмкіндік береді. Енгізілетін тауарлардың кедендік
құнын дұрыс белгілеуге тұрақты бақылауды қамтамасыз ету өзекті болып
табылады. Оларды төмендетудің жолдарын, сондай-ақ механизмдерін анықтау
мақсатында ҚР Индустрия және сауда министрлігінде Талдау тобын құрған жөн,
оған Кеден комитеті, ҚР статистика жөніндегі агенттігі, шекара қызметі,
қаржы полиция органдарының өкілдері қатысады. Сондай-ақ министрлік жанынан
қорғаныс шаралары бойынша тұрақты жұмыс істейтін комитет құрылуы ЕО мен
Ресей тәжірибесі бойынша ішкі нарықта ұлттық мүддені жедел талдап, қорғаныс
шараларын қолдануды қажет етеді.
Мемлекеттің негізгі бағыты экономиканы, заңнама мен қоғамды тазалау
және оны дамытуға ықпал етуі тиіс, ол өндірістің табиғат сыйымдылығынан
және зат пен энергия алмасудың биосфералық процесіне экономиканың әсерін
азайту арқылы орнықты, экологиялық қауіпсіз табиғат пайдалануды және
ресурстық-экологиялық тепе-теңдікті сақтауды көздейді. Экономиканы тазарту
үшін ресурс үнемдеуші технологияларды дамытып, экологиялық лас
өндірістердің үлесін азайту, табиғатты пайдаланудың, мемлекеттік
экологиялық бақылаудың, экологиялық мониторинг пен статистиканың
экономиканың механизмдерін жетілдіру, табиғат пайдалану мен экологиялық
сараптаманың рұқсат беру жүйесін оңтайландыру қажет.
Ел экономикасын нарыққа бейімдеу халықтың нақты табысы деңгейінің күрт
төмендеуіне, табысы, тұтынуы, аса маңызды материалдық қызметтің қол
жетімдігі бойынша әлеуметтік жіктелу процесінің күшеюіне және кедейшілік
шегінде тұрған отбасылар санының артуына әкеп соғады.
Ұлттық экономикалық мүддені қорғау кедейшілікпен күресті күшейтуге
бағыттайды. Оған еліміздегі 2009-2010 ж.ж. арналған халықтың әл-ауқатын
арттыруға бағытталған әртүрлі бағдарламалар өз үлесін қосты. Кедейшілікті
қадағалау және бақылау үшін мониторинг механизмі жасалды. Ол мынандай
кезеңдерден тұрады:
- түрлі талаптар бойынша кедейшіліктің көрсеткіштері мен өлшем
индикаторларын белгілеу
- ақпараттық-статистикалық мәліметтер базасын дайындау, түрлі
деңгейлер бойынша (әлеуметтік топтар бойынша, аумақтық тұрғыда)
кедейшіліктің көрсеткіштері мен индикаторларын есептеу,
- алынған нәтижелерді қозғалыста және нормативтік мағыналарға
сәйкес салыстыра талдау,
- мониторингтің тиімділігін бақылау. Осы бағдарламаны жүзеге асыру
оң нәтиже берді.
Сөйтіп, бізде жалпыұлттық мүдделер мен өз шешімін талап етіп отырған
жаһандану мен әлемдік шаруашылық байланыстары күшейген күрделі жағдайды
қозғайтын проблемалар жеткілікті. Оларды шешуге кейінгі жылдары тұтасымен
қабылданған республиканың әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын
белгілейтін құжаттар бағытталады. Қазіргі уақытта өңірлер нарыққа дейінгі
жағдайдағы формальды мәртебесінен экономикалық қатынастардың нақты
субъектілеріне айналды.
Мемлекеттің экономикалық мүддесін қарауда аймақтық мүддеге көшу еліміз
үшін өз нәтижесін берері сөзсіз. Өйткені, қазақстандық қоғамды әлеуметтік-
экономикалық дамытуда, экономикалық реформалауды іске асыруда және нарықтық
қатынастарды қалыптастурада аумақтардың рөлін көтеру қағидатты сипаттағы
бірқатар сұрақтарға жауап беру үшін кәсіби талдауды қажет етеді.
Бұл жағдай аяқталып бітпесе де, меншікке шек қою нәтижесінде олар
экономикалық қатынастардың өзегін құрайтын меншіктік қатынастардың толық
ауқымды субъектісі болып алды.
Сондықтан өңірлер сапалы дербес экономикалық мүдделерді алып жүруші
болып табылады. Яғни олардың аясында және одан тыс нарықтық экономикасы
қалыптасып келе жатқан қоғамға тән басқа да мүдделер де әрекет етеді.
Еліміздегі жүргізіліп отырған реформалар тереңдегенде дәл өңірлер
деңгейінде әлеуметтік, экономикалық және саяси сипаттағы проблемалар
туындап, жинақталады, олар әрқайсысының аясында өзіндік сипатқа ие болып
келеді. Аумақтардың ерекшеліктеріне мән бермеу әлеуметтік-экономикалық даму
мен халықтың өмір сүру деңгейінде олардың айырмашылықтарын, орталық пен
аймақтар арасындағы қайшылықтарды күшейтеді. Қазіргі көптеген зерттеушілер
Қазақстан экономикасындағы нарықтық трансформациялар қарқынының төмендеу
себебін, оның өңірлік және микроэкономикалық деңгейлерде тежелуінен көреді.
Осыған байланысты ҚР экономикалық саясатын қалыптастыруда оның әрбір
субъектісінің экономикалық мүддесі мен олардың келісімін ескермеу мүмкін
емес деген қағида әділ деуге болады.
Аймақ деңгейінде экономикалық қатынастарды оқып-білу, әсіресе осы
үдерісті экономикалық мүдде тұрғысында зерттеу жүйелілікті ұйғарады, онда
бұл категория оның экономикалық табиғатына ұқсас сипатталар еді.
Меншік дегеніміз өндіріс жағдайы мен нәтижелеріне ие болу тұрғысында
адамдар арасындағы қатынастарды көрсетеді, оның аясында ие болу объектілері
мен субъектілері орын алады. Субъектілердің өзі тарихи белгіленген
экономикалық қатынастар мен оларға тиісті мүдделерді иеленушілер болып
табылады. Меншік пен экономикалық мүдделер арасындағы байланыс себеп-салдар
сипатында болады, құбылыстың үстінде үнемі байқалмайды, бірақ ақыр соңында
экономикалық мүдделердің түрлері, реформалары, әрқилылығы олардың мазмұны
мен орындалу әдістері меншік қатынастарымен анықталады.
Біздің елімізде жүзеге асырылып отырған экономиканың нарықтық түріне
көшу алдымен меншік қатынастарының көп түрлілігімен көрініс береді. Осы
көптүрліліктің негізінде жеке меншік қатынасы жатыр, ол негізгі форма болып
отыр. Меншікке ие болу қатынастары, бір жағынан, элементтер ретінде меншік
субъектілерінің экономикалық мүдделерін қамтиды, екінші жағынан, олардың
әлеуметтік негізі болады. Осыдан экономикалық мүдделер кез-келген қоғамдағы
экономикалық қатынастарды анықтайтын меншікке қатынастан тыс
қаралмайтындықтан, олар, сол қатынастардың өзі сияқты, экономикалық
қатынастардың өзгеруімен бірге мазмұны, көрініс беру формалары мен оларды
орындаудың тарихи анықталған категориясы болып табылады.
Жоғарыда аталып өткендей, әлеуметтік негізден басқа экономикалық
мүдделер қажеттіліктер түріндегі қайсыбір дәрежеде жанама экономикалық
қатынастармен материалдық негізге де ие болып келеді.
Экономикалық әдебиетте қажеттіліктер мен мүдделердің өзара байланысын
түсіндірудің біртұтас көзқарасы әлі күнге дейін жоқ. Бірқатар зерттеушілер
мүдделерді қажеттіліктердің мақсатты функциясы [8, 22 б.] немесе саналы
қажеттіліктер көрінісі деп есептейді [11, 12 б.].
Бірінші жағдайда қажеттіліктер мен мүдделердің айырмашылығын мойындай
отырып, автор осы екі категория қоғамның материалдық өмірінің жағдайына
жеке жеке сипаттама берген. Мұнда қажеттіліктер өндіріске пәрмен беріп қана
қоймай, оның өнімі де болып табылады. Ал, мүдделер тек қана өндірісті
дамытудың алғы шарты болып қызмет етеді. Өндірістің қорғаушы факторы
ретінде қажеттіліктер мен мүдделердің функциональдық рөлі де әртүрлі, олар
осы көзқарасқа сай мүдделер олардың жекелеген субъектілері немесе топтары
қозғалысын көрсете отырып мақсатқа бейімдейді, ал қажеттіліктер сол
субъектілердің материалдық өңірінің жағдайын сипаттайды. Мұндай тәсілдің
тартымдылығы мен өнімділігіне қарамастан, онда мүдделер мен
қажеттіліктердің себеп-салдарына байланысы реттеледі. Ал адам мен қоғам
өздерінің экономикалық мүдделеріне сай қайсыбір қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін әрекет ететіндігі белгілі. Осыдан қажеттіліктер мен
мүдделер арасындағы себеп-салдарлық байланыс айқындалады, сол арқылы
біріншісі екіншісінің материалдық негізі болады.
Екінші көзқарас қажеттіліктер мен экономикалық мүдделерді белгілі
теңдестіруге әкеледі, сонда осы екі категория да өндіріспен және
тұтынушымен берік байланыста. Бұған қоса, бұл тәсіл экономикалық мүдделерді
субъективті категориялар қатарына жатқызуға негіз береді, өйткені
қажеттілікті мүдделермен теңестіре отырып, ол қоғамдық құрылымының әр
деңгейінде мүдденің болуы қажеттіліктің сапалылығы немесе сапасыздығына
тәуелді етеді.
Іс жүзінде, саналы қажеттілік осы қызметтің мақсатына айнала отырып
экономикалық қатынастардың әр субъектісінің қызметін негіздейді, мүдде
және қажеттілік категорияларын бір бірінен айнымайтындай етеді, олардың
арасындағы айырмашылық субъективті фактор – қажеттіліктерді сезінуге ғана
әкеп соғады. Мұндай тәсілде экономикалық мүдделердің табиғаты туралы
мәселені шешу осалдау болады деген ой келеді.
Сонымен бірге көптеген зерттеушілер экономикалық мүдделер мен
қажеттіліктердің объективті түрдегі қатынастардың өзара байланысы деген
көзқарасты ұстанады, ол осы қатынастардың түрі субъектілерінің қызметі
барысында пайда болады [12, 132 б.]. Бірақ қажеттіліктерді қанағаттандыру
мақсатында өндіріс, бөлініс, айырбас және тұтыну үрдісінде адам қызметінің
өзара тәуелді субъектілерін қосу ғана қайсыбір экономикалық мүдделері
тудырады. Сөйтіп, экономикалық мүдделер субъектілердің қажеттіліктері мен
олардың өндірістік және басқа қоғамдық практикасы арасындағы жанама буын
ретінде болады [13, 69 б.], яғни әлеуметтік және тарихи себептің қажетілігі
болып табылады. Өз кезегінде, қажеттіліктер экономикалық мүдделердің
материалдық негізін құрайды, өйткені мүдде сезіну фактісінен емес,
қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағдарланған нақты әрекеттер үрдісінде
туады.
Мұндай тәсіл бізге ең дұрысы және дәлелдісі болып көрінеді:
1. Ол мүдденің сондай объективті қажеттіліктер мен экономикалық
қатынастардан тәуелділігі мен туындылығын көрсетеді.
2. Мүдде қоғамдық дамуды кездейсоқ процеске айналдыратын субъективті
тілектердің нәтижесі ретінде емес, осы дамуды негіздеу факторы ретінде
көрініс береді, сол арқылы мүдде халықтардың өмірін қозғайды.
3. Экономикалық процесті басқару механизмнің объективті негізін табады,
оның орталық буынының бірі экономикалық мүдде болып табылады.
4. Мүдделердің объективтілігі экономикалық қатынастармен және олардың
субъектілерінің ара жігі ашылуын көрсетеді, мұның өзі мүдделерді келістіру,
әрқайсысының аясында олардың түр-түрімен өз араларындағы сөзсіз қарама-
қайшылықтарды шешу жолдарын табуға негіз болады.
Мүдделер экономикалық қызметті жанамалап, практикада экономикалық
заңдардың орындалуына көмектеседі, бұл олардың құқықтық жүзеге асырылуының
механизмі ретінде жіктеуге мүмкіндік береді [14, 3 б.].
Кез-келген заң мүддеден тыс қаралмайды, олармен заң функционалды және
генетикалық тұрғыда байланысты болып келеді, өйткені мүдделер мен заңдар
экономикалық қатынастарға сүйенеді.
Экономика саласында заңдарды қолдану барысындағы мүдделер проблемасы
біршама тереңірек зерттелген. Нарықтық қатынастарға байланысты заңдарға
және де оларға деген сұраныс, ұсыныс, бәсекелестікке байланысты отандық
ғалымдардың зерттеулері өте жеткіліксіз. Соның салдарынан еліміздегі
экономикалық реформаларды, соның ішінде өңірлік деңгейдегі экономиканы
реттеуді жүргізуде бірқатар олқылықтар да кездеседі. Еліміздің заң саласын
зерттеудегі бірқатар ғалымдарымыздың тұжырымдауынша экономикалық даму
мақсаттарын айқындау және оны нақты белгілеу, шаруашылық жүйесін қазіргі
кезеңге сәйкес бәсекеге қабілетті әлем елдерімен сәйкестендіру үшін осы
саланы өзгерту стратегиясын құру, оны қорғайтын объективті заңнамалар мен
қоғам мүдделерінің сенімді бейнеленуіне сүйене отырып қана жетістікке
жетуге болатындығын анықтады.
Сонымен бірге экономикалық заңдар мен экономикалық мүдделердің
табиғатының объективтілігі олардың өзгермейтіндігін көрсетпейді, өйткені
әрбір өндіріс тәсілінің шеңберінде, сондай-ақ ерекше алғанда олардың
шеңберінен тыс өтетін мүдделер уақыт өткен сайын қажеттіліктер мен өзгерген
экономикалық қатынастардың әсерімен өзгереді, мұны Қазақстан Республикасы
Кеңестер Одағынан кейінгі кеңістіктегі басқа да елдердегі нарықтық
өзгерістер айқын көрсетіп отыр.
Экономикалық заңдар мен мүдделер арасындағы байланыс өте күрделілігіне
байланысты оларды бөліп қарауды қажет етеді. Біз нарықтық экономиканың
қалыптасу, тұтасымен алғанда шаруашылық жүйесінің дағдарысты жағдайына,
сондай-ақ жекелеген проблемалар және құрылымдық құрамдастары тұрғысында
заңдарды бөлек қарау, олардың экономикалық мүдделер жүйесінен тыс орындау
әрекеті тиімді бола алмайды деген қағидамен шектелеміз [15, 18 б.].
Экономикалық заңдарды практикалық қызмет процесінде жүзеге асыру
экономикалық мүдделердің экономикалық қатынастардың субъектілерімен
келісімінде бейнеленеді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы қызметкерлердің еңбек құқықтарының қорғалу дəрежесі
Жедел іздестіру қызметінің құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының негіздерін талдау
Еңбек қатынастарының субьектілерінің құқықтары мен міндеттері
«Саясаттағы ұлттық қауіпсіздік, оның құрылымы»
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МӘРТЕБЕСІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ
Құқық пен экомомика, саясат
Адамның және азаматтардың тең құқықтылығын бұзу
Ақпараттық саясат
Конституциялық құқық - құқықтың жетекші саласы
Пәндер