Сұлы, қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеу жайлы



1. Кіріспе бөлім
А. Сұлы, қарақұмық туралы түсінік
2. Негізгі бөлім
А. Сұлы өсіру технологиясымен танысу және зерттеу
В. Қарақұмық технологиясымен танысу және зерттеу
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер.
Сұлы – астық тұқымдастарға жатады. Арпа сияқты негізгі дәнді жемдік дақылына жатады. Сұлыны таза күйінде және біржылдық бұршақ дақылдарымен қосып сеуіп, жемге, көк балаусаға, пішенге, сүрлемге және жайылымға кеңінен пайдаланады.
Ең маңыздысы - екпе сұлы(Avena sativa). Екпе сұлының өзінің үш түрі бар: жайылма түрі(grex. var. diffusae) - гүлшоғырының сыпыртқысы кең жайылған және дәнінің қауызы бар, біржалды түрі(grex. var. orientalis) - гүлшоғырының сыпыртқысы қысыңқы, дәнінің сыртында қауыз бар, ашық дәнді түрі(grex. var. nudae) - дәнінің қауызы жоқ.
Қазақстанда 7 түрі бар. Ең маңыздысы - екпе сұлы(Avena sativa). Екпе сұлының өзінің үш түрі бар: жайылма түрі(grex. var. diffusae) - гүлшоғырының сыпыртқысы кең жайылған және дәнінің қауызы бар, біржалды түрі(grex. var. orientalis) - гүлшоғырының сыпыртқысы қысыңқы, дәнінің сыртында қауыз бар, ашық дәнді түрі(grex. var. nudae) - дәнінің қауызы жоқ.
Биіктігі 60-100 см.
Сабағы жылтыр, бунақты болып біткен.
Жапырағы қандауыр пішіндес, гүлі қос жынысты.
Гүлшоғыры - сыпыртқы.
Жемісі - түкті дәнек.
Жем өндіру мақсатымен өсірілетін жаздық дақыл, ылғалды жерде жақсы өседі, суыққа төзімді, топырақ талғамайды.
Сұлының шаруашылықта алар орны ерекше. Біріншіден, ол - құнарлы мал азығы. Сұлы дәні мал азығының құндылығының халықаралық өлшем бірлігі болып саналады. Басқа дақылдардың дәндерімен араластырылған сұлы жас төлдердің ағзасының тез және мықты болып қалыптасуына жағдай жасайды. Сұлы қосылған концентрлі азық құс шаруашылығында кеңінен қолданылады. Сұлының сабаны басқа дақылдардың сабанына қарағанда қоректік заттарға бай және малға жағымды болады. Сонымен қатар, оның ылғал сіңіргіштік қасиетіде жоғары болғандықтан ірі қара және шошқа шаруашылығында төсеніш ретінде пайдаланылады.
1. Әубәкіров Қ., Атақұлов Т., Ахмет А. Мал азығын өндіру.- Алматы, 2011
2. Зафрен С.Я. Жемшөп дайындау технологиясы (анықтамалық құрал).-А.,1980
3. Абанова, М.Н. Мал азықтандыру практикумы.- Алматы, 2007
4. Зыков Ю.Д., Копытин И.П. Мал азығын өндіру. – А., 1994
5. К.Ш. Жанабаев., Т.С. Саудабаев. Өсімдік шаруашылығы.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Сұлы, қарақұмық өсіру технологиясыментанысу және зерттеу

Орындаған: Имиров А.
Тексерген: Татенов А.

Семей 2015

Жоспар:
1. Кіріспе бөлім
А. Сұлы, қарақұмық туралы түсінік
2. Негізгі бөлім
А. Сұлы өсіру технологиясымен танысу және зерттеу
В. Қарақұмық технологиясымен танысу және зерттеу
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер.

Сұлы - астық тұқымдастарға жатады. Арпа сияқты негізгі дәнді жемдік дақылына жатады. Сұлыны таза күйінде және біржылдық бұршақ дақылдарымен қосып сеуіп, жемге, көк балаусаға, пішенге, сүрлемге және жайылымға кеңінен пайдаланады.
Ең маңыздысы - екпе сұлы(Avena sativa). Екпе сұлының өзінің үш түрі бар: жайылма түрі(grex. var. diffusae) - гүлшоғырының сыпыртқысы кең жайылған және дәнінің қауызы бар, біржалды түрі(grex. var. orientalis) - гүлшоғырының сыпыртқысы қысыңқы, дәнінің сыртында қауыз бар, ашық дәнді түрі(grex. var. nudae) - дәнінің қауызы жоқ.
Қазақстанда 7 түрі бар. Ең маңыздысы - екпе сұлы(Avena sativa). Екпе сұлының өзінің үш түрі бар: жайылма түрі(grex. var. diffusae) - гүлшоғырының сыпыртқысы кең жайылған және дәнінің қауызы бар, біржалды түрі(grex. var. orientalis) - гүлшоғырының сыпыртқысы қысыңқы, дәнінің сыртында қауыз бар, ашық дәнді түрі(grex. var. nudae) - дәнінің қауызы жоқ.
Биіктігі 60-100 см.
Сабағы жылтыр, бунақты болып біткен.
Жапырағы қандауыр пішіндес, гүлі қос жынысты.
Гүлшоғыры - сыпыртқы.
Жемісі - түкті дәнек.
Жем өндіру мақсатымен өсірілетін жаздық дақыл, ылғалды жерде жақсы өседі, суыққа төзімді, топырақ талғамайды.
Сұлының шаруашылықта алар орны ерекше. Біріншіден, ол - құнарлы мал азығы. Сұлы дәні мал азығының құндылығының халықаралық өлшем бірлігі болып саналады. Басқа дақылдардың дәндерімен араластырылған сұлы жас төлдердің ағзасының тез және мықты болып қалыптасуына жағдай жасайды. Сұлы қосылған концентрлі азық құс шаруашылығында кеңінен қолданылады. Сұлының сабаны басқа дақылдардың сабанына қарағанда қоректік заттарға бай және малға жағымды болады. Сонымен қатар, оның ылғал сіңіргіштік қасиетіде жоғары болғандықтан ірі қара және шошқа шаруашылығында төсеніш ретінде пайдаланылады.
Қарақұмық -- жеңіл, сіңімді ақуызы мен крахмалы мол бағалы жармалық дақыл. Жарма құрамында 1,6 пайыз май, органикалық қышқылдар мен адам ағзасына пайдалы фосфор, темір, кальций және мыс қосылыстары да болады. Қарақұмық жармасыемдік қасиеті бар құнды тағам. Дән маңызы (клейковина) болмағандықтан, қарақұмықтың ұндық-нандық сапасы төмен. Қарақұмық ұнын шелпек дайындауға ғана аз мөлшерде пайдаланады. Сабанын басқа жемдерге қосып малға азық етеді. Сабанының күлі мен дәнінің қалдықтары -- құнды тыңайтқыш. Олардың құрамында 40 пайыздан жоғары К2О, 10 пайыздан көп Р2О5 және 19 пайызға дейін СаО бар. Қарақұмық -- тамаша балды өсімдік. Оның егісінің әр гектарынан аралар 60-100 кг. дейін дәмі мен иісі тамаша бал жинайды. Дәнді дақылдардың ішінде қарақұмық өте қысқа, вегетациялық кезеңімен (60 -- 70 күн) ерекшеленеді. Бұл оны күздік және ерте жаздық дақылдардың көктері шықпай қалған танаптарына қайта егуге және де аңыздық аралық дақыл ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Қарақұмықтың қиын еритін фосфориттерден фосфор қышқылын жақсы сіңіретін қасиеті болғандықтан, негізгі тыңайтқыш ретінде фосфорит ұын қолданады. Калий тыңайтқыштарынан күкірт қышқылды калийді пайдаланған жақсы. Азотты гектарына 35-40 кг. мөлшерінде көтемгі қопсытуда береді. Тұқым себерде түйіртпекті суперфосфатты қолданады. Қарақұмықты себуге топырақтың 10 см. тереңдігіндегі температура 12-15 С жетенде кіріседі. Себер алдында тұқымды тазалайды, сорттайды да ең ірілері мен салмақтыларын бөліп алады. Тұқымның өнгіштігі мен өну энергиясын жақсарту үшін жылы ауамен өңдейді, ал себер алдында 80 пайыздық ТМТД-мен дәрілейді. Қарақұмықты себу тәсілі -- кәдімгі қатарлы немесе 45-60 см. қатарлықта -- кең қатарлы. Кеңқатарлы егістіктің құрғақшылықты жағдайда қатараралықтарды жақсылап өңдегенде бірқатар артықшылығы бар. Қатарлап егуде тұқым себу мөлшері гектарына 80-100 кг., кең қатарлыда 40-60 кг. Барлық жағдайда егіс жиі болмауы керек, себебі қарақұмық қалың егісті басқа дақылдарға қарағанда көтере алмайды. Тұқым себу тереңдігі құрғақшылықты дағдайда және жеңіл топырақтарда 6-7 см., ылғалды топырақта 3-5 см. Қарақұмықты күтіп баптаудың негізгі агротехникалық тәсілі -- сепкеннен кейінгі топырақты нығыздау мен тырмалау, кеңқатарлы егісте қатараралықты қопсыту, өсімдікті үстеп қоректендіру және қосымша қолмен тозаңдандыру. Қарақұмықтың гүлдеген өсімдіктерін тозаңдандырудың өнімді көтеруде маңызы зор.
Қазақстан бойынша егіс аумағы 218 мың га, өнімділігі әр га-дан 9,7 ц. Қарақұмықтың ерте пісетін сорттарының өсу мерзімі қысқа (50-60 күн), сондықтан оны аралық дақыл ретінде пайдалануға болады.
Қарақұмықты СЗС-2,1 тұқым сепкіштерімен кәдімгі жай қатарлық (қатар аралығы 23 см) әдіспен себеді. Кейінгі кезде кең қатарлы (қатар аралығы 45 см) әдіс қолданылады. Соңғы әдісте қарақұмықтан жоғар өнім алуға болатыны анықталып отыр. Сондай-ақ міндетті түрде қарақұмық егісінің әр га-сына гүлдеуіне 2-3 тәулік қалғанда бал арасының 2-3 ұясын әкеліп қою керек. Ол өсімдікті тозаңдандырып, қарақұмықтың өнімін әр га-сынан 3-4 ц арттыруға көмектеседі.
Егін жинау қарақұмық дәнінің 70-75%-ы қоңырланған кезінде басталады.
Қарақұмық шірнелі өсімдіктерге жатады. Бал аралары оның әр га-сынан 50-60 кг, ал қолайлы жағдайда 100 кг-ға дейін бал жинайды. Күздік бидай үсіп кеткен жылдары қарақұмықты сақтық дақыл ретінде пайдаланады.

Қарақұмық жармасы - бірнеше сұрыпқа ие және олардың атаулары әр түрлі, сыртқы түріне және қолдануына қарай:
Қарақұмық дәні -- ірі, жарма. Бытырап пісетін ботқа үшін дайындалады, жұмыртқа және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұлы және қарақұмық өсіру технологиясымен танысу мен зерттеу
Сұлы және қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеуі
Сұлы, қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеу
Сұлы және қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеу жайлы
Сұлы және қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеу
Сұлы және қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеу туралы ақпарат
Жарма өндіру технологиясы
Жарма дақылдарын ақтау
Күздік арпа жапырақтарының түрлері
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА АУЫЛШАРУАШЫЛДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ЕҢБЕК СҮЙГІШТІК ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ
Пәндер