Ірі қара мал гигиенасы



1.Ірі қара малдарына арналған қоралардың негізгі технологиялық бөлшектерінің көрсеткіштері
2. Ірі қара малдарына арналған қоралардың микроклиматы
Ірі қара малдарына арналған қоралар мен олардың ішкі технологиялық процесстердің жабдықталуы тек мал басы мен олардың физиологиялық ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, оларды ұстау тәсілдеріне де қатысты болады. Сондықтан мал басына тиісті қораларды жобалап салу кезінде пайдаланатын технологиялық процесстердің негізіне және ұстау жүйелеріне сүйеніп малдардың денсаулығын сақтап, өнімін төмендетпейтін жағдай туғызу қажет.
1. Ірі қара малын тұрғызып байлап ұстау кезінде салынатын қоралар үнемді (экономды) және барлық қаралатын технологиялық процесстерді жүргізуге қойылатын талаптарға сай болуын қадағалайды. Мұндай қоралардың құрлыстық шешімдері және инженерлік жабдықтары ондағы микроклиматты қалыпты жағдайда ұстап тұруға мүмкіндік туғызатын болуға тиіс. Малдарды тұрғызып байлап ұстайтын қоралардың ішіне тұрақтарды орналастыру қатар санына байланысты екі тұрақты біріктіріп бір азық, немесе көң жолдарын қалдырады. Қораларды жылыланған және желдетілген шатырлы немесе шатырсыз бір қабатты қылып, жергілікті арзан құрылыс материалдарынан тұрғызады. Сиыр қораларын ішкі технологиялық жабдықтарды орналастыруға бөгет жасамайтындай, яғни ауа алмастыру, көң шығару, азық тарату құрылымдарына қолайлы, керек кезінде жаңа технологиялық процесстерді кіргізуге жеңіл болу үшін ауыр бағаналарсыз салу керек.
Сиырды байлап тұрғызып ұстауға арналған қоралардың едендерін тұтас немесе жартылай төркөзді қылып жасайды. Тұрақтардағы едендердің материалдарының жылу сіңіргіштік коэффициенті 12 ккал/м²/сағ/град жоғары болмауы керек. Егер бұл көрсеткіштен артық болса, мал денесінен артық жылу тарап, еденді жылтуға шығындалады да, сиыр организмінің суыққа ұрынып, төзімділігі азайып, өнімінің төмендеп, азық шығымының артуына апарып соғады. Мысалы, ағаш едені мен бетон еденінің жылу өткізгіштігің әртүрлі болуының салдарынан 100 ккал/сағ жылу артық жұмсалады, яғни ол 2 л сүттің коллориясына пара-пар болады. Сондықтан айтылған болар, ірі қара малдары астынан жүдейді деген сөз. Оларды байлап тұрғызып ұстаған кезде көбінесе тақтай едендерді пайдаланады. Өйткені тақтайдан жасалған едендер жылы, құрылымы қыйын емес, таза, бетон сыяқты тұяқты жемейді. Бірақ сыртқы әсерлерге шыдамсыз, әсіресе дезинфекциялық химиялық заттарға төзімсіз, тез тозып, шірігіш келеді. Өте ылғалды болса тайғанақ болып, малдардың мертігуіне де себепші болады. Ағаш материалдардан еден жасау үшін алдын ала 10 % креозот майының ертіндісімен өңдеп және екі қайтара ыстық қара май (смола) ертіндісімен жабады. Тақтайдың үстінгі бетін үстіріктеп, тегістеп және пайдаланудан 10 күн ерте үстіне сөндірілген хлорлы әкі сеуіп қояды. Мұндай еден төзімді болып ұзаққа шыдайды, хлорлы әкі мен кеуекті тесіктері бітеледі де, бойына сұйық аз сіңіріп, шірімей тазалауға қолайлы болады.
1. Барабаш А.Ф. Практические советы по содержанию крупного рогатого скота.-М.: ООО «Издательство АСТ», Донецк: «Сталкер», 2002.
2. Садуақасов М.С. «Ауыл шаруашылық малдары мен құстар гигиенасы II кітап» ,2010

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

БӨЖ
Тақырыбы: Ірі қара малының гигиенасы

Орындаған:Туржигитов А.Х.
Тексерген: Садуақасов М.С.

Семей 2015
Жоспар:

1.Ірі қара малдарына арналған қоралардың негізгі технологиялық бөлшектерінің көрсеткіштері
2. Ірі қара малдарына арналған қоралардың микроклиматы

Ірі қара малдарына арналған қоралардың негізгі технологиялық бөлшектерінің көрсеткіштері

Ірі қара малдарына арналған қоралар мен олардың ішкі технологиялық процесстердің жабдықталуы тек мал басы мен олардың физиологиялық ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, оларды ұстау тәсілдеріне де қатысты болады. Сондықтан мал басына тиісті қораларды жобалап салу кезінде пайдаланатын технологиялық процесстердің негізіне және ұстау жүйелеріне сүйеніп малдардың денсаулығын сақтап, өнімін төмендетпейтін жағдай туғызу қажет.
1. Ірі қара малын тұрғызып байлап ұстау кезінде салынатын қоралар үнемді (экономды) және барлық қаралатын технологиялық процесстерді жүргізуге қойылатын талаптарға сай болуын қадағалайды. Мұндай қоралардың құрлыстық шешімдері және инженерлік жабдықтары ондағы микроклиматты қалыпты жағдайда ұстап тұруға мүмкіндік туғызатын болуға тиіс. Малдарды тұрғызып байлап ұстайтын қоралардың ішіне тұрақтарды орналастыру қатар санына байланысты екі тұрақты біріктіріп бір азық, немесе көң жолдарын қалдырады. Қораларды жылыланған және желдетілген шатырлы немесе шатырсыз бір қабатты қылып, жергілікті арзан құрылыс материалдарынан тұрғызады. Сиыр қораларын ішкі технологиялық жабдықтарды орналастыруға бөгет жасамайтындай, яғни ауа алмастыру, көң шығару, азық тарату құрылымдарына қолайлы, керек кезінде жаңа технологиялық процесстерді кіргізуге жеңіл болу үшін ауыр бағаналарсыз салу керек.
Сиырды байлап тұрғызып ұстауға арналған қоралардың едендерін тұтас немесе жартылай төркөзді қылып жасайды. Тұрақтардағы едендердің материалдарының жылу сіңіргіштік коэффициенті 12 ккалм²сағград жоғары болмауы керек. Егер бұл көрсеткіштен артық болса, мал денесінен артық жылу тарап, еденді жылтуға шығындалады да, сиыр организмінің суыққа ұрынып, төзімділігі азайып, өнімінің төмендеп, азық шығымының артуына апарып соғады. Мысалы, ағаш едені мен бетон еденінің жылу өткізгіштігің әртүрлі болуының салдарынан 100 ккалсағ жылу артық жұмсалады, яғни ол 2 л сүттің коллориясына пара-пар болады. Сондықтан айтылған болар, ірі қара малдары астынан жүдейді деген сөз. Оларды байлап тұрғызып ұстаған кезде көбінесе тақтай едендерді пайдаланады. Өйткені тақтайдан жасалған едендер жылы, құрылымы қыйын емес, таза, бетон сыяқты тұяқты жемейді. Бірақ сыртқы әсерлерге шыдамсыз, әсіресе дезинфекциялық химиялық заттарға төзімсіз, тез тозып, шірігіш келеді. Өте ылғалды болса тайғанақ болып, малдардың мертігуіне де себепші болады. Ағаш материалдардан еден жасау үшін алдын ала 10 % креозот майының ертіндісімен өңдеп және екі қайтара ыстық қара май (смола) ертіндісімен жабады. Тақтайдың үстінгі бетін үстіріктеп, тегістеп және пайдаланудан 10 күн ерте үстіне сөндірілген хлорлы әкі сеуіп қояды. Мұндай еден төзімді болып ұзаққа шыдайды, хлорлы әкі мен кеуекті тесіктері бітеледі де, бойына сұйық аз сіңіріп, шірімей тазалауға қолайлы болады.
Бетонды едендер - берік, төзімді болғанымен қатты, жатуға жайсыз, суық болады да, оларды азық-көң жолдарына, кейбір азық дайындау, сүт өңдеу бөлмелеріне, зертханаларда т.б. жерлерге төселеді. Егер малдар жататын орындарында бетонды едендер болса, оның үстіне торкөзді ағаш еденшелер немесе қалың төсеніштер салып қояды. Кейінгі кездерде бетонды едендерді жылылау үшін асфальтты немесе резиналы жапқыш төсеніштер қолданады.
Асфальтты едендер - серіппелі-жұмсақ, тайғанақ емес, су өткізбейді, жылу өткізгіштігі шамалы, тазалау, дезинфекциялауға жеңіл және оңай өңдеуге жатымды. Мұндай едендер сиыр қораларда, ұрықтандыру пунктерінде ветеринариялық объектілерде қолданылып, тасты, қайыршақты едендердің үстіне төсеп өңдеуге пайдаланады. Асфальтты едендердің кемшлігі сыртқы әсерлерге әсіресе мал нәжістеріне өте төзімсіз келеді де, мал тұрақтарында, жүретін жолдарында, әсіресе дұрыс қоспасы жасалмаған кездерде ішке түсіп, шұңқырлар шығып, оларға су тұрып еден тез істен шығуы кездеседі.
Кейінгі кездерде сиыр қоралардың тұрақты орындарын жылылау мақсатында көмір қалдықтары (шлак) мен битумдардың (қарамай) қоспаларынан және асфальтты плиткалар мен ішкі қуыс кірпіштерді пайдалану ұсынылады. Бірақ олардың да көптеген кемшіліктері, әсіресе жылулық қасиеттерінен, кездесіп кең таралмаған.
Көптеген еден түрлеріне қарағанда керамзит (қыш) бетонды едендер зоогигиеналық талаптарға сай келеді. Ол сыртқы ауа әсеріне шыдамды, жоғарғы температураға төзімді, механикалық әсерлерге берік, салмағы жеңіл, жылу тарату коэффициенті төмен және өндеуге қолайлы болады. Сиыр қораларда керамзит - бетонды едендер болғанда сүт өнімінің сапасы жоғарлап, санитарлық тазалығы артады. Олар малдардың денсаулығы мен өніміне теріс әсерін тигізбейді, яғни керамзит бетонды едендер өзінің физикалық-жылулық қасиеттері бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келеді деп санап көптеген шаруашылықтарда, үстінгі беті цементті-құмды ертінді мен қапталған түрінде кең пайдалануға ұсынылады.
Керамзит-бетонды едендермен қоса кейінгі кезде жасанды, кеуекті материалдар-аглопорит материалдарынан жасалған едендер қолданылады.
Аглопорит - сазды және көмірді өңдіру кездерінде қалған қалдықтарды күйдіру арқылы алынатын жасанды, іші қуыс жеңіл материалдар. Ол өзінің жылулық, беріктік және санитарлық-гигиеналық қасиеттері бойынша керамзит-бетонды едендерден кем түспейді.
Сол сияқты формальдегид смоласын КС-11, латекс СКС-65-ГП, полиамид смоласын пайдаланып полимерлі цементті қоспамен үстін жауып, жеңіл бетонды едендер жасалып жүр.
Белорусияның ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу институты кордорезиналы-битумды үстінің жаппасы бар жеңіл бетонды едендер жасауды ұсынған. Мұндай едендер жылы, құрғақ, қатты жайсыз емес, берік, көпке шыдамды, мал нәжістерінің әсерлеріне төзімді, жууға және дезинфекциялауға қолайлы болып келеді де, оларды төсенішсіз пайдалануға болады.
Қазіргі кезде, әсіресе ірі қара малдарын бокстарда ұстағанда, көңді оңай тазалап-шығару мақсатында, тұрақ орындарда төркөзді едендер орнатады. Бірақ тәжірибеде дәлелденгендей өте ұзын тұрақтардағы (110-140 см) қолданылған сырықтар (рейкалар) ұзындығы 60-70 см-ден асса, мал жатып, дем алған кездерде иіліп, арасынан суық соғып, сиырлардың желіндері түсіп қыстырылып, тұяқтарын айырып, жарақаттар салып, желін сау, ауруларының шығуына апарып соғатындығы дәлелденген. Мұндай кемшіліктерді болдырмай, алдын алу жолында төркөз еденнің аз бөлігін (18-20 см) тұтас тақтайдан жасау қажет және төркөздің (решетка) ұзындығы 40 см, сырық аралық саңылаудың ені 3,5-4,5 см, ал сырықтың жалпақтығы 8-12 см жасалады. Мұндай едендерге қолайлы материалдар ағаш және көбікті бетондар болып саналады.
Едендердің құрылымы сиыр қораларынан көңді тазалап-шығару тәсіліне байланысты болады. Ірі қара малдарын тұрғызып ұстау кезінде қорадағы көңді транспортерлердің (қырғыш, сырғыш) көмегімен тазалап шығарады.
Азық тарататын, көң тазалайтын жолдардың ені қолданатын құрылымдардың размерлеріне байланысты болатындығы көрсетілген.
Сиыр қораларының оң түстігінен малдар серуендейтін алаңдар қаралады да, оның едені қатты материалдармен (бетон) жабылады. Егер ондай қатаң едендер қаралмаса қораға малдардың кірер жерлері, азық, су науалырының бойымен 2-3 м ендікте жасалып, сұйықтардың ағуына қолайлы қылып 6 градусқа дейін еністікте жасалады. Серуен аланының едені қатаң жапқышпен жасалған болса, әр бас сиырға 8 шаршы метрден, ал ондай жоқ болса 15 м² қаралып, үштен бір бөлігіне көлеңке жаппа жасалады.
2. Ірі қара малдарын байлаусыз бос қолда тұрғызып ұстағанда қолданатын тәсіліне байланысты (қалың жиналмайтын төсеніште немесе бокста) жер орайы, ауа райы, температуралық жағдайы және өндіріс бағыты (еттік, өнімдік, сүттік т.б.) ескеріліп төрт типті қора жобаланып салынады:
1) Жан-жағы ашық, тек төбесі жабық-күрке тәріздес қора;
2) Төбе және үш жағынан қабырғалар қаралған-жартылай ашық қоралар;
3) Малдардың еркін серуен алаңына кіріп-шығуына арналған қақпа кәсектері ғана қаралған-жылыланбаған қоралар;
4) Малдардың мезгілді шығуына арналған - жылыланған қоралар.
Бірінші типпен салынған күрке қоралар Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан және біздің еліміздің оңтүстік аймақтарында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асылтұқымды малдарды азықтандыру және олардың гигиенасы
Ірі қара малының гигиенасы. Суалтылған сиырлар мен құнажындардың гигиенасы
Ірі қара малының гигиенасы.Мал қораларына және мал шаруашылық өндірісіне қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар
Малды жазда бағып-күту гигиенасы
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Ірі қара мал гигиенасы жайлы
Ірі қара гигиенасы
Ірі қара малдың гигиенасы
Ірі қара гигиеналары
Мал коралары ауасының микрофлорасы
Пәндер