Мәслихат туралы



1. Мәслихат туралы
2. МӘСЛИХАТТАРДЫ ҚҰРУ, ОЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТI ЖӘНЕ
ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Президент Н.Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауында жергілікті өкілетті органдарды дамыту қажеттілігін және оларға қосымша өкілеттіліктің берілуін бірнеше рет атап өткен болатын. Уақыт өте келе мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың негізіне айнала алады. «Біз жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңды ұзақ қабылдадық». Ең қарапайым және баршасына түсінікті жол: мәслихаттар – жергілікті өзін-өзі басқару органы» деп атап өткен.
І сайланған Екібастұз қалалық мәслихаты (1994-1999жж.)
«Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы және өкілетті органдары туралы» Заңының талаптарына сәйкес бірінші сайланған қалалық мәслихаттың бірінші сессиясы 1994 жылдың 6 сәуірінде өтті. Альберт Васильевич Шварцкопф қалалық мәслихаттың бірінші хатшысы болып сайланды.
Депутаттар 30 сайлау округіне тіркеліп, сайланды. Олардың ішінде 8 ұлттан адамдар болды, қазақ -12, орыс – 7, украин – 4, неміс – 3, молдован, азербайжан, армян және татар бір - бірден. Жоғары білімділері – 21.
Мәслихаттың құрылымын 4 тұрақты комиссия құрады. Бірінші шақырылымның депутаттары Н.И.Михай, А.И.Сүлейменов, М.Б.Муксинов, А.Д.Мартыненко тұрақты комиссиялардың төрағалары бола отырып, өздеріне жүктелген комиссиялардың жұмысын шеберлікпен ұйымдастыра білді. Депутаттар өңірдегі экологиялық жағдайлардың мәселері бойынша ауқымды іс атқарды. Осы мәселені шешу үшін Алма-Ата қаласының ғылыми зерттеу институтынан мамандар тартылды.
1996 жылдың 15 мамыр айындағы бірінші шақырылған он төртінші сессияда Балғабай Мыңбайұлы Шәймерденов хатшы болып сайланды, ол 3 шақырылым бойы еңбек етті.
1997 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер жағдайындағы жергілікті өкілді органдар жүйесі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Павлодар облысының Ақсу және Екібастұз аудандарын басқару туралы» Жарлығына сәйкес әкімшілік-аумақтық құрылымға өзгерістердің енгізілуіне байланысты 1997 жылдың 7 мамыры қалалық мәслихаттың құрамына Екібастұз ауданынан таратылған 25 сайлау органының өкілдері енді. Қалалық мәслихаттың екінші шақырылымына, яғни 1999 жылдың 10 қазанына дейін депутаттық корпустың құрамында 54 адам болды. 1997 жылдың 7 шілдесі мәслихаттың бірінші шақырылған он екінші сессиясында ауыл шаруашылығы және экология, табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі тағы да бір комиссия құрылды, оған негізінде біздің құрамға Екібастұз ауданынан келген депутаттар енді.
Мәслихаттың қызметін оның аппараты қамтамасыз етеді. Мәслихаттың құрылған бірінші күнінен бастап мемлекеттік қызмет ардагерлері Е.Ф.Марченко мен М.С.Темірғалиева өкілетті органда белсене еңбек етті.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Мәслихат туралы
2. МӘСЛИХАТТАРДЫ ҚҰРУ, ОЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТI ЖӘНЕ
ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Мәслихаттың тарихы
Президент Н.Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауында жергілікті өкілетті органдарды дамыту қажеттілігін және оларға қосымша өкілеттіліктің берілуін бірнеше рет атап өткен болатын. Уақыт өте келе мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың негізіне айнала алады. Біз жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңды ұзақ қабылдадық. Ең қарапайым және баршасына түсінікті жол: мәслихаттар - жергілікті өзін-өзі басқару органы деп атап өткен.
І сайланған Екібастұз қалалық мәслихаты (1994-1999жж.)
Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы және өкілетті органдары туралы Заңының талаптарына сәйкес бірінші сайланған қалалық мәслихаттың бірінші сессиясы 1994 жылдың 6 сәуірінде өтті. Альберт Васильевич Шварцкопф қалалық мәслихаттың бірінші хатшысы болып сайланды.
Депутаттар 30 сайлау округіне тіркеліп, сайланды. Олардың ішінде 8 ұлттан адамдар болды, қазақ -12, орыс - 7, украин - 4, неміс - 3, молдован, азербайжан, армян және татар бір - бірден. Жоғары білімділері - 21.
Мәслихаттың құрылымын 4 тұрақты комиссия құрады. Бірінші шақырылымның депутаттары Н.И.Михай, А.И.Сүлейменов, М.Б.Муксинов, А.Д.Мартыненко тұрақты комиссиялардың төрағалары бола отырып, өздеріне жүктелген комиссиялардың жұмысын шеберлікпен ұйымдастыра білді. Депутаттар өңірдегі экологиялық жағдайлардың мәселері бойынша ауқымды іс атқарды. Осы мәселені шешу үшін Алма-Ата қаласының ғылыми зерттеу институтынан мамандар тартылды.
1996 жылдың 15 мамыр айындағы бірінші шақырылған он төртінші сессияда Балғабай Мыңбайұлы Шәймерденов хатшы болып сайланды, ол 3 шақырылым бойы еңбек етті.
1997 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер жағдайындағы жергілікті өкілді органдар жүйесі туралы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің Павлодар облысының Ақсу және Екібастұз аудандарын басқару туралы Жарлығына сәйкес әкімшілік-аумақтық құрылымға өзгерістердің енгізілуіне байланысты 1997 жылдың 7 мамыры қалалық мәслихаттың құрамына Екібастұз ауданынан таратылған 25 сайлау органының өкілдері енді. Қалалық мәслихаттың екінші шақырылымына, яғни 1999 жылдың 10 қазанына дейін депутаттық корпустың құрамында 54 адам болды. 1997 жылдың 7 шілдесі мәслихаттың бірінші шақырылған он екінші сессиясында ауыл шаруашылығы және экология, табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі тағы да бір комиссия құрылды, оған негізінде біздің құрамға Екібастұз ауданынан келген депутаттар енді.
Мәслихаттың қызметін оның аппараты қамтамасыз етеді. Мәслихаттың құрылған бірінші күнінен бастап мемлекеттік қызмет ардагерлері Е.Ф.Марченко мен М.С.Темірғалиева өкілетті органда белсене еңбек етті.

(1999-2003 жж.)
1999 жылдың 5 қарашасында Екібастұз мәслихатының екінші шақырылған бірінші сессиясы өтті, онда қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Б.Тишпаевтың ұсынысы бойынша №14 сайлау округінен депутат - Балғабай Мыңбайұлы Шәймерденов қалалық мәслихаттың хатшысы болып сайланды.
Депутаттар В.Т.Дячков, С.В.Бондарев, К.Айтымаев, А.Я.Дзеитов тұрақты комиссиялардың төрағалары болды. Екінші шақырылым депутаттарының жұмыс істеген уақытында жастарды жұмысқа орналастыруға, жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге, мамандарды ауыл аймақтарға баулуға жіті назар аударылды.
ІІІ сайланған Екібастұз қалалық мәслихаты ( 2003 -2007 жж.)
2013 жылдың 17 қазаны Б.М.Шәймерденов үшінші шақырылған қалалық мәслихаттың хатшысы болып сайланды. Депутаттар Л.В.Крыжановская, Н.И.Попов, Н.В.Дычко, Э.Р.Абдинов, А.Я.Дзейтов тұрақты комиссиялардың төрағалары болды. Үшінші шақырылымдағы депутаттардың қызметі кезінде Екібастұздың Кодексі бекітілді.
ІVсайланғанЕкібастұз қалалық мәслихаты( 2007 -2012жж.)
2007 жылы төртінші шақырылған қалалық мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. 2007 жылдың 2 қыркүйегіндегі бірінші сессияда Ғалия Шәкірқызы Балтабекова қалалық мәслихат хатшысы болып сайланды. Мәслихат құрылымын 5 комиссия құрады, оларды Л.В.Крыжановская, С.Ж.Рамазанов, Ж.К.Жаналиев, Д.З.Оспанов және Р.Ж.Қазбеков басқарды.
Депутаттар мәслихаттың жұмысына қатысып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелерін шешіп, сайлаушылардың мүдделерін білдіріп, қорғауда. Және өз жұмысын қолданыстағы заңнамаға сәйкес және мәслихат шешімі негізінде атқарып, сайлауалды бағдарламаларының барынша орындалуына қол жеткізуде.
Мәлихат сессиялар мен тұрақты комиссияларда қабылданған өз шешімдерінің орындалуын үнемі бақылап отырады.
Төртінші шақырылымдағы депутаттардың Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасына бірнеше рет өтініш білдіруінің арқасында Жедел жәрдем станциясы КМҚК автомобиль паркінің заманауи медициналық құрал-жабдықтары бар жаңа көліктермен толықтырылуына ықпалдасты, ол тұрғындардың шақыртуына тез және сапалы әрекет етуге мүмкіндік берді. Депутаттардың бастамасы бойынша азаматтардың жекеленген санаттарының, сондай-ақ Солнечный кенті студенттерінің қалалық көліктерде тегін жүруі туралы мәселе шешімін тапты.
Тұрақты комиссия жұмысы барысында депутаттардың белсенділігі байқалады. Тексерулердің нәтижелері бойынша олар ұйымдар мен кәсіпорындар басшыларына нақты ұсыныстар жасайды. Демек, депутат Э.Р.Абдиновтың қант диабетімен сырқаттанған жандарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қаражатын ұлғайту мәселесі бойынша тиісті орындарға бірнеше рет өтініш білдірген соң мәселе оң шешілді. Бүгінгі күні осы санаттағы науқастар толық әрі дер кезінде өмір сүру үшін қажетті дәрі-дәрмектерді қабылдауда.
Қала бюджетін талқылау кезінде тұрғындардың көптеген талап-тілектері бойынша жасанды жол бедерін (жасанды полицей), білім беру мекемелерінің аумағына жарық шамдарын орнатып, мектептердің кіреберіс жолдарын жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын ұлғайту туралы мәселе бойынша бастама жасалды. Қазіргі уақытта бұл мәселер шешілді. Депутаттар ауылдық жерлерде шағын және орта бизнесті дамытуға және ауыл аймақтардың тұрғындарын жұмысқа орналастыруға баса назар аударады. Бизнестің жол картасы-2020 мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қалалық мәслихат сессиясында ауылдық округтерге шағын кәсіпкерлік нысандарын ашу үшін жер учаскелерін бөлу туралы шешімді бекітті.
VсайланғанЕкібастұз қалалық мәслихаты(2012 -2017 жж.)
2012 жылы бесінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың құрамына 17 депутат енді. Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 21 қаңтардағы бірінші сессиясында Болат Қайыржанұлы Құспеков қалалық мәслихаттың хатшысы болып сайланды, депутаттар Ғ.Ш.Балтабекова, С.Ж.Рамазанов, С.В.Лепехин, Қ.Х.Ибраев, Р.Ж.Қазбеков тұрақты комиссиялардың төрағалары болды.
Әр шақырылым сайын мәслихаттың сапалық құрамы жақсаруда, оның негізін депутаттар құрайды, халық оларды екінші, үшінші және төртінші рет сайлап, сенім білдіруде. Яғни, Э.Р.Абдинов, М.Б.Базарбаев, Р.Ө.Елубаева, А.Ә.Жүсіпаев, Н.И.Шестаков, Р.Ж.Қазбеков, С.Ж.Рамазанов, Л.В.Крыжановская, Д.З.Оспанов, С.И.Дьяченко, Б.М.Шәймерденов және М.Т.Жыланбаев бірнеше рет қалалық мәслихат депутаттағына сайланды.
Өкілетті орган жұмысы барысында басымдылық өте қажет. Бесінші шақырылымның депутаттары алдыңғы шақырылымда көтерілген түйінді мәселелермен жұмысты жалғастыруда. Демек, өңірдегі экологиялық жағдай туралы мәселенің дайындығы кезінде өнеркәсіп кәсірпындарына заманауи ауатазартқыш жүйелерінің орнатылуы арқасында қоршаған ортаға зиянды заттардың таралуының азаюы бойынша оң нәтиже байқалды. Осы мәселені талқылау барысында депутаттар тиісті ұсынымдар дайындады.
Өңірде жастар саясатын дамытудың жай-күйін зерделеу мақсатында қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында жастар саясатын дамыту және қолдау, жастардың азаматтық және патриоттық қалыптасуы барысында атқарушы органдармен қабылданып жатқан шаралар туралы мәселені қарастыру жоспарлануда.
Депутаттаң ісі - тұрғындарға, өмір сүріп және еңбек етіп жатқан өңірге пайдалы болу. Мықты депутаттық корпуста барлығы шұғыл әрі табысты жұмыс істеулері тиіс.
Екібастұз қалалық мәслихатында мықты команда әрекет етуде, құрамның 80 пайызынан астамы түрлі салалардың басшылары болып табылады, депутаттардың үшінші бөлігі кәсіпкерлік саласын игеруде.
Қаланың 55 жылдық мерейтойына дайындалу барысында депутаттар қаланы көріктендіруге белсене араласуда. А.Я.Петухов, Қ.Х.Ибраев, А.Ә.Жүсіпаев, С.В.Лепехин өздерінің сайлау округтеріне балалар алаңқайлары мен шағын ойын нысандарын орнатты, В.В.Ищенко футбол алаңшасын салды.
Сондай-ақ, көптеген депутаттар шағын аудандарда өткізілетін түрлі спорттық-бұқаралық, ойын-сауық шараларына демеушілік көрсетеді, қала мен ауылдық жерлердің білім беру мекемелеріне материалдық көмек көрсетілетін қайырымдылық акцияларына қатысады.
Депутаттар жұмыстарын қоғамдық негіздерде жасап жүргенін атап өткен жөн. Олар істерін қала мен оның тұрғындарының игілігі жолында риясыз атқарады. Осындай жағдайда олар өз сайлаушыларының сенімін толық ақтауда

2. МӘСЛИХАТТАРДЫ ҚҰРУ, ОЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТI ЖӘНЕ
ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ
5-бап. Мәслихаттарды құру тәртiбi
1. Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
2. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
3. Тиiстi мәслихат депутаттарының санын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мынадай шектерде: облыстық мәслихатта, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарында - елуге дейiн; қалалық мәслихатта - отызға дейiн; аудандық мәслихатта - жиырма беске дейiн белгiлейдi.
4. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген оның депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшi сайланған жағдайда мәслихат заңды болып есептеледi.
5. Мәслихаттар депутаттарын сайлау Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарымен регламенттеледi.
6. Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.
7. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс қайта ұйымдастырылған (бiрiккен, қосылған, қайта құрылған, бөлiп шығарылған немесе бөлiнген) жағдайда жаңадан сайланған мәслихат сессиясының жұмысы басталғанға дейiн мәслихат депутаттары өз өкiлеттiгiн сақтайды және құрамына өз сайлаушыларының басым бөлiгi кiрген, қайта ұйымдастырылған мәслихаттардың депутаттары болып табылады.
Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс таратылған жағдайда тиiстi мәслихат таратылады.
8. Мәслихаттың заңды тұлға құқығы болмайды.
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
6-бап. Мәслихаттардың құзыретi
1. Мәслихаттардың құзыретiне:
1) тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту, соның ішінде қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері іске асыратын (әрбір қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ бойынша жеке-жеке) бюджеттік бағдарламаларды бекіту;
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын әкімнің ұсынуы бойынша бекіту;
4) өздерiнің қарауына жатқызылған әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу;
4-1) жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту;
4-2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде әзірленген қалалар мен елді мекендердің аумақтарын салу қағидаларын, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту;
5) әкімнің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешiмімен тиісті әкімдіктің дербес құрамын келісу;
6) атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;
7) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
7-1) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заң актiсiне сәйкес аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының мүшелерiн жасырын немесе ашық дауыс берудi өткiзу жолымен сайлау;
8) алынып тасталды - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
9) жергілікті бюджеттің, аумақты дамыту бағдарламаларының атқарылуына бақылау жасау;
9-1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебін қарау;
9-2) бақылау объектілерін тексеру комиссиялары жұмыстарының жоспарына енгізу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына ұсыныстар енгізу;
10) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
11) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
12) әкімнің ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімдік жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың дербес құрамын бекіту;
12-1) әкімнің ұсынысы бойынша "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру;
12-2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі әзірлеген және ұсынған Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы атағын беру қағидаларын бекіту;
12-3) облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені әзірлеу және бекіту;
13) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
14) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.
2. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының құзыретiне сонымен бiрге облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар қаланы және астананы салудың бас жоспары жобасын бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзу, әкiмшiлiк аудандардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы маслихат депутаттарының сайлау үрдісі
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні және оны жетілдірудегі құқықтық мәселелер
Қазақстан Республикасының конституциясына сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды реттеу Заңы
Жергілікті өкілді және алқалы органдар
Мәслихат депутаттарының өкілеттігін талдау
Жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдарының арақатынасы
Қазақстан Республикасында атқарушы биліктің жергілікті органдары
Жергiлiктi мемлекеттiк басқару
Мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары
Жергілікті өкілді органдар, олардың жүйесі, міндеттері, сайлану тәртібі және құрылымы
Пәндер