Банктің несиелік ресурстарын басқару,оларды қалыптастыру мен орналастыру тәртібі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1 БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ МЕНШІКТІ ҚАРАЖАТ
1.1 Банк несиелік ресурстарының ұғымы және меншікті қаражат көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
1.2 Банктің меншікті қаражатының жеткіліктілігі және банктің тартылған қаражаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
1.3 Банктің депозиттік операциялар және депозиттік емес ресурстары ... ... ..34
2 «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ.НЫҢ НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ
2.1 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.ның несиелік ресурстары және несие саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
2.2 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.ның несиелік операцияларының сапасын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64
2.3 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ. ның несиелік қоржынын қалыптастыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .77
3 БАНКТІК НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ НЕСИЕЛІК ҚОРЖЫН
3.1 Банктік несиелік қоржынды қалыптастыру және оның жағдайын бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...81
3.2 Банктік несиелік ресурстарын басқарудың жетілдіру жолдары ... ... ... ... .86
3.3 Банктік несиелік ресурс бойынша тәуекелді төмендету әдістері ... ... ...90
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...93
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...94
ҚОСЫМША
Диплом жұмысының өзектілігі: Қазіргі уақытта банктердің несиелік ресурстарын пайдалануда экономикамыздың дамуына үлкен өзіндік үлесін қосып жатқан Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің қызметтерінің дамып, халықаралық стандарттарға сай болып жатқандығын айта аламыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: "Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді.
1.«Қаржы, ақша айналысы және несие» - Р.О. Смағұлова, Қ.Ә. Мәдіханова, Ә.Қ. Тұсаева, Ж.Ш. Сатыбалдиева – Алматы, «Экономика» -2008 жыл.
2.Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары – Б. Көшенова - Алматы, «Экономика» -2000 жыл.
3.Қазақстанның банк жұйесі – Ғ.Сейтқасымов, Ж.Бекболатұлы, С.Кәрімжанов - Алматы, «Экономика» -2008 жыл.
4.«Банк ісі» - С.Б.Мақыш - Алматы, «ИздатМаркет» -2007 жыл.
5.«Банк ісі» - С.Б.Мақыш - Алматы, «Жеті Жарғы» -2009 жыл.
6.www.halykbank.kz. – сайты
7. www.halykinfo.kz. – сайты
8.«Emeafinance» - қаржылық басылым (журнал) 2009 жыл.
9.«Euromoney» - қаржылық басылым (газет) 2009 жыл.
10.«Global Finance» - қаржылық басылым (журнал) 2010 жыл.
11.«The Asian Banker» - қаржылық басылым (журнал) 2010 жыл.
12. «Незаменимые услуги», М. Д. Жолдасбеков, Алматы,1986 ж.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті
Қаржы және есеп факультеті
Қаржы кафедрасы

Банктің несиелік ресурстарын басқару,оларды қалыптастыру мен орналастыру тәртібі тақырыбына
Қаржы мамандығы бойынша жазылған

Дипломдық жұмыс

Орындаған: Бегеева Айғаным
3 курс студенті 304 топ

Ғылыми жетекші: э.ғ.к.,аға оқытушы Қасымбекова Г.Р.

Дипломдық жұмыс Қаржы кафедрасы отырысының 2009 жылғы __ ____ №_______ хаттама шешімімен Мемлекеттік аттестациялық комиссияның алдында қорғауға жіберілді.

Кафедра меңгерушісі
э.ғ.д., профессор
________ Ынтықбаева С.Ж.

Алматы-2010 жыл

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті
Қаржы және есеп факультеті
Қаржы кафедрасы
050509-Қаржы мамандығы
Дипломдық жұмысты орындауға
ТАПСЫРМА
Студент Бегеева Айғаным Әуезхановна
Дипломдық жұмыс тақырыбы Банктің кредиттік ресурстарын басқару, оларды қалыптастыру мен орналастыру тәртібі
20__жылғы __ қарашадағы №_____________ЖОО
бұйрығымен бекітілді.
Аяқталған материалдар мен мәліметтер сипаттамасы
___________________________________ ___________________________________ ____________
___________________________________ ___________________________________ ____________

Дипломдық жұмысты дайындауда жататын сұрақтар тізбесі:
1)_________________________________ ___________________________________ _____________
2)_________________________________ ___________________________________ _____________
3)_________________________________ ___________________________________ _____________
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
___________________________________ ___________________________________ _____________
___________________________________ ___________________________________ _____________
Графиктік материалдардың (кестелердің, диаграммалардың, сызбалардың)тізбесі
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
___________________________________ ___________________________________ _____________
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Тапсырманы беру күні __ ____________________ 200_ж.
Ғылыми жетекшісі: ___________________________________ ________________________________
(аты-жөні) қолы
Тапсырманы орындауға қабылдаған студент: ___________________________________ __________
(аты-жөні) қолы
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті
Қаржы және есеп факультеті
Қаржы кафедрасы
Мақұлданған Бекітемін
Ғылыми жетекшісі Қаржы кафедрасының
________________ меңгерушісі э.ғ.д., профессор
________________ Интикбаева С.Ж.___________
(аты-жөні) қолы __ __________2009
__ курс, _____ тобы, 050509-Қаржы мамандығы студентінің
___________________________________ ___________________________________ _____________________тақырыбына
арналған дипломдық жұмысын жазудың
КҮНТІЗБЕЛІК ГРАФИГІ

Жұмыстың кезеңдері
Орындау
мерзімдері
Жетекшінің
орындау
туралы
белгісі

Жоспар-
ланған
Орындал-
ған

1.
Дипломдық жұмысқа тапсырма беру

2.
Негізгі көздер бойынша библиографияны құрастырумен бірге әдебиетті жинақтау,зерделеу және өңдеу

3.
Дипломдық жұмыстың жоспарын құрастыру және оның ғылыми жетекшімен келісуі

4.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімін жазу және оны тексеруге ұсыну

5.
Өндірістік (диплом алдындағы) практиканы өту орны жұмыс орны бойынша жиналған практикалық материалдарды бір жүйеге келтіру, талдау мен өңдеу

6.
Дипломдық жұмыстың екінші бөлімін жазу және оны тексеруге ұсыну

7.
Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімін жазу және оны тексеруге ұсыну

8.
Ғылыми жетекшімен қорытындылар мен ұсыныстардың келісімі

9.
Дипломдық жұмысты ескертпелерге сәйкес қайта өңдеу (соңына дейін өңдеу) және оны кафедраға ғылыми жетекшінің пікірімен бірге ұсыну

10.
Дипломдық жұмысты кафедрада алдын-ала қорғау

11.
Дипломдық жұмысты кафедра меңгерушісінің қорғауға рұқсат еткенінен кейін сыртқы оппоненттің сын-пікірін алу үшін бағыттау және жазбаша рецензиясын алу

12.
Баяндаманың тезисі мен қорғауға шығарылатын кестелік - сурет түріндегі материалдарды құрастыру

Күнтізбелік графикті беру күні ___ ____________20___ж.
Күнтізбелік графикті орындауға қабылданған студент ___________________________________ _______ ____________________
(Аты-жөні) (қолы)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1 БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ МЕНШІКТІ ҚАРАЖАТ
1.1 Банк несиелік ресурстарының ұғымы және меншікті қаражат көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
1.2 Банктің меншікті қаражатының жеткіліктілігі және банктің тартылған қаражаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
1.3 Банктің депозиттік операциялар және депозиттік емес ресурстары ... ... ..34
2 ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ АҚ-НЫҢ НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның несиелік ресурстары және несие саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
2.2 Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның несиелік операцияларының сапасын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...64
2.3 Қазақстан Халық Банкі АҚ- ның несиелік қоржынын қалыптастыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .77
3 БАНКТІК НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ НЕСИЕЛІК ҚОРЖЫН
3.1 Банктік несиелік қоржынды қалыптастыру және оның жағдайын бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .81
3.2 Банктік несиелік ресурстарын басқарудың жетілдіру жолдары ... ... ... ... .86
3.3 Банктік несиелік ресурс бойынша тәуекелді төмендету әдістері ... ... ...90
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...93
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..94
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі: Қазіргі уақытта банктердің несиелік ресурстарын пайдалануда экономикамыздың дамуына үлкен өзіндік үлесін қосып жатқан Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің қызметтерінің дамып, халықаралық стандарттарға сай болып жатқандығын айта аламыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: "Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр. Біз экономикамыз мен мемлекетіміздің берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалық, әлеуметтік, саясаи және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық",- деп Елбасымыз Қазақстан халқына жарқын болашағымыз біздің қолымызда екендігіне тағы да көзімізді жеткізді. 1
Еліміздің 2030 жылға дейінгі Дамуының стратегиясы - қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекеттің мақсат-мұраты баян етілді.
Бүгін толық жауапкершілікпен былай деп мәлімдеуімізге болады: "Қазақстан өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтті, әрі өз дамуының сапалық жаңа кезеңіне нық сеніммен қадам басты!"
Өткен жылы біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл - біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыз және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту.
Президентіміздің өткен жылғы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында: "Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те.

Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жекеменшік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге міндетті", - деп экономикамыздың барлық салаларын дамытуға мүмкіндігіміз бар деп пайымдаған еді. 2
Екінші деңгейлі банктердің, яғни коммерциялық банктердің пассивті операциялары негізінде салымдар түрінде кәсіпорынның, ұйымдардың, басқа банктердің, халықтың уақытша бос қаражаттарын тартуға мүмкіндігі бар. Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақты дамуы бірінші кезекте ұзақ мерзімді қайта құрудан өткен банктік мекемелердің дамуынан көрініс табады. Осыған байланысты еліміздің несие нарығының соңғы жылдардағы даму қарқыны банктердің несие көлемінің ұлғаюынан және халықтың банк жүйесіне деген сенімділігінің артуынан байқалады.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында банк аясы серпінді түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бірі. Бұрын қатал түрде реттелетін коммерциялық банктер, бүгін дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында жұмыс істеп жатыр.
Дағдарысты құбылыстардан өтумен байланысты Қазақстан экономикасының қазіргі проблемалар тұрғысында банк жүйесінің алдағы уақыттағы дамуы мен жетілдірілуі үлкен тәжірибелік мәнділікке ие.
Қазіргі банктер клиенттерге қызметтің кең ауқымды спектірін ұсынып, банк операцияларының жаңа техникасын қолданып, қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейін қамтамасыз етіп отыр. Банктердің ең басты қызметі - несиелеу. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік фирмалардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттары үшін іске асырылады. Банктер өздерінің несие қызметтін қаншалықты тиімді жүзеге асырса, соншалықты клиенттердің экономикалық жағдайына әсерін тигізеді. Себебі, банктік қарыз жаңа кәсіпорындардың пайда болуына, жұмыс орны санының өсуіне мүмкіндік туғызады және олардың экономикалық өмір икемділігін қамтамасыз етеді.
Қазіргі банктік несиелеу жүйесі нарықтық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуға, өндірістің тиімділігін арттыруға, мемлекет экономикасын нығайтуға, айналыстағы негізсіз ақша массасының өсуін шектеуге, инфляциялық процестердің алдын алуға және ұлттық валютаны нығайтуға бағытталған.
Кейінгі жылдары қаржы секторының тез арада дамуы мен нығайуы бұрын болған несие ресурстарының дефицитін қысқартты. Қазақстанның экономикалық өсуі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің конструкциялық саясаты, қоғамдық сенімді арттырып, мемлекеттің банк секторының динамикалық дамуына мүмкіншілік туғызды. Несие ресурстары мен бәсеке өсуінің нәтижесінде Қазақстан банктері пайыздық мөлшерлеме және мерзімге байланысты банктік қарыз беру бойынша аса ыңғайлы жағдай ұсынуға ұмтылуда.
Бірақ Республикадағы банктердің қызметі әртүрлі факторлардың ықпалынан аса күрделі жағдайда жүзеге асырылады. Мысалға, жекелеген экономикалық секторлардың экономикалық тұрақсыздығы, төлем дағдарысы, төлем балансының дефициті және т.б. Осы факторлардың әр қайсысы берілген банктік несиелер бойынша қарызды уақытылы өтеу мүмкіншілігінің төмендеуінен банктердің несие және пайыздық саясатын хеджирлеу стратегиясы және т.б. мүмкін тәсілдер механизмдерін әзірлеу көмегімен несие тәуекелдігін бәсеңдетуге ұмтылады.
Осы проблеманың маңыздылығы мен тәжірибе жүзіндегі мәнділігі дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.
Дипломдық жұмыстың объектісі: болып Қазақстан Халық Банкі Акционерлік Қоғамы болып табылады.
Диплом жұмысының пәні: Қазақстан Халық банкі Акционерлік Қоғамының несиелік қызметін қарастыру.
Осы дипломдық жұмысты жазудың мақсаты: тек қана теориялық аспектілер ғана емес, сонымен қатар банктің несие, операцияларын жүргізудің тәжірибелік жақтары, банктің несие қоржынының жағдайы және пайда болған проблемаларды шешудің перспективалық бағыты табылады.
Бұл мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер қойылып отыр:
‒ Тақырыпты зерттеудің мақсаты - коммерциялық банктердің несие операцияларының ішіндегі - несиелік портфеліне талдау жүргізіп, оны жетілдіру бойынша ұсыныстарды беру.
‒ Несие қоржынының ролін анықтау, банктің несие саясаты тиімділігі көрсеткіштерінің жүйесін және оны қамтамасыз ету механизмдерін әзірлеу.
‒ Қазақстан Халық Банкі Акционерлік Қоғамының несие қоржынына талдау жүргізу.
‒ Несие қайтарымсыздығы тәуекелдігін төмендету саласында жобалық шешімдерді әзірлеу, Қазақстан Халық Банкі Акционерлік Қоғамының несие портфелінің көлемін көбейтуге мүмкіншілік беретін жаңа несие өнімдерін енгізуді бағалау, несиелеу кезінде пайда болған проблемаларды шешу жолдары.
Дипломдық жұмысты орындау кезінде заңдық, нормативтік актілер, әдістемелік сілтемелер мен нұсқаулықтар, отандық және шетел экономистерінің ғылыми еңбектері қолданылды.
Диплом жұмысының жаңалығы: болып банктердің несие қоржынын пайдалануда несие тәуекелін төмендету және проблемалық несиелерді басқару жолдары.
Жұмыс құрылымы. Дипломдық жұмыс 94 бет көлемінен, кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, сонымен қатар 17 атаулы қолданыған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста 15 кесте және 11 сурет бар.
Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында коммерциялық банктердің несие ресурстары және оны қалыптастырудың көздері анықталған, коммерциялық банктегі пассивтік операциясының ішінде депозиттік операцияның мәні ашылған.
Екінші тарауында Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиелік портфель динамикасына және Қазақстан Халық Банкі АҚ мысалында банктің несиелік қызметіне талдау жүргізілген.
Үшінші тарауында несиелік қоржынды пайдаланудағы қайтарымсыздық тәуекелін төмендетудегі кемшіліктерді шешу және проблемалық несиелерді басқаруды жетілдіру жолдары ұсынылған.



1 БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ МЕНШІКТІ ҚАРАЖАТ
1.1 Банк несиелік ресурстарының ұғымы және меншікті қаражат көздері
Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
Банк ресурстары термині несиелік ресурстар терминіне қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Жоспарлы экономиканы әкімшіл және әміршіл басқару жүйесі жағдайында банк ісінің ұйымдастырылуында мемлекеттік монополия көрінісі байқалады. Барлық кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер заңды түрде мемлекеттік банк мекемелерінде өздерінің ресурстарын міндетті түрде сақтауға тиіс болды. Банкке кәсіпорындар мен мекемелердің ресурстары іс жүзінде ақысыз тартылды. Тек кооперативтік кәспорындарға ғана жартылай мөлшерде төленді. Осындай жағдайларда жалпы мемлекеттік қарыз қор деген экономикалық түсінік қалыптасты. Жалпы мемлекеттік қарыз қор халық шаруашылығын несиелеу үшін банк жүйесі арқылы мемлекеттің ықпалымен жинақталған қаражаттар жиынтығын білдіреді. Демек, олар банк ресурстары болып саналады. Ссудалық қорды орталықтан бөлу сипаты банк ресурстарының құрылымдарына тікелей әсер етті. Ол уақыттары да банк ресурстары меншікті және тартылған қаражаттарға бөлінген. Мұндағы меншікті қаражаттарға: жарғылық, резервтік, негізгі құралдар, амортизациялық және банк ісін дамыту қорлар, ал тартылған қаражаттарға: мемлекеттік бюджет қаражаты, кәсіпорындардың, ұйымдардың есеп айырысу және ағымдық шоттардағы қаражаттары және халықтың ақшалай жинақтары жатты. Осындай жағдайларда банк ресурстары нарығы қалыптасып, мемлекеттің қарыз қоры осы нарықтың бір бөлігін құрады.Бүгінгі таңдағы банк ресурстары нарығының кұрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктер қызметінің тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал оның қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепе-теңдіктің сақталуын талап етеді.
Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы қалыптасады. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері терінде бағалы қағаздармен , факторинг, лизинг, және басқа операциялармен тікелей жұмыс жасай бастады. Бұл, яғни банктің ресурстық құрамына тек қана ақшалай қаражаттар емес, сол сияқты тауарлы-материалдық құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді дегенді білдіреді.Ұлттық банк Банктердің банкі болып табылғандықтан, коммерциялық банктер ресурстарының бір бөлігі сол банктен алған ресурстардан да құралады.
Демек, коммерциялық банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып отырады.
Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталған банктің меншікті жіне тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Нарықтық қатынастарға өту барысында банк ресурстарының құылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.
Коммерциялық банктер ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, әмбебаптығы, және қызметінің ерекшкліктеріне қарай ерекшеленеді.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
‒ Банктің меншікті капиталы
‒ Банктің зеамдық және тартылған қаражаттары
Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе,ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.

Кесте-1. Қазақстандық екінші деңгейдегі банктер пассивтерінің құрылымы мен шамасына топтастырылуы

Банктердің аттары
Міндеттемелері
Меншікті капитал
Барлық пассивтері
1.Казкоммерцбанк АҚ
383 359 151
39 265 133
422 624 284
2.ТұранӘлемБанкі АҚ
340 308 170
29 670 510
369 978 680
3.Қазақстан Халық Банкі АҚ
232 454 217
21 100 904
253 555 121
4.Алматы Сауда Қаржы Банкі АҚ
86 669 542
9 083 160
95 752 702
5.Центркредит банкі АҚ
75 177 638
7 561 962
82 739 600
6.НұрбанкАҚ
51 287 682
7 123 368
58 411 050
7.Каспийский Банкі АҚ
48 772 598
6 161 812
54 934 410
8.Альянс Банк АҚ
46 589 193
4 085 889
50 675 082
9.Еуразия Банкі АҚ
41 954 490
8 461 110
50 415 600
10.Ситибанк Казахстан АҚ
28 864 535
6 303 720
35 168 255
11.АБН-АМРО Қазақстан банкі АҚ
25 511 314
5 146 055
30 657 369
12.Темірбанкі АҚ
24 249 481
4 413 033
28 662 514
13.TEXAKABANK
10 986 409
1 507 108
12 493 517
14.Цеснабанкі АҚ
10 812 320
1 428 783
12 241 103
15.Альфа-банк ЕБ
7 424 480
2 280 476
9 704 956
16.Қазақстандағы қытай банкі ЕБ АҚ
4 185 336
2 450 711
6 636 047
17.Демір Қазақстан банкі АҚ
2 815 026
1 198 976
4 014 002
18.Нефтебанк АҚ
2 622 019
913 606
3 535 625
19.Алма-ата МБ АҚ
2 009 097
978 905
2 988 202
20.Данабанк АҚ
1 231 666
1 064 945
2 296 611
21.ТПБК АҚ
929 517
1 290 089
2 219 606
22.Лариба-Банкі ББ АҚ
913 270
1 327 307
2 240 577
23.КЗИ банкі АҚ
886 873
2 213 684
3 100 557
24.ТАИБ Қазақстан банкі ЕБ АҚ
706 996
1 193 421
1 900 417
25.Қазақстан индустриалды банкі АҚ
647 980
1 119 484
1 767 464
26.Сенімбанкі АҚ
144 537
1 055 273
1 203 310
27.КИБ АҚ
126 340
1 076 970
1 203 310
28.Заман-банкі АҚ
98 316
1 034 446
1 132 762
29.Алаш-банкі АҚ
83 625
1 101 709
1 185 334
30.Пәкістан ұлттық банкі АҚ
46 656
1 113 635
1 160 291
31.Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ
15 638
1 508 473
1 524 111
Ескертпе - Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу жөніндегі ҚР агенттігінің есептік материалдарынан

Осы кестеде көріп отырғанымыздай, банктердің пассивтерінің өсуіне міндеттемелердің артуы, соның ішінде депозиттік базаның өсуі ықпал етуде.
Ал, несиелік ресурстарға тоқтала кететін болсақ, несиелік ресурстар термині Банк ресурстары терминіне қарағанда экономикалық нарықта мағлұматтар өте аз десек те болады. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің нысандары мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады.Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі нысаны: коммерциялық және банктік несие. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері,құрамы,қарыз объектісі,динамикасы,пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.
Қазақстан Республикасында несие қатынастарының пайда болуының құқықтық негізі, несие қоржынын қалыптастыру және оның жағдайын бақылау, несие қатынастарын басқарудағы несие саясатының рөлі және мәні қарастырылды.
Біздің елде банктердің несие қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің құзіретіне қатысты сұрақтар бойынша Жарлықтары мен Заңдық актілерінің негізінде шығарылып, орындалатын Қазақстан Республикасының Заңдарымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің нормативтік - құқықтық актілерімен реттеледі.
Қазақстан Республикасындағы несие қызметін реттейтін ең басты Заңдық акт 1995 жылдың 31 тамызында шыққан № 2444 Заң күші бар.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы (25.04.01 №179 - II Қазақстан Республикасының Заңдарымен енгізілген өзгертулер және толықтырулармен қоса ) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Банктер және банк қызметі туралы Заңның 34 бабында қарыз операциясының анықтамасы берілген. Мұнда, жеке банк операцияларын жүзеге асыратын банк немесе ұйым қаржыны басқа тұлғаларға мерзімділік, қайтарымдылық және төлемділік талабына сай береді.
Банктік қарыздың қайтарымдылығын қамтамасыз ету Заңын 35 бабымен реттеледі. Заң бойынша несие қайтарымдылығы ( Заңға немесе шартқа сәйкес) тұрақсыздық айыбы, кепілдік, кепіл, кепілгерлік және т.б. тәсілдермен қамтамасыз етіле алады.
Банк клиентінің несиені өтеу қабілеті мен сенімділігі жоғары болған жағдайда қарызды беру жөніндегі шешімді қамтамасыз етілмеген етіп қабылдауға құқылы ( бланкілік несие ).
Заңның 36 бабында банк қарыз алушының төлеу қабілетсіздігіне қатысты шара қолдана алатыны қарастырылады. Бұл банкпен жаңа қарыздардың берілмеуі, қарыз алушының кез - келген шотындағы оның келісімінсіз қаражатын өндіріп алу немесе қарыз алушының төлем қабілетсіздігін мойындау жөнінде сотқа беру. 27.18-19б.
Несиелеу саясатындағы екінші деңгейлі банктер қызметінің нормативтік - құқықтық базасын жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 1996 жылдың 16 тамызында шыққан № 276 Екінші деңгейлі банктермен несиелеу бойынша құжаттакмаларды жүргізу ережесін бекіту туралы Қаулысын бекітті. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісімен, банк жүйесіндегі несие тәуекелін басқару жүйесін жетілдіру және банктердің қызметін инспектірлеу бойынша функцияларды орындау үшін талаптарды белгілейді. Айтылған Ережеде несиелеу тәжірибесінде қолданылатын дефинициялар берілген. Олар:
а) негізгі қарыз - банкпен қарызға берілген ақша сомасы;
ә) банк қарызы бойынша сыйақы - банкіге қатысты жылдық қаражат мөлшері есебінен негізгі қарызға ( қарыз сомасына ) қатысты пайызға шағылуында анықталатын берілген қарыз үшін төлем;
б) қарыз шарты - сыйақы мөлшері жөніндегі шартты, қарыз алушымен міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді, сонымен қатар жеке банктік қарыз бойынша тәуелділікті төмендетуге бағытталған ерекше талаптарды қосқандағы берілген банктік қарызға қатысты шарт түрі. 10.7б.
Ережеде кез келген банктік қарызды беру кезіндегі қажетті құжаттамалар тізімі анықталған және банктік қарыз шартының міндетті талаптары ескертілген.
Қазақстан Республикасының банк жүйесін нығайту мақсатында және несие берушілердің мүддесін қорғауда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктер үшін провизияларды ынталандарудың міндетті түрде болуын белгілейді.
Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері № 218 1997 жылдың 23 мамырынан шыққан Банк активтерінің классификациясы мен шартты міндеттемелері бойынша провизияны есептеу туралы Ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктермен берілген қарыздарды классификациялайды.банк активтерінің классификация критерийлері болып мыналар табылады:
а) ағымдық қаржылық ақпарат негізінде қарыз алушының қаржылық жағдайын, активтер сапасын, олардың айналыс жылдамдығын, өтімділік көрсеткіштерін, жеке капиталы мен қарызға алынған қаражат арасындағы қатынасты, жалпы пайда мен таза табыстың пайыздық өсуін талдау;
ә) қарыз алушы мен банк арасындағы қарым - қатынас. Клиенттер банк қарызын алудың шартын түсінуі тиіс және оны міндетті түрде орындауы қажет;
б) банкіге берілген кепілдік және банк қарызын кепілдік есебінен өтеу жағдайында оның құны ( оның өтімділігі );
в) негізгі қарыз сомасын және ол бойынша пайызды уақытылы өтеу. 18.1-2б.
Банктер шаруашылық қатынастар қатысушыларының қаржы делдалы болып, республика экономикасында үлкен рольді атқаратындықтан, нарықтық қатынастың дамуы банк заңдылықтарының жаңартылуына әкеліп соқты.
Осының нәтижесінде Қазақстан Республикасындағы банк қарызы айқын түрде қайта құрылды және нысаны мен мазмұны бойынша өркениетті болды деуге болады.
Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан монетарлық саяса, нисие қызметі аумағындағы банктер жұмысының стилі мен әдісін халықаралық стандарт талаптары мен нормаларына қарай өзгертуді мәжбүр етуге жағдай туғызды.
Қазақстан Республикасындағы несие қатынастарының құқықтық негізін анықтаудан кейін, несие қатынастарын басқарудағы несие саясатының ролін анықтау қажет.

Негізінен басты ұғымға назар аударсақ, яғни, қарыз капиталына тоқтала кетсек. Қарыз капиталы деген капиталистік-меншік иесінің жұмыс істеуші капиталдың қайталама айналымына қарызға берген және жалдамалы еңбекті қанау негізінде өсім ақы түсіретін ақшалы капитал.Өсімқорлық капитал капитализмге дейінгі өндірістік қатынастарды білдірсе, қарыз капиталы- капиталистік өндірістік қатынастардың көрінісі.Ол өнеркәсіп капиталының қайталама айналымының негізінде пайда болды.
Несие ұдайы өндірістің ажырамас бөлігі. Тауарлы өндіріс - несие қатынастарының пайда болатын табиғи негізі. Себебі тауардың пайда болуы маңызды екі жағдайға байланысты: біріншіден,өнім тауар болуы үшін оның заттай түрі және құны болуы қажет; екіншіден: өнім бір өндірушіден екінші өндірушіге ауысу қажет,ол ауысу тек айырбас кезінде,яғни нарықта болады.Сонда тауар айырбасы несиенің пайда болатын ортасы.Бірақ несиенің пайда болатын ортасын өнімін өзі қолданатын өндірістен емес,өнімдерді бір-біріне алмастыратын айырбас ортасынан іздеу керек.
Себебі тауарлар қолдан- қолға өтетін айырбас процесі - несие қатынастарының туындайтын көрінісі.
Қарыз капиталына нақты тоқтала кететін болсақ, ол өндірістегі капиталдың,яғни қаражаттардың қайталама айналымы - несие қатынастарынан туындайтын және одан әрі дамитын нақты экономикалық негіз болып табылады. Қарыз капиталының пайда болатын ең бірінші көзі - өндірістік капиталдың қайталама айналымында уақытша бөлініп шыққан ақша қаражаты.
Қарыз капиталының жинақталатын екінші көзі - мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаты,яғни мемлекеттің резервтік ақша қоры деп те айтуға болады.Ол қор үкімет пен оның жергілікті органдарының жинаған салықтарынан олардың шығындарының айырмасына тең.Қарыз капиталы құрылымының үшінші көзі - халықтың жинағы.Ол күнбе-күнгі қажеттілікке жұмсалмай, болашақтағы жағдайларға немесе ұзақ қолданылатын заттарды,қымбат тауарларды, жылжымайтын мүліктерді сатып алуға сақтап қойған жалақының бір бөлігі.Мұндай жинақтауға негізінен аңдаушылық (сақтық), саудагерлік,коммерциялық себептер әсер етеді.Ақша жинаудың бұл аталған негізгі көздерінен басқаларын да атап өтуге болады.Мысалы, несие-қаржы мекемелерінің ақша қаражатының шығындарды өтеу мен салым бойынша пайыз төлеуден қалған сомасын айтуға болады.Бірақ бұл өзгермелі сома болып саналады.
Ақша қаражатын жинаудың ерекше формасы - ол банктердің өз пайдасынан резерв қорына бөлген бөлігі,жинағынан айрылып қалу қаупін мақсатымен капиталын арнаулы несие жуйесі арқылы беруі. Сондай - ақ қоғамдық ұйымдардың жинағы жарнадан тускен табыстан ұйым шығындарын өтеуге қалған айырма ретінде қаралады.
Қорыта келе, қарыз капиталы өндіріс және айналыс қорларының ауыспалы айналысынан уақытша бөлініп шыққан бос ақшасынан және халық пен мемлекеттің ақшалы жинағынан құралады.Капиталды жинау барлық кезде бірдей болатын тұрақты фактор емес. Ол көптеген конъюнктуралық факторларға,әсіресе, экономиканың дамуына,ақшаның айналысқа қажеттілігі мен жеткілікті болуына байланысты өзгеріп тұрады.Ал ол өзгерістерде мынадай бағыттар байқалады:экономика қалыпты дамыса, жинақ қоры кемиді, себебі халық табысының өсуі олардың сақтық сезімдерін төмендетіп,ақшаны сақтап қоюдан гөрі күнделікті қажетіне жұмсауына әсер етеді. Бұл кезде жинақтағы ақша өндірістің дамуынан нарыққа түскен тауарларды сатып алуға жүмсалады.
Тауарларды артық өндіру кезінде ақша айналыстан шығып,жинаққа айналады.Тұрақсыз экономика жинаудың себептерін шиеленістіріп, олардың өсуіне әкеп соқтырады.
Жинақталған ақша ел экономикасын инвистицияландырып капиталға айналады.А л ақшаның капиталға,яғни қаражатқа айналуын қамтамасыз ететін басты құрал - несие болып табылады.
Коммерциялық банктердің меншікті капиталының ролі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын, жіне т.б. шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызмеін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте қажетті резервтер құрылды. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтрге жұмсалымдардың басты көзі болып табылады.

Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық банкте ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі.Бұл, активтік шот, сондықтан да дебеті бойынша ресурстар, ал кредиті бойынша несиелік жұмсалымдар беріледі.Демек, дебеттік қалдықтың шамасы банктің бос резервінің мөлшерін көрсетеді. Банктің бос резервінің мөлшері активтік операцияларға жұмсалмаған оның ресурстарының шамасын білдіреді. Осы бос резервтер сомасы қаншалықты жоғары болса, банктің тұрақтылығы соғұрлым жоғары, бірақ пайдасы төмен болады.
Керісінше, егер бос жатқан қаражаттарының шамасы аз болса, онда тұрақтылығы төмен, ал пайдасы жоғары болады. Сондықтан да, әрбір коммерциялық банк өзінің корреспонденттік шоттағы қалдығын үнемі ықшамдауға ұмтылады.
Банктің меншікті капиталы - банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әртүрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әртүрлі факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті пайданың пайдалануына, капиталдың бағасын нығайту мақсатына және банк аясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.
Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптарды құрайды:
‒ жарғылық капитал;
‒ резервтік капитал;
‒ қосымша капиталдар;
‒ банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер);
‒ бөлінбеген банк пайдасы;
Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды.Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер төмендегідей ұйымдық формаларда құрыла алады:
‒ акционерлік банк формасында;
‒ пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;
Пай қосу арқылы құрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық құжатта мөлшері анықтарған пайшыларының жарнасынан құралып, лоар қосқан жарналары көлемінде жауапты болып саналады.
Мұндай банктердің жарғылық капиталын ұлғайту, тек қана пай қосушылардың қосымша қосқан жарналары жіне пай қосушылардың санының өсуіесебінен жүзеге асырылады. Алайда, акционерлік банктер өздерінің жарғылық капиталын қлғайту үшін қосымша акцияларын эмиссиялайды, сол сияқты бұрынғы шығарылған акцияларының бағасын өсіреді.
Меншікті капиталдың құрамдас бөлігі - акционерлік капитал болып саналады. Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды.
Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар - акционерлер қосқан жарналардан құралады. Акционерлік банктің акциясы - банктің жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және дивидент алуға және банкті басқару ісіне араласуға құқық беретін қағаз.
Акционерлік капиталдың құрылымы әр банктерде әртүрлі болып келеді. Негізінен акционерлік капитал мынадай түрлерге бөлінеді:
а) меншікті акционерлік капитал, яғни бұл жай және артықшылығы бар акциялардысатудан түскен қаражаттардан, үнемделген капитал және бөлінбеген пайдадан тұрады;
ә) банктік резервтер, яғни бұл алдағы уақыттағы әртүрлі шығындарды жабуға, дивиденттер төлеуге, қайтарылмаған қарыздың орнын жабуға арналады;
б) банктің ұзақ мерзімді міндеттемесі (ұзақ мерзімді вексельдері, облигациялары т.с.с.).
Ашық типтегі банктің акциясы қолдан-қолға басқа да акционерлердің келісімінсіз өтеді.Жабық типтегі банктің акциясы қатаң түрде белгіленген тізім бойынша немесе құрылтайшылардың арасында бөлінеді.
Банктің жай акциясын иеленушілер, банктің таза табысынан дивидент алып отыруға, бірінші кезекте банктің жаңа акцияларын сатып алуға және оның жойылуы барысында бірінші болып өзіне тиісті мүлкін алуға құқылы.
Сонымен қатар, банктер қаражат тарту мақсатында облигацияларды шығарады. Жалпы, акционерлік капиталының құралуы мынадай кезеңдерден тұрады:
‒ Бағалы қағаздардың проспект эмиссиясын дайындау және оны сараптамадан өткізу;
‒ Бағалы қағаздарды эмиссиялауды тіркеу;
‒ Эмитент-банктің бағалы қағаздарын тіркеу;
‒ Шығарылатын және орналастырылатын бағалы қағаздардың нәтижелерін тіркеу;
Акционерлік банктер акцияларды келесідей жағдайларда шығарады:
‒ банкті акционерлік формада құру;
‒ банктің жарғылық қорын ұлғайту үшін қосымша акциялар шығару;
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады. Ал резервтік қор дегеніміз - банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған қаражат қоры.
Сондай-ақ, резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, мысалы, 25% мқлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың құралуының негізгі көзіне банкпайдасы жатады. Кейде, банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша пайыздар төленеді.
Қосымша капиталдар - негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар.
Арнайы қорлар - негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесінде құралады.
Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында маңызды.
Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы резрвтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардаң құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады.
Бөлінбеген пайда - акциялар бойынша дивидентті тқлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан кейін қалған пайданың бөлігін білдіреді.
Банктің меншікті капиталын ұлғайту жолдарына мыналар жатады:
‒ банк пайдасы;
‒ акциялар шығару;
‒ құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру;
‒ облигациялар шығару;
Банк капиталы банктің дербестігін қамтамасыз ете отырып, оның қаржылық тұрақтылығына кепіл болады және банктің басынан кешетін әр алуан тәуекелдердің зардаптарын ретке келтіретін басты көз болып табылады.
Банктің меншікті капиталы мынадай қызметтерді атқарады:
‒ қорғаныс қызметі;
‒ шұғыл қызметі;
‒ реттегіштік қызметі;
‒ айналым қызметі;
‒ резервтік қызметі;
Банктің меншікті капиталының қорғаныс қызметі, оның капиталының шамасының банктің төлем қабілетіне және тұрақтылығына тікелей байланыстылығын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы қаншалықты жоғары болса, соғұрлым банк өтімді болып саналады.Банк банкротқа ұшырай қалған жағдайда, оның акционерлерінен басқа ешкім зиян шекпейді.
Банк капиталының қорғаныс қызметі - банктің салым иелеріне жәрдемақы тқлеу мүмкіндігі ғана емес, сол сияқты ағымдағы табыс болмаған жағдайда зияндарды жабуға қызмет етуін сипаттайды.
Сондықтан да, оның азаюы банктің банкротқа ұшырауына жол береді. Қорғаныс қызметі - меншікті капиталдың ең басты қызметі болып табылады.
Банк капиталының шұғыл қызметі қорғаныс қызметіне қарағанда екінші дәрежелік маңызға ие болып табылады. Оперативтік қызметі жер, ғимарат, құрал-жабдықтар, алуға қажетті меншікті қаражаттарды жұмылдыруды, сондай-ақ көзге көрінбейтін зияндар жағдайына байланысты резервтер құруды сипаттайды.
Бұл қаржы ресурстар көздері әсіресе, банктік қызметтің басталуы үшін маңызды. Кейіннен бұл қаражаттардың бір бөлігі ұзақ мерзімді активтерге және әртүрлі резервтерді құруға жұмсалынады.
Қаржы және салым иелерінің мүдделерін қамтамасыз етуден басқа банктердің меншікті капиталы реттегіштік қызметті атқарады. Бұл қызмет қоғамның мүддлерімен, сол сияқты банк операцияларына бақылауды жасауға мүмкіндік жасайтын заңдар және ережелерге тікелей байланысты. Банк капиталының көрсеткіштерінің көмегімен мемлекеттік ұйымдар банктер қызметтеріне баға беріп, оған бақылауды жүзеге асырады.
Банктердің меншікті капиталына қатысты ережелер, оның ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды, активтерге байланысты шектелуін және басқа банктен активтер сатып алу шартын қамтиды.
Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен пруденциялық нормативтерде банктің меншіктікапитал көлемі беріледі.Сонымен қатар, реттегіштік қызметке ссудалық және инвистицмялық операцияларға байланысты шектеу мақсатында капиталды пайдаланады.
Айналым қызметі - кез-келген банк капиталы банроттыққа қарсы, не болмаса зияндардың орнын жабу үшін құрылмайды.Олардың басты мақсаты коммерциялық қызмет көрсету болып табылады.Мұндай қызметтер тәуекелмен байланысты болатындықтан, банк капиталының мұндағы қызметі тәуекел дрежесін есепке алатын активтік айналымды авансылаумен сипатталады. Сондықтан да, бұл қызметті меншікті капиталдың айналым қызметі деп атайды. Бұл қызметті атқара отырып, өзінің айналым капиталын кассалық ақшалар, несиелік, факторингтік және лизингтік операцияларға, бағалы қағаздар сатып алуға, басқа да ғимарат, құрылғыларға және басқа да негізгі қорларға жұмсай отырып, банктер өз несие берушілерін зияндардан қорғайды.
Резервтік қызметі - бұл тәуекелдер тек активтік операцияларға ғана емес, сондай-ақ пассивтік операцияларға да тиісті болып келеді. Пассивтік операциялардан туындайтын тәуекелдерді болдырмау үшін банктер тартылатын қаражаттар есебінен міндетті резервтер ретінде Орталық банкте резервтерін құрайды.
Банктердің төлем ресурстарының мүмкін болар тапшылығына байланысты міндетті түрде құрайтын резервтер сияқты, активтік операцияларды болатын тәуекелдердің орнын толтыру үшін арнайы меншікті капитал резервін құруға мәжбүр болады. Мұндай зияндар банк капиталының айналым қызметіне жатпайтындықтан, оларды басқа қызметі - резервтік қызмет арқылы ғана қолдап отырады.

1.2 Банктің меншікті қаражатының жеткіліктілігі және банктің тартылған қаражаттары
Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі ұзақ уақыт бойы ғылыми-зерттеу затына және банктер мен оны реттеуші ұйымдар арасындағы пікірталасқа айналып келеді.
Банктер өздерінің активтерін арттыру үшін капиталдың төменгі мөлшерде болғанын қалайды. Ал банкті бақылаушылар, банктердің банкроттықтан аулақ болуы үшін капиталдың жеткілікті мөлшерде болуын талап етеді. Банктердің банкроттығы ондағы басқарудың нашарлығынан болуы мүмкін, себебі, банкті жақсы басқарса, ол төменгі капитал нормасында жұмыс жасай алады деген пікірлер бар.
Капиталдың жеткіліктілігі термині банктің жалпы тұрақтылығын және оның тәуекелге бару дәрежесінкөрсетеді. Капиталдың жеткіліктілігі - бұл банк капиталының мөлшерінің тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне сәйкес болуға тиісті. Сондай-ақ коммерциялық банктер өз жұмыстарында банк капиталын шамадан тыс ұлғайтуды теріс санайды. Өйткені, олбанктің қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Банктердің көбі акция шығара отырып, қаражат тартуға ынтасыз болып келеді. Сондықтан банк жетекшілері бір жағынан - қадағалау және бақыла ұйымдары, екінші жағынан - банк капиталы мен коммерциялық банктердің басқа да қызметіндегі параметрлер арасындағы қолайлы қатынасты табуға тырысады.

Кез-келген коммерциялық банктің меншікті капиталының мөлшерін мынадай формуламен анықтауға болады:

МК=А-М

Мұндағы,
МК - банктің меншікті капиталы;
А - банктің активтерінің жалпы сомасы;
М - банктің міндеттемелері;

Банктің ресурсындағы меншікті капиталдың өте төменгі үлесінде болуы да дұрыс емес. Себебі, ол банктің салым иелері алдындағы жауап беру мөлшеріне сәйкес келмейтіндігін сипаттайды. Банк меншікті капиталын ұлғайтуға негіз болатын мынадай факторларды ескерту қажет:
а) банктердің дивиденттері өнеркәсіптік кәсіпорын актиатеріне қарағанда, пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне, қарыз алушының несиелік қабілетінің нашарлауына байланысты, олардың нарықтық құндары өзгеріп отырады;
ә) банк көбіне тұрақсыз қысқа мерзімді қарыз көздеріне көңіл бөледі, бірақ оладың көбі талап етуге байланысты қайтарылынып алынуы мүмкін;
Сондықтан да кез-келген саяси немесе экономикалық өмірдегі жағдайлар банктердегі ресурстардың сыртқа ағылуына себеп болуға тиіс. Бастапқыда банк капиталының активтерге қатысы шекті қатынасы 20% пайызы шамасында болса, ал қазіргі оның шамасы 12% пайызды құрайды. Бұл дегеніміз банк жүйесіндегі төлем қабілетінсіздік тәуекелдің уақыт өте келе арта түсетіндігін кқрсетеді. Себебі, банк жүйесіндегі банктердің активтерінің сапасы әлі де болса, өз деңгейінде еместігін ескерсек, онда болашақта оның орнын жабатын меншікті капитал үлесінің жеткіліксіздігі байқалады. Демек, банк капиталының жиынтық деңгейінің жеткіліктілігі банк жүйесін қолдайтын басты шарттардың біріне жатады. Банктердің немесе жалпы банктік жүйедегі капитал көлемін тура анықтау қиын, бірақ жоғарыда қарастырылған қызметтердің орындалуы үшін, салым иелері мен бақылаушы ұйымдардың сенуі үшін капитал жеткілікті мөлшерде болуы қажет.
Қажетті капиталдың сомасы банктің тәуекел деңгейіне байланысты болуға тиіс. Мысалы егер банктің бергн ссудаларының тәуекел дәрежесі өте жоғары болса, онда банкке көп мөлшерде қорлар құруға тура келеді. Қажетті меншікті капитал мөлшерін анықтай отырып, банк алдында келесідей міндеттер тұрады: тәуекелдің артуына байланысты өз капитал мөлшерін ұлғайту қажет пе немесе тәуекел деңгейі төмен болып келетін активтерге өз қаражаттарын орналастырған тиімді ме?
Осындай жағдайда банк капиталы, оның активтер сапасына, басқару сапасына, қызметіндегі саясатқа және банктің басынан кешетін тәуекелдерге тәуелді ме жоқ па? деген балама сауал туындайды. Банк меншікті капиталын бағалау әдістемесі туралы сұрақ 80-жылдардың екінші жартысында халықаралық қаржы ұйымдарында да үлкен пікірталас туғызған болатын.Сөйтіп, 1988 жылы Базель комитеті келісімінің шешімімен Халықаралық біртұтас капитал есебі және капитал стандарты туралы келісімшарт негізінде Кук коэффициенті деп аталатын капитал жеткіліктілігі нормативі іс жүзінде енгізілді.
1933 жылдан бастап күшіне енген бұл коэффициент көптеген елдердің Орталық банктерінде, біздің Ұлттық Банкімізде, пруденциялық норматив қатарында пайдаланылуда. Кук коэффициенті, банк капиталы мен оның баланстан тыс активтері арасындағы ең төменгі шекті қатынасын бейнелейді. Мұндағы меншікті капитал екі элементті қамтиды: негізгі және қосымша капитал. Олардың жеткіліктілігіне баға беру үшін, активтер мен баланстан тыс міндеттемелердің өлшемі таңдап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын орналастыру тәжірибесін талдау ("АТФ" АҚ мысалында)
Несиелік ресурстар ақшалай ресурстардың бір формасы
Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер: болашағы мен проблемалары
Банктің қаржы ресурстарын қалыптастыру және оны тиімді пайдалану
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТЕРІН ТАЛДАУ
Банк қызметі және оның түрлері
Қазақстан Республикасындағы ақша айналымы және банк жүйесін тұрақтандыру
Коммерциялық банктердің басқару және функционалдық құрылымы
Несие берудегі несие саясаты
Банк балансының активі мен пассивін теңгерімді басқару арқылы өтімділікті қамтамасыз ету бағыттары
Пәндер