Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері. Әдеби дәстүр мен жаңашылдық. халықаралық әдеби байланыс



Көркем әдебиет тілі алғаш орыс тіл білімінде зерттеу нысаны болып, бұл бағытта В.В. Виноградов, В.Винокур, Л.В. Щерба, М.Н. Кожина, А.Н. Гвоздев, Р.А. Будагов, А.И. Ефимов т.б ғалымдар көркем шығарма тілін, стилистикасын жан –жақты қарастырған. Ал кейінгі жылдары қазақ тіл білімі де біршама еңбектермен толықтырылды. Бұл ретте Р.Сыздық, Е. Жанпейісов, М. Серғалиев, Х. Кәрім, Б.Шалабай еңбектерін атауға болады. Зерттеулерде көркем шығарма тіліне қатысты құнды пікірлер айтылып, шығар өнер туындысы ретінде қаралды. Көркем туындының табиғаты өте күрделі. Онда тілдік материал мен идеяның біртұтас бірлігі қалыптасқан. Шығармадағы композициялық тұтастық, образдар жүйесі тілдік құралдар арқылы беріледі.Көркем шығарма тілінің бүгінгі даму мен шарықтауы арынды да тым асқақ. Әсірелеп айтқанда, ол бейне бір тау басынан нәр алып, сай – салалармен сарқырап құйылып жатқан бұлақ суларымен молығып, толықси аққан үлкен өзен арнасын көз алдыңа елестететін сияқты. Сондықтан болуы керек, оның айдынды ағысында лайы мен тұнығы араласқан иірімдері, тас домалатар ұрымтал тұстары, қалтарыста қалып қойған қойнау – қолтықтары да жоқ емес.
Әрине, көркем шығарма тілі – қыры да, сыры да мол дүние. Әрбір қалам қайраткерінің, табиғи талантын, дүниетанымын, қабілетін, білім дәрежесін былай қойғанда, сөз өнерінде өзіндік қолтаңбасы, сөз қолданыс тәсілі, сөз саптау мәнері бар. Көркем сөздің жан дүниемізге рухани нәр беріп, әсерлі де әсем сезім ұялататын сиқырлы сыры оның эстетикалық қызметіне байланысты. Сөз қолданыстың сан алуан тәсілдері мен шынайы шеберліктің өнегесін біз, міне, осы тұста айқын көреміз. Басқаша айтқанда, әрбір жазушының әр қврвнан көрінер, өзгеден дараланар өзіндік сөз өнері, топ жарған таланты сарапқа салынар кезі тілдің осы қызметіне байланысты. Кез – келген жаңа саланың ауқымы кең, қарымы құлаш болуы заңды. Көркем әдебиет тілі зерттеуге түскенімен, оның ашылмаған не жете зерттелмеген нысандары өте көп. Көркем шығарма тілін, стильдік ерекшелігін зерттеуде, ішкі монологтың берілу жолдарын талдап көрсету тек әдебиеттану ғылымы үшін ғана емес, лингвистика ғылымы саласы үшін де аса қажет. Сол себепті көркем шығарманың стилін, мәтін құрылымын тілдік тұрғыда зерттеу - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Көркем прозадағы бейнелеу тәсілдердің бірі – ішкі монолог (кейіпкердің ішінен айтылатын сөз, іштей сөйлесу, өзіңмен – өзіңнің сырласуың, өзіңді –өзің іштей саралау) көрінісі жан – жақты қарастырылып, арнайы зерттеу обьектісіне айнала қойған жоқ. Ал, ішкі монологсыз күрделі де көркемдік дәрежесі биік, нағыз танымды туындының дүниеге келуі мүмкін емес.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СРО
Тақырып: Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі.
Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері.
Әдеби дәстүр мен жаңашылдық. Халықаралық әдеби байланыс.

Орындаған:Нурмухамбетова.Ж.Қ
ФИ-311,3-курс
Тексерген:Курмамбаева.К.С

Семей-2015

Көркем әдебиет тілі алғаш орыс тіл білімінде зерттеу нысаны болып, бұл бағытта В.В. Виноградов, В.Винокур, Л.В. Щерба, М.Н. Кожина, А.Н. Гвоздев, Р.А. Будагов, А.И. Ефимов т.б ғалымдар көркем шығарма тілін, стилистикасын жан - жақты қарастырған. Ал кейінгі жылдары қазақ тіл білімі де біршама еңбектермен толықтырылды. Бұл ретте Р.Сыздық, Е. Жанпейісов, М. Серғалиев, Х. Кәрім, Б.Шалабай еңбектерін атауға болады. Зерттеулерде көркем шығарма тіліне қатысты құнды пікірлер айтылып, шығар өнер туындысы ретінде қаралды. Көркем туындының табиғаты өте күрделі. Онда тілдік материал мен идеяның біртұтас бірлігі қалыптасқан. Шығармадағы композициялық тұтастық, образдар жүйесі тілдік құралдар арқылы беріледі.Көркем шығарма тілінің бүгінгі даму мен шарықтауы арынды да тым асқақ. Әсірелеп айтқанда, ол бейне бір тау басынан нәр алып, сай - салалармен сарқырап құйылып жатқан бұлақ суларымен молығып, толықси аққан үлкен өзен арнасын көз алдыңа елестететін сияқты. Сондықтан болуы керек, оның айдынды ағысында лайы мен тұнығы араласқан иірімдері, тас домалатар ұрымтал тұстары, қалтарыста қалып қойған қойнау - қолтықтары да жоқ емес.
Әрине, көркем шығарма тілі - қыры да, сыры да мол дүние. Әрбір қалам қайраткерінің, табиғи талантын, дүниетанымын, қабілетін, білім дәрежесін былай қойғанда, сөз өнерінде өзіндік қолтаңбасы, сөз қолданыс тәсілі, сөз саптау мәнері бар. Көркем сөздің жан дүниемізге рухани нәр беріп, әсерлі де әсем сезім ұялататын сиқырлы сыры оның эстетикалық қызметіне байланысты. Сөз қолданыстың сан алуан тәсілдері мен шынайы шеберліктің өнегесін біз, міне, осы тұста айқын көреміз. Басқаша айтқанда, әрбір жазушының әр қврвнан көрінер, өзгеден дараланар өзіндік сөз өнері, топ жарған таланты сарапқа салынар кезі тілдің осы қызметіне байланысты. Кез - келген жаңа саланың ауқымы кең, қарымы құлаш болуы заңды. Көркем әдебиет тілі зерттеуге түскенімен, оның ашылмаған не жете зерттелмеген нысандары өте көп. Көркем шығарма тілін, стильдік ерекшелігін зерттеуде, ішкі монологтың берілу жолдарын талдап көрсету тек әдебиеттану ғылымы үшін ғана емес, лингвистика ғылымы саласы үшін де аса қажет. Сол себепті көркем шығарманың стилін, мәтін құрылымын тілдік тұрғыда зерттеу - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Көркем прозадағы бейнелеу тәсілдердің бірі - ішкі монолог (кейіпкердің ішінен айтылатын сөз, іштей сөйлесу, өзіңмен - өзіңнің сырласуың, өзіңді - өзің іштей саралау) көрінісі жан - жақты қарастырылып, арнайы зерттеу обьектісіне айнала қойған жоқ. Ал, ішкі монологсыз күрделі де көркемдік дәрежесі биік, нағыз танымды туындының дүниеге келуі мүмкін емес.
Классикалық биік деңгейге көтеріліп, әлемдік көркем - өнерге асыл қазыналар қосқан қазақ прозасында 70-80 жылдары халқымыздың өткен тарихына ден қою, ата - бабаларымыздың мұрат - мүддесін, мақсат - тілегін бейнелеу үрдіс сипат алып қадау - қадау қадамдар жасалынды. І Есенберлин, Ә. Әкімжанов, М. Мағауин, С. Сматаев, Ә. Кекілбаев сияқты таланты жазушылардың кесек бітімді, тарихи романдары дүниеге келді. Осы шығармаларының қатарына Әбіш Кекілбаевтың Үркер, Елең - алаң романдары да қосылды. Жазушы халқымыздың тарихындағы ең бір тұлғалы кезеңді - Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуының бастау сәтін шығармасына арқау еткен. Ел басына сын болған бұл кезең І. Есенберлиннің Көшпенділер триологиясында және Т. Ахтановтың Ант драмалық тарихи дастанында өте көркем бейнеленгені көпшілікке жақсы таныс. Бұл екі жазушы өз туындыларында Үркер, Елең- алаңның басты кейіпкерлері болып табылатын - Жәнібек батыр мен Әбілқайыр ханды, Бопай ханымды қанды шайқастармен ел тағдыры талқыға түскен тар жол, тайғақ кешулерде халық қамын жеген кесек бейнелер ретінде көрсеткен болатын. Ал Әбіш Кекілбаев болса басқа ыңғайда, психологиялық талдау арқылы көрсетуге тырысады.Әбіш Кекілбаев - қазақ көркем әдебиетіне үлкен үлес қосып жүрген жазушылардың бірі. Оның халық тарихын бейнелі түрде суреттеген шығармасының көкжиегі ретінде саналатын Үркер мен Елең - алаң романдары әдеби - сыни тұрғыдан зерделеніп жүрседе, тілдік, жазушының стилі жағынан аз зерттелгені белгілі жайт.Әдебиеттанушы ғалымдар Г.Пірәлиева, Ж.Дүйсенбаевалар Ә.Кекілбаев шығармаларын әдеби тұрғыда зерттеп, әдебиеттану ғылымына үлкен үлес қосқан. Ал тілдік түзілімі жағынан қыры мен сырын ашуда тілші ғалымдар С.Ғубайдуллин, Ж. Ибрагимова, Ж.Абдрахмановалар көп ізденістер жасаған. Көркем шығарма стилі - жазушының мақсатты түрде пайдаланған тілдік құралдар жүйесі. Олар әдеби бағыт, шығарманың тақырыбы, образдар құрылысы, суреткердің шығармашылық ерекшелігіне бағындырылған.
Көркем шығарма тілінде сөз өзінің барлық бояу нақышымен, экспрессивтік-эмоционалдық реңкімен, астарлы мәнімен, образдылық әсерімен, эстетикалық, мүмкіншілігін аша қолданылмаса, ондай шығарманың құны да төмен, ондай жазушының суреткер ретінде беделі де төмен. Шығарма әдетте, өзінің тілімен көркем, - деп өзінің анық мінездемесін ғалым Рабиға Сыздық берген болатын.
Сөз қолданыс өнері әрбір жазушының творчестволық шеберханасында туып, дамып, шыңдалып, өз ерекшелігімен әдебиет үрдісінен орын алып отыратыны даусыз. Жазушы шеберлігінің, суреткер дарынының бір сыналар тұсы - кейіпкер образын жасауда. Шынында да жағымды, жағымсыз кейіпкердің бүкіл жан дүниесін, мінез-құлқын көркем сөз арқылы суреттеу, оны қайткен күнде де, дара тұлға, тектік бейне етіп көрсету - жазушы үшін үлкен сын.Жалпы ішкі монолог тәсілі - әлем әдебиеті мен фольклорында кеңінен дамыған, дәстүрі бай, әдебиеттің қай жанрында да атқарар көркемдік қызметі зор, дербес бейнелеу құралы.
Ішкі монологтың авторлық және персонаждық түрлері де (формалары) бар. Ішкі монолог кейіпкердің ой-сезімін жеткізетін автор сөзі тұрғысында берілуі мүмкін немесе тура кейіпкердің өз атынан айтылуы да ықтимал.
Жоғарыда аталған еңбек авторы Г.Пірәлиева ішкі монологтың екі түріне үлкен ғылыми тұрғыда талдау жасаған болатын. Оның біріншісі - шығарманың бейнелеу өрісіне монологқа айналған сана-сезімнің қаншалықты дәрежеде қатысы барын айқындауға байланысты көрінеді. Оның өзі үш түрлі жағдайда көрініс табады. Бірінші санадан, еркіңнен мүлдем тыс ішкі монолог (безсознательность), екінші жарым-жартылай саналы, кейде санадан тыс сәттегі ішкі монолог, ол көбінесе, ой ағысы(поток сознание) тәсіліне ұласып жатады. Ал үшінші өзін бақылай, қадағалай алатын, жүйелі түрде бағыты айқындалған, шын мәніндегі ойлау үрдісін білдіретін ішкі монолог. Оның қосалқы бір түрі автор өзі тікелей оқиғаға, әрекетке талдау жасайтын монолог.Ал, екіншісі - оқиғаға қатысатын кейіпкер монологына автордың (әңгіме айтып отырған адамның) қаншалықты дәрежеде қатысы барын айқындауға байланысты. Ішкі монологтың бұл түрінен бірінші, екінші, үшінші жақпен баяндау түрлерінің қай-қайсы да тікелей сабақтас болып келеді.
Қазіргі көркем проза-күрделенген, жанрға бай, көркемдік тәсілдері мол үлкен бір әлем. Ол әрине, адам, оның рухани әлемі тіршілік еткен қым-қиғаш қайшылығы мол қазіргі өмір күрделігінен, жалпы өмір шындығымен тығыз байланысты.Ішкі монолог - көркемдік бейнелеу тәсілі екенін көркем шығарманың кейіпкер образын танудағы жолдардан байқауға болады.Көркем шығармадағы кез-келген көркемдік тәсіл - монолог, диалог, портрет, образдар жеке-дара тұрып көркем шығармада ешқандай роль, қызмет атқармасы белгілі. Сондықтан да жазушысы кейіпкерінің ішкі сезімдерін тек ішкі монологпен емес, өзге де бейнелеу құралдарымен өзара сабақтастыра суреттеу арқылы береді. Осы орайда қаламгер өзінің динамикалық психологизмге шеберлегін танытады. Қалай десек те, ауыспалы кезеңдердегі күрделі өзгерістер өтіп, ана тіліміздің биік көркемдік өлшемдері өзінің дәстүрлі эстетикалық, поэтикалық құндылығы мен әдеби тіл нормаларынан айырылмақ емес. Осы ретте қазақтың мақтан тұтар қайраткер қызы,көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА-ның академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сыздықованың зерттеулеріне зер салуға тура келеді. Ұлттық Ғылым академиясының Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтында көп жылдар жемісті қызмет етіп келе жатқан тілші-ғалым Абай қара сөздерінің негізгі морфологиялық ерекшеліктері атты кандидаттық (1959), Абай шығармаларының тілі атты докторлық (1971) диссертацияларында да осы қазақ тілінің әдеби нормалары мен поэтикалық ерекшеліктерін зерттеді.Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың (1995), ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері (1996) Р.Сыздықованың Абай шығармаларының тілі (1968), Абай өлеңдерінің синтаксисі (1970), Абайдың сөз өрнегі (1995), Жамиғат тауарих (1989), Қазақ әдеби тілінің тарихы, Сөздер сөйлейді, Сөз сазы, Қазақ тілі орфографиялық сөздігі, Сөз құдіреті, т.б атты еңбектерінде әдеби тіліміздің өміршеңдігі өзекті мәселе ретінде қарастырылады.Тілші-ғалым Р.Сыздықова қазақ әдеби тілінің тарихын көне дәуір жәдігерлерінен бастап, олар-дағы сөз қолданыстар ерекшеліктеріне қарай қазақ әдеби тілін екі кезеңге (ұлт болып қалыптаса бастағанға дейінгі түрі және ұлттық түрі) бөледі: ...Бұл екі кезеңнің аралық тұсы-өткен ғасырдың екінші жартысы, яғни қазақтың ұлттық әдеби тілі ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптасты деген тұжырымға келеміз, - дейді (8 б). Зерттеуші әдеби тілдің төрт шартын анықтап, оларға ғылыми сипаттама береді: Әдеби тіл дегеннің ең басты белгісі - оның өңделген, сұрыпталған, нормаланған тіл болуы керек, бұл - бір. Қызметі жағынан, сол халықтың өмірінде ұйымдастырушы, қоғам мүшелерінің басын қосушы сипаты, яғни жалпыға ортақтық қасиеті болуға тиіс, бірақ әдеби тілдердің бір кезеңдердегі жазба түрлерінде әрдайым соңғы белгінің болуы шарт емес. Әр нәрсенің, әр құбылыстың заты (мән-мәнісі,табиғаты) салыстыру арқылы, өзге құбылыстардың қарама-қарсысына қою арқылы таныла түседі. Әдеби тілді тану үшін қарама-қарсысына қойылатын басты құбылыс - ауыз екі сөйлеу тілі. Бұл - үшінші шарт. Әдеби тіл қолдану тәжірибесінде қоғам сынынан, нормаларын қоғам санасы дұрыс деп қабылдаған және ол нормалар барша үлгілерге ортақ болуы шарт. Бұл-әдеби тілдің төртінші сипаты (8 б). Бұл сипаттар ғасырлар бойы өз заңдылығынан айнымай келе жатқан тіл нормаларының сапасын танытады. М.Әуезов, тілші-ғалым І.Кеңесбаевтардың қазақтың әдеби тілінің тарихы Абайдан бастала-тынын, алайда оның алдындағы бай, көне және ауыз әдебиетіндегі салт-тық,тарихтық жырлардағы шебер, көркем өлең үлгілеріндегі тілдерді ұмытпау керектігін ескерген пікірлеріне сүйене отырып, кейінгі кемелденген, ауызша да жазбаша дамыған ұлттық әдеби тіліміздің тамырымен рухани сабақтастық орнамай оң нәтиже болмасын айтады.
Зерттеуші ... құлпытастардағы Күлтегін, Тоныкөк, Білге қағандар жайындағы жазу-сызулардағы жоқтау, мадақ ретінде айтылған шешендік сөз үлгілері, өлеңдік ұйқастар, мақал-мәтелді тіркестер болғандықтан, қазақтардағы ақын-жыраулық дәстүрдің кейбір нышандары орхон-енисей ескерткіштері тілінен байқалатынын 44 б, қазіргі қазақ әдеби тілінің тарихы сол кезден тамыр алатынын және олардың рухани сабақтастығы әлі үзілмей келе жатқанына баса көңіл бөледі. Біздің ұлттық сөз өнерінің көркемдік дәрежесінің биік, бейнелеуіш модельдерінің молдығын,тілінің байлығын осы бастауларының құнар-лығынан деп тұжырым жасаған ол ұлттық мәдениеттің тарихтың ұзақ мерзімінде талай өліп, тіріліп, түлеп ұшуға мәжбүр болғанын ғылыми деректер арқылы мәлімдейді. Зерттеуде ғалым ежелгі әдеби жәдігерлердегі көркемдеуіш-бейнелеуіш тәсіл-құралдарды, оның бүкіл қолданыс аяларын қарастыра келіп, олардағы фо-нетикалық, грамматикалық, лексикалық және көркемдік ұқсас-тықтардың қазіргі қазақ әдеби тілінде дамып отырғанын нақты көркем мәтіндегі мысалдармен түсіндіреді.
Әр қаламгер сөз құдіретін тануда тек өзіне ғана тән шеберлік шеңберінде танылары хақ. Сөз көркемдігін кісі көкейіне қондырып, санасына сәуле түсіру үшін қаламгердің қолынан келері әдеби тілді терең меңгеріп, оның тілдік құралдары мен бейнелеуіштік тәсілдерін жауапкершілікпен пайдалана білуі болса керек. Сөз мәйегіне мән бермеген жазушы суреткер болып жарытпасы да жалпақ жұртқа мәлім. Сондықтан ғалым алдыңғы еңбектерінде айтып жүрген ғылыми ұстанымдарын жалғастырып, көркем әдебиет тілінің қолдану заңдылықтарына нақты көркем мәтіндерді талдау арқылы көз жібереді. Әдеби тіл мүмкіндіктерінің молдығын көркем туындыларда өз өресі мен өнері, талғамы мен таланты тұрғысынан танып, қолдана білген қаламгерлердің шеберлік сырларына, қабілет-қарымына барлау жасаған ғалым қазақ тіліндегі көркем әдебиет стилін, оның тілін зерттеуге елеулі үлес қосады.Кітаптың Жазушы тілі және оның көркемдік әлемі деген 1 бөліміндегі Мұхтар Әуезов - көркем сөздің пірі атты үлкен тарау аясына жинаған ғылыми концепцияның көксегені Мұхтар Әуезов тілін тану үшін... , Мұхтар Әуезов және көркем проза тілінің бастауына барып, ұлы суреткердің сөз әрлеудегі әдістерін, сөз таңдау мен қолдану тәсілдерін, көркем шығарма шырайын енгізетін автор мен кейіпкер тілі, төл сөзбен авторлық ремарканың ұштасуы (қиюласуы), сөз тіркестіру, сөйлем құрастыру, абзац, период тәрізді синтаксистік құрылым т.б сияқты көріктеу құралдары мен поэтикалық көркем тілдердің сырларына лингвистика саласының өз талаптары тұрғысынан үңіледі. Сан ғасырлық бай тарихы мен рухани мұрасы бар әдеби тілдің ең биік жетістігінің феномені бола білген аса дарынды дара тұлғаның әрбір әңгімесінен бастап,ұлтымыздың ұлы қазынасы болған Абай жолы эпопеясына дейінгі тілдік белгілер туралы теориялық талдаулар жасалып, байыпты ой қозғалады. Мұхтар Әуезов шығармаларында әдеби тілдің нормалары сақталып, тұтас мәнді ізденіс іздері мен стильдік тұрғыда өсу үдерісі барлығын аңғартады ғалым. Тіл біліміне қатысты стильдік, тілдік, композициялық-синтаксистік, т.б категорияларды көркем мәтін шеңберінде зерделеген ол тәсілдің дұрыс қолда-нылуы жазушының сөз құдіретін тану шеберлігін танытады деген тұжырымға келеді.
Көркем әдебиеттің тілі туралы, М. Әуезовтың мақаласы. Мақала Социалистік Қазақстан газетінің 1954 жылғы 24 ақпандағы 46-санында жарияланған. Бұл макаланың ұлғайтылған толық түрі Тағы да көркем әдебиет тілі туралы деген атпен жарық көрді.
Қолжазбалары жазушы мұрағатында сақтаулы. Мақала тілші ғалым М. Балакаевтың Көркем әдебиеттің тілі жайында (Социалистік Қазақстан, 1953, N273) атты сын мақаласына жауап ретінде жазылған. Профессор М. Балақаев әдеби тілдің ерекшеліктеріне тоқталып, грамматикалық заңдылықтар тұрғысынан Абай жолы романындағы кейбір жеке сөйлем, сөз тіркестеріне сын айтып, жазушы шеберлігі соңғы кездерде еркіндікке айналып, оның тілі халық тілінен қашықтап барады. Кей жерде сөздерді орынсыз, ретсіз тіркестіре салу, сейлемдерді ұзақ, ауыр етіп құру салдарынан тілінің әсерлі болуы былай тұрсын, тіпті автордың не айтқысы келгенін түсіну қиын деген сияқты, сондай-ақ кейбір артық-ауыс ұшқары кекесіндеу сөздер, ой-пікірлер де айтқан.Әуезов мақаласында сыншының әрбір даулы пікіріне нақпа-нақ, жеріне жеткізе өткір жауаптар береді. Айталық, Құнанбай шешесінің ажарын сезді де, жуаси тусті деген сөйлемдегі ажарын сезді тіркесінің орнына ажарын көрді деп жазу керек еді деген сыншы дауына автор: ...Ажар деген бет пішін ғана емес, ол адамның кейде іші де, кейде тысы да боп, ауыса отырады. Ал адамның ішін атаған көз болса, ол ішті көруге болмайды, сезуге ғана болады... Ажарың ақ түлкінің ажарындай деген өлеңде түлкійің серейген құлағың, сүйір тұмсығын, жылтың қаққан кезін айта ма? Сол көрініп тұрған сипаттарына теңей ме? Жоқ, жүйрік жылпаң тағының қылығына теңейді дейді. Ал иін сүйесіп тұрған деудің орнына тіл маманының иін тіресіп тіркесін үлгі етіп ұсынуына байланысты: Абайдың сол сәттегі сезімі, ұғымы бойынша жақсы кітаптар келісті қатарда үйлескен күйде, біріне-бірі сүйеніп тұрған қалыпта бейнелеймін. Мұны сәтімен табылған келісті орам, тың кесте деп білемін. Кептерше сүйеніскен демалыс бар деген Абайдың өзі емес пе еді?! деп, кейбір жаңаша сез тіркестерін қолдану себептерін тарата талдай түсіндіріп, көркем әдебиет тілінің ерекшелік қадір-қасиеті мен сыр-сипаты туралы өзінің кенеулі, кең де терең толғамды теориялық, ой-пікірлерін ортаға салады: Нәзік келген көңіл жайын, ой толқынын, сезім ырғағын, психологиялық тартыс пен тайталасты тың тілмен, өзінше бір ораммен орайлап айтқысы келетін талаптар бар. Мұндайы болмаған жазушылықта жан жоқ, қасиет жоқ, жылылық, жарастық та жоқ дейді. Олай болса, бар жазушының тіліне, стиліне бір ғана өлшеммен келуге болмайды. Жайлексика мен поэтикалық лексикаға бірдей қарауға болмайды деп санайды автор. Сондықтан кейде көпшілік қолданбайтын, бірақ халық тіліне әбден қонымды келетін тың орамдарды, тілші ғалымдардың ұғымындағы грамматикалық заңдылықтарға сәйкес келмей жатса да, сондай-ақ белгілі бір өлкеде ғана қолданылатын диалекті деп қақпайланып жүрген сөздердің өзін де көркем шығармада қолдана отырып, әдеби айналымға сіңіру, қалыптастыру қажет. Өйткені жазушы өз дәуіріндегі әдебиет тілін есіруге, саралауға, шеберлендіруге міндеткер... Романдар оқушыға тіл де үйретеді, өз тілінде көнеулі ой таратып, көрікті, шешен, шебер сөйлеуге баулиды. Әуезов бұл мақалада әдеби тіл туралы өрелі, соны ой толғамдар айтумен қатар, көркем әдебиет тілін терең танып, зерттеудің де басты бағыт-бетін белгілеп бергендей. Поэтикалық лексикадағы табыстарды, қасиеттерді тану үшін тек жалаң тіл маманы болу жетіспейді,әдебиетші-тілші болу шарт деген пікірді қадап айтады: ...көркем шығарманың бір сөйлеміңде тұрған сөз бір-ақ қана ұғым, түсінік бермейді. Соны берудің үстіне, ол әр алуан қосымша ассоциация тудырып, оқушыға қосымша елес-емеурін танытып тұрады. Мұндай қатарда жеке сөз, өзінің орны мен сәтін тапқан шақта, жаңаша жанданып кетеді. Сондай шағына жетіп, жанданған сөздің демі, лебі білініп, тың тірлік етіп, бал-бұл жанып түрады. Ол көп қодданудан әлі сөз боп кеткен сөз емес, қызықты, ыстық лепті қайнар сөз болады. Міне, осындай боп табыса түйіскен, қатар тұрған сөздер акындықтың айғағы болады, шеберлік кестесіне жүреді. Оның көркемдігімен қатар сөйлем ішіңде өзінен-өзі ұшқын атып тұрған сипаты болады. Кей сөздердің асыдды шақпақ тасқа шаққандай боп, әсем сөйлем ішінде ұшқындап, от төгіп тұратын шағы бар дейді ұлы суреткер-ғалым.
М.Әуезовтың Социалистік Қазақстан" газетінің 273-санында тілші М. Балақаевтың "Көркем әдебиеттің тілі жайында" деген мақаласы жайлы жазған пікірі: "Социалистік Қазақстан" газетінің 273-санында тілші М. Балақаевтың "Көркем әдебиеттің тілі жайында" деген мақаласы басылды. Бұнда көп жауапты мәселелердің басын шалған сөздер бар. Санап өтіп, еске алсақ, халық тілінің заңын атамақшы, қалай жазу жайын саралап бермекші болады. Стиль жөнін атап өтеді. Ұзақ сөйлем мәнін сөз қылады. Тарихтық шығарманың тілін сөз етеді. Социалистік реализмді, әдебиеттегі реалистікті ауызға алады. Соның бәрін жия келе, мәдениетті, әсіресе жазушылықтағы мәдениетті баса сөйлеп, басалқы айтады.
Дау жоқ, атаған әр жайы да жеңіл емес. Соның бәрі ақталса, жауапты жайды сөз қылған деуге сыяды. Бірақ жылтырдың бәрі асыл емес, жазғанның бәрі ақыл емес, жауапты жайларды қопсытқанмен, М. Балақаев сол өз міндетіне алғанын жауапты шеше алмаған. Бірнеше мысалын ғана атап өтейін: ол әуелі мәдениетті айтады, бірақ өзі сол мәдениеттілікке ерсі, шалғай мінездер көрсетеді. Ең әуелі сол мақаласында "Абай" романы мен "Жұмбақ жалау" романынан келтірген цитата сөздерінің бірде-бір кез кітаптағы беттерін атамайды. Бір беттегі сөздерге басқа бір беттерден, өз керегіне қолайлы деп алған сөйлемдерін тырнақшаға да алмастан тізбектей береді. Және кей баспада, әсіресе біздің қазақша баспада "типографиялық қателер болар-ау" деп, күдік дегенді еске алмайды. Көрінеу, сондайлық бадырайып тұрған қатені әдейілеп кеп жазушының ғана айыбына таңады.
Тегінде, қазақ жазушылары "қазақ тілінің бар заңын өзіміз кесіп-пішеміз", "қайдан құлақ шығарсақ, соған ерік алған қазаншымыз" дей алмайды. Бірақ жазушы өз дәуіріндегі қазақ әдебиет тілін өсіру, саралау, көріктеу, шеберлендіру жөнінде міндеткер. Шама жеткенше сол жолда талпынады.
Бұл ретте, олар ізденуші еңбекші. Шағын болар, сәл болар, бірақ момын еңбекпен ізденушілік талабымызды танымай тұрып тарпығанды үнсіз, сынсыз қабыл ала алмаймыз. Олай етсек, ездікке кетер ек. Шын адал, әділ талаппен ізденгеніміз бекер болар еді. Ендеше, аз да болса елеулі шығарма жазып, өз жұртының ой, сана мәдениетіне атсалысқан, үлес қосқан жазушы болса, оның еңбегіне үкім айтушы ғана боп, айыптаушы ғана боп сөйлейтін тілшіні өз міндетін жауапты түрде түсінген сыншы деп тани алмаймыз.
Жазушы мен тіл маманының еңбегі қосыла қабысып, дұрыс іздену үстінде жараса табысып отырса, бәрімізге ортақ міндет өнімді түрде ада болмақ.
Поэзиялық лексика, поэзиялық синтаксис, көркем әдебиет тілінің грамматикалық тіл заңындай, қадір тұтып, алдымен еске алатын ерекшелігі дедік. Көркем әдебиет тілінің болмысы мен қасиеті де сол өз шартына жетуінде. Ол үшін жазушының көркем әдебиеттегі тілі тек жабайы, жұпыны ұғым тілі ғана болып қоя алмайды. Ұғым-түсінікпен қатар ой, сезімге де бірдей эсер етерлік айшықты тілмен, әсем сөйлеу шарт. Ылғал жоқ, дәм жоқ, тек грамматикашылдың сәл ғана білген, күнделік қалыпта тұтынып жүрген, шама-шарқына өлшенген әдебиет тілі көркем тіл болып жарытпайды. Поэзиялық тіл тудыратын әдебиет тілі бола алмайды. Кейде бастауыш, баяндауыш, пысықтауыштар бәрі бірдей-ақ грамматикашылдық үйреншікті өлшеуі бойынша тізіле тұрып-ақ, жазушы сөзі су татып, сорға батып тұратыны болады ғой! Мейлінше болады.
Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері.
Әдеби жанр (французша §епге -- тек, түр) термин ретінде шартты, екі мағынада қолданылады: 1) әдебиеттің, тектері -- эпос, лирика, драма; 2) әдеби шығарманьщ түрлері -- әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, тра-гедия т. б.
Жанр мәселесінің маңында даулы пікірлер көп. Әдебиет теориясын толғайтын кітаптардың, көбінде әдебиеттің тегі -- жанр, әдеби шығарма -- жанрлық түр деп танылып жүр. Сонда, мысалы, эпосты -- жанр деп білсек, оның шағын, орта және кең көлемді үш түрі белгіленеді де, шағын көлемді эпикалық түрге -- очерк, новелла, сюжетті қысқа өлеңдер, орта көлемді эпикалық түрге -- повесть, поэма, ал кең, көлемді эпикалық түрге -- роман, эпопея тәрізділер жатады. Бұл ретте, лириканы да дәстүрлі әдетпен ода, идиллия, мадригал, элегия, романс, эклога, `сонет, эпиталама дегендей ондаған түрге бөліп жатпай-ақ, саяси, не философиялық лирика, махаббат, не табиғат лирикасы деген секілді санаулы түрлерге ғана бөліп, бұлардың әрқайсысына тән ерекшеліктерді пайымдауға болады.
Әрбір әдеби туындының жанрлық табиғаты әр алуан: көлемді эпикалық шығармада өмірдің күрделі шындығы нақты көркем тұлғаларға жинақталып, олардың өз ара қарым-қатынастарынан туған қат-қабат оқиғалар арқылы ашылса, лирикада адамның жеке басына тән көңіл күйі, нәзік және терең психологиялық иірімдері суреттеледі. Ал драмалық шығарма көбіне адамдардың қимыл-әрекетіне, қақтығыстарына -- түрліше тағдырлар тартысына құрылатыны мәлім.
СөйтІп, көркем әдебиет туған күнінен бермен қарай өзінің тегі жағынан жоғарыда аталған үш түрде дамып келеді. Сөз өнерінің осынау үш түрін кейде кескін өнерінің үш түрімен салғастыруға да болады: мәселен, эпос -- живопись, лирика -- орнамент секілді болса, "бір ғана диалогтан тұратын драма бір түсті графика тәрізді" (В. Кожинов) екені де рас.
Бірақ бұл жайларға көшпес бұрын арнайы тоқтап, тереңірек толғап, ойлап алуды қажет ететін бірқатар күрделі сыр мен шындық бар.
Ілгерішіл адам баласының көркем дамуындағы қандай құбылыс болмасын, соның ішінде әдеби творчествоның қандай категориясы болмасын, бәрі бір ғана түрғыдан, атап айтқанда, мығым тарихи тұрғыдан қаралуға тиіс. Ендеше, жанр мәселесін тексерудегі негізгі принцип те сол -- и с т о р и з м.
Сөз жоқ, кез келген әдеби шығарманың жанрлық сипаты, өзгешелігі бар, оны анықтау шарт. Алайда бұл -- аз. Бұдан бұрын, кез келген әдеби шығарманың жанрлық сипат һәм сымбат алғанға дейінгі табиғи туу проце- сі, заңды жаралу тарихы бар. Мұны ескермеске болмайды.
Айталық, "Соғыс және бейбітшілік". Күллі адам баласының көркемдік даму тарихыңдағы айрықша адым болып табылатын осынау орыс әдеби-етінің ұлы құбылысын жасау үстінде Лев Толстойды билеген мақсат пен мұрат жанр "құпияларынан" гөрі басқа болатын.
-- "Соғыс және бейбітшілік" деген не? -- дейді Лев Толстой. -- Бұл роман емес, әсіресе поэма емес, әсіресе тарихи хроника емес. Автор өзі қалаған пішінде нені айтқысы келді және нені айтты, "Соғыс және бейбітшілік" -- сол.
Бұл не деген сөз?
Бұл -- әдебиеттегі кез келген пішін "автор айтқысы келген" `Мазмұннан туады, яки әдебиеттегі кез келген пішін -- мазмұнды пішін деген сөз.
Әдебиет теориясында пішін (форма) бар да, т ү р (вид) бар. Дәлірек айтқанда, әдебиеттің төктері (эпос, лирика, драма) бар да, т ү р л е р і (роман, поэма, трагедия т. б.) бар. Тек те, түр де ж а н р деген ұғыммен, яғни жанр жәяе жанрлық түрмен мәндес. Осылардың бәрін тиянақты тарихи тұрғыдан, қатал историзм принципінен танып түсіну, бір жагынан, жалпы творчестволық
процесс мәселесін қозғау болса, екінші жағынан, нақты мазмұнды түр мәселесін талдау болып табылады. Жанр эселесі осылай пайымдалғанда ғана ғылми-зерттеу жемісті болмақ.
Әдеби даму да бір -- ағысты өзен: шымырлап өнген ,айнар көзі, яки мөлдір бастауы, оған жалғас толқынды арнасы, одан әрі құяр сағасы бар. Халық өмірінің өзі, оның тарихи тағдырлары, оқиғалар мен құбылыстар, кайшылықтар мен тартыстар, қоғамдық қарым-қатынастар мен қарама-қарсылықтар, адамның рухани бітімі, моральдық кескіні, қысқасы, ақикат шындықтың алуан-алуан саласы әдебиеттің, тегін туғызады, қалыптастырады. Ендеше, қандай да болмасын, әдебиеттің тегі, тектің түрлері -- ақиқат шындықтын, өз қажетінен туған "арналы тасқындар" екені даусыз. Бұлардың бәрін жалпы алып қарасақ, біз орасан күрделі тарихи процеске кездесеміз; ал әрқайсысын жеке тексере қалсақ, әрбір әдеби түрдің туу, қалыптасу тарихы, бәрінен бұрын, мазмұнды түрдің даму жолдары бар екенін байқаймыз.
Бір жолы Л. Толстой "Плутон" туралы былай деген еді: "Аристофан комедиясының қатъшасушылары -- Байлық пен Қедейлік. Өзінің, қажет-тілігін дәлелдеген Қедейліктің әңгімесі V ғасырдағы грек үшін өте жақсы; бірақ біз үшін... оның мағынасы ғана жоқ емес, тіпті осындай қатынасушы-лардың, өздері атымен жоқ. Мұндай кейіп-теу жасалған заттың өзі әлде-қашан адыра қалған"*. Шынында да, солай емес пе? Көне дүние комедия-сында көрінген көркем бейнелердің көбі немесе көне дүние комедиясында суреттелген шындық құбылыстардың талайы қазір адам нанғысыз; ондай бейне мен шындық қазір жоқ немесе жоғалып барады. Бірақ комедия жанр ретінде, яки белгілі мазмұн қалыптастырған түр ретінде бар және бола бермек.
Бұл арада ескеретін нәрсе -- әр жанрдың, әдеби түр ретінде тууы мен дамуының негізінде мазмұшың ұланғайыр құбылулары -- пайда болуы, өзгеруі, өсуі, өшуі жатыр. Жанр жайлы сөз қозғағанда, міне, дәл осы құбы-луларды әрқашан есте ұстап отыру шарт. Сонда біз жанр жайын байыптау-ға әшейін пішін тұрғысынан емес, мазмұн тұрғысынан келеміз де, әшейін сыртқы белгілері мен өзгешеліктерін жіпке тізіп тынбай, оның ішкі даму заңдылығының тарихын талдап, төксеретін боламыз.
* Л. Н. Толстой әдебиет туралы, М, 1955, 130 бет
Сонда біз әдеби түрді, яки әр жанрдың өзіне тән пішіні сыртқы жамыл-ғы ретінде емес, қатайған мазмұн ретінд, түсінетін боламыз.
Өнер өмірден туады. Ал өмір күрделі, өмір құбылыстары әр алуан, өмір процесі қиын. Ендеше, өмірден туған өнер де күрделі, әр алуан, қиын. Эпостың, лирика мен драманың әрқайсысы осынау күрделі, қиын өмірдің өз қажетінен пайда болған. Демек, бұлардың әрқайсысының терминдік тарихын білу мүлде жеткіліксіз; тегің төксеріп, табиғатын тереңірек тану; туу, қалыптасу, даму тарихын талдап-тексеру қажет. Жанр жайлы ұғым соң. да ғана шын мәніндегі ғылми сипатта болмақ.
Әрбір ә д е б и ш ы ғ а р м а -- б е л г і л і д ә у і р. д е г і қ о ғ а м д ы қ ш ы н д ы қ т ы ң с ә у л е с і.Әр дәуірдің өз шындығы бар. Бұлар бірін-бірі қайталамайды. Олай болса, әр дәуірдің шындығын сәулелендірген шығармалар да бірін-бірі қайталамайды: тектері мен түрлері- ұқсас болғанмен. Шекспир трагедиясы Әуезов жазған трагедиядан, Бальзак романы Мүсірепов романыңан, Абай поэзиясы Мұқанов поэзиясынаи өзге екені даусыз. Мұны да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдеби дәстүр мен жаңашылдық. Халықаралық әдеби байланыс. Көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Әдеби үдеріс сипаты
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Өлең сөздің теориясы. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері. Әдеби үдеріс, әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер
Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы.Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі.Өлең сөздің теориясы. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі; өлең сөздің теориясы; шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері; әдеби үдеріс (процесс), әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер
Қ.-М. Жүсіп және ұлттық поэзияның зерттелу мәселелері
Тарихи поэтиканың әдебиет теориясы және әлем әдебиеті тарихынан арақатынасы
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі
Пәндер