Діни экстремизм мен терроризм



Кіріспе.
Бүкіл әлемнің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани жағдайына ықпал етіп отырған діни экстремизм мен терроризм ХХІ ғ. ең бір өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Террорлық актілерге итермелейтін антогонизмдер және қайшылықтар өсе түсуде.
Қазіргі кезде діни фундементализм мен лаңкестік бір ғана аймаққа, бір ғана мемлекетке тән нәрсе болмай отыр. Әлемдік дәрежеде лаңкестікке апаратын діни экстремизм жалғаса түсуде. Түрлі топтар осыны пайдалану арқылы саяси-экономикалық мәселелерді шешуге тырысуда. Бұл ретте Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп атап көрсетті: «Қазақстанда терроризм, сепаратизм және экстремизм проблемалары бар. Әсіресе халықаралық терроризмнің кең қанат жайғанын және халықаралық қауымдастық пен аймақтардың саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелермен ұштасып, саясиланғанын ескерсек, олардың тарапынан туындаған қауіп ойдан шығарылған емес, нақты және шынайы өмірлік қауіп» 2001 ж. 11 қыркүйектегі АҚШ-тағы болған террорлық акт жаңаша сипат алып, терроризммен күрестің бұрын тарихта болмаған халықаралық жаңа кезеңіне негіз болды.
Ал Орталық Азиядағы орын алып отырған дін атын жамылған экстремизм мен торроршылдықтың саяси-әлеуметтік негіздерін зерттеу өте актуальды мәселе.
Біріншіден, дінге байланысты экстремизм мен террор кеше мен бүгін ғана пайда болған құбылыс емес. Оның ертеден келе жатқан тарихи тамыры терең. Қазіргі лаңкестік әрекеттердің мәнін түсінуде адамзат тарихындағы діни көзқарастар мен саясаттарды ғылыми жағынан зерттеудің маңызы ерекше. Өйткені ол, осы кездегі діни экстремизм мен терроризмнің саяси-әлеуметтік негіздерін анықтауға жәрдемдеседі.
Екіншіден, қазіргі кезде Қазақстан Орталық Азияға қақпа рөлін атқарып тұр. Себебі, мұнда негізгі интелектуалдық және техникалық потенциал және үлкен табиғи ресурс шоғырланған. Қазақстан әрі Европалық, әрі Азиялық мемлекет.
Орталық Азиядағы діни экстремизм мен терроризмнің Қазақстанға тигізер ықпалы қандай Ауғанстандағы талибандарға, Аль-Каеда ұйымдарына соққы бергінімен, ортаазиялық мемлекеттерге діни экстремизм қауіп сейілген жоқ. Мұнда халықаралық экстремистік ұйымдардың ұялары сақталған.
Үшіншіден, астам державалар тарапынан лаңкестікке ғана күресте қарсы кінәлілерді біліп алмай, оның туу себептерін анықтап алмай тұрып беталды соғыс жүргізу орын алуда. Олай болса «діни экстремизм», «исламдық терроризм» туралы әлемдік ақпарат құралдарындағы даурықпа науқаншылықтарда, біздіңше, ғылыми дәлелдемелер жетіспейді, оны бағалауда біржақталық басыи.
Төртіншіден, еліміз тәуелдіздік алғалы діннің дамуына кең жол ашылды. Көп жыл кеңес тегеуірінін көрген мұсылман қауымы Құран-Кәрімде еркін оқуға мүмкіндік алды. Мұсылман дінін басқаратын, оның дамуын реттейтін, ұйымдастыратын, уағыздайтын тәуелсіз басқарма

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.
Бүкіл әлемнің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани
жағдайына ықпал етіп отырған діни экстремизм мен терроризм ХХІ ғ. ең бір
өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Террорлық актілерге итермелейтін
антогонизмдер және қайшылықтар өсе түсуде.
Қазіргі кезде діни фундементализм мен лаңкестік бір ғана аймаққа, бір
ғана мемлекетке тән нәрсе болмай отыр. Әлемдік дәрежеде лаңкестікке
апаратын діни экстремизм жалғаса түсуде. Түрлі топтар осыны пайдалану
арқылы саяси-экономикалық мәселелерді шешуге тырысуда. Бұл ретте Қазақстан
Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп атап көрсетті: Қазақстанда терроризм,
сепаратизм және экстремизм проблемалары бар. Әсіресе халықаралық
терроризмнің кең қанат жайғанын және халықаралық қауымдастық пен
аймақтардың саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелермен ұштасып,
саясиланғанын ескерсек, олардың тарапынан туындаған қауіп ойдан шығарылған
емес, нақты және шынайы өмірлік қауіп 2001 ж. 11 қыркүйектегі АҚШ-тағы
болған террорлық акт жаңаша сипат алып, терроризммен күрестің бұрын тарихта
болмаған халықаралық жаңа кезеңіне негіз болды.
Ал Орталық Азиядағы орын алып отырған дін атын жамылған экстремизм мен
торроршылдықтың саяси-әлеуметтік негіздерін зерттеу өте актуальды мәселе.
Біріншіден, дінге байланысты экстремизм мен террор кеше мен бүгін ғана
пайда болған құбылыс емес. Оның ертеден келе жатқан тарихи тамыры терең.
Қазіргі лаңкестік әрекеттердің мәнін түсінуде адамзат тарихындағы діни
көзқарастар мен саясаттарды ғылыми жағынан зерттеудің маңызы ерекше.
Өйткені ол, осы кездегі діни экстремизм мен терроризмнің саяси-әлеуметтік
негіздерін анықтауға жәрдемдеседі.
Екіншіден, қазіргі кезде Қазақстан Орталық Азияға қақпа рөлін атқарып
тұр. Себебі, мұнда негізгі интелектуалдық және техникалық потенциал және
үлкен табиғи ресурс шоғырланған. Қазақстан әрі Европалық, әрі Азиялық
мемлекет.
Орталық Азиядағы діни экстремизм мен терроризмнің Қазақстанға тигізер
ықпалы қандай Ауғанстандағы талибандарға, Аль-Каеда ұйымдарына соққы
бергінімен, ортаазиялық мемлекеттерге діни экстремизм қауіп сейілген жоқ.
Мұнда халықаралық экстремистік ұйымдардың ұялары сақталған.
Үшіншіден, астам державалар тарапынан лаңкестікке ғана күресте қарсы
кінәлілерді біліп алмай, оның туу себептерін анықтап алмай тұрып беталды
соғыс жүргізу орын алуда. Олай болса діни экстремизм, исламдық
терроризм туралы әлемдік ақпарат құралдарындағы даурықпа науқаншылықтарда,
біздіңше, ғылыми дәлелдемелер жетіспейді, оны бағалауда біржақталық басыи.
Төртіншіден, еліміз тәуелдіздік алғалы діннің дамуына кең жол ашылды.
Көп жыл кеңес тегеуірінін көрген мұсылман қауымы Құран-Кәрімде еркін оқуға
мүмкіндік алды. Мұсылман дінін басқаратын, оның дамуын реттейтін,
ұйымдастыратын, уағыздайтын тәуелсіз басқарма құрылды. Егер 90-шы жылдарға
дейін дін апиын деп келсек, енді діннің рухани жағынан пайдалы екеніне
көңіл бөліне бастады. Бірақ, әлі де боса елде діннің шынайлығы қалыптасып
болған жоқ. Бұл салада бұрмалаушылықтар, діни дүмшеліктер жетіп жатыр.
Осының негізінде діни фанатизмге байланысты терроршылдық қаупі пайда
болуда. Сондықтан оның себептерін зерттеу қажет болып отыр.

Қазақстан Республикасы болашаққа қатты алаңдауда, себебі, әлемнің
көптеген аймақтарында террористік акті жүзеге асырылуда, оның негізінде
шыдамсыздылық немесе діни экстремизм жатыр. Оған қоса кейбіреулері кінәсіз
адамдарыдың өміріне қауіп төндіреді немесе олардың өліміне әкеп соғады,
нәтижесі халықаралық қарым-қатынасқа және мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер
төндіреді. Біздің республика өсіп келе жатқан қауіпті лаңкестік топтар
арасындағы байланысқа және нашақор сатушылар мен жартылай әскери топтардың
кез келген күштеу түрімен мемлекеттік конституцияға және адамдардың негізгі
құқықтарын бұза отырып қауіпсіздігіне қауіп тудыруда. Қазақстан
Республикасының Ылаңкестік пен күрес Заңында аймақтық келісімге және
өзара келісімде қабылданған декларация, сонымен қатар лаңкестік пен күрес
және оның барлық формада жою өзінің заңында көрсетілген.
1999 ж. Қазақстан Республикасы “Терроризмге қарсы күрес”туралы заң
қабылдап, 2002 ж.19 ақпанында жаңадан қалыптасқан жағдайларға байланысты
бұл заңға бірқатар толықтырулар мен өзгерістер енгізді. 2000 ж. 10
ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің №332 “Терроризм мен
экстремизмнің алдын алу және болдырмау шаралары” туралы жарлығы шықты. 2000
ж. қазан айында Қазақстан Республикасы “Қазақстан Республикасы, Қырғыстан,
Өзбекстан және Тәжікстан Республикаларрымен бірлесіп терроризмге, саяси
және діни экстремизмге, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес шартын
ратификациялау” туралы заңды бекітті. Қазіргі кезде діни экстремистік іс-
әрекеттерге жол бермеу мақсатында “Қазақстан Республикасының діни сенім
мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар
негізу туралы” Қазақстан Республикасының заң жобасы дайындалып қабылданды.
Онда өте ұтымды тұжырымдар жасалынған.
Қ.Р-ң терроризмге қарсы күрес саласындағы заңдары Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заң мен Қазақстан
Республикасының қылмыстық кодексіне және өзге де нормативтік құқықтық
актілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардан
тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы
Заңда көзделгенмен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттардың
ережелері қолданылады.[1]
Терроризмге қарсы күрестің негізгі принциптері мен мақсаттары мыналар:
1.террористік акциялар салдарынан қауіп төнген адамдардың өмірі мен
денсаулығына, құқықтарына басым беру;
2. заңдылықты сақтау;
3.терроризмнің алдын алуға және олар мен күресу;
4. террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жазаның болмай
қалмайтындығы;
5.алдын алу, құқықтық, саяси, әлеуметтік-экономикалық насихат таралатын
кешенді пайдалану;
6.терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезінде тартылатын күштер мен
құралдарға оралымды басшылық етуге дара басқару қағидаларына негізделеді.
Қазақстан Республикасында:1) ылаңкестікке қарсы іс-әрекеттің алдын алу,
анықтау, тыю және оның зардаптарын жою; 2) жеке адамды, қоғамды және
мемлекетті терроризмнен қорғау; 3)ылаңкестік іс-әрекетті жүзеге асыруға
жәрдемдесетін себептер мен жағдайларды анықтау және жою мақсатында жүзеге
асырылады.
Террористердің қол сұғушылықтарынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету
субьектісі мемлекет болып табылады, ал осы саладағы өз қызметін биліктің
заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары арқылы жүзеге асырылады.
Терроризмге қарсы күресті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік
органды Қазақстан Республикасының Президентті анықтайды.Терроризмге қарсы
күресті тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мыналар болып
табылады:
1.Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
2.Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
3. Қазақстан Республикасының Президентінің Күзет қызметі.
4. Қазақстан Республикасың Қорғаныс министірлігі.
Террористік көріністің алдын алу, оларды анықтау және тыю жөніндегі іс-
әрекеттерге өз құзыреті шегінде басқа да мемлекеттік органдар қатысады.
Қазақстан Республикасының ылаңкестікке қарсы тікелей күресті жүзеге
асыратын мемлекеттік органдары өз құзыреті шегінше:мемлекеттік органдар мен
ұйымдардың мүмкіндіктерін, сондай-ақ азаматтардың көмегімен пайдалана
отырып, бір-бірімен өзара іс-қимылда жасайды; ылаңкестік іс-әрекетке
жататын және осы мемлекеттік органдардың құзыретіне енгізілген әрекеттердің
дайындалу фактілері мен белгілері туралы хабардар етеді және өзара қажетті
көмек көрсетеді; ылаңкестікке қарсы бірлескен операцияларды жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан
Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын
бұзуға және ұлттық қауіпсіздігін бүлдіруге бағытталған террористік іс-
әрекетті, сондай-ақ ылаңкестердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік
шекарасын кесіп өту, қару-жарақты, жарылғыш, уландыратын, психотроптық
заттарды, радиоктивті материалдарды және террористік акция жасау үшін
пайдалануы мүмкін өзге де заттарды мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізу
әрекеттерін анықтайды, алдын алады және жолын кеседі, қылмыстық іс жүргізу
заңдарына сәйкес террористік іс-әрекетке байланысты қылмыстық істер бойынша
тергеу жүргізеді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының,
Республикадан тыс жерлердегі азаматтарды мен ұйымдарының қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әлеуметтік, соның
ішінде қылмыстық мақсатты көздейтін ылаңкестік сипаттағы қылмыстардың алдын
алады және жолын кеседі, оларды анықтау мен ашуға қатысады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі Қазақстан
Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының экс-Президентінің
және Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тізбе бойынша өзге де
адамдардың, сондай-ақ шет мемлекеттердің мемлекет, үкімет басшыларының және
халықаралық ұйымдардың басшыларының Қазақстан аумағында болу кезеңінде
олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әуе, су және жер
кеңістігінің қауіпсіздігін, терроризмге қарсы операциялар жүргізуді
қамтамасыз етуге қатысады.
Қазақстан Республикасының азаматтары өздеріне белгілі болған дайындалып
жатқан немесе жасалған ылаңкестік акция туралы мәліметтерді терроризмге
қарсы күресті тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға дереу
хабарлауға міндетті. Дайындалып жатқан немесе жасалған ылаңкестік акциялар
туралы ақпаратты мемлееттік органдарға хабарлау азаматтық борышты орындау
болып бағаланады, ылаңкестік акцияны болғызбай тастауға немесе тыюға
көмектескен ақпарат үшін сыйақы төленеді, оның мөлшерін ылаңкестікке қарсы
күресті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Қазақстан Республикасың ылаңкестікке қарсы күресті тікелей жүзеге асыратын
мемлекеттік органдары террористік іс-әрекеттерді анықтауды заңдарға сәйкес
өткізеді.[2]
Жедел штаб басшысы ылаңкестікке қарсы операцияны жүргізудің басынан
бастап оның басшысы және сонымен бір мезгілде оны жүргізуде тартылатын
барлық әскери қызметшілердің, қызметкерлер мен мамандардың бастығы болады.
Атқаратын қызметіне қарамастан басқа лауазымды адамның терроризмге қарсы
операцияның оралымды басшылығына заңсыз араласуына жол берілмейді. Адамның
өмірі мен денсаулығын, материалдық құндылықтарды сақтау, сондай-ақ
террористік акцияның жолын кесу мүмкіндіктерін зерделеу мақсатында
террористермен келіссөз жүргізуге жол беріледі. Келіссөз жүргізуге оралымды
штаб басшысы арнайы уәкілдік берген адамға ғана рұқсат етіледі. Егер
террориспен оның террористік акцияны тоқтатуға келіспеуі себепті келіссөз
мақсатына қол жеткізілмей, адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер
төніп тұрса, терроризмге қарсы операцияның басшысы террористі жою туралы
шешім қабылдауға құқылы.
Қорғалатын адамға немесе обьектіге айқын қатер төнген немесе ондай
қатерді өзге заңды құралдармен жою мүмкін болиаған жағдайда террорист
ылаңкестікке қарсы операция басшысының өкімімен келіссөз жүргізбей және
ескерту жасалмай жойылуы мүмкін.
Адамдардың ылаңкестік іс-әрекеттерге қатысқаны үшін жауаптылығы:
ылаңкестік іс-әрекетке қатысушы адамдар Қазақстан Республикасының
заңдарынада көзделген қылмыстық жауапты болады. Егер террористік акцияны
дайындауға қатысқан адам мемлекеттік органдарға дер кезінде ескертсе немесе
ылаңкестік акцияны болғызбауға өзге де әдіспен жәрдемдессе және оның іс-
қимылында өзге қылмыс құрамы болмаса, ол қылмыстық жауаптан босатылады.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас
прокурорының ұсынуымен Қазқстанның аумағында ылаңкестік қызметті жүзеге
асырушы қоғамдық бірлестіктердің немесе халықаралық ұйымның іс-әрекеті
тоқтатылады.
Сот шешімі бойынша ылаңкестік деп танылған қоғамдық бірлестікті жою
кезінде оған тиісті мүлік тәркіленеді және мемлекет кірісіне беріледі.
Сот халықаралық ұйымды террористік ұйым деп таныған жағдайда ол ұйымның
Республика аумағындағы іс-әрекетіне тыйым салынады, ал оның бөлімшелері
жойылады, оларға тиесілі мүлік пен аталған халықарлық ұйымның мүлкі
тәркіленіп, мемлекет кірісіне беріледі.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдардың ылаңкестікке қарсы
тікелей күресті жүзеге асыратын арнаулы мақсаттағы бөлімшелерін материалдық-
техникалық жағынан қамтамасыз ету республикалық және жергілікті
бюджеттердің қаражаты есебінен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасындағы ылаңкестікке қарсы күрес жөніндегі іс-
әрекетке бақылауды Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін
ылаңкестікке қарсы күресті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган
жүзеге асырады. Ылаңкестікке қарсы күресті жүзеге асыру кезінде заңдардың
дәл және бірыңғай қолданылуына жоғары дәрежеде қадағалауда Қазақстан
Республикасың Бас прокуроры мен оған бағынышты прокурорлар жүзеге асырады.

2. Қылмыс пен күресудегі халықаралық ынтымақтастық – бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси экстремизм мен терроризмнің пайда болуының тарихи алғышарттары
Экстремиз және терроризм
Қазақстанның Орта Азия аумағындағы қауіпсіздік пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі орны
Саяси экстремизм және терроризм идеологиясы
Терроризм және экстремизм
Діни экстремизм мен террроризм ұғымы және саяи, құқықтық, қылмыстық сипаттамасы
Экстремизм және терроризм: түрлері, айырмашылығы
«Хизб- ут-Тахри Аль-Ислами» -діни экстремистік ұйым болып қалыптасуы
Терроризм жайында
Қылмыс пен күресудегі халықаралық ынтымақтастық
Пәндер