Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамыту



1. «Шағын бизнес» кәсіпорындары – мына критерилерге жауап беретін кәсіпорындар (заңды тұлғалар):
• жұмыскерлердің орташа жылдық саны (қосымша істеушілерді қоса) 50 адмға дейін;
• активтердің жылдық орташа жалпы құны 60000 есе есептік көрсеткіштен аспайтын;
• мынадай ұйымдық-құқықтық нысанда кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды тұлғалар:
• толық серіктестік;
• сенім серіктестігі;
• жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
• қосымша жауапкершілікті серіктестік;
• өндірістік кооператив.
Шағын бизнестің дамуын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер істеп тұрған шаруашылық субьектілері бойынша есептеледі. Істеп тұрған кәсіпорындарға мыналар жатады:
• белсенді, ағымдағы жылы қандай да бір қызметті жүзеге асырған;
• жаңа, яғни таяуда ғана тіркелген, бірақ әлі өндірістік қызметті бастамаған;
• уақытша тоқтап тұрған кәсіпорындар.
Шағын кәсіпкерліктің бірден-бір даму көзі несиелеу болып табылады. Экономиканың нақты секторын және сауда фирмаларын коммерциялық банктердің несиелеуі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Осыған байланысты кейбір кәсіпкерлерде өз бизнесін ұйымдастыруын қажетті қаражаттың жетіспеушілігі мәселесі туындап отыр. Әлемдік тәжірибеде мұндай мәселелер әр түрлі жолдармен шешіледі. Сондықтан, ақшалай қаражаттарға иелік ететін инвестициялық қорлар, банктер, олардың тауарларды өндіру мен қызмет көрсетулерін қаржыландыру керек.
1. Қаныбекова Ә.О., автореферат «Шағын кәсіпкерліктің қызметін басқарудың тиімділігі».
2. Adilet.zan.kz

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Семей қаласы

СӨЖ
Тақырыбы: Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.жеке кәсіпкерлік туралы заң

Орындаған: Ахмадиев Құрмет, БТ-407
Тексерген: Есенбекова З.Ж.

1. Шағын бизнес кәсіпорындары - мына критерилерге жауап беретін кәсіпорындар (заңды тұлғалар):
* жұмыскерлердің орташа жылдық саны (қосымша істеушілерді қоса) 50 адмға дейін;
* активтердің жылдық орташа жалпы құны 60000 есе есептік көрсеткіштен аспайтын;
* мынадай ұйымдық-құқықтық нысанда кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды тұлғалар:
* толық серіктестік;
* сенім серіктестігі;
* жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
* қосымша жауапкершілікті серіктестік;
* өндірістік кооператив.
Шағын бизнестің дамуын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер істеп тұрған шаруашылық субьектілері бойынша есептеледі. Істеп тұрған кәсіпорындарға мыналар жатады:
* белсенді, ағымдағы жылы қандай да бір қызметті жүзеге асырған;
* жаңа, яғни таяуда ғана тіркелген, бірақ әлі өндірістік қызметті бастамаған;
* уақытша тоқтап тұрған кәсіпорындар.
Шағын кәсіпкерліктің бірден-бір даму көзі несиелеу болып табылады. Экономиканың нақты секторын және сауда фирмаларын коммерциялық банктердің несиелеуі - ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Осыған байланысты кейбір кәсіпкерлерде өз бизнесін ұйымдастыруын қажетті қаражаттың жетіспеушілігі мәселесі туындап отыр. Әлемдік тәжірибеде мұндай мәселелер әр түрлі жолдармен шешіледі. Сондықтан, ақшалай қаражаттарға иелік ететін инвестициялық қорлар, банктер, олардың тауарларды өндіру мен қызмет көрсетулерін қаржыландыру керек.
Көптеген шағын кәсіпорындар қаржылық тұрақсыздық және құрал жабдықтың жетіспеушілігінен өзінің даму жолында қиыншылықтарға кездеседі, олардың алдын - алу барысында жаңа технологиялар енгізіп, өнім мен қызметтің сапасын жоғарылатып, ұзақ мерзімді инвестициялар тартып, сондай-ақ, жаңа нарық жасау жолдарын енгізу сияқты бағыттар ұстанады. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар үшін ең өзікті мәселе болып меншік құралдары мен капиталдың ұзақ мерзімді көздер есебінен туындайтын қаржылық стратегия табылады.
Кәсіпкерлік сәтті жүргізілуі үшін белгілі бір активтер санын басқаруы керек. Олар тез пайдаға түспейді, яғни белгілі бір уақыт арасында ретке келіп отырады. Осы активтерге кеткен шығындар капиталдағы кумулятивті қажеттілікпен анықталады. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар үшін ең өзекті мәселе болып меншік құралдары мен капиталдың ұзақ мерзімді көздер есебінен туындайтын қаржылық стратегия болып табылады. Ғылыми зерттеулер көрсеткіші тек қана 5% шетел кәсіпорындары инвестициялық қорлар есебінен қаржыландырылады. Көбінесе, шағын кәсіпкерлік меншік жинақтарынан, туыстарының, достарының жинақтарынан, сондай-ақ коммерциялық банктердің несиелерімен қаржыланады. Қазақстанда меншікті құралдар шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады. Бірақ олар қаржыландырудың барлық қажеттіліктерін жаба алмайды. Бұл жағдайда қаржыландырудың альтернативті көзі болып банк несиелері және мемлекеттің және халықаралық ұйымдардың арнайы жүргізілетін шағын кәсіпкерлік субъектілерін несие беру кезінде келісім бойынша кепіл болуы қажет. Кепілхаты мынадар болуы мүмкін: есеп құжаттарының материалдық бағалығы; бағалы қағаздар; валюталық құндылықтар. Сондай-ақ, кепіл ретінде өндіріске тез араласып кететін бағалы құндылықтар болады. Кепіл түрлері болып, мүлік және құқық кепілдері болып табылады. Клиенттың мүлік кепілі, бұл тауарлы - материалды құндылықтар келілі; дебиторлық шоттар кепілі; бағалы қағаздар кепілі; вексельдер кепілі; депозиттер келілі; ипотека; аралас кепіл. Құқықтық кепіл, бұл несие алушының өзінің мүлігіне құқы бар кепіл. Мұнда несие алушы кепіл туралы келісім және несие беруші банк арасындағы байланыс көрсетіледі.
Қазақстан Республикасында Казкоммерцбанк ААҚ-мы кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғаларға несие беру бағдарламасын жүргізеді. Сондай- ақ тауар айналымын өсіру, айналым капиталын толықтыру, көрсетілген қызметтер көлемі немесе өндіріс көлемін ұлғайту, машина сатып алу, құрылғылар шикізаттар мен материалдар, құрылыс және қозғалмайтын мүлікті жөндеуден өткізу сияқты кәсіпкерлік қызметтер субъектілерін несиелендіреді. Несиелендіру қозғалатын және қозғалмайтын мүлікті кепілге алу барысында есиелендіру қозғалатын және қозғалмайтын мүлікті кепілге алу барысында жүргізіледі. Несие мөлшері 500 АҚШ долларынан 30000 АҚШ долларына дейін 12 айға, ал пайыздық ставка мөлшерінде айына 2-2,6% мөлшерінде беріледі.
Халықтық Жинақ Банкі орта және шағын бизнес субъектілерін несиелендіру бағдарламасын, сондай-ақ орта және шағын агробизнесті қаржыландыру бағдарламаларын жүргізеді. Бұл бағдарлама несиелік қызметтер комплексін ұлғайту,шағын кәсіпкерлік субъектілерін, олардың қызметтік инфрақұрылымдық, транспорттық, өндірістік сферасындағы орнын ұлғайту мәселелерін орындайды. Несиелендіру заңды және жеке тұлғаларға жүргізіледі. Кепіл ретінде ғимараттар, құрылғылар, пәтерлер, тұрғын үйлері, автокөлік түрлері, тұтыну тауарлары, шаруашылық субъектілерінің бағалы қағаздары қойылады.
Ал Тұран Әлем Банкін алатын болсақ, несиелендіру бағдарламасы құрылысқа және қозғалмайтын мүлікті жөндеуден өткізуге, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге, айналым капиталын толықтыруға, сауда келісімдерін жүргізуге, материалдар және шикізатттар сатып алуға, машинамен жабдықталуға жүргізіледі. Несиелендіру сомасы 30000 АҚШ долларынан 200000 долларына дейін беріледі. Пайыздық ставкасы 1,33-2,16% мөлшерінде. Мерзімі 4 айға дейін. Кепіл ретінде қозғалмайтын мүлік, автотранспорт, жеке мүліктер, тауарлық запастар алынады. Сондай-ақ, жеке тұлғаларды микронесиелендіру бағдарламасы жүргізіледі. Несие сомасы 500-30000 АҚШ долларына дейін. Мерзімі 2-13 айға дейін. Пайыздық мөлшерлемесі 1.75-2,33% шетел валютасында, 2,33-2,75% теңге мөлшерінде. Сонымен қатар, Еуропа қайта құру және және Даму Банкі ірі масштабты жобаларды тікелей қаржыландырады. Қаржыландыоу негізінен несие түрінде жүргізіледі. Қазіргі кезде Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі Қазақстан Республикасындағы кіші бизнесті қолдауға атсалысып, шағын бизнесті несиелендіру бағдарламасын жүргізеді. Бағдарламаның негізгі мақсаты шағын кәсіпорындарға қысқа және орта мерзімдік несиемен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда экономикасы дамыған мемлекеттерде шағын кәсіпкерлікті дамытуда көптеген шаралар жүргізілуде. Экономикасы дамыған елдердің мәліметтері бойынша шағын кәсіпкерлік экономиканың өсіміне әсер ететін қажетті шарттардың бірі ол қаржылық-несиелік қамтамасыз ету болып саналады. Шағын кәсіпкерліктің жоғары дәрежеде дамуы, мемлекет тарапынан жүргізілетін несиелік-қаржылық көмексіз өркендей алмайды. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйену, Қазақстан кәсіпкерлері үшін қажетті бағыт болып табылады.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры -- бейкоммерциялық қаржы ұйымы. 1997 жылы сәуірде Алматыда құрылған. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасып, дамуын ынталандыру, шағын кәсіпкерлікті қолдауға жұмсалатын мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану мақсатын көздейді. Қордың акциялары түгелдей мемлекетке тиесілі. "Жеке кәсіпкерлік туралы" ҚР Заңына сәйкес қордың негізгі міндеттері: жобалық қаржыландыру; жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен кішігірім несие ұйымдарының желісін дамыту; шағын кәсіпкерлік субъектілері 2-деңгейдегі банкілерден несие алған кезде оларға кепілдік беру жүйесін құру; қаржы лизингін дамыту; шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ақыл-кеңес беру, оларды кәсіпкерлікке баулу; шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін сапа менеджменті жүйесін енгізу операцияларын бірлесіп қаржыландырудың кепілді жүйесін дамыту.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры (ШКДҚ) Үкіметтің, қазақстандық заңи тұлғалар мен кәсіпкерлердің, халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдік үкіметтік және үкіметтік емес құрылымдардың қатысуымен Шағын кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды күшейту және жандандыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің1997 жылғы мамырдың 6-сындағы Жарлығын атқару үшін құрылған. Аталған Қордың негізгі қызметі шағын бизнес жобалары бойынша дербес, сондай-ақ екінші деңгей банктерінде конкурстық негізде Қор қаражаттарын шарттасымды орналастыру арқылы кредиттер беруге бағытталған. Қорды құру туралы Үкіметтің қаулысында Қаржы министірлігінің Мемлекеттік мүлік пен активтерді басқару департаментіне 1997 жылдың 1-маусымына дейін банктік емес қаржы мекемесі ретінде жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам нысанында Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру табысталынған болатын.
2. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық құралдар - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік органдарға немесе өзге де тұлғаларға ақпарат ұсыну тетіктері;
1-1) бизнес-инкубатор - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қалыптасуы кезеңiнде өндiрiстiк үй-жайлар, жабдық беру, ұйымдық, құқықтық, қаржылық, консалтингтiк және ақпараттық қызметтер көрсету жолымен оларды қолдау үшiн құрылатын заңды тұлға;
2) бизнестің әлеуметтік жауаптылығы - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларда қоғамды дамытуға қосқан ерікті үлесі;
3) дара кәсіпкер - дара кәсіпкерлікті заңды тұлға құрмастан жүзеге асыратын және осы Заңның 6-бабының 3 және 7-тармақтарында көрсетілген критерийлерге сай келетін Қазақстан Республикасының азаматы немесе оралман;
4) дара кәсіпкерлік - жеке тұлғалардың кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалардың атынан олардың тәуекелі үшін және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі;
5) жеке кәсіпкерлік - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кіріс алуға бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өздерінің меншігіне негізделген және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі;
6) алып тасталды - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау - Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін жеке кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру, қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені;
8) жеке кәсіпкерліктің инфрақұрылымы - өз ісін ұйымдастыруға жәрдемдесуді, құқық, маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласындағы ақпаратпен қамтамасыз етуді, коммерциялық негізде материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да ресурстармен қамтамасыз етуде қолдауды қоса алғанда, жеке кәсіпкерліктің жұмыс істеуі мен дамуының жалпы шарттарын қамтамасыз ететін, құрылатын немесе жұмыс істеп тұрған ұйымдар кешені;
9) жеке кәсіпкерлік субъектілері - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
10) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігі - жеке кәсіпкерлік субъектілері өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын, заңды мүдделерін білдіру және қорғау қорғау үшін құратын коммерциялық емес ұйым;
11) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу - кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестерде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіруге белгіленген критерийлерге жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің сәйкестігін тиісті мемлекеттік органдардың тануы;
11-1) жылдық орташа табыс - соңғы үш жылдағы жиынтық жылдық табыстардың немесе Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлік субъектілері табыстарының үшке бөлінген сомасы;
12) индустриялық аймақ - коммуникациялармен қамтамасыз етілген, мемлекет жеке кәсіпкерлік субъектілеріне өнеркәсіп объектілерін орналастыру және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен беретін ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жер;
13) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган - жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
14) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес (бұдан әрі - сараптамалық кеңес) - орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы және өкілді органдар жанынан:
жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен және мүдделі коммерциялық емес ұйымдардан сараптамалық қорытындылар алу;
жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды талдап-әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін құрылатын консультативтік-кеңесші орган;
15) алып тасталды - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
16) коммерциялық құпия - жеке кәсіпкерлік субъектісі айқындайтын және қорғайтын, заңды негізде еркін қол жеткізуге адамдардың шектеулі тобы ие болатын, жариялануы, алынуы, пайдаланылуы оның мүдделеріне залал келтіруі мүмкін ақпарат;
16-1) реттегіш құралдар - жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты әсер ету тәсілдері, оның ішінде Рұқсаттар және хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалатын рұқсаттар мен хабарламалар; Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ақпараттық құралдар;
16-2) реттеуді қатаңдату - реттегіш құралдардың енгізілуіне немесе пайдаланылуына байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша талаптар, міндеттер белгілеу немесе жүктемені өзгеше ұлғайту;
16-3) реттеушілік әсерді талдау - кейіннен мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін, енгізілетін реттегіш құралдың және онымен байланысты талаптардың пайдасы мен шығындарын салыстырудың талдамалық рәсімі;
16-4) реттеуші мемлекеттік органдар - реттегіш құрал енгізілген немесе енгізілуі жоспарланып отырған жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
17) шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтары - оқытуды, ақпараттық қамтамасыз етуді, консультациялық және маркетингтік қызметтер көрсетуді, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына құқықтық, экономикалық және технологиялық сараптама жасауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар.
2-бап. Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк
туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Азаматтық кодекстен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3. Жеке кәсiпкерлiктiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыру ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
4. Алып тасталды - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-бап. Жеке кәсiпкерлiктi құқықтық реттеу шектерi
1. Жеке кәсiпкерлiк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген негiздер бойынша ғана шектелуi мүмкiн.
2. Жеке кәсiпкерлiктi шектеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiң айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша ғана орын алуы мүмкiн.
3. Мемлекеттiк органдардың жекелеген жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң артықшылық жағдайын белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауына тыйым салынады.
4-бап. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi
мақсаты мен принциптерi
1. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаты жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттiң мүдделерi мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады.
2. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi принциптерi:
жеке кәсiпкерлiк еркiндiгiнің кепiлдiгі (Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрлерін жүзеге асыруға рұқсат берілген) және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету;
кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға барлық жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң теңдiгi;
жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне) қол сұғылмауы мен оны қорғаудың кепiлдiгi;
Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы;
жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына сараптама жасауға жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қатысуы;
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қатысуы болып табылады.
5-бап. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заңдар
Шағын кәсіпкерлік
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен қорғау
Шағын және жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту туралы
Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау. Жеке кәсіпкерлік туралы заң
Кәсіпкерлікті қолдау бойынша кәсіпкерлердің ұлттық палатасымен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты күшейту бойынша ұсыныстар дайындау
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік заңы туралы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заң жайлы
Пәндер