Теріні өңдеу түрлері



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Теріні (былғарыны) қабылдау мен өңдеу
2. Теріні өңдеу.
2.1 Өңдеу тәсілі.
3. Теріні кептіру
4. Теріні бояу
III.Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Ғасырлар бойы уақыт елегінен өтіп ұрпақтан ұрпаққа жеткен қолөнер бабалардан қалған мәдени мұрамыздың ең асыл құнды қазынасының бірі. Қолөнер туындыларын жасау белгілі бір көркемдік ұстанымды сақтауға талап етілетіні белгілі.
Адам баласы өте ерте заманннан бері жан-жануарлардың етін тамақ, терісі мен жүнінен киім тігіп, сүйегі мен мүйізінен еңбек құралдарын, тұрмысқа қажетті бұйымдар жасады. Мал терісі негізінде жондық,сауыр,бауыр, қабырғалық,үйектік, пұшпақ,мойын деген бөліктерге бөлінеді. Терінің ең сапалы тұсы малдың жоны мен сауырында, қабырғалық деп аталатын қос қапталында болады. Мойын терісі олардан сәл жұқалау келеді. Ал бауыр терісі мен пұшпақтары өте жұқа болады.
Терісі ең қалың мал-сиыр, содан-соң түйе терісі, ал ең жұқа тері-жылқы терісі. Аң терілерінің ( түлкі,қарсақ, қоян,т.б) төрт түлік малдың терілерінен айырмашылығы-жұқа. Терілері жұқа болғандықтан иіні жылдам қабады. Олардан бас киім, жаға, т.б. заттар тігеді. Терінің өзі негізгі үш қабаттан түзіледі.
1. Эпидермис-терінің сыртқы берік, жылтыр қабаты. Ол ылғалды клеткалардан түзіледі де ұсақ қан тамырлары мен тері тесіктері арқылы қорек алады. Терінің түгі эпидермис қабатын тесіп өтіп негізгі қабатынан басталады.
2. Терінің негізгі -өте серпімді коллагенді талшықтардан түзіледі. Коллаген талшықтары әр түрлі бағытта тұтаса орналасқандықтан терінің серпімді әрі өте берік болуын қамтамасыз етеді.
3. Шел деп аталатын қабаты көк етпен астасып жатады. Терінің астындағы клечаткалардан түзіледі. Иленген терінің шелі түгел алынады.
Теріні тазалау үшін жаңа сойылған мал, әсіресе ешкі терісінің ішіне қоймалжың әк борды (ізбес) жағып,теріні тұмшалап орап, арнаулы жылы су құйылған ыдысқа батырып, салып қою керек.Бұл әдіспен даярланған терінің иісі мүлдем шықпайды. Майлы терінің майын сорғыту үшін оған ашытқыны немесе қызыл кірпіштің ұнтағын, бор,сор,күл сеуіп бірнеше тәулік бүктеп тастайды. Оны халық тілінде «былжыр» дейді.Терінің жидігеніне әбден көз жеткізгеннен кейін тері жиырылып кеуіп қалады. Оны екінші мәрте жылы суға жібітіп,қолмен созып, талқымен еттерін қырып тағыда керіп тастайды. Бұтағы аша болып өскен, ашасының арасына көлденең ағаш бекітіліп, кәдімгі А әріпіне ұқсатып жасалған, жануарлардың терісін кигізіп, керіп кептіру үшін кергіш құралын қолданады.
1. THOSELT.CLAN.SU/NEWS/KANDIDOZ
2. HTTP://WWW.DISUS.RU/DISSERTATSII/394004-2-AZASTAN-RESPUBLIKASINI-BILIM-ZHNE-ILIM-MINISTRLIGI-TORAYIROV-ATINDAI-PAVLODAR-MEMLEKETTIK
3. ТІГІН БҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ: ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР / ҚУАТБЕКОВА Л., КЕЛЕСОВА Ү – АСТАНА: ФОЛИАНТ, 2010. – 160 БЕТ.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ
Тақырыбы: Теріні өңдеу түрлері

Орындаған: Орынхан Н.
Тобы: ТК-422
Тексерген: Муслимова Н.Р.

Семей 2015

ЖОСПАРЫ:

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Теріні (былғарыны) қабылдау мен өңдеу
Теріні өңдеу.
2.1 Өңдеу тәсілі.
Теріні кептіру
Теріні бояу
III.Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ғасырлар бойы уақыт елегінен өтіп ұрпақтан ұрпаққа жеткен қолөнер бабалардан қалған мәдени мұрамыздың ең асыл құнды қазынасының бірі. Қолөнер туындыларын жасау белгілі бір көркемдік ұстанымды сақтауға талап етілетіні белгілі.
Адам баласы өте ерте заманннан бері жан-жануарлардың етін тамақ, терісі мен жүнінен киім тігіп, сүйегі мен мүйізінен еңбек құралдарын, тұрмысқа қажетті бұйымдар жасады. Мал терісі негізінде жондық,сауыр,бауыр, қабырғалық,үйектік, пұшпақ,мойын деген бөліктерге бөлінеді. Терінің ең сапалы тұсы малдың жоны мен сауырында, қабырғалық деп аталатын қос қапталында болады. Мойын терісі олардан сәл жұқалау келеді. Ал бауыр терісі мен пұшпақтары өте жұқа болады.
Терісі ең қалың мал-сиыр, содан-соң түйе терісі, ал ең жұқа тері-жылқы терісі. Аң терілерінің ( түлкі,қарсақ, қоян,т.б) төрт түлік малдың терілерінен айырмашылығы-жұқа. Терілері жұқа болғандықтан иіні жылдам қабады. Олардан бас киім, жаға, т.б. заттар тігеді. Терінің өзі негізгі үш қабаттан түзіледі.
1. Эпидермис-терінің сыртқы берік, жылтыр қабаты. Ол ылғалды клеткалардан түзіледі де ұсақ қан тамырлары мен тері тесіктері арқылы қорек алады. Терінің түгі эпидермис қабатын тесіп өтіп негізгі қабатынан басталады.
2. Терінің негізгі -өте серпімді коллагенді талшықтардан түзіледі. Коллаген талшықтары әр түрлі бағытта тұтаса орналасқандықтан терінің серпімді әрі өте берік болуын қамтамасыз етеді.
3. Шел деп аталатын қабаты көк етпен астасып жатады. Терінің астындағы клечаткалардан түзіледі. Иленген терінің шелі түгел алынады.
Теріні тазалау үшін жаңа сойылған мал, әсіресе ешкі терісінің ішіне қоймалжың әк борды (ізбес) жағып,теріні тұмшалап орап, арнаулы жылы су құйылған ыдысқа батырып, салып қою керек.Бұл әдіспен даярланған терінің иісі мүлдем шықпайды. Майлы терінің майын сорғыту үшін оған ашытқыны немесе қызыл кірпіштің ұнтағын, бор,сор,күл сеуіп бірнеше тәулік бүктеп тастайды. Оны халық тілінде былжыр дейді.Терінің жидігеніне әбден көз жеткізгеннен кейін тері жиырылып кеуіп қалады. Оны екінші мәрте жылы суға жібітіп,қолмен созып, талқымен еттерін қырып тағыда керіп тастайды. Бұтағы аша болып өскен, ашасының арасына көлденең ағаш бекітіліп, кәдімгі А әріпіне ұқсатып жасалған, жануарлардың терісін кигізіп, керіп кептіру үшін кергіш құралын қолданады.

1.Теріні (былғарыны) қабылдау мен өңдеу
Жаңа сыпырылған тері буы бурқыраған деп аталады. Былғары үшін жаңадан сыпырылып алынған, қан мен кір жұқпаған теріден артық зат жоқ. Алайда көбінесе теріні бірден зауытқа жеткізуге немесе өздігінен өңдеуге мүмкіндік болмай жатады. Ал жатып қалған тері тез арада бүлінеді. Ол алдымен кеуіп, содан кейін мыжырайып, мүйізденіп кетеді. Одан кейін көгеріп, жүні түсе бастайды. Содан соң мүлдем шіриді. Сондықтан да тері бүлініп кетпеуі үшін одан түрлі нәрселер жасауға тура келеді.

2.Теріні өңдеу.
Теріні тазалап алғаннан кейін, оны тұзбен өңдейді. Өңдеу терінің шіріп кетпеуі үшін ғана емес, жүнінің мықтап тұруына да септігін тигізеді.
Тазаланған теріні келесі әдіспен тұздаған жөн: майда тұз алынады. Қыс айларында әр 1 кг теріге 200 г, ал жаз мезгілінде 300 г тұз пайдаланылады. Үлкен өгіздің терісіне қыста 5,7-6,6 кг, ал жазда 8,2-10,2 кг тұз, ал сиыр терісіне қыста 3,3-5 кг, ал жазда 5-6,2 кг. тұз жұмсалады.

2.1 Өңдеу тәсілі.
Теріні жүн жағымен таза жерге немесе еденге жаяды. Терінің астына шыққан ылғалын сіңіріп алатын бір нәрсе қоюға болады. Терінің ішкі жағына біркелкі етіп тұз себеді, тұз теріге дұрыс жағылуы үшін тұзды қолмен жаққан дұрыс. Егер тұз дұрыс жағылса, онда 3 күннен кейін оның бетінде қатты тұз көрінетін болады. Ал егер барлық тұз сіңіп кетсе, онда тұзды жаңадан қайта жағу керек. Тері тұздалғаннан кейін, бас пен құйрық жағын ішке қарай иеді. Одан кейін бас пен басқа да бөліктерді тұзбен өңдейді.
Содан кейін теріні буып қояды. Оның әдісі мынадай: бастан басталған терінің төрттен бір бөлігі ішке қарай иіледі, одан кейін оң және сол жақтары ортаға қарай, тері арқа бойымен, одан кейін басынан бастап оралады, құйрықпен немесе жіңішке арқанмен байланады.

Бес күннен кейін оралған тері шешіледі. Ылғалын ағызып, тағы да аздап тұздап, қайтадан орап қояды. Егер бәрі дұрыс жасалса, онда тері ұзақ уақыт бойы бүлінбей сақталады.
Терілер көп мөлшерде жиналып қалғанда, қатарларда тұздауға болады.
Бірінші теріні еденге жайып тұздайды. Одан кейін бас, аяқ жақтарын дөңгелетіп ішке қарай орайды. Барлық бөліктерді, әсіресе басын жақсылап тұздайды. Одан кейін екінші терінің басын бірінші терінің үстіне емес, жанына түсетіндей етіп қояды. Бәрін бірінші терідегідей жасайды. Екіншісіне үшіншісін, сосын төртіншісін, бесіншісін, осылай кете береді. Бастар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тері шикізатын өндіру жайында
Аңшылық өнімдерін өңдеу
Теріні бояу және бояғыштар
Оқушылардың қолөнер сабағында шығармашылық қабілетін арттыру
Тері түрлері
Аң терісінің түрлері. Каракульдық мех шикізаты
Балықтарды алғашқы және жылулық өңдеу. Балықтарды гидротермиялық өңдеу
Тері аяқ – киімдері және былғары – тері тауарлары
Үлбір ішкі заттарын консервілеу әдістері
Терінің жүн-жабындысына сипаттама
Пәндер