Антикалық дәуір музыкасы. қайта өрлеу дәуіріндегі музыкасы. 18-ғасырдағы музыка



Қаншама ғасырлар бойы жинақталған музыкалық қазына – ұшы-қиыры жоқаса мол мұра. Біз музыка аясында өмір сүреміз. Ол еңбек үстінде де, тұрмыс-тіршілігімізде де, саяхат-сапарларда да, түрлі жиын-кездесулерде де, мерекелік салтанаттарда да үнемі бізбен бірге. Жер бетінде қандай да бір музыкасыз ғұмыр кешетін адам болуы мүмкін емес. Олай болса, музыка – өнердің бір түрі ретінде адамның ішкі әлеміне рахаттану немесе керісінше жан дүниесін толғандыру арқылы әсерін тигізуші біздің өмірлік жан серігіміз. Музыка – сурет, театр, поэзия сияқты өмір мен адам жанының құбылыстарын бейнелейтін көркем өнердің бір түрі. Музыка – әсем дыбыстар тілімен сөйлейтін, сезімге құрылған күрделі өнер. Сол көптеген дыбыстар тілін тыңдап, байқап отырсақ, әр қайсысы өзінше мағына беріп, қасиеттерін сезініп, тануға жетелейді. Ол түрлі жанрларға, ұлттық, тарихи, жекеше стильдерге, түрлі музыкалық тілдерге бөлінеді. Музыканың классикалық, яғни салмақты және терең паймдалған, халықтық, жалынды, жігерлі, тіпті жеңіл түрлерінің бәрі де – өмірімізге қажет дүниелер. Бірақ музыканы тыңдап, түсіну үшін дұрыс таным-талғам болуы тиіс. Міне, сондықтан да музыканы үлкен талғаммен, сауатты түрде талдап тыңдай білу керек. Адамды, рухани рахаттандыратын, жанын жадыратып, сезімін, ойын қозғайтын әр дәуірдің музыкасы сол кезеңдік уақытты бейнелеп және белгілібір көркемдік стильді көрсеткен шынайы көркем шығармаларды тыңдап, үйрену – үлкен өнер. Демек солардың біразы жайлы біз бүгін тілге тиек етеиік.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Антикалық дәуір музыкасы. Қайта өрлеу дәуіріндегі музыкасы. 18-ғасырдағы музыка.

Топ: П-301
Орындаған: Ерсін Н
Тексерген: Сейтқазы О.Ж

Семей, 2015
Қаншама ғасырлар бойы жинақталған музыкалық қазына - ұшы-қиыры жоқаса мол мұра. Біз музыка аясында өмір сүреміз. Ол еңбек үстінде де, тұрмыс-тіршілігімізде де, саяхат-сапарларда да, түрлі жиын-кездесулерде де, мерекелік салтанаттарда да үнемі бізбен бірге. Жер бетінде қандай да бір музыкасыз ғұмыр кешетін адам болуы мүмкін емес. Олай болса, музыка - өнердің бір түрі ретінде адамның ішкі әлеміне рахаттану немесе керісінше жан дүниесін толғандыру арқылы әсерін тигізуші біздің өмірлік жан серігіміз. Музыка - сурет, театр, поэзия сияқты өмір мен адам жанының құбылыстарын бейнелейтін көркем өнердің бір түрі. Музыка - әсем дыбыстар тілімен сөйлейтін, сезімге құрылған күрделі өнер. Сол көптеген дыбыстар тілін тыңдап, байқап отырсақ, әр қайсысы өзінше мағына беріп, қасиеттерін сезініп, тануға жетелейді. Ол түрлі жанрларға, ұлттық, тарихи, жекеше стильдерге, түрлі музыкалық тілдерге бөлінеді. Музыканың классикалық, яғни салмақты және терең паймдалған, халықтық, жалынды, жігерлі, тіпті жеңіл түрлерінің бәрі де - өмірімізге қажет дүниелер. Бірақ музыканы тыңдап, түсіну үшін дұрыс таным-талғам болуы тиіс. Міне, сондықтан да музыканы үлкен талғаммен, сауатты түрде талдап тыңдай білу керек. Адамды, рухани рахаттандыратын, жанын жадыратып, сезімін, ойын қозғайтын әр дәуірдің музыкасы сол кезеңдік уақытты бейнелеп және белгілібір көркемдік стильді көрсеткен шынайы көркем шығармаларды тыңдап, үйрену - үлкен өнер. Демек солардың біразы жайлы біз бүгін тілге тиек етеиік.
Барокко
Музыкалық мәдениет тарихында ХVII ғ-ды шекара ретінде қарастыруға болады: онда алдағы ғасырлардағы өнер шоғырланады, және бұдан былай музыкалық жанрлар мен түрлер бас алады. ХVII ғ-да біртұтас әлемдік көркем мәдиенеттің контурлары жоспарланды.
Өнерде екі жаңа стиль - Барокко және Классицизм туындайды. Барокко стилі өте салтанатты және сәнді. Сәулет саласында ғимараттар бейнелі және мүсінді, (қабырғалары бедермен безендірілген, бұрқақтары статуэтка түрінде жасалған қуыстар мен текшелерге мүсіндер қойылған, т. б.), интерьлерлері жарық монорлы түстерге толы, (алтындандырылған күрделі безендірулер, үйдің төбесі өрнектелген, қабырғаларына айналар ілінген (хрустальды аспа шамдар, көптеген жабыстырмалы әшекейлер). Осыған байланысты Барокко дәуірінің костюмі бүтіндей сарайлық этикетке бағынышты болды. Сондай-ақ Барокколық музыкалық шығармалар да көлемі жағынан өте көлемді болды, барокколық опералар 4 сағатқа дейін созылды, ал кейбір аспаптық пьесалар 6 сағаттық көлемге дейін көбейді. Барокколық музыкада өзіндік бір қосымша көркемдеу мелизмдік дыбыстар пайда болды - ол шығармаға талғампаздықпен әсемдікті берді. Сондай-ақ Барокко музыканттары музыканы ойнапқана қоймай, олар суырыпсалмалық яғни, музыканы бірден ойдан шығарып ойнаған. Суырыпсалмалықтың мақсаты тыңдаушыларды орындаушылардың тосыннан көркем тапқырлықтарымен таңқалдыру.
Сол Барокко жанрындағы белді музыканттарды атап өтейік . Олар Георг Гендель, Антонио Вивальди және, әлбетте, Иоганн Себастьян Бах
Иоганн Себастьян Бах (1685-1750 ж.ж.) философ - музыкант, ол адам болмысының ең терең, мәңгілікті сұрақтарын талқылаған:өмір мен өлім, адамның парызы мен мақсаты туралы. Бах - лирик. Оның музыкасының әр жолы адам жүрегінің жылылығымен жазылған. Бахты полифонияның маңдай алды шебері деп санайды. Бах барлық жанрларда жұмыс істей отырып, ол 200 кантата, аспаптық концерттер, орган, клавираға арналған т.б. көптеген шығармалар жазды. Дұрыс құрастырылған клавир атты еңбегіндегі прелюдиялары мен фугалары колледждер мен консерватоиялардың бағдарламасына енген. Педагогикалық мақсатта жазылған композитордың бұл шығармалары музыканттардың көркем өнерге деген көзқарасын одан әрі дамытады. Осыған байланысты Бахтың клавир үшін жазылған пьесалары жеңіл инвенциямен басталып, соңы қиын хроматиалық фантазия және фугамен аяқталады. Мұны дүние жүзінің үздік пианситерінің орындауынан концерттерде немесе радиолардан тыңдауға болады. Қазір сіздердің назарларыңызға бейне таспада жазылған И.С.Бахтың клавирлық шығармасындағы,До-мажор,прелюдиясын ,ұсынамыз. И. С. Бах. Прелюдия до-мажор. Сондай-ақ И. С. Бахтың до минорлық Француз сюитасында француз билері (менуэт, бурре, гавот) кеңінен қолданылған. Сюита француз тілінен аударғанда қатар, бірізділікдеген мағынаны білдіреді.
Ендігіде бейне көріністегі менуэт биімен аспаптық орындаудағы музыкалық шығарманың үйлесімділігін тамашалаңыздар. Менуэт - көне француз биі. Бұл биде билеуші екі жұптың қимылдары бір-біріне, сондай-ақ көрермендерге иіліп, тағзым етіп қошеметтеу қимылдарымен жүргізіледі.
Р.Маре Менуэт
Опера
Музыкалық дәуірлік саяхатымыздың жалғасын XVII ғасырдағы өнердің тағы бір түрі опера жанры. Опера - (ит.opera - дәлме-дел шығарм, лат. оpera - еңбек, бұйым, туынды) - музыкалық драмалық өнер жанры. Операның әдеби негізі (либретто) музыкалық драматургия және ең алдымен вокалдық музыка формаларының тәсілдері арқылы өзінің көркемдік шешімін табады. Ол вокалдық және аспаптық музыка, драматургия, хореография (балет) және бейнелеу өнерінің (декорация, костюм) бірлестігінен туған театр шығармасы, яғни осындай әртүрлі өнер туралы бір тұтас театр әрекетіне біріктіретін синтетикалық жанр. Операның тарихи даму процесінде оның түрлі жанрлары қалыптасты: эпикалы-қаһармандық, тарихи - қаһармандық, тарихи-романтикалық, тарихи-тұрмыстық, лирикалы-тұрмыстық, комедиялық және сатиралық опералар. Сондай-ақ Италияда опера-seria мен опера-buffa, Францияда комедиялық және лирикалық, ал Англияда балладалық опера жанрлары өмірге келді. Бұдан басқа музыкалық драма, опера- балет секілді т.б. жанрлар пайда болды. Опера тарихы адамзат қоғамы мен мәдениетінің даму жолымен тығыз байланысты. Опера жеке жанр болып XVI - XVII ғасырларда қалыптасты.
Сол XVIII ғасырдағы опера жанрындағы белді бір операның ірі реформаторы, Вена классикалық мектебінің алғашқы шеберлерінің бірі австрия композиторы - Глюк Кристоф Виллибальдтың поэзияның көркемдігімен музыканың сұлулығын өте шебер байланыстырған, антикалық үлгіде жазылған Орфей операсындағы „Әуенді" аспаптық орындауда(қобыз)тыңдаңыздар.
К. Глюк (1714-1487) Әуен „Орфей"операсынан ХІХ ғасырдағы опералық реализм шындарының бірі болған, Франциядағы музыкалық және опералық өнердің биік жетістігі Ж. Бизенің (1838-1875 ж.ж.) шығармашылығы болды. Бизе 20-ға жуық опера, 3 оператта жазды. "Інжу іздеушілер" (1863), "Перт аруы" "Джамиле" (1866) атты алғашқы операларында Бизе француз лирикалық операсының дәстүрін дамытады. Осы шығармаларының өзінде-ақ ол мелодиялық тілінің байлығын, оркестровкасының әсемдігін, әншілер үшін вокалдық партияларының өте ыңғайлылығын көрсетті. Бизе творчествосының шоқтығы - П.Мериме новелаласының негізінде жазған "Кармен" (1874) операсы. Бұл шығармада - Бизе творчествосының ғана жетістігі ғана емес, ХІХ ғасырдағы опералық реализм шындарының бірі болды. Кармен операсының IV-ші көрінісіне Антракт аспаптық орындауда(қобы з)тыңдаңыздар.
Классицизм
Классицизм(лат.classicus - үлгілі) - XVII - XVIII ғ-да және XIX ғ-дың басында Европа әдебиеті мен өнерінде өріс алған әдіс. Классицизм үрдісіндегі туындылардың тек тақырып, кейіпкерлерді таңдап алуында ғана емес, сонымен қатар қатысушы адамдардың іс-әрекеттерін суреттеуінде де өзіндік өзгешеліктері бар. Классицизмге тән негізгі ерекшелік - көркем шығарманың құрылысын бір тәртіпке бағындыру. Классицизм бароккомен, XVIII ғасырдан бастап рококомен жарыса дамыды. Классицизиге қатаң үйлесім, көбінесе, салтанатты сипат тән. XVIII ғасырдың аяғымен XIX ғасырдың басында Классицизм идеялық және көркемдік дағдарысқа ұшырады. Алайда Классицизм өнер тарихында барлық өнер түрлерін өзіне бағындырған бірден бір бағыт болды. Музыкада КЛАССИКАЛЫҚ МУЗЫКАНЫҢ екі мағынасы бар.Бірінші мағынасы: - қазіргі ұрпаққа үлгі болған кезкелген музыка, соның ішінде Бахтың және XX ғасыр композиторларының музыкасы.
Екінші мағынасы: -классицизм дәуірінде туындаған музыка.
Осы классицизм дәуірінде терең пайымдалған ірі жанрлар: квартет, симфония, соната, концерттер қалыптасты. Классицизм туралы түсінік вена классиктері - ГАЙДН,МОЦАРТ,БЕТХОВЕН шығармашылығы мен қауымдасады.
Вена классиктерінің арасындағы ірі бір тұлға немістің ұлы композиторы Бетховеннің аты пианист ретінде ерте танымал болды. Жас виртуоз өзінің техеиналық өнерімен көпшілікті баурап, тыңдаушыларын таңдандырып, пианист замандастарын артта қалдырған.
Вена классикалық мектебінің эстетикалық үрдістері әсіресе, Л.Бетховен творчествосында аса жоғары сазын табады. Вена үшін Гайднның, Моцарттың көңілді музыкаларымен Бетховеннің шығармалары аз болмаған. Патетической және Лунной сонатасындағы толқынды, күшті музыкалары мен Героической симфония шығармасындағы алып күш жаңа сезімдер мен ойлар туралы айтып, тыңдаушыларын таң қалдырып, жаулап алады. Сіздердің қазіргі бейне көрініс арқылы тыңдайтындарыңыз . Л. Бетховенның До диез минор (Лунная сонатасының) Бұл соната монолог принципінде жазылған. I бөлімі монолог - толғану, ойлану, импровизация, хорал, траурлық марш - ондағы суреттеме айлы түндегі тыныштық бейнесі. Қайғылы сезім әуені. Adagio прелюдия импровизациялық түрде берілген. Пунктирлік өлшем, кең декломациялық әуен.
Л. Бетховен., I часть. До диез минор (Лунная соната)

Романтизм

Романтизм - XVIII ғ-дың соңы мен XIX ғ-дың алғашқы жартысында Еуропа мен Америка елдерінің рухани мәдениетінде: музыкада, бейнелеу өнерінде, эстетикада және т.б. ғылымдар салаларында тараған идеялық көркемдік бағыт. Романтизм дәуірі әлемге ұлы музыканттарды сыйлады.
Музыкадағы романтизм 1820 жылдары қалыптасты. Романтизм алғаш Австрия(Ф.Шуберт), Германия(К.М.Вебер, Ф.Мендельсон-Бартольди, т.б.) және Италияда(Н.Паганини,В.Беллини,т.б.) кейінірек Францияда(Г.Берлиоз,Д.Ф.Обер), Польша(Ф.Шопен) мен Венгрияда(Ф.Лист) пайда болды.
Осы романтизм жанрындағы композиторларының бірі Мендельсон Бартольди - неміс композиторы, дирижер, органшы, музыка қоғамының қайраткері. Лейпцигтегі Германияның тұңғыш консерваториясын ұйымдасытырып, Лейпциг мектебінің негізін қалады. Мендельсон табиғатты, фантастиканы, ұлттық-поэтикалық образды аса нәзік, гармониялық сезімталдылықпен суреттеп музыка тілімен жеткізе білген және классикалық дәстүрден қол үзбеген романтик-композитор. Әр түрлі жанрда көптеген шығармалар жазды: оркестрге арналған "Жазғы түндегі құс" (1826), "Теңіз тыныштығы және сәтті жүзу" (1828), "Мелузина ару туралы ертегі" (1833) увертюралары, "Италияндық" пен "Шотладық" (1833,1842) атты симфониялары, скрипка мен оркестрге арналған концерті (1844), фортепианоға арналған 2 концерті (1831,1837) т.б. Мендельсон шығармалырының толық жинағы 36 том( 1874-1877) жылы Лейпцигте басылып шықты.

Ф. Мендельсон. Песня без слов.

XX ғасыр музыкасы

Соның ішіндегі Кеңес Одағының музыкасына тоқталайық. Кеңестік музыка өнері Кеңестер Одағының халықтары музыкасының жаңа даму кезеңімен сипатталады. Ол классикалық дәстүр негізінде өзіндік сапапсымен ерекшеленеді. Кеңестік музыка демократизм, гуманизм, азаматтық пафос пен айқын шындық, ұлттық бояу қанықтығы, ежелден мәдени мұраларға ілтипатпен қарау сияқты қағидаларға сүйене отыра, әр дәуірдегі отандық және дүние жүзі музыка өнерінің ірі жетістктері негізінде өркен жайды. 1932-41жылдары кеңес музыка мәдениеті жоғары сатыға көтерілді. Мазмұны барлық ұлттқа ортақ, көпшілікке түсінікті кеңес әні жалпы халықтық сипат алды. Ол осы кездегі өзге жанрларға да әсер етіп, халық арасында кең таралып кетті.
1950 жылдардың екінші жартысында кеңес музыкасы реализм әдісі негізінде жаңа ізденістерге ден қойды. Идеялық бір бағыттас стиль мен жанр түрлері молайды. Ұлттық музыка мәдениетін байыту әрі жақындастыру үрдісі бел алып, олардың даму деңгейі теңесті. Жаңа орындаушылар қатары молайды. Бұл кезең тақырып пен образ тереңдігін, сондай-ақ бейнелеу құралдары ауқымын одан әрі кеңейтіп, қазіргі музыкалық тәжірибені тез игеруге негіз жасап берді. Музыкалық театр жанры тарихи және заман тақырып арнасында өркендеп ішінара жаңғырды.
Аспап пен оркестр немесе камералық-аспаптық ансамбль үшін жазылған концерттерден соның ізденістері аңғарылды. Ән жанры азаматтық, лирикалық және эстрадалық туындылармен кемелдене түсті.
Көрнекті кеңес композиторлары мен музыка орындаушылары дүние жүзіне танылды.
Солардың бірі Дмитрий Шостакович ХХ ғасырдағы ең ірі композиторлардың бірі. Терең мағыналы, өмір шындығына сәйкес идеялық концепцияларды, адам тағдырындағы күрделі шиеленістерді, кейде трагедиялық тартыстарды көрсете білуі оның творчествосына (әсіресе симфониялық шығармаларына) тән қасиет. Композитор өзінің үздік шығармаларымен музыка жанрының көптеген түрлерін байытты соның ішінде кино өнеріне де жазған музыкалырының бірі „Овод" кинофильіміндегі скрипкаға арналып жазылған аспаптық шығарма „Романс"
Д. Д. Шостакович Романс аспаптық орындауда(қобыз)тыңдаңыздар.
Орта ғасырлардағы еуропалық музыка мәдениеті VI ғасырдан бастау алады. Бұл кезеңнен жеткен музыка үлгілерінің барлығы дерлік христиандық шіркеумен байланысты еді. Бұл жағдай 12-ғасырға дейін созылып, бір жағынан шіркеу, екінші жағынан халықтық музыка қатар өмір сүрген. Тек ХІІ-ХIIІ ғасырлардан бастап азаматтық рухтағы музыкалық-поэтикалық шығармашылық туып, олар шіркеу музыкасынан бөліне бастады. Батыс Еуропа үшін антикалық дәуірден орта ғасырларға өту үлкен қоғамдық өзгерістер тудырды. Сол негізде ежелгі грек мәдениетінен өзге христиандық музыка өрістеп, діни сюжеттерді негізгі тақырып етті. Ендігі жерде өмірге деген махаббат пен жігер, жеке тұлғаның дамуы емес, дінге табыну үстемдік құра бастады. Сол себепті орта ғасырлардағы музыка шығармаларының мазмү-ны, тақырыптары мен сюжеттері шіркеумен байланысты болды. Әрине, христиан дінінің таралуынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыка өнері
Әдебиеті және музыкасы
XХ ғасырдағы батыс еуропа музыкасы
Көне Грек әдебиеті
Орта ғасырлардағы музыка өнері. Хандық дәуір музыкасы
Ежелгі грек жазба деректері
Ежелгі Греция музыкасы
Қазақ халқының ұлттық өнерінің мәні
ТМД елдерінде музыкалық тәрбие беру облысында озат тәжірбиелердің қолдануы
Ұлттық өнер
Пәндер