Әдебиеттегі эпос, лирика, драма



Әдеби жанрлар (фр. тілінде genre - түр, тек, жанр) – ауызша және жазбаша шығармалардың көркем даму процесінде қалыптасады.
Шығарма жанры дәстүрлі түрде мынадай негізгі белгісі бойынша анықталады - бір жанрдағы шығармаларды біріктіретін және айтарлықтай тұрақты, әрі тарихи қайталанатын сипаттағы мазмұнына, құрылысы мен түріне қарай.
Көркем шығарманы кеңінен танып білу жанрлар сериясын тудырады. Атап айтар болсақ, тарихи, отбасылық-тұрмыстық, детективтік, ғылыми-фантастикалық және т.б. келтіруге болады. Мұның барлығы көркем шығарманы кеңінен таңып білудің жемісі. Шығарманың танымдық мазмұны көбінесе романның, повестің және әңгіменің немесе пьеса мен көріністің, өлеңнің жеке немесе топтық портреттің жанрлық ерекшеліктерін айқындайды. Суреткердің идеялық-психологиялық бағалау ұстанымы апологиялық және сырттай объективті, ирониялық болуы мүмкін болғандықтан, бірқатар жанр түрлері туындайды. Оларға тоқталар болсақ, әдебиеттегі ода – баллада – эпиграмма – памфлет осының нәтижесі. Сонымен қатар, олардың әрқайсысында өнердің басқа түрлеріне қарағанда жанрлық мүшелену қатынасында өзгешелік бар, яғни өнердің түрі (мысалы, фольклорлық поэзия және әдебиет, поэзия және проза) мен тегіне (мысалы, әдебиеттегі эпос, лирика, драма) қарай бөлінісінде. Көркем шығарма дифференциясындағы олардың қарым-қатынасын зерделеу тұйыққа тірелуде. Өйткені, «Жанр», «Түр», «Тек», «Әр түрлілік» терминдері осыған байланысты нақты анықтамасын тапқан жоқ. Осының салдарынан, оларды қолданыста бірінің орнына бірін пайдалану жалғасуда.
Жанрды тудыратын көркем шығарма. Көркем шығарма өз заманының бейнесін суреттеп, тұрмысты ақиқатпен бергенде ғана жанрдың дамуына өзіндік үлес қоса алады. Сыншылар, әдебиетшілер арасында кең талқыға түсіп, әдебиетте өзіндік орын алуы үшін шындыққа құрылуы маңызды. Міне, сонда ғана әдебиет алға қадам басып, үлкен өмір арнасына ұласады.
Жанр мәселесінің маңында даулы пікірлер көп. Әдебиет теориясын толғайтын кітаптардың, көбінде әдебиеттің тегі—жанр, әдеби шығарма — жанрлық түр деп танылып жүр. Сонда, мысалы, эпосты — жанр деп білсек, оның шағын, орта және кең көлемді үш түрі белгіленеді де, шағын көлемді эпикалық түрге — очерк, новелла, сюжетті қысқа өлеңдер, орта көлемді эпикалық түрге — повесть, поэма, ал кең, көлемді эпикалық түрге — роман, эпопея тәрізділер жатады. Бұл ретте, лириканы да дәстүрлі әдетпен ода, идиллия, мадригал, элегия, романс, эклога, сонет, эпиталама дегендей ондаған түрге бөліп жатпай-ақ, саяси, не философиялық лирика, махаббат, не табиғат лирикасы деген секілді санаулы түрлерге ғана бөліп, бұлардың әрқайсысына тән ерекшеліктерді пайымдауға болады.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Филология факультеті

Тақырыбы: Әдеби тек. Эпос. Лирика,драма.

Орындаған: Солтанова Б.Қ-213
Тексерген: Ақтанова А.С

Семей, 2015 жыл
Әдеби жанрлар (фр. тілінде genre - түр, тек, жанр) - ауызша және жазбаша шығармалардың көркем даму процесінде қалыптасады.
Шығарма жанры дәстүрлі түрде мынадай негізгі белгісі бойынша анықталады - бір жанрдағы шығармаларды біріктіретін және айтарлықтай тұрақты, әрі тарихи қайталанатын сипаттағы мазмұнына, құрылысы мен түріне қарай.
Көркем шығарманы кеңінен танып білу жанрлар сериясын тудырады. Атап айтар болсақ, тарихи, отбасылық-тұрмыстық, детективтік, ғылыми-фантастикалық және т.б. келтіруге болады. Мұның барлығы көркем шығарманы кеңінен таңып білудің жемісі. Шығарманың танымдық мазмұны көбінесе романның, повестің және әңгіменің немесе пьеса мен көріністің, өлеңнің жеке немесе топтық портреттің жанрлық ерекшеліктерін айқындайды. Суреткердің идеялық-психологиялық бағалау ұстанымы апологиялық және сырттай объективті, ирониялық болуы мүмкін болғандықтан, бірқатар жанр түрлері туындайды. Оларға тоқталар болсақ, әдебиеттегі ода - баллада - эпиграмма - памфлет осының нәтижесі. Сонымен қатар, олардың әрқайсысында өнердің басқа түрлеріне қарағанда жанрлық мүшелену қатынасында өзгешелік бар, яғни өнердің түрі (мысалы, фольклорлық поэзия және әдебиет, поэзия және проза) мен тегіне (мысалы, әдебиеттегі эпос, лирика, драма) қарай бөлінісінде. Көркем шығарма дифференциясындағы олардың қарым-қатынасын зерделеу тұйыққа тірелуде. Өйткені, Жанр, Түр, Тек, Әр түрлілік терминдері осыған байланысты нақты анықтамасын тапқан жоқ. Осының салдарынан, оларды қолданыста бірінің орнына бірін пайдалану жалғасуда.
Жанрды тудыратын көркем шығарма. Көркем шығарма өз заманының бейнесін суреттеп, тұрмысты ақиқатпен бергенде ғана жанрдың дамуына өзіндік үлес қоса алады. Сыншылар, әдебиетшілер арасында кең талқыға түсіп, әдебиетте өзіндік орын алуы үшін шындыққа құрылуы маңызды. Міне, сонда ғана әдебиет алға қадам басып, үлкен өмір арнасына ұласады.
Жанр мәселесінің маңында даулы пікірлер көп. Әдебиет теориясын толғайтын кітаптардың, көбінде әдебиеттің тегі -- жанр, әдеби шығарма -- жанрлық түр деп танылып жүр. Сонда, мысалы, эпосты -- жанр деп білсек, оның шағын, орта және кең көлемді үш түрі белгіленеді де, шағын көлемді эпикалық түрге -- очерк, новелла, сюжетті қысқа өлеңдер, орта көлемді эпикалық түрге -- повесть, поэма, ал кең, көлемді эпикалық түрге -- роман, эпопея тәрізділер жатады. Бұл ретте, лириканы да дәстүрлі әдетпен ода, идиллия, мадригал, элегия, романс, эклога, сонет, эпиталама дегендей ондаған түрге бөліп жатпай-ақ, саяси, не философиялық лирика, махаббат, не табиғат лирикасы деген секілді санаулы түрлерге ғана бөліп, бұлардың әрқайсысына тән ерекшеліктерді пайымдауға болады.
Әрбір әдеби туындының жанрлық табиғаты әр алуан: көлемді эпикалық шығармада өмірдің күрделі шындығы нақты көркем тұлғаларға жинақталып, олардың өз ара қарым-қатынастарынан туған қат-қабат оқиғалар арқылы ашылса, лирикада адамның жеке басына тән көңіл күйі, нәзік және терең психологиялық иірімдері суреттеледі. Ал драмалық шығарма көбіне адамдардың қимыл-әрекетіне, қақтығыстарына -- түрліше тағдырлар тартысына құрылатыны мәлім.
Сөйтіп, көркем әдебиет туған күнінен бермен қарай өзінің тегі жағынан жоғарыда аталған үш түрде дамып келеді. Сөз өнерінің осынау үш түрін кейде кескін өнерінің үш түрімен салғастыруға да болады: мәселен, эпос -- живопись, лирика -- орнамент секілді болса, "бір ғана диалогтан тұратын драма бір түсті графика тәрізді" (В. Кожинов) екені де рас.
Бірақ бұл жайларға көшпес бұрын арнайы тоқтап, тереңірек толғап, ойлап алуды қажет ететін бірқатар күрделі сыр мен шындық бар.
Ілгерішіл адам баласының көркем дамуындағы қандай құбылыс болмасын, соның ішінде әдеби творчествоның қандай категориясы болмасын, бәрі бір ғана түрғыдан, атап айтқанда, мығым тарихи тұрғыдан қаралуға тиіс. Ендеше, жанр мәселесін тексерудегі негізгі принцип те сол -- и с т о р и з м.
Сөз жоқ, кез келген әдеби шығарманың жанрлық сипаты, өзгешелігі бар, оны анықтау шарт. Алайда бұл -- аз. Бұдан бұрын, кез келген әдеби шығарманың жанрлық сипат һәм сымбат алғанға дейінгі табиғи туу проце- сі, заңды жаралу тарихы бар. Мұны ескермеске болмайды.
Эпос (грекше ероз -- баян, әңгімелеу, тарихтап айту) -- көркем әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда, өмір шындығын мейлінше кең суреттейтін, адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр. Осындай теориялық анықтамаға келмес бұрын профессор Л. И. Тимофеев эпосты термин ретінде екі түрге бөліп алады да, алдымен "әдеби-тарихтық мағынада эпос -- халық поэмалары мен ертегілері (орыстың халық эпосы, көне дүние эпосы т. б.) -- деп түсіндіреді. Мұнда да үлкен логика бар: әдебиет теориясында эпос жанр атанғанмен, әдебиет тарихында халық дастандары, айталық, "Қобланды батыр", "Ер Тарғын", "Қамбар батыр" сияқты батырлар жыры екені рас. Әйтседе, мәселеге историзм принципінен қарасақ, бұлайша бұтарлай бермей-ақ, бәрін бір жүйеде тексеруге әбден болады. Өйткені эпос деген терминнің әдебиет тарихындағы мағынасы әдебиет теориясындағы мағынасымен сабақтас; сондықтан біз бұл жанрдың байыбына дәл осы тұрғыдан барған дұрыс деп білеміз.Эпостың туу, қалыптасу тарихы тым әріге, адам санасының алғаш ояну дәуірлеріне тамыр тартып жатыр. Қай халықтық болмасын, баяғы бабалар заманынан бермен қарай ауыздан-ауызға таратып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ғып қалдырып келе жатқан әдеби туындыларының дені -- эпостық шығармалар. Олай болса, эпос -- көркем творчествоның ең бір егде, етене, қең тынысты, кәмелетті түрі. Бұл тарихты шолу түрінде болса да ойға орнықтырмай тұрып, эпостың жанрлық сыр-сипатын түсіну қиын.
Өмір шындығын қамту, адам мінезін ашу мүмкіндіктеріне қарай эпикалық жанр үш түрге бөлінеді: 1) ш а ғ ы н к ө л е м д і э п и к а л ы қ т ү р: 2) о р т а к ө л е м д і э п и к а л ы қ т ү р; 3) к е ң к ө л е м д і э п и- к а л ы қ т ү р. Қандай эпостық шығарма болмасын, бәрібір, осынау үш түрдің біріне жатады. Эпостың ендігі ерекшеліктерін неғүрлым ұтымды аңғарту үшін осы айтылған жанрлық түрлердің әрқайсысын (құрамын-дағы кейбір үлгілерін мысалға ала отырып) жеке-жеке сипаттауға көшеміз.Шағын көлемді эпикалық түрге жататын әдеби туындыларда, негізінен, өмір шындығы бір немесе бірер ықшам эпизод мөлшерінде, адам тағдыры бір немесе бірер жинақы оқиға көлемінде ғана көрсетіледі. Оқиғаға қа-тысатын қаһармандар санаулы, олардың басынан өтетін құбылыстардың бәрі емес, кейбір үзіктері ғана суреттелетін болғандықтан, мүндай шығарманың көлемі де шарын, ықшам. Адам мінезі мұнда көбіне қалыптасқан дайын қалпында көрінеді. Кейіпкер өмірінің көп бұралаңы -- шығарма сыртында -- баяндаудан да, суреттеудеі тыс авторлық материал -- нағыз қажетті детальдар ен штрихтар ғана. Шығарманың сюжеттік арқауы ұзақжелілі, арналы даму үстінде емес, қысқа қайырылған суреттер түрінде тізбектеледі; композициясы да -- жинақы, үйірімді, ширақ.
Шағын эпикалық шығармалар әдебиет тарихыньщ әр кезеңінде әр сипатта болған. Мәселен, ежелгі көне дүниедегі бұл тектес көркем туынды -- м и ф, одан кейінгі әр тұстардағы үлгілері -- а ң ы з,е р т е г і, м ы с а л ,н о в е л л а т. б. Ежелгі Грецияда туған көп-көп шағын эпостың бір мысалы ретінде Антей туралы мифті еске түсіруімізге болады: көне дүниенің керемет қаһарманы Антейдің күллі күш-қуаты өзін дүниеге әкелген Жер-анада екен. Антейдің аяғы жер басып тұрса-ақ болғаны, оны ешбір жау ала алмайтын болған. Өйткені оның тал бойындағы барлық қасиет Жерде -- өзін тапқан анада. Соны білген Геркулес Антейдің аяғы қайыптан тайып Жерден ажырауын бағып жүреді де, бір жолы қыл елі көтерілген сәтте оған енді қайтып жер бастырмай, алыпты әуеде тұншықтырып өлтіреді...
Бұл секілді мифтер көне дүние көркем әдебиетінде көп және әр алуан; бәрі бірігіп, әлемге әйгілі грек мифологиясын құрайды. Мұны әдебиет теориясында мифологиялық эпос деп атайды.Сайып келгенде, шағын көлемді эпикалық түр ретің. де сипаттасақ, миф -- аңыз. Кейіпкерлері -- кұдайлар батырлар, әр алуан сиқырлы кереметтер. Әрқайсысы адам танқалғандай тартымды, соншалық қызық сюжет-ке құрылады. Көркемдік бояуы қанық, идеясы айқың аса әсерлі, сол себепті мифтік аңыздар -- мазмұнындағы көптеген кісі нанғысыз аңғырт һәм албырт жайларға қарамастан кезінде айта қалғандай эстетикалық және тәрбиелік роль атқарған әдеби туындылар.
Миф -- "адам баласының сәбилігі туралы" (Маркс) шежіре; ендеше, оның біздер үшін таным тарапындары мәні де үлкен.Эпостың көне түрлерінің бірі -- а ң ы з. Бұл да миф секілді әсіресе қиял аралас фан,тастикалық хикая. Бірақ мифтен өзгешелігі -- аңыздың, негізінде шындыққа жанасымды, көбіне тіпті өмірде болған, халық жадында сақталған оқшау оқиғалар жатады. Әр халықтың тарихын-дағы әлдебір абзал адамдар -- аса көрнекті қайраткерлер хақында да талай аңыздар туған.Қазак ауыз әдебиетінде Асан қайғы туралы аңыз бар. "Бұл -- тарихта болған адам. Бірақ, тірлік еткен заманы Жәнібек ханның тұсы дегені болмаса, дәлді кім еді, қай ортадан шығып еді, қандайлық еңбек, әрекет етіп, қандай өмір кешіп еді. Ол жайының ешқайсысыная дәл дерек жоқ"*. Бір ескеретін нәрсе -- Асан жайлы аңыз дар екі ұдай; бірі -- халыққа жат, онда Асан Жәнібек ханның жанындағы кертартпа сәуегей халінде көріне- ді, екіншісі -- халықтық аңыз, онда Асан жалпы жұрт үшін "қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын" жайлы қоныс, құтты мекен іздеп жүрген ел қамқоры кейпінде! көрінеді. Соңғысы -- қызық аңыз, бізге керегі де осы аңыз. Бұл аңыз -- шағын эпикалык түрдің қазақ әдебие тіндегі тәп-тәуір, нұсқалы туындысы да, Асан -- кәдімгідей көркем шығарманың кейіпкері.
Шағын көлемді эпикаға тән жанрлық түрлердің бірі -- е р т е г і. Ертегілердін, тақырыбы ғана емес, табиғаты да әр алуан. Бізге кез келген ертегі емес, бәрінен бұрын "халық жанының айнасы" (Белинский) бола алатын, "ен, алдымен халықты мінездейтін" (Добролюбов) ертегілер ғана қымбат. Қазақ ертегілерін жете зерттеп, казак, әдебиетінің тарихына ертегілер туралы арнаулы бөлім жазып енгізген ғалым-жазушы М. О. Әуезов шағын көлемді эпиканың бұл түрін үш салаға (хиял-ғажайып ертегілер, хайуанат жайындағы ертегілер, салт ертегілері) бөліп, әрқайсысына жеке-жеке мінездеме береді.Көркемдік жағынан бағалағанда, ертегінің көлемі қысқа, сюжеті ықшам, композициясы жинақы, тілі ауы-зекі айтуға лайық.қарапайым, бірақ образды, өткір, дәл, мазмүны тартымды, идеясы бүкпесіз, ашық. Оқиғаға қатысатын адамдар да санаулы, аз, жалғыз-ақ олар әрқашан жан-жақты ашылған толық канды тұлға, кесек образ дәрежесінде көріне бермейді, мінез-құлқы көбіне бір-ақ қырынан, ең елеулі ерекшелігімен ғана көзге түседі. Іс-әрекеті де соған лайық, өлшеулі.Ертегілер ауыз әдебиетінде ғана емес, жазба әдебиетте де мол; мысал үшін А. С. Пушкиннің өлеңді ертегілерін, М. Е. Салтыков-Щедриннің көркем қара сөзбен жазған немесе А. Н. Островскийдің драматургия тіліне көшірген ертегілерін атасақ та жетіп жатыр.
Осынау ертегілерден, оның ішінде хайуанат жайындағы ертегілерден ту-ындап шығып, шағын эпостың өзгеше бір түріне айналған нәрсе -м ы с а л (басня).
Мысал -- эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі. Әрқашан сатиралық сипатта, көбіне аң, хайуанат, кейде зат туралы жазылады да, сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік күлкіге, келекеге, мазаққа айналдырылып, сықақпен сыналады. Мазмұны бүкпелі болғанмен, идеясы астарсыз, ашық, тура, тілі мірдің оғындай өткір, шымшыма, шымыр келеді.
Ежелгі Грециядағы аты шулы Эзоп (б. э. б. VI ғ.) шығармаларын өз алдына қойғанда, мысал көне дүниеден күні бүгінге дейін көбіне өлеңмен жазылып келеді: Италияда Федр, Францияда Лафонтен, Германияда Геллерт, Англияда Мур, Россияда Крылов -- бәрі солай жазған. Қазіргі мысалшылардан Сергей Михалков пен Асқар Тоқмағамбетовты атауға болады. Бұлар да өлеңмен жазып жүр.Көркемдік дамудың `жаңа кезеңдерінде эпикалық шығармалардың да бұрынғы түрлері өзгере, жаңғыра тұра, тіпті тың түрлері туып отыратыны сөзсіз. Феодализм мен капитализм тұсындағы шағын эпоста сондай жаңа-дан туған түрдің бірі -- н о в е л л а (итальянша поъе, Іа -- жаңалық, соны сөз) -- "бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген тамаша оқиға туралы шындыққа сыйымді әңгіме" (Гёте).Новелланың алғашқы белгілері грек әдебиетінде біздің эраның бас жағында көріне бастағанмен, ол шағын эпикалық түр ретінде Европадағы ояну дәуірінде туып қалыптасты. Бұл тұста қоғам назары бір түрлі жеке адамдарға ауа бастады: әркімнің дара тіршілігі, іс-әрекеті, оның басынан өтетін оқшау оқиғалар, кездейсоқ құбылыстар жұрт назарын көбірек аударатын болды Новелла осындай жеке адамдар басынан кешкен оқы оқшау оқиғалардан туған еді. Ренессанс кезіндегі Ит лияның көрнекті жазушысы Боккаччоның әйгілі "Дек мероны" -- сондай новеллалар циклі. Бүкіл дүние жү, әдебиетінде жұртқа мәлім айрықша шебер новеллистер -- Н. Гоголь мен А. Чехов (Россия), П. Мериме ме Г. Мопассан (Франция), Эдгар По мен ОТенри (Амери-ка) т. б.
Біз новелланы эпостың шағын түріндегі даму сырларын қатерге алған-дықтан ғана атап отырмыз. Әйтпесе, новелла біздің дәуірімізде көркем әңгімемен ұласып, екеуінің ара жіктері жойылып бара жатыр. Әдебиет білімпаздарының бірқатары тіпті бұл екеуін бір-бірінен айыра қарауға қарсы, екеуін бір нәрсе деп түсіндіреді. Сондықтан біз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі замандағы батыс әдебиеттану ғылымы жанр мәселесі
Әдеби жанрлар
Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері. Әдеби дәстүр мен жаңашылдық. халықаралық әдеби байланыс
Әдебиет жанрлары
Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы.Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі.Өлең сөздің теориясы. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
Әдебиеттің түрлері мен тектері
Әдеби үдеріс сипаты
Шығарманың жанры мен құрылымы
Әдеби үрдіс, көркемдік тәжірибелер
Пәндер