Терроризм қылмысының болу себептері



Қазіргі әлемде терроризм идеясының пайда болуы және оның таралуы бірден - бір қатер. Бұл идея мемлекеттің іргетасын шайқалтуға, түптеп келгенде, әр түрлі елдердің мәртебесін өзгертуге, қорқыныш туғызуға, саясатты күштеу әдістерімен өзгертуге багытталган. Бүгінгі таңда қауіпті ауқымда қатерлі салдар тудыратын деңгейге жеткен терроризм саяси -құқықтық құбылыс ретінде ғаламдық күрмеуі қиын мәселеге айналды. Адамзат оған екі ғасырдың тоғысында кезікті.
Мәселенің мәнін қарастыруға кіріспестен бұрын терроризм ұғымын анықтап алған жөн сияқты. Терроризм - өзінің жалпы ұғымын және ерекшелікті белгілерін анықтауда объективтік тұрғыдан қиындық туғызады. Субъективтік сипаттағы қиыншылықтар мынандай себептерден шыққан. Біріншіден, терроризм құбылыс ретінде философиялық, саяси, тарихи, психологиялық, құқықтық, публистикалық және басқа қырлары арқылы зерттеледі. Зерттеушілердің бәрі (тарихшылар, саясаттанушылар, психологтар және т.б.) аталмыш құбылысты өз көзқарасы тұрғысынан қарастырып, «терроризм» ұғымына өз түсініктемесін берді. Сонымен қатар әдебиеттерде оны кәдімгі әдеттегі түсіндіру басым болды. екіншіден, терроризм ұғымын жасауға екі қоғамдық - саяси жүйенің жылдар бойы қордаланып қалған идеолиялық - саяси қарама - қайшылығы ықпал етті. Терроризм - көбінесе коммунистік және ұлт - азаттық қозғалыстары деп немесе керісінше, империалистік мемлекеттер мен олардың арнайы қызметтерінің зиянкестік әрекеттері деп түсіндіріліп келді.
Осыған орай терроризмді саяси - құқықтық құбылыс ретінде қарастыру алдымен «террор» мәтінінің өзін анықтаумен тығыз байланысты. «Террор» (террор) ұғымы латын тілінен аударғанда (қорқыныш, үрей) мағынасында айтылады және зәре ұшыратын саясат, саяси қарсыласына күштеу шараларымен қысым көрсету ретінде анықталады. Террорды әдетте белгілі бір кезеңде өмір сүрген мемлекеттің (мемлекеттік террор) билік қызметімен байланыстырады. Ол ерекше қуғын - сүргінмен, мемлекеттік биліктің ел ішіндегі саяси қүрылыстарына (ішкі террор) және оның
сыртындағы қарсыластарына (сыртқы террор) қыр көрсету қызметімен сипатталады.
«Террор саясаты», «бұқаралық террор», «жаппай террор» дегендер жалпы террор ұғымына жатады. «Соғыс», «агрессия», «геноцид», т.б. ұғымдар да террор категориясына ұқсас. Бұл олардың арақатынасын анықтау

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ТЕРРОРИЗМ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ БОЛУ СЕБЕПТЕРІ
Қазіргі әлемде терроризм идеясының пайда болуы және оның таралуы
бірден - бір қатер. Бұл идея мемлекеттің іргетасын шайқалтуға, түптеп
келгенде, әр түрлі елдердің мәртебесін өзгертуге, қорқыныш туғызуға,
саясатты күштеу әдістерімен өзгертуге багытталган. Бүгінгі таңда қауіпті
ауқымда қатерлі салдар тудыратын деңгейге жеткен терроризм саяси -құқықтық
құбылыс ретінде ғаламдық күрмеуі қиын мәселеге айналды. Адамзат оған екі
ғасырдың тоғысында кезікті.
Мәселенің мәнін қарастыруға кіріспестен бұрын терроризм ұғымын анықтап
алған жөн сияқты. Терроризм - өзінің жалпы ұғымын және ерекшелікті
белгілерін анықтауда объективтік тұрғыдан қиындық туғызады. Субъективтік
сипаттағы қиыншылықтар мынандай себептерден шыққан. Біріншіден, терроризм
құбылыс ретінде философиялық, саяси, тарихи, психологиялық, құқықтық,
публистикалық және басқа қырлары арқылы зерттеледі. Зерттеушілердің бәрі
(тарихшылар, саясаттанушылар, психологтар және т.б.) аталмыш құбылысты өз
көзқарасы тұрғысынан қарастырып, терроризм ұғымына өз түсініктемесін
берді. Сонымен қатар әдебиеттерде оны кәдімгі әдеттегі түсіндіру басым
болды. екіншіден, терроризм ұғымын жасауға екі қоғамдық - саяси жүйенің
жылдар бойы қордаланып қалған идеолиялық - саяси қарама - қайшылығы ықпал
етті. Терроризм - көбінесе коммунистік және ұлт - азаттық қозғалыстары деп
немесе керісінше, империалистік мемлекеттер мен олардың арнайы
қызметтерінің зиянкестік әрекеттері деп түсіндіріліп келді.
Осыған орай терроризмді саяси - құқықтық құбылыс ретінде қарастыру
алдымен террор мәтінінің өзін анықтаумен тығыз байланысты. Террор
(террор) ұғымы латын тілінен аударғанда (қорқыныш, үрей) мағынасында
айтылады және зәре ұшыратын саясат, саяси қарсыласына күштеу шараларымен
қысым көрсету ретінде анықталады. Террорды әдетте белгілі бір кезеңде өмір
сүрген мемлекеттің (мемлекеттік террор) билік қызметімен байланыстырады. Ол
ерекше қуғын - сүргінмен, мемлекеттік биліктің ел ішіндегі саяси
қүрылыстарына (ішкі террор) және оның
сыртындағы қарсыластарына (сыртқы террор) қыр көрсету қызметімен
сипатталады.
Террор саясаты, бұқаралық террор, жаппай террор дегендер жалпы
террор ұғымына жатады. Соғыс, агрессия, геноцид, т.б. ұғымдар да
террор категориясына ұқсас. Бұл олардың арақатынасын анықтау қажеттігін
туғызады. Жалпы террор дегеніміз - күші басым қарсыластың аса әлсіз
қарсыласты басып - жаншу құралы.
Қазақстан Республикасының 1999 жылы 13 шілдеде қабылданған
"Терроршылдыққа қарсы күрес туралы" заңына сәйкес терроршылдық дегеніміз -
мемлекеттің стратегиялық және өмірлік маңызы бар объектілер мен
коммуникацияларын, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйесін, мүлікті және
басқа да материалдық объектілерді (зақымдау) немесе жоюға (зақымдауға)
қатер төндіру. Сонымен бірге террорлық акт деп егер іс -қимыл
терроршылдықтың мақсаттарына қол жеткізу үшін жасалса, адамдардың қаза
табуы едәуір мөлшерде мүліктік залал келтіру қаупін туғызатын тікелей
қастандық, жарылыс, кепілге адамдар ұстау, өрт салу, немесе өзге де іс
-қимыл жасау не өзге де қоғамға қауіпті зардаптардың тууы, нақ сондай
мақсатта аталған іс -қимылдарды жасау қаупін төндіру. Ал терроршы -
террорлық іс -әрекетті жүзеге асыруға қатысушы адам.
Террор мен терроризм жөнінде айтқанда оларды жүзеге асырушыларына
қарап айтуға болмайды. Мысалы, Александар II атқан Дмитрий Кракозов шала
оқыған студент, нашақор болатын. Бірақ оның артында поляк көтерісшілері
қозғалысының жоғары білімді мамандары тұрды. 1863 жылғы Полына
патшалығындағы сәтсіз көтерілістен кейін бұл адамдар Александр II жоюға
шешім қабылдап, дайындық жасады. Александр Соловьев та нашақор болған, ол
да императорды атқан еді. Оны Семенов полкының тирінде тапаншадан оқ атуға
үйретті, ал терактіні қасқыр деген бүркеніш атпен белгілі болған сауатты
ұйымдастырушы әзірледі. Оның шын аты - жөні - Георгий Плеханов. Ол
марксизмнің көрнекті теоретигі болатын. Террор - бұл арнайы
қызметтердің алдында бір қадам ілгері жүретін санаткерлердің ісі.
Бір қызығы, террор мен терроризм теориясын зерттеумен ланкестердің өздері
белсенді айналысқан, ал мемлекет террордан қатты зардап шегетін бұл
проблеманы көрмейді. Демек, террор ұғымы бұқараны белгілі бір тәртіпке салу
мақсатында қолындағы шексіз билікке сүйенген қоғамдық - саяси құрылымның
жүзеге асырар әр алуан идеологиялық күш көрсету шарасы.
Терроризмге, біріншіден, жалпы қауіп - қатер төндіру; екіншіден,
әрекетті көпшілік алдында іске асыру; үшіншіден, әлеуметтік деңгейде саналы
түрде шиеленісті, үрейлі жағдайда қалыптастыру; төртіншіден, қайсыбір
талаптарды қанағаттандыру мақсатында белгілі бір адамдарға ықпал ету тән.
Сонымен қатар, терроризм диверсия, бандитизм, қарақшылық, аманатқа алу,
қорқытып - үркіту, бұзақылық және тағы басқа да категориялармен бір
деңгейде тұр.
Демек, терроризм - қылмыстық заңның бабына сәйкес белгіленетін
әдеттегі жазаланатын қылмыстық істің бірі түрі болып табылатын саяси
-құқықтық құбылыс. Алайда, терроризмнің кездейсоқ болатын әдеттегі
қылмыстан өзгешелігі оның реттелетін қылмыстық - саяси үрдіс болуында.
Осыған байланысты терроризмнің қылмыстық іс ретіндегі негізгі мәнді
сипаттарын анықтау қажет. Ғылыми әдебиеттер, халықаралық құжаттарды және
бірнеше елдердің қылмыстық заңдарын талдау - қылмыстық іс ретіндегі
терроризм белгілі бір объектіге бағытталған және көпшілікке қауіпті
әрекетті іске асыру немесе оны іске асырмақшы болу екенін көрсетеді.
Терроризмнің террорлық актіден айырмашылығы күштеу әрекетінен ғана көрініп
қоймайды, сонымен қатар сондай әрекеттерді іске асырамын деп қорқытудан
корінеді.
Сонымен терроризм деген не?
Терроризм - қарсыласты қорқыту, күш керсету саясаты немесе зорлықпен,
қуғын - сүргінмен қоқан - лоққы жасау, олардың мақсаты қорқыиыш, үрей
туғызу және террорлық бағытқа қажетті әрекетке мәжбүр ету немесе әрекеттен
бас тарттыру. Біздіңше жеке адамның, топтың немесе
ұйымның белгілі бір тұлғаға, не үкіметке (қоғам немесе мемлекет) өз
талаптарына сәйкес шешім қабылдатуға мәжбүр ету мақсатында күш қолданатын
заңға қайшы келетін барлық әрекеттер терроризм ретінде бағалануы керек.
Терроризмнің алуан түрлі көріністері адамзатқа ерте кезден белгілі.
Мысалы, тарихқа жүгінсек, еврейлердің атақты адамдарының өкілдерін жойған,
римдіктермен ынтымақтас болған Иудеядағы (б.з.І ғ.) сикарилер сектасының
әрекетін терроризм ретінде сипаттауға болады.
Орта ғасырда бұл мұсылмандық ассошафандер сектасының өкілдері
ұйымдастырған префектілер мен калифтердің өлімі, Үндістан мен Қытайда
жасырын қоғамдардың саяси террорлары, исламның сүниит ағымының белгілі
адамдарына үрей тудырған қазіргі Иран аумағындағы исламиттер сектасының
әрекеті. Осы секталардың бәрі өздеріне жақпаған адамдардың көздерін жою
тәсілдерін қолданған. Көріп отырғанымыздай, терроризм тарихы өзінің түп
тамырымен ғасырлар тереңіне кеткен. Сол уақыттарда сарай тоңкерістері мен
тақтан құлатуды ешкім террорлық акті деп қарастырмады, шын мәнінде олар дәл
осындай құбылыс болып табылатын. Мемлекет институты пайда болғаннан бастап,
сонымен бірге, басқарушы элитаның арасында әлеуметтік - саяси
келіспеушіліктердің шығуына орай терроризм саяси күрес әдісі ретінде
кеңінен қолданыла бастады. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап тррроризм
қоғамдық өмірдің тұрақты факторына айналды. Осы тұста, неміс радикалы Карл
Гейнцген авторы аталған бомбы философиясы қалыптасып, ол саяси күресте
адам өлтіруге тыйым салуға болмайтындығын және адамдарды жаппай жоюды
адамзаттың жоғары мүддесі ақтайтындығын дәлелдеді. Бұл тұжырымдама одан
әрі өзінің дамуын М. Бакуниннің қирату теорияларынан жалғасын тапты. Оның
теориясы бір ғана әрекетті - қиратуды мойындады, саясатта ешқандай ымыра
болмауы тиіс деп есептеді. Бұл кезде Еуропа елдерінде АҚШ пен Ресейде жақсы
ұйымдасқан солшыл радикалды қозғалыстар пайда болды, олар өз
үкіметтерінің қызметіне ықпал ету мақсатында үгіт -насихатты әрекетпен
қолданды. Ресейде халықшылар, Германияда; Македонияда және Сербияда радикал
ұлтшылдар, Италия мен АҚШ-т анархистерде дәл солардай болды. Бұл
қозғалыстардың негізіне әр түрі идеологиялық тұғырнама жатты, бірақ олардың
басын террорды қоғамның игілігіне өзін - өзі құрбан ету ретінде қарастыру
біріктірді. Бұған Ресейдің Халық еркі (XIX ғ.) ұйымы мүшелері анық мысал
бола алады, олар үшін терроризм революциялық күрестің құрамдас бөлігі
саналады.
XX ғасырда терроризм мемлекеттік деңгейге жетті, оны қолдап себептері
көбейді. Билікті тартып алу терроризмнің құмарлық мақсатын айналды,
мұндайда қоғам игілігі дегенді ауызға алуға да болмайды Мұндай
лаңкестікке Ресейдегі қызыл террор мен фашистік Германиядағы ұлтшылдық
террор мысал бола алады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін террорлық
қызметтің түрі артты; олар барынша ұлттық, діни, этникалық шиеліністермен
және азаттық қозғалыстармен байланыстырылды. Бүгінде терроризм өмір сүріп
тұрған саяси жүйелер мен қатынастарға үлкен қатер төндіріп, күн өткен сайын
мейлінше етек алып барады.
Адамзаттың иманын үйріп отырған терроризмнің пайда болу себебі қандай
деген сүрақтың туындауы заңды. Терроризмнің қазіргі заманда қандай да
болмасын мемлекеттің бейбіт өміріне қауіп төндіре алатын ғаламдық қауіпке
айналуының түрлі саяси - әлеуметтік, экономикалық алғы шарттары бар. Біздің
пікірімізше, терроризмнің пайда болуының негізгі тамыры әлемдік қатынастар
тәртібіндегі теңдіктің бұзылуына байланысты. Әлемдік әділетсіздік оған
қарсы әділетсіз жауапты тудыруда. Бұлай деуіміздің себебі, әлемдік
держевалар АҚШ, Ресей, Германия, Қытай, Жапония, Ұлыбритания, Франция тағы
басқа да елдер үнемі әлемдік басымдыққа ұмтылған, әлі де ұмтылуда,
келешекте де ұмтыла бермек. Олардың дамушы елдерге көрсеткен қысымына жауап
ретінде қазіргі әлемдік терроризм өмірге келген. Сонымен қатар , артта
қалған елдердің өз ішіндегі билікке жетуді көздеген экстремистік топтарда
террористік әдістерді
көкейкесті мақсаттарға жету үшін пайдаланады. Демек, әлемдік лаңкестікті
екі топқа бөлген дұрыс сияқты.
Бірінші топ, дамыған державалар саясатына жауап беру мақсатында әрекет
ететін, мемлекеттік шеңберден шығып, әлемнің кез - келген нүктелерінде
қызметін жүргізе алатын интернационалистік байланыстары бар лаңкестер.
Екінші топ, үшінші дүние мемлекеттеріндегі нақты саяси басшылыққа немесе
саяси бағытқа қарсы әрекет ететін, сол елдегі билікті иемденуді немесе
бөлісуді мақсат тұтатын топтар.
Бүкіл дүниежүзі терроризммен күрес жүргізіп келеді. Еуропа, Азия және
Американың көптеген елдерінің саяси басшылары терроризммен күресті аса
маңызды жалпы мемлекеттік міндеттердің бірі деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресейдегі ҰЛТТЫҚ ТЕРРОРИЗМ
Экстремиз және терроризм
Терроризм қылмысының қылмыстық - құқықтық сипаттамасы
Ислам діні бейбітшілікті жақтайтын дін
Қылмыскер тұлғасының негізгі типтерінің криминологиялық сипаттамасы
ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТАММА
Саяси экстремизм мен терроризмнің пайда болуының тарихи алғышарттары
Терроризммен күресудің қылмыстық құқықтық мәселелері
Терроризмді дайындаушы тұлғалардың әрекеттерінде қылмыстың басқа құрамының болмауы
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының негізгі себептері
Пәндер