Тәрбие процесі туралы жалпы ұғым



Тәрбие – жеке адамды мақсатты бағытта, жүйелі түрде қалыптастыру. Аға ұрпақтардың тәжірибесін беру және игеру, сананы қалыптастыру, тәрбиеленушілердің сезімін дамыту және мінез-құлық дағдыларын қалыпқа түсіру, оларды өмір мен еңбекке даярлау тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Жалпы алғанда, бұл процеске балаларды күту және олардың дене күшін дамыту; белгілі бір идеологияны, мінез-құлық белгілерін қалыптастыру; мәдени мұраға тарту, көркемдік талғамды дамыту енеді.
Осы негізгі қызметтерді есепке ала отырып, тәрбие қызметінің бағыттарын анықтаймыз.
Тәрбие процесін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің мақсатты бағыттағы және өзара байланысты қызметі, олардың осы қызмет процесінде жеке адам мен коллективтің қалыптасуы мен дамуына себепші болатын қарым-қатынастары ретінде анықтауға болады.
Мақсатты бағыттағы барлық қызмет сияқты, бұл процесс еріктік күш-жігер мен талпыныстарды қамтиды, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің санасы мен сезімдеріне қозғау салады.Тәрбие қызметі қоғамның қажеттіліктерімен толық сәйкес, қоғамдық даму заңдылықтарын есепке ала ұйымдастырылады.Ол адамдардың обьективті жағдайларымен негізделген.Тәрбие берудің қоғам ішінде болатындығы олардың еркі мен санасына тәуелді емес.Оны ысырып тастауға да, тоқтатуға да болмайды; бұл қоғам дамуының қажетті шарты.
Тәрбие процесінде жеке адамның сыртқы ықпалдарды іштей қорытуы үлкен орын алады.Жеке адамға сырттай ықпал жасауды оның жауап іс-әрекетімен үйлестірудің маңызы үлкен.Жеке адамды сыртқы дүние ықпалдарын самарқау шағылыстыратын айна ретінде қарастыруға болмайды. Адамның айнала қоршаған ортамен белсенді өзара әрекеттесетіні және дербестік көрсететіні белгілі, ол едәуір дәрежеде өзін-өзі қалыптастырады.Психологтар мен педагогтардың зертттеулері жеке адамның дамуында сыртқы факторлардың ықпалы (жағымды және жағымсыз) мәнге өзінен өзі емес,адамның жеке позициясы, оның осы факторларға деген көзқарасы, осы көзқарастардың оның әрекеттері мен қылықтарында практикалық іске асуы арқасында ие болатынын дәлелдейді.Жеке адам тәрбиесі мен дамуының бірлігі мен өзара байланыстылығы – тәрбие процесі заңдылықтарының бірі.Оның мазмұны, формалары мен әдістері көбіне тәрбиеленушірердің жалпы дамуы деңгейіне тәуелді.Ал олардың дамуы -– ең алдымен тәрбие берудің нәтижесі.Жеке адам тәрбиелене және үйрене отырып дамиды (С.Л.Рубинштейн).
Тәрбие теориясы адамның дамуын оның әлеуметтік тәжірибені игеруіне, білімді, икемділік пен дағдыларды жай жинақтауға ғана әкеп саймайды.Даму, алдымен, адамның психикалық іс-әрекетінің сапалық өзгеруінен, онда мінездің жаңа сапа, қасиеттерінің қалыптасуынан көрініс береді.Бұл процесс үнемі өрге өрбіп, шиеленіссіз және қайшылықсыз жүріп жатпайды.Тәрбиелік ықпал ету адамның жеке-дара санасы мен тәжірибесі арқылы, заттарға және айнала қоршаған ақиқат құбылыстарына, басқа адамдарға деген қарым-қатынастары арқылы алуан түрге енеді.Бұл әсерлер үнемі үйлесіп тұрмайды.Олардың қарама-қарсы бағытта әрекет ететін кезі аз емес.Бұдан тәрбие беру процесінің қарама-қайшылықта болатыны туындайды.Тәрбие жұмысы практикасында кейде мектеп пен семья тәрбиесі арасында, қоғам пікірі мен тәрбиеленушінің жеке бастың мүдделері арасында, дұрыс қадам жасау мен солай жасау мүмкіндігі (ішкі және сыртқы) арасында, мектеп оқушысының өзінің сырт талаптары мен ішкі ұмтылыстары

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Тәрбие процесі туралы жалпы ұғым.
Тәрбие – жеке адамды мақсатты бағытта, жүйелі түрде қалыптастыру.
Аға ұрпақтардың тәжірибесін беру және игеру, сананы қалыптастыру,
тәрбиеленушілердің сезімін дамыту және мінез-құлық дағдыларын қалыпқа
түсіру, оларды өмір мен еңбекке даярлау тәрбие процесінде жүзеге асырылады.
Жалпы алғанда, бұл процеске балаларды күту және олардың дене күшін дамыту;
белгілі бір идеологияны, мінез-құлық белгілерін қалыптастыру; мәдени мұраға
тарту, көркемдік талғамды дамыту енеді.
Осы негізгі қызметтерді есепке ала отырып, тәрбие қызметінің
бағыттарын анықтаймыз.
Тәрбие процесін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің мақсатты
бағыттағы және өзара байланысты қызметі, олардың осы қызмет процесінде жеке
адам мен коллективтің қалыптасуы мен дамуына себепші болатын қарым-
қатынастары ретінде анықтауға болады.
Мақсатты бағыттағы барлық қызмет сияқты, бұл процесс еріктік күш-
жігер мен талпыныстарды қамтиды, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің санасы
мен сезімдеріне қозғау салады.Тәрбие қызметі қоғамның қажеттіліктерімен
толық сәйкес, қоғамдық даму заңдылықтарын есепке ала ұйымдастырылады.Ол
адамдардың обьективті жағдайларымен негізделген.Тәрбие берудің қоғам ішінде
болатындығы олардың еркі мен санасына тәуелді емес.Оны ысырып тастауға да,
тоқтатуға да болмайды; бұл қоғам дамуының қажетті шарты.
Тәрбие процесінде жеке адамның сыртқы ықпалдарды іштей қорытуы
үлкен орын алады.Жеке адамға сырттай ықпал жасауды оның жауап іс-әрекетімен
үйлестірудің маңызы үлкен.Жеке адамды сыртқы дүние ықпалдарын самарқау
шағылыстыратын айна ретінде қарастыруға болмайды. Адамның айнала қоршаған
ортамен белсенді өзара әрекеттесетіні және дербестік көрсететіні белгілі,
ол едәуір дәрежеде өзін-өзі қалыптастырады.Психологтар мен педагогтардың
зертттеулері жеке адамның дамуында сыртқы факторлардың ықпалы (жағымды және
жағымсыз) мәнге өзінен өзі емес,адамның жеке позициясы, оның осы
факторларға деген көзқарасы, осы көзқарастардың оның әрекеттері мен
қылықтарында практикалық іске асуы арқасында ие болатынын дәлелдейді.Жеке
адам тәрбиесі мен дамуының бірлігі мен өзара байланыстылығы – тәрбие
процесі заңдылықтарының бірі.Оның мазмұны, формалары мен әдістері көбіне
тәрбиеленушірердің жалпы дамуы деңгейіне тәуелді.Ал олардың дамуы -– ең
алдымен тәрбие берудің нәтижесі.Жеке адам тәрбиелене және үйрене отырып
дамиды (С.Л.Рубинштейн).
Тәрбие теориясы адамның дамуын оның әлеуметтік тәжірибені
игеруіне, білімді, икемділік пен дағдыларды жай жинақтауға ғана әкеп
саймайды.Даму, алдымен, адамның психикалық іс-әрекетінің сапалық
өзгеруінен, онда мінездің жаңа сапа, қасиеттерінің қалыптасуынан көрініс
береді.Бұл процесс үнемі өрге өрбіп, шиеленіссіз және қайшылықсыз жүріп
жатпайды.Тәрбиелік ықпал ету адамның жеке-дара санасы мен тәжірибесі
арқылы, заттарға және айнала қоршаған ақиқат құбылыстарына, басқа адамдарға
деген қарым-қатынастары арқылы алуан түрге енеді.Бұл әсерлер үнемі үйлесіп
тұрмайды.Олардың қарама-қарсы бағытта әрекет ететін кезі аз емес.Бұдан
тәрбие беру процесінің қарама-қайшылықта болатыны туындайды.Тәрбие жұмысы
практикасында кейде мектеп пен семья тәрбиесі арасында, қоғам пікірі мен
тәрбиеленушінің жеке бастың мүдделері арасында, дұрыс қадам жасау мен солай
жасау мүмкіндігі (ішкі және сыртқы) арасында, мектеп оқушысының өзінің сырт
талаптары мен ішкі ұмтылыстары арасында, мақсатты бағыттағы идеологиялық
ықпал мен қоршаған ортадан шығатын стихиялық әсерлер арасында қарама-
қайшылықтар пайда болып отырады.Осы қарама-қайшылықтарды жеңу жеке адамды
қалыптастырудың күрделі процесінде көп орын алады және балалар
коллективінің пісіп-жетілуіне, тәрбиешінің педагогтық шеберлігіне көп
байланысты болады.
Тәрбие процесінің күрделілігі тәрбие қызметінің тек ғылым ісі
ғана емес, өнердің де, творчествоның да ісі екендігінде.Оның табысты болуы
көбіне-көп тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің жеке-дара ерекшеліктеріне
байланысты.Демек, тәрбие процесі- жалпы мақсатқа жетуге жеке адамды жан-
жақты дамытуға, жетуге бағытталған, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірлескен,
өзара байланысты қыцзметі.
Тәрбие процесі адамға саналы, мақсатты түрде ықпал жасап, оның
іс-әрекетін мақсаткерлікпен ұйымдастыруды көздейді.Соның нәтижесінде
қоғамның әлеуметтік қажетті талаптары мінез-құлықтың ішкі стимулына
айналады.
Тәрбие үрдісінің өзіндік ерекшеліктері.
Мектепте жүзеге асырылатын тәрбие процесі- құрамына
педагогтар мен оқушылардың оқу және тәрбие қызметі енетін педагогикалық
процестің аса маңызды құрамды бөлігі. Дегенмен, оқыту мен тәрбие беруді тең
қоюға болмайды.Олардың әрқайсысының ерекшеліктері бар, белгілі бір өзіндік
қасиеттерге ие.Тәрбие қызметінің өзіндік ерекше міндеттері, мазмұны,
принциптері мен әдістері бар.
Тәрбие, ең алдымен, тәрбиеленушілердің өзара араласуы мен
алуан түрлі іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады.Тәрбие олардың қоғамдық
қарым-қатынастар жүйесіне ендіруді, оқыту, еңбек, қоғамға пайдалы іс-әрекет
процесіндеолардың мінез-құлық тәжірибесін жинақтауы мен санасына сіңіруін
қрастырады.Ал оқыту табиғат пен қоғам туралы білімдерді, материалдық және
рухани мәдениеттің әр түрлі салаларында икемділік пен дағдыларды игеруді
қамтиды.Ол түсіндіру, көрсету және жаттықтыру жолымен танымдық және басқа
қажеттіліктер мен қабілеттерді дамытуды қарастырады.
Тәрбие беру процесі көп факторлы.Ол тек мектептер
емес,семьяда да, мектептен тыс мекемелерде де жүзеге
асырылады.Педагогтардың тәрбиелік ықпал жасауы алуан түрлі тәрбиелік
қызметтерімен толықтырылады.Оқушылардың санасы мен мінез-құлқының
қалыптасуына сезімдерінің дамуына әдебиет пен өнер, радио мен телевизия,
кино мен театр айтарлықтай әсер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Тәрбие процесінің негізгі ерекшеліктері
Педагогиканың дәрістері
Тәрбие үрдісі
Тұлғаның дамуы
“Мектеп педагогикасы” пәні бойынша типтік бағдарлама
Орта компоненттері және олардың бала дамуына әсері
Педагогиканың теориялық, методологиялық негіздері. Тұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасы
Экологиялық тәрбие негіздері
Тәрбие, адам, индивид, жеке тұлға ұғымдарына сипаттама
Пәндер