Бизнес және кәсіптік негіздері



1. Кәсіпкерліктің дамуы
2. Кәсіпкерлік түрлері
3. Пайдаланылған әдебиеттер
Кәсіпкерлік – бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және өз бетімен жұмыс істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше типі. Кәсіпкерлікті дамытудың басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік отанын құру үшін ғана емес, сонымен қатар еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады. Әр бір заттың немесе құбылыстың өзіне тән даму және қалыптасу тарихы бар. Сол тәрізді кәсіпкерліктің даму тарихы талай ғасырларды қамтиды. Дегенмен қазіргі түсініктің орын алуы капитализмнің қалыптасу және даму кезеңіне сай келеді. Буржуазиялық саяси экономияда кәсіпкерлік түсінігі XVIII ғасырда пайда болды, сонымен қатар «меншік иесі» деген түсінік алды.
Кәсіпкерліктің даму тарихы 4 бағытта дамыды:
1 – бағыт. Кәсіпкерлікті тәуекелдікпен байланыстырды. Бұл бағыттың негізін салушысы болып француз экономисі – Ричард Контильон болып саналады. Ол мынадай шешімге келеді: «Кәсіпкер болашақтағы мүмкіндіктерді болжап, өзіне табыс табу мақсатында мүмкіндіктерді жүзеге асырады. Сұраныс пен ұсыныс қатынасын ескере отырып, кәсіпкер тауарды арзан бағаға сатып алып, қымбат бағаға сатады».
2 – бағыт. Ж. Сей мен А. Маршалдың көзқарастарымен байланысты. Олардың ойынша өндірістік факторлардың бірі рационалдық комбинацияны жүзеге асыру және қалыпты кәсіпкерлік табыс табу.
3 – бағыт. Кәсіпкерлік теориясын құрудағы негізгісі мен перспективалық бағыт. Бұл бағыттың негізін салушы Шумпеттер. Егер шаруашылық субъектілері жаңа комбинацияны жүзеге асырмаса, ол кәсіпкер болып саналмайды. Кәсіпкерлік функцияларын мынадай адам ғана жүзеге асыра алады. Егер ол сезімтал, иновациялық өзгерістерге икемді адам болса, жаңалықты таба білетін, оның нәтижесін тиімді қолдана білетін тұлға.
4 – бағыт. Бұл бағыттың негізін салған адамдар П. Дюркер, В. Санто олар кәсіпкерлікті менеджментпен тығыз байланыстырады. Кәсіпкерлік пен менеджмент бірін-бірі толықтырып тұрады және құрамдас бөлігі болып табылады. Менеджмент көбінесе кәсіпорынның қызмет көрсету саласына көп көңіл бөледі және кәсіпкерліктің басқару стилін нығайтады.
1.Интернет материалдары

2.Закон РК «О частном предпринимательстве» (с изменениями и дополнениями) от 11. 11. 2006г

3. Правовые основы предпринимательской деятельности (Учебное пособие в двух частях). Сост.В. Ермаков. - Алматы: «Центр обслуживания предпринимателей», 2001.-148с

4.И Шумпетер.Теория экономического развития. М.1999

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Оқу пәні: Бизнес және кәсіптік негіздері

Тақырыбы: Кәсіпкерліктің түрлері

Орындаған: ТК-421 тобы, Мұратқазыұлы Д.

Тексерген: Есенбекова З.Ж.

Семей, 2015

Жоспар:

1. Кәсіпкерліктің дамуы

2. Кәсіпкерлік түрлері

3. Пайдаланылған әдебиеттер

Кәсіпкерлік – бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және өз бетімен жұмыс
істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше типі. Кәсіпкерлікті
дамытудың басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік отанын құру үшін
ғана емес, сонымен қатар еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет
иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады. Әр бір
заттың немесе құбылыстың өзіне тән даму және қалыптасу тарихы бар. Сол
тәрізді кәсіпкерліктің даму тарихы талай ғасырларды қамтиды. Дегенмен
қазіргі түсініктің орын алуы капитализмнің қалыптасу және даму кезеңіне сай
келеді. Буржуазиялық саяси экономияда кәсіпкерлік түсінігі XVIII ғасырда
пайда болды, сонымен қатар меншік иесі деген түсінік алды.

Кәсіпкерліктің даму тарихы 4 бағытта дамыды:
1 – бағыт. Кәсіпкерлікті тәуекелдікпен байланыстырды. Бұл бағыттың негізін
салушысы болып француз экономисі – Ричард Контильон болып саналады. Ол
мынадай шешімге келеді: Кәсіпкер болашақтағы мүмкіндіктерді болжап, өзіне
табыс табу мақсатында мүмкіндіктерді жүзеге асырады. Сұраныс пен ұсыныс
қатынасын ескере отырып, кәсіпкер тауарды арзан бағаға сатып алып, қымбат
бағаға сатады.
2 – бағыт. Ж. Сей мен А. Маршалдың көзқарастарымен байланысты. Олардың
ойынша өндірістік факторлардың бірі рационалдық комбинацияны жүзеге асыру
және қалыпты кәсіпкерлік табыс табу.
3 – бағыт. Кәсіпкерлік теориясын құрудағы негізгісі мен перспективалық
бағыт. Бұл бағыттың негізін салушы Шумпеттер. Егер шаруашылық субъектілері
жаңа комбинацияны жүзеге асырмаса, ол кәсіпкер болып саналмайды.
Кәсіпкерлік функцияларын мынадай адам ғана жүзеге асыра алады. Егер ол
сезімтал, иновациялық өзгерістерге икемді адам болса, жаңалықты таба
білетін, оның нәтижесін тиімді қолдана білетін тұлға.
4 – бағыт. Бұл бағыттың негізін салған адамдар П. Дюркер, В. Санто олар
кәсіпкерлікті менеджментпен тығыз байланыстырады. Кәсіпкерлік пен
менеджмент бірін-бірі толықтырып тұрады және құрамдас бөлігі болып
табылады. Менеджмент көбінесе кәсіпорынның қызмет көрсету саласына көп
көңіл бөледі және кәсіпкерліктің басқару стилін нығайтады.

Кәсіпкерліктің дамуы үшін қажетті негізгі экономикалық,
әлеуметтік құқықтық жағдайлары. Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін керекті
анықталатын жағдайлар: экономикалық, әлеуметтік және құқықтық т.б.
Экономикалық жағдай – бұл бірінші кезекте тауарға ұсыныс және оларға
сұраныс; сатып алушылардың сатып алатын тауар түрлері; сатып алуға
жұмсалатын ақша құралдарының көлемі; еңбек ақы деңгейіне әсер ететін жұмыс
орындары, жұмысшы күшінің артықшылығы немесе жетіспеушілігі және олардың
тауарды сатып алу мүмкіндігі.

Жалпы экономикалық жағдайға ақша ресурстарының болуы, оларды алудың ыңғайлы
жолы, инвестицияланған капиталдың кіріс деңгейі, қарызға алынған
құралдардың шамасы елеулі әсерлерін тигізеді. Мұның барлығымен нарық
инфрақұрылымын құрайтын әртүрлі ұйымдар айналысады. Олардың көмегімен
кәсіпкерлер іскерлік қарым-қатынастармен коммерциялық операцияларды
жүргізеді. Оларға банктер (қаржылық қызмет көрсету), жабдықтаушылар
(шикізатпен, материалмен жабдықтау бұйымдарымен, энергиямен, машина және
қондырғылармен, құралдармен және т.б. қамтамасыз ету), көтерме және жеке
сауда жасаушылар (тауарды тұтынушыға жеткізу қызметін көрсету),
мамандандырылған фирмалар мен мекемелер (құқықтық, бухгалтерлік, делдалдық
қызмет көрсету), жұмысқа орналастыру агенттіктері (жұмысшы күшін таңдау
қызметін көрсету), оқу орындары жұмысшы мен маман-қызметкерлерді дайындау),
т.б. агенттіктер (жарнамалық, көлік, сақтандыру), байланыс құралдары мен
ақпаратты жеткізу жатады. Кәсіпкерлік істі қалыптастыруда экономикалық
жағдайларға әлеуметтік жағдайлардың жақын болуы қисынды болып табылады. Ең
алдымен сатып алушылар әр уақытта өздеріне сай, көңілге қонымды тауарларды
сатып алуға тырысатынын естен шығармау керек. Уақыт аралығы өткен сайын
сұраныстың өзгеруі мүмкін. Оған әлеуметтік-мәдениеттік ортаға қатысты
әртүрлі факторлар әсер етеді. Мұндай жағдай тұтынушылардың өмір салтына да
ықпал жасай алады. Өз кезегінде өмір салты тұтынуға, тауарға деген
сұранысқа қатысы бар екендігін білдіреді. Әлеуметтік жағдай жеке адамның
жұмысқа деген ықыласына да әсерін тигізбей қоймайды. Ол өз кезегінде
еңбекақы шамасына, еңбек жағдайына әсерін тигізеді. Кәсіпкер өз кәсіпкерлік
ісіне қанағттана білуі керек. Ол өз қызметкерлерінің еңбек ісіндегі
әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысуы тиіс: денсаулық сақтау, жұмыспен
қамтамасыз ету және т.б. Кәсіпкерлік істі қалыптастыруда кәсіпкерлердің,
жұмыскерлердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орыс тілі мен әдебиеті
Кәсіпкерлердің жаңа әдістері
Туристік кадрларды даярлаудың алғышарттары
Кәсіпкерлік құқықтың пайда болуы және функциялары
Қазақстан Республикасындағы адам қоғамның қалыптасуы мен дамуы
Практикалық және лекциялық дәрістерді өткізу және оған дайындық
Мұнайгаз саласындағы басқару негізіндегі теориялық аспектілер
Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы
Арнайы ашылған аймақтар
Қазақстанда жастар саясатын іске асыру саласына тартылған жастардың үлесі
Пәндер